Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 22:31, методичка
Кез-келген мемлекеттің өндіріс саласы экономиканың дамуында маңызды рөл атқарады, қоғамның өндірістік күштерінің даму деңгейін, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу мерзімдері мен масштабтарын анықтайды. Қазақстан Республикасының елу бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылу стратегиясына байланысты ұлттық экономиканың дамуы мен басқарылуына деген жаңа талаптар қойылады. Өндірістік іс-әрекеттерді жүзеге асыру барысындағы экономикалық жеңілдіктермен қатар мемлекеттік реттеудің де жаңа экономика-құқықтық механизмдері тұжырымдалады. Ұлттық экономикадағы осы құралдардың і
Диверсификация стратегиялары
Диверсификация туралы
шешім қабылданған соң бірнеше
альтернативті жолдардың
Алты альтернативті стратегия бөліп көрсетіледі:
1. Жаңа салаларға ену
2. Жақын туыстық диверсификация стратегиялары
3. Туыс емес диверсификация
4. Алып тастау және жою
5. Компанияны жаңарту, қысқарту
және қайтадан құру
6. Көпұлтты диверсификация стратегиялары
Бірінші үш пункт диверсификация жолдарын, ал соңғылары диверсификацияланған компаниялардың жұмысын жақсарту және жағдайын бекіту стратегияларын анықтайды.
Жаңа бизнеске ену мына үш форманың біреуі түрінде болады:
сатып алу; ескі компания ішінде жаңасын құру; біріккен кәсіпорын.
Жұмыс істеп тұрған бизнесті
сатып алу – басқа салаға диверсификацияланудың
неғұрлым кең тараған құралы. Оның
артықшылығы – көзделген
Диверсификация үлкен корпорация беделі негізінде жаңа компания құру жолымен жүзеге асырыла алады. Жаңа ұйым нарыққа кірердегі кедергілерді өтіп қана қоймай, жаңа өндірістік қуаттарға капитал салуы, жабдықтауды жөнге қоюы, персоналды қабылдап, дайындауы, таралым каналдарын жасауы, тұтыну базасын кеңейтуі қажет.
Біріккен кәсіпорындар үш типтегі жағдайда да жаңа бизнеске өту мүмкіншілігін алудың қолайлы әдісі болып табылады. Біріншіден, біріккен кәсіпорындар – бір компания үшін экономикалық жағынан тиімді емес немесе қауіпті болып табылатын қызметті жүзеге асырудың жақсы формасы. Екіншіден, біріккен кәсіпорындар екі немесе бірнеше тәуелсіз компаниялардың ресурстары мен тәжірибесін біріктіру қуатты бәсекелес болып табылатын ұйым құрған жағдайда мағыналы болады. Бұл жағдайда әр серіктес біріккен ұйымға басқаларда жоқ және табысқа қол жеткізуге қажетті білім мен ресурстарды үлес ретінде қосады. Үшіншіден, шетелдік серіктеспен біріккен кәсіпорын - импорттық квоталарды, тарифтерді, ұлттық және саяси қызығушылықтарды, мәдени кедергілерді жеңудің жалғыз немесе ең жақсы жолы.
Жақын туыстық диверсификация стратегиялары
Диверсификация үшін сала таңдауда екі мүмкіншілік бар: компанияның негізгі бизнесіне жақын және жақын емес салаларға диверсификациялану. Жақын туыстық диверсификация стратегиясы белгілі бір «стратегиялық сәйкестігі» бар бизнестерге енуді білдіреді. Стратегиялық сәйкестік әр түрлі бизнестердің жақын өндірістік циклдері болған жағдайда бола алады. Өндірістік циклдердің өзара байланысын пайдаланатын және стратегиялық сәйкестіктен пайда табатын диверсификацияланған компания бір-біріне тәуелсіз жеке жұмыс істейтін бизнестердің қосынды өніміне қарағанда неғұрлым көп өнім шығаруға қол жеткізеді. Бизнестердің диверсификацияланған портфелі ішінде стратегиялық сәйкестіктің болуы және бірге жұмыс істеуден пайда табу ісінде корпорация басшылығының энергиясы мен квалификациясы қосыла отырып, жақын туыстық диверсификациядан пайда алуға мүмкіндік береді (2+2=5). Стратегиялық сәйкестіктің артықшылығы неғұрлым көп болған сайын, туысқан диверсификация соғұрлым бәсекелестік артықшылығын көп тудырады және акцияның нарықтық құнын жасауды жақсартуға деген тест жағдайларын соғұрлым көп дәрежеде қамтамасыз етеді.
Туыстық диверсификацияның мысалы BIC Pen компаниясы бола алады. Ол - арзан бір пайдаланылатын қаламдар өндіру облысының пионері. Бұл компания өзінің арзан өнімді көп мөлшерде шығару және сату компетенттілігін өндіріс саласында табысқа жету үшін ноу-хауды талап ететін бір пайдаланатын тұтатқыштар мен қырыну станоктарын өндіріске диверсификациялау үшін негіз ретінде пайдаланды.
Туыстық диверсификация өзіне едәуір қызығушылық тудырады. Ол бизнес бірлігін сақтауға, тәжірибе мен квалификацияны тасымалдаудан бәсекелестік артықшылық алуға, инвестордың қаржы жоғалту қаупін неғұрлым кең кәсіпкерлік негізге диверсификациялауға мүмкіндік береді. Технологиялары, өндірістік қуаттары, функционалдық қызметтері және тарату каналдары бірге пайдаланылатын бизнеске диверсификациялау масштабының тиімділігі арқасында өндіріс шығынын азайтуға қабілетті. Бір-біріне тәуелсіз жұмыс істейтін бизнестерге қарағанда екі немесе бірнеше бизнестердің бір орталықтан басқарылатын жұмысы кезінде өндіріс шығыны аз болған жерде масштаб эффектісі болады. Бизнестер мен өндірістік желілер тобының біріккен жұмысы кезінде бизнестердің сәйкес өндірістік циклдерінің кез келген жерінде ресурстарды немесе өндірістік қуаттарды, сонымен қатар жалпы қабылданған саудалық марканы бірге пайдалану мүмкіндігін жүзеге асыру нәтижесінде үнемдеу (экономия) пайда болады. Компанияның белгілі бір бизнеске диверсификациялануына байланысты масштаб эффектісі неғұрлым көп болса, соғұрлым төменгі шығын негізінде бәсекелестікке қабілеттілікті жасау мүмкіндіктері көп болады.
Туыстық емес диверсификация стратегиялары.
Көптеген компаниялар туыстық
емес диверсификация стратегиял
Туыстық емес диверсификация стратегиясы қаржы пайдасын беретін кез келген салалар мен бизнестерге енуді білдіреді. Стратегиялық сәйкестік қарым-қатынастарын орнату маңызы жағынан екінші орынға кетеді.
Туыстық емес диверсификацияны жүргізуші компаниялар жаңа нарыққа әдетте аналық компания негізінде жаңа филиал құру емес, осы кезде өзіне жұмыс істеп жатқан компанияларды сатып алу арқылы шығады. Олар сатып алу арқылы өсу акцияның нарықтық құнының артуына ұласады деген қағиданы ұстанады.
Туыстық емес диверсификация акцияның нарықтық құнын жасауға бағытталған бір беткей қаржылық әдіс болса, ал туыстық диверсификация бір беткей стратегиялық әдіс болып табылады. Туыстық диверсификация акцияның нарықтық құнын жасаудағы стратегиялық әдіс болып табылады, себебі ол әр түрлі бизнестер арасындағы байланыстарды өндірістік шығынды азайтуға, білім және технологиялық тәжірибемен алмасуға, тағы басқа стратегиялық пайда табуға пайдалануды көздейді. Мақсат корпорацияға кіретін барлық бизнестердің стратегиялық сәйкестігін олар бір-біріне тәуелсіз жеке жұмыс істегенде қол жеткізетін шамадан артық болатындай қосымша бәсекелестік басымдылыққа айналдыруда болып табылады.
Алып тастау және жою стратегиялары.
Диверсификацияның ең жақсы ойластырылған стратегиясының өзі белгілі бір уақыттан кейін жұмысқа қабілетсіз боп қалатын бизнесті сатып алуға әкелуі мүмкін. Сәйкессіздік немесе ішінара сәйкестік толығымен жойыла алмайды, себебі жаңа бизнеске кірудің салдарлары қандай болатынын дәл болжап айту мүмкін емес. Сонымен қатар уақыт өткен сайын бизнестің ұзақ мерзімділік тартымдылығы өзгереді. Тартымды салаға диверсификациялану бойынша бүгін дұрыс болған әрекеттер ертең қате болып шығуы мүмкін. Қандай да бір бизнестің жұмысы қанағаттанарлықсыз болғанда осы салада жұмыс істеуді жалғастыру немесе одан кету туралы сұрақ пайда болады. Кейбір бизнестер олардың жақсы қаржылық жағдайына қарамастан компанияның басқа бизнестерімен бастапқыда көзделгендей жұмыс істей алмауының да болуы мүмкін. Егер корпорация басқармасы қандай да бір бизнестің стратегиялық сәйкестігі жоқ немесе инвестиция үшін тартымды емес деген шешімге келсе, онда ол бизнесті жою мүмкіндігін қарастыру қажет.
Кейде стратегиялық сәйкестік тұрғысынан дұрыс болып табылатын диверсификациялық әрекеттер этикалық құндылықтар тартысына әкеледі.
Белгілі бір бизнес өзінің
тартымдылығын жоғалтқанда оны
сату неғұрлым тиімді шешім болып
табылады. Әдетте мұндай бизнестерден
неғұрлым тез арылу қажет. Бұл
мәселенің шешімін созудың
Бизнесті жою екі форманың бір түрінде жүзеге асырылуы мүмкін. Аналық корпорация бизнесті жеке қаржылық және басқармалық тәуелсіз компанияға беруі мүмкін. Ол компанияда оның өз меншіктік үлесі болуы да, болмауы да мүмкін. Немесе аналық корпорация бизнесті өз бөлігі ретінде сатуы мүмкін, бірақ бұл жағдайда сатып алушыны табу қажет. Әдетте, бизнесті жоюды «Бұл бизнесті біз кімге өткізіп жібере аламыз және оны сатудан көп дегенде қанша ала аламыз?» деген сұраққа жауап бере отырып, қарастыруға болмайды. Керісінше, «Бұл бизнес ұйымның қандай түріне жақсы келер еді және қандай жағдайда бұл жақсы идея ретінде көрінер еді» деп сұрау әлде қайда дұрысырақ.
Қайта құру стратегиясы немесе корпорациялардың қысқаруы және қоржынның қайта құрылуы.
Қайта құру стратегиясы қоржынның қысқару және қайта құрылуы басшыларға қоржынды «сақтау (жақсарту)» кезінде қолданылады. Ауыр жағдайлар бір немесе бірнеше бизнесті үлкен шығынға ұшыратуына, корпорациялардың жалпы қаржылық көрсеткіштерінің төмендетуіне, қарыздың көбеюіне әкеп соғуы мүмкін.
Қайта құру стратегиясы шығынға ұшыраған бизнесті жоюға емес оны пайдалы бизнеске айналдыруға бағытталған іс-шаралардың жиынтығы. Негізгі мақсаты барлық компаниялардың жоғарғы дәрежедегі көрсеткіштерін төмендетуге жауапты бизнесте мәселелерді пайдалы жолмен шешуге жұмыс істету.
Қысқарту стратегиясы бизнес санын азайтқанға дейінгі диверсификация диапазонының қызметін көрсетеді. Бұндай стратегия көбінесе корпорация басшылығы корпорация өте кең диверсификацияланғанда және бизнестің бірнеше негізгі түрлерін біріктіруге күш жұмсау қажет жағдайда жүзеге асырылады. Қысқарту көп жағдайда аз табыс түсіретін немесе корпорацияның негізгі бизнесіне маңызды емес бизнестерді жоюмен жүзеге асырылады. Бұндай бизнестерді жою қарызды азайту немесе корпоррацияның негізгі бизнестерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Қоржынды қайта құру стратегиясына қоржын құрамын радикалды қайта құру және ондағы түрлі типтегі бизнестердің үлесі кіреді. Мысалы: компония екі жыл ішінде 4 бизнесті сатып, төртеуі жұмысын тоқтатып, және 16 бизнес сатып алып және өз ішінен 9 бизнес ашу арқылы жаңа 25 бизнес қосты.
Көпұлтты диверсификациялау стратегиясы
Халықаралық диверсификация стратегиясының ерекше түрлері бизнесті диверсификациялау және ұлттық нарықты диверсификациялау болып табылады. Бұндай жағдайда басшылықтан бірнеше стратегияларды құрастыруды және жүзеге асыруды талап етеді. Осындай уақытта диверсификацияланған көп ұлтты корпорация басшылығы өз компониясының барлық салалары мен елдері бойынша стратегиялық күш кординациясының пайдалы жолдарын білулері керек. Көпұлтты корпорациялар әлемдік салада қолданылатын ұқсас технологияларды диверсификациялау жолымен нақты табыс ала алады. 2007 ж. Желтоқсанда «Нұр Отан» фракциясы экономиканы диверсификациялау жөнінде кеңес құрды. Кеңестің мақсаты-елдің экономикалық жағдайын және оның диверсификациялық жағдайын талдау болып табылады.
Ел экономикасының тұрақты және диномикалық өсімін қолдау үшін мемлекет өндірістік негізгі қорларды, фискалды құралдарды, ақша-несие саясатын тиімді бөлуде мемлекеттік реттеуді қолдану арқылы жоғары сапалы өнім өндіру мен қызмет көрсетулерді ынталандыруға міндетті.
Қазақстан экономикасын
болашақта диверсификациялау