Еуразия даласындағы Шыңғысханның тұлғасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 16:42, реферат

Описание

Әлем тарихындағы ең ірі империяны құрушы, адамзат тарихындағы ең ірі соғысты бастаушы Шыңғысханның Еуразия даласындағы тұлғасы жайлы айтқым келеді.

Работа состоит из  1 файл

Чингизхан.docx

— 21.46 Кб (Скачать документ)
 
 
 
 
 
 

                                        
 
 
 

                                                  СӨЖ

Тақырыбы: Еуразия даласындағы  Шыңғысханның тұлғасы 

                                                       Орындаған:  
 
 
 
 
 
 

    

Әлем тарихындағы  ең ірі империяны құрушы, адамзат тарихындағы ең ірі соғысты бастаушы Шыңғысханның Еуразия даласындағы тұлғасы жайлы айтқым келеді. Ол аждаһадай айбатты, «атом» бомбасындай қаһарлы жеңімпаз қосынының дүбірлеткен ат тұяғы тұтас Еуразия құрлығын шарпыды, ондағы қырық шақты мемлекет пен жеті жүзден астам ұлт пен ұлыс ұлы империяға бағынышты болды. Шыңғысхан жиырма жыл шайқас жүргізіп, ақыры өзінің жауларын жеңіп, ұлы даланы бірлікке келтірді. Сосын ұлдары мен немерелерін, қолбасыларын бастап төрткүл дүниені бағындыру соғыстарын жүргізді. Оның ұрпақтары Моңғол (Юань) империясын, Алтын Орда (Қыпшақ) хандығын, Шағатай хандығын, Елхан хандығын, сондай-ақ кейін Темірлан хандығын құрып, Азия мен Еуропаның негізгі бөлігін ұлы Моңғол империясының қарамағына енгізді. Адамзат тарихында мұндай алып империя бұрын-соңды болған жоқ, тарихшылар жазба деректемелерге сүйене отырып, ұлы Моңғол империясының сол кездегі аумағы отыз миллион шаршы километрге жеткен деп болжайды.

         Мұндай алып империя тарихта болған жоқ, онымен салыстырғанда еуропалықтар мен американдықтар жер-көкке сыйғызбай мақтан ететін Александр Македонскийдің темірмен құрсанған атты әскерлері де, Рим империясының легиондары да, Наполеонның алып зеңбіректі армиясы да бұл шекараларға жете алған жоқ-тұғын. Ол христиан, ислам және басқа да өркениеттерді бір-бірімен бетпе-бет табыстырып, Шығыс пен Батыс әлемінің байланысын кедергісіз тұтастырды. Америкалық бір академиктің айтқанындай: «Шыңғысхан әлем картасын өзгертті, сол кездегі Еуразия құрлығы сансыздаған ұсақ феодалдық шағын мемлекеттерден құралған еді, Шыңғысхан оларды бірлікке келтіріп, ол елдерді қазір біздер картадан көріп жүрген қалыптағыдай күйге келтірді».

         Шыңғысханның ұлы жорығы ауқымы мен ықпалы жағынан адамзат тарихында оның өзіне дейін де, одан кейін де болып көрмеген. Шыңғыс қаған 66 жас өмір сүрді, өмір бойы аттан түскен жоқ, өмір бойы соғыс майданынан кеткен емес. Ғұмыры салт аттың үстінде өтті. Көшпелілердің аттары Тынық мұхиттан Жерорта теңізіне дейінгі барша өзендер мен көлдерден суаттады. Империясының аумағы ақ қар, көк мұз құрсанған Сібір далаларынан тартып Үндістанның ыстық белдеулеріне дейін, Вьетнамның күріш алқаптарынан бастап Венгрияның арпа атыздарына дейін, Корей түбегінен Балқанға дейін созылып жатты... Шыңғысхан мен оның ұрпақтарының аса жүрдек (мобильді) салт атты сарбаздарының жорық жолдарын километрмен емес, тек ендік пен бойлық бойынша есептеуге болады.

Шыңғысханда бар-жоғы 200 мыңдай ғана қол болды. Ал сол кезде  экономикасы, мәдениеті мен өркениеті, ғылымы едәуір дамыған Алтын (Цзинь) хандығында, Оңтүстік Сун патшалығында, Хорезм мен Иран және т.б. елдерде  он миллиондаған халық пен талай  жүз мыңдаған әскер болды. Соған  қарамастан осы елдерді бар-жоғы жиырма жылдың ішінде (1207-1227) бағындырып, бір тудың астына біріктірді. Хорезм шайқасы (оның бастауы - Отырар шайқасы) - Шыңғысханның Еуразиядағы ең алғашқы  ірі шайқасы еді, ол ең алғашқы  ұзақ жорығы, әскерді ең мол аттандырған, әрі ең ауқымды соғысы болды. Дәл  осы шайқас Шыңғысханды әлемдік  саясат сахнасына шығарды. Әлемдік  әскери өнер тарихын зерттеуші ғалымдардың  пікірінше, моңғолдар осы жорықта  аса зор қиындықтарды жеңіп, үш мұһжизаны  жаратты: біріншісі, Жошы бастаған қосын  әлемнің асу бермес алып кезеңі - Памир мен Тяньшаньды (Тәңір тауын) салт атпен асты; екіншісі, Шыңғысхан  бастаған ең негізгі 110 мың қол тірі жан мекен етпейтін, қу медиен Қызылқұмды көктей өтіп, Хорезм мен Хорасанды  қоршауға алып, Мұхамет шахты жеңді; үшінші, қолбасылар Сүбедей мен Жебе 30 мың сарбазды бастап, Арал-Каспий далаларын мың да бір машақатпен жүріп өтіп, Әмударияны қайықсыз жүзіп  өтеді, сарбаздар бүкіл әскери керек-жарағын  сиыр терісінен тігілген тұлыпқа  салып, оны белдеріне байлап алып, өздері аттың жал-құйрығынан ұстап, дарияны жүзіп өткен. Шыңғысхан  қосыны небары екі жүз мың (20 түмен) сарбаздан құрала тұра, он жылдық шайқаспен-ақ Еуразиядағы он шақты елді бағындырып үлгерді. Бұл жағынан ұлы қолбасылар есептелетін Цезарь да, Македонский да, Наполеон да шаң қауып қалды. Тарихшылар 13-ғасырды моңғол ғасыры деп атайды.

         Шыңғысхан- алғаш рет әлемдік тасымал және коммуникация жүйесін орнатушы. Ол - орта ғасырларда бүкіл Еуразияның түкпір-түкпірін байланыстырған моңғолдар құрған үкілі пошта бекеттері арқылы жүзеге асқан хабарласу жүйесі еді. Моңғол армиясы жаулаған өңірлер ұлан-ғайыр болғасын алыс жорықтағы қосын мен Үлкен Орда арасындағы үздіксіз байланысты қамтамасыз ету үшін Шыңғысхан сол замандағы ең жылдам, ең үздік, «Ұшқан жебедей салт аттылар» деп аталатын байланысшы қосын құрды. Оған Шыңғысханның «төрт төбетінің» бірі - Желме Ухэ басшылық етті. Байланысшылар жүрдек аттармен суыт жүріп, жолдағы әрбір пошта бекеттерінен ат-көлігін ауыстыра отырып, Ұлы қағанның жарлығын шалғайдағы кез-келген жорықшы қосындарға жеткізе алған, ал алдыңғы шептердегі соғыс шайқастарының жағдайын дәл сондай жылдамдықпен Үлкен Ордадағы бас қолбасшылық штабқа жеткізіп отырған. Жапон ғалымдарының зерттеуінше, сол заманда Каспий жағалауындағы алдыңғы шептен қазіргі Моңғолиядағы Керулен өзенінің бойына байланысшылар небары 40 күнде жетіп баратын болған. Азия мен Еуропаны еш кедергісіз байланыстырған Шыңғысхан құрған осынау тасымал және коммуникация желісі тек әскери мақсатта пайдаланылған жоқ, қолында Ұлы империяның қағаны берген пайзасы бар кез-келген елдің сауда-керуендері, елшісі мен саяхатшы-жиһанкезі осы бекеттерді бойлап, Шығыс пен Батыс арасында кедергісіз, қауіп-қатерсіз қатынап жатқан. АҚШ-тың «Вашингтон пост» газетінің жазуынша, «Жеті жүз жыл бұрын Шыңғысхан бүкіләлемдік ақпараттық хабарласу жүйесін орнатты. Шыңғысхан құрған бұл хабарласу жүйесін осы заманғы әлемдік электронды ақпараттық хабарласу жүйесінің алғашқы үлгісі деуге болады».

         Оңтүстік Кореяда жарық көрген «Мыңжылдықтың тарихи тұлғалары» атты кітапта: «Шыңғысхан құрған салт атты үкілі пошта бекеттері сол дәуірдегі хабар-ошар алысудың ең жылдам, ең үздік үлгісі еді, ол осы заманғы әлемдік интернеттің ең алғашқы бастауы, өркені болды» деп жазылған. Америкалық ғалым Гарольд Лемп бұл құбылысты «Адам баласының тарихтағы ең кең ауқымда, ең алғаш емен-жарқын етене қол алысып, қауышқаны» деп сипаттайды.

          Шыңғысхан - суық қару дәуірінде әскери өнерді ең жоғарғы сатыға жеткізуші, әлем тарихында таяу заманға дейінгі ең үздік қаруланған, ең жылдам, ең сапалы, әрі ең батыр да, жауынгер қосынды жасақтаған ұлы қолбасы. Әлемдік әскери істер тарихындағы осы бір ең әйгілі талант әскери қолбасшылық өнерді шарықтау деңгейіне жеткізді. Бұл туралы атақты әскери қолбасы, АҚШ-тың бес жұлдызды генерал-полковнигі Маккас былай деген: «Егер күллі соғыстар туралы (Шыңғысханның соғыстарынан өзге) естелік деректерді тарихтан түгел өшіріп тастап, тек Шыңғысханның шайқастары туралы нақтылы деректерді ғана қалдырып, шып-шырғасын шығармай сақтағанның өзінде, одан кез-келген әскери қайраткер теңдессіз қазынаға ие болар еді. Сол деректерден сардарлар қажетті білімін алып, болашақ жеңімпаз қосын жасақтай алар еді. Осынау бір таңғажайып қолбасының (Шыңғысханның) жеңісі тарихтағы талай-талай мықты қолбасылардың әскери жеңісін бәрібір көлегейлеп тұрады».

      2001 жылы Пекинде «Қытайдың ұлы императорлары» сериясы бойынша баспадан шыққан «Шыңғысхан» атты кітаптың алғысөзінде былай деп жазылыпты: «Шыңғысхан – тарихта ешкім де оған иық теңестіріп, үзеңгі соғыстыра алмайтын соғыс өнерінің майталман дарыны. Ол соғыспайтын, ал соғысса, жеңбей қоймайтын жеңімпаздығымен адамзаттың әскери өнерін шырқау шыңға жеткізді. Қандай тұлғаны «соғыс тәңірі» деп атауға болар? Ол - әрине, Шыңғысхан!

         Әскери өнерде Шыңғысхан ешкім ойламаған және ешкім орындай алмаған тәсілдерді жүзеге асырды.

         Біріншіден, ол әлем тарихындағы ең жылдам қимылдайтын кавалерия жасақтады. Дүние жүзі ғалымдарының бірауыздан мойындайтыны сол, Шыңғысханның ұрыс тактикасы адамзаттың соғыс өнері тарихында теңдесі жоқ екендігі, көшпелілердің салт атты жасағы аса икемді, ұтқыр қарулармен жарақталған.

          Екіншіден, тарихта ең алғашқы болып тұтас халықты жаппай қаруландыруды (әскери мобилизация) жүзеге асырды. Моңғол тарихын зерттеген әйгілі тарихшы Д.Оссон айтқандай, «Моңғолдар дүниеге бірден жауынгер болып келеді». Шыңғысханның әскер жасақтауы, жаттығу жасатуы, ұрыс салуы түгелдей көшпелі шаруашылық тәсілі мен өмір салтына тікелей байланысты еді, әрбір көшпелі жайшылықта мал бағып, аң аулап, шаруашылықпен айналысса, ал жаугершілік туа қалса олар дереу атқа қонып, жасақшылар сапын толтыратын, оның үстіне олар шетінен мықты шабандоздар, әрі сұр мергендер болатын.

         Шыңғысхан - әлем тарихында тұңғыш рет міндетті әскери борыш өтеу тәртібін жолға қойған билеуші. Елдегі 15-тен 60 жасқа дейінгі еркек кіндіктілер соғыс жорықтарға сақадай-сай жағдайда өмір сүрген...

         Үшіншіден, тарихта тұңғыш рет артиллериялық қосын құрды. Шыңғысханның моңғол жасағы алуан түрлі техникалық тәсілдерді біріктіре қолданып, ғажайып от қару - зеңбіректі жасап шықты. Олар Қытайдан, Ираннан және Еуропадан көптеген шебер-ұсталарды жинап алып келіп, қытайдың оқ дәрісін, арабтардың от атқыш (бүріккіш) қаруын біріктіріп, оған және де еуропалықтардың кейбір техникаларын пайдаланып, зеңбірек         жасады. Тарихи деректер бойынша 1220 жылы моңғол қосыны Хорезмді жаулаған кезде тұңғыш рет от қаруы - зеңбірекпен қаруланған артиллерия жасақтаған, оған Шыңғыс қаған өзінің хас батыры Үгедейді бас қолбасшы етіп тағайындаған.

         Төртіншіден, әлемде тұңғыш рет әскери қолбасшылық штаб құрды. Шыңғысхан ақыл мен айлаға кемел болғандықтан, қарсылас жауларынан тактика жағынан әрдәйім үстем болды. Ол кез-келген бір стратегиялық іс-қимылды бастарда, ең алдымен барлық сенімді деректерді жинастырып алып, көп уақыт тексеріп-зерттеп, сол негізде жан-жақтылы бас жоспар құрып алатын. Ол Найман ұлысына қарсы жорық жасар алдында өз қосыны ішінде мыңбасы, жүзбасы деген әскери лауазым тағайындады, әрі мыңдықтарды басқаратын орталық әскери ұйым (цяньюань чжунцзюнь) құрып, оған Тұлұн, Токтай сынды алты чэрбиді (әскери шен) басшы етіп қойды, бұл ең алғашқы бас қолбасшылық штаб еді. Соның арқасында Шыңғысхан қосыны 1204 жылы қарулы қолы өздерінен әлдеқайда көп Найман ұлысын жеңді... Әскери істер тарихын зерттеуші ғалымдардың жазуынша, Шыңғысхан құрған әлем тарихындағы ең алғашқы бұл әскери бас қолбасшылық штабы Наполеонның әскери қолбасшылық штабынан алты жүз жыл бұрын құрылған екен.

       Бесіншіден, тарихта бірінші рет «найзағай соғысы» (блицкриг) әдісін ойлап тапты. Тарихшылардың дені Шыңғысхан жеңімпаздығының бір сыры оның блицкриг тәсілін ойлап тауып, оны соғыс тактикасында икемді пайдалануы деп есептейді. Сондықтан да моңғол жорығын батыс тарихшылары «моңғол құйыны» деп атаған. «Найзағай соғысы» дегеніміз - жай оғындай жарқ етіп, құйындай құйғытып келіп, жауға тұтқиыл шабуыл жасау, жау жақ күтпеген кезде, болжамаған тұстан оттай лап етіп, шауып өте шығу.

       Шыңғысхан-адамзат тарихындағы ең  ұлы жеңімпаз. Шыңғысханның есімі «табыс», «жеңіс» сөзімен біте қайнасып кеткен. Шыңғысханды «оқу» дегеніміз - Шыңғысханның табысқа, жеңіске жетуінің сырын ашу деген сөз. Тарихшылардың оны ең ұлы табысқа жетуші, жеңімпаз деуінің себебі, Шыңғысхан және оның ұрпақтары тұңғыш рет бүкіл Қытайды бірлікке келтіруі, онан соң күллі жарты әлемді бағындырып, дүние жүзін дүр сілкінткен ең алып империяны құрушы болды. Жапонияда жарық көрген «Әлемнің жалпы тарихы» атты кітапта: «Дүние жүзі тарихында дәл Шыңғысханға тең келетін батыр да, қаһарман ұлы қолбасы болған жоқ» деп жазса, Үндістанның экспремьер-министрі Дж.Неру: «Шыңғысхан - әлем тарихындағы ең ұлы қолбасылардың бірегейі» деген екен. Шыңғысхан бүкіл өмірінде алпыстан астам рет ірі соғыс операциясын жүргізіп, соның бірде-бірінде жеңіліп көрмепті. «Тауарих жаһан кушай» атты еңбектің авторы, парсының әйгілі тарихшысы Жувейни былай деп жазыпты: «Асқан кемеңгер қолбасшы есептелетін Ескендір Зұлқарнайын (Александр Македонский) Шыңғысхан заманында өмір сүрген болса, онда ол стратегия мен тактикада да Шыңғысханның шәкірті болған болар еді, түрлі айла-тәсілмен қала-қамалдарды алуға тура келсе, ол еш ойланбастан Шыңғысханның соңынан ерер еді».

          Шыңғысханның тұлғасын зерттей  келе, мен осындай қорытындыға  келдім. Кейбіреулер Шыңғысханды  ұлы қолбасшы, тарихи тұлға, адам  деп атауға келмейтін, Орта Азия халықтарын қырған қанішер, жауыз, деп айыптайды. Шыңғысхан – адамдарды қырған жауыз болғандықтан, оны Ұлы деп атауға болмайды дейді. Бұл аргументациясы дәлелді болар еді, егерде Шыңғысхан, гуманистік қозғалыс қанат жая пайда болған Қайта өрлеу-Ренессанс дәуірінде өмір сүре адамдарды қырған болса. Бірақ Шыңғысхан, XII ғ. екінші жартысы мен XIII ғ. бірінші жартысында өмір сүрді ғой. Ал бұл ғасырларда гуманизм, яғни адамға деген мейірімділік, аяушылық, сүйіспеншілік әлі пайда бола қоймаған болатын. Бұл ғасырларда, аристократ феодалдардың өздерінің қарамағындағы бағынышты адамдарға өздерімен тең құқылы адамдар ретінде емес, малайлыққа, кіріптарлыққа жаралған жан иесі ретінде қарайтын, осы себепті, адамға деген аяушылықты білмейтін қатыгез ортағасырлық феодалдық идеология үстем болып тұрды.

         Егерде Шыңғысхан мен оның шапқыншылығын, ортағасырлық қатыгез феодалдық идеология тұрғысынан қарастыра бағалап пікір білдірер болсақ, онда ол, жауыз болмай шығады. Себебі ол, адамға деген аяушылықты білмейтін мейірімсіз қатыгез дәуірде өмір сүрді, осы себепті, қатыгез болды. Сонда Шыңғысхан әскерінің Солтүстік Қытай мен Орта Азиядағы адамдарды қырғынға ұшыратуына кінәлі – Шыңғысхан емес, ол өмір сүрген қатыгез дәуір кінәлі болып шығады. Басқаша айтқанда қатыгез дәуір, қатыгез қолбасшыны, жиһангерді дүниеге әкелген. Шыңғысхан шапқыншылығында орын алған қатыгездіктің диалектикасына жасалған талдаудан көрініп тұрғанындай Шыңғысхан – жауыз емес, Ренессанс дәуіріне дейінгі ортағасырлық қатыгез дәуірдің қатыгез адамы. 
 
 
 
 

Информация о работе Еуразия даласындағы Шыңғысханның тұлғасы