Тас дәуірінің кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 18:53, реферат

Описание

Еңбек құралдары. Ауыр салмақты, тік бұрышты ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатқызылады. Жамбыл облысындағы Бөріқазған, Тәңірқазған, Шабақты мекендерінен (5000-ға жауық тас құрал), Қазанғап шатқалы (тастан жасалған 300-ге жуық құрал), Қарасу тұрағы (тастан жасалған 1500-ға жуық құрал), Сарыарқа тұрақтары, Балқаштың Солтүстік жағалауы (ежелгі адамдардың тұрақтары) т.с.с. жерлерден тастан жасалған құралдар табылған.

Работа состоит из  1 файл

тарих.doc

— 175.00 Кб (Скачать документ)

Тас дәуірінің кезеңдері


1. Палеолит- Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең ұзаққа созылған және аса маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Ежелгі тас ғасыры-адам мен оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Алғашқы адам жабайы өсетін дәндерді жеміс – жидектерді жинап жануарларды аулаған. Ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапқы кезеңі алғашқы тобыр-бірлесіп қорғану және шабуыл жасау, аң аулау және жиын-терін үшін бірлесу болды.  Ерте палеолит - Ежелгі палеолит – ірі-ірі үш кезеңге: Олдувэй (б.з.б. 2,6 млн жыл-800 мың жыл); Ашель (б.з.б. 800-140 мың жыл); Мустье (40-35 мың жыл) кезеңдерге бөлінеді. Адам баласынының ең алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Осыған байланысты алғашқы тарихи кезең тас ғасыры деп аталған. Табиғаты. Оңтүстіктегі Үнді мұхиты жағынан жылы ауа Қазақстан жеріне келіп турған. Сондықтан Казақстанда субтропиктік ормандар болған. Осы кездегі Қазақстан жерін мекендеген жануарлар: өзен, көлдердің жағасында пілдер, шалғында жылқылар, таулы жерлерде аюлар, мамонттар, бұғылар, бизондар, тауларда арқарлар, тауешкілер т.с.с. Б.з.б. 100-80 мың жыл бұрын ауа райы қүрт өзгерген. Осы кезде Қазақстанда ұзаққа созылған ауа райының суытуы басталған. Барлық тауларды мұз басқан. Бұл суық мерзім б.з.б. 12-5 мың жылдарға дейін созылған. Адамдары. Қазақстан жерін ежелгі адамдар б.з.б. 800-140 мың жылдықтардан бастап мекендеген. Алғашқы адамдар Қаратау жотасы мен Қарасу тұрағында мекендеген.

  • Aлғашқы адамдардың айналысқан істері: аң аулау, терімшілік.
  • Алғашқы адамдар баспанасы: табиғи үңгірлер, үңгіме қуыс, тау шатқалдары т.б.
  • Адамдар табиғаттың дүлей күшіне қарсы тұру үшін, бірігіп аң аулап тіршілік етіп қиындықты жеңу үшін топпен өмір сүрді.

Еңбек құралдары. Ауыр салмақты, тік бұрышты ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатқызылады. Жамбыл облысындағы Бөріқазған, Тәңірқазған, Шабақты мекендерінен (5000-ға жауық тас құрал), Қазанғап шатқалы (тастан жасалған 300-ге жуық құрал), Қарасу тұрағы (тастан жасалған 1500-ға жуық құрал), Сарыарқа тұрақтары, Балқаштың Солтүстік жағалауы (ежелгі адамдардың тұрақтары) т.с.с. жерлерден тастан жасалған құралдар табылған.

Орта палеолит- (б.з.б. 140-40 мың жылдықтар). Орта палеолит дәуірі ертедегі адамның дамуымен, мәдениеті дамуының жаңакезеңі болуымен ерекшенеледі. Орта палеолитте Қазақ даласындағы жер құрылымында күшті тектоникалық (құрылу, өзгеру процестері–грек сөзі) қозғалыстар болып өтті. Соның нәтижесінде таулар, төбелер пайда болып, жерді екі рет топан су басты. Солтүстік Мұзды мұхиттың суы көтеріліп, ол Қазақстан жеріне дейін келді. Орталық Қазақстанда жер деңгейі 500 метрге дейін көтерілді. Бірнеше мың жылдардан кейін Оңтүстікте басталған мұздардың еруіне байланысты Қазақстан жерінде құмды, шөлді, суы тапшы жерлер пайда болды. Өзеңдердің қазіргі арналары қалыптаса бастады. Қазақстандағы жазық жерлер (Ертіс пен Балқаш маңы) орманды далалы, оңтүстігі көбіне жусанды, шөлді болып қалыптасты. Тянь-Шаньда және басқа да таулы жерлерде қаптал қарағай, шырша, жөке, қызыл қайың, қандыағаш өсетін болды. Қазақ даласында бірнеше хайуанаттардың түрлері болды: пілдер, жүні сирек мамонттар, жазық далада түйе, қарақұйрық, бөкендер т.б. болды. Адамдар және олардың тіршілігі. Орта палеолит дәуірінің адамдары– неандертальдықтар. Антропологиялық келбеті: қысқа мойынды, аса ірі тісі бар, сөйлеу қабілеті дұрыс қалыптаспаған. Негізгі кәсібі: аң аулау, терімшілік. Аңды қауым болып бірігіп, топпен аулаған. Басты ерекшеліктерінің бірі шақпақ тастарды бір – біріне үйкелеу арқылы отты шығаруды үйренді. Осы кезде алғашқы діни наным қалыптаса бастады. Ең алғашқы дін магия. Бұл арқылы өлікті бір қырына қарай жатқызып, аяғын бүгіп жерлеген. Еңбек құралдары және археологиялық ескерткіштер. Тасты өңдеу әдісі жетілді. Еңбек құралдары негізінен, нуклеуістен (тастан) жасалды. Пышақ, қару ретінде үшкір тас, ағаш, тері өңдеу үшін қырғыш тас пайдаланылды. Археологиялық ескерткіштер Оңтүстік Қазақстандағы Топалы шатқалы мен Қызылрысбек тұрағынан табылған заттар: үшкір тас, қырғыш т.б.

Б. Кейінгі палеолит- Соңғы палеолит б.з.б. 40-35 мың жалдан басталып, 12-10 мың жылмен аяқталады. Бұл жер шарының барлық климаттық аймақтарына адамның кеңінен тарай қоныстаған және нәсілдер мен нәсілдік топтардың қалыптасу уақыты. Бұл тұста адамдардың рулық қауымы мен топтық ұжымдары қалыптаса бастады. Рулыққауымдар барлық жерлерде алдымен отбасының қамқоршысы, бала өсіруші ана төңірігінде топтасты, осыған байланысты әйелдер алғашқы қауымда үстемдік жасады, мұның өзі аналық – матриархаттық дәуір деп аталды. Сонымен, аналық ру өзара қандас туыстығы арқылы біріккен және шешелері жағынан шыққан тегі бір адамдардың экзогамиялық тобы болды. Соңғы палеолитте ірі хайуанаттардың азайюы адамдардың тұрмыс жағдайларын едәуір өзгертті. Енді орташа және ұсақ аңдарды аулау үшін жетілдірілген жаңа құралдар қажет болды. Аңшылар қолдарына қару алып, тамақ іздеп, ұсақ сапар шекті. Әр түрлі іске қолданылатын еңбек құралдары пайда болды. Соңғы палеолитте Қазақстан жерінде адамзат қоғамының үздіксіз ілгері дамып отырғаннын көрсетеді.

2. Мезолит (орта тас ғасыры)-(б.з.б. 12-5 мың жылдықтар). Кейінгі палеолит дәуірінен кейін орта тас дәуірі (грекше «мезос» - орта деген сөзден шыққын) мезолит дәуірі келді. Бұл дәуір тарих ғылымында өте аз зерттелгендіктен, осы дәуірдің ескерткіштері Қазақстан жерінен аз табылған. Табиғаты. Қазақстанның ауа райы қүрт жылынып, мұздар еріді. Шөбі, өсімдігі мол далалар сиреп кетті. Бірқатар жануарлар (мүйізтұмсықтар, мамонттар) құрып кетті, енді аңшылардың аулайтын көбінесе бизон мен жылқы, жабайы ешкі мен киік, койы, үйрек болды. Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы- садақ пен жебе. Садақ пен жебенің ойлап табылуы өндіргіш күштер дамуында шын мәнінде революция еді. Сайып келгенде бұл ежелгі адамның шаруашылық өміріндегі түбірлі өзгерістерге жеткізді. Садақ пен жебеден басқа осы кезде микролиттер- ұшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды. Дәуірдің ерекшеліктері: жануарларды қолға үйрету, дәнді дақылдар өсіру. 3. Неолит (жаңа тас ғасыры) (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар). неолит дәуірі тас дәуірінің соңғы кезеңі жаңа тас дәуірі болып саналады. Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену яғни терімшіліктің орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылы мен егіншіліктің шығуы болып табылады. Шаруашылықтың жаңа түрлері шығуының адамзат қоғамының дамыу үшін орасан зор маңызды болды, адамның еңбек кәсібінің саласын кеңейтті, сонымен қатар оның сипатын сапасы жағынан өзгертті. Өндіруші шаруашылықтың шығыу «неолиттік революция» деп аталды. Тамақ өндіруге, жеуге жарайтын өсімдіктерді саналы түрде өсіруге, жануарларды қолға үйретуге, өсіруге және іріктеуге көшу адамзат тарихында адамның от жағу өнерін меңгергенінен кейінгі асқан зор экономикалық революция болды. Неолит дәуірінде еңбек құралдары жетілдіріліп, жаңадан бұрғылау, тастарды тегістеу ағашты арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістері шықты, бірте-бірте қиын өнделетін тастар тұрмысқа, шаруашылыққа пайдаланылды, тас балталар, кетпендер, дән үккіштер, келілер, келсаптар жасала бастады. Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде кен кәсібі мен тоқымашылықтың бастамалары шықты. Сонымен бірге керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады. Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі болды: онда ұжымдық еңбек және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Осы кезде тайпа бірлестіктері құрылды. Тайпалар тұқымдас жағынан және шаруашылықтың түріне қарай біріккен бірнеше рулық қауымдардан тұрды. Ежелгі Қазақ жеріндегі тайпалар ақшылықпен, балық аулаумен, өсімдектерді жинаумен шұғылданды. Кейінректе (неолитте) олар мал өсіру, егіншілік және кен. өнеркәсібімен шұгылдана бастады. Адамдар мата тоқып, киім тігуді уйренді. Керамикалық заттарға геометриялық өрнектер сала білген. Тұрақтар. Арал өңіріндегі Сексеуіл тұрағында малшылар мен аңшылар тұрған. Себебі бұл жерлерде сиыр, қой, жылқы сияқты үй жануарлардың сүйектері табылған (Қостанай облысындағы Ботай тұрағы, Батыс Қазақстан Өңірінлегі Көктүбек, Темір тұрақтары және т.б.). Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім.

Бөріқазған


Чоппинг

Бөріқазған– төменгі палеолиттің шелль кезеңінің соңғы дәуірінен сақталған қоныс орны. Жамбыл облысы, Талас ауданы,Қаратау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 38 км жерде. Алғаш 1958 жылы Қаратау археологиялық тобы (жетекшісі Х. Алпысбаев) ашқан. Табылған құралдар саны 442. Көбісі қара кремнийден жасалған артефактілер (еңбек құралдары). Тас құралдардың осыған ұқсас түрлері ежелгі тас дәуірінің тұрағы — Сивалик (Үндістанда) өңірлерінде жиі кездеседі. Тас құралдарды Алпысбаев бірнеше түрлерге бөлген: екі жағы бірдей өңделген шапқылар (чоппингтер), жұмыр құралдар, үш қырлы өткір құралдар, унифастер, т.б. Олардың арасында үшкір пышақтардың, қырғыштардың алуан түрлері бар. Бұлардың бәрі Оңтүстік Азиядан (Бирма, Вьетнам, Қытайдан), Шығыс Африкадан (Олдувей, Рудольф, Омо маңынан) табылған құралдаға өте ұқсас.[1] [2]

 

 

 

 

Тәңірқазған


 

Тәңірқазған – палеолит тұрағы. Жамбыл облысы Қаратау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 34 км жерде. 1957 – 58 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Тарихи археология және этнография институтының тас ғасыры ескерткіштерін зерттеумен шұғылданған Қаратау отряды (жетекшісі Х.Алпысбаев) ашып, 1961, 1963 жылдары зерттеу жұмыстарын жүргізген. Барлық тас бұйымдары жалпақ төбешіктен жинастырылған. Ғалымдардың пікірінше бұл төбешік төменгі антропоген уақытындағы ежелгі аллювий аңғарымен сай келеді. Тас құралдары 1 км² аумақта бірнеше жерде шоғырланған. 1961, 1963 жылдары тас қарулары шоғырланған төрт жерге 0,75 м тереңдікке дейінтікқазба (шурф) түсірілген. Заттардың басым бөлігі, негізінен жоғарғы қабаттан алынған. Бұйымдарды жасауға сұр, қоңыр сұр, сұр қара, қара шақпақ тас пайдаланылған. Көпшілігі сары түсті патина қабаттан жабылған. Тәңірқазғаннан алынған бұйымдар мынадай негізгі топтарға бөлінеді: 1) екі шеті өңделген долбар шапқы құралдары (32 дана); 2) дөңгелек тұрпаттар (7 дана); 3) қол шапқы тәрізді құралдар (6 дана); 4) унифастар (3 дана); 5) тас жаңқадан жасалған бұйымдар (11 дана); 6) өзектастар (26 дана); 7) екінші қайта өңделмеген тас жаңқалары (266 дана). Жинаған заттардың типологиялық және техникалық анықтамасы Тәңірқазған Қазақстан жеріндегі ең көне ескерткіштердің бірі екендігін көрсетеді. Алынған бұйымдарды Еуразия мен Африка құрлығындағы археологиялық кешендермен қатар қоюға болады. Тәңірқазған ежелгі аңшылардың осында келіп қоныстану жолдарын анықтауға мүмкіндік беретін бірегей ескерткіш. Оңтүстік Қазақстан өңірлерінен табылған шелль-ашель уақытына жататын Тәңірқазған секілді археологиялық нысандар республика жерін алғашқы адамдардың плиоцен-плейстоцен кезеңдерінде мекендегенін айғақтайды. [1]

 

 

Қызылрысбек


 

Қызылрысбек – ежелгі палеолит ескерткіші. Ол Талас ауданында Ақкөл ауылынан 18 км оңтүстікте орналасқан. Қызылрысбекті 1961 ж. Қаратау палеолит отряды (жетекш. Х.А. Алпысбаев) ашқан. Қызылрысбек бұйымдары осы аттас тау төбесінен жинастырылды. Оларды типологиялық жағынан Х.А. Алпысбаев мынадай негізгі топтарға бөледі: екі жағы өңделген чоппинг – тулс (7 дана); дөңгелек құралдар (4 дана); өзектас тәрізді бұйымдар (3 дана); унифас (2 дана); тас жаңқадан жасалған құралдар (қырғыштар) (3 дана); тас жаңқалары (81 дана). Тас заттар, негізінен, жергілікті сұр және қара ұсақ түйіршікті шақпақ тастардың табиғи сынықтары мен шақпа малта тастан дайындалған. Олар 20 мжерден аршылып алынған. Артефактілер Тоқалы, Дегерес, Сүлейменсай, т.б. кешендердегідей. Қызылрысбек коллекциясын ашель-мустье кезеңімен мерзімдеуге болады.

 

Сексеуіл  тұрағы


Сексеуіл (1, 2) — неолит және энеолит дәуірлерінің тұрақтары. Сексеуіл-1 ескерткіші Қызылорда облысы Арал ауданы Сексеуіл ст-нан солт-ке қарай 8 км жерде. 1955 ж.Хорезм археол.-этногр. экспед. (жетек. С.П. Толстов) ашып, зерттеген. Тұрақтан тісті қалыппен өрнек түсірілген түбі дөңгелек құмыра сынықтары, сүңгі, найза мен жебе ұштары, тас түйреуіштер, тас жаңқадан дайындалған қырғыштар, трапеция пішіндес қыстырмалар, бір шетті қырғыштар, тескіштер, түзетілген пышақ тәрізді тас тіліктері, ұлутастан жасалған әшекейлік бұйымдар, т.б. заттар жинастырылған. Сексеуіл-2 тұрағы Сексеуіл ст. аумағынан табылған. Зерттеу жұмыстарын 1938 ж. Л.И. Боровлев, 1944 ж. Г.А. Яншин басқарған геологиялық топ, 1955 ж. Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициялық жүргізді. Ескерткіштен шақпақ тастан дайындалған құралдар, тас жаңқалары, жебе ұштары, көлемі мен бітімі әр түрлі қырғыштар, түбі жайпақ қыш ыдыс сынықтары жинастырылған. Жебе ұштары екі жағынан қысып түзету арқылы мұқият өңделген; олар ойықтау сағалы, қалақша бітімді келеді. Сондай-ақ найза мен сүңгі ұштары табылған. Сексеуіл ескерткіштерінен мал сүйектері көп шыққан. Олардың 80%-ы қолға үйретілген мал сүйіктері екендігі анықталған. Бұл Қазақстан аумағын мекен еткен байырғы тұрғындардың неолит дәуірінде өнім өндіруге көшкендігін аңғартады.

 

Ботай мәдениеті


 

Ботай мәдениеті

Ескерткіш 15 га алаңды алып жатыр. Ботай мәдениеті ежелгі адамның алғаш рет жылқыны қолға үйреткендігімен әлемге әйгілі. Бұл мәдениеттің өмір сүру уақытты б.ғ.д. V-IV ғасырларда өтті. Зерттеулердің тарихи маңызы - жылқыны алғаш қолға үйретудің жер жүзінде ең басты орталығы Қазақстан болып саналуында.

Ботай әлемдегі – ертедегі Еуразия жылқы өсірушілерінің ғажайып қонысы.

Ботай мәдениеті — энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км жердегі Ботай қоныстарына байланысты аталған. Қазба жұмыстарын жүргізген Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы (1981 — 83, жетекшісі В.Ф. Зайберт) 15 га жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылды. Олар қабырғалары бір-біріне жалғастырып салынған бірнеше тұйықталған бөліктерден тұрады. Кейбіреулерінде 30-ға тарта үйлер болған. Шаруашылық құралдары түрлі тастардан, балшықтан және сүйектерден жасалынған. Ботай мәдениетін жасаған тайпалар жылқыны қолға үйреткен. Тастан жасалған пышақ, қанжар, жебенің, найзаның ұштарының көптеп табылуы қоғам өмірінде аңшылықтың рөлін айқын көрсетеді. Сонымен қатар гарпун, ине, жуалдыз, тескіштер, тұмар және әшекей бұйымдардыңкездесуі шаруашылықтың әр саласынан хабар береді. Ботай мәдениетінің қалыптасуына Атбасар неолиттік мәдениетін жасаған тайпалары араласқан. Ботай мәдениеті Жайық пен Ертіс өзендерінің аралығын қоныстанған тайпалар мәдениетіне жатады. 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

 

Қазақ энциклопедиясы, 6 том.

 

Уикипедия — ашық энциклопедиясы

“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том

↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8


Информация о работе Тас дәуірінің кезеңдері