Қазақстан Республикасында терроизм және экстремизммен күресудегі халықаралық-құқықтық нормалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 12:15, курсовая работа

Описание

Жаңа заман кезеңінде халықаралық құқық - құқықтың әр саласындағы халықаралық қатынастардың күшеюімен байланысты елеулі оң өзгерістерге ұшырап жатыр. Халықаралық қауымдастық, бүгінгі күні, халықаралық құқық нормалары мен қауіпті соғыс конфликтілерін, саяси қақтығыстарды бейбіт жолмен шешудегі ауқымды тәжірибесімен осы жұмыста қарастырғалы тұрған экстремизм және терроризм мәселелерін дұрысшешуге шамасы жетерлік деген ойдамыз.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

І Орта Азиядағы экстремизм және ланкестік әрекеттердің жандану себептері мен ерекшеліктері
§ 1. Экстремизм. Түсінігі, себептері және түрлері...............................................5
§ 2. Орта Азия аумағындағы діни экстремизм ерекшеліктері. Оның ішкі және сыртқы таралу факторлары.........................................................................16

ІІ Қазақстанның Орта Азия аумағындағы қауіпсіздік пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі орны
§ 1. Қазақстанның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне іштен іру факторларының төндіретін қауіптері...............................................................................................20
§ 2. Қазақстанның саяси тұрақтылығы мен тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне сырттан келетін қауіптерді алдын-алу және жою..............................................29

ІІІ Азия мен Қазақстанда экстремизм және терроризммен күресудегі халықаралық-құқықтық нормалары
§ 1. Орта Азия аймағындағы экстремизм және терроризм көріністерінде адам құқықтарының бұзылуы мен оларды қорғау мәселелері...................................39
§ 2. Терроризм және экстремизммен күресуге бағытталған халықаралық ұйымдардың қызметі.............................................................................................47

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................49

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................53

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Республикасында терроизм және экстремизммен күресудегі халықаралық-құқықтық нормалар.DOC

— 411.00 Кб (Скачать документ)

Жалпы экстремизм мәселесі, оның түрлі көріністерінде, әлемдегі көптеген мемлекеттері үшін ең өзекті болып табылады және бұл мемлекеттердің саяси және экономикалық даму деңгейіне қатысы жоқ. әлемдік тәжірибеде экстремизм әлеуметтік, экономикалық, саяси, діни, экологиялық және басқа да мақсаттарды шешу тәсілі ретінде әрбір қоғамда, мемлекетте жандана алады, соның ішінде экономикалық дамыған және саяси тұрақты елдер де бар. Әлбетте келтірілген әлемдік тәжірибеде «өтпелі кезеңдегі мемлекеттердегі» қоғамның экстремизмге ұшырау дәрежесі анағұрлым жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Ал біздің білуімізше бұл мемлекеттер қатарына , әрине, Орта Азия елдері де жатады. Орта Азия мемлекеттері қысқа мерзім ішінде өздерінің саяси және экономикалық жүйесін қалыптастыруға мәжбүр болғандықтан, түрлі деқұрылымдық, соның ішінде, экстремистік құбылыстардың жандану белсенділігі артады.

Жаңа заман ғылымында экстремизмнің келесі түрлерін атап өтуге болады:

1.        Антижүйелік экстремизм – ең көп тараған түрі. Діни ұйымдардың саяси күшке ие деңгейін мойындамайтын оппозиция мен билік арасындағы қақтығыс (Алжир). Солай бола тұра билік жүйесіне енген ресми руханият радикалды ислам элементтеріне қарсы шығады. Өйткені олар бұл элементтердің исламға қарсы мінезде екенін негізге алады (Мысыр). Сонымен қатар, ол «исламизм-секуляризм» нысандағы қарама-қайшылықтарға әкеліп соқтырады. Оған дәлелді мысал ретінде, Түркияны алуға болады. Онда билік етуші элита өоғам ішінде төмен қолдауға ие болғандықтан орын алған репрессияларға әлсіз тойтарыс берді.

  Мұнда басты шарт болып, басқару режимінің таңдаған рухани қоғамның саяси позициясы табылады. Сәйкесінше бұл қоғам таңдаған нысанға сүйене отырып, мемлекеттің мүддесін қолдайтын немесе, керісінше, қалыртасқан саяси құрылымға қатысты оппозиция болатынын байқаймыз. Мысалы, Ибн Танмия, Ибн Каийм және тағы басқалардың нұсқауларымен дамыған хабалиттік құқықтық жүйе, ислам мен монархияның қатар жүруі мүмкін емес болуына қарамастан, КСА монархиялық режимінің көрінісі болып табылады.

2.      Этникалық экстремизм – түрлі этностардың қоғамда басты доминант                                           болуына бағытталған әрекет ретінде қарастырылады. Сонымени қатар бұл этностар мен аз ұлттар нақты преференциялар мен жеңілдіктер ұсыну әрекеті болып табылады. Бұл тойтарыс ұлт-азаттық соғын нысанына ие бола алады, немесе СУАР, Индонезия, Шешенстан және тағы басқа мемлекетерде орын алған қақтығыстарда сияқты созылмалы тапшылық кезінде пайда болған ұйымдасқан саяси топтарға айналатын трансформацияға ұшыраған әрекетер.

Азаттық жолындағы халықтың әрекеті оған діни-дәстүрлі сипат беруі күшее түсетін факт заңды болып қала береді. Дәлел ретінде, Кавказа болған Шәміл көтерілісі; Алжирдағы - Әбдел Қадыр басқарған француз отаршыларына қарсылық көрсету кезеңі; Индонезиядағы – Дипонегоро басқарған көтеріліс барысында және Суматр аралында Голландия отаршыларына қарсы салафизм туы астында болған көтеріліс ошақтары; Израильдің сионистік саясатына қарсы тұрған Палестина халқының шерулері; Солтүстік Үндістандағы – Сеийд Ахмед Барлевидің басқаруымен өткен вахаббиттер көтерілісі. Кейін бұл көтерілітер  Ситан, Пенджап; Кашмирде орын алды; Ливиядағы Италия отаршыларына қарсы сенсуитердің көтерілісі; Солтүстік Ирландиядағы радикалды әрекеттердің жандануы.

3.      Cекталық экстремизм - өзінің бақылауға түспейтін және айқын еместігі себептерінен діни экстремизмнің бірден-бір қауіпті нысаны болып табылады. Олардың да әрекет ету әдіс-тәсілдері ерекше сипатқа ие.

4.      Діни экстремизм (Антиконфессианалдық), Орта Азия аймағында кең тараған экстремизм түрі болғандықтан ерекше қызығушылықты тудырады. Діни экстремизм қоғамда діни құндылықтардф күштеп тарату тәсілі арқылы, зайырлы мемлекеттің діни ұйымдарды басуы арқылы іске асады.

5.      Саяси экстремизм – саяси бірлестіктер арасында халықаралық немесе ішкі мемлекет топтарының қақтығыстарында көрініс табады. Бұл қақтығыстар жоғарға мемлекеттік деңгейдегі, сол мемлекеттік органдарда геосаяси және геоэкономикалық көзқарастарды ұстану мен тарату барысында пайда болады. Сонымен қатар, белгілі бір саяси мақсаттарға жету үшін ланкестік қорқыту немесе бопсалау арқылы нақты топтардың көзқарастарын жылжытуға немесе көрші мемлекеттегі тұрақсыздықты қолдау арқылы болатын мемлекетеаралық қарама-қайшылықтарды айтамыз. Терроризм қалыптасқан тұрақтылы күштерін бұзуға бағытталған, немесе тапшылықты одан әрі тереңдетуге ықпал ететін әрекет ретінде қарастырыла алады. Одан міндетті түрде нақты саяси және экономикалық пайда алу мүмкіндігі туады.

1985 жылдың 27 желтоқсанында Абу Нидаль палестиналық ланкестік ұйымының екі тобы бір уақытта Рим және Вена қалаларында «әл-Ал» компаниялардың кассаларында жолаушыларға шабуыл жасады. Ал 1986 жылдың 6 қыркүйегінде аталған Абу Нидаль ұйымының шеидтер мен Палестиналықтар тобы Стамбул Синегогасында қантөгіс жорығын қйымдастырды.

Осы екі акция арасындағы байланыс – Араб-Израиль арасындағы конфликттіні бейбіт жолмен шешуді жоққа шығару, жою болып табылады. Бұл екі шабуыл Иордания мен ООП арасындағы Батыс жағалаудың қатысуы жөнінде келңссөздер шарықтау шегіне жеткенде Арафаттың басшылыққа өтуін қолдаған екі Еуропалық мемлекет болды. Стамбулдағы қантөгіс Таба анклаваның тағдыры жөнінде Израиль мен Мысыр Үкіметтері басшылары арасындағы келіссөздердің болдырмауын жүзеге асыру мақсатында өтті.

Жаңа заман кезеңіндегі Нью‑Йорк пен Вашингтон қалаларында орын алған ланкестік актілерге байланысты аталмыш сценарий қайталануы мүмкін. Бірақ енді бұл аренада ойыншылардың рөлдері әртүрлі болады. өзінің өыру, жою масштабтарына орай бұл жағдайды макродеңгейде өарастыру қажет. Яғни тараптардың біреуіне ислам әлемі мен Батыс бағыттары және жаңадан құрылған блоктар арасындағы күштер байланысын бұзу жөнінде макродеңгейдегі мәселені қарастыру болып табылады.

Көптеген қақтығыстарды қорытындылауға келгенде әлемдегі орын алған конфликтік жағдай өздерінің геосаяси мақсаттарына жетуіне байланысты саяси позицияларын белгілеу үшін ірі державаларға пайдалы екендігіне көзіміз жетеді.

СУАР, Ауғанстан, Иран, Ирак, Парсы шығанағы, Ливия осімен өткен қақтығыстар желісі, экономикалық және геосаяси жағынан тартымды болуына сәйкес, елуінші жылдардан кейін антиамерикандық бағыт ұстанушылардың геосяаси күйреу сызығы өтті.

Терроризм әрқашанда геосаяси көзқарастарын жүзеге асыру болып табылды. Аталмыш мәселеге мысал келтіретін болсақ, КСРО‑ның құлдырауына дейінгі суық соғыс кезеңі. Геосаяси бәсекелестік жағдайында, негізінен, идеологиялық-таптық мінезге ие болған бүкіл әлемде күрес орын алды. Ал экстремистік ұйымдар бұл жағдайда ішкі қақтығыстарды қолдану арқылы геосаяси мұқтаждықтарды ендәруші құрал ретінде саналды.

Бұл саясатта елдер арасында мемлекетаралық қатынастардың өршуі маңызды фактор болып табылады. Ол дегеніміз, этникалық немесе конфессиялық факторларды пайдалану жолымен қақтығысқа бір тараптың енуі, немесе көрші аймақта тұрақсыздықты қолдау. Мысалға, Пәкістан мен Қытай, Солтүстік-Шығыс Үндістандағы Нага және мизо сепаратизмін қолдауы мемлекетаралық қатынастардың шиеленісуіне себеп болды. өз кезегінде Солтүстік-Шығыс Үндістан Пәкістандық билікке қарсы күресте Бенгалдық ұлшылдар жағына шықты.

Дәл осы жағдай сияқты Иран және Ирак мемлекеттері Күрдтер көтерілісшілерін қолдады да, іс жүзінде олардың азаттық шерулерін мемлекетаралық қатынастардағы айырбас теңгесіне айналдырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

§ 2  Орта Азия аумағындағы діни экстремизм ерекшеліктері. Оның ішкі және сыртқы таралу факторлары.

 

Діни экстремизм жаңа заманда жалпы экстремизмнің эволюциясы болып келеді. Діни экстремизм осыған орай тарихи ислам прецеденттерін ішкі қайшылықтарды пайдаланумен қатар іске асады. Исламдық факторға көңіл аудара отырып, біз исламның, әлемдегі барлық діндер сияқты, мейірімді және бейбіт дін екенін ұмытпауымыз керек. Саяси экстремизм бұл жағдайда діни құндылықтары мен нормаларды бұзған деп халық алдында ұсынылған билік күштерге ғана өрескелдік көрсетуге батылы жетеді. Аталған жағдайда билік күштерінің тұрақсыздандыру құралы оетінде дінді пайдалану саяси экстремизмнің мінезіне ғана қарасты. Оған қоса заман талабына сай тұрақтанған зайырлы құндылықтар діни құндылықтарға қарағанды әлдеқайда төмен және оған бәсекелестік тудыра алмайды. Қазіргі таңда ислам көбінесе нақты саяси мақсаттарға жетудегі әдіс-тәсілі ретінде қолданылады: жеке алған этникалық топтардың сепаратистік әрекеттерінің бел алуынан бастап антижүйелік көңілдерді өршітуге дейін апарады. Ондағы қорытынды мақсат – билікке жаңа саяси күштің келуі.

Жоғарыда айтылғандай жүйенің дағдарысы кезінде дәстүрлі идентификация модульдеріне бет бұру тенденциясы басталады. Сөйтіп эволюция белгілерінің бар болуы діннің алғашқы түйінін жоя алмайтындығын көрсете аламыз. Бәрімізге белгілі ислам дінінің пайғамбары – Мұһаммед Мединада интеграцияның алғашқы қағидаларын ұсынды. Бұл арқылы ол мұсылман қауымының тұрақтылық негіздерін орнатты. Ал ондағы әлеуметтік қатынастардың алғашқы түйіні ретінде исламды көрсетті. Алғашқы дінтану дәрістердер ауытқу халықтың көп бөлігін келешекте үміті жоқ дағдайдың қалыптасуына әкеліп соқтырады. Осылайша «дәни жандандыру» үшін қозғалыстарды  туындырады. Істің мәні ислам идеологиясында емес – шығыс қоғамының ерекшеліктері мен спецификасында.

Мәселенің қазіргі таңда даму деңгейі – жаһандану процесі әлеуметтік қатынастар жүйесінің одан әрі терең бұзылуына әкелді. Мұндағы терроризм жаһандану процесінің маңызды бөлігі болып табылады. Ол ұлттық шекараларды, тауарлардың еркін қозғалысы үшін ашуға бағытталған  ланкестік ұйымдардың желісін құрады. Көбінесе бұл тауарлар болып есірткі заттары табылады. әлем дік тәжірибенің қорытындыларына көз салатын болсақ, көптеген қақтығыстардың негізінде экономикалық мәселелер жатыр.

Көптеген зерттеушілер, әсіресе американдық, ислам факторына қатысты әлсіз жағымен әржацым оған қатысты драмалардың орын алуы исламдағы рухани және зайырлы бастамалардыі арақатынасы болып табылады деген теорияға бет бұрады. әлбетте бұл екі бастаманың арасындағы ұатынас жалпы тұрғыдан маңызды түсініспеушілікті болдырмауы тиіс. Мәселе исламды әр кім әр қалай түсунуінде және оны талқылауында. Классикалық мысалға көңіл аударатын болсақ, бұл мәселеге байланысты дәлел ретінде исламның Осман империясындағы әрекет етуі мен жаңа замандағы орын алған кейінгі эволюциясы немесе, Сауд Аравиясындағы исламның рөлі.

Бұл тенденцияның ең  маңызды деген сәті болып саяси процестердегі руханияттың рөлі табылады. Яғни оның мемлекеттің саяси құрылымына  өтуі немесе өтпеуі, сонымен қатар қандай да бір саяси құқықтыұқ мектептің басшылық алуы. Ең қызығы, тарихтың өзі көрсетіп отырғандай, өзіне рухани және иоральдық функцияларды ала отыра, руханияттың саяси бөлігі билік жүйесіне өткен сайын мемлекет мақсаттарын қолдап оны уағыздаушы болып келеді, және бұл жағдайда Шариат нормаларының бар болуы аса маңызды емес. Оған мысал ретінде Мысырдағы жағдайды алуға болады. Ондағы руханият елуінші жылдары «Мұсылмпн бауырлар» қозғалысының экстремистік қанаты, оның ішінде мынадай саяси ағымдар: «әл-Джиһад», «ат-Такфир уа-әл хиджра» және анағұрлым сабырлы «Хизб-ут-тах-рир»-ды ресми сынға алды.

Осыған байланысты Мысырдың Ұлы муфтиі Фарадждың «Ұмытылған қарыз» («әл-Джихад» ағымының идеологы) атты кітабі жөнінде былай деп айтты: «Бұл кітап хариджит бағытына тиесілі иретикалық болып табылады». «Такфир» оған сенімсіздік айыпталды деген айналасындағы даулар жқнінде ол былай деп талқылады: «Адам үлкен күнә жасағанымен де, оның құқықсені мділігі мызғымас болып қала береді.». Исламдағы басты шарт болып – Аллаһтың ьарына сенім болып табылады. Мұндай пікірді «Мұсылман бауырлар» партиясының теоретигі Мұхаммад әл Газали де берді. Ол да «ат-Такфир уа-әл хиджра»-ны хариджизм деп есептеді.

Әлбетте біз, исламның әсері әр мемлекетте өзінің аумақтық ерекшеліктеріне байланысты мінезі жағынан әртүрлі болатынын ұмытпауымыз қажет. Өткен ғасырдың 50-80 жылдары Мысырда антижүйелік экстремизмнің орын алуы жөнінде айтуға болады. «Мұсылман бауырлар» қозғалысының идеялық баспалдағы «шумулийя», яғни толықтылық қағидасына негізделген. Ол бойынша ислам жүйесі өзіне тек дінді ғана емес, оған қоса әлеуметтік жүріс-тұрыс нормаларын, ішкі және сырьықы  саясатты жүргізу қағидаларын кіргізді. Елуінші жылдардан кейін «Бауырмашылық» радикалды қанаты «Еркін офицерлер» патриоттық ұйымымен күресу жолында, ал кейін «Кэмп-Дэвид» келісіміне қарсы бағытта билік басындағы режимге қатысты антижүйелік  бағыт ретінде қалыптасты.

Туркиядағы исламның ерекшеліктері туралы сөз қоззғайтын болсақ, оның елдегі саяси жағдайына маңызды әсер ететін күшті элементтерін атап өту жөн. Мысалы, суфийлік фактордаң үлкен саясатқа өте алмайтындығымен бөлек жеке радикалды элементтердің, ланцизм саясатына қарсылығы. Ресей зерттеушісі Г.И. Старченконың байқауынша, исламистер мен лацизм жақтаушылары арасындағы күрес, жаңа аспектілерге ие бола тұра, зайырлы Түркияның саяси өміріндегі ажырамас бөлігі болып табылады.[11]

Әйгілі түріктанушы К. Карпаттың қызықты ойын мысал ретінде алайық. Ол Түркияныі саяси өміріндегі ұдайы тапшылықтары жөнінде тезисіндегі мемлекет тұрақсыздығын ұлттық мәдениет пен идеологиялық ұстанымдарға сәйкес емес заңдары мен сырттан келетін конституциялық жедел трансформациясының қорытындысы ретінде бағалайды.[12]

Суфийлік фактордың мықты әсерімен ұсынылған қоғамның гетерогендігі мен тегінің бір болмауының атап өткен жөн. Бұл жағдай сонау Түрік республикасының жаңадан қалыптасқан кезеңінде пайда болған, яғни жас Түрік республикасында завийе және текке діни қоныстаушылары бірден жабылды, шейх, дервиш, мюрид және тағы басқа діни атақтар алынып тасталды.[13] Бірақ бұндай тез және радикалды шаралары кей жағдайда кері әсерін тигізді, мысалы, 1967 жылғы Сүлеймен Хильми Тухиаха негізін қалаған саидчылар мен сулейменчилер секталарының өркендеуіне әкеліп соқтырды. Ал олар өз кезегінде өзара бәсекелестер болды.[14] Түркияда көптеген ресми және биресми түрлы  мағынадағы партиялар мен қозғалыстар әрекет етеді: «Ұлы ислам майданы», «Благоденствие» ислам партиясы, «Ислам тәртібінің ошағы», («Ұлы бірлік» партиясының қоластында), «Рефах» партиясы («Благоденствие»), «Сұр қасқырлар», «Орта шығыс Түркі Одағы» партиялары. Ф. Бадерхап есебі бойынша Түркиядағы суфийлік ордендегі электораты шамамен бес миллион адам.

Жаңа заман Түркиядағы жағдайды сараптау барысында 3 бірдей мықты тенденцияға, яғни дамудың 3 кезеңіне көңіл бөлейік: Осман, ерте республикалық және соғыстан кейінгі. Бүгінгі күні Түркияда бір уақытта өздерінің қоғамдағы исламның рөліне қарама_қайша баға беруімен осы үш кезең орын алады.[15]

Информация о работе Қазақстан Республикасында терроизм және экстремизммен күресудегі халықаралық-құқықтық нормалар