Өндіріс саласының экономикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 22:31, методичка

Описание

Кез-келген мемлекеттің өндіріс саласы экономиканың дамуында маңызды рөл атқарады, қоғамның өндірістік күштерінің даму деңгейін, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу мерзімдері мен масштабтарын анықтайды. Қазақстан Республикасының елу бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылу стратегиясына байланысты ұлттық экономиканың дамуы мен басқарылуына деген жаңа талаптар қойылады. Өндірістік іс-әрекеттерді жүзеге асыру барысындағы экономикалық жеңілдіктермен қатар мемлекеттік реттеудің де жаңа экономика-құқықтық механизмдері тұжырымдалады. Ұлттық экономикадағы осы құралдардың і

Работа состоит из  1 файл

03 Өндіріс саласының экономикасы» TЦ.doc

— 381.50 Кб (Скачать документ)

                                               ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

 

1 тақырып.   «Өндіріс саласының экономикасы»  курсының мазмұны 

                                                    мен мәселелері.

Мақсаты:  «Өндіріс саласының экономикасы» курсы туралы; курс мазмұнын құрайтын сұрақтар туралы; курсты оқытудағы мәселелер туралы; «Өндіріс саласының экономикасы» курсының басқа да экономикалық пәндермен байланысы туралы мәлімет беру.

 

Жоспар:

1. «Өндіріс саласының  экономикасы» курсының мазмұны  мен мәселелері

2. Өндіріс саласы қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі ретінде

 

1.  Кез-келген мемлекеттің  өндіріс саласы экономиканың  дамуында маңызды рөл атқарады, қоғамның өндірістік күштерінің  даму деңгейін, әлеуметтік-экономикалық  мәселелерді шешу мерзімдері  мен масштабтарын анықтайды. Қазақстан Республикасының елу бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылу стратегиясына байланысты  ұлттық экономиканың дамуы мен басқарылуына деген жаңа талаптар қойылады. Өндірістік іс-әрекеттерді жүзеге асыру барысындағы экономикалық жеңілдіктермен қатар мемлекеттік реттеудің де жаңа экономика-құқықтық механизмдері тұжырымдалады. Ұлттық экономикадағы осы құралдардың іске асырылу механизмдерін білу қажет. Осы курсты оқыған студенттер алдағы уақытта құқықтық, экономикалық, қаржылық және әкімшілік ортадағы өндірістің жұмыс жасауының жаңа  механизмдері туралы білімдерін қолдана алады.

Материалдық құндылықтарды  өндіру процесінде қалыптасатын адамдар  арасындағы қарым-қатынастарды көптеген экономикалық ғылымдар, оның ішінде экономикалық теория, макро-микро-экономика, кәсіпорын экономикасы және т.с.с. зерттейді, өйткені олардың бәрі бірін-бірі толықтырады да экономиканы басқарудың әр кезеңдерінде экономикалық мәселелерді шешуге байланысты болады. Макроэкономика әртүрлі экономикалық мәселелерді, жағдайлар мен есептерді макро-деңгейде зерттейді. Микро-деңгейдегі экономика  өнеркәсіптік кәсіпорынның қайта құрылуының техникалық-экономикалық негізделуінің құралдарын табуға, шаруашылық нәтижелерді бағалауға, кәсіпорынның шаруашылық саясатындағы кемшіліктерді табуға және сол саясатты жетілдіруге арналған ұйымдастыру-техникалық шараларды тұжырымдауға мүмкіндік береді. Сондықтан «Өндіріс саласының экономикасы» курсы барлық экономикалық пәндермен тікелей байланысты.

«Өндіріс саласының экономикасы» курсының зерттеу объектісі ұлттық экономиканың (кәсіпорындық, агроөнеркәсіптік кешен және т.с.с.) өзара байланысты арнайы салалары мен нақты сектордың өнеркәсібі ретіндегі өндірістік сектор болып табылады. Өндіріс саласындағы әртүрлі іс-әрекеттер өзара байланыс пен дамуында талданады. Осы курсты зерттеу барысында жалпы және жеке танымдылық әдістер кеңінен қолданылған.

Өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының т.с.с. арнайы салалардың экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктері болады: шығарылатын  өнім мен көрсетілетін қызметтерге, өндірілетін шикізаттардың түрлеріне, қолданылатын материалдарға, шикізатты өңдеу әдістеріне, өндірістің техникасы мен технологиясының әр түрлілігіне, жұмысшы кадрларының арнайы кәсіби құрамына, еңбек жағдайына т.с.с. байланысты. Сондықтан, салалардағы жалпы экономикалық заңдардың нақты формалары мен іске асырылу механизмі ерекшеленгендіктен, олардың экономикасын да арнайы зерттеу қажеттілігі туындайды.

«Өндіріс саласының  экономикасы» курсының мазмұны өндірістік салалардың алдарында тұрған мәселелермен анықталады. «Өндіріс саласының экономикасы» курсын оқытудағы мәселелер: тиімді шығындар жағдайында жұмыс жасаудың ең қолайлы нәтижелеріне жетуін қамтамасыз ететін факторлар мен шарттардың, экономикалық заңдардың өндірістік салаларда іске асырылуы.

 

2    Экономикалық дамудың негізгі мақсаты Қазақстан халық шаруашылығының индустриалдық базисінің технологиялық және структуралық жағынан қайта құрылуы мен кеңейтілген қайта өндіруді жандандыруы болып табылады. Оның негізгі бағыттары:

- өндірістік аппараттың жаңаруы;

- ең соңғы тұтынушы  пайдаланатын өнімді шығаратын  және технологиялық циклді аяқтайтын  өндірісті құру;

- экономикалық қауіпсіздік  пен мақсаттылық тұрғысынан қолайсыз  импорттың орнын басатын өнімдер  мен технологияларды игеру;

- тиімді экспорттық мүмкіншіліктерді дамыту;

- өндірістің төмендеуін  болдырмау және өны тұрақтандыру;

- тұтынушылар нарығын  толықтыру;

- іскерлік белсенділікті  кеңейтуге ынталандыру, еліміздің  қаржылық мәселелерін шешуге  үлес қосу.

 Қазақстан өте ірі  отынды-қуаттық аймақ болып табылады. Электр қуаты саласының дамуына байланысты алдағы 5-10 жылда Қазақстан қуаттық тәуелсіздікке жете алады және өз қуаттық өндірісімізді тез арада дамыта аламыз.

Қазіргі уақытта өнеркәсіптік өнімді 2 700 кәсіпорын шығарады және ол үшін 812 мың адам немесе барлық материалдық өндіріс саласындағы адамдардың үштен бір бөлігі жұмыс жасайды.

Алдыңғы қатардағы кәсіпорын  салаларына қара және түлі-түсті металлургия  жатады. Сапасы жоғары және бәсекеге қабілеттілігі  жоғары болғандықтан әлемдік нарықта  қазақстандық мыс, қорғасын, цинк пен кадмий сұранысқа ие.

Мұнай қорлары бойынша  Қазақстан көптеген мұнай өндіруші елдердің алдында келеді. Республикамызда  бүгінгі күні 172 мұнай, 42 конденсаттық және 94 газдық кен орындары жұмыс  істеуде: барланған мұнай мен  конденсат қорлары 2,8 млрд. тоннаны, газ – 1,9 трлн. куб. метрді құрайды.

Республикалық мұнай  өндіруші зауыттарды мұнаймен, ірі  өнеркәсіптік, әкімшілік орталықтарды газбен қамтамасыз ету мақсатымен мұнай  және газқұбырлы жүйелердің дамуын тездету, әлемдік нарықта қазақстандық мұнайды экспорттауға мүмкіншілік жасау үшін экспорттық мұнайқұбырларын салу мұнай өндірісін өсіруге қолайлы жағдай жасайды.

Өндіріс көлемінің өсуі Қазақстан бойынша 7 аймақта байқалады: Батыс-Қазақстанда (106,6%), Қарағандыда (106,5%), Маңғыстауда (102, 9%), Қызылордада (102,1%), Оңтүстік Қазақстанда (101,4%), Атырауда (101,1%), Алматы қаласында (100,1%).

Әдебиет: 8. 5-9 бет.

 

Бақылау сұрақтары:

    1. «Өндіріс саласының экономикасы» курсының пәнін атаңыз?
    2. Курс мазмұны қандай негізгі сұрақтардан құралады?
    3. Курсты зерттеудегі негізгі мәселелер?
    4. «Өндіріс саласының экономикасы» курсының байланыстарын атаңыз?

 

 

2  тақырып:     Қазақстанның өндірістік саласындағы салалық

                                  құрылыстың бәсекеге қабілеттілігі.

Мақсаты: Бәсекелістіктің рөлі мен мәнін анықтау. Бәсекелестік күрестің формасы мен әдістері. Шетел тәжірибелерін зерттеу.

 

Жоспар:

1. Қазақстан Республикасы  өндірістік секторының дамуындағы  аймақтық 

    ерекшеліктер.

2. Экономиканың салалық құрылысы.

3. Республикадағы әлеуметтік—экономикалық жағдайдың бастапқы кезеңі.

4. ҚР өндірістік саласының дамуын  талдау.

 

1.   Қазақстан экономикасын жандандыру – нақты перспектива болып табылады. Біздің Республикамыз өндірістік дамыған елдер деңгейіне жетуі, жаңа өмір стандарттарын қамтамасыз етуі әбден мүмкін, өйткені ол үшін барлық қажетті деген ресурстар бар. Қазақстанның негізгі байлықтарының бірі болып оның пайдалы қазбалары табылады. Алдыңғы қатардағы елдердің ғалымдарының бағалауынша Қазақстан табиғи ресурстар қоры бойынша әлемде алтыншы орында тұр, бірақ сол қолда барды бүгінгі күні тиімді пайдалана алмай отырмыз. Бірқатар ғалымдардың есептеулері бойынша Қазақстанның барланған жер қойнаулары шамамен 10 триллион долларды құрайды.

Қазақстанның табиғи ресурстары өте бай, оның дәлелдері: Менделеев кестесіндегі 110 элементтердің біздің жер қойнауымызда 99 бар, барланғаны 70, ал қолданылатыны 60 элемент.

Біздің Республикамызда шикізаттардың  қорлары өте мол, оларды тиімді пайдаланғанда  еліміздің экономикалық жағдайын жақсартуға болады.

Батыс Қазақстанда  жақсы дамыған мұнай және газды-химиялық (Атырау облысында), химия-металлургиялық (Ақтөбе облысында) өндірістік кешендер жұмыс жасайды. Бұл Қазақстандағы мұнай өндіруші, мұнай өңдеуші және газды өндірісі дамыған, өте маңызды тау-кен өндірісі, қара металл дамыған, балық өндіруші  жалғыз аудан. Ауыл шаруашылығында қой өсіру (оңтүстік бөлігінде), ал солтүстік ауданында астық өндірісі (бидай, тары)  өріс алған.

Солтүстік Қазақстанда негізінде астық өсіріледі, солтүстік бөліктегі мал шаруашылығы сүтті-етті мал өсіруге және оңтүстік бөлігі қой өсіруге бағытталған. Тау-кен өндірісі де (темір, көмір, түрлі-түсті және сирек кездесетін металдар, бокситтер, асбест), қара металлургия, аллюминий, химиялық өндіріс, машина құрылысы жақсы дамыған.

Орталық Қазақстан – ауыр индустрия, оның ішіндегі көмір өнеркәсібі, қара және түсті металлургия, химия мен машина құрылысы өркендеген ең маңызды аудан. Ауыл шаруашылығында жайылымды мал өсіру және солтүстік бөлігінде астық өндірісі жақсы дамыған.

Оңтүстік Қазақстан  суармалы жер өңдеумен, күріш, техникалық дақылдар, бау-бақша, жеміс-көкөніс, қаракөлді қой өсірумен және етті-сүтті мал шаруашылығымен айналысатын басты аудан. Қаратаудағы фосфориттерге (тыңайтқыштар өндірісі) негізделе химиялық өндіріс (Тараз, Шымкент облыстарында), түсті металлургия (қорғасын), машина құрылысы, құрылыс материалдар өндірісі  дамыған. Республикадағы жеңіл өндіріс өнімін (жүн, мақта-мата, тері-аяқ киім, тоқыма) және азық-түлік өндіретін ең басты аудан.

Шығыс   Қазақстан – түсті металлургия мен қуат өндірудегі ең маңызды аудан. Кеңінен дамыған өнеркәсіп түрлері: құрал-жабдық құрылысы, тау-кен және металлургияға арналған құрал-жабдықтар, орман өндірісі. Азық-түлік өндірісі (ет, май өндірісі) де қарқынды өсіп келеді. Ауыл шаруашылық өндірістің негізгі саласы – етті-жүнді қой түрлерін өсіру.

Қазіргі заман экономикасын дамыту барысында әр аймақтың ерекшеліктерін, мүмкіншіліктерін ескере отырып нақты  экономикалық мәселелерді дифференциалды шешу өте маңызды болып табылады. Тек қана әр аймақтың  барлық табиғи-экономикалық, демографиялық, экологиялық және де басқа жағдайлары мен ерекшеліктерін жан-жақты есепке алу нәтижесінде аймақтардың тиімді дамуымен қатар экономиканың қарқынды даму барысындағы мәселелерді саналы үйлестіруге мүмкіндік туады. Республиканың барлық облыстарына қатысты аймақтық жалпы мәселелері – экономика құрылысын реформалау, бөлек бір аймақтардың депрессиялық күйінен арылуы, әлеуметтік инфрақұрылымдыды құру. Аймақтық экономиканың жаңа мәселелер қатарына экспорттық және импорттың орнын басатын өндірістерді дамыту, нарықтық инфрақұрылымдарды құру, іскерлікті дамыту жатады.

Егер аймақтарды негізгі  экономикалық көрсеткіштері бойынша  салыстырып көрсек, өнеркісіптік өнім көлемдерінің негізгі көрсеткіштерінің индекстері бойынша, өнеркісіптік өнімнің бағалары, негізгі капиталға деген инвестициялар,  тұтынушылар бағасы мен номиналды айлық орташа еңбек ақысы ең үйлесімді болып Алматы қаласы табылады, ал  ең үйлесімсіз, экономикасы ең тұрақсыз дамыған Тараз облысы. Атап кететін жағдай Тараз және Алматы облыстарының негізгі өндірістері мен кәсіпорындарының инвестициялануы жылдан жылға артып келеді.

Қазақстан экономикасының қарқынды дамуы және жұмыс жасауы көбінесе басқару деңгейіне тікелей  байланысты. Қазіргі кездегі ең маңызды  мәселе: аймақтық экономиканы басқарудың тиімді механизмін қалыптастыру және осы процеске республикамыздың экономикалық жағдайы мен жақсы дамуы тәуелді. Облыстардың қазіргі өнеркәсіптік-өндірістік потенциалдары республикамызда жоғары деңгейдегі тиімді өндіріс құруға негіз бола алады.

 

2. Кез-келген мемлекеттің экономикасы әлеуметтік және экономикалық дамудың, аймақтар арасындағы еңбек бөлінісінің, интеграциялау процесінің негізінде жасалған халықшаруашылық кешен болып табылады.   Халықшаруашылық кешенінің салалық немесе компоненттік құрылысы  салалардың ірі топтамалары арасындағы үйлесімділікті, байланысты, пропорцияларды бейнелейді. Барлық халықшаруашылық кешені келесі салаларға бөлінеді:   материалды өндіріс саласы (өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы) және халықты азық-түлікпен қамтамасыз ететін салалар, материалды-техникалық жабдықтау, сауда және қоғамдық тамақтану; өндірістік емес саланың салалары да: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету, көлік, байланыс және т.с.с.; халыққа әлеуметтік қызмет көрсету де: денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет және қолөнер, білім беру, басқару және қорғаныс салалары.

Халық шаруашылығы  кешенін зерделеу үшін, салалық функционалдық  топтастырылу үлкен мәнге ие. Ол саланың төрт тобынан тұрады:

  1. бірінші – табыс өнеркәсібі немесе ауыл шаруашылығы;
  2. екінші – өңдеу өнеркәсібі;
  3. көлік, сауда, тұрғын үй құрылысы, денсаулық сақтау, қызмет көрсету өнеркәсіптері;
  4. басқару, ғылым және ғылыми қызмет көрсету.

Өндірісті дамыту, өндірістің жаңа салаларын үнемі  анықтауға әкеледі, әсіресе ғылыми-техникалық прогресі негізінде. Халық шаруашылығының қазіргі құрылымының ерекше белгісі, салалық және сала аралық кешендердің бар болуы. Осы шартта қазіргі уақытта үлкен деңгейде өндірістік байланысты нығайту, өндірістің әр түрлі сатыларын интеграциялау процессі жүріп жатыр. Отын-энергетикалық, металлургиялық, машина құрылысы, химия-орман, агроөнеркәсәбі және т.б. сияқты сала аралық кешендер құралды. Осы барлық кешендер өз кезегінде күрделі және дифференциялық жүйеге ие.

Информация о работе Өндіріс саласының экономикасы