Қазақстан Республикасында терроизм және экстремизммен күресудегі халықаралық-құқықтық нормалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 12:15, курсовая работа

Описание

Жаңа заман кезеңінде халықаралық құқық - құқықтың әр саласындағы халықаралық қатынастардың күшеюімен байланысты елеулі оң өзгерістерге ұшырап жатыр. Халықаралық қауымдастық, бүгінгі күні, халықаралық құқық нормалары мен қауіпті соғыс конфликтілерін, саяси қақтығыстарды бейбіт жолмен шешудегі ауқымды тәжірибесімен осы жұмыста қарастырғалы тұрған экстремизм және терроризм мәселелерін дұрысшешуге шамасы жетерлік деген ойдамыз.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

І Орта Азиядағы экстремизм және ланкестік әрекеттердің жандану себептері мен ерекшеліктері
§ 1. Экстремизм. Түсінігі, себептері және түрлері...............................................5
§ 2. Орта Азия аумағындағы діни экстремизм ерекшеліктері. Оның ішкі және сыртқы таралу факторлары.........................................................................16

ІІ Қазақстанның Орта Азия аумағындағы қауіпсіздік пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі орны
§ 1. Қазақстанның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне іштен іру факторларының төндіретін қауіптері...............................................................................................20
§ 2. Қазақстанның саяси тұрақтылығы мен тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне сырттан келетін қауіптерді алдын-алу және жою..............................................29

ІІІ Азия мен Қазақстанда экстремизм және терроризммен күресудегі халықаралық-құқықтық нормалары
§ 1. Орта Азия аймағындағы экстремизм және терроризм көріністерінде адам құқықтарының бұзылуы мен оларды қорғау мәселелері...................................39
§ 2. Терроризм және экстремизммен күресуге бағытталған халықаралық ұйымдардың қызметі.............................................................................................47

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................49

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................53

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Республикасында терроизм және экстремизммен күресудегі халықаралық-құқықтық нормалар.DOC

— 411.00 Кб (Скачать документ)

Терроризмнің экономикалық тамырлары оның нарықтық экономика табиғатында жатыр. Яғни осындай қорытындыға адамдардың кедейленіп кетуі әкеліп соқтырады. Бәрімізге мәлім болғандай, әлеуметтік патологиялар (жезөкшелік, есірткі бизнесі, порнография, құмар ойындары және т.б.) аясындағы кәсіпкерлік қызмет өте пайдалы, тиімді. Сондықтан қоғамдық жүйеде пайда табу және асыра пайда табу экономиканың мәні болып тұрғандығы көп байқалатыны таң қаларлық жағдай емес. Бұл жағдайда терроризм басқа әлеуметтік патологияларға қарағанда анағұрлым өзекті болып табылады. «Терроризм бұл - бизнес» сөз тіркесі  өзіне өзі жауап беріп тұрғандай.

Батыс елдердің колониалды саясаты – терроризм саясатының классикалық көрінісі болып табылады. Олар өз ақпараттарының мықтылығын мәдениеттің өзара байланыстырушы және өзара әрекет етуші әдісі ретінде қолданылмайды, керісінше, ең алдымен, өздерінің даму модельдерін, мәдени, моральдік, саналы құндылықтардың көрсеткішін тарату үшін қолданады. Аталмыш ақпараттық қызметтердің ең ашық оймен таратуын мысалға келтіретін болсақ та, оның қойған мақсатарға жетуіне болмайтынын байқаймыз. Себебі бұл тұрғыдан ақпараттар да рухани, әлеуметтік-экономикалық, саяси құрылымдардың қалған елден айырмашылығын айтумен жалғасын табады. Мұндай әрекеттер ақпаратты таратын аудиторияның жауаптарына салақ қарайтынын көрсетеді. Ал бұл жағдайда жауапты әрекет әртүрлі болуы мүмкін. Ол ақпаратты толығымен бәсең қабылдаудан оны толығымен кері қайтаруға және қарсылық білдіруге дейін бара алады. Сонымен қатар басқа қоғамның сана сезімін білдірмейтіндей сіңдіруге қарсылық білдіре алады.

Соңғы онжылдық жалпы адамзаттық құндылықтар, ашық шекараларының интеграциясы, жаһандану идеяларын кең ауқымда енгізуді іске асырумен сипатталады және бұл өзгерістердің бәрі батыстың өндірістік дамыған елдердің қолбасшылығымен жүзеге асырылуда. Дегенмен, бұл идеяларға әлемдегі қалған көптеген мемлекеттің басшыларының қатынасы, сол Батыс елердің бір бөлігінің қарсы тұруы, әртүрлі континенттерде жаһандануға қарсы шерулер бәріне мәлім.  Терроризм және экстремизмнің конфликтогендік мүмкіншіліктері  (потенциал) үлкен беделін ХХ ғасырдың 60 жылдарында алды. Бұл жылдары аймақтар толығымен өздерінің бағыты бойынша түрлі террористік және экстремистік ұйымдар мен топтардың белсенділігі арқасында бірнеше зоналар және ошақтарды  жаппай қамта бастады. 1960 және 1980 жылдары аралығында бұл ұйымдар 6700 жуық ланкестік актілерді жүзеге асырады. Олардың нәтижелерінде 3668 адам қаза болып, 7474 адам жарақат алды.

Соңғы отыз жылдың ішінде дүниежүзінде әлемдік әдебиеттерде көрінісін тапқан және кең танымал он мыңнан астам ланкестік актілер жасалды. 1995 жылдың сәуірінде шыққан «Тайм» апталық газеті дәлелді түрде мына тенденцияны атап көрсетті: «Суық соғыс» аяқталғаннан кейін терроризм трансформацияға ұшырап, енді саяси емес , көбінесе діни бағыттағы сипатқа ие бола бастады».

Қазақстан және ТМД мемлекеттеріндегі жағдайды терроризмнің дамуымен бел алған бірқатар қауіпті тенденциямен айқындайды. Олар халықаралық терроризмнің дамуымен байланысты сыртқы фактормен жарақаттануымен қатар, тек біздің мемлекетімізге тән ішкі себептермен де жұқтырылған. Сыртқы факторлары болып мыналар табылады:

- Қазақстанға және ТМД мемлекеттеріне қатысты бірқатар шет елдердің ескі геосаяси қарсылықтарының қайта жандануы мен пайда болуы;

- Олардың аумағына кейбір шетел саяси күштерінің және олардың саяси оппонентерінің аударылуы;

- Аймақтық қақтығыстар;

- Бірқатар шетел террористік, діни, ұлтшыл-радикалды және тағы басқа ұлттардың экстремистік сипат ала бастауының тез қарқынды дамуы;

Ішкі факторлар:

- ТМД мемлекеттері бұқараларының ауқымды бөлігінің кедейленуі мен жұмыссыздықтың орын алуы, экономикалық дағдарыс;

- Ұлтшылдық, ұлттық шыдамсыздық, діни экстремизм мен сепаратистік көңілдердің күрт өсуі;

- Азаматтардың көбінде әлеуметтік жағдайдың қалыптаспауы мен кедейшіліктен қорғанудың әдісі жоқ болуы сияқты сезімдердің өрши түсуі;

- Көп адамдардың идеологиялық және рухани өмірдің бағыт-бағдарын жоғалтуы, әлеуметтік агрессия мен эксестердің шарықтау шегіне жетуі;

- Қылмыстылықтың өсуі, заң және билік беделінің төмендеуі, олардың азаматтарға қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сенімін жоғалтуы; қарулардың заңсыз «нарығының» көп бола бастауы және оларды жеңіл жолдармен алу мүмкіншілігі;

- Ауғанстан, Приднестровье, Тәжікстан, Шешенстан және басқа да «ыстық нүктелер» аумағында «Соғыс мектебін» өтушілер санының тез қарқынмен өсуі;

- Адам құқықтарын қорғаудағы мемлекеттер мен қоғамдардың, ішкі істер органдарының әлсіз жұмысы.[27]

Жаңа заман жағдайында ислам және жаһандану халықаралық өмірдің маңызды факторы болып табылады. Дәл осы екі фактор Орта Азия мемлекеттері өмірінің маңызды жақтарын тікелей қозғайды, соның ішінде қауіпсіздік те бар. Аталған факторлар аймақтағы мемлекеттің ішкі саяси тұрақтылықты және аумақтық біртұтастық сақтаудағы үлкен әсерін тигізеді. Ал бірінші фактор ислам, бөлек жағдайда екінші мыңжылдықтың аяғында орын алған оқиғалар көрсетіп тұрғандай. Орта  Азия республикаларының әскери қауіпсіздігі мәселесімен тікелей және тығыз байланысты. Орта Азия мемлекеттері ислам әлемімен тарихи тұрғыдан байланысты деуге болады. Бұл елдердің ішінде басқа діни топтар, оның ішінде, православиалы-христиандық таптың болуына қарамастан халықтардың көпшілігі мұсылмандар болып табылады. Сонымен қатар Орта Азия мемлекеттерінің поликонфессионалды мемлекеттік құрылымы бола келе, бұл елдердің үлкен бөлігі Орта Шығыс мұсылман мемлекеттерімен тікелей шекараланады. Ал бұл елдер, біздің білуімізше, барлық тұрғыдан алып қарайтын болсақ, өте қауіпсіз болып келеді. Аталмыш жағдаяттар Орта Азия республикалары басшылары ислам факторына аса көңілмен қарау қажеттігін көрсетеді және ішкі, сыртқы саяси мәселелері бойынша шешімдерді іске асыру мен қабылдауда оны ескеру қажет.

Қазақстанға, негізінен, радикалды экстремистік идеялардың таралу қаупі депрессиялы және халқы тығыз орналасқан Орта Азия аймақтары – Тәжікстан, Ферғана, Қазақстанның Оңтүстігінен келеді.  Бұл аймақтарда әлеуметтік қамсыздандыру жоқ және экономикасы артта қалған фактілері мен келіспеушілік бедел алуда. Орныққан жағдайда өз мақсаттарға жету үшін дінді пайдаланатын экстремистердің көпшілікке тарайтын идеялары, өз мемлекеттері үшін экономикалық жағдайды жақсарта алатын сенімінен тайған және өмір сүру деңгейімен қанағаттанбайтын адам топтарының басты бөлігін өз қатарына ендіре алатыны әбден мүмкін. Бірақ бұл жолға тек материалдық жетіспеушілік қана әкеледі деуге қате. Саяси құрылымдар және құрылымды жақтайтын болып сылтаулататын, түпастарында идеологиялық, әсіресе діни көзқарастар жатқан экстремизм әлдеқайда қиын және қауіпті.

Қамтитын аумақтың анықсыздығына байланысты оны табу және алдын алу мәселелерінің жоғары қиындық жағдайының күрт күрделенуіне әкеледі. Экстремизмнің бұл түрі идеяға, догмалар мен ережелерге жанкүйерлік адалдықты, берілгендікті қалыптастырады және аталмыш мәселе идеяның зайырлы немесе діни екендігі жөнінде сөз қозғамайды. Яғни қандай идея екені бәрібір болып табылады. Осы Аллаһ идеясы нық сенім болғандықтан, ол - әділетті және таза деген ойлардың орын алуы мықты күш қуат береді. Ал бұл ойларды жүзеге асыру экстремистердің киелі борышы деген ұстаным істеген барлық әрекеттерді ақтайтын миссионерлік, тіптен миссиондық қызмет атқарудағы нық сенім олардың әділетті өмірді қалыптастыруда үлкен еңбек сінеді деген мақсат тыс асыра баяндалған. Сондықтан  бұл экстремистік ағымға әртүрлі адамдар кіреді және оның барлығы қиындықтарға қарамастан ешқашан қайтпайды. Кейбіреулері идеяларды жүзеге асыруға тікелей қатысса, ал кейбіреулері оның қызметін моральды және үлкен қаржыландырудың арқасында мүшелік етеді. Ал үшінші тұлғалар болса, олардың идеяларын ұстанбайтын болғанымен, экстремизм жақтаушыларын өздерінің саяси мақсаттарына жету үшін пайдаланады.[28]

Аталмыш экстремистік идеяларды тарату қаупі мемлекетті іштей саяси детұрақтылыққа әкелуі мүмкін. Ол республика қауіпсіздігіне, сөзсіз, қауіп болып табылатын Үкіметтің жарамсыдығына әкеліп соқтыруы мүмкін. Діни экстремизмді мемлекеттің саяси қауіпсіздігіне қауіп ретінде қарастыруға болады, егер Үкіметке, жалпы мемлекетке заңды әрекет етудегі басқару және идеологиялық жүйені мемлекеттің тұрақтылығын ұйымдастыруды түсінетін болсақ. Қалыптасқан зайырлы билікті құлату идеясы тек билік және идеология жүйесіне қауіп төндіреді деген оймен қатар, жалпы қоғамдағы жағдайды тұрақсыздандырады деуге болады. Олар бүкіл Қазақстан қоғамының ұлттық бірлесуінің дамуына тойтарыс жасап, мемлекетке діни шыдамсыздықтың ошағын қалыптастырды. Сондықтан да аталмыш қауіп қауіпсіздіктің дәстүрлі түсініктерін өзгертіп, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздігінің мықты факторы болып табылады.

Қазақстан қауіпсіздігіне айқын катер ретінде көршілес мемлекеттер (Кавказ, Орта Азия) аумағындағы радикалды террористік топтардың орналасуы болып табылады. Олардың құрамын, негізінен, Пәкістан, Сауд Аравиясы, Иемен, Иордания, Мысыр және тағы да басқа Таяу және Орта Шығыс мемелкеттерден шыққан жалданушы террористер құрайды. Аталған топтардың визалық демеуді алу ойлары Ресей және бірқатар ТМД мемлекеттердің Пәкітандағы, Түркиядағы және кейде Таяу Шығыс елдеріндегі Елшіліктерде байқалды. Бұл ұйымдар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ішкі істеріне араласу мүмкіндігін одан әрі жоғарлатуда. Террористік және экстремистік ұйымдардың басты мақсаты ланкестік – сепаратистік көңіл күйді жандандыру мен радикалды исламдық сипаттағы мемлекеттік құрылымдарды қалыптастыру. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне анағұрлым қауіп төндіретін халықаралық террористік ұйымдар ішінде мыналарды ең қауіпті қатарға кіргізуге болады: «Мұсылман бауырлар», «Талибан», «Орталық Азия моджахедтерінің Джамааты», «Әлеуметтік реформалар қоғамы», «әл Игаса», «Құтақару қайырымдылық қоғамы», «Даава Исламия», «Халықаралық ислам комитеті», «Ислам халқының қоғамы», «Насихаттау және көмектесу жөніндегі бүкіләлемдік Ислам Кеңесі» (Даава Игаса), «ХАМАС», «Ибрагима Бен Абдул Азиз әл Ибрагима», «әл Харрамин», «Адолат уюшмаси», «Ислом лашкарлары», «Өзбекстанның ислам қозғалысы», «Товба», «Азия мұсылмандарының комитеті». Олардың бастапқы және негізгі мақсаты – Кавказ, Орта Азия аймақтарында ұлтщылдық және радикалды исламдық фундаментализм идеяларын насихаттау жолымен барлық мұсылмандарды бірыңғай ислам халифатына біріктіру.

Кейбір мемлекеттер өздерінің туындысы – діни экстремизмнен қашуға, жекелеген адамдар мен топтардың саяси немесе діни амбициялары деп бұл феноменнен бас тартады. Бірақ Орта және Оңтүстік Азия аймақтарында әрекет етіп отырған діни экстремизм, «Суық соғысты» кезеңінде державаның геосаяси қарсылықтарының өнімі, саяси және әлеуметтік-мәдени тапшылық нәтижесі деуге болады. Сөйтіп бұл өнім өз мақсатын жүзеге асыру үшін әлемді жаппай өзгертуге тырысады. Сондықтан терроризм тамырын дінде, әсіресе кері пиғылды – террористік әрекеттерді исламдық фундаментализм, экстремизм көрінісі ретінде қабылдауда, одан, яғни діннен іздеу үлкен қате. Бұл мәселе тек қана жергілікті және халықаралық ланкестік әрекеттердің мәнін түсінудегі қате мен саналы түрде аталған қателікті насихаттауда жатыр. Қылмыскер міндетті түрде белгілі бір нәсілге, ұлтқа, жынысқа, жас мөлшеріне, дінге, әлеуметтік топқа жататынын ұмытпау керек. Басқа сөзбен айтқанда, белгілі бір қылмыстың мотивациясын тек қылмыскердің жынысына, ұлтына, жас мөлшеріне, дініне және басқа да сипаттамаларға жатқызуға болады. Бірақ бұл дұрыс емес, түп тамырымен әділетсіз және қылмыстың табиғатын дұрыс түсініп, шешуге жол бермейді.

Әлемдегі қазіргі заманда терроризмнің дамуына байланысты сипаттар мыналар болып табылады: конституциялық құрылымның және адам құқықтарының бар болуы, халықаралық қатынастарда қоғамдағы қауіптің жоғарлауы; әртүрлі әлеуметтік топтардағы адамдарды ланкестік қызметті жүзеге асыру үшін өз қатарларына қосу ұмтылысы мен түрлі ланкестік ұйымдарының саяси көзқарастарын бөлісетін және жандары күйетін ортаны қалыптастыру; жаңа заманда терроризмнің ұзақ уақытты факторға айналуы; ланкестік құрылымдардың ұйымшылдығы мен басқарушылығы; әртүрлі аумақтағы ланкестік ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтарының тереңдей түсуі; ұйымдасқан қылмыс пен терроризмнің жанасуы; ланкестік акцияларды өткізудегі ауқымы және материалдық жағынан шығындардың қарқынды өсуі; халықаралық ланкестік ұйымдардың бай энерготасымалдар қорларының, пайдалы қазбалар қорлары бар мемлекеттер аумағында бақылауды орнатуды тырысуы; жаппай жою қаруларын қолдану мен оған билік ету; қаржыландырудың жоғарғы деңгейі.

Тероризмнің әлеуметтік базасының ұлғаюына мына факторлар әсер етеді:

- әлеуметтік-саяси күрестегі, көп жағдайда жоғары саяси мәдениетке ие емес, халықтың әртүрлі топтары мен таптарының қатысу деңгейінің өсуі;

- ұлтаралық қайшылықтардың шиеленісуі осы негіз бойынша экстремистік және сепаратистік сипаттағы ұлттық процестердің күрт белсендеуі;

- конфессияаралық қайшылықтарды тарату, діни және діни-саяси экстремизмнің дамуы.

Осылайша біз, жаңа заман жағдайында террористік әрекетер (қызмет) өзінің кең ауқымды дұрыс бағытта құрылыен нақты белгіленген мемлекеттік шекаралардың жоқтығымен, халықаралық ланкестік Орталықтармен және ұйымдарымен арақатынас пен байланыстың орын алуымен сипатталады деп нақты айтуға болады. Сонымен қатар жедел және басқармашылық түйіннен тұратын қатал ұйымдастырушылық құрылымы, барлау және контрбарлау бөлімдерінің бар болуы, материалдық-техникалық қамсыздандыру, әскери топтар мен оны жабатын топтардың; ішкі істер мен мемлекеттік органдарда агенттіктердің бар болуы; мықты конспирация және кадрларды жекелеп таңдау; Үкіметтік әскери бөлімшелерінің құрал саймандарынан артып түсетін мықты техникалық жабдықтармен қамтылу; конспирациялық орындар, дайындайтын базалар және полигондардың ұсақталған желісінің қалыптасуы ланкестік қызметтің дамуына әсер етеді.

Ланкестік  ұйымдар өз арасында жалпы идеолого-конфессионалдық, әскери, коммерциялық және басқа негіздер бойынша тығыз байланысты орнатты. Ланкестік топтар, әсіресе олардың басқармасы көп жағдайда қару жарақты сатып алу, бір бірін жабу, ланкестік кең операцияларды жақсы атқару барысында функциялары мен тапсырмаларын бөлудегі өзара әрекеттестік пен ынтымақтастық жақсы дамыды (Мысыр, Ауғанстан немесе Ливан). Жаңа заман терроризмінің ланкестік ерекшелігі болып, оның дұрыс бағыттағы құрылымдық және ұйымшылдық сипаты табылады. Ланкестік ұйымдар бірыңғай басқарушы органдар басқару жүйесін, жоспарлайтын бөлімшелерді қалыптастырады. Әлдеқайда ірі топтар басшыларының кездесуі мен отырысы түрлі ұлттар қатыстылығын ұйымдастыру қызметін үйлестіру анықталды.

Информация о работе Қазақстан Республикасында терроизм және экстремизммен күресудегі халықаралық-құқықтық нормалар