Шыңғыс хан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 17:17, реферат

Описание

Өзінің әскери таланты арқасында және дұшпандарының әлсіздігі мен бытыраңқылығын пайдаланып, 1183—1204 жж. өкімет билігі үшін күресте негізгі жауларын — Меркіт тайпасының көсемі Тохтадан бастап, Найман тайпасының басшысы Таян ханға дейін — талқандады да, кең-байтақ территорияны басып алды, сөйтіп онда мекендейтін көптеген ру-тайпалық одақтардың бірден-бір билеушісі болды.

Работа состоит из  1 файл

Шыңғыс хан.doc

— 131.00 Кб (Скачать документ)

                                                                                                                  Шыңғыс хан

 

(түр. Чингиз  Хон; моңғ. Тэмүүжин) — Азияда  тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери  және мемлекет қайраткері. Ежелгі ру басшысы Есүхей батырдың отбасында туған.

Өзінің әскери таланты арқасында және дұшпандарының  әлсіздігі мен бытыраңқылығын пайдаланып, 1183—1204 жж. өкімет билігі үшін күресте  негізгі жауларын — Меркіт тайпасының көсемі Тохтадан бастап, Найман тайпасының басшысы Таян ханға дейін — талқандады да, кең-байтақ территорияны басып алды, сөйтіп онда мекендейтін көптеген ру-тайпалық одақтардың бірден-бір билеушісі болды.

Осы жеңістері  және тайпа көсемдерін өз маңына топтастыруға бағытталған бірсыпыра әлеуметтік шараларды жүзеге асыруы нәтижесінде Тэмуджин дала ақсүйектері құрылтайының шешімімен Барыс жылы (1206) барлық тайпалардың ұлы ханы болып жарияланды да, «Шыңғыс хан» (түркі тілдеріндегі «теңіз» деген сөзден шыққан деп есептеледі) лауазымын алды.ШЫНҒЫС ХАН Есугейден кейінгі хан сайланады.Шынғысханның атын моңғолдарды қорғасын деп Шыңғысхан атаған.

Ішкі саясатта Шыңғыс хан мемлекетті басқару ісін бір орталыққа бағындыруға күш  салды, түркі-моңғол тайпаларын «мыңдық» деп аталатын әскери-әкімшілік бөліктерге бөлді (өйткені хан талабы бойынша, бұл бөліктердің әрқайсысы 1000 атты әскер беруге тиісті болды). Шыңғыс хан бұларды жайылым жерлерімен қоса өз туыстары мен нояндарға еншіге бөліп берді.

Ұлы хан жазбаша  іс жүргізуді ұйымдастырды. 1206 жылы ол әдеттегі құқық (Ұлы жасақ) ережелерін бекітті.

Мемлекет ішіндегі наразылықтарды басу үшін 10 мың адамдық  жеке гвардия (кэшиг) құрды.

Әскерде өте  қатаң тәртіп орнатты: сәл кіналы немесе қорқақтық көрсеткен әскери адамдар өлім жазасына кесілді. Шыңғыс хан әскери стратегия мен тактикада мұқият барлау, жауды жекелеп талқандау, тұтқиылдан шабуыл жасау, дұшпанды алдау үшін арнаулы отрядтардан тосқауыл қою, қыруар атты әскермен маневр жасау, т.б. әдістерді қолданды.

1207-11 жж. Шыңғыс  хан Сібірмен Шығыс Түркістан  ды (буряттарды, якуттарды, ойраттарды, қырғыздарды, ұйғырларды) бағындырды.

1211 ж. Цзинь  мемлекетіне жорық жасады. 1215 ж.  Бейжінді алды. 1217 ж. Солтүстік  Қытай түгел Шыңғыс ханның  билігіне көшті. 1219 ж. Корея патшалығы  Шыңғыс хан әскерлерінен тізе  бүкті. Моңғол әскерлерінің Солтүстік Қытай мен Корея патшалығына жорықтарын ірі қолбасшы, әмір Мұқылы Гауин Жалаири басқарды.

Қытайға қарсы  шабуылдан кейін Шыңғыс хан әскерлерінің бір тобы 1218-19 жж. Жетісуды, 1219-21 ж. Қазақстан  мен Орта Азияны жаулап алды.

Басып алынған жерлерді Шыңғыс хан ұлыстарға бөлді де, ұлдарына үлестіріп берді. Жошыға Ертістен Орал тауына, одан оңтүстікке қарай Каспий мен Арал төңірегіне дейінгі жерлер, Орта Азиядағы иеліктерінен Солтүстік Хорезм мен Сырдария аймағы, Шағатайға Мауераннахр, Жетісу, Қашқария, Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Төле әкесінің ұлысы Моңғолияны мұраға алды.

Шыңғыс хан  Танғұттарға кезекті шабуылы  кезінде қаза тапты. Соғысты Шыңғыс ханның мирасқорлары, Шыңғыс әулетінің  хандары азды-көпті үзілістермен үсті-үстіне жүргізе берді.

 

Барақ хан

 

(1423-1428 жылдары)  Орыс ханның немересі Барақ  біраз уақыт бойы Ақ Ордадағы  өз әулетінің билігін қалпына  келтірді.

Туған жылы туралы дерек жоқ, 1428 жылы қайтыс болған. 1423-1428 жылдары Ақ Орданың ханы болды. Құйыршық ханның ұлы, Орыс ханның немересі. Барақ өз тұсында ең беделді хандардың бірі болған. Сығанақ қаласын салуды басқаруға қатысты.Алтын Орданың күйреуі кезеңінде, төре тұқымдарының таққа тартысы кезінде, Ақ Орда бірқатар ұлыстарды иеленғен болатын. Тақ мұрагерлерінің бірі Барақ хан еді.

1416 жылы Дешті-Қыпшақтың  билеушілері мен Темірдің немересі  Ұлықбектің арасында Сырдарияның  төменгі ағысындағы жерлер үшін  күрес басталды. Бұл күрес бүтіндей  жүз жылға созылды. Ұлықбектің  соғысқа араласуына Барақ ханның  одан көмек сұрауы себеп болды. Бұл 1419 жылы мамыр айында Самарканда болған еді. Ұлықбек Барақ ханға қонақжайлылық көрсетіп, оған көмектесуге бел байлады. Барақ хан өз қарсыластарын жеңіп, билігін бірте-бірте нығайта берді. 1422 жылы өзінің ең негізгі қарсыласы — Мухаммед ханның Ордасын бағындырғаннан кейін, Барақ хан Дешті-Қыпшақ аумағының үлкен бөлігін жаулап алды. Оның аумағы Сырдарияның төменгі ағысынан Арал теңізіне дейінгі аралықта, солтүстікте Жайық өзенінен Тобыл өзеніне дейін, солтүстік-шығыста Ертіс өзеніне дейін созылып жатты. 1423 жылы хандық билікке қол жеткізген Барақ хан Мауренахрға қарсы бағытталған саясатты жүргізе бастады. 1425 жылы Ұлықбек мемлекеті мен Сығанақ арасындағы шекараға ішкерілей жақындаған Барақ хан бұрын атасы Орыс ханның қол астында болған, одан Темір жаулап алған Сырдария өзенінің бойындағы Ақ Орданың ежелгі жерлерін қайтаруды талап етті. 1427 жылдың басында Сығанақ түбінде Ұлықбек пен Барақ хан әскерлері арасында кескілескен ұрыс болды. Жеңіліске ұшыраған Ұлықбек әскерлері Самарқан қаласына дейін ығыстырылды. Тек 1427 жылдың мамыр айында соғысқа Шахрух бастаған Ғират әскерінің араласуымен Барақ хан Дешті-Қыпшаққа кері оралуға мәжбүр болды. Сығанақ қайтадан Орыс хан тұқымдарының ордасына айналды. 1428 жылы Моңғолстан сұлтаны Махмуд оғланға қарсы шайқаста Барақ хан қаза болды. Сол 1428 жылы Дешті-Қыпшақты Әбілқайыр хан (1428-1468) жаулап алған еді.

 

 

Бату, Батый, Сайын хан

 

(моңғ. Бат Хаан, қыт. 拔都可汗) (1208 — 1255) — Алтын Орданың негізін қалаған хан (1227—1255), қолбасшы. Шыңғыс ханның немересі, Жошының екінші ұлы. Шешесі — қоңырат Елші ноянның қызы Кочу хатун. Бату 1227 жылы Жошы өлгеннен кейін Шыңғыс ханның ұйғарымымен әкесінің ұлысына хан болды. 1229 жылы Үгедейді моңғол империясының ұлы ханы сайлаған Қарақорымдағы Құрылтай жиналысына қатысты. 1236—1242 жылдары біріккен ұлы хандық әскерінің Русь пен Шығыс Еуропаға жорығына қолбасшылық етті (қосымша Батудың Русь пен Шығыс Еуропаға жорығы). Жошы ұлысын Ертістен Дунайға дейінгі байтақ өлкені алып жатқан Алтын Орда мемлекетіне айналдырды. 1251 жылы Онон өзені бойында өткен Құрылтай жиналысында Батудың қолдауымен Мөңке ұлы хан болып сайланды. Батудың 26 әйелі, Сартақ, Тоқан, Әбуқан, Улақшы есімді 4 ұлы болған. Бату Еділдің сағасындағы (Ахтуба алқабы) аралдарының бірінде орналасқан Сарай қаласында жерленген.

 

Едіге

 

(1352-1419) — Ноғай  ордасының негізін қалаған әмірші, қолбасшы.

1352 ж. Ақ Ордада, Құмкент деген жерде туған.  Сол кезде Ақ Орда Алтын  Орда хандарының билігінен саяси  еркіндігін алып, тәуелсіз хандық  болып кеткен болатын. Едіге маңғыт руынан шыққан, жоғары мәртебелі мырзалардың ұрпағы еді.

1376 ж. жанжалдан кейін  Ақ Орданың әміршісі Орыс ханның  қуғынынан Әмір Темірдің тұсында  Мауераннаһрге қашып кеткен. Самарқандта  Едіге Тоқтамыспен кездесіп, оның  Орыс ханға қарсы күресіне  көмектеседі. Әмір Темір Тоқтамысты да, Едігені де мейман қылып, оларға Орыс ханға қарсы әрекеттерін қолдайды. Бірақ Тоқтамыс Ақ Орданың, кейін Алтын Орданың тағын қолына алып алғаннан кейін, Әмір Темірді сатып кетеді. Темірдің Тоқтамысты жазалағысы келеді. Едіге Темірді Тоқтамысқа қарсы соғысында қолдайды. 1391 ж. Тоқтамыс жеңілгеннен кейін, Едіге өз әскерімен Темірден айырылып, Еділмен Жайықтың арасында жерлерін басқара бастайды.

Едігені әмірші деп санаған  жұрт Алтын Ордада тұрып, өзін ноғайлы  деп атағаннан кейін, Едіге би өз құрастырған мемлекетін Ноғай Ордасы деп атаған. 1397 ж. Едіге би Алтын Орданың әскерінің қолбасшысы болып, 1399 ж. Литуаның князі Витовт пен Литуаға қашқан Тоқтамыстың әскерлерін құртып, оларды жеңген. Әмір Темір тағына отырғызған Алтын Орданың ханы Темір Құтлық өлгеннен соң, Едіге тағына Шәдібек ханды отырғызады. Шыңғысханның ұрпағы болмағандықтан, Едігенің атағы «хан» емес, «би» еді (Ұлы Темірдің де атағы сол себептен «хан» емес, «әмір» еді). Бірақ, Едігенің билігі ханның билігінен кем емес еді. Шәдібек Едігеден тәуелді еді. 1409 ж. Едіге Батыс Сібірде жасырынған Тоқтамысты тауып, өлтіреді. 1407 ж. өзін «Бұлғария әмірі» атап кеткен Жәлеледдінге қарсы шабуыл жасайды. 1408-1409 жж. Ресейге қарсы соғыс жүргізеді. Серпухов, Дмитров, Ростов, Переяславль, Төменгі Новгородты алып, өртеп тастайды. Мәскеуге дейін басыпбарады, бірақ қаланы ала алмайды. Соғыстың себебі Едігенің Ресей оған салық төлесін деген қалауы және Алтын Орданың бұрынғы ахуалын қайтару еді. 1410-1412 жж. Ноғай Ордасында жанжалдар басталғаннан соң, Едіге билігінен айырылады. 1419 ж., 67 жастағы Едіге би Ноғай Ордасының астанасы – Сарайшық қаласының маңында Тоқтамыстың ұлы – Қадырбердінің қолынан қаза табады.

 

Әмір  Темір

 

(Темір бін-Тарағай Барлас, парсыша: تیمور لنگ‎ — Тимур-е Ләнг, Ақсақ Темір, Темірлаң) (1336—1405 жж.) — Орталық Азия жаһангері. Әмір Темірдің (Темуридтер) империясының негізін қалаған. Барлас руынан шыққан, Кеште туған. Қазір бұл ӨзбекстанныңҚащқадәрия облысының Шахрисабыз қаласы. Барлас руы түркі тілдес тайпаларына жатқан, қазір ұрпақтары өзбек халқының ішіне кіреді. Барластар Шыңғысханның жаулануы кезінде, қазіргі Моңғолия жерлерінен Орта Азияға көшкен. Әмір Темірдің арғы атасы Қаражер бек еді, оның баласы Ижил бек еді, оның баласы Әйлеңгір бек еді, оның баласы Беркел бек еді, оның баласы Мұхаммед Тарағай еді, оның баласы Әмір Темір. Темір барластарның бір бөлігінің бекі, жетекшісі еді. Кейін өзіне басқа бектерін қаратты, Шағатай ұлысының хандары - Моғолстанның билеушілеріне қарсы көтеріліс бастаған. Темір басқарған жігіттері керуендеріне шабуыл жасаған, соңдықтан оны жасында баспашы болды дейді. Бектердің бекі болып, Шағатай ұрпақтарынан тәуелсіз мемлекет құрған. Бірақ Шыңғысханның тікелей ұрпағы болмағандықтан, өзінің лауазымы "хан" емес, "әмір" еді.Әмір Темір Тоқтамыс ханмен көп жылдар бойы соғыс жүргізеді.

Әмір Темір, Құтбуддин  Темір Гүркап, Саїиб Қыран Ағзам  Жанат Макан (9. 4. 1336, Қожа-Илгар Кеш, Түркістанда өмірге келген — 18. 2. 1405, Самарқан қаласында дүние салды) — қолбасшы, мемлекет қайраткері. Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы. Әмір Темір алғашында Қашқадария уәлаятының билеушісі болды (1361). Осы кезден бастап ол Моғолстан ханы Тоғлұқ-Темірмен, оның ұлы Қлияс Қожа және Балх пен Самарқан әмірі Хұсейнмен билік үшін күрес жүргізіп, 1370 жылы Мауераннахрды өзінің қолына алды. Жас кезінде Түркістан маңындағы бір шайқаста аяғынан жарақаттанған. 14 ғасырдың 70-жылдары оның қолбасшылық дарыны толық ашылып, атақ-даңқы жер жүзіне тарады. Осман империясы мен Орталық Азия аймағында ол “Aksak Tіmur” (Ақсақ Темір), ирандықтарға Тимурленг, еуропалықтарға Тамерлан есімімен белгілі болды.Әмір Темірдің әскерлерінің тегеурінді шабуылдары арқасында Хорезм мемлекеті (1372 — 88), Шығыс Түркістан (1376), Герат (1381), Хорасан (1381), Қандағар (1383), Сұлтания (Оңтүстік Әзербайжан, 1384), Тебриз (1384), Иран және Ауғанстан толық бағындырылды. Бірнеше дүркін жойқын жорықтан соң Алтын Орданы күйретті. Әмір Темір 1370 — 90 жылдары Тоқтамыс хан мен Едіге әмірдің арасындағы алауыздықты шебер пайдалана отырып, Дешті Қыпшақ, Ақ Орда мен Моғолстанға 10-нан астам жойқын соғыс жорығын жасады. Әмір Темірдің Алтын Орданы талқандауы Ресейдің тәуелсіздік алуына оң жағдай жасады. 90-жылдары Әзербайжан, Дағыстан, Гүржістан (Грузия), Ирак Әмір Темір мемлекетінінің құрамына енді. 1398 жылы Үндістан басып алынды. Сирия мен Лубнан (Палестина) мәмлүктері бағындырылды. Алдыңғы Азияның басқа мемлекеттері де Әмір Темірдің билігін мойындады. 1402 жылы жазда Әмір Темір Анкара шайқасында Осман империясының негізгі әскери күшін талқандап, түрік сұлтаны Илдырым Баязидті (Баязид) тұтқындады. Әмір Темірдің үздіксіз соғыстарының нәтижесінде алып империя — Темір мемлекеті құрылды. Оның жалпы аумағы 14 млн км2-ге жетті. Әмір Темір 1405 жылы Қытайға жорыққа шыққанда жолай Отырарда қайтыс болды. Ол 68 жас, 10 ай, 9 күн өмір сүрді. Сүйегі Самарқандағы Гүр-Әмір кесенесіне жерленді. Әмір Темірдің 4 ұлы болды: Жиїангер (1356 — 1376), Әмір Шейї (1356 — 1394), Мираншах (1366 — 1408), Шаїрух (1377 — 1447). Темір әулетінен ұлы ғалым Ұлықбек (1394 — 1449), Моғол империясын құрушы Бабыр (1483 — 1530) сынды атақты адамдар шықты. Әмір Темір өлгеннен кейін мирасқорларының билікке таласуынан Темір мемлекеті ыдырап кетті. Ол әлемдік тарихта талантты қолбасшы, тегеурінді саясаткер ретінде қалған. Орталық Азиядағы бірқатар сәулетті ғимараттардың пайда болуы, қалалардың өркендеуі, шөл даладағы жер суландыру құрылыстарының салынуы, қолөнер мен сауданың дамуы Әмір Темір есімімен тығыз байланысты. Тарихи деректер оның қол астындағы аймақтардағы түркі, парсы, араб мәдениеті мен өнерінің өкілдері, ғалым-ойшылдары Әмір Темірдің тарапынан үлкен қолдау тапқандығын растайды.[2] Әмір Темір қазақ жерінде мәңгілік өшпес ескерткіш — қасиетті Қожа Ахмет Иасауи кесенесін салып қалдырды. Сонымен қатар жаулап алынған елдердегі Әмір Темірдің шектен тыс қатыгездігі оны күрделі тарихи тұлға ретінде танытады.

 

Жошы  хан

 

(1187-1227 жылдары) – Шыңғыс  ханның үлкен ұлы, моңғол қолбасшысы.Моңғол  шапқыншылығынан кейін Қыпшақ  даласында құрылған жаңа мемлекет - Жошы ұлысының негізін қалаушы,  атақты Шыңғыс ханның қоңырат қызы Бөрте бәйбішесінен туған төрт ұлдың үлкені. Ол ересен күшті, ер жүрек, алған бетінен қайтпайтын қайсар адам болған. Ол, алдымен, моңғолдардың басқыншылық әскери жорықтарының бәріне қатысқан аса ірі әскери басшы ретінде танылады.

Шешесі — қоңырат тайпасының қызы Бөрте.Шыңғыс хан Бөртеге үйленгеннен кейін меркіттер шабуыл жасап, Бөрте түтқынға түсіп қалады. Кейін Шыңғыс хан әйелін Керей хандығының билеушісі Тоғырыл ханның көмегімен тұткыннан босатып алады. Жошыны Шыңғыс ханның ұлы емес деген сөз ел ішінде осы оқиғадан кейін тараған.Жошы Шыңғыс ханның батысқа қарай бағытталған бірқатар шапқыншылық жорықтарын басқарып, Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Жоңғар даласы мен Шығыс Түркістанды мекендеген көптеген тайпаларды бағындырып, Жетісу өңіріне жетеді.

Жошы жас кезінен көрнекті қолбасшы ретінде көзге түсті. Ол әкесі әскерлерінің жорықтарына  белсене араласты. 1206 жылы Шыңғыс хан  керей, найман, меркіт тағы да басқа  тайпаларды бір орталыққа біріктіргеннен кейін, Жошы әкесінің тапсырмасы бойынша  жасағымен 1207-1212 жылдар аралығында Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Шығыс Түркістан жерлерін өзіне бағындырды.

1211-1215 жылдары Қытайды  жаулау жорығына қатысады.

Содан үш жыл өткен соң, Жошы Қыпшақ даласына басып кіріп, Ырғыз  даласына жеткенде Хорезм шахтың 60 мың  әскерімен шайқасқа түседі. Күш арасалмағының кемдігіне қарамастан, Жошы қолбасшылық дарынымен ерекше көзге түседі. Хорезм шах әскері ашық шайқаста жеңіліп, қала қорғандарына барып тығылады.

1218 жылы Жошы жасағы  Шыңғыс ханға бағынғысы келмеген  меркіттерді қуа отырып, Ырғыз озенінің бойында Хорезм шаһы Мухаммедтің алпыс мың әскерімен шайқасады. Жошы өзінің шебер қолбасшылық дарыны арқасында шайқасты тең аяқтады. Осы шайқастан кейін Мухаммед шаһ әскерлері Жошыға қарсы соғыс әрекеттерінен бас тартты. Осы шайқастан кейін Жошы Жетісудағы барлық қалаларды өзіне бағындырды.

1220-1222 жылдар аралығында  Сырдария бойындағы Отырар, Сығанақ,  Үзкент, Баршынкент, Жанкент тағы  басқа қалаларды бағындырды. Осылайша  ол Хорезм мемлекетін толығымен  жаулап алды.

1223 жылы әкесінің ұйымдастыруымен өткен Құланбасы жазығында өткен құрылтайға қатынасты. Осы құрылтайда Шыңғыс хан көзінің тірісінде жаулап алған ұланғайыр өлкені үлкен әйелі Бөртеден туған төрт ұлына бөліп береді. Жошының еншісіне Ертістен батысқа қарай, Жетісудың теріскей бөлігін қамти отырып, "моңғол атының тұяғы жеткен" төменгі Еділ бойына дейінгі жерді қоса, бүкіл Дешті Қыпшақ аймағы тиеді. Ордасы Ертіс өзені бойында орналасты.

Информация о работе Шыңғыс хан