Өндіріс шығындары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 19:19, курс лекций

Описание

Шығындардың пайда болу уақыты мен өнімнің өзіндік құнына жатқызылуына қарай жіктелуі өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өзіндік құнын калькуляциялауда маңызы зор. Бұл белгісі бойынша шығындар ағымдағы, алдағы есепті кезең шығындары, болашақта болуы мүмкін шығындар болып бөлінеді.

Работа состоит из  1 файл

ondiriswigindari.doc

— 68.50 Кб (Скачать документ)

 

 

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011

 


 

Г.ЗИКЕЕВА 

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің  магистранты

 

ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ 

 

В этой статье рассматриваются виды производственных расходов и методы вычисления.

 

This article deals with some kinds of industrial expenditure and with some ways of their calculation.

 

Шығындардың пайда  болу уақыты мен өнімнің өзіндік  құнына жатқызылуына қарай жіктелуі өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өзіндік  құнын калькуляциялауда маңызы зор. Бұл белгісі бойынша шығындар ағымдағы, алдағы есепті кезең шығындары, болашақта болуы мүмкін шығындар болып бөлінеді. Ағымдағы шығындар есепті кезеңде орын алған өндірістік шығындардан құралады, ал алдағы есепті кезең шығындарына есепті кезеңде орын алған, бірақ алдымыздағы есепті кезеңге тиісті шығындар сомасын көрсетеді, болашақта болуы мүмкін шығындарға есепті кезеңде әлі болмаған, бірақ өнімнің өзіндік құнын дұрыс анықтау мақсатында жоспарлы мөлшерде жалпы шығындарға қосылатын шығындар. Мысалыға, жұмысшылардың кезекті еңбек демалысына ақы төлеумен байланысты, бір реттік төлемдер түріндегі шығындар. Ал экономикалық шығындарға біз жалпы, барлық шығындарды жатқызамыз, оның ішінде фирманың өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланғандағы айқынсыз шығындар да бар. Бұл факторларға меншік иесінің  еңбегін, жерді, капиталды – барлық нарық құны бар және оларды балама қолданғанда төлем алуға болатын фаторларды жатқызамыз. Сонымен, экономикалық шығындарға біз фирманың өз ресурстарын қолданғандағы табысы да кіреді.

Бухгалтерлік  шығындарға өндірістің есеп беру кезеңіндегі нақты шығындары жатады және олар шығарылатын өнімнің өзіндік құнының құрамына кіреді. Оған мыналар жатады: шикізат пен материалдар құны, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы, амортизациялық өтемдер, жал төлемі, салықтар.

Дайын өнімнің өзіндік құны - кең көлемді, көп түрлі және өзгермелі экономикалық категория. Ол – кәсіпорынның өнімдерді өндіру мен сату шығындарын көрсететін сапалық көрсеткіш. Өзіндік құн төмендеген сайын пайда мен өндіріс рентабельділігі сәйкесінше жоғары болады. Кәсіпорын үшін өнімнің өзіндік құнын анықтау қажет, себебі сол арқылы өндіріс пен жеке өнім түрлерінің рентабельділігі, ішкі өндірістік шаруашылық есеп, өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары, өнімнің бағасы, енгізілген жаңа техника, технологияның экономикалық тиімділігі, осы көрсеткіш бойынша жоспардың орындалуы анықталады.

Өнімнің өзіндік  құны кәсіпорын жұмысына тікелей  тәуелді және тәуелсіз әртүрлі шығындардан  құралады.

Өнімнің өзіндік  құны жөнінде шынайы ақпарат алудың бір шарты өнім құнына кіретін шығындардың ғылыми негізделген түрде жіктелуі.

Өндірістік  шығындар құрамы бойынша, түрлері бойынша, пайда болу орындары мен апарылатын көздеріне қарай жіктеледі.

1) Құрамына қарай шығындар элементтік, кешендік болады. Бір элементтік шығындар деп бір элементтен тұратын, материалдар, еңбек ақы, амортизация және басқалары. Кешендік шығындар бірнеше элементтерден тұрады, мысалы, құрамына материалдар, еңбек ақы және басқалары кіретін цех немесе жалпы зауыттық шығындар.

2) Шығындар     түрлері     бойынша     экономикалық     элементтер     және калькуляциялау баптары бойынша топтастырылады.

Өнімдердің  өзіндік құнына кіретін шығындардың  элементтеріне мыналарды жатқызуға болады: [1]

  • материалдық шығындар;
  • еңбек ақы төлеу шығындары;
  • әлеуметтік қажеттіліктерге аударымдар;
  • негізгі қорлар амортизациясы;
  • басқада шығындар.

Шығындарды  элементтері бойынша топтастыру өнімді өндіруге жұмсалған нақты  шығындарды, жалпы шығындар сомасындағы  жеке элементтердің арақатынасын көрсетеді. Жекелеген өнімдердің өзіндік құнын  есептеу үшін өндірістік кәсіпорындар шығындарды калькуляциялау баптары бойынша топтастырады. Шығындар номенклатурасын әрбір кәсіпорын өз спецификалық ерекшеліктерін ескере отырып, өздері бекіте алады. Олардың жалпы тізімі салалық өнімдер есебі мен өзіндік құнды калькуляциялау жөніндегі нұсқаулары бойынша анықталған. Жалпылама түрде калькуляциялау баптары келесі түрде болады:

  • шикізаттар мен материалдар;
  • сатылып алынатын және құрастырушы өнімдер, жартылай фабрикаттар;
  • қайтарылған қалдықтар (шегеріледі);
  • технологиялық мақсаттағы отын және энергия;
  • өндірістік жұмысшылар еңбек ақысын төлеу шығындары;
  • әлеуметтік қажеттіліктерге аударымдар;
  • жабдықтарды ұстау және күту шығындары;
  • жалпы өндірістік шығындар;
  • жалпы шаруашылық шығындар;
  • ақауға байланысты зиян;
  • коммерциялық (өндірістен тыс) шығындар;
  • басқа да өндірістік шығындар.

3) Пайда болу  орнына қарай шығындар өндірістер, цехтар, бөлімшелер, басқа да кәсіпорынның  құрылымдық бөлімшелері бойынша,  яғни жауапкершілік орталықтары  бойынша топтастырылады және  есепке алынады.

4) Шығындарды апару объектілеріне байланысты, яғни өнімдер, жұмыстар, қызметтер бойынша олардың өзіндік құнын анықтау мақсатында топтастыру.

Өнімдердің  өзіндік құнын анықтаудың ең қарапайым  тәсілі жалпы жиынтық шығындар сомасын  өндріс көлеміне, яғни өнімдер санына бөлу. Бұл тәсілді кәсіпорын тек бір ғана өнім түрін өндірген жағдайда пайдаланылады. Күрделірек тәсіл - шығындар баптары бойынша калькуляциялау. Мұнда тура шығындар өнімдерге тікелей апарылады, ал жанама шығындар арнайы базалар мен бөлу коэффициенттері арқылы өнімдер түрлері арасында бөлінеді.

Жоғарыда қарастырылған  шығындардың топтастырылуы өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау жүйесіндегі  белгілі бір функцияларды сипаттайды, бірақ шығындарды басқару есебіндегі міндеттерге толық жауап бермейді. Басқару есебіндегі басты мақсат шығындарды топтастыру арқылы басшының дұрыс, негізделген шешім қабылдауына жағдай жасау.

Экономикалық  дамыған елдерде басқару есебін ұйымдастыру тәжірибесі бойынша  шығындар есебін жүргізу бағыттары  бойынша шығындарды топтастырудың  әртүрлі варианттары қарастырылады. Шығындар есебінің бағыты дегеніміз өндірістік шығындардың жекелеген есебін қажет ететін қызмет саласы. Ішкі ақпаратты пайдаланушылар зерттеу мәселелері бойынша ақпаратпен қамтамасыз етуді қажет ететін есеп салаларын анықтайды.

Ең алдымен  үш шығындар түрлері жөнінде ақпарат  жиналады: материалдық шығындар, еңбек  ақы шығындары, үстеме шығындар. Жинақталған  шығындар келесі есеп бағыттары бойынша  бөлінеді:

  • өндірілген өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және бағалау мақсатында;
  • басқару шешімдерін жоспарлау және шешім қабылдау мақсатында;
  • бақылау және реттеу қызметтерін жүзеге асыру мақсатында.

Осы үш есеп бағыттары  бойынша ендігі кезекте тікелей  басқару мақсаты бойынша шығындарды жіктейді.

Кәсіпорын қызметінің функциялары бойынша өндірістік шығындар жабдықтау-дайындау шығындары болып, өндірістік, коммерциялық, өткізу, ұйымдастыру-басқару шығындары ретінде жіктеледі.

Өндіріс процесіндегі экономикалық рөлі бойынша шығындар негізгі және үстеме болып бөлінеді. Негізгі шығындар өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты, материалдар, еңбек ақы, отын және энергия және басқалары. Үстеме шығындарға өндірісті ұйымдастырумен, басқарумен және оған қызмет көрсетумен байланысты шығындар жатады [2].

Өнімнің өзіндік  құнына қосылуына қарай шығындар тікелей (тура) және жанама болып бөлінеді. Тура шығындар нақты өнім түріне тікелей қатысты болғандықтан сол өнімнің өзіндік құны құрамына кіреді. Жанама шығындар өндірісті басқару және оған қызмет көрсетумен байланысты болғандықтан өндірлген өнім түрлері арасында арнайы есептеулер арқылы бөлінеді.

Өндіріс көлеміне қатысты шығындар тұрақты және айнымалы болады. Тұрақты шығындар өндіріс  көлеміне қатысы жоқ, яғни өндіріс көлемі өзгергенде тұрақты шығындар өзгермейді. Тұрақты шығындарға жалдық төлем ақы, амортизация шығындары жатады. Айнымалы шығындар өндіріс көлеміне тәуелді және оған тура пропорционалды өзгереді. Ал өнім бірлігіне келетін айнымалы шығындар тұрақты сипатта болады. Бұларға материалдық, еңбек ақы, әлеуметтік аударымдар және басқалары жатады. Шығындардың тұрақты және айнымалы болып жіктелуі отандық есеп жүйесінде өндірістік және кезеңдік шығындар түрінде көрінеді.

Басқару шешімдерін қабылдау үшін басшы белгілі бір өнім түрін  өндіру тиімділігі жөнінде ақпараттармен  дер кезінде қамтамасыз етілуі қажет. Осыған қатысты шығындар альтернативті, дифференциалды, қайтарусыз, инкрементті, маржиналды, релевантты болып бөлінеді.

Кәсіпорын ресурстарының  шектеулі болуы оның мүмкіндіктерін де шектейді. Әрбір ресурстар бірлігі  оны пайдаланудың тиімділігі арқылы сипатталады. Белгілі бір ресурстар мөлшеріне сәйкес келетін өндіріс көлемі болады. Бір өнім пайдасы үшін екіншісінен бас тартумен байланысты шығындар альтернативті шығындар деп аталады. Альтернативті шығындар ресурстар шектелген жағдайда ғана орын алады, ресурстар шексіз болған жағдайда альтернативті шығындар нөлге тең болады.

Дифференциалды шығындар екі баламалы  шешімдерді қарастыру  барысында шығындардың айырма мөлшері. Мұндай шығындарды қосымша немесе өсімше шығындар деп те атайды.

Қайтарусыз  шығындар - бұрын қабылданған шешімдер бойынша өткен кезеңдерде орын алған  шығындар. Олар болашақ шығындарға әсер етпейді. Мысалға, материалдар  мен жабдықтардың сатып алу кезіндегі  бастапқы құны.

Инкрементті шығындар қосымша шығындар болып табылады, яғни қосымша өнімдер партиясын өндірумен байланысты пайда болады. Қандай да бір шешімдер нәтижесінде тұрақты шығындардың көбеюі инкрементті шығындар болып табылады.

Маржиналды  шығындар қосымша өнім бірлігін өндірумен  байланысты шығындар. Маржиналды шығындардың инкрементті шығындардан өзгешелігі олар өнім бірлігіне қатысты есептеледі.

Релевантты (мәнді, маңызды) шығындар дегеніміз қарастырылып отырған басқару шешімдеріне  қатысты шығындар. Өткен кезеңдер шығындары релевантты бола алмайды, себебі оларды өзгерту мүмкін емес.

Реттеу және бақылау дәрежесіне байланысты реттелетін және реттелмейтін; тиімді және тиімсіз; бақыланатын және бақыланбайтын  болып бөлінеді.

Толық реттелетін шығындар өндіріс және бөлініс сфераларында пайда болады. Бұл жауапкершілік орталықтарында тіркелген, мөлшері, деңгейі менеджердің реттеуіне байланысты анықталатын шығындар.

Тиімді шығындар жұмсалған шығындар нәтижесінде  өндіріліп шығарылған өнімдерді  сату нәтижесінде табыс алынатын өнімділігі бар шығындар.

Бақыланатын шығындар дегеніміз басқару субъектілері тарапынан бақылау мүмкін болатын шығындар. Жалпы кәсіпорын бойынша шығындарды бақылау жүйесі тиімді қызмет атқаруы үшін алдымен шығындар қалыптасатын жауапкершілік орталықтарын анықтап, шығындарды жіктеп, одан кейін шығындарды басқару есебінің жүйесін пайдалану қажет.

Өндірістік  кәсіпорындарда өнімдердің өзіндік  құнын есепке алу және калькуляциялауды әртүрлі әдістер арқылы ұйымдастыруға  болады. Барлық әдістер жиынтығы бірнеше  белгілері бойынша жіктеледі: шығындарды бақылаудың оперативтілігіне қарай; өндіріс процесіне қатысына қарай; өнімнің өзіндік құнына қосу толықтығына қарай.

1) шығындарды  бақылау оперативтілігі бойынша  нақты, нормативті және жоспарлы  өзіндік құн бойынша есеп жүргізу  болып бөлінеді. Нақты өзіндік  құн бойынша есеп жүргізудің өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Артықшылығы есеп жүргізудің қарапайымдылығы болса, кемшіліктері: пайдаланылған ресурстар саны мен олардың бағасын бақылау нормативтерінің болмауы; ауытқулардың орнын, жауаптылардың, себептерін анықтаудың мүмкін еместігі; өндіріс процесі кезінде шығындарды есептеу мүмкін еместігі.

Нормативті  өзіндік құн бойынша есеп жүргізу  барысында шығындардың қандай болғанын ғана емес қандай болуы қажет екенін анықтауға болады. Бұл әдістің  негізгі артықшылығы:

бюджет құрастыру арқылы шығындарды бақылаудың мүмкіндігі;

нақты шығындарды нормативті мөлшермен салыстыру  мүмкіндігі;

ауытқулардың  орнын, жауаптыларды, ауытқу себептерін анықтаудың мүмкіндігі;

өндіріс процесі  барысында оперативті шараны іске асыру  мүмкіндігі.

Бұл әдістің кемшілігі ретінде есептеу жөнінде көп еңбек етуді қажет етеді, шығындар нормасы жөнінде де, олардан ауытқулар бойынша да есеп жүргізудің қажеттілігін атауға болады.

Жоспарлы өзіндік  құн есебін жүргізу барысында  есепті кезең соңында калькуляциялық баптар бойынша жоспар жасайды. Жоспарлы норма ретінде стандарттар пайдаланылуы мүмкін. Стандарттар идеалды және болжамды болып бөлінеді. Идеалды стандарттар кәсіпорында тиімді жұмыс жағдайында шығындардың қандай болуы керектігін көрсетеді. Бұл кәсіпорынның шығындарды басқару саясатының негізгі мақсаты. Болжамды стандарттар кәсіпорынның нақты жұмыс жағдайында (қолданылатын ресурстар сапасы, ауытқу пайызы, т.б.) анықталады. Мұндай стандарттар кәсіпорынның болашақ шығындарын бағалауға мүмкіндік бергенімен, оларды кемітуге ынталандырмайды. Жоспарлы өзіндік құн бойынша есеп жүргізу әдісінің өзіндік ерекшеліктері бар:

Информация о работе Өндіріс шығындары