Қазақстан Республикасында терроизм және экстремизммен күресудегі халықаралық-құқықтық нормалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 12:15, курсовая работа

Описание

Жаңа заман кезеңінде халықаралық құқық - құқықтың әр саласындағы халықаралық қатынастардың күшеюімен байланысты елеулі оң өзгерістерге ұшырап жатыр. Халықаралық қауымдастық, бүгінгі күні, халықаралық құқық нормалары мен қауіпті соғыс конфликтілерін, саяси қақтығыстарды бейбіт жолмен шешудегі ауқымды тәжірибесімен осы жұмыста қарастырғалы тұрған экстремизм және терроризм мәселелерін дұрысшешуге шамасы жетерлік деген ойдамыз.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

І Орта Азиядағы экстремизм және ланкестік әрекеттердің жандану себептері мен ерекшеліктері
§ 1. Экстремизм. Түсінігі, себептері және түрлері...............................................5
§ 2. Орта Азия аумағындағы діни экстремизм ерекшеліктері. Оның ішкі және сыртқы таралу факторлары.........................................................................16

ІІ Қазақстанның Орта Азия аумағындағы қауіпсіздік пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі орны
§ 1. Қазақстанның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне іштен іру факторларының төндіретін қауіптері...............................................................................................20
§ 2. Қазақстанның саяси тұрақтылығы мен тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне сырттан келетін қауіптерді алдын-алу және жою..............................................29

ІІІ Азия мен Қазақстанда экстремизм және терроризммен күресудегі халықаралық-құқықтық нормалары
§ 1. Орта Азия аймағындағы экстремизм және терроризм көріністерінде адам құқықтарының бұзылуы мен оларды қорғау мәселелері...................................39
§ 2. Терроризм және экстремизммен күресуге бағытталған халықаралық ұйымдардың қызметі.............................................................................................47

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................49

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................53

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Республикасында терроизм және экстремизммен күресудегі халықаралық-құқықтық нормалар.DOC

— 411.00 Кб (Скачать документ)

5) Абсолютті нормалар. Мемлекет әрқашанда қатаң, қатігез, адамгершіліксіз және ар-ожданды, намысты таптайтын әрекеттреді болдыртпауға және оған толық тиым салуға міндеттенеді.

6) Бас бостандығынан айыру. Ешкім де, ешқашан да ашқандай дәлелді себепсіз тұлғаны бас бостандығанан айыра алмайды. Егер тұлға қамауға алынған болса, ол habeas corpus құқығына ие бола алады, яғни түтқындалған тұлғаны сотқа ұсыну жөніндегі ұйғарым.

7) Әділетті сот қарауы. Мемлекет әрқашанда қылмыс жасады деп айыпталған тұлғаға әділетті және тәуелсіз соттармен қамтамасыз етуі керек. Олар, міндетті түрде заң негізінде қалыптасады. әділетті сот қарауының кепілдіктері: кінәсәздәк презумпциясы, айғақтар мен дәйектерге сараптама құқығы, қорғау құқығы, соның ішінде білікті заң көмегін көрсету мен сот шешімін қайта қарауға жіберу құқығы.

8) фундаменталды құқықтар мен бостандықтар. Контрланкестік мемлекеттік шараларды өткізу барысында мемлекеттер фундаменталды құқықтар мен бостандықтарды қорғау мен құрметтеуге міндетті, сонымен қатар ойын жеткізу, дін, ар‑ождан, бірлестіктер, жиналыстар және бейбіт шерулер бостандықтары; оған қоса жеке адам өміріне қолсұқпаушылық құқығы. Бұл , өз кезегінде, жасырын ақпарат тарату мен жинау аясында ерекше орын алады.

9) құқықтық қорғау құралдары мен шығынды өтеу. Мемлекет контрланкестік шаралар барысында әрбір тұлғаға жасаған шығындарын , міндетті түрде, өтеу керек және адам құқықтарын қатты бұзғаны үшін жауапты тұлғаларға қарсы сот процесін ашу керек. Осы шараларды жүзеге асыруды бақылау тәуелсіз органдарға беру керек.

10) күштеп қайтаруды болдырмау қағидасы. Мемлекет басқа бір мемлекетке ланкестік әрекеттері үшін сотталған немесе айыпталған тұлғаны мына жағдайларды қайтаруға, беруге, тапсыруға немесе аударуға болмайды: егер бұл мемлекетте аталған тұлға адам құқықтары өағидаларын бұзуға  әкелсе, соның ішінде зорлау немесе қатігез, намысын таптайтын жағдайларға әкеліп соқтырса, соттан тыс өлім жазасы тағайындалса және тағы басқа.

11) гуманитарлық құқықтың комплиментарлығы. әскери қақтығыстар мен оккупация жағдайында мемлекеттер халықаралық гуманитарлық құқықтың нормалары мен қағидаларды сақтау мен қабылдаумен қатар, адам құқықтары жөніндегі заңнамаларды сақтау қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

§ 2 Терроризм және экстремизммен күресуге бағытталған халықаралық ұйымдардың қызметі.

 

Орта Азия аумағында терроризм және экстремизммен күресудегі мемлекеттер ынтымақтастығы арнайы халықаралық ұйымдардың пайда болуы және қызметтесуімен расталады. Біздің ойымызша, халықаралық заңгерлер комиссиясы жөнінде нұсқаулығы адам құндылықтарын терроризммен күресі кезінде қорғау мәселелері негізгі бағыт-бағдар болуы керек. Олар:

- ХЗК мүшелері, оның ішінде уәкіл етілге құрметті, ұлттық және ұйымдастырушылық өкілдері-мүшелері, бір-бірімен немесе барлығы қосылып контрланкестік шаралар мониторингін және олардың адам құқықтары мен құқықтық нормалардың сәкестігін бағалаумен айналысады;

‑ ХЗК сот тәртібімен шектен тыс контрланкестік заңды актілерді және ұлттық деңгейдегі шараларды дауға түсіреді. Сонымен қатар, адам  құқықтары жөнінде халықаралық заңнамаларға толық сәйкес келетін саяси механизмдерді насихаттаумен айналысады;

- ХЗК адам құықтары аясындағы халықаралық міндеттемелерге бүкіоәлемдік және жергілікті ұйымдардың контрланкестік шаралар және жоспарла сәйкестігін келтіруге бар күшін салады;

- ХЗК 2003 жылдың 23-24 қазанында қабылданған (Женева, ХЗК конференциясы) контрланкестік әрекеттер мен адам құқықтарына мониторингі халықаралық механизмі қажеттігі жөнінде Үкіметтік емес ұйымдардың Декларациясында қарастырылған адам құқықтары міндеттемелері мен контрланкестік әрекеттердің оларға сәйкестігі туралы мониторингінің механизмін құру үшін демеу көрсетеді;

- ХЗК адам құқықтары аясында қызмет ететін заңгерлер мен ұйымдарды аталмыш мәселемен бірлесіп жұмыс істеуге шақырады.

Орта Азия аймағына сәйкес келетін Шанхай Ынтымақтиастық Ұйымының мүше мемлекеттерінің ынтымақтастық концепциясына сәйкес, терроризм, экстремизм, сепаратизммен күресудегі ШЫҰ жергілікті антиланкестік құрылымындағы атқарушы комитетімен үйлестіруші – жедел, халықаралық құқықтық және ақпараттық-аналитикалық қызметті жүзеге асыруда келісілген шешшімдерді іске асырады. Олар ШЫҰ мүше мемлекеттерінің терроризм, сепаратизм, экстремизммен күресудегі ынтымақтастық, ШЫҰ аумғында антиланкестік құрылым кеңестері белгіленген.

Экстремизм және терроризммен күресуде анталанкестік орталықтар қалыптасады және әрекет етеді. Мұндай орталықтар ТМД щеңберінде құрылады. Онда Орта Азия мемлекеттері белсенді қатысушылық білдіреді. Сөйтіп, ТМД мүше мемлекеттерінің антиланкестік Орталық құру туралы шешіміне сәйкес (2000 жылы 1 желтоқсан, Минск),[37] ол ТМД-ның арнайы салалық органы болып табылады және ТМД мүше мемлекеттерінің құзіртетті органдарының арасындағы байланысты үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған. әрине, бұл қызмет хылықаралық терроризмнен бөлек басқа экстремизм көріністерімен күресуге арналған.

Орталық өз жұмысында ТМД мүше мелекеттер Ішкі Істер министрлігінің Кеңесімен, Бас прокуратуралардың кеңесімен, шекара әскерлері мен қолбасшылар кеңесі мен олардың органдары, сонымен қатар ТМД мүше мемлекеттер аумағында ұйымдасқан қылмыстылық пен басқа да қылмыстардың қауіпті түрлерімен күресудегі үйлестіруші бюросымен қызметтеседі.

Орталық өз қызметін ТМД мүше мемлекеттердің арнайы қызмет және қауіпсіздік органдарының арнайы жасақталған антиланкестік бөлімшелердің мүмкіндіктерін пайдалнумен жүзеге асырады, сонымен қатар қауіпсіздік және арнайы қызмет органдарының Бірлескен мәліметтер банкін жаасаумен атқарады.

Орталықтың негізгі тапсырмалары мен функциялары болып мыналар табылады:

- халықаралық терроризм мен басқа экстремизм көріністерімен күресудегі ТМД мүше мемлекеттерінің құзіретті органдарының өзара байланысын үйлестіруді қамтамасыз ету;

- ТМД міше мелекеттер мен басқа да мелекеттерде орын алған халықаралық террористік және тағы басқа экстремистік әрекеттердің таралу тенденциялары мен өсу қарқыны жөнінде ақпаратты қорытындылау;

-  қауіпсіздік және арнайы қызмет органдарының Бірлескен мәліметтер банкінің негізінде ТМД мүше мемлкеттердің басқа құзіретті органдарының мәліметтер банкін құру және тағы да басқа аранйы банктер құру.

Айта кетуге тұратын жәйт, Орталық Азия аумағы бойынша ТМД мүше мемлекеттердің Антиланкестік ортылықтың бөлімін құру туралы Шешімнің іске асуы.[38] Атлаған Шешімге сәйкес, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы басшыларының Кеңесі Орталық Азия аумағы бойынша ТМД мүше мемлекеттердің Антиланкестік ортылықтың бөлімін  Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласында орналастыруды жөн көрді.

Осылайша біз Орта Азия аумағында орын алып жатқан, бірден бір өзекті мәселе – экстремизм өз жолындағы мемлекеттер тарапынан қарсылыққа тиесілі тойтарыс бере алмайтындығында күмәніміз жоқ. Әрине, аталмыш мәселе бүгін не ертең шешіле қоймас. Алайда оған бүгіннен бастап халықаралық қауымдастық өз тойтарысын нық қадаммен бастады деуге әбден жасырынбай айтуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

2007 жылдың қарсаңында әлемде соңғы жылдар бойы байқалып тұрған тенденция - экстремизм және терроризм – жаңа мыңжылдықтың апокалепсисі екендігінде ешкімнің күмәні жоқ. Дүниежүзі АҚШ, Ресей, Палестина, Израиль, сонымен қатар әлемнің тағы басқа аймақтарында орын алған оқиғалардан таң қалуда. Әлемдік қауымдастық аталмыш жаһан мәселесін шешу жолында: әйгілі саясаткерлер, құқықтанушылар, социологтар әлемнің әрбір азаматына тиесілі ең үлкен қасіретті шешуге бет бұрды. Қазақстан Республикасы ланкестік оқиғалардың ошақтарынан тыс аймақтарда орналасқанымен, ланкестер күштеріне қарсы тұру іс –қимылдарының белсенді қатысушылары болып келеді.

Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егемен мемлекет бола тұра, әлемдік қауымдастықтың мүшесі болып табылады да, терроризмді сынаумен қатар, онымен күресуде белсенді шаралар қабылдады.

Зерттеудің негізгі мақсаты болып экстремизм және терроризммен күресудегі Орта Азия мемлекеттерінің ынтымақтастық қағидалары мен мазмұнының жалпы мінездемесін қалыптастыру мәселесі толығымен қамтылған болмаса да, әлдеқайда дұрыс бағыттағы ұстанымдарды бекіткені айқын деп нық айтуға болады. Жұмыстың алға қойған келесі тапсырмаларын орындадық:

1. экстремизм және терроризм түсінігі мен себептері анықталды. Яғни   ҚР «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы»  Заңына сәйкес, экстремизм түсінігіне нақты анқтама берілді және оның себептеріне анағұрлым сәйкес : экономикалық дағдарыс, мәдени тапшылық, әлеуметтік шыдамсыздық және мемлекеттердің қауіпсіздікті камтамасыз етудегі жұмысының төмен деңгейі екенін біз нақты атап көрсеттік.

2. Орта Азия аймағында діни экстремизмнің құқықтық ерекшеліктері ашылды және оның  ішкі және сыртқы факторлары айқындалды. Нақтырақ айтатын болсақ, аталған аймақта әрекет етіп тұрған барлық құқықтық актілерге саяси, экономикалық тұрғыдан баға берілді және оған сәйкес қорытындылар шығарылды. Мысалы, 2000 жылдың сәуірінде Қазақстан, Қырғыстан, Тәжікстан мен Өзбекстан  арасында «Жақтардың терроризммен, саяси және діни  экстремизммен, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылық пен басқа да тұрақтылық және қауіпсіздкке байланысты қауіптермен күресу жөнінде бірлескен әрекеттері туралы» Келісімге қол қойылды. Оның негізінде аталған аймақтарда қауіпсіздік мәселелері бойынша нақты шаралар қолдану арқылы іске асатыны мөлдір баяндалған.

­3. Қазақстан Орта Азия аймағында қауіпсіздік пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі орнына байланысты халықаралық‑құқықтық мәселелердің мінездемесі баян етілді. Бұл дегеніміз, барлық соңғы жылдары орын алған эестремистік және (немесе) ланкестік сипаттағы әрекеттер мысалға келтірілді және оларға құқықтық сараптама жасалды.

4. Қазақстанның қауіпсіздігі мен  тұрақытылығына төнетін ішкі қауіптер анықталды:

- Радикалды исламдық ұйымдары мен қайырымдылық қорлардың құрылуы;

- Экстремистік сипаттағы діни әдебиеттер таратылуы;

- Жастар арасында қоғамдағы идеологиялық вакуумды теріс пиғылмен пайдалану арқылы вахаббизм идеяларын насихаттау;

- Аймақтағы жалпы тұрақсыздықты пайдалану. Оған қоса, әлеуметтік тапшылықтың жоғары деңгейі.

5. Қазақстанның қауіпсіздігі мен саяси  тұрақытылығына төнетін қауіптердің сыртқы факторлары жандануының құқықтық мәселелері айқындалды:

- Қазақстанға және ТМД мемлекеттеріне қатысты бірқатар шет елдердің ескі геосаяси қарсылықтарының қайта жандануы мен пайда болуы;

- Олардың аумағына кейбір шетел саяси күштерінің және олардың саяси оппонентерінің аударылуы;

- Аймақтық қақтығыстар;

- Бірқатар шетел террористік, діни, ұлтшыл-радикалды және тағы басқа ұлттардың экстремистік сипат ала бастауының тез қарқынды дамуы;

Сонымен қатар әлемдегі танымал ланкестік немесе экстремистік сипаттағы ұйымдардың Орта Азия аймағына белсенді түрде бет бұруы мен олардың мақсаттарын іске асыру  жолында ауқымды көлемде қаржылар бөлінуі.

6. Қазақстан мен Орта Азия аймағында экстремизм және терроризм әрекеттерінде адам құқықтарын қорғау мен бұзылу мәселелері анықталды. Бәрімізге мәлім – бұл аймақтарда сонау КСРО ыдырыған кезінен бастап түрлі тұрақсыз жағдаяттардың нәтижесінде қоғамда көлемді экономикалық, әлеуметтік, мәдени, саяси, діни-этникалық және құқықтық дағдарыстар орын алды. Соның нәтижесінде, мемлекеттердің аталып өткен барлық аяларында бірқатар тапшылықтарға жол ашылды. ТМД мүше мемлекеттер жас, енді-енді аяққа тұрып келе жатқан балапандай мемекеттер болғандықтан, түрлі сыртқы, ішкі факторлардың нәтижелерінде адам және азамат құқықтары мен бостандықтары бұзыла бастады. Алайда аталмыш құқықтар мен бостандықтар бұзылғанымен, мүше мемлекеттер оларды қалпына келтіруге және (немесе) оларды толығымен қамтамасыз етуге кепіл ретінде орнықты.

7. Қазақстан мен Орта Азия аймағында экстремизм және терроризммен күресуге бағытталған халықаралық ұйымдардың қызметін анықтадық. Халықаралық заңгерлер комиссиясы жөнінде нұсқаулығы адам құндылықтарын терроризммен күресу кезінде қорғау мәселелері нақтыланған. Олырды атқару барысында түрлі құқықтар мен бостандықтардың бұзылуына әкелетін жағдайларды алдын алу және жою мәселелері шешіледі.

Орта Азия аймағына сәйкес келетін Шанхай Ынтымақтиастық Ұйымының мүше мемлекеттерінің ынтымақтастық концепциясына сәйкес, терроризм, экстремизм, сепаратизммен күресудегі ШЫҰ жергілікті антиланкестік құрылымындағы атқарушы комитетімен үйлестіруші – жедел, халықаралық құқықтық және ақпараттық-аналитикалық қызметті жүзеге асыруда келісілген шешшімдер іске асырылды.

ТМД мүше мемлкеттері Экстремизм және терроризммен күресуде анталанкестік орталықтар қалыптастырды және олар қазіргі таңда да әрекет етеді. Орталық өз жұмысында ТМД мүше мелекеттері Ішкі Істер министрлігінің Кеңесімен, Бас прокуратуралардың кеңесімен, шекара әскерлері мен қолбасшылар кеңесі мен олардың орггандары, сонымен қатар ТМД мүше мемлекеттері аумағында ұйымдасқан қылмыстылық пен басқа да қылмыстардың қауіпті түрлерімен күресудегі үйлестіруші бюросымен қызметтеседі.

Информация о работе Қазақстан Республикасында терроизм және экстремизммен күресудегі халықаралық-құқықтық нормалар