Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 22:31, методичка
Кез-келген мемлекеттің өндіріс саласы экономиканың дамуында маңызды рөл атқарады, қоғамның өндірістік күштерінің даму деңгейін, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу мерзімдері мен масштабтарын анықтайды. Қазақстан Республикасының елу бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылу стратегиясына байланысты ұлттық экономиканың дамуы мен басқарылуына деген жаңа талаптар қойылады. Өндірістік іс-әрекеттерді жүзеге асыру барысындағы экономикалық жеңілдіктермен қатар мемлекеттік реттеудің де жаңа экономика-құқықтық механизмдері тұжырымдалады. Ұлттық экономикадағы осы құралдардың і
Әдебиет: 23, 333-335 бет
Бақылау сұрақтары:
1. Өндірісті қиыстыру ұғымы?
2. Қиыстыру формалары?
8 Тақырып Өндірістік сектор салаларының қорлары
Мақсаты: Экономика дамуына арналған шикізаттық және отын-энергетикалық қорлардың мәнін түсіну, заттық қорлардың орынды қолдану жолдарын зерттеу.
Жоспар:
1. Шикізаттық, заттық, отын-энергетикалық қорлар
2. Өнеркәсіп сала құрылымы: түсінігі, көрсеткіштері және анықтаушы факторлар
1. Өндіріс сферада қолданылатын барлық заттық қорлар шикізаттық және отын-энергетикалық болып бөлінеді.
Шикізаттық қорлар әр түрлі өнеркәсіп өнім өндірісін қолдану үшін елде бар еңбек заттарының жиынтығын ұсынады.
Шикізат барлық шығаруға немесе өңдеуге жұмсалған еңбек затымен және оның әсерінен айқын өзгертулер болған еңбекпен түсіндіріледі.
Шикізатқа әдетте табушы өнімді (кен, мұнай, құм) және ауылшаруашылқ өнімдерін (дән,картоп т.б.), ал материалдарға – өңдеуші өнеркәсіп өнімін (қара және түрлі түсті материалдар, цемент, ұн, иірілген жіп және т.б. ) жатқызады.
Негізгі материалдарға оның заттық негізіне кіретін натуралды материалдар кіреді.
Қосымша материалдар дайын өнім құрамына кірмейді, тек қана оның құрылуына жағдай жасайды.
Отын және энергия экономикалық жағынан қосымша материалдарға жатады, бірақ маңыздылық ерекшелігімен олар дербес қорлардың тобына бөлінеді. Отын – энергетикалық қорлар потенциалды және нақты болып айырылады (ОЭҚ).
Потенциалды ОЭҚ – бұл экономикалық ауданның немесе мемлекеттің барлық отын және энергия түрлерінің қор көлемі.
Нақты ОЭҚ кең мағынада – бұл мемлекет экономикасында қолданылатын барлық энергия түрінің жиынтығы.
Халық шаруашылықпен тұтынатын шикізаттың барлық түрлері экономикалық жағынан үлкен екі топқа бөлінеді:
1. Өнеркәсіптік шикізат, өнеркәсіпте табылып басты ауыр өнеркәсіп саласында қолданылады.
2. Ауылшаруашылық шикізат, ауылшаруашылық саласында өндіріліп, жеңіл және тамақ өнеркәсіп саласында басты болып қолданылады.
Өнеркәсіптік шикізат екі шағын топқа бөлінеді:
Минералды заттардан пайда болған шикізат (минералды шикізат), яғни жер қойнауларынан алынған шикізат.
Жасанды шикізат (шикізат, материалдар) яғни жасанды жолмен алынған шикізаттар.
Адамзат дамыған сайын жаңа қорлар түрлерін қолданыла бастайды (атомдық және геотермальды энергияны, тасулардың және құйып алулардың гидро энергиясын, жел күшімен және басқа да дәстүрлі емес қайнар көздерін). Бірақ экономика саласында энергиямен қамтамасыз етуде бүгінгі күні отын қорлары басты роль орын алады.
Отын – энергетикалық кешен мемлекеттің барлық өнеркәсібімен тығыз байланысты. Оның дамуына ақша құралдарының 20% артық шығындар жұмсалады. Қазақстанның өнеркәсіп өнімдері құнының 30% және негізгі қорлардың 30% ОЭК келеді. Ал машина құрылыс кешені өнімнің 10% , металлургия өнімінің 12% қолданылады. Елде 2/3 құбыр пайдаланылады, химиялық өнеркәсібі үшін шикізаттың ауқымды көлемі, экспорттың жартысынан көбін РФ береді.
Елдің жылу өнеркәсібі негізгі 3 салаға негізделген: мұнай, газ және көмір. Осылардың ішінде мұнай өнеркәсібі ерекшеленеді. ОЭК 60% артық валюта түсімдерін береді, тиімді ішкі сауда сальдосына мүмкіндік береді.
Қара метталлургия. Салада өндірісті шоғырландыруөте жоғары деңгейге жетеді: республикада жалға беру өндірісі Карметкомбинатта, Сарыкөл-Сарыбай таукенбайыту комбинаты үлесіне республикадағы темір рудасының 61% келеді, Ермаков феррососплав заводы үлесіне-олардың жалпы өндірісінің 81% шоғырланған.
ҚР қара металлургия
құрамының бес саласын иеленеді:
кен рудасы, металлургия, ферросплавты,
отқа төзімді, қайта өңдеуші. Қара металлургияның
территориялық кәсіпорны
2. Өнеркәсіп- табиғи минералды шикізат ресурстарын өндіріу, өсімдік өнімдерін өңдеу, сонымен қатар ауылшаруашылық өнімдерін өңдеумен айналысатын бірлестіктер және кәсіпорындар кіретін жетекші және ірі материалды өндіріс саласы. Онда халықтың тұтынатын заты және еңбек құралы, еңбек заттарының негізгі көлемі құрылады. Өнеркәсіп материалды өндіріс саласы болып табылады және бұл оны өндірістік емес сфера салаларынан ажыратады. Елдің материалды техникалық базасын құру және халықтың әл-ауқатына байланысты масштабты даму дәрежесінде өндірістік қатынастары дамытатын ірі сала болып табылады. Өнеркәсіпте ұлттық кіріс және қоғамдық өнімді меңгеретін бөлім құрылады.
Өнеркәсіп өндіретін және қайта өңдейтін өнеркәсіп болып бөлінеді. Табиғи шикізатты өндіретін, орман шаруашығы, гидроэлектростация және т.б. өндірістік өнеркәсіпке жатады, ал өнеркәсіпте өндірілген өнімді қайта өңдеу,өнеркәсіп ққралдарын жөндеу немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар қайта өңдейтін өнеркәсіпке жатады.
Қарастырылған өнеркәсіп анықтамасы тек өндірістік емес сферадан ғана емес басқа да матриалды өндіріс салаларынан, оның ішінде жекелеген ауыл шаруашылығынанда айырмашылығы бар. Өндірістік өнеркәсіпте адамдар ұдайы өндіріс процесіне қатыспай, тек табиғи ресурстарды игереді. Ауыл шаруашылығында өнімнің ұдайы өндірісінде адам еңбегі пайдаланылады. Қайта өңдейтін өнеркәсіп және ауылшаруашылығы арасындағы айырмашылық, табиғи биологиялық процесстің аяқталуы және алынған ауылшаруашылық өнімі қайта өңдеу өнеркәсібіне түсуі.
Өнеркәсіп қызметіне сонымен қатар жабайы өсімдіктерді (саңырауқұлақтар, жеміс-жидектер), сүт өнімдерін (қаймақ, ірімшік, май, айран), мал өнімдерін (ет, теріден жасалған бұйымдар) өңдеу, халықтың жеке шаруашы жатады.
Сала - өнім өндіру түрі, құралы, еңбек құралы, технологиясы және өндірісті ұйымдастыруымен ерекшеленетін өндісістің бөлігі болып табылады. Техниканың дамуы, технологиялардың қалыптасуында болашақта еңбек бөлінісі және қатаң пропорцияны сақтау мен рационалды сәйкестілікті қажет ететін салалардың ерекшеленуі пайда болады.
Еңбекті бөлу және қоғамдастыру заңы жүйелі түрде жаңа салаларды тудырады және оларды экономикалық мақсатқа лайықты үйлестіреді. Экономикалық мақсатқа лайықтылықтың жалпы түріне мүмкіндігінше өндірістің өсім деңгейін тездету, қызмет көрсету және тауарлардың арзандауы, олардың сапанын жоғарлату, осы негізде бәсекеқабілеттілік кіреді.
Еңбек бөлінісін және
қоғамдастырудың күрделі
Сала жалпы ұйымдық-
басқарушылық құрылымға сәйкес күрделі
салааралық корпоратиті қалыптасқан
құрамда нақты басқарушылық-
Әдебиет: 1. 107-128 бет.
Бақылау сұрақтары
1.Өнеркәсіп дегеніміз не?
2.Өнеркәсіп шикізаттарды қандай топтарға бөледі?
3. Сала дегеніміз не?
Тақырып 9 Қазақстан Республикасының ұлттық экономиканы
дамытудағы инвестициялық - инновациялық стратегиясы
Мақсаты: ҚР экономиканы дамуындағы инвестициялық-иннолвациялық стратегия әдістерін және негізгі теориялық және практикалық тәсілдерін игеру.
Жоспар:
1. Аймақтың индустриалды
және және құрылысты-
2. Аграрлы потенциал
3. Шикізатты емес сала
дамуын және
1. Елдің индустриалды- инновациялық даму стратегиясы әлемдік экономикада ұзақ мерзімді перспектива және интеграцияға бағдарланған мемлекет және қоғам экономикасының даму мақсаттары мен міндеттерін анықтайды. Мемлекеттің әлеуметтік экономикалық дамуы экономканың шикізаттық емес секторларын дамыту, алдымен оларға қайта өңдейтін салалар, бәсекеге қабілетті қызмет көрсетулер мен тауарлар өндіру арқылы экономиканы әртараптандару мәселелерән шешу жолымен мемлекет экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекет экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету аймақтық факторларға тікелей қатысты. Қазақстан Республикасы унитарлв мемлекет. Оның әкімшілік-территориялық құрылымын 14 облыс құрайды. Республиканың батысында Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары, ал солтүстігінде Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары, оңтүстігінде Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл, ал шығысында Шығыс Қазақстан облысы, республика территориясының орталық бөлігін Қарағанды облысы алып жатыр.
Экономикалық реформаларды жүргізуде шешілетін күрделі мәселелерінің бірі инвестициялық активтердің дамуына жағдай жасау. Бұл үшін аймақтың инвестициялық потенциалын зерттеу қажет.
1.Облыстарды дамытудың
негізі ретінде минералды-
2.Инвестиция көзін және бағытын анықтау үшін кәсіпорын және ұйым жағдайын
қарастыру.
3.Аймақта инвестициялау
жағдайымен құрылған
Бүгінгі таңда Үкімет
алдында келесі міндет тұр - жаңа жоғары
технологиялық және бәсекелесті
өндіріске негізделген
Өнеркәсіптің көптеген салалары шаруашылық қызметтің жаңа түрлерін тез игере алмайды: олардың біріне, күрделі қаржылық жағдайда тұрып өз ақша құралдарын алдағы уақытта саланы құлдыратпау мақсатымен ағымдағы өндіріс қажеттілігіне бағыттайды. Мұндай жағдай инвесторлар үшін тартымды емес. Сондықтан кәсіпорында мемлекеттік дағдарысқа қарсы бағдарламаны құрастыру және жүзеге асыру инвестициялық қызметтің көбеюіне мүмкіндік береді. Инвестициялық қызметтің қалыптасуы және қаржылық базаның көбеюі көп жағдайда шетелдік капиталдарды тартуға қабілетті болуы керек. Бірнеше жылдардан кейін әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елі қатарына кіру үшін Қазақстанға жаңа агресивті стратегияны жүзеге асырып, диверсификацияланған (әртараптандырылған) және жоғары технологиялы экономиканы құру қажет. Бұл адам капиталын және ғылымды инвестициялаудың басқа түрлерін қажет етеді.
Қазақстан әлемдік нарыққа
мұнай, газ, түсті металдар және
т.б. шикізаттар шығарады. Бір жағынан,
шикізат рентасын алу үшін табиғи
ресурстарды қалдануды
Өнеркәсіпте көп жағдайда инвестициялық жобалардың жетіспеуі байқалады мыс: өндірушілердің технологияны және инновацияны кең көлемде инвестициялауды жүзеге асыруға мүмкіндіктері болмайды.
Ақтөбе облысы ауқымды минералды-шикізат базасын иеленеді. Бұл территорияда барлық отандық хром қорлары орналасқан: 55% никель, 40% титан, 34% фосфор. Жалпы аймақта 79 руда пайдалы қазбалары табылған, сонымен қатар алтын, күміс, мыс, т.б.. Облыс үлесіне Қазақстанның барланған көмірсутекті шикізат қорларының 10% келеді, Осыған байланысты облыстың индустриялы жетекші салаларына мұнай-газ өнеркәсібі және металлургия жатады. Бұл жерде машина құрылысы, металл өңдеу, химиялық, жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамиды.
Атырау облысы өнеркәсіп өндірісінің көшбасшысы болып табылады (республикалық көлемде 22%). Бұл облыс мұнай қорларын табуда республика бойынша бірінші орынды иеленеді (40%). Мұнай шығатын орындарға Тенгіз, Королевское, Кенбай және газ Имашевское жатады. Облыстың минералды-шикізат базасына байлығы шетел инвесторлары үшін тартымды аймақ болып табылады. Дәл осы жерде мұнай өндіру саласында Қазақстанның ірі біріккен кәсіпорыны-«Тенгизшевройл» ЖШС жұмыс істейді. Облыста таукен өндіру өнеркәсібі дамыған, онда гипс, бор, тұздың мол қорлары бар. Қайта өңдейтін сала кәсіпорындар мұнай өңдеу, машина құрылыс, металл өңдеу сфераларында қызмет атқарады.
Шығыс Қазақстан облысының
негізгі экономикалық дамуы өнімнің
біраз бөлігін экспортқа
Қарағанды аймағы мыстың, вольфрамның, қорғасынның, мырыштың, сирек металдардың негізгі қорларына ерекше бай аймақ. Оның аумағында екі мұнай газ бассейні орналасқан: олар Оңтүстік - Торғай және Шу - Сарысу Құмкөл жерлерімен, оңтүстік Құмкөл, Майбұлақ орындары. Тас көмірдің республикалық қорларының 30% Қарағанды көмір бассейнде, әсіресе Майбұлақта. Онда кокстаушы көмірлердің 100% қоры шоғырланған. Қарағанды металлургия комбинаты еліміздегі флагманды іс істейді. “Mittal Steel Temirtau” компаниясы қазақстандық шойынды және қара металдардың дайын прокатының 100% өндіреді, сонымен қатар болаттың 90% қарқынды түрде балқытады.. АҚ “Жайрем тау-кен байыту комбинаты” АҚ малофосфористы мен жоғары сапалы марганец концентраттарын даярлайды және тотыққан марганецтердің және кендердің темірмарганцевін шығарады. Бұл аймақта «Қазақмыс бірлестігі» ААҚ өндіріп еңбек етуде. Еліміздің шикізатын өте сапалы түрде алуда бұл кәсіпорынның еңбегі ерен. Сонымен қатар облыста химиялық және тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдарын даярлау кәсіпорындары да ашылып, жақсы еңбек етуде.