Шыңғыс ханның Монғол империясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 19:56, курсовая работа

Описание

Сондықтан Отанымыз тарихындағы осы бір кезеңді зерттеуге жаңаша көзқарас туғызып, оған дейінгі қалыптасқан кері пікірлерден оны тазарту керек. Ол үшін XII—XIII ғасырларда өмір сүрген түркі-монғол тайпаларының саяси-әлеуметтік, экономикалық даму ерекшеліктерін, әдепті-құқықтық жүйелерін оның негіздерімен тікелей байланыстыра отырьш зерттеу қажет. Бұл сол дәуірдегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарды, әскери-құқықтық жүйені асыра дәріптеу емес, керісінше сол замандағы мемлекеттік құрылымға сай тұрғандығын дәлелдеу. Сондықтан осы курстық жұмыста Шыңғыс хан негізін қалаған және оның әулеті ұзақ уақыт билікті әрі қарай жалғастырған түркі-монғол мемлекетін жан-жақты зерттеп, ғылми тұрғыдан өз көзқарасымызды білдіре отырып оның шығарған «Ұлы жасақтарын» оқып білуді жөн көрдік.

Содержание

КІРІСПЕ

1. ШЫҢҒЫС ХАН ҚҰРҒАН МОНҒОЛ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛЫ

1.2 Орталықтанған монгол мемлекетінің құрылуы және оның саяси-әлеуметтік жағдайы

1.3 Шыңғыс ханның керей, найман хандықтарын жаулап алуы және Шыңғыс хан империясының құрылуы

1.4 Шыңғыс хан империясының заңдары, құрылымы мен ұйымдастыру принциптері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР TI3IMІ

Работа состоит из  1 файл

Шынгыс хан курсовой.doc

— 233.50 Кб (Скачать документ)

Шыңғыс ханның өз айтуынша, алғашында оған 13 мың отбасы бағынған 20 жылдың ішінде олар 720 елді өздеріне бағындырып, әскер саны 130 мыңға жетті[39] /122, 109/.

Әскер жасақтау кезінде әрбір он үйден қажеттілік бойынша бір немесе үш жауынгер шығуға тиіс. Ол өзін-өзі тамақпен қамтамасыз етуге міндетті. Жауынгерлер жалақы алған жоқ, қайта өздері мал басына қарай салық төлеп тұрды: әр жүз бастан — бір бас. Соғыс кезінде түскен олжаның бір бөлігі ханға беріліп, қалғаны барлық жауынгерлерге тең етіліп бөлініп берілді.

Монғолдардың күші жөніндегі неғұрлым нақты деректерді XIV ғасыр басында өмір сүрген парсы тарихшысы Рашид-ад-Дин қалдырған. Ол Иран билеген хулагидтердің уәзірі болды да, бізге жетпеген монғол мәліметтерін пайдаланды. Атап айтқанда, Иран хандарының қазынасында сақталған "Алтын дафтар" /Алтын дәптер/ деректеріне сүйенеді. Оның деректері бойынша Шыңғыс ханның өлер алдында 129 мың жауынгері болған. Бұл цифр "Монғолдың құпия шежіресінде" келтірілген мәліметтермен сәйкес келеді. Ондағы мәліметтер бойынша Шыңғыс ханда 1206 жылы 95 мың әскер болды деп көрсетілген.

Монгол оскеріндегі XII ғасырда-ақ қалыптасқан әскери және аймақтық тәртіпке Еропа халықтары XIX ғасырға дейін жете алмады. Олардан Шыңғыс ханның екі артықшылығы болды: а) түрік монғолдардың әскери көшпелі өмірі; ә) рулық-тайпалық құрылым.

Билік пен жасақ заңының бізге жетпеген де көптеген баптары болған. Бұл баптардың барлығын да жауынгерлер мен әскербасылардың міндеттері көрсетілген. Плано Карпини Шыңғыс ханның әскери заңының қаталдығын сөз еткенде, қолбасшының бұйрығынсыз оның байрағы көтерілмей, бірде-бір жауынгердің майдан даласынан кетпейтіндігін жазған. Осындай тәртіптің нәтижесінде Шыңғыс хан аса үлкен табыстарға қол жеткізді. "Менің орнатқан тәртібім Көк тәңірінің қолдауымен жүзеге асты. Соның көмегімен ғана мен жер бетінде құрметке бөлендім", — дейтін ол[40].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Шыңғыс хан 1227 доңыз жылы 72 жасында қайтыс болды. Өлер алдында ол өзінің ордасына кіші ұлдары Үгедей мен Толыны, немересі Исикке аканы /қайтыс болған Жошының ұлы/ шақырып алып, соңғы өсиетін айтты. /Шағатай бұл бас қосуда болған жоқ. Ол бұл кезде Монғолиядағы ордада билеуші болып қалған/.

"Балаларым менің! Бұл соңғы жорықта менің Көк Тәңіріне кететін уақытым таянды. Мен сендер үшін бір шетінен екінші шетіне жету үшін бір жыл жүріп әрең жететін үлкен патшалық құрып нығайттым. Менің сендерге мынадай өсиетім бар: жауды талқандап, досты көбейтер кезде бәрің бір ауызды болыңдар. Сонда патшалықтарың баянды болып, еркін өмір сүресіндер. Менің мұрағерім Үгедейді хан тағына отырғызыңдар. Оған және мен жасаған жасақ заңына еш уақытта сатқындық жасамаңдар. Опасыздық жасасаңдар, патшалықтарың күлге айналады". /122, 165/

Өз орнына мұрагер таңдауды Шыңғыс хан Хорезм жорығының алдында ойластырған болатын. Бұл жөнінде оған әйелі Есуй: "Хан, сен таулар мен өзендерден өтіп, алыс елге жорыққа кетіп барасың. Егер сенің атың осы жорықтардан кейін аталмай қалса, орныңа төрт ұлыңның қайсысын мұрагер етіп қалдырар едің?" — деп сұраған. Шыңғыс хан мұрагерлікке Үгедейді лайықты деп тауып, оның мінезінің жайлылығын, елмен тіл табыса білетіндігін тілге тиек етті. Үгедейдің мұрагер болуы жайындағы ұсыныспен бәрі де келісті. Алайда Шыңғыс ханның бұл шешімі кейіннен ол құрған ұлан-байтақ мемлекеттің ыдырауына алып келді. Дегенмен оның бұл өсиетін ұлдары мен немерелері көп уақыт бұлжытпай орындады. Атап айтқанда, кейін Үгедейдің орнына хан тандағанда, ол менің ұрпақтарымның ішінен ең лайықтысын таңдай біліп, ұсынындар", — деп /99, 180/ деп өсиет етті. Ол таққа мұрагерлікке лайықты адамды өз ұлдарының ішінен көре алмай отырғандығын жасырмай айтты. Ал Құбылай өз ұлын мүрагерлікке бекітер кезде: "Шыңғыс хан бізге мұрагерлерді таңдауда заңды мұрагерлерді уақытында әрі ең тандаулы, яғни лайықтысын сайлауды өсиет еткен", — деп, оның аманатын еске салды.

Шыңғыс хан Азияның жартысынан астамын бағындырып, жүз миллионнан астам халықты билегенімен, еш уақытта сән-салтанатпен өмір сүрген емес. Әсіресе, Хорезм мемлекетін бағындырған кезде оның әскербасылары мен мұрагерлері сән-салтанатқа үйірленіп, әлемдегі ең таңдаулы Дамаск семсерлерімен, Бұқара және Самарканд шеберлері соққан ою-әрнекті аса қымбат қару-жарақтармен қаруланды. Әдемі қаруларды ұнатқанымен Шыңғыс хан күнделікті өмірде қарапайым көшпенділер секілді киініп, далалықтардың салт-дәстүрлерін берік ұстанды. Балалары мен немерелерін отырықшылардан, әсіресе қытай мәдениеті ықпалына түсіп кетуден қатты сақтандырып отырды.

Шыңғыстың қайсарлығы мен қаталдығы, қан құмар қатыгездігі де осал емес. Ғұн сайыны Мүде мен Ескендір Зұлқарнайындай әкесін өлтірмесе де, әкесі бар, шешесі бөлек Бектерді, артынан ерген Хасар мен өгей әкесі Меңліктің Хөхөчу әулиесін өлтіріп, ата жауы татарлардың еркек кіндіктісінен арба доңғалағынан асқанының басын қырқып, Хорезмнің қамалын аларда, Шағатайдың үлкен ұлы Магадаганды өлтірген қала тұрғындарын қыруға жарлық береді. Ал Қытайды қан сасытып, Пекинді айдан астам көк жалынға тұншықтырады. Ауырып жатқан Жошыға әлсін-әлі шапқыншы жіберіп, ақыры қаралы хабар жеткенде қатты қайғырыпты. Егер Жошы 1227 жылдың басында өлгені шын болса, оны Шыңғыс тауда естіген ұлы хан, одан жеті ай өткенде таңғұт елінде өледі. Шыңғыс ханның шытырман тарихының осы бір тұсы жұмбақ.

Сөз соңында, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, Шыңғыстай шытырман тарихы бар, қаталдығы мен қаһармандыгы басым, көшпелілердің күдірлі керуенін бірде ілгерілетіп, кейде кері шегіндірген құдіретті қолбасшының шын тарихы күні бүгінге дейін толық айқындалмай отырғанын айту ләзім.

Қорыта келгенде, монғол империясының құрылуы дүние жүзілік тарихтағы аса ірі оқиғалардың бірі болды. Тарихта бірінші және соңғы рет Қиыр Шығыс, Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа елдері бір мемлекеттің қол астына бірікті. Монғолдардың әскери өнерді жетік меңгеруі, темірдей тәртіп, сол кездегі ең соңғы үлгідегі қару-жарақ, қолбасшылардың тактикалық және стратегиялық шеберлігі, ел билеуші хандардың біліктілігі — міне осының бәрі Шыңғыс хан мен оның мұрагерлерінің бірнеше ондаған жылдар бойы ешкімнен жеңілмеуі әрі екі ғасырдан астам уақыт дүние жүзіндегі ең құдіретті мемлекет құру себебі міне осында.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР TI3IMІ

1.      Аманжолов К.Р., Тасболатов А.Б.  Қазақстанның әскери
тарихы. Алматы, 1999. - 320 б.

2.      Аманжолов К.Р., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы.
Алматы, 1996. Т.1. - 271 б.

3.      Аманжолов К.Р., Рахметов Қ. Түркі халықгарының тарихы.
Алматы, 1997. Т.2. - 288 б.

4.      Алланиязов   Т. К.   Очерки   военного   дело   кочевников
Казахстана. Алматы, 1997. - 94 с.

5.      Бартольд В.В. История турецко-монгольских народов. Соб. соч. Т.5. М., 1928, с. 87-219.

6.      Бартольд  В.В.  Тюрки:  двенадцать лекции  по  истории турецких народов Средней Азии. Алматы, 1998. - 192 с.

7.      Бартольд В.В. Туркестан в эпоху монгольского нашествия. СПб., 1900. - с. 45

8.      Бейсебайұлы Ж. Қазақ шежіресі. Алматы, 1994. - 160 б.

9.      Варейкис И., Зеленский С. Национальные и государственные размежавание Средней Азии. Ташкент, 1924.

10. Веселовский Н.И. Очерк историко-географических сведении о Хивинском ханстве от древнейщих времен до настоящего. СПб., 1877.

11. Вельяминов-Зернов В.В. Исследование о Касимовских царях и царевичах. СПб., 1863-1866. - 558 с.

12. Владимирцев Б.Я. Чингиз хан. Берлин, 1922. - 175 б.

13. Гумилев Л.Н, Древняя Русь и Великая степь. М., 1989. - 785 с.

14. Иванин М.О. О военном искусстве при Чингиз хане и Тамерлане. Алматы, 1998. - 252 с.

15. Инсус Ясаши. Көкжал. Алматы, 1992.

16. Карпини П. История монголов. М., 1957. - 211 с.

17. Книга Марко Поло. Алматы, 1990. - с. 95, 654

18. Кумеков Б.Е. Государство кимаков IX—XI в.в. по арабским источником. Алма-Ата, 1972. - 156 с.

19. Кычанов Е. Жизнь Тэмучжина, думавшего покорить мир. Алма-Ата, 1992. - 128 с.

20. Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы, 1972. Т.1-12.

21. Қазақстан тарихы. Алматы, 1996. T.I. - 544 б.

22. Левшин А. И.  Описание киргиз-казацских или  киргиз-кайсацких орд и степей. Алматы, 1996. - 656 с.

23. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы, 1995. - 208 б.

24. Монғолдың құпия шежіресі. А., 1998. - 244 б.

25. Мирза Мухаммед Хайдар. Тарихи Рашиди. Ташкент, 1996. - 727 с.

26. Мыңжан Нығмет. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1994. - 400 б.

27. Радлов В.В. Опыт словаря тюркских наречии, СПб., 1893-1911.

28. Рашид-ад-Дин. Сборник летописей. М., - Л., 1952. - с. 145, 215, 237

29. Рубрук Г., Карпини П. Путешествие восточной страны. Алматы, 1993. - 248 с.

30. Тюрки в Монгольской империи Чингизхана и его преемников. XIII—XIV в.в. Алматы, 1989. - 36 с.

31. Утимиш-хаджи. Чингизнаме. Алматы, 1992. - 296 с.

32. Хара-Даван Э. Чингиз хан, как полководец и его наследии. Алматы, 1992. - 272 с.

33. Халид Курбангали. Тауарих хамсе /бес тарих/. Алматы, 1998.

34. Чайковский А. Далекое прошлое Тюркестане. СПб., 1896.

35. Юдин В.Н. Орды: Белая, Синяя, Серая, Золотая. Алма-Ата, НН КазССР. 1983. - 192 с.

36. Тынышпаев М. Материалы к истории киргиз-казахского народа. Ташкент, 1925. - 15 с.

37. Уәлиханов Ш.Ш. Таңдамалы шығармалар жинағы. Алматы, 1985. - 560 б.

29

 



[1] Мыңжан Нығмет. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1994. 221 б.

[2] Қазақстан тарихы. Алматы, 1996. T.I. 410 б.

[3]Аманжолов К.Р., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. Алматы, 1996. Т.1. – 240-241 бб.

[4] Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы, 1974. Т.4. – 483-484 бб.

[5] Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы, 1974. Т.5. 441 б.

[6] Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы, 1974. Т.5. - 245 б.

[7] Монғолдың құпия шежіресі. А., 1998. - 244 б.

[8]Иванин М.О. О военном искусстве при Чингиз хане и Тамерлане. Алматы, 1998. - 252 с.

[9] Радлов В.В. Опыт словаря тюркских наречии, СПб., 1893-1911.

[10] Тынышбаев М. История казахского народа. А., 1993. -250 с.

[11] Бартольд В.В. История турецко-монгольских народов. Соб. соч. Т.5. М., 1928, с. 87-219.

[12] Монғолдың құпия шежіресі. А., 1998. 35 б.

[13] Бұл да сонда, 35 б.

[14] Бұл да сонда, 35-36 бб.

[15] Монғолдың құпия шежіресі. А., 1998. 40-42 б.

[16] Кычанов Е. Жизнь Тэмучжина, думавшего покорить мир. Алма-Ата, 1992. С.27.

[17] Мыңжан Нығмет. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1994. 160 б.

[18] Кычанов Е. Жизнь Тэмучжина, думавшего покорить мир. Алма-Ата, 1992. С.49.

 

[19] Монғолдың құпия шежіресі. А., 1998. 75-76 бб.

 

[20] Монғолдың құпия шежіресі. А., 1998. 115 б.

 

[21] Бейсебайұлы Ж. Қазақ шежіресі. Алматы, 1994. 51 б.

 

[22] Аманжолов К.Р., Рахметов Қ. Тұркі халықтарының тарихы. Алматы, 1996. Т.1. 210 б.

[23] Хара-Даван Э. Чингиз хан, как полководец и его наследии. Алматы, 1992. - 272 с.

[24] Кычанов Е. Жизнь Тэмучжина, думавшего покорить мир. Алма-Ата, 1992. С.61

[25] Варейкис И., Зеленский С. Национальные и государственные размежавание Средней Азии. Ташкент, 1924. С.67.

[26] Монғолдың құпия шежіресі. А., 1998. 158 б.

[27] Бұл да сонда, 155 б.

[28] Монғолдың құпия шежіресі. А., 1998. 158-159 бб.

[29] Владимирцев Б.Я. Чингиз хан. Берлин, 1922. 75 б.

 

[30] Монғолдың құпия шежіресі. А., 1998. 143-144 бб.

[31] Кычанов Е. Жизнь Тэмучжина, думавшего покорить мир. Алма-Ата, 1992. С. 74-76.

[32] Карпини П. История монголов. М., 1957.С. 83.

[33] Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы, 1973. Т.2. - 610 б.

 

[34] Владимирцев Б.Я. Чингиз хан. Берлин, 1922. 87 б.

[35] Иванин М.О. О военном искусстве при Чингиз хане и Тамерлане. Алматы, 1998. С.44.

[36] Бартольд В.В. Туркестан в эпоху монгольского нашествия. СПб., 1900. - с. 45

[37] Бұл да сонда, С. 44

[38] Аманжолов К.Р., Тасболатов А.Б. Қазақстанның әскери тарихы. Алматы, 1999. 56-57 бб.

[39] Хара-Даван Э. Чингиз хан, как полководец и его наследии. Алматы, 1992. С.109.

[40] Монғолдың құпия шежіресі. А., 1998. 100 б.


Информация о работе Шыңғыс ханның Монғол империясы