Ұлы Отан соғысының кезеңдері мен Сталин шайқасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 18:55, курсовая работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі. ХХ ғасыр адамзат баласы үшін ең ауыр кезең болды. Бір емес арасына жиырма жыл салмай қайталанған бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс жалпы саны 70 млн адамның өмірін қиды. Қаншама саяси лагерлер, КСРО-дағы саяси репрессия. Ашаршылық осының бәрі ХХ ғасыр еншісіне тиесілі тарихтың ең ауыр да күрделі, қиын сынақ қойған зұлмат кезеңдері.

Содержание

І Ұлы отан соғысының кезеңдері (1941-1945 ж.ж.)

1.1Ұлы Отан соғысына жалпы сипаттама.
1.2Сталинград түбіндегі шайқас.


ІІ Сталинград-Ұлы Отан шайқасын түбегейлі өзгерткен ұлы шайқас.

2.1 Сталинград шайқасына қатысқан батырлар.
2.2 Сталинград шайқасының тарихи маңызы.


Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Диплом.doc

— 429.00 Кб (Скачать документ)

     Қазақстандық  дивизияның жоғары моральдық-жауынгерлік қасиеттері, әсіресе тамыз айының бас кезінде Ақсай өзенінің шығысында ерекше айқьін көрінді. Бұл ұрыста дивизия дұшпан-ның танк және моторлы дивизияларының шабуылына тетеп берді. Неміс генералы Г.Дерр кейінірек осы жолғы сәтсіздіктерін ақтап: "Жанармайдың жеткіліксіздігі танкілердің ілгері жылжуына мүмкіндік бермеді" деп жазды. Бірақ фактілер жағдайдың бұдан керісінше болғанын дәлелдейді. Неміс танкілерінің жанармайы 29-дивизияның жауынгерлік шептеріне басып кіруіне де, кейін шегінуіне де жетіп жатты. Бірақ олардың танкілерінің бәрі бірдей шегініп кете алмады. Жаудың 17 танкісі өртелді немесе қиратылды, со-ның ішінде бір танк дивизия командирінің жертөлесі жанында өртелді.Юркин совхозы жерінде (Абганерово станциясының ма-ңында) дивизия жауынгерлеріне жаудың танкілерімен табан тірескен ауыр шайқасқа шығуына тура келді. "Дивизияның бір де бір жауынгері, — деп көрсетеді 64-армия командирінің жазған рапортында, — орнынан жылжымады, олар жаудың броньдалған керемет күшімен қасық қандары қалғанша шай-қасты".Сталинградтың оңтүстігіндегі Абганерово станциясының түбінде жүргізілген ұрыстарда дивизия бөлімдері жаудың екі полктей жаяу әскерін, 17 танкісін, 18 артиллерия және мино-мет батареясын, 150-ден астам автомашинасын жойды.Алайда жау өзінің танк және жаяу әскерлер күшін біріктіре отырып, авиацияның қолдауымен 29 тамызда дивизи-яны қоршауға алуға, сөйтіп, жойып жіберуге тырысты. Бірақ тамыздың 30-ына қараған туні дивизия бөлімдері күші басым жаумен, соның ішінде 100-ге жуық танкілермен де, ұрыс жүргізе отырып, қоршауды бұзып шықты. Осы күндердегі ауыр шайкдстарда дивизия өзінің кептеген адамдары мен өскери тех-никасынан айрылып, небәрі 1828 адамы ғана қалды. Осы құра-маның ардагері А.Дубицкийдің мөліметі бойынша, 29 тамызда дивизияның құрамында 8 мың адам болған2. Дивизияның қор-шаудан шықкан бөліщері 1 қыркүйекте Сталинград маңындағы Бекетовка, Купоросное поселке-леріне жиналды да, Елха де-ревнясы маңыңца қорғанысқа көшті.Бұл қорғаныс шебінде де дивизия жауынгерлері 64-армия-ның басқа да құрамаларымен бірге немістердің 4-танқ армия-сы бөлімдерінің шабуылдарына тойтарыс беріп, Сталинградқа оңтүстігінен бірде-бір фашисті өткізбей түрды.Кейіннен дивизияның құрамы қайта толықтырылды, сөйтіп, ол Сталинград түбіндегі шайқастың барлық кезеңдеріне қатысты. Дивизия командирі полковник А.И.Колобутиннің оқуға кетуіне байланысты, оның ориына 1942 ж. карашада подполковник А.И.Лосев командир болып тағайындалды, дивизия штабының бастығы да өзгерді, оған майор Г.К.Володкин бекітілді.4-армия құрамындағы 29-атқыштар дивизиясы да, жау қоршауын талқандауға қатысып, Сталинград түбіндегі ұлы жеңіске өз улесін қосты.Қазақстаннан құрылған 29-атқыштар дивизиясының кұра-мы да көп ұлтты болды. Дивизия Сталинградтың түбіндегі шайқасқа қатысып, қаланы ерлікпен қорғады. Неміс-фашист әскерлерінің қоршауын бұза отырып, дивизияның бір бөлігі ғана 18389 жау содцаты мен офицерін, оның ішінде 3 генера-лын тұтқынға түсірді. 1 544 жауынгері мен офицері осы шай-қастағы ерлігі үшін наградаларға ие болды.29-атқыштар дивизиясының Сталинград шайқасы кезіндегі жауынгерлік қимылдарын сипаттай келіп, 64-армия командирі оған гвардиялық дивизия деген атақ беруді сұрап, былай деп жазды:"Неміс фашистерімен ұрыста 29-атқыштар дивизиясы тари-хи Сталинград шайқасының өн бойында ерліктің, жаппай ба-тырлықтың, тәртіптіліктің, ұйымшылдықіын, бөлімдерге үзбей басшылық ете білудің үлгісін көрсетті, Шабуыл жасау-шы күші басым жауға қарсы ауыр ұрыстар үстінде дивизия табандылықтың, белсенді қорғаныс ұйымдастыра білудің үлгісі болды.

      Сталинград маңында қоршауға алынған неміс-фашист әскерлерін жою жөніндегі қарымды ұрыстарға қатыса оты-рып, командирлер мен саяси қызметкерлер пәрменді шабуыл жасауда инициатива көрсетіп, аз қолмен күші өзінен бірнеше есе басым жауды жеңе алатындықтарын танытты.29-атқыштар дивизиясының бүкіл жауынгерлік жолы — неміс-фашист басқыншыларына қарсы қажырлы күрес жүргізу жолы, бұл жолда дивизия бөлімдерінің жауынгерлік қабілеті, тәжірибесі үздіксіз артып отырды, бұл жағдай маған дивизияны Қызыл Армияның тандаулы кұрамаларының қата-рынан санап, оған гвардиялық атақ беруді сұрауға құқық береді".Сөйтіп, 29-атқыштар дивизиясына Сталинград шайқасын-да көрсеткен ерлігі үшін 1943 ж. 1 наурызда 72-гвардиялық дивизия деген атақ берілді. Кеңес гвардиясы деген құрметті атақты дивизия жауынгерлері әрдайым жоғары ұстап, Отан соғысының өн бойында өздерін даңқты істерімен көрсете білді.

     Сталинград түбіңдегі шайқастан кейін 64-армия 7-гвардия-лық армия деп аталды да, еңдігі жерде Дон майданына қарасты әскерлердің бәрі Курск теңірегіне топтастырылды.1943 жылғы наурызда дивизия Воронеж майданының қүрамына келіп қосылды. Жазда Курск шайқасына, онан соң немістердің Белгород — Харьков плацдармын жоюға қатысты.72-гвардиялық атқыштар дивизиясының қорғаныс шебі Бел-городтан оңтүстік шығысқа таман жерде болып, Северский, Донецтің оң жағалауы бойындағы Нижний Ольшанец селосы-нан осы өзенге Нежеголь келіп құятын тұсқа дейін созыдды. Дұшпан бұл учаскеге шабуыл жасауға екі жаяу әскер дивизия-сы мен бір танк дивизиясын бағыттаған еді. Алты күн ішінде жау 7 мындай солдаты мен офицерінен, 46 танкісінен, 30 зеңбірегінен айрылды. Осындай ойсыраған шығынмен жау дивизия орталығынан және оң қанатта бар болғаны 20 километр-дей ғана ілгері жылжи алды.Жауды тоқтатқан біздің бөлімдер шабуылға шықты. 24 шілдеде 72-гвардиялық дивизия өзінің бұрынғы позициясына жетіп, түнде солтүстік Донеитен өтіп, Нижний Ольшанец, Кар-науковка, ^Топменка селоларынан фашистерді қуып шықты. ¥рыс шиеленісе түсті. Жау күніне 10—12 қарсы шабуыл жасап тұрды.Бірақ жаудың қарсылығы тойтарылып, Белгород қаласы мен оның маңындағы аудандар азат етілді. Воронеж және Да-лалық майданның әскерлері-Харьковке ұмтылды. 72-гвардия-лық атқыштар дивизиясы ұрыста мыңдаған гитлершілердің көзін жойьш, оларды орныққан елді мекендерден қуып, Харьковтің орталық аудандарын азат етуге қатысты.1943 ж. 19 қыркүйегі қазақстандық 72,-гвардиялық атқыш-тар дивизиясының тарихында есте қалатын айрықша күн бол-ды. Бұл күні қүрамаға Красноград қаласын жаудан азат еткені үшін Жоғарғы Бас Қолбасшының бұйрығымен "красноградтық дивизия" деген құрметті атақ берілді.Қыркүйектің аяғында дивизия бөлімдері Днепрден етіп, жау бекіністерін талқандауға қатысты. Днепр үшін болған кескілескен ұрыстарда ерекше ерлік көрсеткені үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 ж. 26 қазандағы Жар-лығымен 72-гвардиялық дивизияның 26 жауынгеріне Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олардың арасында дивизия командирі генерал-майор А.И.Лосев те бар еді2. 1943 ж. аяғында 2-Украина майданының қарамағында болған 72-гвар-диялық дивизияның бөлімдері Кировоград қаласын жаудан азат етуге қатысты. Осы шайқастағы қаһармандығы үшін ди-визия 1944 ж. қаңтарда Қызыл Ту орденімен наградтадцы.1944 ж. сәуір-мамыр айларында 72-гвардиялық дивизия Қырымды азат ету жолында ұрыс жүргізді. Бұдан соң құрама Яссы - Кишинев операциясы қарсаңында Пашкани қаласы-ның солтүстік-шығысына таман жердегі шепте түрды. Жауға бірінші болып артиллеристер соққы берді. Артиллерия дай-ындығы аяқталуына 5 минут қалған кезде жаяу әскер шабуы-лға көтеріліп, алғашқы сәттен-ақ барлық траншеялар мен қатынас жолдарын алды. Бірақ осы төңіректің ортасы іспеттес жота әлі алынбаған еді: жау көптеген доттар мен дзоттарды қолында ұстап, қарсы шабуыл үйымдастыруға тырысты. Соған қарамастан, 1944 ж. 22 тамызда жаудың бекінісі толық талқандалды. Жотаның түбіндегі ұрыстар арқылы диви-зия мен оның көршілері жаудың ірі күштерін тықсырып, май-данның екпінді тобының басты бағытта дұшпан корғанысын бұзып етуін және Кишинев ауданында жаудың 18-дивизиясын қоршауға алуын жеңілдетті.1945 ж. 5 мамырда Прагада қарулы кетеріліс басталды. Бар-рикадаларда 30 мың патриот өздерінен анағұрлым күші басым жауға қарсы аянбай шайқасты. Гитлер командованиесі Прагаға "Орталық" әскери тобынан ірі әскери күш жібере бастағанда, көтерілісшілердің жағдайы тіпті қиындап кетгі."Орталық" армия тобының командашысы генерал Шернер: "Прагадағы көтерілісті барлық құралдармен жаныштап тастау керек" деп бұйрық берді. Қалаға солтүстіктен - "Рейх" танк дивизиясы, шығыстан - "Викинг" танк дивизиясының күшейтілген полкі ұмтылды. Чехословакиядағы жау тобының жалпы саны 900 мыңнан астам адамға жететін. Чехтың ұлттық кеңесі радио арқылы одақтастар армиясының көмек беруін сұрады. Кеңес командованиесі көтерілісшілердің өтінішіне қызу үн қосып, Берлин түбінде шайқасып жатқан 1-Украина майданының 3, 4-танк армиясын Прагаға қарай бұрды. Тар жол, тау асуларын басып өткен Кеңес армиясы Прага патри-оттарына көмекке жетіп үлгерді. Іле-шала майданның ал-дыңғы бөлімдері де жетті. Прага жаудан азат етілді. Қазақ-стандық 72-гвардиялық дивизия жеңіс күнін осылай чехословакияның астанасы Праганың оңтүстігінде мерекеледі.

 

     38-атқыштар дивизиясы: 38-атқыштар дивизиясы 1941 жылғы желтоқсан айында Алматы қаласында құрылды (дивизия командирі подполковник Доценко Н.П., комиссары Орманов А.К.). Құрама өздерінің жорық жолын Харьковтен бастады1. Қазақстанда құрылған өзге де құрамалар сияқты дивизия құрамы көп ұлтты болды, онда 30-дан аса ұлттың өкілі болды.Дивизияға командир болып алғашқыда генерал-майор В.И.-Найденов тағайындалған еді, бірақ ол 1942 ж. каңтарында кенет-тен қайтыс бодды да, оның орнын подполковник Н.П.Доценко басты. Дивизияның комиссары болып бұрын майданда жүріп жараланған,/енді госпитальдан емделіп жаңа ғана шыққан аға батальондық комиссар Ахмет Кәрімұлы Орманов тағайындал-ды, штаб бастығы полковник А.В.Казимиров болды. Дивизия қүрыла бастаған кезден оны Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы камқорлыққа алды.1942 ж. 16 ақпанында 38-атқыштар дивизиясы Алматыдан ат-танып, Воронеж облысындағы Кантемировка станциясының маңына орналасты. Наурыз — сәуір айларында жауынгерлік дайындықты жүргізе отырып, дивизия қару-жаракпен, әскери техникамен жабдықталды. Содан 20 сәуірден бастап құрама Оңтүстік-Батыс майданы 28-армиясының қарамағына көшті. Сөйтіп, дивизия бөлімдері 1942 ж. мамыр айының ішінде Оңтүстік-Батыс майданы әскерлерінің құрамында Харьков түбівдегі ұрысқа катысты.Майдан әскерлері шегінген кезде дивизия екі армияның түйіскен жерін қорғап тұрды. Сол ұрыстың бірінде 38-диви-зия Кеңес Армиясының басқа құрамаларымен бірге шабуыл-ды өрістете отырып, Совет селосында тұрған немістің үлкен бір гарнизонын қоршауға алды. Бұл селоның стратегиялық маңызы зор еді. СондыКтан да фашистер мұнда қорғаныс жұмысын өрістетіп, .әрдайым жаңа күштер жіберіп отырды. Қоршаудан шығуға тырысқан дұшпан барлық күшін сала ұрысты. Фашиетер қосымша жаяу өскер, танкілер мен үшақ-тарды іске қосты. Бірақ шабуылдың бөрі де нбтижесіз аяқтал-ды. Осы ұрыста 38-дивизияның жауынгерлері асқан ерлік көрсетті.Күн өткен сайын шабуыл шиеленісе түсті. 1942 ж. 22 ма-мыр күні жау селоға кіріп, броньды машинамен ездерінің қалдықтарын алып кетуге мүмкіндік алды. 38-дивизия бөлімдері жаудың 600-ге жуық солдатын, 12 танкісін, 6 броньды машинасын құртып жіберді және көптеген қару-жа-раган қолға түсірді.Оскол өзенінің бойында, Уразово қаласының түбінде, Терновая станциясында кескілескен ұрыс болды, бұл шайқас-тарда қазақстандық жауынгерлер 13 тәулік бойы қорғанысты ұстап түрды. Осы уақыттың ішінде 214-артиллерия полкі жау-дың 50-ге тарта танкісін, көптеген басқа техникасы мен адам күшін жойып жіберді.Терновая станциясы үшін ұрыста жауынгерлер, командир-лер мен саяси қызметкерлер бай әскери тәжірибеге ие болды Ерекше көзге түскен жауынгерлер Веселов, Қалымбетов, Мах мүгов, Смирнов, Ткаченко Ленин орденімен наградталды.Айдар өзенінің жағасында Ровенька селосының түбінде гитлершілер дивизияны қоршап алды. Алайда дивизия бөлімдері, майдан шебі шығысқа қарай 180 километрге шегініп кетсе де, өз позицияларын ұстап тұра берді. Тек бүйрық алған-нан кейін ғана қазақстандықтар қоршау шеңберін бүзып өтті. Жаңа Ростоши түбінде жау дивизияны тағы да қоршауға алды, бірақ 38-атқыштар дивизиясы бұл жолы да ажал құрсауынан сытылып кетті.Дивизия белімдері жүргізіп жатқан осындай ауыр ұрыс-тардың кезінде 1942 ж. 13 маусым күні оның командирі под-полковник Н.П.Доценко қаза тапты, ал дивизия комиссары А.К.Орманов ауыр жараланды. Осындай қиын кезде диви-зияға полковник Ғ.Б. Сафиуллин басшылық жасады.Дивизия бөлімдері Харьков маңынан шегінгеннен кейін, қоршаудан шыға жүріп, Курск, Воронеж, Ворошиловград, Ро-стов облыстары жерінде жаумен жағаласа отырып, Сталинг-рад маңына — тарихи шайқас болғалы тұрған жерге қарай ойы-сты. Осы кездегі қорғаныс ұрыстарын еске ала келіп, Ғ.Сафи-уллин былай деп жазды: "Бірақ бұдан біз беталды кейін сырғ-ып барамыз деген ой тумаса керек, тіпті де олай емес. Жаудың қайнаған ортасында, өз армиямыздың негізгі күштерінен жүздеген километр қашықта жүріп, дивизияның бөлімдері немістерге соққы үстіне соққы берумен болды. Біз итальян жаяу әскерін, венгер атты өскерін, сондай-ақ эсэстік жауын-герсымақгарды талай рет тым-тырақай еттік"1. Міне, осылай-ша ұрыс сала отырып, дивизия бөлімдері Сталинград маңына қарай шегініп, жылжумен болды. Шегініс ұрыстары кезінде жеке полктерге бөлініп, Доннан еткен дивизияның бөлімдері Сталинград түбіндегі Рынок поселкесі маңына жиналды. Қүрама қару-жарақтарын тәртіпке келтіріп, жаңа шайқасқа әзірленді. Шілденің 29-ы күні жинақталып болған дивизия бөлімдері 57-армияның қолбасшысы генерал Ф.И.Толбухиннің бұйрығы бойынша, Сталинград қаласының оңтүстігіндегі Абганерово станциясы маңына шұғыл түрде жетті. Дивизия бөлімдері бұл манда қорғаныс шебін құрып, Сталинградқа оңтүстіктен ентелеп келе жатқан немістердің 4-танк армиясының бөлімдерімен қиян-кескі ұрыстар жүргізді. Бұл қорғаныс ұрыстары тамыз-қыркүйек айларында одан бе-тер қыза түсті. Әйтсе де, барлық қиындықтарға төзе білген қазақстандық 38-атқыштар дивизиясы Сталинградтың оңтүстік-батыс бағытын қорғап, осы ауданда тапжылмай ұрыс жүргізіп жатты.1942 ж. 31 шілдеде 38-дивизияның бөлімдері Сталинград бекіністерінің сыртқы қоршауында, Васильевка - Абганерово - Тунгутан орманы маңында қорғаныс шебіне орналасты.Фашистер 1942 ж. 6 тамызда Цимлянск маңында Доннан өтіп, танкілер мен моторлы бөлімдердің екпіндей соққы беруі арқылы Тингутан орманы маңында шепті бұзып, Волгаға қарай өтпек болды. 38-дивизияның белімдері қорғаныс шебін табан тіреп қорғап тұрды. Бірақ немістер 74-разъез учаскесінен қорғ-аныс шебін бұзып өтті. Сол кезде дивизңя артиллерия мен танк бөлімдерімен бірге гитлершілерді разъезден қуып шықты, сөйтіп, оның адам күші мен техникасын көп шығынға үшырат-ты. Біздің әскерлердің қорғанысГ шебі қайта қалпына келтірді.Сталинградты жаудан қорғау жолында болған талай-талай кескілескен ұрыстарда осы дивизияның жауынгерлері асқан ерлік көрсетгі.Арнаулы бұйрық бойынша дивизия 4 тамыздан бастап ге-нерал М.С.Шумиловтың 64-армиясына қарады.Әсіресе осы дивизияның Тингутан орманшылығы орналас-қан 214-гвардиялық артиллерия полкі қайсарлықпен қарсылық көрсетіп, ең соңғы оғы қалғанша жаумен атысты. Олар дұшпанның 60 танкісін, 8 автомашинасын, 4 минометін, 6 зеңбірегін, 5 броньды машинасын, 3 жаяу әскер батальонын жойып жіберді. Полк дұшпанның танк, артиллерия, жаяу өскерлерімен 3 күн бойы шайқасты. Қазақстан -артиллеристерінің табандылығы, батырлығы арқасында ғана ; жау тоқгатылды, танкілер жалынға оранды. Ұрыс даласында жүздеген солдаттары мен офицерлерін, көптеген қару-жара-ғын қалдырып, басқыншылар кейін шегінді.21 тамызда дұшпан 62-армияның шебіне қарай жасаған шабуылын күшейте түсті. Ақыры қорғаныс шебінің сыртқы бөлігін бұзып етіп, Гитлер әскерлері 23 тамызда Ерзовка Рынок учаскесінде Волгаға шықты. Мұнымен бірге олардың танк бөлімдері мен моторлы жаяу әскерлері 38-дивизияның сол жағындағы көршісінің қорғаныс шебін бүзып өтіп, Тин-гута станциясы - Тингутан орманшылығы маңындағы тылға өтіп кетгі. Дивизия қоршауда қалып, ауыр ұрыс жүргізе берді. Бұл ұрыстарда қүрама дұшпанның ондаған танкісін, мында-ған солдаты мен офицерін жойып, 28 тамызға қараған түні со-ғыса отырып қоршауды бұзып етіп, 64-армияның әскерлеріне барып қосылды.1942 ж. қыркүйектен қарашаның бірінші жартысына дейін қазақстандық 38-дивизия бөлімдері Сталинградтың кіре берісінің оңтүстік-батыс жағын берік қорғап тұрды.Байланыс үздіксіз істеді. Байланысшылар Өміров пен Шәкіров кабельдің үзілген жері болса, жалғап, өне бойы ар-тиллериядан жауған оқтың астында болды. Міне, әскери бүйрықты қазақстандықгар осылай орындады1.Бұл кезде Сталинград майданының әскерлері қаланың ішкі қорғаныс шептеріне орналаса бастаған еді.Неміс басқыншылары 38-дивизия орналасқан қорғанысты бүзып өту мақсатын алға қойып, бұл ауданға шабуылды жиілете түсті. Бірақ жаудың ол мақсаты жүзеге аспады. Қазақстан жауынгерлері ерлікпен шайқасты. Ең қиын күндердің өзінде қазақстандықтар өздері қорғап тұрған шеп — Киров ауданына бірде-бір дүшпанды өткізбеді. Жауынгерлердің өжеттігіңен, патриотизмінен, халқына, Отанға деген зор сүйіспеншілігінен туған асқан ерлігінің нәтижесінде, каланың бұл аудандарында Қызыл Ту әрдайым желбіреп тұрды. Мұндағы зауыттар мен шеберханалар бір қалыпты жұмыс атқарып, майдан мұктажын өтеп жатты.Сталинград майданының ауқымы күн өткен сайын кеңейе түсті. Әр қадам жер үшін кескілескен ұрыстар жүргізілді.

Қаланы басып алмақ  болған ниетпен фашистер 38-атқыш-тар  дивизиясының бөлімдері орналасқан Сталинградтың оңтүстік шетінде, Бекетовка  жөне Сталинград ГРЭС-і аудан-дарын  тағы да бомбалап, артиллерия мен минометтен атқылай бастады. Дивизия жауынгерлері бұл ұрыстарда да ерлікпен күресті. Олар, өсіресе 74-километр разъезі маңындағы опера-цияда асқан батырлық көрсетгі.Сол ерлігі үшін дивизияның көптеген жауынгерлері мен командирлері наградаларға ие болды. Олардың арасында ди-визия командирі Ғ.Б.Сафиуллинге Қызыл Ту ордені берілді2. Осы кезеңнің бір көрінісін еске ала отырып, Кеңес Одағының Маршалы Ф.И.Голиков Ғани Сафиуллин жөңінде былай деп жазған еді: "Тингутан орманшылығы 3 фермасы ауданындағы тамыз айында болған ұрыс кездерінде мен 64-армияның 38-дивизиясының командирі полковник Ғани Бекенұлы Сафиул-линмен жиі кездесіп тұрдым. Ол кезде оның дивизиясының жауынгерлік даңқы тек өзінің армиясы ғана емес, бүкіл май-данға әйгілі болатын. Жау талай рет бұлардың соққысынан ойсырай жеңідді. Сафиуллин тамаша командир, қара жүмысқа әбден көндіккен, білгір, инициативалы, соғыс ісін шебер білетін адам еді. Қарапайым, турашыл, шыншыл, өте салмақгы, ұстамды, қарамағындағы жауынгерлердің беделі мен сүйіспеншілігіне бөленген командир болды".1942 ж. 20 қарашада Сталинград майданының құрамында қазақстандық 38-атқыштар дивизиясы да шабуыл бастады. Жаудың күшті қорғанысын бұза отырып, дивизия бөлімдері Ма-ңызды биіктікті адцы. Фашистік комавдование бұл шептің Пау-люс әскерінің барлық тобының қорғанысы үшін өте манызды екенін ескере отырып, биіктікті қайтарып алу үшін талай рет әрекет жасады.Әскерін көбейте отырып, жау Қазақстан әскерлеріне қар-сы дивизиядан көп жаяу әскер, 80 танк пен бірнеше үшақжіберді.Қан төгіс шайқастар басталды. Полковник Ғ.Б. Сафиул-лин бастаған 38-атқыштар дивизиясының бөлімдері неміс-фа-шист әскерлерінің барлық қарсы шабуылдарының бетін қай-тарып, өз позициясын ұстап тұрды.Жау бұл жерде 3 500 соддаты мен офицерінен, 22 танкісі мен көптеген техникасынан айрылды2. Гитлерлік әскерлердің Сталинград түбіндегі қоршауынан кейін дивизия оларды тал-қандау үшін белсенді әрекеттер жүргізді.Осы 20—21 қарашада болған ұрыстарда тек қазақставдық 38-дивизияның ғана қол жеткен жетістігі мынадай бодды:

1) 20-румын жаяу өскер  дивизиясының қорғанысы бұзы-лып, 82-жаяу әскер полкінің 1-батальоны, 83-жаяу әскер полкінің екінші  батальоны жөне 91-полктің бір  батальоны то-лығымен жойылды. 20-жаяу  әскер дивизиясының, 39-артил-лерия  полкінің бірінші, үшінші дивизиондары талқандалды;

2) дұшпанның 3000-нан  астам солдаты мен офицері  жер жастаңдырылды;

3) 160 адам түл^қынға  алынды, 128,2 биіктігі маңындағы оқ-дәрі  қоймасы жарылды;

4) 21 танк, 1 броньды машина  қиратылды, үш зеңбірек, әр түрлі  калибрлі үш миномет, т.б. көптеген қару-жарақ қолға түсірілді немесе жойды.1942 жыддың 22 қарашасында 38-дивизия Бекетово селосы-ның оңтүстік-шығыс жағына топтасты. Осы күні жауынгерлер Глубокая сайының оңтүстік жағасындағы үлкен қорған-ға дивизияның Сталинград үшін болған шайқаста халқы үшін жанын пида еткен жауынгерлерін қастерлеп жерледі. Полк командирінің орынбасары еврей Борис Злобинский, батальон кОмандирі аға лейтенант армян Хачатуров, мергендер ротасы-ның командирі, аға лейтенант қазақ Әбдібай Құрбантаев, сегізінші рота комаңдирі, аға лейтенант орыс Николай Тимофеев бауырластар қабіріне қойылды.1943 ж. 10 қаңтардан 2 ақпанға дейін екі арада қоршауға алынған Гитлер әскерлері толық жойылып жіберілді. Осы ұрыс қимылына Дон майданының құрамында 38-дивизия бел-сегіе катысты. Қаланың кіре беріс іргесінде тұратын Воропае-во станциясының тактикалық маңызын ескере отырып, дұшпан бұл араға өзінің 297-жаяу әскер дивизиясының таң-даулы полктерінің бірін бағыттады. Табан тірескен ұрыстар бірнеше тәулік бойы жүрді. 22 қаңтарда дивизияның бөлімдері Воропаевоның су шығаратын мұнарасының төбесіне қызыл жалау тікті. Жаудың әскер бөлімдерінің қал-дықтары сарай ауданына қарай шегініп кетті. 23 қаңтардан 26 қаңтарға дейін 38-дивизия Сталинградтың батыс шет аймағын-да шабуыл жүргізді.

    Сталинградты қорғаушылардың қатарында«38-атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің қаһармандықпен даңқы шықты. "Полковник Ғ.Сафиуллин басқарған 38-атқыштар дивизиясы-ның терттен үш бөлігі қазақ жігіттері еді. Олар геңерал фон Дреббердің 297-дивизиясын талқандап, жаудың танк корпу-сын тізе бүктірді. 8 мыңға жуық гитлершілерді тұтқынға ады".Гитлер армиясының 297-жаяу әскер дивизиясының командирі Мориц фон Дреббер тізе бүгер алдында былай деді: "Бұдан былайғы қарсыласуды пайдасыз деп білемін, қарауымдағы солдаттар мен офицерлердің өміріне жауапты болғандығымнан, ең болмаса қалғандарын сақтап қалғым кеп, мен дивизияның барша адамдарымен бірге Қызыл Армияның 38-дивизиясының командиріне тұтқынға берілуді ұйғардым. Дұшпан болсақ та, сонау Харьковтан Волгаға дейін ерлікпен соғысып келе жатқан бұл дивизияның жауынгерлік ісін жақ-сы бағалауға тура келеді, оған бас иеміз".Волга үшін ұрыстарда, яғни 1942 ж. тамызынан бастап, қор-шалған гитлершілерді талқандағанға дейін қазақстандық 38-ди-визияның бір өзі жаудың 12 мыңнан астам солдаты мен офицерін, сонын ішінде 8 полковнигін, 2 генералын тұтқынға алды. 68 танкісін, 22 ұшаган, 3 броньды пойызын, 400-ден астам зеңбірегі мен минометін, көптеген вагондары мен паровозда-рын, мыңнан астам автомашинасын, үш мың автоматын, 800 пулеметін, жүздеген қару-жарақ қоймаларын және басқа мүліктерін қолға түсірді. Фашистің 15 мыңнан астам солдаты мен офицерін, 108 танкісін, 5 ұшағын жойды.

Информация о работе Ұлы Отан соғысының кезеңдері мен Сталин шайқасы