Қазақстан Республикасында терроизм және экстремизммен күресудегі халықаралық-құқықтық нормалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 12:15, курсовая работа

Описание

Жаңа заман кезеңінде халықаралық құқық - құқықтың әр саласындағы халықаралық қатынастардың күшеюімен байланысты елеулі оң өзгерістерге ұшырап жатыр. Халықаралық қауымдастық, бүгінгі күні, халықаралық құқық нормалары мен қауіпті соғыс конфликтілерін, саяси қақтығыстарды бейбіт жолмен шешудегі ауқымды тәжірибесімен осы жұмыста қарастырғалы тұрған экстремизм және терроризм мәселелерін дұрысшешуге шамасы жетерлік деген ойдамыз.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

І Орта Азиядағы экстремизм және ланкестік әрекеттердің жандану себептері мен ерекшеліктері
§ 1. Экстремизм. Түсінігі, себептері және түрлері...............................................5
§ 2. Орта Азия аумағындағы діни экстремизм ерекшеліктері. Оның ішкі және сыртқы таралу факторлары.........................................................................16

ІІ Қазақстанның Орта Азия аумағындағы қауіпсіздік пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі орны
§ 1. Қазақстанның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне іштен іру факторларының төндіретін қауіптері...............................................................................................20
§ 2. Қазақстанның саяси тұрақтылығы мен тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне сырттан келетін қауіптерді алдын-алу және жою..............................................29

ІІІ Азия мен Қазақстанда экстремизм және терроризммен күресудегі халықаралық-құқықтық нормалары
§ 1. Орта Азия аймағындағы экстремизм және терроризм көріністерінде адам құқықтарының бұзылуы мен оларды қорғау мәселелері...................................39
§ 2. Терроризм және экстремизммен күресуге бағытталған халықаралық ұйымдардың қызметі.............................................................................................47

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................49

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................53

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Республикасында терроизм және экстремизммен күресудегі халықаралық-құқықтық нормалар.DOC

— 411.00 Кб (Скачать документ)

Бүгін нақты белгіленген мақсаттармен жүйеленген әрекет ету бағдарламасы бар. Бұл бағдарлама барлық мүдделі мемлекеттік органдардың ынталарын біріктіреді. Аталмыш жобаның үйлестірушісі болып Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті анықталды. Айта кету керек, бұл бағдарлама тек күштеу әдістерінен ғана тұрмайды. Экстремизм және терроризммен күресу мәселесін мұндай жолдармен шешуге болмайтыны бәріне мәлім. Ең бастысы, қажетті жағдайды қалыптастыру, яғни - әлеуметтік-саяси, экномикалық, мәдени жағдайларды ұсыну арқылы экстремистік идеялар мен оқуларды ұстанушылар мен насихаттаушылардың жігерін әлсіздендіру. Діни идеяларға сүйенетін ланкестер, діни имандылықтың алтын ғасырын қайта жаңғыртуға күреседі деп мәлімдейді. Саяси мәселелер мен өз идеялары үшін күрес, олардың алдында киелі парыз. Боевиктердің сенімі бойынша олардың күресі жоғарыдан «аспаннан» берілген, ал зомбылық актілері оның негізгі элементтері болғандықтан, оларды іске асыру масштабы ешқандай шектеліне алмайды.

Бұл жағдайда, ең алдымен, ланкестерді ұлы қиындықтарды өтетін күресушілер «ертегі» атақтарынан айыру қажет. Сонымен қатар зорлық, зомбылық және құдалау «имандылыққа күресушілер», жалғыз дұрыс сана-сезімдік және діни ақиқатты уағыздаушыларды болдырмауын кесу. Адам санасында қандай да бір террористік акт немесе қауіп жасағаны үшін оны жасау себептерін қанша ақтағанымен қауіпті қалмыс болып табылатынын қалыптастыру. өйткені ислам болсын, қандай да бір басқа дін болсын өздерінде ешқандай кері потенциалды ұстанған жоқ. Ал халықаралық ланкестік ұйымдардың рухани басшылықтың діни оқуларындағы бұл ірекеттерді ислам дінімен жанастырып талқылауы жалған және құлақ саларлықтай мәселе емес. Осы заманды өзекті болып отырған мәселе – уландырушы заттарды пайдаланумен қатар ланкестік және диверсиялық сипаттардағы қауіптерден ірі тұрғын мекендердің микроқұрылымы мен стратегиялық объектілерін қорғау болып табылады (өлімге әкелетін бактериялар мен вирустар, сонымен қатар радиоактивті материалдар).

Ланкестік әрекеттермен күресу мәселесін шешу мемлекетаралық әртүрлі деңгейдегі өзара әрекеттестікті қажет ететінін есепке алатын болсақ, бұл салада Республикамызбен бірқатар халықаралық және мемлекетаралық келісімдер мен шарттарға қол қойылды.

Қазақстан Республикасы ланкестік әрекеттермен күресу аясында анағұрлым тығыз ТМД мемлекеттері, сонымен қатар ШЫҰ (Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы) щеңберінде Қытаймен өзара әрекеттеседі. Ланкестік әрекеттермен күресудегі өзіндік белгілі бір үлесін түркі тілдес мемлекеттермен келісімдердің негізінде құрылған ынтымақтастық енгізеді. Осы уақытта Қазақстан халықаралық қылмыстарға және ланкестік әрекеттерге қарсыласу аясындағы ынтымақтастық жөнінде он үш мемлекеттермен екіжақты келісімдер бекітті.

Көрші мемлекеттердің тәжірибесіне сүйене отырып көретініміз мынау болып табылады: діни экстремизмді дұрыс бағаламау және оның кқріністеріне барабар емес жауабы жағымсыз салдарға әкеліп соқтырады. Сондықтан бұл мәселені шешу барысында мемлекет және қоғамның қоластындаңы бар мүмкіншіліктің толық кешенін пайдалану қажет.

Дегенмен, шетелдік тәжірибе көрсетіп тұрғандай, ешқандай керемет дамыған экономкалық және әскери қуат, ешқандай жоғары ақы алатын және жаңа заман технологиясымен жабдықталған арнайы қызмет органдары террорға қарсы тұра алмайды, егер де өздерінің туыстары мен жақындары, отбасы ошағының тыныштығын сақтауға мүдделі, өз Отанының патриоты болып табылатын жеке адамдардың көмегі болмаса. Біздің мемлекетіміздің қауіпсіздігін қорғау – әрбір азаматтың конституциялық борышы. Бұл мәселені шешуге, меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар көмектесууге міндетті. Сонымен қатар руханият, шығармашылық және ғылыми интеллигенция, Бұқаралық ақпараттар құралдарының позициясы да өте маңызды. Бейбітшілік және қауіпсіздік жағдайында демократиялық Қазақстанның әрі қарай өркендеудегі қажетті шарты ретінде жоғарыда аталған тұлғалардың экстремизм және терроризм жандануыныі пайда болуымен күресу ғана емес, оған қоса, оны алдын алуға қатысты азаматтық позициясы болып табылады.

Өзбекстанның Ферғанадағы оқиғалары Мәскеу мен Вашингтонда алаңдатушылық туғызды. Бұл мемлекеттердің сарапшыларының пікірлерінше, Ташкенттің құлауынан кейін, Тәжікстнадағы Имомали Рахмоновтың сыбайласқан жемқорлық режимі де құлдырайды. Кейін ислам революциясының толқыны солтүстікке қарай жылжып, кем дегенде, Каспий теңізінің солтүстігінен Арал және Балқаш көлдеріне дейін өтетін елестенген траектория бойынша қозғалады.

Бұл аймақты бақылайтын арнайы қызмет органдары мамандарының ойы бойынша, нәтижесінде Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыстанның үлкен бөлігі, Оңтүстік Қазақстан және Ауғанстанды қамтитын жабық аумақ пайда болады. Күресуші фанатиктердің жоспарында белгіленген аумақта ислам халифатын құру болып табылады. Қазіргі таңда бұл жоспарды жүзеге асыруға тиісінше анағұрлым қолайлы жағдай бел алып отыр.[20]

Қазақстанда 2004 жылдың аяғында «аль Каида» халықаралық ланкестік желісі құрамына кіретін «Орта Азия моджахеттері Джамааты» атты экстремистік топтың қызметі айқындалып, кесілген болатын. Аталған топ Қазақстан, Өзбекстан, Қырғыстан және Ресей аумақтарында әрекет етті. «Орта Азия моджхеттері Джамааты » тобының басшылары мен мүшелері және аталмыш ұйымның делдалдары тұтқындалған. Тұтқындалғандардың ішінде тоғыс Қазақстан азаматтары, Өзбекстанның төрт азаматы, сонымен қатар өзін өзі өлтіруші ретінде дайындалған төрт әйелі болды. Қылмыстық топтың мүшелерінен: Усама бен Ладеннің жолдауын қоса алғанда террорға шақыратын мазмұны бар әдебиеттер, экземпляр және екі мыңға жуық ауди-видео кассеталар, жалған паспорттар мен оларды жасауға арналған құрал-жабдықтар, қару-жарақтар, оқ ату құралдыры мен жарылғыш заттар компоненттері табылған және тәркіленген. «Джамаатты» басқару, басшыларды-әмірлерді тағайындау арқылы шетелден жүзеге асырылды. Әшкереленген топтың басшылары 2002 жылға дейін «Өзбекстанның ислам қозғалысы» құрамына кірген, олар Ауғанстанда әскери дайындықты өту барысында «әл Каида» инструкторларының оқытуымен жарылыс жасау және барлау қызметін ұйымдастыруды үйренді.

Екі жылдың ішінде аталған тұлғалар Өзбекстандық елуге жуық және Қазақстандық жиырмаға жуық өз қатарларына тартып, оларды «әл Каида» және «Талибан» қозғалысының лагерлерінде әскери іске даярлады. Одан басқа Қазақстан аумағында да боевиктерді дайындауға арналған шынықтыру базасы құрылды.[21]

2005 жылдың наурызында Қазақстан Жоғарғы Соты жеті халықаралық үйымдарды ланкестік деп таныды және Республика аумағында олардың қызметіне тиым салды. Соттың шешіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы аумағында келесі халықаралық ланкестік ұйымдардың қызметіне тиым салынды: «Асбаталь-Ансар», «Мұсылман бауырлар», «Талибан», «Бозгурд», «Орталық Азия моджахедтерәһінің Джамааты», «Лашкар‑и-Тайба» және «Әлеуметтік реформалар қоғамы». Бұл ұйымдар ланкестік деп танылды және бірқатар басқа мемлекеттердің аумқтарында да тиым салынды.

2005 жылдың мамыр айында Алматы қаласында полиция қызметкерлері «Хизб-ут-тах-рир» экстремистік ұйымының баспаханасын жапты. Бұл баспаханада басатын құрал – саймандар мен бірнеше мың брошюралар мен қағаздар тәркіленді. Аталған баспа өнімдерінде экстремистер Орта Азия аумағында орнатуды армандайтын ислам халифаты туралы сенушілерге жұмақтағы рахат секілді сезімді әкелетінін әдемілеп, нақтылап баяндайды.[22]

2005 жылдың қаңтарында Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі Контрагенттік комитетінің IV арнайы отырысы өтті. Отырыстағы өзінің сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев, терроризм мен экстремизм мәселелері Қазақстан үшін де өте өзекті болып табылады, деп мәлімдеді. Оның баянында ерекше аталып өткен жағдай Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі бірден бір басымды бағыттарының бірі болып терроризмге қарсы тұру әрекеті табылады. Мемлекет басшысы Республикада орын алған кейбір алдын алу шаралары жөнінде де сөз қозғады.

Біріншіден, Республика Біріккен Ұлттар Ұйымының терроризмге қарсы күрес жөнінде барлық он екі Конвенцияларына қосылды.

Екіншіден, Қазақстанда ведомствоаралық координацияның әсерін күшейту, антитеррорлық заңнамалардың сақталуын және тиесілі мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылауды қатаңдатуға бағытталған Ұлттық антитеррористік Орталық құрылды.

Үшіншіден, Ұлттық заңнама жетілдендіріліп жатыр. Бөлек алған ұйымдарды экстремистік деп идентификациялауды сот тәртібімен жүргізу жоспарлануда.

Төртіншіден, Қазақстанда ланкестік ұйымдардың белсенді қызметін жоюға бағытталған жұмыс атқарылуда.

Бесіншіден, біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Комитеті шешімдеріне сәйкес мемлекетте ланкестік ұйымдарды қаржыландыруға және ақшаны заңсыз алуға байланысты қарсылық жүйесі қалыптасты.[23]

Аталған шараларды қолдануына қарамастан экстремистік ұйымдардың қызметі белсендей түскенін, амал жоқ, атап өту керек. Оған дәлел ретінде, 2003 жылы мың баспа қағаздары тәркіленсе, 2004 жылы он бір мыңға жуық баспа қағаздары тәркіленіп, осыған сәйкес, 100 аса адам қамауға алынды.[24] Бұл қызметтің белсенді болып отырғанына қарап, біз шетелден келетін ақшалай демеу тек әлсірей ғана қоймай, керісінше, күшее түскендігін байқаймыз.

«Московский комсомолец» газетінде халықаралық терроризмді қаржыландыруға қатысы болуы мүмкін әртүрлі мемлекеттерден шыққан ұйымдардың тізімі жарияланды. Олар:

Түркия – «Ұлттық қозғалыс партиясы», «Нурджулар діни бірлестігі», «Түркі мемлекеттері мен таптардың достастығы мен бауырластығы институты», «Туран мәдениетінің институты», «Кавказдың мәдени білім қоғамдық көмек институты».

Сауд Аравиясы – «Исламдық көмек халықаралық ұйымы», «Шындық ислам комитеті», «Екі киелі жердің қоры», «Келісім қоры», «Қызыл жарты ай Сауд қоғамы», «Ислам әлемінің лигасы», «Исламдық құтқару халықаралық ұйымы» (әл Игаса), «Исслам жастарының бүкіләлемдік лигасы».

Кувейт – «Қызыл жарты ай Кувейт қоғамы», «әл Игасаның біріккен Кувейт комитеті», «Құтақару қайырымдылық қоғамы», «Әлеуметтік реформалар қоғамы» (2004 жылы 26 ақпанда Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық академиясындағы білім беру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензия кері қайтарылды)[25], «Даава Исламия», «Халықаралық ислам комитеті», «Ислам халқының қоғамы».

Мысыр – «Насихаттау және көмектесу жөніндегі бүкіләлемдік Ислам Кеңесі» (Даава Игаса), «әл Аз - хар» діни университеті.

Бірақ бұл әлі мемлекеттер мен ұйымдардың толық тізімі емес. Оны толықтыру үшін көптеген ұйымдардың шынайы қызметтеріне көз салу қажет. Ал бұған ұзақ уақыт керектігі баршаға мәлім.

Сарапшылардың пікірінше, Орта Азия аумағында «Хизб-ут-тах-рир» экстремистік ұйымының жақтаушылар саны он мыңға жуық.[26] Олардың жақын болашаққа қойған мақсаттары – Орта Азия мемлекетеріндегі жағдайды тұрақсыздандыру. Арнайы қызмет органдарының ақпарттарына сүйенетін болсақ, заңсыз ұйымдардың көшбасшылары ұйымға жаңадан келушілерді қару-жарақ, жарылғыш заттарды қолдануды үйретуге көп көңіл бөлуде.

Экстремизмнің бел ала бастауының бірден бір қаупі экстремизм эмиссарлары өз жақтаушылар қатарына, ең алдымен, идеологиялық вакуумды пайдалана отырып, жастарды тартатыны болып табылады. Жастармен жұмыс  істеу мемлекеттік бағдарламаларының жоқтығы бұған өте қолайлы жағдай тудырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

§ 2 Қазақстанның саяси тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне сырттан келетін қауіптерді алдын алу және жою.

 

Адамзат XX ғасырда «Суық Соғыс» кезеңін басынан кешіріп, жаңа ғасырда жаңа жалпыәлемдік мәселе – халықаралық экстремизм мен терроризмнің агрессиялы көріністерімен соқтығысты. Қазақстан үшін бұл мәселе өзекті болып, ең алдымен, оның геосаяси орналасу географиясы есебінен болады. Мемлекет Шығыс және Батыс атты екі әлемнің қиылысқан жерінде көпір рөлін атқарып, екі «оттың» арасында орналасқан. Жан жақтан республика аумағына кез-келген уақытта өтіп кете алатын ыстық ошақтар орналасқан. Сондықтан халықаралық экстремизм және терроризмді Қазақстанның ұлттық нанымдарына ауқымды қауіп ретінде қарастыру қажет.

Әлемдік жаһандану жағдайында табиғи түрде жаңа қанаттық бағыты болып, яғни оның логикалық шарықтау шегі болып халықаралық терроризмді айтуға болады.

«Халықаралық» түсінігі, біріншіден, жергілікті түрлі ланкестік топтардың өзара әрекеттесуінде айқындалады. Белгілі бір өмір сүру деңгейін өткен соң бұл ұйымдар ынтымақтастыққа көшеді. Мысалы, Палестина лагерінде Еуропалық неоұлттық ұйымдардың, Жапонияның «Қызыл әскері», ИРА боевиктері әскери дайындықтарын өтеді. Ал ИРА болса, Еуропада ғана емес, сонымен қатар Азия, Америка Африка материктерінде өз лагерлерін орнатты; Ауғанстанда бүкіл әлемдегі әскери қақтығыстарға қатысатын боевиктерді дайындауға арналған лагерлер саны теңіздей көп.

Терроризм мен экстремизмнің бар болуы және жандануының себептері әртүрлі болуы мүмкін. Біріншіден, біздің планетамыздағы халықтың басым бөлігінің кедейлігі мен пана таба алмауы. Екіншіден, терроризм және экстремизм құбылыс ретінде жандануы мен көрініс табуы мемлекеттің саяси жүйесінде орын алып отырған қарама-қайшылықтарды басқа тәсілдермен шешуге жол берілмегенде пайда болады. Ал террордың нысаны мен әдісі ­бұл жағдайда қамтылған билік саясатына қарсы әрекет ету құралы ретінде шығады. Одан басқа терроризм және экстремизм жандану себептерінің  бірі, адамдардың әлеуметтік психологиясының қиындықтарында жасырынып отыр. Олардың көргенсіз санасында көп ғасыр бойы түрлі тарихи факторлармен түсіндірілетін, мысалы, ұлттық-этникалық немесе діни құдалау салдарынан әлемде теңдікті және әділеттілікті орнату мақсатында өзінің мықты қарсыласын қандай да бір дипломатиялық тұрғыда жеңе алмайтынын біліп, терроризмді бұл мақсатқа жету жолында күресу құралы ретінде таңдайды.

Информация о работе Қазақстан Республикасында терроизм және экстремизммен күресудегі халықаралық-құқықтық нормалар