Өндіріс саласының экономикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 22:31, методичка

Описание

Кез-келген мемлекеттің өндіріс саласы экономиканың дамуында маңызды рөл атқарады, қоғамның өндірістік күштерінің даму деңгейін, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу мерзімдері мен масштабтарын анықтайды. Қазақстан Республикасының елу бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылу стратегиясына байланысты ұлттық экономиканың дамуы мен басқарылуына деген жаңа талаптар қойылады. Өндірістік іс-әрекеттерді жүзеге асыру барысындағы экономикалық жеңілдіктермен қатар мемлекеттік реттеудің де жаңа экономика-құқықтық механизмдері тұжырымдалады. Ұлттық экономикадағы осы құралдардың і

Работа состоит из  1 файл

03 Өндіріс саласының экономикасы» TЦ.doc

— 381.50 Кб (Скачать документ)

Сонымен қатар кластердің  кәсіпорынның территория бойыша орналасу ауданы  бар: аймақтық, республикалық, халықаралық. Кластер үшін маңызды болып келесілер табылады: өнімнің қаншалықты  бәсекеге қабілетті екені, ғылыми негізделгендігі, өмір сүру ұзақығы, ішкі сұранысқа ие болуы, сыртқы нарықтарда оған деген  қажеттіліктің туындауы, ол үшін шикізаттың  тұрақты жаңаруы. Сонымен қатар бұл кластердің  аймақ, мемлекет, континент қызметі үшін қандай нәтиже беретіні және қандай әлеуметтік және саяси мәселелерді шешетіні маңызды.

Функционалдық белгісі  бойынша, кластер бірыңғай басқарылатын тұйық жүйе. Сондықтан белгілі  бір аймақта кластер құру үшін ең алдымен оның артықшылықтары мен  кемшіліктерін айқындау қажет. Тек  содан кейін ғана мемлекет қолдауымен кластердің қолдану аясы жайында шешім қабылдау керек. Үкімет экономикадағы кластерлік әдістің қажеттілігі жайында сөз қозғағанда  жеті кластерлік бағытты ұсынды, бұлар – туризм,

мұнай газды машина жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік  және логистикалық қызметтер, металлургия, құрыыс материалдары

Дүниежүзілік тәжірибеде кластерлік даму үлгілері жеткілікті.Кеңес  Одағы осы бағытпен дамыған. Генри  Фордтың  автокөлік шығару бойынша  әйгілі өндіріс үлгісі бар, яғни ол бірыңғай жүйе жасап, темір рудаларын  алудан бастап дайын өнім автокөліктерді шығаруға дейін жеткен өзінің империясын  құрады. Бұл өндірістің артықшылығы болып, оның жұмыс атқаруы саналды, ал кемшілігі болып, бәсекеге қабілетті ортаның жоқ болуы табылады. Бұл ақырғы өнімнің бәсекеқабілеттілігінде көрінді. Сондықтан қазір батыста кластерлік әдіс барлық жерлерде кездесе бермейді, яғни керек жерде – қолданылады, керек емес жерде бірлесудің басқа формаларын қолданады.

Кеңес Одағы кезінде  Қазақстандағы кластерлік әдістің  үлгісі ретінде әр түрлі былғарыны  әрлеумен айналысқан  бірнеше кәсіпорынды біріктірген Жамбыл былғары - аяқ – киім   өнеркәсібі. Ол былғарыны әрлеумен, аяқ-киімге түрлі қосымшалар дайындаумен және оны тігумен айналысты. Бір жағынан  өздерінің жабдықтаушылары мен тұтынушыларын көріп отыратындықтан, фабрикалар үшін жақсы болды, ал басқа жағынан оның теріс әсері болды, себебі егер былғары жасаушылар жақсы былғары жасап шығарса, ал тігіншілер одан нашар аяқ-киім тіксе немесе керісінше  болған жағдайда, нәтижесінде ақырғы өнімге сұраныс төмен сапаның немесе қымбат бағаның салдарынан болмайды.

Кластерлерді  орналастыру реті. Қазіргі уақытта Қазақстанда  осы әдістің өндіру өнеркәсіптер саласындағы табысты үлгілері бар. Мысалы, «Казақмыс»  корпорациясы мыс өндіреді. Мыс өндірісіне арналған кен табылады, содан соң оны байытады, балқытады, ақырғы өнім катодтық мысты дайындайды, содан кейін комплексті қайта өңдеу – афинаждық өндіріс жүреді, қазіргі кезде мырыштық зауыт іске қосылды, мыстық катанка, эмальпровод цехы бар, сонымен қоса осы өндіріске қажетті өзіне электрқуатын өндіру мен тасымалдауды кіргізетін, осы қуатты алу үшін көмір құрылымы мен өндірісіне жататын  көлік жүйесі, энергия жүйесі бар. Содан кейін кейбір қосымша материалдар мен машиналар шығаратын ілеспелі машина жасайтын зауыттар тұрады. Бұл инерттік  өндірісте  кластерлік әдіс жақсы  нәтижелер береді. Бірақ бұл онсыз да жақсы дамыған шикізат саласы болып табылады.

Президентпен ең жиі  көтерілетін сұрақтардың бірі болып  шикізаттық бағыттан ауытқу мәселесі табылады. Осыған орай   шикізаттық емес салаларға кластерік әдісті енгізу мүмкіндігі жүргізілуде. Бұны не үшін істеу қажет? Бәрінен бұрын Қазақстан экономикасының осы шикізаттық емес салалардағы қазіргі жағдайын қарастыру қажет. Алып қарасақ, бізде шикізатық емес өнім өндіру нарығында, ауыл шаруашылығының түрлі салаларында, бағыттарында, көлемдерінде  жұмыс істейтін кәсіпорындар бар, бірақ олардың қарым-қатынасы жүйесіз және олар өз бетімен жұмыс істейді. Бұл өнеркәсіптердің айналасында кадрлар дайындау, ғылым, қаржы институттары инфрақұрылымы бар, бірақ бұның бәрі шашыраңқы түрде. Сондықтан да олардың қызметінің нәтижесі болмайды. Оларды нәтижелі жұмыстың орындалуын  қамтамасыз ететін өзара жүйелі бірлесуге әкелу үшін кластерлік әдіс қолдану қажет.

    Кластерлі  даму туралы шешім қабылдағанда, мемлекет келесі мақсаттар қояды: адамдар және олардың интеллектуалдық ресурстары, қаржылары, мүліктері, ғимараттары, құрал-жабдықтары  түріндегі қоғамның потенциалын қолдану. Бұл субъектілердің  барлығының іс-әрекеттері түсініксіз. Осылайша  мемлекет кластерлік әдіс арқылы барлық активтерді  белгілі бір бағытта мобильдей алады. Осы субъектілердің бар потенциалын түсінісушілікке бағыттасақ, келесіде олар бір-біріне  кедергі жасамайды. Ал келешекте олар босатылғада, оларды өз-өздеріне қалдырып, бәсекес ортаға жіберуге болады.

Біздің Республикада жүйе құрушы органдар  құрылған: республиканы басқарушы  мемлекеттік жүйе, құқықтық, қаржылық жүйе – ұлттық валюта мен  банктер, көлік жүйесі, энергия жүйесі. Түрлі салаларда  білім беру жүйесі, бар, сонымен қатар қоғамның  жинақ  ақшалар түріндегі банктерде, Ұлттық қорда, Даму банкісінде және т. б. белгілі бір  қаражаттары бар. Сарқылатын табиғи байлықтарға негізделген  тұрақты экономиканың дамуы бар.

Бұл нәтижеге  біздің тәуелсіз мемлекеттің дамуының бірінші  сатысында жеттік. Біздің мемлекетіміздің   стартық позицияары қолданды. Кеңес Одағы кезінде Қазақстанда экономиканың 80 пайызын кеңестік бағыну кәсіпорындары құрады, және де бұл  республикаға бағынатын  минералды ресурстар өндіретін кәсіпорындар болды. Қазақстан өз егемендігін алғанда, жас мемлекет бұл кәсіпорындарды басқара алмай, келеңсіз жағдай пайда болды. Сондықтан да  ел басқарушыларымен пайдалы қазбалар өндіру саласында кластерлер қайта құрылды.

Осы бағытта барлығы  сауатты жасалынды, яғни мемлекет көмегімен  осы салаларда жұмыс істейтін кластерлер құрылды. Бір иеленушінің қолына кен орындары, ТЭЦ, көлік сатылды, сонымен қатар қаланың коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік сала берілді. КСРО кезінде болғанның бәрін жандандырды, бірақ жеке меншікпен және табысты жеке бөлумен. Бұл әрекет оңай болған жоқ, елдің саяси  басқарушыларының  батылдығы, шешім қабылдау қабілеттілігі және кәсіпкерлер, жұмысшылар, бюджеттік сала қызметкерлері, ауылдық жерлердің тұрғындары (ел халқының 40 пайызынан астамын құрады)  түріндегі қоғамның қолдауы қажет болды. Ол жиналыстарда құжаттама түрінде алынды. Өйткені шешім қабылдамас бұрын Үкімет кәсіпкерлерді, профсоюздарды жинап, өздерінің іс-әрекеттері жайында баяндап, қолдау алған. Қоғамның нағыз қолдауы қарызсыз сатылған кәсіпорындарды  беру кезінде көрінді. Ауыл тұрғындарының жеке меншігіне кластерлік әдісті сақтамай совхоздың бар мүлігі берілді, және де  бұл аграрлы-мал шаруашылық кешеннің құлдырауына әкеліп соқтырды. Егер де металлургиялық кластер де осылай бөлінген болса, металлургияда да сондай жағдай туар еді.

АҚШ, Қытай сияқты елдердің экономикасын қарастырсақ, олар өзінің революциялық құрылу кезеңдерін  елдің  ауыл шаруашылығын дамытудан бастаған. Қазақстанның дамуы қоғамдық өмірдің  барлық салаларында (технологиялық, экономикалық, әлеуметік,  интеллектуалдық, мәдени және саяси) көрінетін далалық мал шаруашылығындағы ауыл шаруашылық революциясының басталуымен ғана мүмкін. Жобаны қолдану  инфрақұрылымның жаңаруы мен экономиканың диверсификациясын жүргізуге, мемлекеттің энергоұстаушы және металл бағаларына тәуелділігінің азаюына мүмкіндік береді, республиканың экспорттық  потенциалын кеңейтеді, елдің азық-түлік қауіпсіздігін бекітеді.

Әдебиеттер: 1, 15-22 бет

Бақылау сұрақтары:

  1. Республиканың барлық облыстарына арналған  жалпы аймақтық нысандары?
  2. Салалық функционалдық жіктеу неше топтан тұрады?
  3. Экономикалық өсуді тежейтін факторлар?
  4. Кластердің нақты қасиеттері.

 

 

Тақырып 3          Өндірістік салада басқаруды ұйымдастыру

Мақсаты: Өндірістік саланың негізгі принциптерін, әдістерін және басқару ерекшеліктерін зерттеу

 

Жоспар:

  1. Қазақстан аймақтарының өндірістік салаларының даму тенденциялары

 

1    Өндірістік  салада ұйымдық – құқықтық құрылымдар нарықта сәйкес сегменттерге  өздерінің қызметтерін тауарлық, білім, инновациялық, медициналық, тұрғын үй коммуналдық, спорттық сауықтыру, мәдени күнделікті түрде  ұсынатын шаруашылық субъектілер ретінде шығады. Сонымен қатар халыққа ұсынылатын кейбір өмірге қажетті қызметтер республикалық, аймақтық және жергілікті  бюджеттермен қаржыландырылады, себебі көрсетілген қызметтердің нормативтік тұтынылуы Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілденген.   Негізгі бөлімде әлеуметтік инфрақұрылымдық кешеннің  шаруашылық субъектілері жарғылық міндеттемелері бойынша өздерінің  іс-әрекеттерін көрсететін қызметтерінен  табыс табуға  бағыттайды. Әлеуметтік ортаның нарықтағы бағытталған инфрақұрылымдық объектілері ретінде шығады: адам тасымалдау көлігі және байланыс, сауда,  демалыс, қонақ үй, қаржы-несиелік, сақтандыру кешендері.

Көптеген   инфрақұрылымдық  кешеннің объектілерінің шаруашылық дербестігі приватизация, нарықтық қатынастардағы (ұйымдық-құқықтық мәртебесі бар  шаруашылық қоғам немесе бірлестік) өндірістік саладағы өнеркәсіптердің  белсенді қатысуы  оларға қайта қаржыландыру негізінде өз қызметін атқарумен бірге негізгі қорларды құруға, дайындық сапасын жетілдіруге және мамандардың қайта дайындалуына қажетті  табыс табуға  мүмкіндік берді.

Атап кететін жайт, күрделі экономикалық жағдай туындаған  кезде әкімшілік – территориалдық ұйымдар өздерінің қарамағындағы  жерлерді өмірге қажетті өндірістік қызметтермен қамтамасыз етуі тиіс, мысалы, телекоммуникациялық, спорттық-сауықтыру, тұрғын үй – коммуналдық.  Әлеуметтік  инфрақұрылымдық кешеннің құрамдас бөліктерінің бірінің реструктуризация процессінде ұйымдық – экономикалық өзгеріске ұшырағанда тұрақтылықты қайта құру мақсатымен  өзінің конституциялық міндеттемелері аясында қаржылық көмек, ұйымдық және нормативті-құқықтық  қолдау көрсетуі қажет.

Денсаулық сақтау, білім  беру, ғылым, мәдениет  сияқты өндірістік саланың құрамдас бөліктерге (барлық деңгейлі бюджеттерден қаржыландырылатын)  бюджеттік қаржыландыру жеткіліксіздігі жағдайында,  оларға да  кәсіпкерлік қызмет атқаруға  құқық беріледі. Білім беру, емдеу-профилактикалық, медициналық процесстерді қамтамасыз етуге арналған қаржылық  қаражаттардың көп деңгейлілігі  республикалық, аймақтық, сонымен қатар жергілікті деңгейде сәтті шешілуі мүмкін, сонымен бірге кәсіпкерлік қызметті атқаруға  құқығын қолданатын кәсіпорынның өзімен шешілуі мүмкін.   

Аймақтық деңгейдегі өндірістік сала өнеркәсіптерінің қаржы-экономикалық және шаруашылық нормативті-құқықтық регламенттеуі ықтималдықтарды қарастыруға тиіс, мысалы, білім беру мекемесіне  делдалдық қызметтер атқаруға, негізгі қорлар мен меншікті жалға беруге, өзге шаруашылық  субъектілер қызметінде үлестік негізде  қатысуға, жарғымен қарастырылған өзінің  өндірісімен байланысты емес  жүзеге асырудан тыс  операцияларды орындауға құқық береді. Құқықтық негізде берілген әлеуметтік сала құқықтары алынған  қаржылық құралдарды инвестициялау үшін өздері әлеуметтік кешеннің аталған объектілерімен жүзеге асырылуы керек. Егер де өндірістік сала өнеркәсібінің  кәсіптік қызметінің  нәтижесінде алынған ақша  қаражаттары немесе  оның бөлігі мақсатты  емес бағытта жұмсалса,  яғни ғылыми-зерттеу, білім беру, мәдени-массалық және басқа да әлеуметтік процестер қажеттіліктеріне  емес, онда  қызметтің бұл түрі  кәсіпкерлік қызмет деп танылып,  ешқандай салық жеңілдіктерін  ұсынусыз салық салынуға тиіс. Бұл жерде келесіні атап өткен жөн, әлеуметтік саланың ұйымдық – құқықтық құрылымдарын  қаржылық қамтамасыздандыруда (норматьивтік деңгейде) дифференциациялау   принципі сақталуы тиіс. Нарық жағдайында   өндірістік қызмет көрсету процесі  түрлі қаржылық көздермен – толық емес бюджеттік қаржыландырумен, кәсіпкерлік қызметтің  белгілі бір түрлерін жүзеге асырумен, қаржылық  қайырымдылық пен сыйлармен қамтамасыз етіледі.

Қазақстан ауыл шаруашылығының  өнеркәсіптік саласының дамуында кәсіби білім беретін мекемелер  маңызды  орын алады. Өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлерді оқыту мен біліктілік беру сатылы түрде болуы тиіс.

Қазақстанның өнеркәсіптік, агроөнеркәсіптік, құрылыстық  ағаш өнеркәсіптік кешендерінің  кәсіпорындарымен бірге негізгі, орта және бастауыш  кәсіби білім беру  негізінде  орта кәсіби білім беру мекемелерімен  дайындалатын  орта буындық мамандар қажет. Әлеуметтік инфрақұрылым кешенінің  ұйымдары, мекемелері мен  өндірістік сала кәсіпорындарының инженерлік-техникалық қызметкерлерінің құрамына  жоғары оқу орындарында дайындалған мамандар  кіреді.  Кәсіпорындар мен білім беретін оқу орындарының арасындағы  тығыз қарым-қатынаста қолданылатын еңбек,  материалды-техникалық ресурстардың  нәтижелері мен тиімділігін  сипаттауы тиіс, сонымен қоса тауарлар мен қызмет көрсетулердің сапа деңгейі мен  бесекеге қабілеттілік.

Экономикалық өсімнің  тұрақты жыдамдығын қамтамасыз етуде  қаржылық –несиелік  мекемелердің (коммерциялық инвестициялық банктер, пайлық инвестициялық қорлар, ұжымдық  инвестициялау қорлары) маңызы зор. Олар  шаруашылық субъектілерді  несиелендіру, есеп айырысу  кассалық қызмет көрсетумен бірге, валюталық операцияларды, қорлық құралдарға салынуға арналған инвестициялық  қаржылармен сенімгерлік басқару  операцияларын, сонымен бірге құнды қағаздармен операцияларды,   жеке және заңды тұлғалардың  ағымдағы және жедел депозиттік салымдарымен байланысты факторингтік, лизингтік, ипотекалық, вексельдік және басқа да операцияларды жүзеге асырады.  

Қаржылық – несиелік кешеннің ауыл шаруашылығының өндірістік  саласындағы рөлі былай сипатталады: шаруашылық субъектілердің сыртқы экономикалық қызметінде  жинауда, өңдеуде, экономикалық ақпаратты талдауда қызмет көрсету, экономикалық және әлеуметтік маңызды инвестициялық жобаларды сатылы іске асыруда және қаржыландыруда көмектесу. Дегенмен нарық қатысушылар қызметінің  тиімділігі  жоғарлайды, егер де  ұлттық экономиканың қаржылық тұрақтылығы табыстылық деңгейімен, қаржылық-несиелік қызмет көрсету көлемімен,   коммерциялық банктер қызмет көрсететін  шаруашылық субъектілері мен жеке тұлғалардың экономикалық мүдделерін  қадағалау және қамтамасыз етумен сәйкес келсе.

Банктердің қаржылық нәтижелілігінің ұлғаюы келесі  шарттар негізінде жүзеге асырылады: қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің  төмендеуі (инфляция төмендеген жағдайда);  ішкі және сыртқы нарықтардың қолайлы жағдайы; жеке және заңды тұлғалар салымдарын міндетті ұжымдық сақтандыру жүйесін құруы; жаңа қаржылық институттар – сыбайлас қорлардың құрылуы; мүлік нарығын  және  меншікті кепілге беру негізінде  ипотекалық несиелерді жетілдіру;  өндіріс көлемі  және  қызметкерлер саны бойынша орта және кішігірім кәсіпорындарға, агроөнеркәсіп  кешенінің  шаруашылық субъектілеріне құрал-жабдықтар, машиналар мен құралдарды әкелу көлемін ұлғайту үшін лизингті жетілдіру; коммерциялық банктердегі  бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын біріздендіру.

Информация о работе Өндіріс саласының экономикасы