Шыңғыс хан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 17:17, реферат

Описание

Өзінің әскери таланты арқасында және дұшпандарының әлсіздігі мен бытыраңқылығын пайдаланып, 1183—1204 жж. өкімет билігі үшін күресте негізгі жауларын — Меркіт тайпасының көсемі Тохтадан бастап, Найман тайпасының басшысы Таян ханға дейін — талқандады да, кең-байтақ территорияны басып алды, сөйтіп онда мекендейтін көптеген ру-тайпалық одақтардың бірден-бір билеушісі болды.

Работа состоит из  1 файл

Шыңғыс хан.doc

— 131.00 Кб (Скачать документ)

Бұдан кейін Жошы Сырдария бойындағы Отырар, Сығанақ, Үзкент, Баршынкент, Аспас, Жаңакент қалаларын алып, арада жыл өткенде Хорезмді бағындырып, Түркістанды иеленді. Келесі жылдың көктемінде Жошы әкеінің шақыруымен Сайрам мен Таластың арасындағы Құланбасы жазығында өткен құрылтайға қатысады.Құрылтай аяқталғаннан кейін Шыңғыс ханның басқа балалары әкелерімен бірге мемлекеттің астанасы Қарақорымға қайтқан кезде Жошы ілеспей өз ордасында қалып қояды. Жошы ұлысының негізін бұрын Дешті Қыпшаққа кірген түркі тілдес тайпалар құрады. Омаровский жерінде өз атасын өлтірді.Кедей баласын алып өзенге лақтырды.1243 жылы қайтыс болды.

Шешесі Бөрте қоңырат  қызы болғандықтан, ол өз қол астындағылармен  өте жақын қарым-қатынаста болды. Жошы бірінші болып тәуелсіз мемлекет құруға ашық түрде ұмтылды. Ал бұл  саясат әке мен бала арасында араздық  тууына себепкер болды.Сол заманда өмір сүрген шығыс тарихшыларының айтуынша, Жошы күш-қайраты мол, ержүрек, өткір адам болған. Баласының ақылдылығы мен ерекше батылдығынан Шыңғыс ханның өзі де сескенген. Жужани өзінің 1260 жылы жазылған "Табанат-и-Насири" тарихнамасында былай дейді: "Жошы қыпшақтарды жақсы көріп кеткені сонша , ол Хорезмде моңғолдарға қандай да бір қыпшақ баласының маңдайынан шерткізбейді.

Өзінің пікірлес адамдарына: "Шыңғыс қаған, сірә алжыған, өйткені  осынша жерді ойрандап, мұншама халықты  қырғынға ұшыратты. Сондықтан мен аңға шыққан кезде әкемді өлтіремін!" — дегенді айтқан. Оның осы ойын тете інісі Шағатай сезіп қап Шыңғысқанға жеткізеді. Қаһарына мінген қаған Хорезмге сенімді адамдарын аттандырып, Жошының тез арада әкесіне жетуін бұйырады. "Егер ол мұнда келуден қашқақтап, Хорезмде қалатын болса, үн-түнсіз қанжар сұғып, ләм-мим деместен өлтіре салыңдар!" — деп әмір етеді. Сырқаттығы себепті бара алмайтынын сылтауратқан Жошы кыпшақ даласында қала берді. Ал сенімді адамдары Шыңғысқа Жошының сап-сау екенін, тіпті, аң аулауға жиі шығып тұратынын айтып келген. Тұла бойын ашу оты алаулатқан Шыңғыс хан: "Шамасы, ол маған қарсы екен, әкесінің сөзін де ілтипатқа алмады" деп ойлап, оның соңынан Шағатай мен Үгедей бастаған әскер жіберді. Осы кезде Жошының қазаға ұшырағаны жөнінде қаралы хабар жеткен еді. Ол әкесінен алты ай бұрын қазаға ұшырады. Оның өлімі жайында халық арасында түрлі аңыз-әңгімелер тараған. Солардың бірінде "аң аулап жүргенде құланның айғыры шайнап өлтірген" десе, кейбір деректерде "жау жағына шығып кетеді деп қауіптеніп, құпия түрде өз әкесі Шыңғыс хан өлтірткен" деп көрсетіледі.

Жошы Шығыс Еуропаға жорық  жасау жоспарын жүзеге асыра алмай  дүние салды. Жошының бірнеше  әйелдері мен алғыншы арулары  бар болатын. Оның қырыққа жуық ұлы  болған, олардан сан жетпес немерелері өсіп-өрбіген. Ұлдарының ішінде тарихи деректерде кездесетіндері: Орда-Ежен, Бату, Берке, Шибан тағы басқа. Жошы өлгеннен кейін батыстағы әскер оның екінші ұлын, Батуды, так мұрагері деп таныды, бұл таңдауды Шыңғыс хан да мақұлдады.

Жошының мазары Жезқазған қаласынан 45 км жердегі  Кеңгір өзенінің сол жағалауында  орналасқан. Жошының өлімі жөнінде  қазақ халқында "Ақсақ құлан, Жошы хан" атты тарихи күй бар. "Ақсақ  құлан" мультфильмі түсірілғен.Ақ Орданың ханы болған.

П.Савельев, А.Ю.Якубовский, П.П.Иванов Натанзияның "Му ин-ад-дин" атты туындысына сүйене отырып, Орыс хан — Шымтай ханның ұлы, Жошы ханның немересі деп санайды". Басқа мәліметтер ("Бахр әл-Аскар", "Таурих-и ғузилдайы Нусреатнама") бойынша, Жошы ханның 13-ұлы, Тоқа Темірдің ұрпағы (Жошы — Тоқа Темір — Өз Темір — Қожа Бәдік — Орыс хан) болып саналады.Орыс хан өз әкесінен кейін, 1361-1362 жылдары Ақ Орда тағына отырды. 1368-1369 жылдары Ақ Орданың астанасы Сығанақ қаласында бақыр ақша шыға бастады. Ақ Орданы Орыс хан өз бетінше басқарды. Низам ад-дин Шамидің мәліметтері және басқа да деректер бойынша, Орыс хан 1376-1377 жылдары қайтыс болған, енді кейбір деректерде 1380 жылға дейін өмір сүрген делінеді. Соңғы деректерге сай, оның бұйрығы бойынша Сарай қаласында шығарылған бақыр ақшалар табылған екен. 1379 жылға қарай Ақ Орда мен Еділ бойындағы қалаларды Тоқтамыстың басқарғаны белгілі.Орыс хан қашанда саяси жағынан Алтын Ордаға тәуелсіз Ақ Орданы басқаруға ұмтылған екен. Әбдіразақ Самарқанидің мәліметтері бойынша Орыс хан Сырдария өзенінің бойындағы қалалар мен егіншіліктің дамуына үлес қосқан, таққа отырған соң Ақ Ордадағы өзара қырқысуларды тоқтатқан. XIV ғасырдың 70-жылдарының орта шенінде Қажы-Тархан (Астрахан), 1374-1375 жылдары Сарай қаласын бағындырған.

Күшлік Хан

 

Күшлік Хан, Күчүлүк хан (шамамен 1180 – 1218) – найман Таян ханның үлкен баласы. Лиау патшалығын билеген. К. х. 1212 ж. Алтай жорығына аттанып, Алмалықты шапты, Қашқарды бағындырды. 1218 ж. Жебе қолымен шайқаста қаза тапқан. Күшлік хан — Найман тайпасының билеушісі. 1208 ж. Шыңғысхан Ертіс бойында Күшлік хан әскерлерін талқандады. Наймандар Жетісуға қашты. 1209 ж.ш. Күшлік хан қарақытай гурханына келіп паналады. Ол бірте-бірте найман әскерін қайта жинап, 1210 ж. Жетісудағы өкімет билігін өз қолына алу мақсатымен гурханға қарсы бүлік ұйымдастырды. Үзгенде Күшлік хан гурханның қазынасын талап, қарлұқтардың көмегімен солтүстік Жетісуда жеңіске жетті. Баласағүн маңында гурхан Күшлік хан әскерін күйрете жеңді. Күшлік хан билігінің Жетісуда нығаюы оның сыртқы саясатта да табысқа жетуіне себепші болды. Сыртқы саясатта ол Қашғарияны өзіне қаратуға, Хорезмшахтьгң жер дауына тойтарыс беруге бағыт ұстады. Күшлік хан егін орағы кезінде Жаркент, Хотан, Қашғар сияқты астықты аймақтарға 3-4 рет шабуыл жасап, осы аймақтардың ашаршыныққа ұшыраған халқын бағынуға мәжбүр етті. Хорезмшах Күшлік хан мен гурханның соғысы кезіңце-ақ олардың ісіне араласып, қарақытай жерінің бір бөлегін алғысы келді. Бірақ Жетісу мен Қашғарияда найман ханының билігі күшейген соң, қарсынасудан бас тартып, тіпті өз иелігінің бір бөлігін — Сырдарияның орта шені мен Ферғанадағы бекіністерін тастап кетті. Отырар және басқа қалалар арқылы өтетін сауда жолдары жабылды. Сонымен, Күшлік хан күйреген Қарақытай мемлекетінің Жетісу, Жаркент, Хотан, Ферғана аймақтарынан өз хандығын құрды. Алайда қанаудың күшеюі, алым-салықтың кебеюі, соғыс ауыртпалығы, мұсынмандарды қудалау халық наразылығын туғызды. Осы себептерден де солтүстік Қытайды жаулап алған соң Қазақстанға, Орта Азияға және т.б. елдерге жорық жасаған Шыңғысхан әскеріне қарсы тұра алмады. Шыңғысхан өзінің ежелгі жауы Күшлік хан билік құрған, дамыған отырықшы — егін шаруашылығы, көркейген қала мәдениеті бар Жетісуға 1218 ж. Жебе ноян бастаған 20 мың қол жіберді. Жебе ноян қарсыласын женді. Күшлік хан өзінің Жетісудағы және Шығыс Түркістаңдағы иеліктерінен айрылып, Қашғарияға қашты. Феод, үздіксіз соғыстардан едәуір өлсіреген найман әскерлері бытырап кепі, ал монғолдар Сарықсада Күшлік ханды қуып жетіп өлтірді.

 

Қайыр хан

 

(шамамен 1165 —1220 жылдар) Отырар қаласының билеушісі. Ол билік құрған кезеңде Отырар қаласы Қазақстан мен Орта Азияның ірі мәдени, ғылыми, сауда орталығына айналды. Әлемде кітаптарының саны мен сапасы жағынан екінші орынға шыққан кітапхананың Отырарда болуы да оның есімімен тығыз байланысты. Шыңғыс ханның замандасы екен. Сонымен бірге, Шыңғыс әскерінен Отырарды қорғау жолында жан аямай шайқасқандардың бірі болып саналады.

Қайырхан, Ғайыр  хан Иналшық (т. ж. б. – 1220, Отырар) –  Отырар қаласының билеушісі. Хорезмшаһтарға қызмет еткен, қыпшақ тайпасынан шыққан. Шыңғыс ханның Қытайға жасаған сәтті жорықтарынан кейін Хорезм шаһы Мұхаммед Қарақорымға жедел түрде екі елшілік аттандырды. Ол елшіліктерді қабылдаған Шыңғыс хан да өз тарапынан Хорезмге елшілік аттандырды. Екі жақты келісімдерден кейін көп ұзамай 500 түйеден тұратын, құрамында 450 адам бар сауда керуені 1218 жылы Қарақорымнан Отырар қаласына келіп жетті. Саудагерлер арасында Шыңғыс ханның тыңшылары бар деп есептеген Қайырхан керуенді тонап, адамдарын қырып тастады. Шыңғыс хан Қайырханды ұстап беруді талап етті, бірақ Хорезмшаһ бұл талапты орындамай, келген елшілерді өлтірді. Нәтижесінде екі ел арасында соғыс басталып, 1219 ж. қыркүйекте Шыңғыс хан әскері Ертістен Жетісу арқылы Сырдарияға келіп жетті. Отырарға таяғанда Шыңғыс хан қаланы қоршауға ұлдары Шағатай мен Үгедей басқарған әскерлерді қалдырып, өзі Бұхараға аттанды. Қайырхан бар күшін салып қорғанды. Қорғаныстың 5-айы бітуге таянғанда хорезмдік әскербасы Қараша-Хаджиб 10 мыңдық қолымен беріліп, моңғолдарды қалаға кіргізіп жіберді. Соғыс қаланың ішінде жүрді. Қайырхан сенімді әскерлерімен қамалға берік бекініп, тағы бір ай соғысты. Қамалды қорғаушылар түгел қырылғаннан кейін ғана Қайырхан 1220 ж. ақпанда қолға түсіп, Шыңғыс ханның алдына апарылып, сол жерде өлтірілді.

 

Орыс хан

 

Ақ Орданың  ханы болған. П. Савельев, А. Ю. Якубовский, П. П. Иванов Натанзияның "Му ин-ад-дин" атты туындысына сүйене отырып, Орыс хан - Шымтай ханның ұлы, Жошы ханның немересі деп санайды. Басқа мәліметтер ("Бахр әл-Аскар", "Таурих-и гузилдайы Нусреатнама") бойынша, Жошы ханның 13-ұлы, Тоқа Темірдің ұрпағы (Жошы - Тоқа Темір - Өз Темір - Қожа Бәдік - Орыс хан) болып саналады.

Орыс хан  өз әкесінен кейін, 1361-1362 жылдары Ақ Орда тағына отырды. 1368-1369 жылдары Ақ Орданың астанасы Сығанақ қаласында  бақыр ақша шыға бастады. Ақ Орданы Орыс хан өз бетінше басқарды. Низам ад-дин Шамидің мәліметтері және басқа да деректер бойынша, Орыс хан 1376-1377 жылдары қайтыс болған, енді кейбір деректерде 1380 жылға дейін өмір сүрген делінеді. Соңғы деректерге сай, оның бұйрығы бойынша Сарай қаласында шығарылған бақыр ақшалар табылған екен. 1379 жылға қарай Ақ Орда мен Еділ бойындағы қалаларды Тоқтамыстың басқарғаны белгілі.

Орыс хан  қашанда саяси жағынан Алтын  Ордаға тәуелсіз Ақ Орданы басқаруға  ұмтылған екен. Әбдіразақ Самарқанидің мәліметтері бойынша Орыс хан Сырдария өзенінің бойындағы қалалар мен егіншіліктің дамуына үлес қосқан, таққа отырған соң Ақ Ордадағы өзара қырқысуларды тоқтатқан. XIV ғасырдың 70-жылдарының орта шенінде Қажы-Тархан (Астрахан), 1374-1375 жылдары Сарай қаласын бағындырған.

Ақ Орданың  саяси қауіпсіздігінен үрейленген Әмір-Темір Ақ Орда тағына өзіне  етене жақын Тоқтамысты отырғызуға ұмтылған. Осыған байланысты, Ақ Орда мен  Алтын Орда арасында қақтығыстар, соғыстар басталды. Орыс хан Ақ Орданың ішкі саясатын Орданы қорғауға бағыттады. Ал Темір өзіне көршілес мемлекеттердің шаруашылық және әскери-саяси жағынан тәуелсіз болғанын қаламады.

Осыған орай, XIV ғасырдың екінші жартысында Шығыс  Дешті-Қыпшақты, Жетісуды жаулап алу  жорықтарын бастады, бұл соғыстар тұрғылықты халықты қатты дүрліктірді. 1374-1375 жылдары Темір Тоқтамысты әскерімен Ақ Ордаға жөнелтті. Қанды шайқас қырғын соғысқа ұласты. Соғыста Орыс ханның ұлы Құтлұқ-Бұқа қаза болды. Бұл соғыстың соңында Тоқтамыс әскері толығымен талқандалды. Тоқтамыс бас сауғалап, тірі қалды. Тағы да әскер жинап, қайта шабуыл жасады, бірақ бұл да сәтсіз болды. 1375-1376 жылдары Орыс хан соғысты түпкілікті аяқтауға бел байлады. Өз әскерін жинап, Алтын Ордаға бет алды. Екі әскер Сығанақ қаласының маңында кездесті. Алайда күннің күрт суытып кеткендігіне байланысты, шайқас болған жоқ. Қарама-қарсы екі жақ мұнымен тынбай, бір жылдан соң қайта кездесті. Соғыстың тура нәтижелері белгісіз. Низам ад-дин Шами мен Шааф ад-дин Әли Иезияның мәліметі бойынша, бұл шайқаста (1376-1377 жж.) Орыс хан қаза болған. Енді бір деректер бойынша, ол 1380-81 жылдары өлген.

1377 жылы Тоқтамыс  Ақ Орданың астанасы Сығанақ  пен Сауран қалаларын басып  алды. Низам ад-дин Шамидің мәліметі  бойынша, Сығанақты Тоқтамыс 1378-1379 жылдары жаулап алған екен. Ол  мұнымен тынып қоймай, Сарай-Берке мен Еділ бойындағы қалаларды бағындырды. Алтын Орда мен Ақ Орданың көптеген қалалары Тоқтамыстың иелігінде болды.

Орыс хан - қазақ  хандығының іргетасын қалаушы. Өзара  қырқысуларды тоқтатуға белсене  ат салысқан. Мемлекет біртұтастығын  нығайтуға да зор еңбек сіңірген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сүбедей, Субэдей, Субэтай баһадур

 

(туған-өлген  жылы белгісіз) – Шыңғыс ханның  әскер басшысы. Моңғол тарихында  ол «Дарабоз Сүбедей», «Батыр  Сүбедей» деп аталады. Оның  қыпшақ даласындағы лақап аты  «аяғынан жаралы арыстан». 1189 жылы уранхай тайпасынан шыққан қолбасшы Зәлмәмен бірге Темучинге (Шыңғыс хан) келіп косылған. Ол Шыңғыс хан империясын құру жолындағы барлық шайқастарға қатысып. батылдығымен танылған. 1206 жылы Шыңғыс хан Сүбедейді өз әскерінің сол қанатына жіберіп, ноян (мыңбасы) етіп тағайындады. 1211-15 жылдары Цзин мемлекетіне қарсы соғысқа бастан-аяқ қатысты. Шүршіттермен бітім болып,елге оралғаннан кейін Шыңғыс хан Сүбедейді меркіттерге қарсы аттандырды. Бұл арта жолдан Жошы қолы қосылды. Ырғыз, Жем өзендері бойында меркіт термен болған шайқаста Жошы - Сүбедей қолы жеңіске жетті. Осы жорық кезінде олар Хорезмшах Мұхаммедтің 60 мыңдык әскерімен шайқасып ұрысты тең аяқтады. 1219-21 жылдары Хорезм мемлекетін жаулап алу жорығында ерекше көзгс түскен Жебе мен Сүбедейді Шыңғыс хан 30 мың қолмен Мұхаммед Хорезмшахтың соңынан жіберді. Хорезмшахтың өлгенін естіген олар Шыңғыс ханның келісімімен жорықты әрі қарай жалғастырып, Иран арқылы батысқа аттанды. Түркі-моңғол қолы Иран арқылы Кавказға өтіп, грузин патшасының 60 мыңдық қолын жеңді. Дербент асып, Кавказ даласына шықты. Алан (Осетин)-қыпшақтардың біріккен қолына тап болған Сүбедей мен Жебе оларды жеке-жеке талқандады. Моңғолдармен соғыста жеңілген қыпшақтар орыс князьдерінен көмек сұрады. 1223 жылы 31 мамырда әйгілі Қалқа өзені бойындағы шайқаста моңғолдардың 30 мыңдық қолы орыс князьдері мен қыпшақтардың 130 мыңдай қолын ойсырата жеңді. Қырымға басып кірген түрік-моңғолдар италия көпестері билейтін Судак қаласын талқандап, Еділ Бұлғариясымен соғыса отырып, 1224 жылы Шыңғыс хан ордасына қайтып оралды. 1225 жылы Шыңғыс ханның басшылығымен Танғұт жорығына аттанды. Осы жорық кезінде алған жарақаттан қайтыс болды (1227) Шыңғыс ханның табытын Моңғолияға жеткізген төтенше әскери топты Сүбедей басқарды. 1229 жылы Үгедей хан тағына отырғанда Сүбедей оның әскерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды. 1233 жылы Төлемен бірге Цзин елін бағындыру жорығына қатысты. 1234 жылы ұлы хан Үгедейдің тапсырмасымен Бату хан бастаған батыс жорығына қатысып, ханның бас кеңесшісі ретінде Шығыс Еуропаны жаулап алуға қолбасшылығымен көзге түсті. 1246 жылы Қарақорымда Күшікті (Гуюк) хан көтерген ұлы кұрылтайға қатысты. Юань мемлекеті тұсында Сүбедейдің империяға сіңірген еңбегі ескеріліп, 1410 жылы оған Хэван атағы берілді. Сүбедей өз өмірінде 200-ден аса елеулі шайқастарға қатысқан.

 

Тоқтамыс

 

(шамамен 1350 – 1406) – Алтын Орда ханы (1380 – 97/98). Маңғыстауда билеуші болған  Тұтқожа оғланның баласы. Жошы  хан әулетінен. Әкесі Орыс ханның  қолынан қаза тапқаннан кейін,  Ақ Ордадан Әмір Темірге қашып барды. 1378 – 1379 жылдары Әмір Темірдің көмегімен Сығанақты жаулап алып, Ақ Орданың билеушісі болды. Ол Мамайдың Күлік шайқасында жеңіліске ұшырағанын пайдаланып, Алтын Орда тағына отырды. Сарайды, Қажы-Тарханды, Қырымды басып алды. Таққа отырысымен Шыңғыс хан әулетінің тақ үшін 25 жыл бойғы қырқысуларын жойды, ақша реформасын жүргізді. Сонымен қатар Көк Орда, Хорезм, Қажы-Тархан, Қырым иеліктері мен т.б. ұсақ ордалардың басын қосып, қуатты Жошы ұлысының бірлігін қалпына келтіруге күш салды.

Алтын Ордадан бөлініп шықпақ болған Ресей жерлеріне шабуыл жасады. 1382 жылы Мәскеуді басып алып, өртеп жіберді. Бірақ Тоқтамыстың ұлы державалық ниеттері Әмір Темірдің қарсылығын туғызып, екеуінің арасында ұзаққа созылған қиян-кескі күрес басталды. 1387 жылы туған Кавказдағы Кура өзеніннде Әмір Темірден жеңіліс тапты, бірақ Орталық Азияда Тоқтамыстың, Қамар әд-Дин мен Еңке төренің одақтасқан әскерлері Самарқанд пен Бұхараның төңірегін шапқыншылыққа ұшыратты.

Тоқтамыс 1391 жылы 18 шілдеде Құндызша өзенінің бойында, 1395 жылы 15 сәуірде Терек өзені аңғарында Әмір Темір әскерлерінен жеңіліс тапты. 1397 жылы Едігенің қудалауына ұшырап, Литваға қашты. 1399 жылы Ұлы Литва князі Витовтпен одақтасып, Алтын Ордаға жорық жасады. 1399 жылы 12 тамызда Темір Құтлығ пен Едіге әскерлерімен Ворскла өзені бойында болған шайқаста тағы да жеңіліске ұшырады. 1406 жылы Түменге жақын жерде Тоқтамыс Едіге мен Шәдібек әскерлерімен шайқасып, қаза тапты.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР TI3IMІ

 

Аманжолов К.Р., Тасболатов А.Б.  Қазақстанның әскери 
тарихы. Алматы, 1999. - 320 б.

Бартольд В.В. Туркестан в эпоху монғольского нашествия. СПб., 1900. - с. 45

Владимирцев Б.Я. Чингиз хан. Берлин, 1922. - 175 б.

Гумилев Л.Н, Древняя  Русь и Великая степь. М., 1989. - 785 с.Иванин М.О. О военном искусстве при Чингиз хане и Тамерлане. Алматы, 1998. - 252 с.

Инсус Ясаши. Көкжал. Алматы, 1992.

Карпини П. История  монғолов. М., 1957. - 211 с.

Книга Марко  Поло. Алматы, 1990. - с. 95, 654

Кычанов Е. Жизнь  Тэмучжина, думавшего покорить мир. Алма-Ата, 1992. - 128 с.

Монғолдың құпия шежіресі. А., 1998. - 244 б.

Рашид-ад-Дин. Сборник  летописей. М., - Л., 1952. - с. 145, 215, 237

Рубрук Г., Карпини  П. Путешествие восточной страны. Алматы, 1993. - 248 с.

Хара-Даван Э. Чингиз хан, как полководец и его  наследии. Алматы, 1992. - 272 с.

          Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым.

           Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке  

           арналған.   Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. –

Информация о работе Шыңғыс хан