Қазақстан Республикасында терроизм және экстремизммен күресудегі халықаралық-құқықтық нормалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 12:15, курсовая работа

Описание

Жаңа заман кезеңінде халықаралық құқық - құқықтың әр саласындағы халықаралық қатынастардың күшеюімен байланысты елеулі оң өзгерістерге ұшырап жатыр. Халықаралық қауымдастық, бүгінгі күні, халықаралық құқық нормалары мен қауіпті соғыс конфликтілерін, саяси қақтығыстарды бейбіт жолмен шешудегі ауқымды тәжірибесімен осы жұмыста қарастырғалы тұрған экстремизм және терроризм мәселелерін дұрысшешуге шамасы жетерлік деген ойдамыз.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

І Орта Азиядағы экстремизм және ланкестік әрекеттердің жандану себептері мен ерекшеліктері
§ 1. Экстремизм. Түсінігі, себептері және түрлері...............................................5
§ 2. Орта Азия аумағындағы діни экстремизм ерекшеліктері. Оның ішкі және сыртқы таралу факторлары.........................................................................16

ІІ Қазақстанның Орта Азия аумағындағы қауіпсіздік пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі орны
§ 1. Қазақстанның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне іштен іру факторларының төндіретін қауіптері...............................................................................................20
§ 2. Қазақстанның саяси тұрақтылығы мен тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне сырттан келетін қауіптерді алдын-алу және жою..............................................29

ІІІ Азия мен Қазақстанда экстремизм және терроризммен күресудегі халықаралық-құқықтық нормалары
§ 1. Орта Азия аймағындағы экстремизм және терроризм көріністерінде адам құқықтарының бұзылуы мен оларды қорғау мәселелері...................................39
§ 2. Терроризм және экстремизммен күресуге бағытталған халықаралық ұйымдардың қызметі.............................................................................................47

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................49

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................53

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Республикасында терроизм және экстремизммен күресудегі халықаралық-құқықтық нормалар.DOC

— 411.00 Кб (Скачать документ)

Бішкекте өткен 2000 жылдың тамызында Орталық Азия мемлекттері басшыларының кездесуінде Қазақстан, Өзбекстан және Қырғыстанның боевиктердің тықсыруына қарсы тұру әрекеттері жөнінде талпынысын қолдады және халықаралық терроризм құбылыстарына бірлескен қарсылоықты ұйымдастыру жөнінде бірқатар ынтасын ұсынды. Сол жылдың қараша айында Қазақстан Парламенті Ташкент Келісімін ратификациялады.[32]  2001 жылы қазан айында Бішкекте өткен Саммитте жергілікті коалициялық әскери топшаларын құру жөнінде шешім қабылданды. Мәні бойынша бұл шешім жергілікті қауіпсіздіктің жаңа жүйесінің фундаментін қалыптастырды.

Орта Азия және Қазақстан мемлекеттері үшін үлкен саяси маңыз, 2000 жылдың жазында Душанбеде өткен Шанхай форумының бес мемлекеттер басшыларының кездесуі барысында бірқатар келісілген шешімдер мен бекітілген аймақтағы экстремизм және терроризммен біріккен күресу жүргізу ерлігін атап өту жөн. Бұл Шанхай форумының аймақтағы қауіпсіздікке төндіретін жаңа қауіппен күресудегі потенциалын пайдалануына жақсы негіз қалыртастырады.

2000 жылы терроризм, сепаратизм және экстермизммен күресу жөнінде Шанхай Конвенциясы қабылданды (Шанхай, 2001жыл 15 маусым).[33]

Конвенцияға сәйкес Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарлығының мақсаттары мен қағидаларын басшылыққа ала отырып, ең алдымен, халықаралық бейбітшілік және қауіпсіздікті сақтау, мемлекеттер арсында достық қатынастар мен ынтымақтастықты дамытуды көздедйі; терроризм, сепаратизм және экстремизм халықаралық бейбітшілік және қауіпсіздікке, мемлекеттер арасында достық қарым-қатынастардың дамуына, сонымен қатар адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға қауіпті екенін біле тұра; аталған құбылыстар Жақтардың аумақтық біртұтастығы мен қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіретінін, сонымен қатар олардың саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына қатер төндіретінін мойындай тұра; 1998 жылдың 3 шілдеде Алматы бірлескен мәлімдемесінің қағидаларын, 1999  жыл 25 тамыздың Бішкек Декларациясын, 2000 жыл 5 шілдегі Душанбе Декларациясы және 2001 жыл 15 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру туралы Декларациясын басшылыққа ала отырып, ланкестік әрекеттерді алдын-алу, ашу және бұлтартпау аясындағы ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Қатысушы мемлекеттер қажетті болуы мүмкін шараларды қабылдайды. Соның ішінде, сәйкес жағдайда ұлттық заңнама аясында. Яғни ланкестік актілер ш жағдайда саяси, философиялық, идеологиялық, ұлттық, этникалық, дәни немесе басқа аналогиялық сипаттағы ой – пікрлерімен ақталмауын қамтамасыз етуді жүзеге асыру және, егер мұндай әрекеттер орын алатын болса, олардың ауырлық деңгейіне сәйкес жаза қолдануды көздейді (3 бет).

2005 жылы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мүше мемлекеттері терроризм, сепаратизм және экстремизммен күресудегі ынтымақтастық концепциясын жобалаған.[34]  Концепция Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мүше мемлекеттері терроризм, сепаратизм және экстермизммен күресудегі, сонымен қатар оны жүзеге асыру механизмі аясындағы ынтымақтастықтың негізгі мақсаттарын, міндеттерін, қағидаларын, бағыттар мен нысандарын анықтайды. Концепция преамбуласында белгіленгендей ШЫҰ міше мемлекеттері терроризсм, сепаратизм және экстремизмді былай анықтайды:

- халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіреді, мемлекеттер арасында достық қарым-қатынастардың дамуына, сонымен қатар адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарынжүзеге асыруға кедергі келтіреді;

- ШЫҰ мүше мемлекеттерінің аумақтық біртұтастығы мен қауіпсіздігіне, сонымен қатар олардың саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына қауіп-қатер төндіреді;

- Ланкестік актілер, олардың себептерін, олардың себептеріне байланыссыз, ешқандай жағдайда ақталуы мүмкін емес. Ал оларды жүзеге асыруда кінәлі ұйымдар мен тұлғалар жауапкершілікке тартылуы керек.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мүше мемлекеттері Біріккен Ұлттар Ұйымы Жырлығының мақсаттары мен қағидаларына ұстанушылығын, басқа да халықаралық бейбітшілік, қауіпсіздік және көрші достық қатынастардың дамуын, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сонымен қатар мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты қолдауға байланысты жалпы танылған халықаралық құқық қағидалары мен нормаларын қолдайтынын бекітті.

Концепцияға сәйкес, ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары болып мыналар табылады:

- Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мүше мемлекеттері өз аумағында орналасқан республика азаматтары мен басқа тұлғаларды терроризм, экстремизм және сепаратизм қауіптерінен қорғауды қамтамасыз ету;

- Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мүше мемлекеттерінің антиланкестік потенциалын дамыту.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мыналар:

- Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мүше мемлекеттері терроризм, экстремизм және сепаратизммен күресу аясында біртұтас саясатты қалыптастыру және атлмыш қызметті мемлекетаралық үйлестіруін жүзеге асыру;

- Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мүше мемлекеттерімен тиым салынған террористік, сепаратистік және экстремистік ұйымдардың қызметін тоқтатуға баяланысты біыңғай жоспарды құру, соның ішінде аталмыш ұйымдардың тізімін құрып, олардың қаржылық капиталдары мен мүліктерін конфискациялауды жүзеге асыру;

- Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мүше мемлекеттерінің антиланкестік потенциалын жүзеге асыру мен дамытуды қамтамасыз ету;

- Терроризм, сепаратизм және экстремизм сипаттағы қызметі үшін жазаның мызғымастығы мен қайтарымсыздығын қамтамасыз ету;

- Террористік сипаттағы қылмыстарды жасағаны үшін немесе жасады деп сезіктелген халықаралық іздеуге жарияланған тұлғалардың  бірыңғай іздеу реестрін құру және жүргізу;

- Терроризм, сепаратизм және экстремизммен күресуде ынтымақтастықтың құқықтық негіздерін дамыту;

- Терроризм, сепаратизм және экстремизммен күресуде мемлекетаралық шаралр жүйесін қалыптастыру және жүзеге асыру.

Жан-жақты ынтымақтастықтың қағидаларына сүйене отырып, 2000 жылы Ташкентте Қазақстан Республикасы, Қырғыстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасында «Терроризммен, саяси және діни экстремизммен, ұйымасқан трансұлттық қылмыстылықпен және Жақтардың тұрақтылығы мен қауіпсіздігі қауіптерімен күресудегі біріккен қызмет жөнінде» Келісімге қол қойылды. Келісімге сәйкес, Жақтар мемлекеттердің бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін, адам құқықтарының бұзылуына, қоғамның бостандықтар мен демократиялық негіздерін таптауға әкелетін терроризм, экстремизм және барлық нысандардағы ұйымдасқан трансұлттық қылмыстылықтың даму тенденциясы мен көлемінің өсуімен толғанатындығын жариялады. Мүше мемлекеттер азаматтардың өміріне, құқықтары мен заңды көзқарастарына, мемлекеттердің аумақтық біртұтастығы мен егемендігіне қылмыстық қолсұғушылықтан мықты қорғануды қамтамасыз ету ұмтылысын айқындады; олар саяси, идеологиялық , ұлттық-этникалықғ діни немесе басқа сипаттағы ой-толқындары ақталуы мүмкін емес терроризмді, саяси және діни экстремизмді бірауыздан ұсынады; ланкестер мен экстремистерге баспана беруге немесе олардың шарттарына көнуге қарсы тұратындығын жариялады да, оған қоса жасаған әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға ұмтылатынын және осы мақсаттарға орай мүдделі мемлекеттерге қылмыскерді беру туралы халықаралық шарттардың негәзәнде тапсыруды шешті. Жақтардың ынтымақтастығы олардың Орталық құзіретті органдары арқылы жүзеге асырылады.

Келісімнің 6 бабына сәйкес мүше мемлекеттер өз елдерінің заңнамаларына сәйкес келесі қылмыстық әрекеттерді алдын-алу, ашу, бұлтартпау және тергеуде ынтымақтасуға міндеттеледі:

- терроризм - тұтқындарды ұстау, диверсия, ұйымдасқан қылмыстылық пен басқа да қоғамдық қауіпсіздікке  қауіпті қолсұғушылық;

- әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік және діни қайшылықтарды жандандыру;

- саяси және діни экстремистік актілер;

- ланкестер мен экстремистерді дайындау орталықтарын қйымдастыру және қызметін жүзеге асыру;

- қару-жарақтардың , әскери құрылғылардың , жарылғыш затар мен құралдардың, радиоактивті материалдардың заңсыз айналымы;

- есірткі заттардың және психотропты заттардың заңсыз айналымы;

- контрабанда, кеден және салық заңнамаларының бұзылуы;

‑ заңсыз көші-қон;

- автокөлік құралдарымен байланысты заңсыз операциялар;

- экономика аясындағы қылмыстар, заңсыз қаржылық операциялар;

- жасанды паспорттар және басқа да жеке басын куәландыратын құжаттарды, құнды қағаздар мен ақшалай белгілерді заңсыз жасау және тарату, сонымен қатар оларды жасауға арналған техникалық құралдарды тарату;

- Жақтардың ынтымақтастығын қажет ететін басқа да ұйымдасқан трансұлттық қылмыстылық нысандары.

Қазақстанның аймақтық ынтымақтастық щеңберінде терроризм және экстремизммен күресу аясындағы халықаралық ынтымақтастығы күшее түсуде.

Қазіргі таңда Қазақстандық мамандардың аталмыш аядағы бірқатар Батыс және Азия мемлекеттерінде тәжірибе алмасу мен оқыту жөнінде келісімдерді бекіту туралы мәселе қарастырылып жатыр.[35] Республикада заңнама деңгейінде үлкен жұмыс өткізіліп жатыр. Қазақстан терроризммен күресуде бірқатар маңызды көрсеткіштерге қол жеткізді. Ланкестік әрекеттердің ошақтарына тиесілі болмаған Қазақстан АҚШ, Ауғанстан, Ирактағы орын алған оқиғалардан бұрын барлық ланкестік әрекеттерден азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын бірқатар нормативтік актілерді қабылдаған.

Орта Азия мемлекеттері сүйенетін орталық құжат болып «Терроризммен күресудегі құқықтық нормалар мен адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша» Халықаралық Заңгерлер Комиссиясының Декларациясы табылады (Берлин Декларациясы).[36]

Декларацияда құқықтық нормалар мен адам құқықтарын қарсылықтың күрделі екені туралы анақтайды. әлемнің барлық аймақтарында терроризм қаупіне қарсы тұру әрекеттерінің барлықтарына мәлім және жалпыға бірдей құқықтық қағидалар жеткілікті дәрежеде жетілген деп айту қиын. Адам құқықтарын заңи қорғау аясында күптеген жетістіктер ланкестердің объектілеріне айнала бастады.

Терроризм адам құқықтарына үлкен қауіп түндіреді. ХЗК терроризмді сынап, барлық мемлекеттердің міндеті – ланкестік әрекеттерге қарсы әсерлі шараларды қолдану екенін жариялады. Халықаралық құқық бойынша мемлекетте барлық аддамдардың қауіпсіздігін қорғауға құқығы мен міндеті бар.

2001 жылдың қыркүйегінен бастап көптеген мемлекеттер жаңа контртеррористік шараларды қабылдай бастады. Бірақ олар мемлекеттердің халықаралық міндеттемелеріне қарсы тұрады. Бірқатар мемлекеттерде 2001 жылдың қыкүйегінен кейін тұрақтанған әлсіз климат кейінірек орын алған адам құқықтарын бұзушылықтарын ақтау себепшісі болды.

Мемлекеттер ланкестік қызметті жоюға бағытталған шараларды қабылдау барысында құқықтық нормаларды қатаң ұстану керек, оның ішінде қылмыстық және халықаралық құқықтың негізгі қағидаларын, сонымен қатар адам құқықиары жөнінде халықаралық заңнамаларындағы нақты нормалар мен міндеттемелерді, босқындар туралы заңнамаларын, сәйкесінше жағдайларда гуманитарлық құқық қағидалары. Бұл қағидалар, нормалар мен міндеттемелер терроризмге қарсы өкіметтің заңды әрекеттерінің рұқсат етілген шекараларын айқындайды. Ланкестік әрекеттердің жексұрын сипаты мемлекеттер үшін өз халықаралық міндеттемелерін, әсіресе, адам құқықтарын фундаментальді қорғауға байланысты орындамауға негіз немесе сылтау бола алмайды.

Қауіпсіздік жөнінде бел ала бастаған додаларда фундаменталды құқықтар мен бостандықтарды терроризмді түпкілікті жоюға құрбан етуге идеялары насихатталуда. Алайда терроризм қаупі төніп тұрған адам құқықтарын қорғаудағы мемлекеттің борышы мен оныі бұл қорғауды жүзеге асыру барысында қалған құқықтарды бұзылмайтындығын кепілдейтін міндеті арасында ешқандай құқықтық коллизия жоқ. Керісінше, ланкестік әрекеттерден адамды қорғаумен қатар, адам құқықтарын құрметтеуде мемлекет қолдауға міндетті бірегей қорғау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Соңғы кездері орын алған қайғылы оқиғаларды еске ала отырып, ХЗК терроризмді басуда мемлекеттер келесі қағидаарды толығымен орындау керек екенін жариялайды:

1) Қорғау міндеті. Мемлекеттің құзіретіне жататын бүкіл аумақтағы, сонымен қатар ол оккупациялаған немесе бақылаудағы жерлерді қоса алғанда, адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге және құрметтеуге міндетті. Осы мақсатта барлық контртеррористік шаралар заңдылық қағидалары қажеттілікттің, дискриминациясыз жолмен жүзеге асырылуы міндетті.

2) Сот органдарының тәуелсіздігі. Контртеррористік шараларды жүзеге асыру барысында мемлекет сот органдарының тәуелсіздігінің кепілі болуы керек. өкіметтік органдар сот процедураларына араласа алмайды және сот шешімдеріне сенімсіздік білдіре алмайды. Олар жариялаған шешімдерге көнуі керек.

3) қылмыстық құқықтың қағидалары. Мемлекет контртеррористік шараларды асыра пайдалануды болдырмауға міндеттенеді.

4) құқықтардың мызғымастығы. Мемлекет халықаралық шарттар немесе әдет-ғұрып құқығы бойынша қалыптасқан құқықтардың әрекетін тоқтата алмайды. Мемлекет нәсіліне, түсіне, жынысына, дініне, тіліне, саяси немесе басқа ұстанымдарына, ұлттық, әлеуметтік немес этникалық тұрғыдағы пікірлерді, меншік немесе басқа жағдайларға байланысты дтскриминацияға ұшырауды болдырмау шараларымен қоғамды қамтамасыз етуі қажет.

Информация о работе Қазақстан Республикасында терроизм және экстремизммен күресудегі халықаралық-құқықтық нормалар