Ұлы Отан соғысының кезеңдері мен Сталин шайқасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 18:55, курсовая работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі. ХХ ғасыр адамзат баласы үшін ең ауыр кезең болды. Бір емес арасына жиырма жыл салмай қайталанған бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс жалпы саны 70 млн адамның өмірін қиды. Қаншама саяси лагерлер, КСРО-дағы саяси репрессия. Ашаршылық осының бәрі ХХ ғасыр еншісіне тиесілі тарихтың ең ауыр да күрделі, қиын сынақ қойған зұлмат кезеңдері.

Содержание

І Ұлы отан соғысының кезеңдері (1941-1945 ж.ж.)

1.1Ұлы Отан соғысына жалпы сипаттама.
1.2Сталинград түбіндегі шайқас.


ІІ Сталинград-Ұлы Отан шайқасын түбегейлі өзгерткен ұлы шайқас.

2.1 Сталинград шайқасына қатысқан батырлар.
2.2 Сталинград шайқасының тарихи маңызы.


Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Диплом.doc

— 429.00 Кб (Скачать документ)

 Ұлы Отан соғысының кезеңдері мен Сталин шайқасы.

 

 

І  Ұлы отан соғысының кезеңдері (1941-1945 ж.ж.)

 

1.1Ұлы Отан соғысына жалпы сипаттама.

1.2Сталинград түбіндегі шайқас.

 

 

ІІ     Сталинград-Ұлы Отан шайқасын түбегейлі өзгерткен ұлы шайқас.

 

2.1  Сталинград шайқасына қатысқан батырлар.

2.2   Сталинград шайқасының тарихи маңызы.

 

 

Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                     Кіріспе

 

     Тақырыптың өзектілігі. ХХ ғасыр адамзат баласы үшін ең ауыр кезең болды. Бір емес арасына жиырма жыл салмай қайталанған бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс жалпы саны 70 млн адамның өмірін қиды. Қаншама саяси лагерлер, КСРО-дағы саяси репрессия. Ашаршылық осының бәрі ХХ ғасыр еншісіне тиесілі тарихтың ең ауыр да күрделі, қиын сынақ қойған зұлмат кезеңдері.

    КСРО мен оның одақтас мемлекеттері үшін Екінші дүниежүзілік соғыстың өте ауыр болғаны белгілі. КСРО-ның қарамағындағы 15 одақтас мемлекеттен шамамен 27-30 млн адамның өмірін жалмаған Екінші дүниежүзілік соғыстың екінші кезеңі Ұлы Отан соғысы болды. Алдарыңыздағы зерттеудің басты тақырыбы осы Ұлы Отан соғысының кезеңдері және Сталинград шайқасы.

     Бұл тақырыптың  өзектілігі-Ұлы Отан соғысының  бірнеше кезеңдері мен Брест,  Мәскеу, Ленинград, Курск және атақты Сталиград шайқасы мен  жанкештілік соғыстардың жан-жақты толық мазмұнын баяндау, Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі шешуші шайқастардың бірі Сталинград шайқасы мен оған қатысқан жауынгерлердің ерліктерін паш ету.

     Сталинград  шайқасының  Ұлы Отан соғысындағы орны мен рөлін айқындау.

     Тақырыптың зерттелу деңгейі. КСРО-ның Екінші дүниежүзілік соғыстағы алар орны ерекше. Тек КСРО емес оған қатысқан барлық 68 мемлекетке оңай тиген жоқ. КСРО-ның экономикасында өмірде болмаған дағдарыс болды. КСРО мен көрші жатқан Қазақ елі аграрлық салада біршама жетістіктерге жетіп соғыс жағдайында ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етті.

     Екінші дүниежүзілік соғыс, Ұлы Отан соғысы туралы сол кезеңде және соғыс біткеннен кейін де көптеген тарихшылар мен зерттеушілердің көптеген еңбектері жарық көрді. Оның ішінде сол кездегі Ресейдегі атақты «Известия» газеті, көптеген газет – журналдар сонымен қоса Қазақстаннан шығып тұрған басылымдар және шетел басылымдарынан сол кездегі соғыстың жағдайы баяндалып, халықты хабардар етіп отырды.

      Соғыстан кейін, әсіресе Ресей тарихшы – зерттеушілері мен Қазақ тарихшыларының көптеген еңбектері жарық көрді. Осы бағыттағы зор зерттеу жұмысына СССР тарихының 3 томында баяндалған Ұлы Отан соғысы туралы еңбек, Рокоссовскийдің «Жауынгерлік парыз», Рокоссовский К.К. «Неміс – фашист әскерлерінің Москва түбінде талқандалуы», Кривицкийдің 1970 жылғы «Москва түбіндегі күзет», В.Г. Жавороновтың «Туланың ерлікпен қорғануы», еңбектерінде жарық көрді. Сонымен қоса тақырыбымызға сай, Г.К.Жуковтың  «Сталинградская битва», «Воспоминания и размышления»,  Белан П.С., Казахстанцы в битве на Волге атты еңбектерінде және де көптеген тарихшылардың шығармаларында Сталинград шайқасының көптеген қылары ашып көрсетілген.

       Еңбектердің көбі соғыстан кейін жарияланып, олардың басты тақырыбы соғыстың әр кезеңдеріне бағытталып жеке-жеке талқыланды. Негізінен мерзімді басылымдар бұрмалауға келмейтін дерек көзі болып табылады және оны кез-келген соғыс тақырыбында зерттеу жүргізген тарихшы пайдалана алады. Сонымен қоса Отандық тарихшылардың да еңбектері жарық көрді. Мысалы: Қозыбаевтың «Қазақстан соғыс арсеналы» 1968 жылы жарық көрген «Қазақстан Ұлы Отан соғысында» атты очерктері жарық көрді. Мұхамеджановтың 1968 жылы жарық көрген «Қазақстандықтардың Москва түбіндегі ұрысы», «Ленинград блокадасы» зерттеулерінде жарық көрген. Ал соғыс кезеңіндегі басылымдарға «Ленинская знамя», «Социалистік Қазақстан», «Казакстансая правда» атты мерзімді басылымдарда кішкене болса да Сталинград шайқасына қатысты материалдарды алуға болатын.

      Жалпы Ұлы Отан соғысы мен Сталинград шайқасы жөнінде шетел басылымдары сынай да жарыса да жазып жатты. Әлі де болса баға берушілер аз емес. Қазіргі таңда тарихшылар Ұлы Отан соғысы мен Сталинград шайқасы жөнінде әлі де тыңғылықты зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар алдағы уақытта да соғыстың ашылмаған ақтаңдақ беттерін ашатынына сеніміміз мол

    Жұмыстың мақсаты  мен міндеті. Диплом жұмысының негізгі мақсаты мынадай: Ұлы Отан соғысының кезеңдеріне талдау жасау. Ең алғашқы Брест шекарашыларының ерен еңбектерін айқындау, Мәскеу, Ленинград және Курск доғасында болған ірі-ірі шайқастардың Отан соғысында алған орнын анықтау.

    Осыған қоса  диплом жұмысын жазуда туындаған  міндеттер: Жоғарыда аталған барлық шайқастарды саралап, талдап оның жалпы екінші дүниежүзілік және оның екінші бөлімі Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі рөлін анықтау. Ең бастысы Сталинград шайқасының маңызын ашу, оның кезеңдері мен ұрыс кезіндегі ерекшеліктері,қорғаныс пен шабуылдары, жауынгерлердің ерен еңбектері мен батырлығын көрсету, олардың бет-бейнесін сол қалпында жеткізу.

     Сталинград ұрысында қаза тапқан ата-бабамыздың, аға-әпкелеріміздің батырлық өнегесін келешек жас ұрпаққа патриоттық үлгіде көрсетіп насихаттау.

    Тақырыптың деректік негізі. Ұлы Отан соғысының кезеңдері және Сталинград шайқасы тақырыбында көптеген құжаттар, атап айтар болсақ, біріншіден, ең маңызды құжаттар сол кезде соғыста болып, соғыс жалынын өз көзімен көрген батыр ағаларымыз бен аталарымыздың аузынан шыққан шынайы тарихи сөздері.

    Мұрағат беттеріндегі көптеген зерттеушілер мен тарихшылардың еңбектері, арнайы деректанулық материалдар, құпия құжаттар, мерзімді басылым – газет-журналдар және статистикалық мәліметтер негізінде сүйеніп келтірілген.

    Осы айтылған құжаттар  негізін кәсіби және сыншыл тарихшы ретінде әрбір жеке құжатқа толық мән беріп, оларды арнайы салыстырмалы түрде толық зерттеп, Ұлы Отан соғысы мен 1942-1943 жылдардағы Сталинград шайқасының шынайы тарихи беттерін ашуға мүмкіндік туды.

 

 

     Тақырыптың хронологиялық шеңбері. Зерттеудің хронологиялық тарихы екі бөлімнен тұрады:

  1. Ұлы Отан соғысы, яғни 1941 жылдың 22 маусымынан бастап, 1945 жылдың 9 мамырға дейінгі аралықтағы басты кезеңдері.
  2. Сталинград шайқасы, 1942 жылғы 17 шілде мен 1943 жылғы 2 ақпан аралығындағы соғыстың басты оқиғалары.

Бірінші кезеңде Ұлы  Отан соғысының алғашқы кезеңдері 1941 жылдың 22 маусымындағы фашистік Германияның  ең алғашқы Брест шекараларына шабуылынан бастап 1942 жылдың қараша айына дейінгі  алғашқы кезеңді қамтиды. Одан кейін  екінші кезең - Мәскеу үшін шайқас уақыты, үшінші кезең 1944 жылдың күзінен бастап соғыстың соңғы күніне дейінгі аралық.

      Ал Сталинград  шайқасы - бұл Екінші дүниежүзілік соғыс пен Ұлы Отан соғысы кезіндегі маңызды ұлы шайқастың бірі ретінде қарастырылып отыр.

       Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысында Екінші дүниежүзілік соғыстың екінші кезеңі Ұлы Отан соғысының тарихи маңызы зор Сталинград шайқасының тарих беттерінде жазылған ақпараттарынан бөлек, әлі де болса ашылмаған, толық зерттелмеген тарихи оқиғаларының беттерін толық ашып, оның ғылым үшін маңыздылығын, тарих беттерінде жаңадан ашылған ғылыми жаңалығы толық зерттелді. Сталинград шайқасының диплом жұмысындағы басты ғылыми жаңалығы мынадай кезеңдерден тұрады:

        1. Сталинград шайқасының әр деректерде әр түрлі айтылып келе жатқан нақты басталған күніне салыстырмалы материалдарды қолданып, нақты күнін анықтау;

       2. Сталинград шайқасының алғашқы күндері бірнеше дивизия мен батальон бола тұра қоршауда қалып қою себептерін анықтау;

       3. Шайқастың Ұлы Отан соғысы кезіндегі рөлі мен тарихи маңыздылығын анықтау.

       4. Шайқастың фашизм үшін қаншалықты маңызды, КСРО үшін қаншалықты ауыр болғанын нақтылау.

 

      Тақырыптың практикалық маңызы. Диплом жұмысының практикалық маңызының қолданылу аясы өте кең. Себебі, бұл тақырыптың әлі де ашылмаған, тарих беттерінен орын алмаған ақтаңдақтары көп. Зерттелу аясы кең және мазмұнды. Сондықтан да бұл диплом жұмысын жоғары оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушыларына және де кез-келген тарихшыларға, сонымен қатар Ұлы Отан соғысы мен Сталинград шайқасы жөнінде мәліметтер іздеген оқырмандарға көмекші құрал ретінде ұсынуға болады.

 

     Тақырыптың методологиялық негіздері. Диплом жұмысының әдістемесінде (методологиясында) тарихи оқиғалардың, мерзімді басылымдардың, жазбаша мәліметтер мен құпия құжаттардың, мұрағат қорларындағы деректердің барлығы бір-бірімен үйлесімділігі, өзгешелігі мен баяндалуы жүйелі – кешенді және салыстырмалы зерттеу әдісі ретінде пайдаланылды.

 

     Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімі екі тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    Ұлы отан соғысының кезеңдері  (1941-1945 ж.ж.)

 

 Ұлы Отан  соғысына жалпы сипаттама. 

 

    Екінші Дүниежүзілік соғыс (қыркүйектің 1, 1939 — қыркүйектің 2, 1945) — дүние жүзіне үстемдік жасау үшін Германия, Италия, Жапония тарапынан басталған соғыс. 1933 ж. фашистік диктатура орнағаннан кейін Германия дүние жүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оны Италия және Жапония үкіметтері қолдады.1933 ж. фашистік диктатура орнағаннан кейін Нацистік Германия дүние жүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оны Италия және Жапония үкіметтері қолдады. 1936 ж. Германия мен Жапония «антикоминтерндік пактіге» қол қойды, 1937 ж. оған Италия қосылды. Жапония 1931 жылы Қытайда, Италия 1935-36 жылы Эфиопияда, Германия мен Италия 1936-1939 жылдары Испанияда басқыншылық соғыстар жүргізді. 1938 жылы Германия Австрияны, Мюнхен келісіміне (1938 ж. 29 қыркүйекте Мюнхен қаласында Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия үкімет басшылары кездесіп, Чехословакияның Судет облысын немістерге беру, Германия көршілерінен баска жер талап етпеуге келісім жасасты) сәйкес Чехословакияның Судет обл-н, 1939 ж. наурызда Чехословакияны, Литваның Мемель облысын, сәуір айында Италия Албанияны басып алды. Еуропада өз мүдделерін қорғау үшін Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Польша, Румыния, Грекия, Түркия елдерін қорғауға міндеттеме алды, сондай-ақ, КСРО-мен үжымдық қауіпсіздік жөнінде келіссөз жүргізді. Кеңес үкіметі олардың кейбір талаптарымен келіспей, келіссөзді тоқтатты да, керісінше, Германиямен өзара шабуыл жасаспау пактісіне (1939 ж. 23 тамыз) қол қойды.

Молотов-Риббентроп келісімі: Осы Молотов-Риббентроп келісімі (В.Молотов КСРО-ның, М.Риббентроп Германияның атынан келісімге қол қойған) бойынша екі мемлекет жасырын түрде Шығыс Еуропадағы өздерінің ықпал ету аймақтарын бөлісіп алды. Финляндия, Латвия, Литва, Эстония, Бессарабия және Польшаның шығыс бөлігі (Нарва, Висла, Сен өзендерінің шығыс жағы) Кеңес Одағына, ал қалған бөліктер түгелімен Германияға тиесілі болды.

Соғыстың 1-кезеңі (1939 ж. 1 қыркүйек — 1941 ж. 21 маусым). КСРО-мен келісімге келгеннен кейін 1 қыркүйекте Германия Польшаға шабуыл жасады, ал 3 қыркүйекте Ұлы-британия мен Франция Германияға соғыс жариялады. Поляк армиясы 8-28 қыркүйекте Варшаваны ерлікпен қорғағанымен еріксіз берілді. 17 қыркүйекте Қызыл Армия Молотов — Риббентроп келісімі бойынша, Польшаның шекарасынан өтіп, Батыс Украина мен Батыс Белоруссияны өзіне қосып алды, ал қыркүйек — қазан айларында Эстония, Латвия, Литва үкіметтерімен өзара көмек шарттарын жасасып, әскер кіргізді. Осыдан кейін Кеңес үкіметі Финляндиядан Ленинград (казіргі Сән-Питербор) қаласының қауіпсіздігі үшін шекараны ел ішіне қарай жылжытуды талап етті. Осы талапты күшпен орындатқызу мақсатымен 1939 жылдың аяғы мен 1940 жылдың бас кезінде кеңес-финн соғысы болып, шекара солтүстік-батысқа қарай жылжытылды. Финляндиямен үш айға созылған соғыс кеңес армиясының әлсіз екенін көрсетті және КСРО-ның беделіне үлкен нүксан келтірді. 1940 жылы 28 маусымда Румыния Бессарабия мен Солтүстік Буковинаны Кеңес Одағына беруге мәжбүр болды.Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Германияға соғыс жариялағандарымен, 9 ай бойы ешқандай ұрыс кимылдарын жүргізген жоқ. Осыны пайдаланған Германия Ұлыбритания теңіз флотына соқкы берді де, Бат. Еуропаны жаулап алуға кірісті. 1940 ж. сәуір — мамыр айларында Норвегия мен Дания жаулап алынып, 10 мамырда Бельгия, Нидерланд, Люксембургке, әрі қарай Францияға басып кірді. Петен бастаған француз үкіметі қарсыласудан бас тартып, 22 маусым күні берілді. Оңт. Францияда Петеннің «қуыршақ үкіметі» құрылып, елдің қалған бөлігінде герман билігі орнады. Шарль де Голль бастаған француз патриоттары Ұлыбританияға кетіп, күресті жалғастырды. Маусым айында (1940) Италия үкіметі де Франция мен Ұлыбританияға соғыс жариялады. Енді гитлершілер ағылшын қалаларын аяусыз бомбалауға кірісті. Бірақ Гитлер Ұлыбританияға басып кіруден бас тартып, Кеңес Одағымен соғыска мұқият дайындала бастады. Жапониямен, Италиямен достык нығайтылды. Балкан компаниясы (1941) нәтижесінде Грекия жаулап алынып, Югославияда фашистік Сербия, Хорватия «мемлекеттері» күрылды. Румыния, Венгрия, Болгария, Финляндия фашистік одақка қосылды. Басып алынған жерлерді қырып жою, еріксіз жүмысқа пайдалану саясаты жүргізіліп, нәтижесінде фашистерге қарсы карсыласу козғалысы дүниеге келді. АҚШ үкіметі бейтараптык саясатынан бас тартып, Ұлыбритания мен баска да Еуропадағы соғысушы елдерге несиеге немесе жалға соғыс материалдарын (лендлиз) беру туралы заң қабылдады (1941 ж. 11 наурыз).

Соғыстың екінші кезеңі: ( 1941 жыл 22 маусым – 1942 жыл 18 қараша)

1941 жыл 22 маусым күні  Германия КСРО- ға басып кірді.  Германияға Венгрия, Румыния, Финляндия, Италия мемлекеттері қосылды. Соғыс қиянкескі сипат алып, Германия өзінің Қарулы Күштерінің 77 % - ын осы майданда ұстады (қ. Ұлы Отан соғысы ). Мәскеу шайқасында ( 1942, шілде – қараша ) кеңес армиясы өз отанын қорғап қалды. 1941 жылы шілдеде КСРО үкіметі Ұлыбритания және эмигоациядағы Польша, Чехославакия үкіметтерімен келісімге келді. Қыркүйектің аяғы – қазан айының бас кезінде (1941) Мәскеуде АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері КСРО- ға қару – жарақпен көмек беру жөнінде келісімге қол қойды. Гитлерге қарсы одақтың негізі қаланды. 1941 жылы 7 желтоқсанда Жапония Тынық мұхиттағы АҚШ- тың Перл – Харбор базасына басып кірді. 8 желтоқсанда АҚШ, Ұлыбритания мемлекеттері Жапонияға соғыс жариялады. 1942 жылы 1 қаңтар күні Вашингтонда 26 мемлекет үндеу қабылдап, фашистік одаққа қарсы күш біріктіруге шешім қбылдады. 1941 жылы 22.12 – 1942 жылы 14.01 Черчилль мен Рузвельт біріккен ағылшын – американ штабын және Тынық мұхитта ағылшын – американ – голланд – австралия бірыңғай одағын құруға шешім қабылдады. 1942 жылы Жапония АҚШ- тың Тынық мұхиттағы негізгі соғыс базаларына соққы берді, Тайланд, Сянган (Гонконг), Бирма, Малайя, Филиппин, Индонезияның басты аралдарын басып алды да, Австралияға қауіп төндірді. АҚШ Атлант теңізіндегі флотының бір бөлігін Тынық мұхитына көшірді де, 1942 жылдың 1 жартысында жапон флотына біршеше соққы беріп, қорғанысқа көшуге мәжбүр етті. Басып алынған жерлерде жапондарға қарсы азаттық қозғалыс күшеді. Америка және Ағылшын флоттары Германияның сүңгуір қайықтарына тойтарыс беріп, 1942 жылы жазда оларды Атлант мұхитынан ығыстыра бастады.

Информация о работе Ұлы Отан соғысының кезеңдері мен Сталин шайқасы