Шыңғыс ханның Монғол империясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 19:56, курсовая работа

Описание

Сондықтан Отанымыз тарихындағы осы бір кезеңді зерттеуге жаңаша көзқарас туғызып, оған дейінгі қалыптасқан кері пікірлерден оны тазарту керек. Ол үшін XII—XIII ғасырларда өмір сүрген түркі-монғол тайпаларының саяси-әлеуметтік, экономикалық даму ерекшеліктерін, әдепті-құқықтық жүйелерін оның негіздерімен тікелей байланыстыра отырьш зерттеу қажет. Бұл сол дәуірдегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарды, әскери-құқықтық жүйені асыра дәріптеу емес, керісінше сол замандағы мемлекеттік құрылымға сай тұрғандығын дәлелдеу. Сондықтан осы курстық жұмыста Шыңғыс хан негізін қалаған және оның әулеті ұзақ уақыт билікті әрі қарай жалғастырған түркі-монғол мемлекетін жан-жақты зерттеп, ғылми тұрғыдан өз көзқарасымызды білдіре отырып оның шығарған «Ұлы жасақтарын» оқып білуді жөн көрдік.

Содержание

КІРІСПЕ

1. ШЫҢҒЫС ХАН ҚҰРҒАН МОНҒОЛ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛЫ

1.2 Орталықтанған монгол мемлекетінің құрылуы және оның саяси-әлеуметтік жағдайы

1.3 Шыңғыс ханның керей, найман хандықтарын жаулап алуы және Шыңғыс хан империясының құрылуы

1.4 Шыңғыс хан империясының заңдары, құрылымы мен ұйымдастыру принциптері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР TI3IMІ

Работа состоит из  1 файл

Шынгыс хан курсовой.doc

— 233.50 Кб (Скачать документ)


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. ШЫҢҒЫС ХАН ҚҰРҒАН МОНҒОЛ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛЫ

1.2 Орталықтанған монгол мемлекетінің құрылуы және оның саяси-әлеуметтік жағдайы

1.3 Шыңғыс ханның керей, найман хандықтарын жаулап алуы және Шыңғыс хан империясының құрылуы

1.4 Шыңғыс хан империясының заңдары, құрылымы мен ұйымдастыру принциптері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР TI3IMІ

29

 



КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасу, дербес мемлекет құру тарихында Шыңғыс хан мен оның үрім-бұтағы билеген мемлекет үлкен рөл атқарған. Түркі-монғолдар жауларын санмен емес, сапамен жеңді. Өйткені оларда мықты тәртіп, ғажайып ұйымдастырушылық қасиет болды. Оған Шыңғыс ханның саяси қызметі мен қолбасылық қабілетінің ерекше жоғарылығы қосылды. Ол орнатқан жүйе мен тәртіп далалық өркениетті әрі қарай жетілдірді. Кейіннен бұл жүйе мен тәртіп басқа халықтарда жалғасын тауып, атап айтқанда, қазақтарда XIX ғасырға дейін, яғни олар өздерінің көшпендлік қалпын жоғалта бастаған кезге дейін сақталды.

Монғол шапқыншылығынан кейін тұңғыш рет Шығыс Дешті-Қыпшақтың,   Түркістанның,   Жетісудың   түркі   тайпалары   бір мемлекетке біріктіріліп, алдымен қазақ хандығының, кейіннен қазақ ұлтының шығуына, яғни қалыптасуына жағдай жасалынды[1]. Сөйтіп Шыңғыс хан империясы құрылғаннан кейін, көп ұзамай қазақ халқының этникалық территориясы қалыптаса бастады. Қыпшақ сахарасының халықтары ертеректе мемлекет құрған түркі текті арғын, найман, керей, жалайыр, маңғыт, онғұт т.б. тайпалармен қосылып, көп этностық "қайнаған қазанда" екі жүз жыл ішінде қазақ этносы болып қалыптасты[2]. XIV—XV ғасырларда түркі-монғол этносы бөлшектеніп, бірнеше ұлттық мемлекеттер пайда болды. Мағжан ақын айтқандай, қазақтар "қара шаңырақтың" иесі болып қалды.

Алтын Орданың құрамында болған ұлыс Ақ Орда, шын мәнінде, қазақ мемлекеті болды. Өйткені негізін Жошы қалаған бұл ұлыс Сырдариядан Алтайға, Оңтүстік Оралдан Жетісуға дейінгі қазіргі қазақ даласын алып жатты[3]. Екіншіден, бұл даланы ерте кезден-ақ түркі тілді тайпалар жайлады. Олар монғол шапқыншылығынан кейін қосылған тайпаларды бойына сіңіріп, қазақтың этникалық құрамын қалыптастырды.

Сондықтан Отанымыз тарихындағы осы бір кезеңді зерттеуге жаңаша көзқарас туғызып, оған дейінгі қалыптасқан кері пікірлерден оны тазарту керек. Ол үшін XII—XIII ғасырларда өмір сүрген түркі-монғол тайпаларының саяси-әлеуметтік, экономикалық даму ерекшеліктерін, әдепті-құқықтық жүйелерін оның негіздерімен тікелей байланыстыра отырьш зерттеу қажет. Бұл сол дәуірдегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарды, әскери-құқықтық жүйені асыра дәріптеу емес, керісінше сол замандағы мемлекеттік құрылымға сай тұрғандығын дәлелдеу. Сондықтан осы курстық жұмыста Шыңғыс хан негізін қалаған және оның әулеті ұзақ уақыт билікті әрі қарай жалғастырған түркі-монғол мемлекетін жан-жақты зерттеп, ғылми тұрғыдан өз көзқарасымызды білдіре отырып оның шығарған «Ұлы жасақтарын» оқып білуді жөн көрдік.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Шыңғыс хан құрған мемлекет пен оның әулеті жайында тарихи деректемелер өте көп. Бұл жөнінде қытай, парсы, монгол, орыс, кеңес, батысеуропалық жөне қазақ тарихшылары кеңінен зерттеп, арттарына толып жатқан еңбектер қалдырған. Бүған қоса, Шыңғыс хан заманында жазылган жылнамалар мен саяхатшылардың жазбалары да көлтеп кездеседі. Бұл еңбектерді қолданған кезде, жалпылама алғанда, бірнеше кезеңмен сипаттаған жөн. Бірінші кезеңге XIII—XIV ғасырларда өмір сүрген Шығыс тарихшылары /парсы, монғол, қытай т.б./ еңбектері мен сол заманда Шыңғыс хан мен оның мүрагерлерінің ордаларында болған батысеуропалық саяхатшылардың /М.Поло, П.Карпини, Г.Рубрук т.б./ қолжазбаларын жатқызуға болады.

Енді жоғарыдағы тарихшыларға және олардың еңбектеріне жеке-жеке тоқталайық:

Жувейни Аль-ад-дин Ата Мәлік Мұхаммед /1226—1283/ — парсы тарихшысы әрі мемлекет қайраткері. Ол Аргун ханның хатшысы ретінде екі рет Қарақорымға барып қайтты. Ол монғол хандарының тапсырмасы бойынша көп жыл еңбектеніп, "Тарих — и Жаһангушай" /"Әлемді жаулап алушының тарихы"/ атты үш томдық зерттеу еңбегін жазды. Кітаптың алғашқы томында Шыңғыс ханнан бастап 1248 жылға дейінгі монғолдар тарихы баяндалады. Екінші кітабында Хорезм, Иран, Қашқар, Қотан, Қарақытай мемлекеттері мен найман, керей ұлыстарының Шыңғыс ханға дейінгі тарихы айтылады. Үшінші кітапта Хулагу ханның Иранға жорығы баяндалады[4].

Келесі бір тарихшы Рашид-ад-Дин Фазлаллах ибн Абулхайр /1247—1318/ — тарихшы әрі мемлекет қайраткері. Оның ең құнды еңбегі үш боліктен тұратын /үшінші бөлімі сақталмаған/ "Жамиат-тауарих" /жылнамалар жинағы/ атты парсы тілінде жазылған шыгармасы. Бұл еңбектің алғашқы бөлімі "Тарихи Газани" /"Газан тарихы"/ деп аталып, монғолдар  құрған  мемлекеттердің 1304 жылға  дейінгі  саяси, әскери-әлеуметтік тарихы баяндалады. Кітаптың екінші бөлімінде монғолдар жаулап алғанға дейінгі мұсылман мемлекеттері, иуда, франктер /Батыс Еуропа/ елдері, Рим императорлары мен папалары, Үндістан, Қытай, Шығыс Еуропа елдері жөнінде жан-жақты мәліметтер береді. Бұл еңбекті жазуға Рашид-ад-Дин парсы, монғол, үнді, қытай, франк т.б. елдердің ғалымдарын жұмылдырды. Олар түпнұсқа мен тарихи дәстүр негізінде ешбір діни немесе саяси мүдделерден тыс барлық халықтардың тарихын жазуға тырысты. Сондықтан бұл еңбек Шыңғыс хан заманы туралы өте құнды көптеген мәліметтерді қамтыған[5]. Осыған байланысты Шыңғыс хан империясы зерттеуші ғалымдардың барлығы бұл еңбекке соқпай кете алмайды.

Жамал Карши /шын аты — Абдул Фазыл ибн Мұхаммед/ /1230—1315/ — Жетісу топырағында туып өскен ғалым, тарихшы, жазушы. Ол монғол дәуірінде Жетісу өңірінен шыққан тұңғыш тарихшы. Сондықтан ол сол заманда болған Жетісу мен Орта Азиядағы оқиғаларды жетік білген. Әрі соларды бірінші болып тарихта қалдырған. Сол себепті оның жазғандары әрі айқын, әрі терең, түсінікті болып келеді. Негізгі еңбегі араб тілінде жазылған "Мүлхақат-ас-сурах" /"Лұғатқа қосымша"/ деген шығарма[6]. Бұл еңбегінде ол сол заманда жасаған ғалымдарға және мемлекет қайраткерлеріне жеке-жеке баға береді. Тарихи оқиғалардан үш дәуірді: Оғыз-Қарахан дәуірін, қарақытайлар мен наймандар дәуірін, Шыңғыс хан империясының алғашқы кезеңдерін жазады. Кітаптың тағы бір құндылығы сол кездегі тайпалар арасындағы қарым-қатынас, қарақытайлардың Жетісуға шабуылы, одан кейінгі найман үстемдігі, қыпшақ, оғыз, қарлық елдерінің саяси, мәдени шаруашылық өмірі және Хорезммен байланысы жан-жақты баяндалады. Оның айтуынша, Жетісудағы ең мықты ұлыс қаңлылар болып, олар бұл өлкені Алмалықта отырып билеген.

Карпини Джованни де Плано /1182—1252/ Италиядан шыққан монах. Рим папасы Иннокентий IV 1245 ж. Лион соборының тапсыруымен Карпиниді Монғолия жөнінде мәліметтер жинау үшін әдейі елшілікке жібереді. Ол Лионнан шығып Киевке жетеді, одан Еділ өзені арқылы Хорезм, Жетісу, Тарбағатайды басып өтіп, хан ордасына келіп жетеді. Онда ол Үгедей хағанның баласы Күйіктің ұлы хан тағына отыру салтанатына /1246/ қатысады. Қайтар сапарында /1247/ Бату ханға жолығады. Еліне келгеннен кейін монғолдарға бағынатын халықтар мен қалалар жөнінде жан-жақты мәліметтер жазып қалдырады. Бұған қоса Батысеуропалық саяхатшылар Г.Рубрук пен М.Поло да арттарына аса құнды еңбектер қалдырды.

"Монғолдың құпия шежіресі" — XIII ғасырда жазылған Шыңғыс хан империясы тарихы жөніндегі ең бір құнды дерек болып табылады. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап бұл шежіре Шыңғыс хан империясы тарихын зерттеушілердің назарын үнемі өзіне аударып келеді. Ол бірнеше тілге аударылған /неміс, француз, жапон, орыс, қазақ т.б./[7].

Қолданылған әдебиеттердің ішінен екінші кезеңге XIX—XX ғасырдың бас кезіндегі жазылған шығармаларды жатқызуға болады. XIX ғасырда Ресей тез дамып, барлық ғылым салалары, соның ішінде тарих ғылымы да тез өркендей бастады. Бұған қоса Батыс шығыстанушылары да Шыңғыс хан империясы тарихына қызығушылық танытып, осы тақырыпта көптеген еңбектер жазды. Ежелгі дәуірдегі мұсылман және қытай деректемелері Батыс Еуропа тілдеріне аударылды. Олардың көпшілігі Шыңғыс хан мен оның мұрагерлерінің Еуропа мен Азиядағы жорықтарын әлемдік масштабтағы "шапқыншылық" ретінде қарастырды. XIX ғасырдың орта тұсынан бастап орыстың әскери тарихшылары Шыңғыс хан мен оның әскер басыларының жорықтарын зерттеп, жан-жақты талдай бастады. Атап айтқанда, Хиуа хандығына қарсы жорыққа қатынасқан бас штабтың әскери-ғылыми кеңесінің мүшесі генерал-лейтенант М.И.Иванин өзі жүрген жерде Шыңғыс ханның жеке басы мен ол құрған мемлекет жөнінде көптеген деректер жинап, кейіннен ол деректерді сұрыптап, кітап етіп шығарды[8]. Әскери тарихшылардан басқа бұл такырыпта В.Вельяминов-Зернов, В.В.Радлов, И.И.Крофт т.б. қалам тартты[9].

XX ғасырдың басы қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің рухани өркендеген дәуірі болды. Қазақ зиялылары Отан тарихына байланысты жазылған мақалаларын баспасөз беттеріне шығара бастады. Атап айтқанда, М.Тынышбаев, С.Асфендияров, Ә.Бөкейханов т.б. қазақ оқығандары қарастырып отырған дәуірде қазақ ұлтының қалыптасуына тигізген оң әсерлері жайында сөз қозғады[10].

Үшінші кезеңге кеңес үкіметі түсындағы ғылыми зерттеулер жатады. Бұл кезеңде түркі халықтары тарихына үлкен еңбек сіңірген көптеген зерттеу кітаптарын шығарған тарихшылар /В.В.Бартольд, Л.Н.Гумилев т.б./ көп болды[11].

Жоғарыда аттары аталған авторлардың барлығы да /Бартольд В.В., Владимирцев Б.Я., Иванин М.И., Хара Даван Э., Гумилев Л.Н. т.б./ түркі-монғол тарихына халықтарына арнап ірі-ірі зерттеу еңбектерін жазды. Сол еңбектерінде әрқайсысы өзінше қорытынды шығарып отырды. Атап айтқанда, М.И.Иванин мен Э.Хара Даван Шыңғыс хан бүкіл жер бетінде бір ғана патшалық орнатқысы келді десе, Л.Н.Гумилев бастаған тарихшылар ол тек түркі-монғол тайпаларын, яғни бүкіл еуразиялық көшпенділерді бір орталыққа бағындыруды көздеді, ал отырықшы халықтармен, мысалы, Москва мемлекетімен одақтастық қарым-қатынаста болды деп есептейді.

Төртінші ең соңғы кезеңге 1990 жылдардан бергі кезеңді жатқызуға болады. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін бұрынғы көзқарасымыздың көпшілігіне ұлттық мүдде тұрғысынан қарауды тарихтың өзі алдымызға тартып отыр. Сондықтан осы тақырып кеңірек қамтылған қазақ тарихшыларының еңбектеріне тоқталамыз. Ондай еңбектердің қатарына Қытайдағы қазақ тарихшысы Н.Мыңжанидің " Қазақтың қысқаша тарихы" атты еңбегі мен қазақстандық тарихшылар К.Аманжолов пен К.Рахметовтің "Түркі халықтары тарихы" және А.Тасболатов пен К.Аманжолов жазған "Қазақстанның әскери тарихы" атты зерттеу кітаптарын, басқа да толып жатқан ғылыми мақалаларды жатқызуға болады. Атап айтқанда Қазақстандағы тарихшы ғалымдар М.Қозыбаев, М.Қойгелдиев, Т.Омарбеков, С.Жолдасбаев, Ү.Жұмағұлов, З.Қинаятұлы, С.Сыздықов, К.Хафизова, А.Дулатова, Б.Көмеков т.б. осы аталған кезеңдегі көшпелілердің саяси құрылымы, өркениеті, мәдениеті, археологиялық және тарихи ескерткіштері жөнінде толып жатқан ғылыми еңбектер жазды. Н.Мыңжани өз еңбегінде бізге мәлім емес кейбір қытай деректерін пайдаланған. Ал аттары аталған қазақстандық тарихшылар өз зерттеулерінде Шыңғыс хан құрған мемлекет тарихын түркі халықтары тарихы мен ұштастыра қарастырады. Сонымен бірге Шыңғыс хан құрған түркі-монғол жауынгерлерінің әскери өнеріне қазіргі заман тұрғысынан жаңаша баға берген.

Жоғарыда атап өтілген еңбектердің барлығында да Шыңғыс ханның өз заманындағы аса талантты ұйымдастырушы, әйгілі қолбасы, ұлы саясаткер болғандығы дәлелденген. Әсіресе, ол әскери саясат саласында өте шебер де тапқыр болып, Азия көлеміндегі аса ірі әскери шеберлік әдіс-тәсілдерін тұңғыш ұйымдастырған адам болды. Ол түркі-монғол тайпаларын біртұтас мемлекетке шоғырландырып, оз заманындағы аса үлкен әрі күшті империя құруға қол жеткізді. Бұған қоса осы империяны мекендеген халықтардың арасында тиянақты тәртіп орната білді. Басқа ірі мемлекеттерден бір айырмашылығы Шыңғыс хан мен оның мұрагерлері өздері басып алған елдердің мәдениетіне, діні мен салт-санасына ешқандай қысым көрсеткен жоқ.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті. XIII ғасырдың басында күрылған Шыңғыс хан мемлекетіндегі түркі—монғол тайпаларының бір орталыққа бірігіп, Еуразия даласында ұлы мемлекет болғандығын тарихи деректер арқылы көрсету. Саяси бірліктің нәтижесінде түркі-монғол халықтарының сол кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық, әскери, мәдени жетістіктерін дәлелдеу. Осы мақсатта курстық жұмыста төмендегідей нақты мәселелер шешу көзделінді:

Қазіргі біздің отандық тарихымыздағы Шыңғыс ханның жеке басын жоне ол құрған империяның алатын орнын Шығыс елдері /қытай, монгол, парсы, араб т.б./ мен батысеуропалық тарихшылардың еңбектеріне сүйене отырып анықтау. Кеңестік тарихнамадағы бұл империяны тар шеңберде бір ғана "жабайы көшпенділер" немесе "басқыншылар" ретінде қарап бұрмалануын сын көзбен қарай отырып, сол арқылы ақиқатты қалыптастыру.

Орта Азия мен Қазақстанда құрылған Алтын Ордамен шағатай ұлысы мемлекеттері тарихына ғылыми талдау жасау, ол мемлекеттердің түркі халықтарының біріғіуіне және дербес ұлттық мемлекет құруына, сонымен қоса ғұндардың, түркілердің мұрагерлері ретінде көшпелі және отырықшы халықтардың басын қосып, әлем мәдениетінде қайталанбас дала өркениетіне қосқан үлесін дәлелдеу.

Шыңғыс хан мемлекетінің әскери құрылымы мен "Жасақ" заңына талдау жасай отырып, сол арқылы оның әлеуметтік-экономикалық және әскери қарым-қатынастарды реттеудегі маңызын ашып көрсету.

Шыңғыс  хан мсмлекетінің  саяси-әлеуметтік  жағдайына талдау жасай отырып, оның тарихи бастауларын ертеден келе жатқан ғұн, түркі қағанаттарынан алатынына олардың арасындағы тарихи сабақтастық пен өзгешеліктерге талдау жасау арқылы баға берілді.

Шыңғыс ханның ішкі-сыртқы және әскери саясатына, сондай-ақ құқықтану саласында /"Жасақ"/ жасаған жаңа реформаторлық қызметіне ғылыми тұрғыдан баға берілді.

Курстық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңынан пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

29

 



1. ШЫҢҒЫС ХАН ҚҰРҒАН МОНҒОЛ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛЫ

1.2 Орталықтанған монғол мемлекетінің құрылуы және оның саяси-әлеуметтік жағдайы

Ұлы Қытай қорғанынан Дунайға дейінгі аралықты мекендеген бір-бірімен тығыз байланыстағы өзара туыс көшпенді /халықтарды/ ұлыстарды бір мемлекетке біріктіру.

Шығыс пен Батысты жалғастырып тұратын ұлы сауда жолдарының әрі қарай өркендеуіне жағдай жасап, оны қорғау. Осы ұлы мақсатты орындау XIII ғасырдың бірінші жартысында Шыңғыс ханның және оның мұрагерінің үлесіне тиді. XII ғасырдың соңы мен XIII ғасырдың бас кезінде Шыңғыс хан бастаған монғолдар қозғалысының өрлеуі нәтижесінде Орталық Азияда монғол патшалығы құрылды.

Информация о работе Шыңғыс ханның Монғол империясы