Шыңғыс хан жайында қалам тартқандар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 19:07, реферат

Описание

Шыңғыс хан құрған мемлекет пен оның әулеті жайында тарихи деректемелер өте көп. Бұл жөнінде қытай, парсы, монғол, орыс, кеңес, батысеуропалық тарихшылары кеңінен зерттеп, арттарына толып жатқан еңбектер қалдырған. Бұған қоса, Шыңғыс хан заманында жазылған жылнамалар мен саяхатшылардың жазбалары да көптеп кездеседі. Бұл еңбектерді бірнеше кезеңмен сипаттаған жөн. Бірінші кезеңге XIII—XIV ғасырларда өмір сүрген Шығыс тарихшылары (парсы, монғол, қытай т.б.) еңбектері мен сол заманда Шыңғыс хан мен оның мұрагерлерінің ордаларында болған батысеуропалық саяхатшылардың (М.Поло, П.Карпини, Г.Рубрук т.б.) қолжазбаларын жатқызуға болады.

Работа состоит из  1 файл

шыңғыс хан.doc

— 62.00 Кб (Скачать документ)


 

 

 

Шыңғыс хан туралы қалам тартқандар

Шыңғыс хан құрған мемлекет пен оның әулеті жайында тарихи деректемелер өте көп. Бұл жөнінде қытай, парсы, монғол, орыс, кеңес, батысеуропалық тарихшылары кеңінен зерттеп, арттарына толып жатқан еңбектер қалдырған. Бұған қоса, Шыңғыс хан заманында жазылған жылнамалар мен саяхатшылардың жазбалары да көптеп кездеседі. Бұл еңбектерді бірнеше кезеңмен сипаттаған жөн. Бірінші кезеңге XIII—XIV ғасырларда өмір сүрген Шығыс тарихшылары (парсы, монғол, қытай т.б.) еңбектері мен сол заманда Шыңғыс хан мен оның мұрагерлерінің ордаларында болған батысеуропалық саяхатшылардың (М.Поло, П.Карпини, Г.Рубрук т.б.) қолжазбаларын жатқызуға болады.

Енді жоғарыдағы тарихшыларға және олардың еңбектеріне жеке-жеке тоқталайық:

Карпини Джованни де Плано (1182—1252) Италиядан шыққан монах. Рим папасы Иннокентий IV 1245 ж. Лион соборының тапсыруымен Карпиниді Монғолия жөнінде мәліметтер жинау үшін әдейі елшілікке жібереді. Ол Лионнан шығып Киевке жетеді, одан Еділ өзені арқылы Хорезм, Жетісу, Тарбағатайды басып өтіп, хан ордасына келіп жетеді. Онда ол Үгедей қағанның баласы Күйіктің ұлы хан тағына отыру салтанатына (1246) қатысады. Қайтар сапарында (1247) Бату ханға жолығады. Еліне келгеннен кейін монғолдарға бағынатын халықтар мен қалалар жөнінде жан-жақты мәліметтер жазып қалдырады. Сондағы басты мақсат моңғолдар тарапынан туындаған қауіптен, оларды жан – жақты зерттеу арқылы сақтану. Бұл жайында Карпини өз еңбегінде былай деп жазады: "чтобы принести чем-нибудь пользу христианам, или, по крайней мере, узнав их истинное желание и намерение, иметь возможность открыть это христианам, дабы Татары своим случайным и внезапным вторжением не застигли их врасплох" (мұнда Татарлар дегеніміз Моңғол халқы). Сондағы моңғолдардың, атап айтқанда Шыңғыс ханның, бүкіл жер бетіндегі халықтарды бағындыру саясаты сол кездегі халықтардың бәріне мәлім болғандығы туралы білеміз. Бұған қоса Карпини жалпы моңғолдардың бейнесіне олардың жақсы және жаман жақтарын талдау арқылы сипаттама береді. Мысалы, "Словопрения между ними бывают редко или никогда, драки же никогда, войн, ссор, ран, человекоубийства между ними не бывает, и хотя они доходят до сильного опьянения, однако, несмотря на свое пьянство, никогда не вступают в драки." – бұл сөйлемнен біз моңғолдардың  тату, бірлікте өмір сүретін жақсы ұйымдасқан қоғам екенін байқаймыз. Сонымен қоса олардың аштыққа, ауа райының ыстық – суығына өте төзімділігі  айтылады. Жақсы жақтарымен қоса жаман қасиеттері де айтылмай қалмайды. Олар тумысынан өте қу және басқа халықтарға менсінбеушілікпен қарайды деп жазылған. Жалпы Шыңғыс хан тұлғасы туралы және ол құрған мемлекеттің құрылымы туралы да көптеп мәліметтер келтірілген. Соған тоқталсақ. Моңғол жерінде төрт тайпа өмір сүрген, олар – Йека Монгал (великие монголы), Су Монгал (водяные монголы), Меркіт және төртіншісі Мекрит. Шыңғыс хан болса Йека Монгал тайпасынан шыққан және де Карпинидің сөзі бойынша ол моңғолдарды ұрлық пен тонауға үйреткен. Ал тайпасы болса оның артынан еріп құлшылық қылған. Басқа тайпаларды бағындырып сол бағынышты халықтардың ер адамдарын өз армиясының құрамына қосып отырған. Мәселен он адамнан үш жауынгер шығару керек. Наймандар мен Қарақытайларға қарсы соғысы да айтылады. Қытайларға қарсы соғысында Шыңғыс хан сарбаздарының арасында канибализм де орын алғандығы мәлім: " императора китайцев заперли в его главном городе. Они осаждали его так долго, что у войска не хватило вовсе съестных припасов, и, когда у них не было вовсе что есть, Чингис-кан приказал им, чтобы они отдавали для еды одного человека из десяти". Қорыта келе Карпини Джованни де Плано моңғолдарды  бүкіл әлем халықтарын құлдыққа салуды басты мақсат қылған өте қатыгез, жауыз халық ретінде суреттейді.  

 

 

 

 

 

Батысеуропалық саяхатшылар Г.Рубрук пен М.Поло да арттарына аса құнды еңбектер қалдырды. Олар Шыңғыс ханды өте батыл, ақылды етіп суреттейді. Әйгілі саяхатшы Марко Поло Шыңғыс хан туралы: "Алтайдан Ұлы Қытай қорғанына дейінгі өңір, негізінен, шөл және шөлейтті аймақтардан тұратын. Бұл далада халық өте сирек қоныстанған болатын. Әрбір ру, тайпа өз қалауынша ешкімге бағынбай, еркін өмір сүретін. Бұларды бір орталыққа бағындыру Шыңғыс ханның өте мықты ұйымдастырушы мемлекет қайраткері, аса талантты қолбасшы болғандығын көрсетеді. Белгілі бір аймақты басып алған кезде ол жергілікті халықты өкпелеткен емес. Олардың ішкі заңдарына қол сұқпай, оларды басқаруға өз адамдарын қойды. Ал қалғанын өзімен бірге басқа аймақтарды жаулап алуға алып кетті. Жаулап алынған халық олардың өздерін көршілес дұшпан ұлыстардың шабуылынан сенімді түрде қорғайтындықтарына көздері жеткеннен кейін оның әділ патша екендігін мойындап, оған жан-тәнімен қызмет ете бастады". Марко Полоның жазған кітабында Шыңғыс ханның басты қарсыласы Керейіттердің ханы болған Унхан туралы да айтылады. Шыңғыс хан мен Унхан арасында 1203 ж. орын алған қақтығыс: наказывал он ему, что хочет взять себе в жены его дочь. Услышал поп Иван, что Чингисхан сватает его дочь, и разгневался. «Каково бесстыдство Чингисхана! — стал он говорить. — Дочь мою сватает! Иль не знает, что он мой челядинец и раб?! Идите к нему назад и скажите, сожгу дочь, да не выдам за него. Услышал Чингисхан срамную брань, что поп Иван ему наказывал. Созвал он свой народ и зачал делать приготовления, каких и не было видано, и не слышано было. Победил-таки Чингисхан. И был тут поп Иван убит.(Ескерту Поп Иван мен Унхан екеуі бір адам). Негізінде бұл кітапта Шыңғыс хан туралы жазылған деректер осы ғана. Марко Поло Шыңғыс ханның ұрпақтарына көп назар аударған. Себебі автордың  өмір сүрген уақыты Тэмуджиннің ұрпақтары билеген кезеңге сәйкес келеді. 

Қолданылған әдебиеттердің ішінен екінші кезеңге XIX—XX ғасырдың бас кезіндегі жазылған шығармаларды жатқызуға болады. XIX ғасырда Ресей тез дамып, барлық ғылым салалары, соның ішінде тарих ғылымы да тез өркендей бастады. Бұған қоса Батыс шығыстанушылары да Шыңғыс хан империясы тарихына және тұлғасына қызығушылық танытып, осы тақырыпта көптеген еңбектер жазды. Солардың біріне Э.Хара Даван зерттеулерін жатқызса болады. Ол Шыңғыс хан мен оның мұрагерлерінің Еуропа мен Азиядағы жорықтарын әлемдік масштабтағы "шапқыншылық" ретінде қарастырды. Оның кітабында моңғолдардың шығу тегінен шарықтау шегіне дейінгі уақыт қамтылған. Қорытындылай келе автор кітаптың соңғы беттерінде  моңғол мәдениетінің әлем халықтары тарихындағы орны ерекше екендігін жазады. Ол моңғолдарды "варварларға", "жабайыларға" теңейтін тұжырымдарға толық қарсы келіп, Шыңғыс хан құрған мемлекетті дүние жүзі тарихында бұрын соңды болмаған жетістіктерге жеткен, сол замандағы халықтар арасындағы ең озық мәдениет ретінде танылған халыққа теңейді. Осы жеңістердің басшылығында тұрған Шыңғыс хан және оның сенімді де, талантты әскербасшылары Жебе – Ноян мен Сүбегей баһадүр. Соңғы екеуі туралы автор былай дейді: "Жебе – Ноян мен Сүбегей баһадүр сөзсіз көптеген атақты әскербасшыларынан – Александр Македонский, Юлий Цезарь және Наполеоннан шеберлігі жағынан, жеңістерінің маңыздылығы мен саны жағынан, бұрын соңды болмаған империя құру жолында жеткен жетістіктері жағынан да асып түсті". Жеңістерге бір-ақ адамның еңбекі ғана емес (Тэмуджин), бүкіл халықтың біріккен күшінің арқасында қол жеткендігіне күмән жоқ.

Хара Даван моңғолдарды басқа мәдениеттермен салыстыра отырып мына сөйлемдерді жазған: "Әр мәдениеттің сипатына байланысты өз идеалы бар. Мысалы ежелгі грек халқының мәдениеті – ілім, идеалы – дана. Рим халқының мәдениеті – құқықты қоғам, идеалы – азамат. Орта ғасыр христиан мәдениеті – әулие, пір. Азия халықтары – буддалық мәдениет, идеалы – будда. Ал көшпенді моңғолдарда  соғыс мәдениеті болған, оның идеалы – әлем патшалығы" – деп қорытындылайды.

 

Енді үшінші кезеңге көшейік.

Үшінші кезеңге кеңес үкіметі тұсындағы ғылыми зерттеулер жатады. Бұл кезеңде түркі халықтары тарихына үлкен еңбек сіңірген көптеген зерттеу кітаптарын шығарған тарихшылар (В.В.Бартольд, Л.Н.Гумилев т.б.) көп болды. Солардың бірі Бартольдтың айтуынша Шыңғыс хан өмірінің соңына дейін тек жалғыз моңғол тілін ғана білген және империяны басқару үшін  адамдарды көбінесе ұйғыр, найман және қытай халықтарынан жасақтаған. Себебі  моңғолдардың ішінен білімді де, сауатты адамдарды кездестіру қиын еді. Өзінің қол астындағы көшпенді халықтардың мәдениетін көтеру үшін Шыңғыс хан ұйғыр халқының сауатына көңіл бөле бастайды. Неге ұйғыр? Неге қытай не басқа елдікі емес. Себебі Тэмуджин ұйғыр халқын басқаларға қарағанда көшпенді халыққа жақын болғандығын білген. Монғол ақсүйектерінің ішінен Шыңғыс ханның асыранды баласы Шигихутуг оқу-білімге ерекше қабілеттілік көрсетті. Сондықтан хаған оны сот ісін басқарушы етіп тағайындап, оған былайша кеңес берді: "Мен қазір барлық халықтың үстінен қараған кезде, сен менің көзім мен құлағым бол. Саған қарсы сөз айтуға ешкімнің құқы жоқ. Ұрылар мен өтірікшілерді соттап жазалауды саған тапсырамын. Кінәсі барлардың барлығын халықтың атынан жазала, кім өлім жазасына лайықты болса, өлімге кес. Шешіміңді басқалар өзгертпеу үшін қара сиямен жазып отыр". Шыңғыс ханның бұл тағайындауы дұрыс болып, Шигухутуг сот істерін дәл орындап, тіпті кейбір мәселелерде үлкен жетістіктерге қол жеткізді.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Жоғарыда аттары аталған авторлардың барлығы да (Марко Поло, Плано Карпини, Бартольд В.В., М.И., Хара Даван Э., Гумилев Л.Н. т.б.) түркі-монғол тарихына халықтарына арнап ірі-ірі зерттеу еңбектерін жазды. Сол еңбектерінде әрқайсысы өзінше қорытынды шығарып отырды. Атап айтқанда, Плано Карпини мен Э.Хара Даван Шыңғыс хан бүкіл жер бетінде бір ғана патшалық орнатқысы келді десе, Бартольд бастаған тарихшылар ол тек түркі-монғол тайпаларын, яғни бүкіл еуразиялық көшпенділерді бір орталыққа бағындыруды көздеді, ал отырықшы халықтармен, мысалы, Москва мемлекетімен одақтастық қарым-қатынаста болды деп есептейді. Сонымен қоса еңбектердің барлығында да Шыңғыс ханның өз заманындағы аса талантты ұйымдастырушы, әйгілі қолбасшы, ұлы саясаткер болғандығы дәлелденген. Әсіресе, ол әскери саясат саласында өте шебер де тапқыр болып, Азия көлеміндегі аса ірі әскери шеберлік әдіс-тәсілдерін тұңғыш ұйымдастырған адам болды. Ол түркі-монғол тайпаларын біртұтас мемлекетке шоғырландырып, өз заманындағы аса үлкен әрі күшті империя құруға қол жеткізді. Бұған қоса осы империяны мекендеген халықтардың арасында тиянақты тәртіп орната білді. Басқа ірі мемлекеттерден бір айырмашылығы Шыңғыс хан мен оның мұрагерлері өздері басып алған елдердің мәдениетіне, діні мен салт-санасына ешқандай қысым көрсеткен жоқ. (Марко Поло еңбегінде жазылған) 

Бұған қоса арнайы шығарылған "Жасақ" заңында "Ешкімнің монғолды құл немесе малай етуге қақы жоқ" деген арнайы бап енгізілді. Осылайша Шыңғыс хан арманына жетіп, Орал таулары мен Сібір тайгасынан Ұлы Қытай қорғанына дейінгі өңірді мекендеген көшпенділерді бір орталыққа біріктірді.

Қорыта келгенде, монғол империясының құрылуы дүние жүзілік тарихтағы аса ірі оқиғалардың бірі болды. Тарихта бірінші және соңғы рет Қиыр Шығыс, Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа елдері бір мемлекеттің қол астына бірікті. Монғолдардың әскери өнерді жетік меңгеруі, темірдей тәртіп, сол кездегі ең соңғы үлгідегі қару-жарақ, қолбасшылардың тактикалық және стратегиялық шеберлігі, ел билеуші хандардың біліктілігі — міне осының бәрі Шыңғыс хан мен оның мұрагерлерінің бірнеше ондаған жылдар бойы ешкімнен жеңілмеуі әрі екі ғасырдан астам уақыт дүние жүзіндегі ең құдіретті мемлекет құру себебі міне осында.

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР TI3IMІ

1.       Бартольд В.В. История турецко – монгольских народов. Алматы, 1968

2.       Гумилев Л.Н, Древняя Русь и Великая степь. Москва, 2006

3.       Карпини П. История монгалов. Москва, 1957

4.       Книга Марко Поло. Алматы, 1990

5.       Хара-Даван Э. Чингиз хан, как полководец и его наследии. Белград, 1929

 

2

 



Информация о работе Шыңғыс хан жайында қалам тартқандар