Мектеп және өндіріс
Задача, 05 Апреля 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Мектеп ұжымымен танысады;
Дұрыс ойлай және қорытындылай білуге үйренеді;
Адам еңбегін сыйлауға тәрбиеленеді;
Өз ой-пікірін білдіреді.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Работа состоит из 1 файл
дүниетану сабақ жоспары.docx
— 17.80 Кб (Скачать документ)1 - сабақ жоспары
Күні________________
Сыныбы: 1"Ә"
Пәні: дүниетану
Мұғалімі: Жамантаева Г.Н.
Сабақтың тақырыбы: Мектеп ұжымы.
Сабақтың мақсаты:
1. Мектеп ұжымына кіретін адамдарды анықтау.
Міндеттері:
- Мектеп ұжымымен танысады;
- Дұрыс ойлай және қорытындылай білуге үйренеді;
- Адам еңбегін сыйлауға тәрбиеленеді;
- Өз ой-пікірін білдіреді.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Суретті болжау, Джигсо, Топтастыру әдісі.
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:
- Құралдар: интерактивті тақта, компьютер, А1 форматты қағаз, т.б.
- Көрнекіліктер: слайтты көрсетілімдер, қима қағаздар, мәтіндік тапсырмалар, баспасөз материалдары.
Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану.
Сабақтың жоспары:
- Қызығушылықты ояту.
Сәлемдесу, түгелдеу, топқа бөлу,
-Қане, балалар, шеңбер құрайық.
Амансың ба, Алтын күн?!
Амансың ба, Көк аспан?!
Амансың ба, Жер-ана?!
Амансың ба, достарым
Сіздерді көрсем қуанам!
-Балалар, біз бір-бірімізбен қалай сөйлесуіміз керек?
-Жақсы, жылы.
- Жаңа сабақ.
Мозайка арқылы топқа бөліп отырғызамын. 4-топ құрылады.
"Рубрикалық сұрақ" стратегиясы.
- Мектеп асханасы жайлы не білесіңдер?
- Мектеп кітапханасы жайлы не білесіңдер?
- Мектеп спорт залы жайлы не білесіңдер?
- Мектеп мәжіліс залы жайлы не білесіңдер?
Сағат тілі бойынша әр топ өз ойларын жазып шығады. Топ мүшелерінің арасынан бір оқушы жауаптарды оқып, түсіндіріп шығады.
Оқулықтығы суретпен жұмыс.
Болжау сұрақтары:
- Суретте қандай көрініс көрсетілген? Неге олай ойлайсың?
- Сендер мектептегі сынып ұжымына кіресіңдер ме? Қалай ойлайсыңдар? (топпен талдау)
Мәтінмен жұмыс.
"Джигсо" стратегиясы.
Мәтінді 5 бөлікке бөліп, жанұя тобына таратып беру. Жұмысшы тобында талдау жүргізеді. Қайта жанұя тобына оралып, мәтін бөліктерінің мазмұнын топ мүшелеріне түсіндіреді. Әр топтың мүшесі өз түсінгендері бойынша мәтіннің мазмұнын айтады.
- Жаңа сабақты бекіту.
-Мектеп ұжымында кімдер жұмыс істейді? Атап шық.
-Мектепті кім басқарады? Неліктен олай ойлайсың?
-Сынып ұжымына кімдер кіреді? Ойыңмен бөліс.
- Үй тапсырмасын беру.
Сен сыныптың тазалығына, тәртіп сақтауына қандай үлес қосасың? Сол жайлы ойланып кел.
5. Оқушы әрекетін және сабақ барысын бағалау.
- Түсіндіреді, мысал келтіреді, өз сөзімен баяндайды - 1 балл.
- Топта белсенді қатысады, көмектеседі - 2 балл.
- Өзінің көзқарасын жеткізеді және оны пікір-таласта дәлелдей алады - 3 балл.
6. Кері әсер парағы.
- Бүгін мен не үйрендім?
- Маған не ұнады/ұнамады?
- Жаңа сабақ бойынша сұрақ немесе пікірің...
Күтілетін нәтиже:
Топпен бірігіп жұмыс жасайды. Өз ойын жеткізеді.