Өндіріс саласының экономикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 22:31, методичка

Описание

Кез-келген мемлекеттің өндіріс саласы экономиканың дамуында маңызды рөл атқарады, қоғамның өндірістік күштерінің даму деңгейін, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу мерзімдері мен масштабтарын анықтайды. Қазақстан Республикасының елу бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылу стратегиясына байланысты ұлттық экономиканың дамуы мен басқарылуына деген жаңа талаптар қойылады. Өндірістік іс-әрекеттерді жүзеге асыру барысындағы экономикалық жеңілдіктермен қатар мемлекеттік реттеудің де жаңа экономика-құқықтық механизмдері тұжырымдалады. Ұлттық экономикадағы осы құралдардың і

Работа состоит из  1 файл

03 Өндіріс саласының экономикасы» TЦ.doc

— 381.50 Кб (Скачать документ)

Павлодар облысында  потенциалды кен рудасы, энергетикалық, металлургия, машина жасайтын және химиялық өнеркәсіптері құрылған. Әлемдегі ең ірі “Батыр”  көмір кесетін қондырғысы мен жылу электр станциясы Экібастұз қаласында ораналасқан. Ал, Павлодарда негізінен ферроқорытпа, трактор зауыты және мұнай өңдейтін аса қуатты ГРЭС Аксу қаласында, Бұлардың барлығы аймақтың экономикасының негізгі түйінін құрайды.. Ең үлкен тау-кен қазушы ЖШС кәсіпорыны “Аксес Көмір батыр” және Қазақстанда жалғыз ғана алюминий өндірісімен айналысатын «Қазақстан алюминий» зауыты осы облыста жұмыс істейді.

Әлемдегі ең ірі Қарашығанақ  мұнай және газды конденсаты Қазақстанның батыс облысынан табылған. Оны  игерумен «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг - БП » компаниясы шұғылданады. Компанияның  өнеркәсіптік өндірісте алатын үлесі 60%, сонымен қатар аймақтағы  мұнай газ құбырының ұзындығы 313 км құрайды. Облыс машина жасау және металл өңдеу өндірісімен де айналысады Облыстағы кәсіпорындар ауылшаруашылық машиналарға бөлшектер, тракторларға, автомобильдерге әртүрлі жабдықтар жасайды.

Әсерлі механизмдер  аймақтың кластерлерін жасауға мүмкіндік береді. Қызмет сфералары аймақтық кластерлерде аймақтарды мамандандырады  және әкімшілік - территориялық бірліктердің шекарасы, сонымен қатар көршілес аудандардың, облыстардың  шекараларын құрастырады.

Қоныстанған орындары және аудандардың өзіне меншікті кластерлерлерін жасауына тек қана облыстардың емес, сонымен қатар облыстың ішінде бағытталған аймақтықтық кластерлерде болады.

Мына үлгі негізінде  аймақтар ұйымдастырылады, табысты  қосқандар дүниежүзілік және аймақтық айырбастардың жүйесіне тауарлармен, қаржылармен, жұмысшы күшімен , технологиялармен және хабармен ( мысалы: Алматы қаласы және Алматы облысының қасында тұратын аумақтары), олардың бәсеке қабілеттілігін анықтайды .

Аймақтардың ірі секторлы шикізаттық кәсіпорындары қарқынды дамуда. Олар дамыған сайын бәсекеге қабілетті болады. Интеграцияланған компаниялармен жұмыс істеуі де неғұрлым оңай, әрі тәжірибе алмасуы да жылдамырақ болады.

Сондай жақын келу арқылы кәсіпорын экспорттық сектор дамуының мультипликаттігімен кең  әрі күшті әсерін танытады. Ұлттық үрдіске ауыса түседі.

Қазақстан экономикасына  инвестициялардың қарқынды құйылуы  құрылыс ұйымдардың жұмысын сапалы түрде өзгертеді және соныталап  етеді. Ең алдымен, қазіргі құрылыс  жұмыстарының технологиялық қуат-күшін  байытады. Күрделі механизмдерді ұғынады. Жаңа объектілерге көзқарас артады.

Құрылыс материалдардың, өнеркәсіптің, контрукциялардың Астанада бой көтеруі мәселен, Алматы, Атырау, Ақтау сияқты басқа қалаларға  өз әсерін тигізеді. Өндірісте темірбетонды, бетонды жеткізулерде әсіресе гипсокартондық бұйымдардың аса тиімді жылытқыштардың, пластикалық құбырлардың, құрылысты шынылардың, жеңіл құрылыс контрукциялардың, цементті бояғыш заттардың көлемі ұлғайып келеді.

Сайып келгенде, орта кәсіпкерлікті  дамыту арқылы мойнымыздағы ауыр жүктен арыламыз. Орта кәсіпкерлік біздің алға дамуымыздың нық кепілі. Және экономикалық институттар осыны сараптап, қорытындылай келе біздің ұлттық қорымызды құрайды. Осы кәсіпкерлік арқылы, тап осы секторда ұлттық қорлардың негізгі көпшілігі шоғырланған.

Құрылыс жұмысында жобалау  және құрылыс өнеркәсібі саласы басты  орынға қойылады. Біздің негізгі экономикалық қаржымыздың дені қазір осы өнеркәсіпке  кетіп отыр. Еліміздің саясатшылары ұзақ мерзімді концепция арқылы өнеркәсіпті  сұрыптап, құрылыс жобаларын тиянақтап, жаңа ұйымдар ашып, кәсіпорындарды жаңа технологиямен қаруландырып, экономикалық бағдарлама жасады. Бірақ соның өзінде де әлі де кемшін тұстарымыз көп-ақ.

Пәтер-үй салу мақсатында активтендіруші жағдайды тудырып, қаржы  қоры жасалды. Соның нәтижесінде еліміздің бірқатар аймақтарында құрылыс жұмысы қарқынды дамып, несиелер арқылы жаңадан салынған пәтер-үйлер берілді. Бұл кәдімгі шетелдік жүйе арқылы іске асып отыр.

Енді бір күрделі  құрылыс – Каспий маңындағы Теңіз  және Қарашығанақ мұнай-газды өнеркәсібінде жоспарланып отыр.

Техникалық қайта жабдықтау  мен жаңару бағдарламасы нәтижесінде  «ШНОС» ААҚ каталистік крекингі кешенінің  құрылысын аяқтауды қолға алуда. Кәсіпорынның көрсеткіші бойынша одан жылына 1 млн тонна жарық мұнай  өнімдерін алуға болады екен.

Кәсіпорынды дамыту арқылы «Қазақмыс» корпорациясы 87 миллион  долларға қуаты жылына 100 мың тоннаға  жететін орасан күшті мырыш зауытының  құрылысын аяқтамақшы.

 

2.    Мемлекеттік аграрлық саясаттың нәтижесінде ауылшаруашылығы өнімдері алғашқы жылдардағыдан артып, бәсекеге қабілетті дәрежеге көтеріліп отыр. Өндіріс тұрақтануының арқасында ауылшаруашылығы өнімі қарқынды дамып, елді азық-түлікпен қамтамасыз ету қоры құрылып, азық-түлік қауіпсіздігін қадағалау үстінде. Ол үшін алдағы жылдарға болжамдар жасалып, жоспарлар құрылады.

Аграрлық мәселесінің  орындалуы үшін саясатшылар келесі мақсаттардың шешімін болжайды:

- азық-түлікті мемлекеттік  резервтік жүйеден өткізу, бидай  дәндерінің жаңартылуы, тұқымдық  дәннің сапасы, жем-шөп тұқымдарын  ғылыми-технологиядан өткізу;

- элеваторлардың қызметін  лицензиялау;

- еліміз бойынша дәнді  қорларының қозғалыс мониторингін  қамтамасыз ету;

- мал өнімдерін сақтау, жұқпалы аурулардан сақтандыру, өсімдіктерді зиянкестіктен арлыту;

- ауылшаруашылық өндірісі  техникасын жаңарту, лизингтік жүйеге көшу;

- Мал шаруашылығы мен  құс шаруашылығын дамыту;

- мемлекеттік субсидия  арқылы минералды тыңайтқыштарды  тауып алу;

- ауылға несиелік көмек  көрсету;

- кепіл беру түрінде  астық өнімін қолхаттау;

- аграрлық секторға  несие беру түрін кеңейту;

- азық-түлік қауіпсіздік  концепцияларын жасау;

- ауылшаруашылығын ақпараттау  арқылы менеджмент түрін кеңейту;

- өндіріс мәдениетін  қалыптастыру үшін технологиялық  тәртіпке көшу, тыңайтқыштардың  орынды қолдануын және өсімдіктердің  қорғаныш химиялық құралдарын даярлау;

- жоғары сортты дәнді-дақыл  өнімдерін селекциялау, технологиялық  сапасын анықтау;

- отындық мал шаруашылығы  өнімін бәсекеге қабілеттілігін  арттырып, өнімділік сапасын жақсарту;

- мал шаруашылығы өнімін  сатып алу жайында мемлекеттік  корпорация бағдарламасын құру;

- ішкі займ арқылы суару технологиясын жаңарту;

Ақмола облысы еліміздегі аграрлы аудандарымыздың бірі. Ол аграрлық өндірістің еліміз бойынша жалпы 12% құрайды. Жер көлемінің дені егін шаруашылығына арналған. Ет-сүт өнімдерін өнідіруде де қарқынды дамып отыр. Агро кешенді облыс сондай-ақ, шикізат өндіруде де қазіргі таңда алдына жан салатын емес. Облыста құрылыс өнеркәсібі де өте жоғары деңгейде дамтылып келеді.

Ал, Қостанай облысы агроөнеркәсібі саласында маңдайалды облыстың бірі. Оның жалпы көрсеткіші 14 % құрайды. Мұнда да жоғарыдағы облыстардағыдай құрылыс саласы да, мал шаруашылығы да, өсімдік майын өндіру де алдыңғы орынға қойылып отыр. Бәсекеге де қабілеті күшті.

Павлодар аймағы да егісті алқаптарға бай. Мұнда 70 % егісті алқап десе де болады. Сондай-ақ, орман шаруашылығы да алдыңғы облыстардағыдай қарқынды дамып отыр.

Республикада жалғыз Оңтүстік Қазақстан облысы ғана мақта  және бақша өнімдерін дамытып  отыр. Бұл облыс қаракөл мен  биязы жүнді қой өсірумен де аты  шығып отырған аймақ.

Бұл күні Қостанай облысының  Сарыкөл мен Жітіқара аудандарында шетелдік инвесторлар өз қаржыларын төгіп, түрлі-түрлі кәсіпорындардың  көзін ашып отыр. Қаржылық климат бойынша  бұл аудандар келешекте қарқынды дамып, еліміздің экономикасының алға басуына көп көмегін тигізетін аймақ. Ұлттық өндірісті де негізгі нысанаға алып отырған бұл аудандардың болашағы да зор. Және қазіргі заңға сүйенген шетелдік кәсіпкерлердің, яғни инвесторлардың тұрақты нәтижелі базалары қа қалыптасып келеді.

Мемлекет саясатын тұрақты дамыту үшін қажетті қаржылық жағдайлар да қарастырылуда. Ұлттық өнеркәсіптің дамуына мемлекет ұзақ мерзімді бағдарламалар жасап, концепциялар жазуда.

Әсіресе, машина жасау  мен құрылыс өнеркәсібін дамыту алға қойылып отыр. Энергетикалық  ресурстарды да дамыту қолға алынуда. Ол үшін инвестиция төгу жоспарлануда. Табиғи қорларымызды да сақтау жоспарда бар. Жалпы инвестициялық потенциал арту керек. Ол үшін түрлі экономикалық зерттеу институттары құрылып, осыны мықтап қадағалап отыру қажет. Өндіріс факторларын күн тәртібінен қалдырмай қадағалап отыру дәстүрге айналу керек.

 

3. Қазақстан үшін қазігі басты мақсат – халықтың әл-ауқатының жақсаруы, қоғамдық-саяси тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық өсім, экономикалық қауіпсіздіктің беріктігі, сол арқылы әлемдік қауымдастықта беделіміздің артуы. Осы тұрақты үрдісте мына екі құжат жүзеге асады – Қазақстан 2030 дамы стратегиясы және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың дамыған елу елдің қатарына кіреміз деген бағдарламасы.

Елбасы Қазақстанның қарыштап дамып келе жатқанының ең негізгі көрсеткіші жоғарыдағы бағдарламалардың орындалу нәтижесі екенін алға тартады.

Экономикалық сөздікте диверсификация келесідей түсінік  береді: бұл ассортименттің көптүрлілігі, тауар түрінің өзгеруі, фирманың, кәсіпорынның жаңа бір өнім өндіру арқылы өндіріс тиімділігін арттыру, экономикалық тиімділігін арттыра отырып, банкроттыққа жол бермеу. Мұндай диферцификацияны өндіріс диферсивикациясы дейді, сонымен қатар өндіріс тиімділігін арттырып, шығындарды азайту. Мұндай диферсификацияны несиелік диферсификация деп атайды.

Үлкен энциклопедиялық  сөздікте диферсификацияға келесідей  түсінік береді – (лат. тілінен Diversificatio  - өзгеріс) – бұл яғни фирманың тікелей  өндіріске өтуі болып табылады.

Диверсификация өндірістің салааралық деңгейде шоғырлану процесімен және шаруашылықтың структуралық қайта құрылуымен байланысты, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін неғұрлым жақсы дамыды.

Өндіріс диверсификациясы – бір бірімен байланысты емес өндіріс түрлерінің бір мезгілде дамуы, бір кәсіпорын, концерн және т.б. шеңберінде өндірілетін бұйымдар ассортиментінің кеңеюі. Диверсификация өндіріс тиімділігін арттыру, экономикалық пайда алу және банкроттылықтың алдын алу мақсатымен қолданылады. 

Өндірістің көлденең диверсификациясы - өндірілетін өнім ассортиментін бұрынғылардан өзгеше, бірақ оны пайдаланатын тұтынушылар қызығушылығын тудыра алатын жаңа бұйымдармен толықтыру.

Диверсификация – кең мағынада - көп профильді өндіріс немесе құнды қағаздар портфелін құруға бағытталған стратегия.

Өнім диверсификациясы – бір ғана өнімнің көптеген модификацияларын өндіру.

Экспорт диверсификациясы – экспортқа арналған өнім мен көрсетілетін қызмет түрлері мен атаулары санын көбейту. Экспорт диверсификациясы шаруашылықты әр түрлі әдістермен жүргізуге жағдай жасайды, экономикаға шаруашылық конъюнктурасының тиімсіз теріс әсерін жеңу мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Конгломераттық диверсификация –қолданылатын технологияға да, фирманың қазір өндіретін тауарларына да еш қатысы жоқ бұйымдармен ассортиментті толықтыру.

Концентратты диверсификация – ассортиментті техникалық немесе маркетингтік тұрғыдан алғанда фирманың қазір өндіретін тауарларына ұқсас жаңа бұйымдармен толықтыру.

Диверсификация өндіріс тиімділігін  арттыру, экономикалық пайда алу  және банкроттылықтың алдын алу  мақсатымен қолданылады. 

Диверсификация екі  типке бөлінеді – байланысты және байланысты емес диверсификация. Байланысты  диверсификация  компания қызметінің  бизнестің қазіргі кезде бар облыстарымен (мысалы, өндірісте, маркетингте, материалдық жабдықтауда немесе технологияда) байланысты жаңа облысы болып табылады. Байланысты емес (латеральді) диверсификация – бизнестің қазіргі кезде бар сфераларымен айқын байланысы жоқ жаңа қызмет облысы. Байланысты диверсификация тік бағытты және көлденең бағытты болып бөлінеді. Тік бағытты диверсификация кезінде өнімдер мен қызметтер өндірістік процестің (өндірістік тізбектің, қосымша құн жасау тізбегінің) алдыңғы немесе келесі сатылары бойынша жасалады, яғни дайын өнімді өндіруші осы өнім үшін құрам бөлік болып табылатын өнімдерді жасай бастайды (тізбек бойынша кейін кету), мысалы, компьютер шығарушы өзі ЖК-матрицаларды өндіріп, сата бастайды немесе өнімді неғұрлым терең өңдеу нарығына шығады (тізбек бойынша алға кету), мысалы процессорларды шығарушы компьютерларды шығара бастайды. Көлденең бағытты диверсификация - өнімдерді өндірістік тізбектің сол сатысында өндіру. Мысалы, компьютер шығарушы теледидар шығара бастайды. Жаңа өнім немесе қызмет қолда бар бренд атымен немесе жаңа брендпен шығарыла бастайды (брендті кеңейту, мысалы: NIVEA брендін кеңейту).

Компания мысалында  диверсификация стратегиясын қарастырайық. Тез дамып келе жатқан нарықта  тұрақты бәсекелестік позициясы  бар компания алдында бірнеше  стратегиялық нұсқалар тұр. Олардың  қысқа мерзімділік жағынан ең жақсысы – бизнестің бір түрінде шоғырлануды жалғастыру. Саланың өсуінің жоғары қарқынын ескере отырып, компания үшін бұл жағдайда нарықтағы өзінің үлесін тұрақты ұстап қалуға немесе көбейтуге, компетенттілігін одан әрі арттыруға және капиталды дұрыс жұмсауды жалғастыруға ұмтылу тиімді. Диверсификация уақыты ішінара компанияның бәсекелестік позициясының функциясы, ішінара ескі салада қалатын мүмкіндіктердің функциясы болып табылады. Бір салаға жататын компаниялардың диверсификацияға деген әр түрлі көзқарастарын саналы түрде таңдап алуының және оларды әр түрлі уақытта жүзеге асыра бастауының белгісін  іс жүзінде көрсету мүмкін емес.

Информация о работе Өндіріс саласының экономикасы