Қазақстан Республикасында терроизм және экстремизммен күресудегі халықаралық-құқықтық нормалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 12:15, курсовая работа

Описание

Жаңа заман кезеңінде халықаралық құқық - құқықтың әр саласындағы халықаралық қатынастардың күшеюімен байланысты елеулі оң өзгерістерге ұшырап жатыр. Халықаралық қауымдастық, бүгінгі күні, халықаралық құқық нормалары мен қауіпті соғыс конфликтілерін, саяси қақтығыстарды бейбіт жолмен шешудегі ауқымды тәжірибесімен осы жұмыста қарастырғалы тұрған экстремизм және терроризм мәселелерін дұрысшешуге шамасы жетерлік деген ойдамыз.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

І Орта Азиядағы экстремизм және ланкестік әрекеттердің жандану себептері мен ерекшеліктері
§ 1. Экстремизм. Түсінігі, себептері және түрлері...............................................5
§ 2. Орта Азия аумағындағы діни экстремизм ерекшеліктері. Оның ішкі және сыртқы таралу факторлары.........................................................................16

ІІ Қазақстанның Орта Азия аумағындағы қауіпсіздік пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі орны
§ 1. Қазақстанның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне іштен іру факторларының төндіретін қауіптері...............................................................................................20
§ 2. Қазақстанның саяси тұрақтылығы мен тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне сырттан келетін қауіптерді алдын-алу және жою..............................................29

ІІІ Азия мен Қазақстанда экстремизм және терроризммен күресудегі халықаралық-құқықтық нормалары
§ 1. Орта Азия аймағындағы экстремизм және терроризм көріністерінде адам құқықтарының бұзылуы мен оларды қорғау мәселелері...................................39
§ 2. Терроризм және экстремизммен күресуге бағытталған халықаралық ұйымдардың қызметі.............................................................................................47

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................49

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................53

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Республикасында терроизм және экстремизммен күресудегі халықаралық-құқықтық нормалар.DOC

— 411.00 Кб (Скачать документ)

Соңғы кездері ланкестік актілерге байланысты адам және материалдық шығындар мынадай елдерде анықталды: Солтүстік Ирландия, АҚШ, Ресей, Кения, Танзания, Жапония, Аргентина, Үндістан, Пәкістан, Алжир, Израиль, Мысыр, Түркия, Албания, Югославия, Колумбия, Иран және бірқатар басқа мемлекеттер. Мысал келтірсек, тек АҚШ‑ тағы 2001жылдың 11 қыркүйегінде болған ланкестік акт өзінің адам шығындарының жоғары көрсеткіштерімен әлемдік экономикаға 380 млрд АҚШ доллардан асатын шығындар әкелді, ал Американың өзінде бұл оқиғаның салдарын қалпына келтіру үшін Нью-Иорк қаласы қосымша 54 млрд АҚШ долларын  екі егіз бауырлар деп аталатын Сауда орталығын және қаланы қайта өңдеуге шығындалды.

Бүгінгі таңда әлемде мыңға жуық заңсыз ланкестік ұйымдар есептеледі. Бірқатар Ресей ғалымдары зерттеулеріне сәйкес және шетел зерттеу орталықтарының ақпараты бойынша, террор аясындағы жыл сайынғы ортақ бюджеті бестен жиырма млрд АҚШ доларын құрайды. Бірнеше жыл аралығында ланкестік белсенділік қызметінің эпицентрі Латын Америка елдері мен Жапония, ГФР, Түркия, Испания, Италия мемлекеттеріне қарай жылжыды. Өздерінің әртүрлі жиілілік деңгейімен бір уақытта ИРА-ның Англия және Солтүстік Ирландиядағы, ЭТА- ның Испаниядағы ланкестік акциялары жүзеге асырылды. Палестина және Израиль ланкестері белсенділік көрсете бастады, сонымен қатар ланкестік ұйымдар Африка, Азияның бірқатар мемлекеттерінде және АҚШ-та  бел алды. Соңғы жылдары Таяу Шығыста «ХАМАС» және «Хезболлах» бағытындағы ислам әскериленген ланкестік топтар, оған қоса Үндістандағы «сикхтердің» ланкестік қозғалысы мен топтары Алжирдың және тағы басқа мемлекеттердің ланкестері белсенділік таныта бастады.

Ресейдің ФСБ ақпараттары бойынша ТМД мемлекеттерінің қауіпсіздігіне потенциалды қатер төндіруші халықаралық ланкестік және экстремистік ұйымдардың ішініен келесілерді бөліп айтуға болады:  «Мұсылман бауырлар», «Христиандар мен иудейлерге қарсы халықаралық ислам фронты», «әл Каида», «Сұр қасқырлар», «Даава Исламия», «Хизб-ут-тах-рир» және тағы басқалар. Бұл ұйымдардың негізгі қызметі мұсылмандардың көп болып тұратын жерлер мен елдімекендерде ислам фунтаментализм идеяларын насихаттау. Олардың аса көп көңіл аударатын аймақтары Кавказ және  Орта Азия. Мұнда олардың стратегиялық мақсаты болып ислам халифатын құру табылады. Коммерциялық және қайырымдылық қызметпен айналысуды сылтаулатып, бұл ұйымдардың мүшелері өз қатарларына жақтаушыларды тартумен белсенді жұмыс атқарып отыр. Қазіргі заман әлемінің бір қоғам сияқты бір туыстығы негізінен жинақталған ақпараттық айырысу есебінен қамтамасыз етіледі. Жаһан ақпараттар ағымының қысқа уақытқа болсын тоқтатылуы мемлекетеаралық экономикалық қатынастарының үзілуі сияқты үлкен дағдарысқа соқтыруы мүмкін. Кейбір шетел мамандарының айтуы бойынша компьютерлік жүйелердің өшуі бірнеше сағатың ішінде орта компанияның 20 %, ал бірнеше тәулік ішінде 48 % шығындарға ұшырап, банкрот деп жарияланады. Сонымен қатар мұндай апаттың салдарынан банктердің 30 % бірнеше сағаттан кейін, ал 50 % бірнеше тәуліктен кейін шығындалады. Бизнес аясындағы алғашқы ланкестік актілердің 1993 жылдың ортасында орын алған. Ол Нью-Иорк қаласының халықаралық бизнес орталығының жерасты тұрағында орналасқан ұсталық электрондық қопарылғыш заттың снарядының жарылысы болып табылады. Солай бола тұра, адам және кеңсенің техникалық құралдары аман қалды. Дегенмен олар ақпаратты өңдейтін барлық жүйесі құнының 10 % кем бөлігін құрайды. Ал негізгі шығын бағдарламалық қамсыздандыру – мәліметтер базасының мазмұнын жоғалтумен сақталып тұрған ақпараттың (қалған 90 %) жоғалуымен байланысты болды.

Қазіргі уақытта жаһанның бейбіт ядролық кешені – саясатқа және экономикаға әсер етуші реалды ресурсы болып табылады, өз кезегінде осының нәтижесінде этникалық бәсекелестік пайда болады. Ядролық кешеннің дамуы әлемдік экономиканың мұнай және газ бағалары біресе төмендеп, біресе көтерілуінен әлсіретуге бағытталған. Сонымен қатар Жердегі табиғи отын арқылы ТЭЦ-тің атмосфераға парниктік газдардың бөлуінен пайда болған климаттық өзгеруінен сақтандыруға бағытталған ХХ ғасырдың аяғынан бастап адамзат атом энергетикасын, медицинадағы, өнеркәсіптегі, ғылымдағы изотоптарды және тағы басқаларды кеңінен пайдалануды қолға алды.

АҚШ-тың  қалаларына ланкестердің қатігездік шабуылынан кейін, «Кір атом бомбасы» сияқты «ассиметриялы соғыстың» мұндай элементі НАТО және Ресей мемлекетерінде үлкен мәселе ретінде қарастырыла бастады. Осыдан кейін аталған мемлкеттер халықаралық терроризмге қарсы тұру туралы ойларын жариялады. Бұл мәселеден Қазақстан да алшақ тұра алмайды, өйткені ядролық ланкестік актілер жүзеге асыру қаупі біздің республикамызда да әбден болуы мүмкін.

Жинақталған глобальды қауіп жергілікті әскериленген этникалық топтардан шығады. Белгілі бір қаржылық тәуелсіздік оларға өзінің және басқа  билік етуші этностардың бақылауына көнбейді. Мысалы, Усама бен Ладен, Сауд Араваиясының, оған қоса панарабтық және панисламдық қаржылық құрылымдарынан тәуелсіз. Кейбір сараптамалардың көрсетуі бойынша бен Ладенге қызмет ететін «есепке алынбаған» капитал 550-600 млрд АҚШ долларын құрайды. Одан басқа бұқаралық ақпараттар құралдарының пайымдауынша америкалық банктерде 400 ден 800-ге дейін млрд «араб» және «ислам» доллары жатыр. Бұл капитал олардың иелерімен тәркіленуі мүмкін немесе , керісінше, АҚШ‑ тың (World Telecom және басқа ) ауқымды корпорациялармен байланысты жазғы (2002 жыл) даулардан кейін «мұздатылуы» мүмкін. Әлемнің бірқатар мемлекеттеріндегі оффшорлар мен «көлеңкелі» экономика арқылы өтетін мықты айналмалы құралдардың көмегімен Усама бен Ладеннің басқаруымен «әл Каида» ланкестері «қара нарығында» сатып алынатын бөлінуші материалдар (БМ) арқасында өздерінің «кіші» ядролық күшін қалыптастыруға тырысады. Ядролық державалар арасындағы әскери және ,әсіресе, азаматтық, ядролық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі әрекеттерінде келіспеушіліктердің орын алуы аталмыш мәселені қиындатады. Яғни ядролық және радиациялық материалдардыі «қара нарығына» қолайлы жағдай жасалуда. Олардан этникалық ланкестік ұйымдар «кіші кірленген атом бомбылары» мен басқа жарылғыш заттарды дайындауға мүдделі. Сондықтан «қара ядролық нарық» ұдайы кеңейе түсуде.

Әскери аядағы және ядролық объектілерді қорғаудағы инновациялы қоғамның аса үлкен көңілін аударуды талап етеді. Бүгінгі күні әскери саладағы революциялар бұрынғы ядролық күштердің тапқыштарының мүмкіндігінен әлдеқайда жоғары және олардын аса алмайды. Жекелеп айтатын болсақ, «сандық экономикасы» (Digital Economy) бар барлық мемлекеттерде радио және телефон сөйлесулердің, факстордың , спутниктік және компьютерлік байланысу арналарына анализ жасайтын суперкомпьютерлік құрал саймандар ене бастады.

Әлемде жаңа заман талабына сай ядролық ланкестерді тізе бүктіретін құралдар бар. Оларға мыналар жатады: он жылдар бойы жетілдірілген МАГАТЭ-нің азаматтық қолданыстағы барлық ядролық объектілерді қауіпсіз пайдаланудағы глобальді электрондық мониторинг тәжірибесі; жасанды интеллект немесе жасанды барлау атты аясындағы инновациясы. Яғни суперкомпьютерлердегі математикалық есеп арқылы оларды моделдеу жолымен күрделі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, оның ішінде интернет арқылы ақпаратпен айырысу да бар. Аталған жолмен «Эшелон» жүйесі жұмыс істейді. Оны қолдану жаһан антиланкестік пакті әрекеттерін үйлестіруге себептігін тигізуі мүмкін.

МАГАТЭ-де жүздеген ядролық объектілерге (450 АЭС) мониторинг (жинақтау және ақпаратты сараптау) әрекет етеді. Бірақ Ресейде, АҚШ‑та және тағы басқа көптеген мемлекеттерді халықпен жұмыс істейтін ақпараттық бағдарламалар жоқ. Бұл бағдарламалардың арқасында реалды және потенциалды «кір ядролық терроризм» жақтаушылардың этникалық диссиденттер арасында орын алған әрекеттерді көрсетуге болатын еді. Белгілі бір этникалық топтарда олардың пайда болуын анықтау және болжау керек. Бұл ғалымдардың ісі, бірақ оларға қаржылық және моральді демеу қажет. Келтірілген зерттеулерді қаржыландыруды жаңа заман адам өміріндегі барлық аясына ақпараттық технологияларды ендіруге, соның ішінде оны жаңа ядролық ланкестердің қаупінен қамтамасыз етуге мүдделі. Сақтандыруға, оның ішінде кіші АЭС салуға рұқсат берудегі бірден бір шарты болып, ядролық терроризмнен сақтану табылады. Айтылғанның бәрін жүзеге асыруға басқа да бюджеттен тыс қаражат көмектеседі.

Осыдан бірнеше жыл бұрын ешкімде «кір ядролық» терроризмді жүзеге асыру оңай деп ойлаған емес. Ядролық қаруларды иемдену үшін ланкестер оларды тек сатып алып, ұрлап немесе өздері жасап қана қоймай, оларды қолдануға дайын болу керек, ал бұл , өз кезегінде, «көнбейтін» қиындықтарға әкелетінін бәріне мәлім деген пікірлер жүрді (ЦРУ және АҚШ-тың Академиялық орталықтарында, Ұлыбританияда). Бірақ АҚШ- та 2001 жылдың 11 қыркүйкгінде орын алған ланкестік  актіде Боингте ұшып келген камикадзе ланкестері одан да күрделі қиындықтарды ойланбастан басынан кешірді. Егер АҚШ-тың арнайы қызмет органдарында кішігірім ядролық құралдар бар болса (мысалы, Усама бен Ладенді ұстағанда Ауғанстан үңгірлернде олардың лабораториялары), онда АҚШ­тың өзінде және басқа елдерде этникалық радикалдар мен ланкестердің «кір ядролық бомбылары» бұған қайтарымсыз жауап болуы мүмкін.

Бүгінде АҚШ‑та «үлкен кеңістіктерде бақылау жүйесі» (The Wide-Area Tracking System - WATS) атты операциялық компьютерлік бағдарлама бар. Ол ядролық құралдар мен материалдардың жер үстіндегі жылжуын бақылау мен ашуға арнайы бағытталған. Бұл жүйенің негізінде Ливер теңіз лабораториясында жасалған радиоактивтілікті анықтайтын портативті детектор. Ол интернет арқылы монитор бетіне мүдделі ұйымдар мен тұлғаларға анықталған ядролық материалдар туралы мәліметтерді шығарады. Жүйе арқылы ланкестердің ядролық құралдарды мүмкін қолдануының индекаторы ретінде температураның өзгеруін тіркейді. Жаңа жүйе кадмий, цинк, теллурид, балқытылымынан жасалған сезгіш индикаторлық элемент сияқты жақында шыққан технологиялық инновацияны колданумен жұмыс істейді. Бұл элемент гамма сәулелерін ажыратумен қатар рентген сәулелерін де ажырата алады. Ол , өз кезегінде, ядролық материалдардың (плутоний, уран сияқты) «қолтаңбасын» анықтайды. Аталмыш жүйені тәжірибеде қолдану, теңіз порттары, ұлттық және халықаралық әуежайлар арқылы заісыз тасымалданатын ядролық материалдарды айқындауға тікелей қатысы бар. Терроризмді жою өте күрделі сұрақ. Оған жауап беру барысында Қазақстанның даму институты мен ақпараттық аналитикалық «Саясат» журналы өткізген сауалнама қатысушыларының пікірі бөлініп кетті: 37.6 % терроризм көріністерін жоюға болады; 30.7 % мемлекеттер тарапынан бақылау және әсер ету шараларын қатаңдату қажеттігін айтады; 16.8 % сыбайлас жемқорлықпен күресудә күшейту керек екендігін ұсынады; 9.9 %  әскери қоймалардағы қару жарақтарды күшейтуді жақтайды. Біріқ жартысынан көбісі (52.5 %) радикалды саяси жүріс-тұрысқа деген құмарлық адам табиғаты болғандықтан жақсы өмір сүру жағдайымен қамсыздандырылған болғанымен де, оған қарсы тұрады деген пікірді ұстанады. Сөйтіп, терроризм қылмыстылықтың басқа нысандары сияқты жойылмайтын құбылыс болып табылады. Респонденттердің ойынша, (анти мемлекеттік қарсы тұру әрекеті үшін өлім жазасын енгізу, бұқара жиналатын нүктелерді күзетуді күшейті, түрлі қару жарақтарды жасау әдістері туралы ақпаратты  таратуды шектеу және тағы басқа) тқмен әсерімен ерекшеленеді.

Тек қана қатаң күшпен басу әдістері жеткіліксіз. Бұл әдістер аталмыш «аурудың» салдарына ғана әсерін тигізеді, алайда терроризм мен экстремизм себептеріне әсер ету керек. Ол жөнінде ЭТА ланкестік ұйымымен бірнеше онжылдықтар бойы күрескен Испания нақты мысал бола алады. Испания Үкіметі терроризммен күресу жөнінде аранйы топ құрды да, олардың мүшелері ЭТА көшбасшыларын тұтқындап, өлтірді. ЭТА көшбасшыларын күштеу арқылы және жартылай заңды жою – керемет әсерін тигізе алмайтындай бұл ланкестік ұйымымен күресудің бір нысаны ғана: құрылған арнайы топ бінеше рет ЭТА басшыларын түгелдей жойғаны туралы жариялағанымен, біраз уақыттан кейін аталмыш ұйым өз белсенділігін көрсете бастаған. Осыған байланысты Испания Үкіметі әлдеқайда дұрыс болып келетін әдісті ұсынды: ол ЭТА ұйымын саяси процеске енуіне шақырды. Бұл, өз кезегінде, ЭТА‑ның ланкестік қызметтен бас тартуына әкелуі мүмкін.

Терроризммен күресудің барлық әрекеті бір мемлекет шегінде жүзеге асырудың мән – мағынасы жоқ. Терроризм халықаралық сипатқа ие болған фактісін  ұмытпауымыз қажет және осдан біз оған халықаралық деңгейде қарсы тұруымыз анағұрлам жөн екенін есте сақтау керек.

 

III ТАРАУ. ОРТА АЗИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАНДА ЭКСТРЕМИЗМ ЖӘНЕ ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСУДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРЫ

 

§ 1 Орта Азия аймағындағы экстремизм және терроризм көріністерінде адам құқықтарының бұзылуы мен оларды қорғау мәселелері.

 

Жаңа заман құқықтануында адам құқытары мәселелерін алдыңғы қатарға көтерілуі – рухани мәдениет пен өнегеліліктің қайта жандануының куәсі болып табылады. Бұл процесс мемлекет ішінде де, жаһан әлемдік деңгейде де саяси-экономикалық және әлеуметтік, мәдени мәселелерді айқын адамның қатысуымен шешілуі прогресімен және цивилизациялық өркендеудің мызғымас байланысы туралы идеяның кристализациялануы жөнінде жаңа саяси ойлардан туындайды.

Адам құқықтары нақты осы мәселені қамтуға бағытталған, яғни әлемдегі болып жатқан барлық оқиғалар мен әрекеттерде адамның бәсең бақылаушыдан белсенді қатысушыға айналуы болып табылады.

Жаңа ойлау позициясынан өміріміздің мәнін қайта қарауда қоғамдағы адам құқықтарымен байланысты. De-facto жағдайына шынайы көзбен қарау керек. Қоғамда орын алған бірде бір дағдарыс жағдайы адамның тәуелсіздігін және бостандығын қамсыздандыруынсыз, оның қоғамдық өмірдегі барлық аяларында реалды белсенді қатысуына жағдай жасамауынсыз қалпына келе алмайды.[29]

Адам құқықтары олардың әлеуметтік қызметіне, қоғамдық қатынастарына, индивидтің болмыс тәсілдеріне бірқалыпты өрілген. Адам құқықтары қоғам мен мемлкеттің дұрыс қызметтесуі арқылы индивид бостандығы мен басқа адамдардың бостандықтарының сәйкестігі негізінде конфликтілерді, қарама-қарсы тұруды, қайшылықтарды жоятын, олардың әрекеттері мен жасаған істерін үйлестірудің, байланысын реттеудің, өзара әрекеттестіктің нормативті нысаны болып табылады. Өмір сүру, ар-ождан, қолсұғушылық, ой-пікр ұстаным бостандығы, жеке өмірдің автономисясына, саяси процестерге, экономикалық қызметтерге қатысу құқықғы, яғни қажетті экномикалық деңгейге жетуге бағытталған құқықтар мемлекетпен мойындалуы және қорғалуы керек.

«Билік-тұлға» ғұмырлық антагонизмімен аталған бүтін қоғадық, саяси-құқықтық институтты құра тұра, адам және азамат құқықтары мен бостандықтары әрқашан да қозғалмалы дамуда болады. Онымен мемлекетте болып жатқан түрлі процестерде бірлестіктердің, ұлттардың ұдайы күрестері айқындалады, сонымен қатар жеке алған азаматтар мен ұйымдардың заңды құқықтарын талап етуі көрініс табады. Бұл жерде біз тұлғаның, биліктің, мемлекетің көлеңкелі құрылымдардың және басқа да к.штердің мүдделерінің өмір бақи қайшылықтарын байқай аламыз. Екінше мыңжылдық әлемге апокалипсис – террорды әкелді. Бұл дегеніміз – мыңдаған өмірді кесетін жоюшы күш; оған қарсы тұруға дайын мемлекеттерден аттай алмайтын қақтығыстарды қоятын қатігез күш.

Соңғы жылдары арлығында көптеген ТМД мемлекеттері жергілікті, ал кейбіреулері, үлкен ауқымды өздерінің аумақтарында халықаралық терроризм күштеріне қарсы ауыр күресін жүргізуде. Экстремизм мен терроризмге қарсы тұру әрекеттері жергілікті деңгейде Азия мемлекеттері мен Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы көрініс бола алады.

2002 жылдың 4 маусымында Алматыда Азиядағы сенім шаралары мен өзара әрекеттестік жөніндегі мемлекеттер-қатысушылер басшылары отырысының бірніші саммиті өтті.[30] Саммитке қатысушы мемлекеттердің он алты басшылары Алматы актісіне және Азиядағы сенім шараларын қалыптастыру және терроризммен күресу жөнінде декларацияға қол қойды. Саммитті ашу барысында оның төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев былай деп жариялады:  Азиялық қауіпсіздік институтын құру барысында Еуропаға қарағанда аса күрделі ұиындықтармен кездесу әбден мүмкін болады. Бұл азиялық мемлекеттер өз даму жолдарын еуропалықтарға қарағанда екі есе тез болғанына қарамастан АСШӨӘ шешуші мақсаты – Азиядағы қауіпсіздік пен бейбіишілікті қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастықты күшейту болып табылады. Ал оның негізі болып конфликтілі жағдайларды бейбіт жолмен реттеу, адам құқықтарын қорғау, сауда байланыстарын күшейту болып табылады.

Отырыс қатысушылары жаппай жою қаруларын толық ликвидациялауға бағытталған барлық кұштерді қолдануды уаделесті. АСШӨӘ басымдылығы болып ядролық қарусыздандыру табылады. АСШӨӘ көшбасшылары терроризмді оның барлық нысандары мен кқріністерін бірауздан сынады, сонымен қатар оны қолдау немесе үнсіз тану. Аймақтағы қауіпсіздік қатері ретінде сепаратизм және заңсыз есірткі заттардың айналымы. АСШӨӘ  мүшелері басқа мемлекеттердің аумағында барлық ланкестік жіне сепаратистік қозғалыстарды қолдамайтындығын айтты. 2000 жылдың сәуірінде Қазақстан, Қырғыстан, Тәжікстан мен Өзбекстан  арасында «Жақтардың терроризммен, саяси және діни  экстремизммен, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылық пен басқа да тұрақтылық және қауіпсіздкке байланысты қауіптермен күресу жөнінде бірлескен әрекеттері туралы» Келісімге қол қойылды.[31]

Информация о работе Қазақстан Республикасында терроизм және экстремизммен күресудегі халықаралық-құқықтық нормалар