Ұлы Отан соғысының кезеңдері мен Сталин шайқасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 18:55, курсовая работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі. ХХ ғасыр адамзат баласы үшін ең ауыр кезең болды. Бір емес арасына жиырма жыл салмай қайталанған бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс жалпы саны 70 млн адамның өмірін қиды. Қаншама саяси лагерлер, КСРО-дағы саяси репрессия. Ашаршылық осының бәрі ХХ ғасыр еншісіне тиесілі тарихтың ең ауыр да күрделі, қиын сынақ қойған зұлмат кезеңдері.

Содержание

І Ұлы отан соғысының кезеңдері (1941-1945 ж.ж.)

1.1Ұлы Отан соғысына жалпы сипаттама.
1.2Сталинград түбіндегі шайқас.


ІІ Сталинград-Ұлы Отан шайқасын түбегейлі өзгерткен ұлы шайқас.

2.1 Сталинград шайқасына қатысқан батырлар.
2.2 Сталинград шайқасының тарихи маңызы.


Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Диплом.doc

— 429.00 Кб (Скачать документ)

Зерттеушілердің пікірінше, қуғын-сүргін әскердің қорғаныс қабілетіне кері әсерін тигізді. Олардың пікірінше кадр «тазалаулары» әскердің моралдық жағдайына кері әсер етіп, кейбір азаматтардың Ұлы Отан соғысы кезінде жау жағына өтулерін қуғын-сүргінмен жуып-шаюларын мүмкін етті.

  1930-шы жылдардың жаппай қуғындарына тікелей қатысқан Молотовтың пікірінше, егер 30-шы жылдардың оқиғалары орын алмағанда соғыстың кезінде сатқындар мен коллаборационистердің саны әлдеқайда көп болар еді.

30-шы жылдардың аяғында  өткізілген ЖШҚӘ-нің («Жұмысшы және шаруалардың Қызыл Әскері») инспекторлық тексерістерінің нәтижесінде ондағы әскери тәртіп пен әскери дайындықтың өте төмен деңгейде болғаны анықталды. ЖШҚӘ-нің басқарушы буынының білім деңгейі де төмен болғандығы анық болды. Кеңес өнеркәсібі қамтамасыз еткен қуатты әскери техниканың көптігі де осы кемшіліктердің орнын толтыра алмады. Қару-жарақтың, әсіресе танк және ұшақ соққы қосындарындағы қару-жарақ мөлшері бойынша КСРО 30-шы жылдардың ортасында-ақ барлық басқа елдердің әскерлерінен де көп еді. Бірақ соғыстың басында ЖШҚӘ-нің әскери дайындығы оның қару-жарағының молдығына сай келмеді.

    1940 жылғы маусымның  14-інде кеңес үкіметі Литваға,  ал маусымның 16-сында Латвия  мен Эстонияға ультиматум жариялады.  Олардың басты талаптары —  бұл мемлекеттер КСРО-ға дос үкіметтерді билік басына келтіріп, өз жерлеріне кеңес әскерлерінің қосымша қосындарын кіргізуге тиістігі болды. Бұл талаптар қабылданды. Маусымның 15-інде кеңес әскерлері Литваға, 17-сінде Латвия мен Эстонияға кіргізілді. Жаңа үкіметтер коммунистік партиялардың жұмысына салынған тыйымдарды алып тастап, кезектен тыс парламенттік сайлаулар өткізді. Үш мемлекеттегі сайлауларда сайлау тізімдеріне енгізілген жалғыз партиялар — коммунистік Жұмысшы халық блоктары (одақтары) жеңіске жетті.Жаңадан сайланған парламенттер маусымның 21-22-лерінде Эстон КСР, Латвия КСР және Литван КСР жариялап, КСРО-ның құрамына ену туралы декларациялар қабылдады.1941 жылдың жазында герман шабуылы басталған соң Балтық бойы елдерінің тұрғындары кеңес әскерлеріне қарулы шабуылдар ұйымдастырды. Бұл неміс әскерлерінің Ленинградқа жылжуын тездетті.1940 жылғы маусымның 26-сында КСРО Румыниядан Бессарабия мен Солтүстік Буковинаны өзіне беруді талап етті. Румыния бұл талапқа келісіп, 1940 жылғы маусымның 28-інде Бессарабия мен Солтүстік Буковинаның жеріне кеңес әскерлері енгізілді. 1940 жылғы тамыздың 2-сінде КСРО Жоғарғы Кеңесінің VII-ші сессиясында Молдаван Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы туралы заң қабылданды. Молдаван КСР-сының құрамына мына аумақтар енгізілді: Кишинев қаласы, Бессарабияның 9 уезінің 6-ы (Бельцы, Бендеры, Кагул, Кишинев, Оргеев, Сорок) және Тирасполь қаласы. Бұрыңғы Молдаван Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының 14 ауданының 6-ы да Молдаван КСР-ының құрамына кірді. МАКСР-дің қалған аудандары және Бессарабияның Аккерман, Измаил және Хотин уездері Украин КСР-ының құрамына кірді. Украин КСР-ының құрамына Солтүстік Буковина да кірді.

     1941жылдың  бірінші бөлігінде кеңес барлауы  немістердің шабуыл дайындап  жатқаны туралы хабарлаумен болды.  Хабарларда қарама-қайшылықтар кездесіп отырды. Мысалы, шабуыл басталатын күн (мамырдың 1-і, 15-і, маусымның басы, 22-ші маусым), соққылардың бағыттары, соғыс жоспарлары туралы хабарлар әртүрлі болды. Осының бәрі Германияның шынайы ақпаратты жалған ақпаратпен араластырып, түрлі буындар арқылы таратқанының салдары болды. Кеңес жетекшілері барлаушыларға әрқашан сене берген жоқ, себебі кейде олардың берген ақпараттары (мысалы, Рихард Зорге жіберген мәліметтер) расталмай отырды. Кейбір дерек көздері бойынша, Германияның соғыс бастайтыны туралы ескертулер қарама-қайшы (ал қазіргі зерттеулер көрсетіп отырғандай, кейде тіпті жалған) мәліметтер қамтып отырды. Ақпарат шынайы болған күннің өзінде одан жаңсақ қорытындылар жасалып отырды (мысалы, әскери барлаудың жетекшісі Голиковтың қате қорытындылары). Германиямен жасаспау туралы келісім, неміс әскерилерінің Британия аралдарына дайындалып жатқан шабуыл туралы әңгімелері. 1941 жылы соғыс болмайтын шығар деген үміт тудырып отырды. Германия басқа шабуылдарының қарсаңындағыдай, ешқандай саяси талаптар жасамады.

    1941 жылдың мамыр  айында әскерлер ішкі округтардан  Днепрдің батысына, шекараға жақынырақ  жерге жылжытыла бастады. Шекаралық  дивизияларды толықтыру үшін  запастан 800 000 адам әскерге шақырылды,  маусымның 16-18-дерінде шекаралық округтардың резерв дивизияларын алға жылжыту басталды. Оларға шекараның маңында бекіну туралы бұйрық берілді. Бұл шаралар тым кеш жасалғандығы Германияның шабуылы басталғаннан кейін анық болды. Әскерлер неміс шабуылын жүздеген шақырымға созылған, ұйымдаспаған күйде қарсы алуға мәжбүр болды.

1941 жылғы маусымның  18-інде КСРО-ның әскери теңіз  флоты мен шекара әскерлері  ұрысқа әзірлік жағдайына келтірілді. ЖШҚӘ-ге бұндай бұйрық тек маусымның  21-інде ғана берілді.

    Сталиннің  1941 жылдың мамыр-маусым айларындағы әрекеттеріне талдау жасағанда мына жайттарды есте сақтау керек:

Мамырдың 5-інде Сталин әскери академиялардың түлектерінің алдында  сөз сөйледі, ал содан кейін «сталиндік бейбітшіл сыртқы саясат үшін» жасалған тосқа былай деп жауап берді: «бейбітшіл саясат деген жақсы нәрсе ғой, бірақ біз енді әскерімізді қайта құрып болғаннан кейін, осы заманғы шайқасқа сай келетін техникамен жарақтандырып болғаннан кейін, күшті болып алғаннан кейін, енді біз қорғаныстан шабуылға өтуіміз керек. Еліміздің қорғанысын іске асыра отырып, біз шабуылдайтын болуымыз керек. Қорғаныстан біз шабуылға өтуіміз керек»-деген болатын. Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатында қорғаныс халық комиссары Тимошенконың және Бас штабтың басшысы Жуковтың атынан, Василевскийдің қолымен жазылған, қол қойылмаған бір қатынас қағазы бар. Бұл қағаз 1941 жылғы мамырдың 15-інен бұрын жазылмаған. Қағаз Сталинге арналған, онда «Германия мен оның одақтастарымен соғыс болған жағдайда дайындық үшін Кеңес Одағының қарулы күштерін стратегиялық орналастырылуы туралы ұсыныс-пікірлер» келтірілген. Онда былай делінеді: «Германияның әскері сақадай сай дайындық күйіне келтіріліп, тылдары толығымен жазылып-дайындалғандықтан, ол қазіргі таңда бізге кенеттен шабуыл жасауы әбден ықтимал. Осыны болдырмау үшін және неміс әскерін талқандау үшін біз герман қолбасшылығының алдын алып, неміс әскері енді ғана орналасып, әлі майдан және әскер түрлерінің өзара істесуін ұйымдастыра алмайтын кезінде алғашқы соққы беруіміз керек деп ойлаймын». Одан әрі әскери қимылдардың жоспары баяндалады:«Бірінші кезектегі мақсат — Висла өзенінің шығысында және Краков бағытында орналасқан герман әскерін талқандап, Наров, Висла өзендеріне жетіп, Катовице аумағын иемденіп алу. Ол үшін мыналарды істеу қажет: а) Германияны оңтүстік одақтастарынан ажырату үшін Оңтүстік-Батыс майданның күштерімен басты соққыны Краков, Катовице бағытында жасау керек; ә) Варшава әскер тобын байлап, Оңтүстік-Батыс майданға көмек көрсету үшін қосымша соққыны Батыс майданның солтүстік қанаты Седлец, Демблин бағытында жасауы керек».1965 жылы Г. Жуков әскери тарихшы В. А. Анфиловқа мынаны айтып берді:«Германияның шабуылының алдын алу туралы ой Тимошенко екеуімізде Сталиннің 1941 жылғы мамырдың 5-інде әскери академияларды бітірушілердің алдында біз енді шабуыл жасайтын болуымыз керек деп сөз сөйлегеннен кейін пайда болды. Қарсылас біздің шекараларымыздың маңында өз әскерін шоғырландырып жатқанда Сталинның осылай сөз сөйлегені бізді алдын ала соққы беру туралы директива дайындау керектігіне сендірді. Құжатты дайындау жұмысы А. М. Василевскийге тапсырылды. Мамырдың 15-інде ол директиваның дайын жобасын қорғаныстың халық комиссарына және маған тапсырды. Бірақ біз бұл құжатқа қол қоймадық, алдымен оны Сталинге көрсетуді ұйғардық. Неміс әскерлеріне алдын ала соққы беру туралы ести салысымен ол бұлқан-талқан болып ашуланды. «Сендер немене, немістерді арандатқыларың келе ме?» - деп қорс ете қалды. Біз КСРО-ның шекарасында қалыптасып отырған жағдай туралы, оның мамырдың 5-індегі сөйлеген сөзінде айтылған ойларға негізделгенімізді айттық… «Мен бұны сондағыларды жігерлендіру үшін ғана, олар бүкіл дүние жүзінің газеттері айтатын неміс әскерінің еш жеңілмейтіндігі туралы емес, жеңіс туралы ойласын деп қана айттым!» - деп Сталин барқ етті. Осылай алдын ала соққы беру туралы жоспар аяқсыз қалды…» Жуков дәл осындай оқиғаны әскери тарихшы Н. А. Светлишинге де айтты.Бұрынғы партия мұрағатында Бас саяси басқарманың жетекшісі А. Щербаковтың уақыты 1941 жылғы маусымның басы деп көрсетілген әскери-саяси пропаганданың жай-күйі туралы директиваның жобасы бар. Оның ішінде тағы былай делінеді: «халықаралық жағдай мейлінше шиеленісті, біздің ел үшін әскери қатер бұрынғыдан да төне түсті. Бұл жағдайда «бөтен елдің жерінде өз елімізді қорғау» деген лениндік ұран кез келген мезетте іс жүзіне асырыла алады. Кеңес Одағының өміріндегі орын алған түбегейлі өзгерістер осындай.Елде орнаған осы жаңа жағдай партия ұйымдарынан Қызыл Әскерді және бүкіл кеңес халқын жалынды патриотизм, революциялық батылдық және дұшпанға қарсы жойқын шабуыл бастауға әрқашан дайын болу рухында тәрбиелеу үшін партиялық-саяси жұмысында түбегейлі бетбұрысты талап етеді».1941 жылғы маусымның 13-інде С. Тимошенко пен Г. Жуков Киев ерекше әскери округының басшыларына 1941 жылғы шілденің 1-іне дейін барлық «тереңде орналасқан» дивизиялар мен корпус басқармаларын мемлекеттік шекараға жақынырақ орналасқан жаңа лагерлерге жылжыту туралы директива шығарды. Осы сияқты директива сол кезде Батыс ерекше әскери округының басшыларына жіберілді.Маусымның 14-інен 19-ына дейін шекара маңы округтарының басшылары маусымның 22-23-іне дейін майдандық (армиялық) басқармаларды далалық пункттерге шығару туралы бұйрықтар қабылдады.

      К. Рокоссовский  былай деп жазған: «Біздің авиацияның  алғы шептегі аэродромдарда шоғырландырылуына  және орталық маңызы бар қоймаларды майдан маңындағы аумақта орналастырылуы алға секіріс жасауға жүргізілген дайындық сияқты болып көрінді де, әскердің орналасуы мен әскерде жүргізілген шаралар соған сәйкес болмады».

      Б. Шапталов  бұл жайттарды былай түсіндіреді: Сталин 1941 жылдың шілде-тамыз айларында неміс әскері Ұлыбританияға десант операциясын жасап, басып кіреді деп күткен болатын. Осындай операция жасала салысымен Сталин Польшадағы неміс әскерлеріне соққы беруді көздеді.Әскер шабуыл қимылдарына дайындалып келгендіктен және ауқымды әскерлер мен қоймалар шекараның маңында орналастырылғандықтан, бірақ артиллерия әлі де полигондарда болып, авиация дала аэродромдарында сиретіліп орналастырылмағандықтан, 1941 жылғы маусымның 22-сінде шекара маңындағы әскери округтардың әскерлері тиімді қорғаныс ұйымдастыруға мүмкіндіктері болмай, шекара маңындағы ұрыстарда тез талқандалды.

Ұлы Отан соғысындағы  негізгі шайқастар: Мәскеу шайқасы – екінші дүниежүзілік соғыстағы және Ұлы Отан соғысындағы  ірі шайқастардың бірі. Мәскеу шайқасы қорғаныс ұрыстары (1941 ж. 30 қыркүйек – 5 желтоқсан) және қарсы шабуыл (1941 ж. 6 желтоқсан – 1942 ж. 20 сәуір) кезеңдерінен тұрады. Неміс қолбасшыларының “Тайфун” атты арнайы шабуыл жоспары бойынша Мәскеуді басып алуды Германияның “Орталық” армиялар тобы жүзеге асырмақ болды. Бұл топ резервтегі әскерлер мен кеңес-герман майданының басқа шептерінен жіберілген бөлімдермен, әскери техникамен күшейтілді. Германия-Мәскеу бағытына 74,5 дивизия (1,8 млн-нан аса адам), 1700-дей танк, 1390 әскери ұшақ, 14000 зеңбірек пен миномет шоғырландырды. Ал Мәскеу бағытын қорғап тұрған кеңестік Батыс Резерв және Брянск майдандарының құрамында 1250 мыңдай адам, 990 танк, 677 әскери ұшақ, 7600 зеңбірек пен миномет болды. Немістер үш екпінді топ құрды. Оның екі тобы солтүстіктен және оңтүстіктен шабуылдап, Мәскеуді КСРО тылынан бөліп тастамақ болса, негізгі топ Гжатск арқылы тікелей соққы бермекші болды. Шабуылды 1941 ж. 30 қыркүйекте немістердің оңтүстік тобы, 2 қазанда орталық және солтүстік топтары бастап, кеңес әскерінің шебін бірнеше жерден бұзып өтті. Кескілескен шайқастардан соң Қызыл Армия бөлімдері 12 қазанда Калуганы, 14 қазанда Калинин қалаларын қарсыластарға қалдыруға мәжбүр болды. Немістер қазанның 16-сында Боровскіні, 18-інде Можайск мен Малоярославецті басып алды. Кеңес әскерлерінің күшін біріктіру мен басшылықты жақсарту мақсатында Резерв майданы Батыс майданға қосылып, оған басшылық ету армия генералы Г.К. Жуковқа тапсырылды. Қорғаныс шептерін салуға 450 мыңдай мәскеулік қатысты. Халық арасынан тұрақты әскери бөлімдер жасақталып, 17 қазанда Калинин майданы (командашысы – генерал-полковник И.С.Конев) құрылды. Батыс майданның 16-армиясы (генерал К.К. Рокоссовский) Волоколам бағытында, 5-армия (генерал Л.А. Говоров) Можайск, 49-армия (генерал И.Г. Захаркин) Калуга бағытында жаумен шайқаста ерлік көрсетті. Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің қаулысы бойынша Мәскеу мен оның айналасы 20 қазаннан бастап “қоршау жағдайында” деп жарияланды. Германия 15 қарашада Мәскеуге екінші рет күшті шабуыл бастады. Қантөгіс ұрыстардан соң немістер Мәскеу-Еділ каналына дейін жетуге мүмкіндік алғанымен, Кеңес әскерінің негізгі шептерін бұза алмады. 5 желтоқсанда барлық бағыттағы жау шабуылы тоқтатылды. Мәскеу шайқасында Қазақстанда құрылған әскери құрамалар ерекше көзге түсті. Волоколам бағытын қорғаған 16-армияның құрамында Алматыда жасақталған 316-атқыштар дивизиясы (генерал-майор И.В. Панфилов) болды. Дивизияның 1075-полкінің саяси жетекші В.К. Клочков бастаған жауынгерлер 16 қараша күні Дубосеково разъезінің түбінде өшпес ерліктің үлгісін көрсетті. Қазақстанда жасақталған 238-атқыштар дивизиясы (полковник Г.П. Коротков) Тула маңында, Ақтөбеде жасақталған 312-атқыштар дивизиясы (полковник А.Ф. Наумов) Малоярославец бағытында Мәскеуді қорғауға қатысты. Мәскеу шайқасында панфиловшы батальон командирі, аға лейтенант Бауыржан Момышұлы әскери шеберлік үлгісін көрсетті. Кеңес әскерлерінің қарсы шабуылын 5 желтоқсан күні Калинин майданы 6 желтоқсан күні Батыс майданы, Оңтүстік-Батыс (Кеңес Одағының Маршалы С.К. Тимошенко) майданы әскерилері бастады. 800 шақырымға созылған майданда ұрыстар жаңа күшпен жалғаса түсті. 1942 ж. қаңтарда қарсы шабуыл Қызыл Армияның жаппай шабуылына ұласты. Шайқастардың нәтижесінде қарсыластар батысқа қарай 400 шақырымға дейін қуылып, Мәскеу, Калинин және Тула облыстарының ондаған қалалары мен жүздеген селолары басқыншылардан азат етілді. Қызыл Армияның қарсы шабуылы нәтижесінде жаудың “Орталық” армиялар тобы орасан зор шығынға ұшырап, 500 мыңдай адамынан, 1300-дей танкісінен, 2500 зеңбірегінен, 15 мыңнан аса автокөлігінен айырылды. Мәскеу шайқасында фашистік армия алғаш рет ауыр жеңіліске ұшырап, оның жеңілмейтіні жөніндегі аңыз жоққа шығарылды. Мәскеу шайқасы 2-дүниежүзілік соғыстың барысындағы түбегейлі бетбұрыстың бастамасы болып, Гитлерге қарсы одақтың қалыптасуын тездетті.  Осылайша ұлы отан соғысы кезіндегі ірі шайқастардың бірі аяқталды.

     Ленинград шайқасы. Ленинградтың қаһармандық эпопеясы Ұлы Отан соғысының тарихынан айрықша орын алады. Жау Ленин қаласына шабуыл жасауға бір миллионнан астам солдаты мен офицерін, 17 мыңнан астам зеңбірегі мен минометін, 1500-дей танкін және 2 мың самолетін жіберді. Ленинград 900 күн бойы қоршауда болды. Қаланың жүздеген мың тұрғындары мен қорғаушылары қаза тапты, олардың басым көпшілігі алғашқы ең ауыр ашаршылықтың және қоршаудағы суық қыстың құрбаны болды. Қаланың шығыны АҚШ пен Англияның екінші дүние жүзілік соғыстың барлық майдандарындағы шығынынан көп болды.

     Үш революцияны  бастаушылар мен олардың мұрагерлерінің  идеялық сенімділігі, советтік  патриотизм – адам айтқысыз ауыр жағдайда жауға қарсы күресте ленинградтықтарға күш берген осылар болатын. Ленинградтықтар мен барлық совет адамдарының соғыстың қатал сын сағатындағы қаһармандығының бір белгісі халықтардың мызғымас достығы болды. 1942 жылдың жазында СССР Жоғарғы Советінің сессиясында сөйлеген сөзінде ВКП(б) Орталық Комитетінің, Ленинград облыстық және қалалық партия комитеттерінің секретары А.А.Жданов былай деген еді: «Жау Ленинградты елімізбен байланысынан айыруға қаншама тырысқанымен, бұған шамасы келмеді. Ленинград өз Отанынан бөлініп қалдық деп бір минут та сезінген емес. Бүкіл еліміз Ленинградқа сүйіспеншілікпен қамқорлық жасап келді және қазір де жасап отыр. Біздің ұлы Отанымыздың барлық түпкірлерінен, еліміздегі барлық одақтас республикалардан, өлкелер мен облыстардан Ленинградқа деген туысқандық көмек үздіксіз ағылып келіп жатты және қазірде де келуде. Бұл көмек ең ауыр күндерде де бір үзілген емес».

      Ленинградқа  бүкіл халықтық көмек беруге  Қазақ ССР еңбекшілері де белсене  ат салысты. Қазақстан эвакуациямен келген 20919 Ленинград тұрғынын және майдан шебіндегі қаланың 11 өнеркәсіп орнын, мәдениет пен ғылым мекемесін қабылдап алып, орналастырды. 1942 жылдың көктемінде Қазақстанда қаһарман қаланың халқы мен қорғаушыларына арнап азық-түлік өнімдерін жинау айлығы өткізілді. Еңбекшілердің Нева бойындағы қалаға екі эшелонмен жеткізілген сыйлықтарындағы майы, еті, балығы мен басқа да азық-түлік тауарлары 1428 тонна болды.

      Қазақстандықтар  қоршау кезінде ленинградтықтарға  барлығы азық-түлік өнімдері тиелген  400 вагон жөнелтті. Қазақ ССР-і мен Қазақстан Компартиясының 50 жылдығына арналған салтанатта сөйлеген сөзінде Ленинград қалалық советі атқару комитетінің председателі А.А.Сизов былай деп атап көрсетті: «Мұның өзі жұрттың дене күшін қолдауға арналған өнімдер ғана емес еді, бұл аса зор моральдық көмек болды, мұның өзі біздің достығымыздың жан аяспайтын мәңгілік достық екендігінің айғағы болды».

      Көптеген  қазақстандықтар қоршаудағы қаланың  «Үлкен жермен», бүкіл Советтер  елімен байланысын қамтамасыз  етуге ат салысты. Ленин қаласына ұшуда айрықша көзге түскен авматорлар арасында С.А.Ахметов, А.А.Васильев, П.Е.Матвеев, М.С.Скрыльников және басқалары, соғысқа дейінгі Азаматтық әуе флотының қазақстандық екі басқармасынан барлығы 41 қызметкер болды. Ладога көлінің мұзы үстінен тартылған «өмір жолының» ордендермен және медальдармен наградталған 340 жауынгері арасында қазақстандықтар: күніне үш-төрт қатынас жасаған шоферлер С.Қабиев, Қ.Оспанов және С.Ичевский, жол көрсетуші, кейіннен жол учаскелерінің бірінің бастығы кіші лейтенант Қ.Ахметшиев және басқалары болды.

     Ладогадан оңтүстік-шығысқа таман темір жол магистральдарына қызмет еткен №10 Әскери-пайдалану бөлімшесінің локомотив, вагон, жол және басқа бөлімдерінің адам құрамының шамамен алғанда үштен бір бөлігі әскер қатарына шақырылғанға дейін Қазақстанда жұмыс істеген еді. 1942 жылдың көктемінде Ленинградқа осы бөлімшенің отыз паровоз бригадасы берілді.

     Ленинград  майданының түрлі учаскелерінде,  қоршау шеңберінің ішінде Қазақстаннан  барған жауынгерлер ерлікпен шайқасты. Ораниенбаум плацдармында 48-атқыштар дивизиясының жауынгері Қызылорда облысында туып-өскен Д.Шыныбеков ерлікпен шайқасты. 1942 жылғы 17 ақпанда дивизиядағы мергендер ұрыстарда оққа ұшқаннан кейін сондай мергендердің бірі К.Жүсіптің винтовкасы Д.Шыныбековке тапсырылды. Жауынгер досының винтовкасын алып тұрып, ол қысқаша былай деді: «Бауырым! Сен екеуміз Ленинградты ғана емес өзіміз туып-өскен Қазақстанды да қорғап жүрміз. Сен өзіңнің қысқа өміріңде осы винтовкамен 42 фашистің көзін жойдың. Қымбатты    жерлесім, мен сенің қазаң алдында бұдан да көп фашисті жер жастандырамын деп ант етемін». 1943 жылдың бас кезінде аға сержант Шыныбеков өлтірген оккупанттардың саны 172 болды.

      Ленинград  аспанында соғыс жылдарында лейтенанттан  майорға дейін және артиллериялық бақылау аэростат дивизионының командиріне дейін өскен С.Ж.Жылқышев пен оның дивизионы жаудың 15 батареясын, бронепоезын және басқа көптеген объектілері мен нысаналарды құртты. Өжет офицердің кеудесінде Қызыл Ту, Отан соғысының І дәрежелі және Александр Невский ордендері жарқырады.

     Қазақстандықтардың  үлкен бір тобы Қызыл тулы  Балтық флотының корабльдері  мен бөлімдерінде қызмет етті. Ленин қаласы үшін болған ұрыстардың  бірінші күнінен бастап соңғы  күніне дейін звено командирі,  одан кейін торпедо катерлері отрядының және дивизионының командирі лейтенант Б.П.Ущев жауға қарсы ерлікпен шайқасты. Петропавл теміржолшысының баласы 1944 жылдың маусымына дейін 93 мәрте жауынгерлік жорыққа шығып, жаудың 3 кораблін суға батырды. СССР Жоғарғы советінің Президиумы оған Совет Одағының Батыры атағын берді, ол жауынгерлік жорыққа шыққан қатер қазір әскери – теңіз базаларының бірінде ескерткіш ретінде биік тұғырға қойылған.

Информация о работе Ұлы Отан соғысының кезеңдері мен Сталин шайқасы