Қазақстан Республикасында терроизм және экстремизммен күресудегі халықаралық-құқықтық нормалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 12:15, курсовая работа

Описание

Жаңа заман кезеңінде халықаралық құқық - құқықтың әр саласындағы халықаралық қатынастардың күшеюімен байланысты елеулі оң өзгерістерге ұшырап жатыр. Халықаралық қауымдастық, бүгінгі күні, халықаралық құқық нормалары мен қауіпті соғыс конфликтілерін, саяси қақтығыстарды бейбіт жолмен шешудегі ауқымды тәжірибесімен осы жұмыста қарастырғалы тұрған экстремизм және терроризм мәселелерін дұрысшешуге шамасы жетерлік деген ойдамыз.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

І Орта Азиядағы экстремизм және ланкестік әрекеттердің жандану себептері мен ерекшеліктері
§ 1. Экстремизм. Түсінігі, себептері және түрлері...............................................5
§ 2. Орта Азия аумағындағы діни экстремизм ерекшеліктері. Оның ішкі және сыртқы таралу факторлары.........................................................................16

ІІ Қазақстанның Орта Азия аумағындағы қауіпсіздік пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі орны
§ 1. Қазақстанның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне іштен іру факторларының төндіретін қауіптері...............................................................................................20
§ 2. Қазақстанның саяси тұрақтылығы мен тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне сырттан келетін қауіптерді алдын-алу және жою..............................................29

ІІІ Азия мен Қазақстанда экстремизм және терроризммен күресудегі халықаралық-құқықтық нормалары
§ 1. Орта Азия аймағындағы экстремизм және терроризм көріністерінде адам құқықтарының бұзылуы мен оларды қорғау мәселелері...................................39
§ 2. Терроризм және экстремизммен күресуге бағытталған халықаралық ұйымдардың қызметі.............................................................................................47

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................49

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................53

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Республикасында терроизм және экстремизммен күресудегі халықаралық-құқықтық нормалар.DOC

— 411.00 Кб (Скачать документ)

Ливияда 1969 жылғы революциядан кейін мемлекеттің қоғамдық және саяси климатын демократизациялауда ливиялық билік басындағылар ортоддоксальды исламның мемлекеттік- құқықтық доктринадан кері бетбұру арқылы мемлекеттік құрылым мен қоғамдық құрылыстың кейбір мәселелері бойынша жоспар жолдамаларын құрды. Жаңа заманға джамихирийлік жүйені қалыптастыруда ливиялық басшылыө мәні жағынан хараджиттердің позицияларына жақындаса түсті. Ал олар, өз кезегінде, бөлек жағдайда халифаттың, оның «қажеттігі» тезисіне қарағанда, «болу мүмкіндігі» жөнінде айтады. Ұлттық сана-сезімнің қалыптаасу процесі бұл мемлекетте ислам дінінің тектік-таптық құндылықтары негізінде жүзеге асырылады.

Ауғанстанда этникалық факторларддан басқа ішкі конфессианалдық қақтығыстар маңызды рөл атқарады. Солтүстік Альянс, негізінен, ортодоксальді емес бағытпен ұсынылған болып талибтер жүзінде оппозицияны таниды, ал талибтер консерваторлық классикалық жүйені ұстануды шақыруға бағытталған.

Ресей шығыстанушысы Л.Р. Полонская Үнді және Ауған мұсылмандары арасында тікелей байланысты қарастырады. Яғни оның айтуынша, Ауған мұсылмандарына XVIII ғасырдағы Солтүстік Үндістандағы Сеид Ахмед Барлеви қолбасшылығымен вахаббиттік қозғалыстың жандануы үлкен әсерін тигізді.

Сауд Аравиясындағы ислам радикализмі, негізінен, проамерикандық ориентацияның жоғарғы басшылар топтарында орын алуы. әсіресе мұсылман қауымының қарсылығы бұл жартыаралдағы американдық әскерлердің орналасуында болып табылады. Соған сәйкес 1994 жылы антибатыстық маргиналды топтың көшбасшылары шейх Сальман әл Ауда мен Сафар әл Хавали тұтқынға алнған болатын. Таяу шығыстық тапшылық бойынша ең қолайлы саясат пен мемлекет ішіндегі қақтығыстар дамыған ханбалиттік саяси-құқықтық жүйесімен реттеледі. Исламның жан-жақты талқылауымен көрініс табуына қарамастан, заңды болып әсер етуші екі ағым ғана бар: сыртқы және ішкі. Екеуінің әсері саяси бағыттарда ішкі және сыртқы күштердің қатысуымен исламды радикализациялау және бұл факторды  пайдалану болып табылады.

Мұсылман қауымында исламның позициясы өте күшті болуына байланысты ішкі фактор ретінде, руханияттың саяси бөлігінің позициясы; қоғамды деорталықтандыру және корпоративизациялау элементі бар суфизм және халықты біріктіру мен билікті орталықтандыруды жалпы және ыңғайлы нысан саясатты қалыптастыруды жақтаушылар, яғни исламды оның классикалық тұрғыдағы нысанға қайта келтіруді қолдаушылар арасындағы қарама-қайшылықтар. Оны көптеген тарихи фактілер дәлелдейді. Осыдан біз, ішкі конфессионалдық тапшылықтың негізінде интеграция қағидалар мен нысандары арасындағы қақтығыстар және оның түбінде өз саяси билігін жүзеге асыру жатыр. Мемлекетке қарсы шығуда да, және оған бағынуда да екі нысан да ерекше және ыңғайлы болып табылады.

Сыртқы фактор болып, ең алдымен, экономикалық жағынан әртүрлі деңгейдегі мемлекеттер арасындағы қрама-қайшылықтар табылады. Солай бола тұра ислам сыртқы агрессияға қарсы тұрудағы консолидациясы түрткісі бар механизмі ретінде ыңғайлы. Дегенмен  қай түрінде көрінсе де ислам өзінше ерекше. Өзінің спецификасы жағынан әрбір қалыптасқан жағдай бір-бірінен ерекшеленеді және осы әрбір жағдайында мұқият исламтанушылық зерттеулерді талап етеді.

Қазіргі таңда исламдық факторды кейбір батыс щеңберіндегі тұлғаларымен айыпталуы бізге олардың мәселенің толық қамын білмейтінін және оған қате баға беретінін көрсетеді. Себебі, олар тек мәселенің үстіңгі және сыртьқы көріністері негізінде және терроризмнің көріністеріне қате сараптама жасау негізінде қорытынды жасайды. Бұл нысанның ерекшелігі мынада болып табылады: осы ланкестік әрекеттерді жүзеге асырушылар одан геосаяси және геоэкономикалық пайданы табады. Бірақ көлеңкеде қалып, ешқандай соттық қарауына тиесілі болмайды. Белгілі-бір тұлғалар мен тараптарың кінәсі жөнінде дәлелдері жоқ болады.

 

 

 

 

II БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТА АЗИЯ АУМАҒЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ ОРНЫ

 

§ 1 Қзақстанның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне іштен іру факторларының төндіретін қауіптері.

 

Қазақстан көрші мемлекеттердегідей экстремизмнің күшті жандануын көрмеген мемлекет болып табылады. Алайда мемлекет аумағында экстремистік тенденциясы жоқтың қасы деп мәлімдеуге үлкен қате. Бүгінгі күні Қазақстанда экстремистік тенденцияның дамуы мен қалыптасуының латенттік процесі жүріп жатыр деп үлкен сенімділікпен айтуға болады.

Қазақстандағы ислам көшпенді өмір салтына, халықтық-шаруашылық қалпына, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты діни нанымның ерекше сипаты түрінде дамыды.

Сол себепті Ұлы қазақ халқының жерінде догматизмге немесе экстремизмге бұрын сонды орын болмаған. Дегенмен экстремистер біздің Республикамызды аттап өте алмады. Қазақстанда діни таным еркіндігі қағыдасын сылтаулатып, діни қайта жаңғыру толқынында, соңғы кездері Республикамызға дін-мистикалық оқулықтарды тарату және діни-этникалық негізде қақтығыстарды жандандыруға қолайлы жағдай жасау мақсатымен шетел діни миссиялар саны күрт өсе бастады.

Экстремистердің Қазақстанға деген қызығушылықтары мұнай – газ мәселесімен де тығыз байланысты болуы мүмкін. Энергетика, ииндустрия және сауда министрлігінң бұл жауабы бойынша Каспий теңізінің көмірсутек ресурстары Парсы шығанағындағы қара алтын қорына сәйкес келеді. Бұл дегеніміз, қырық жылдан бері әлемдік мұнай экспортының 60 %  бақылайтын он мемлекеттер біріншілігіне мұнайды өндіру деңгейі жағынан Қазақстан мүше болуына мүмкіндігі бар. Осылайша Қазақстан өзінің сыртқы саясатындағы пробатыстық ұстанымдарына орай Еуропа және Америкаға ОПЕК мемлекеттерінің сұраныстарынан (шешімдерінен) тәуелсіз болуын қамтамасыз етеді. Бұл жағдайды Таяу Шығыстағылар жақсы түсіне отырып, «Қазақстандағы рухани-діни бауырларды» қолдауға үлкен қаражаттардың бөлінуін аямайды.

Жоғарыда айтылғандардың бәрін қорытындылай келе, экстремизмнің Қазақстанға енуі жақсы жоспарланған әдістеме бойынша жүзеге асырылады:

- Радикалды исламдық ұйымдары мен қайырымдылық қорларды құру;

- Экстремистік сипаттағы діни әдебиеттерді тарату;

- Жастар арасында қоғамдағы идеологиялық вакуумды теріс пиғылмен пайдалану арқылы вахаббизм идеяларын насихаттау;

- Ең алдымен Қазақстанның Оңтүстік аймақтарында исламдық оппозицияны құру.

Осыдан кейінгі экстремистік бағыттағы вахаббиттердің тәжірибелік қадамдары мыналар болуы мүмкін:

- Дінге сенушілердің рухани басшылықтан ресми руханиятты шектеуі және беделін бұзу:

- Қазақстанға тән емес дәстүрдегі мұсылмандық ұйымдардың оқу лагерлеріне жастарды тарту және кейіннен оларды «жартылай заңды» шетелде фундаменталды дәріс алуға үміткерлерді таңдау.

КСРО ыдырағаннан кейінгі Орта Азиядағы жанама тұрақтылық өте жіңішке материя болды. Орталық Азия аймағы діни-саяси, этникалық тұрғыдағы потенциалды қақтығыстарға толы немесе аумақ және билікке идеологиялық күресті бастау жалған алғышарттармен жаппай қамтылады. Мемлекеттер мен халықтар арасындағы тығыз дәстүрлі байланыс, жоқка шығаруды қиынға түсіретін шекаралардың ашықтығы экстремистік идеялардың бұл аймақта тезарада жаппай таралуына қолайлы жағдай жасайды. Оның үстіне ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдай бұл процесті катализатордан өткізгендей болып, «қайшылықтардың қасіретті қоспасын» тездетеді. Яғни көрші жатқан мемлекеттердегі орын алған қақтығыстар Қазақстанға да үлкен қауіп төндіреді.

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2005 жылдың 1 қыркүйегінде Парламенттің екінше сессиясындағы сөзінде былай деп атап көрсетті,  «ТМД‑нің Оңтүстік аймақтарындағы жағдайдың тезарада күрт шиеленісуі және Қырғыстан мен Өзбекістандағы 1999 жылдың тамыз айында орын алған қайғылы оқиғалары мемлекеттің жалпы аймағы алдында тұрған маңызды, қиын сынағы».

Қазақстан Орта Азия аймағының құрамдас бөлігі болғандықтан халықаралық ланкестік және діни-экстремистік ұйымдардың үлкен қызығушылығын тудырады. Өткен ғасырдың  90-шы жылдардың басында КСРО ыдырағаннан кейін, бұрын орын алған «бауырлас республикалар» арасындағы қоғамдық байланыстар бұзылғаннан соң Қазақстан қоғамы мәдени және идеологиялық вакуумдағы сияқты күйде жүрді. Тұрақсыз әлеуметтік, экономикалық жағдай, жұмыссыздық, халықтың негізгі бөлігінің болашаққа деген сенімсіздігі, сонымен қатар қазақ халқының өзінің діни және мәдени тамырларына қайта келу табиғи процесі, біздің мемлекетімізде экстремистік дәни ағымдардың келуіне қолайлы жағдай жасаудағы шешуші фактор болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қалыптасқан қоғамдағы «діни орта» мемлекеттегі мұсылмандық болсын, христиандық болсын бағыттағы ауқымды көлемдегі түрлі секталар, діни қозғалыстар мен партиялардың пайда болуына себепкер болды. Сөйтіп Қазақстанда көпшіліктің көзіне түспейтін экспансия басталды. Ол түрлі үкіметтік емес қорлар мен ұйымдардың гуманитарлық және басқа да кқмек ұсыеу жолымен іске асырған қайырымдылық акциялары жүзінде экстремистік және діни ағымдар кіретін әртүрлі сырттан келушілердің әрекеттері арқылы жүзеге асырылды. Бұл акциялар «ағартушылық жұмысты» атқарушыларды қаржыландыру арқылы жүзеге асты да, кейіннен бұл бағытта жеке оқу орындар мен медреселер тағы басқалар ды аша бастады. Аталған ұйымдардың басты мақсаттары мен алға қойған тапсырмалары, құрамында экстремистік сипаты бар реакциялық жауапты идеяларды тарату жөнінде насихаттау шараларын өткізу болды.

Қазіргі таңда олардың әдіс­-тәсілдері өзгерді. Басымды және көзге түсетін ашық радикализацияның бел алуы байқалады. Мазасыздандыратын негізгі жәйт болып, конфессияаралық шыдамсыздықтың өсуі, діни тұрғыдағы экстремистік әрекеттерінің күшее түсуі табылады.

Оңтүстік Қазақстан Облысындағы экстремизмнің алғашқы әрекеттерімен Республиканың Ішкі Істер Органдары қызметкерлері 1998 жаққын танысты. Бұл жылы Ішкі Істер Органдары қызметкерлері Мысыр және Иорданияның екі азаматын заңсыз әрекеттері үшін қамауға алды. Олар қазақ жастары арасында Қазақстан Республикасы аумағындағы әрекет етіп тұрғанн конституциялық құрылымды бұзуға шақыратын экстремистік сипаты бар баспа материалдарын таратты.[16]

1999 жылдың басында Ташкентте дүрсіл еткен жарылыстар тек Өзбек арнайы қызмет органдарын ғана емес, бүкіл Орта Азияны мазасыздандырды. Кейбір ақпараттар бойынша вахаббиттердің ланкестік әрекеттер картасында Қазақстан да белгілінген болды. Қазақстанда тұтқындалған террористің біреуінде кейбір өазақстандық үкіметтік мекемелер  мен ғимараттардың нақтыланған жоспары табылды. Лансетік акт бойынша айып тағылған тұлғалардың мойындауынша, Қазақстан фундаменталист боевиктердің жасаған тізімінде екінші болып тұрды.[17]

Экстремистік әрекеттер күшею тенденциясы «Хизб-ут-тах-рир» діни-экстремистік партияның бірден бір құрылымдық қанатының заңсыз әрекеттерінде көрініс тапты. «Хизб-ут-тах-рир» бастапқы мақсаты – ислам халифатын құру болып табылатын экстремистік ұйым. Бұл жөнінде Республиканың Оңтүстік аймақтарында аталған ұйымның филиалдарын нейтрализациялау барысында алынған фактілер куәландырады. Тәркіленген оқ-ату қару-жарақтары, жарылғыш заттары (Түркістанның 1500 жылдығын тойлау кезеңіндегі 2002 жыл, қазан), антикаримовтық, антиамерикалық, антиизраилдік мазмұны бар баспа материалдары бізге «тахриршылардың» жоспары тек діни насихаттаумен шектелмейтіндігін талық қамды бекітуге негіз береді.[18]

«Хизб-ут-тах-рир» және оған ұқсас ұйымдардың ұзақ мерзімді жоспарлары Қазақстан аумағын және аймақтағы басқа мемлекеттерді түрлі сипаттағы утопиялық, теократиялық, мемлекеттік бірлестіктер қатарына енгізуді ойластырады.

Солай бола тұра аиалған мақсаттарға жету зорлық-зомбылық жолымен іске асатыны әбден мүмкін. 2003 жылы тамыз айында Оңтүстік Қазақстан бойынша ҰҚК департаментінің қызметкерлері Шымкент қаласында осы ұйымның заңсыз баспаханасын тапты. Жасақталған пәтерде қазақ, өзбек, ағылшын, орыс және араб тілдерінде жазылған әдебиеттердің үлкен партиясы табылды.

Осы партияның белсенді мүшелерінің атқаратын қызметі, тек қана Кеңтау, Шымкент және Түркістан қалаларында ғана емес, сонымен қатар Ислам халифатын құру идеясын насихаттайтын баспа қағаздары Жетісай, Сарыағаш, Арыс аудандарында анда-санда пайда болады.[19]

Дей тұрғанымен, қазіргі таңдағы құқыққа қарсы мұндай сипаттағы әрекеттерді реттейтін заңнамалардың мәселе болуына қарамастан, тәжірибеде прецедент орын алды. 2003 жылдың маусымында Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының шешімі бойынша «Хизб-ут-тах-рир» партиясының екі мүшесі баспа қағаздарын таратқаны үшін, әлеуметтік, ұлттық және діни араздықты қоздыру айыбы бойынша үш жылға бас бостандығынан айырды.

Көңіл аударуға тұратын мәселе, Қазақстандық азаматтардың исламдық сипаты бар шетел теологиялық оқу орындарында дәріс алуы. Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің ақпараттары бойынша шетел ланкестік және діни экстремистік ұйымдардың өкілдері жас адамдардың сана-сезімдерін идеологиялық қңдеуден өткізу әрекеттерінің қарқынды түрде өсуі жөнінде куәландырулар бар. Теологиялық оқу пәндерән оқытумен қатар, қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерінен шыққан кейбір жеке студенттер идеологиялық әсерге ұшырап, экстремистік топтардың атқаратын қызметіне кірісті. Олардың кейбіреулері боевиктерді дайындауға арналған лагерлерге жіберілді. Онда олар диверсиялық, ланкестік және жару әрекеттерін жүзеге асырудың арнайы дағдыларына оқытылады. Ақырында экстремистік бағытты ұстанатын жергілікті фундаменталистік сипаты бар ислам қауымдастықтары Республика аумағында пайда болды және өзінің қызметін белсенді түрде дамытты.

Қазақстанда терроризм таралуының өсу қаупі ауқымдылық жағынан мына жағдайға байланысты: бірқатар шетелдік ланкестік құрылымдарда біздің республикамызда тұратын, көптеген диаспоралардың өкілдері болып келетін этникалық-экстремистік топтардың отандастары бар. Ланкестік ұйымдардың эмиссарлары мен мүшелерінің аталған этностарға әсер ету мақсаттары және сол этностардың ішінде басқа мемлекеттерде жасаған қылмыстары үшін іздеу салудан жасырыну ойлары анықталды. Мысалы, Солтүстік Кавказдың заңсыз әскериленген құрылымдардың, біздің Республика аумағында боевиктерін жасыру мақсатында Қазақстан Республикасындағы Шешен диаспорасы өкілдерін пайдалану тенденциясынің өршуі.

Бүгінгі күні экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселесі Орта Азия аумағы үшін өте өткір болып тұр. Ал Қазақстандағы осы мәселеге орай шектен тыс құбылыстардың елеулі дәрежеде қауіпті болып көрініс таппауы – мемлекеттің бұл бағытта бірте-бірте іске асыратын алдын-алу және профилактикалық шараларды қолданудың қорытындысы болып табылады.

Терроризм мен экстремизм таралуының әлемдік тенденциясы, халықаралық ланкестік және діни экстремистік ұйымдардың Орта Азия аумағындағы мемлекеттеріне қарай бет бұруы антитеррор бағыты бойынша елдің заңнамалық жүйесін түптамырымен реформалауды қажет етеді. Бұл жұмыстың ауқымды бөлігі ұлттық қауіпсіздік органдарымен іске асырылды. Нақ осы аталған органдар, көп жағдайда, құқықтық аядағы өзгертулер мен жаңғыртуларды енгізу мен қолдануды жүзеге асырудың инициаторлары болып шыққан.

Информация о работе Қазақстан Республикасында терроизм және экстремизммен күресудегі халықаралық-құқықтық нормалар