Шыңғыс ханның Монғол империясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 19:56, курсовая работа

Описание

Сондықтан Отанымыз тарихындағы осы бір кезеңді зерттеуге жаңаша көзқарас туғызып, оған дейінгі қалыптасқан кері пікірлерден оны тазарту керек. Ол үшін XII—XIII ғасырларда өмір сүрген түркі-монғол тайпаларының саяси-әлеуметтік, экономикалық даму ерекшеліктерін, әдепті-құқықтық жүйелерін оның негіздерімен тікелей байланыстыра отырьш зерттеу қажет. Бұл сол дәуірдегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарды, әскери-құқықтық жүйені асыра дәріптеу емес, керісінше сол замандағы мемлекеттік құрылымға сай тұрғандығын дәлелдеу. Сондықтан осы курстық жұмыста Шыңғыс хан негізін қалаған және оның әулеті ұзақ уақыт билікті әрі қарай жалғастырған түркі-монғол мемлекетін жан-жақты зерттеп, ғылми тұрғыдан өз көзқарасымызды білдіре отырып оның шығарған «Ұлы жасақтарын» оқып білуді жөн көрдік.

Содержание

КІРІСПЕ

1. ШЫҢҒЫС ХАН ҚҰРҒАН МОНҒОЛ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛЫ

1.2 Орталықтанған монгол мемлекетінің құрылуы және оның саяси-әлеуметтік жағдайы

1.3 Шыңғыс ханның керей, найман хандықтарын жаулап алуы және Шыңғыс хан империясының құрылуы

1.4 Шыңғыс хан империясының заңдары, құрылымы мен ұйымдастыру принциптері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР TI3IMІ

Работа состоит из  1 файл

Шынгыс хан курсовой.doc

— 233.50 Кб (Скачать документ)

Тэмучин /кейіннен Шыңғыс хан/ 1155 жылы ақпан айында (кейбір деректерде 1162 ж.) Онон өзенінің бойындағы Делигон-Болдақ деген жерде дүниеге келген[12].

Есукей батыр өз заманында әйгілі адам болған. Ол көршілері татар тайпаларымен және қытай әскерлеріне қарсы көптеген шайқастар жүргізіп, атағы бүкіл Монғолияға жайылды. Тэмучин /Шыңғыс хан/ отбасының түңғышы еді. Оның дүниеге келуі жөнінде монғол-қытай жылнамасын жинаушы Юань-ши былай деп жазады: "Есукей батыр та-та -эр /татардың қытайша жазылуы/ тайпасына қарсы жорыққа аттанып, тайпа көсемі Тэмучэнді тұтқынға түсіреді. Осы кезде оның әйелі болашақ императорды /Шыңғыс ханды/ дүниеге әкеледі. Сәби туғанда қолына қызыл тас сияқты қан уыстап туады. Жеңіске жеткен жорыктың құрметіне жаңа туған сәбиге қолға түскен жау батырының есімі Тэ-му-чэн деген есім беріледі"[13].

Тэмучэн 9 жасқа толғанда әкесі көшпенділердің салтымен баласына қалыңдық іздейді. Жолда олар көрші қоңырат тайпасының көсемі Дай шешенді кездестіреді. Мән-жайды ұғысқаннан кейін ол Есукей батырға өзінің өткен түнде түсіне кірген жайды баяндайды: "Түсімде қият боржігін руының киелі ақ қарғасын қолыма қондырыппын. Біздің үйге жүріңдер. Менің 9 жасар қызым Бөртені көріңдер. Ұнаса құда түсерсіңдер", — дейді[14].

Осылайша ата-аналары өзара келіскеннен кейін, екі жақ құда болысып, бір-біріне сый-сияпат көрсетіседі де, үйлену тойын балаларының ер жетуіне қалдырысады. Қайтып келе жатқанда Есукей батырды татарлар улап жібереді. Ол үйіне әрең жетіп, 2-3 күннен кейін қайтыс болады. Осылайша Тэмучин екі інісімен шеше қолында жетім қалады. Есукей батыр өлгеннен кейін оның қолында болғандар жетім қалған Есукейдің бала-шағасын тастап, өздері басқа тайпаларға көшіп, батырдың көзі тірісінде жинаған мал-мүлкін өздерімен бірге ала кетеді де, бұл жанұя аса қиын жағдайды бастан өткереді. Тэмучин мен оның інілері борсық және суыр сияқты аңдарды аулап жан сақтайды. Кей күндері өсімдік тамырын талғажау етеді. Осындай қиын жағдайда болашақ жиһангер қолбасшы аса шыдамдылыққа үйренеді. "Шыдамдылық Шыңғыс ханның аса басты қасиеті болатын. Жас Тэмучин жанұяны өзі асырады. Ол балық аулап, көші-қон кезінде жоғалған малдарды іздеуге міндетті болды. Бұған қоса олар күн көру үшін кейде бірнеше күн ат үстінде жүріп, жол тонаушы қарақшылардан сақтанатын"[15].

Тэмучиннің туыстары тайчуттар оның аса кекшіл әрі аталары сияқты жауынгер болып өсіп келе жатқанын сезіп, ер жетпей тұрып оның көзін құртуды көздеді. Олардың көсемі Торғүлтай /бұл да боржігін руынан шыққан/ жас Тэмучиннің көзін құрту үшін оны аңди бастады. Бір күні олар қапылыста шабуыл жасап, Тэмучинді тұтқынға түсіреді. Олар Тэмучиннің мойнына бұғау салып, екі қолына шынжыр байлап, жанына мықты күзет қояды. Тэмучин түнде күзетшіні шынжырмен ұрып есінен тандырады да, Онон өзеніне барып, қуғын қаупі сейілгенше су ішінен мойнын ғана шығарып, тығылып тұрады. Іздеушілердің ішінен Сорған-Шира атты біреуі қалғандарынан бөлектеніп, судағы қамыс арасынан сорайып шығып тұрған Тэмучиннің басын байқап қальш, оған былай тіл қатады: "Міне, сенің бойыңдағы осы бір асыл қасиеттерің үшін тайчуттар сені ұнатпайды әрі үрейленеді. Өйткені сенің көзінде от, бетіңде нұр бар. Сен осы арада отыра тұр. Мен сені оларға ұстап бермеймін". Қуғын аяқталған соң ол қайта оралып, шынжырды үзіп, Тэмучинді тұтқыннан құтқарады[16].

Тэмучин ұзын бойлы, кең иықты, өткір жанарлы жігіт болып өседі. Оның бала кезінен қалыптаскдн ең басты қасиеті шыдамдылық болатын. Ол жас кезінен-ақ алдына мақсат қоя білуді, ол мақсатына жету үшін күресе білуді, мұнымен қоса ойға алған ісінің сәті түскенше күте білуді үйренді. Ол көп сөйлемейтін, не нәрсені де ең алдымен ой елегінен өткізіп барып айтатын. Оның ең сүйікті ісі аң аулау болатын. Олжа бөліскен кезде тең бөлінуін қадағалап, осыны басқалардан да талап ететін.

1185 жылы керейлердің билеушісі Тұғырыл Тэмучинмен және жажірат тайпасынан шыққан Жамуха шешеннің әскерлерімен одақтаса отырып, меркіттерді талқандады. Осы жеңістен кейін Тэмучиннің айналасына көптеген түркі-монғол тайпалары /жалайыр, барлас т.б./ өз еріктерімен келіп қосыла бастады.

Көрші Цзинь мемлекеті көшпенділерді үнемі бір-біріне айдап салу саясатын жүргізді. Олар көрші татарларды өздеріне мүлдем бағынышты ету мақсатында олардың жауы керейлермен одақтасты. Керейлердің ханы Тұғырыл татарларға қарсы жорыққа шығуға әзірленді. Әкесін өлтірген татарлардан кек алар сәт туғанын түсінген Тэмучин бұл жорыққа белсене араласты. Татарлар цзиньдер мен керейлерден қатты соққы жеді. Көсемдері тұтқынға түсіп, көп рулар керейлерге бағынышты болып қалды. Осы жеңістен кейін Цзинь үкіметі Тұғырыл ханға "Уан хан" атағын берді. Ал Тэмучинге шекара бойынша істерді қарайтын "чжаохури" атағы берілді[17]. Бұл жорық кезінде Тэмучин көптеген тайпа көсемдерімен танысып, өзін мықты ұйымдастырушы ретінде көрсете білді. Осы жорықта ол өзіне бала кезден таныс Жамухамен қайта табысты. Жамуха ақылды, алғыр әрі көшпенділер арасында өте сыйлы адамның бірі болатын. Ол бір жарым жыл бойы жақын көрші тұрды. Жамуха және басқа да татар ақсүйектерімен жиі араласа бастаған Тэмучин өз жоспарын кеңейте берді. Ол өзін атақты Қабыл және Катул хандардың мирасқоры ретінде сезіне бастады. Ол діншіл адам еді. Үнемі көк тәңірісіне жалбарынатын. Ол екі рет ажалдан аман қалды. /Бірі — бала кезінде, екіншісі — әйелі Бөртеден айырылғанда/. Бұл оқиғаларды ол өзін тәңірінің қолдауы деп түсінді әрі өзін бабаларының ой-арманы жүзеге асырушы ретінде сезінді. Бірақ көп ұзамай екі дос — Жамуха мен Тэмучин араздасып қалды да, екіге бөлініп кетті. Содан бастап дала тұрғындары да екі топқа бөліне бастады. Бірі Тэмучинді жағаласа, екіншісі Жамуханы қолдады. Тэмучинді жақтаушылардың ішінде көптеген ру-тайпа көсемдері, соның ішінде атақты Катул ханның туған ұлы Алтан хан да болды. Олардың көпшілігі Тэмучиннен әлдеқайда бай әрі текті болатын. Соған қарамастан, олар Тэмучинді көсем ретінде мойындауға мәжбүр болды. Ол, шын мәнінде, нағыз дала батырына айнала бастады.

1181 жылы мамырдың 16-сында Жамуха мен Тэмучин жайлауға көшеді. Олар қонар жерге таянғанда, жалғыз ауыз сөзге келіспей ат кекілін кесіседі. Ат үстінде келе жатып Жамуха Тэмучинге: "Тауға тақап қонсақ қайтеді, жылқышыға үй болсын, өзенге таяп қонсақ қайтеді, қойшы мен қозышыға тамақ болсын" деді. Бұл сөздің астарына түсінбеген Тэмучин көш алдында кетіп бара жатқан Әуелімнен (Үлүн Еке — Тэмучиннің шешесі) сұрап еді, сөзге көлденеңнен Бөрте килікті: "Жамуха тез зеріккіш жан деуші еді, бізден безудің амалы болмасын, үдере көшіп, іргемізді бөлек салсақ қайтеді". Айтқанындай таң атқанша суыт жүріп Тэмучин олардан бөлек қонды. Есукейдің өлеріндегі ақтық өсиеті мынау еді: "Меңлік інім, аға өлсе, жеңге мұра. Әуелімді басқаға емес, өзіңе тапсырдым. Үлдарыма, әсіресе Тэмучинге көз бола жүр" деген. Бұл кезде өгей әке Меңлік, анау аталас ханның баласы Алтан, Тэмучиннің немере ағалары Темүге, Отчигин, Нэгүн тәйжінің баласы Кушар сияқты "Тұтас Монғолдың" игі жақсылары Жамуха жағына шығып кеткен болатын. Ал Жамухамен дәм-тұзы жарасып, бүтін жарты жыл бір қыстап, бір жайлаған Тэмучин ала қыстай айласын асырып, соларды озіне тартып алса керек, өйткені осы күннің ертеңінде-ақ аталас рулардың басшылары түп қопарылып Тэмучин жағына шығып кетеді. Мұндай қолайлы сәтті пайдаланған Тэмучин монғолдардың басын қосып хан тағына отырудың қамына кірісіп те кетті.

1189 жылы Сэнхэр өзеніне құятын Хохнуур деген жерде Қатула ханның баласы Алтан, Кушар, Жүркен руының ақсақалы Саша бектер өзара ымыраға келіп, Тэмучинді аз ғана монғолдың ханы етіп жариялады.

Жамуха екеуінің қақтығысы тарихта "Он үштің одағы" деп аталады да, Жамуха отыз мың әскермен соғысады. Шыңғыс Жамухадан ойсырата соққы жейді.

X ғасырдан бастап Хөлен-Буйр көлін мекендеген ықпалды ұлыс — татарлар үнемі монғолдар мен керейлерді шабуылдаумен келген. Олар темірдің таты дегеннен таттылар — татарлар болып аталды. Татарларға деген Шыңғыс ханның өзегін өртеген ата-баба кегі ақыры оны алғашқы жорыққа аттандырды. Олар Есукейге у беріп өлтірсе, 1162 жылы Монғолдың Амбағай ханын Алтын ұлысына ұстап беріп, оны ит қорлықпен өлтіртті. Татарды жеңіп тәжірибе жинаған Шыңғыс маңайындағы тайчудтар мен наймандар, жалайыр мен ойраттарды дамылсыз шабуылдаумен өз күшін нығайту нәтижесінде 1189 жылы монғолдардың дені Тэмучинді хан сайласа, қалған бір тобы кейін Жамуханы гур хан етіп сайлаған.

Осы шайқастан кейін біраз уақыт өткенде, Тэмучин жасағына жау жағынан Жамуха серіктерінің бірі исут руынан шыққан Жырлуадай атты бір жігіт келіп, өзінің сол шайқаста Тэмучин атын атқанын айтты. Тэмучин оған кешірім жасады әрі оған сол оқиғаға байланысты Жебе деп ат қойды. Ол кейіннен атақты Жебе ноянға айналып, онбасыдан Шыңғыс ханның ең атақты қолбасыларының біріне айналды. Ол барлық жорыққа қатынасып, Қытайға және Орталық Азияға жорық кезінде ерекше көзге түсті. Кейіннен ол Самархандтан оңтүстік орыс даласына шабуыл жасап, 1223 жылы бірінші рет орыс жасақтарын талқандады. Бұл жорықтың екінші көсемі Сүбедей батыр да монғол әскерінің құрамына осы кезде келді. Ол солтүстіктегі уранхай тайпасынан шыққан болатын. Егер Жебе ноян қызу қанды, ержүрек, шапшаң болса, Сүбедей батыр өте салмақты, бәрін ақылмен, есеппен істейтін жан еді. Екеуі шайқастарда үнемі бірге болды. Өйткені бірінде жетіспеген қасиеттер екіншісінен табылатын. Бұл шайқаста тайчуттарға түпкілікті соққы берілді. Сөйтіп Тэмучин Тұғырыл ханның арқасында соған "өкіл бала" болып жүріп, керейлердің көмегімен алғашқы мақсатына қол жеткізді. Осының нәтижесінде 30 жасқа жаңа толған Тэмучин алдына түркі-монғол тайпаларын бір орталыққа біріктіруді мақсат етуді ойлана бастаған.

Көп үзамай Тэмучиннің тоғыз қылды туының астына түркі-монғол рулары ондап, жүздеп ағылып келіп қосыла бастады. Ол, шын мәнінде, дала императорына айналып, озінің төңірегіне туыстары мен аса сенімді адамдарды топтастыра бастады. Оны қолдаушылардың ішінде көптеген ру-тайпа көсемдері болды. Олардың ішінде неғұрлым атақтылары: Алтан, Кушар, Саға бек т.б. Бұлардың өздері де монгол тағынан үміткерлер болатын. Дегенмен олар көптің қаһарынан сескеніп, Тэмучинге ашық қарсы шыға алмады. Тэмучин өзінің жас мемлекетін нығайта бастаған кезде, оның жаулары да қарап жатпады. Олар 1201 жыл шамасында Аргун езені бойында Жамухаға Гур хан, яғни жалпыхалықтық хан деген атақ берді[18]. Сөйтіп олар Тэмучинге қарсы біртұтас одақ құрды. Бұл одақты Тэмучиннің туған нағашылары қоңыраттар, меркіттердің атақты көсемі Тоқта бек, Уан ханның ұлы, наймандар т.б. қолдады. Тэмучин асқан дипломатиялық шеберлікпен Тұғырыл ханмен одақтастықты сақтап қалды. Сонымен қоса бұл одаққа кірмеген басқа тайпаларды өз жағына шығарьш алды. Ол керейлердің көмегімен 1202 жылы Жамуха мен оның негізгі одақтасы меркіттерге күйрете соққы берді. Осы жеңістен кейін Тэмучин Ұлы Даладағы ең құдіретті билеушіге айналды. Сол жылы ол татар ұлысын да талқандап, өзіне толық бағынышты етті.

1202 жылы құрылтайда монгол ақсүйектері Тэмучинді барлық монғолдарға хан етіп сайлады. Жамуха қашып кетті де, оған бағынышты тайпалар Тэмучинге келіп қосылды. Бұл жеңіс те монғол әскеріндегі темірдей тәртіптің нәтижесінде келді. Тэмучиннің бұйрығымен соғыста түскен олжалар қатардағы жауынгерлерге тең етіп бөлінетін. Сондықтан әскерлер шайқас кезінде тонаумен айналыспайтын. Бұған қоса бұл кезде ол аса тәжірибелі ысылған қолбасшыға айналған еді. Жамухамен соғысар алдында ол өз әскеріне төмендегідей бұйрық берді: "Егер жеңіске жетсек, олжа үшін бет жыртыспау қажет. Жорық аяғында ол жауынгерлердің барлығына бірдей етіп бөлініп беріледі. Ал егер алғашқы шабуыл сәтсіз болып, кейін шегінуге мәжбүр болсақ, жауынгерлер қайта-қайта шабуылдай беру керек. Егер кімде-кім шегінгеннен кейін қайта-қайта шабуылға шығудан бас тартса, оның басы алынады"[19].

Шыңғыс ханның темір тәртіпті жауынгерлеріне Жамуха бастаған әр түрлі тайпалардан құралған әскерлері төтеп бере алмады. Сөйтіп Тэмучиннің атағы барған сайын аспандап, түркі-монғол тайпалары барған сайын үсті-үстіне қосыла берді.

Құдайдың күні екеу болса,

Құдықтың суы құрыр еді.

Құдіреті жүрсе қос ханның

Құртпай тынбас халқын.

Қақырағаның — халқыңның соры.

Бөлшектенгенің — бөрінің жемі болғаның,

деген екен.

Шыңғыстың дүние танымы — тәңірге табыну. Ол барлығын Тәңірдің бүйрығымен болады деп көрді де, көкте жалғыз Тәңір, жерде жалқы хан болуға тиіс деп сенді. Көп жағдайда Шыңғыс хан керейдің Түғырылымен "Тонымен туған әке-баланың" ара жігін ашпауға айтқан серт, ішкен антқа беріктігін таиытады. Бірақ опасыз Жамуха оспадар Сеңгеннің азғыруына көніп, Шыңғысты өлтірмек болып, оған елші де жөнелтеді. Шыңғыс осының алдында "керей мен монғолдар тамыр-таныстығымызды жалғастырып, үрпақ пен аманат берейік. Менің Жолшымның қызын Сенгеннің баласы Шауырбекке үйлендірейік. Осыған кепілдік беріп, аманат жіберсін" деп сөлем айтқанды. Бүған Сенген қарсы болып, "Менің балам олардың төрінде отырып, есікке қарап мүрид болады, оның бал асы есікте отырып, төрді дәметіп есімді алады" деп маңайлатпаған.

Бұл жолы әдейі райдан қайтқан олар, қүда болайық, Шыңғыс хан "бауыздау жеуге" келіп кетсін деп елші шаптырыпты. Шыңғыс та бұл сөзге иланып, керей еліне аттанып келе жатып, жолда өгей әкесі Меңліктің үйіне түседі. Ақсақал оларға бұл мәні бар шақыру екенін ескертеді де: "ат арық, жер алыс, жете алмадық, күзде барайық" деп кері қайтарады. Құпия ашылып, сыр шашылып қалды деп күдіктенген Сенген мен Жамуха Тұғырылды торықтырып, іле Шыңғысқа қарсы шабуылды бастаттырып жібереді. Ал Жамуха болса бұл соғысты қашан, кім бастайтынын Шыңғысқа күнілгері хабарлап қойыпты. Керейлерге Жамухамен қоса Қатуланың Алтын, Хушары, Шыңғыстың туған бауыры Хасар да келіп қосылғандықтан, Тұғырылдың жеңіске жетуі әбден мүмкін еді.

1.3 Шыңғыс ханның керей, найман хандықтарын жаулап алуы және Шыңғыс хан империясының құрылуы

1202 жылы Тұғырыл ханның соғыс ашуы Тэмучин үшін күтпеген оқиға болды. Оны толық талқандалудан кездейсоқ жағдай аман алып қалды. Керейлер мен олардың одақтастарының өзіне қарсы шабуылға шығуға дайындалып жатқанын ол сол жақтан қашып шыққан екі бақташыдан естіді. Тэмучин шұғыл түрде әскерді қорғанысқа дайындады. Монғолдарда бар болғаны 4600 жауынгер бар еді. Ал дұшпан әскері бұлардан бірталай басым болатын. Тұғырыл хан шайқасқа кірісер алдында Жамухадан Тэмучиннің негізгі әскерлері кімдер екендігін сұрады. Ең сенімділері екі ру болатын: урут пен маңғыттан шыққандар. Олар бала кездерінен найза мен қылышқа жаттыққандар, сондықтан кез келген шепке жасқанбай кіреді. Олардың туы қара немесе түрлі түсті. Егер олар пайда болса, жан-жақты абайлау қажет. Тэмучин жау әскерінің шабуылына төтеп берді, алайда қарсы шабуыл ұйымдастыруға күші жеткіліксіз болды. Шайқас барысында оның негізгі жауларының бірі Тұғырыл ханның ұлы Сенгун жарақаттанып қалды. Ал монғолдар жағынан Тэмучиннің үшінші ұлы Үгедей мен екі сенімді серігі Борокула мен Богурши жараланды.

Тэмучин керейлерге шешуші соққы беру үшін көп күш жинау қажет екендігін түсінді. Сондықтан шайқас аяқтала салысымен дереу кейін шегініп кетті де, әскерді тың күштермен толықтыруға кірісті. Мұнымен қоса ол уақыттан ұту үшін Тұғырыл ханмен келіссөз жүргізе бастады. Ол өзін Уан ханның өкіл ұлымын деп атап, өзінің оны қатты құрметтейтіндігін, сондықтан онымен татуласқысы келетіндігін жеткізді.

Кеңеске қатысушылар келіссөзді қысқартып, тез арада соғысқа әзірлену қажет деп шешті. Бұл кезде Тэмучин өзіне бірнеше одақтастар тауып үлгерген болатын. Сонымен соғыстың болмай қоймайтындығы белгілі болды. Шайқасты өзіне қолайлы жағдайда бастау үшін Тэмучин өз әскерін орманға тығып қойды. Олардың жақсы тығылғандығы соншалық, жаулары олардың тіпті іздерін де таба алмай қалды. Оларды табу үшін Тұғырыл хан тұтқынға түскен Тэмучиннің інісі Хасарды алдарына салып алды да, әйелі мен балаларын кепілдікте ұстады. Содан кейін оның өзін Тэмучинді іздеуге жіберді. Хасар ағасын тапты, ол інісіне мынандай ақыл айтты: "Сен Уан ханға өзің бармай, бір сенімді жолдасыңды жібер. Ол оған монғолдар еш жерде жоқ, сенбесеңдер өз адамдарыңды бізбен бірге жіберіңдер десін"[20]. Бұл қулық жүзеге асты. Керейлердің еріп келген сенімді адамдары қолға түсті. Олар кезекті қинау кезінде Тұғырыл ханның ордасында болып жатқан барлық жағдайды баяндап берді. Ордада жау қарасы көрінбеген соң, бітпейтін тойлар басталған екен. Нақты жағдаймен танысқаннан кейін, монғолдар түнде жасырынып жатқан жерлерінен дереу аттанды да, тойлап жатқан жау әскерін қоршап алып, күтпеген шабуыл бастады. Тұғырыл хан әскері қатты қарсылық көрсеткеніне қарамастан, толықтай талқандалды. Уан хан мен оның ұлы Сенге жараланып, аздаған адаммен қашып құтылды. Ал керей ұлысын Тэмучин өз жұртына қосып алды.

Информация о работе Шыңғыс ханның Монғол империясы