Шыңғыс хан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 12:33, реферат

Описание

Атақты Шыңғыс ханның 27-інші ұрпағы, Абылай ханның немересі, қазақ халқының соңғы ханы – Кенесары Қасымұлы 1802 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келіп, 1847 жылы Қырғызстанның Жетіжал жотасының оңтүстік алабындағы Кекілік – Сеңгір аңғарында шәйіт болды.

Работа состоит из  1 файл

Атақты Шыңғыс ханның 27.doc

— 112.00 Кб (Скачать документ)


Атақты Шыңғыс ханның 27-інші ұрпағы, Абылай ханның немересі, қазақ халқының соңғы ханы – Кенесары Қасымұлы 1802 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келіп, 1847 жылы Қырғызстанның Жетіжал жотасының оңтүстік алабындағы Кекілік – Сеңгір аңғарында шәйіт болды. XIX ғасырдың 30-40 жылдарындағы Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық қозғалысы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» кейінгі бабаларымыздың елі мен жерінің біртұтастығын қорғап қалудағы қатты наразылығы, қазақ мемлекеттігінің тарихындағы ұлы оқиға болды.


Ғұлама ғалым Шоқан Уә-лихановтың жазып қалды-руынша (шығармалар жи-нағы, III том, 486 бет), Абылай хан он екі әйелінен қырық қыз, отыз ұл сүйген. Ұлдарының бізге белгілері: Сағындық – Шуақбай атты Қарақалпақ бегінің қызы – Сайман ханымнан: Уәли, Шыңғыс, Әділ, Есім; Қашғар бегі Кенже Сарттың қызы – Бабақ ханымнан: Шеген, Рүстем, Оспан, Сыздық, Әбі-тай, Әбділда; Қалмақ ха- ны Қалдан – Сереннің туысы – Хошу мерген ноян- ның қызы Топыш ханымнан: Қамбар мен Қасым; Сырғал- дақ қожаның қарындасынан: Тоқ, Қасым, Арық; Атығай – Қарауылдың қызы Тоқта ханымнан: Сығай, Тоғай, Сүйік, Әли, Құлан, Тоғым; Орыс сұлудан (тұтқын): Шама; басқа әйелдерінен: Ғұмыр, Байыр, Жәңгір, Сыпатай. Кенесары Қасым сұлтанның бәйбішесі Айкүмістен: Саржан, Есенгелді, Көшек, Аға-тай, Бопай мен бірге 6 алты ағайынды болып туған. Ал Кенесарының інісі Наурызбай Қасым сұлтанның екінші әйелінен өмірге келген.

Абылай хан 1781 жылы 69 жасында қайтыс болғаннан кейін оның ең үлкен ұлы Уә-ли (1738-1819 ж.ж.) әкесінің орнына хан болып сайланады. Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі өзінің шырқау шегіне жеткен кезде Уәли 1774 жылғы 2 маусымда Орынбордың генерал-губернаторы Рейнсдропқа былай деп хат жазады: «Сізге дұғай сәлем жолдай отырып айтатыным төменгідей: Жоғары мәр-тебелі Сіздің Шыныят мырза арқылы жіберген хатыңызды алдық, тек әкем Абылай хан болмады, ол қалың қолмен сырттағы жауға аттанған еді, жауымыздың тас-талқанын шығарғандығы жайлы хабар алып отырмыз. Ал, мұнда елді оның орнына мен басқарып отырмын. Сіздер де қан-дыбалақ қарақшыны ұс-тапсыздар, бұл хабарды естіп мен қуанып қалдым. Себебі ұлы мәртебелі им-ператордың біз жауына жау, досына доспыз ғой!» (А.И.Дмитриев-Мамонов. Орал мен Сібірдегі Пугачев көтерілісі. Санкт-Петербург. 1907, 139-140 бб.). Орыс бақылаушысы Чучаловтың айтуынша, «Уәли әкесі Абылай сияқты өркөкірек, ал-ған бағытынан қайтпайтын қайсар, әрі құбылмалы» жан болған (XVIII-XIX ғ.ғ. қазақ-орыс қатынасы. Алматы, 1964, 106 б.). 1782 жылғы 25 ақпанда Ресей патшасы II Екатерина Уәли ханды Орта жүздің ханы етіп бекіту туралы әмір еткен грамотаға қол қояды. Петропавл бекінісінде Уфа мен Симбирск генерал-губернаторы гене-рал-поручик Якобийдің қаты-суымен Уәлидің хан болып таққа отыруының және ант беруінің рәсімі өткізіледі.

1781 жылы Ресейде Кіші жүздің ханы Нұралы мен Айшуақ сұлтан тұтқынға алынғанында, Уәли хан бұ-ған наразылық білдіреді. Уәли ханның бұл әрекетін ұнатпай қалған Орынбордың генерал-губернаторы, барон Игельстром оған былай деп жауап қайтарады: «Жоғары дәрежелі хан, ұлы мәртебелі императрица Сізге тек қана Орта жүзді билікке берді, ал қазақтың Кіші жүзінің ісі, ондағы жағдай Сізге мүлде тапсырылмаған болатын» (Қазақ КСР тарихына байланысты материалдар.т. IV, 1940, 102 б.).

Уәли ханның Ғұбайдолла, Есім, Тәуке, Ғаббас, (Аббас), Жошы, Төрежан, Әбілмәмбет (Мәмке), Хамза, Шыңғыс, Абылай (Әбен), Шөген (Шепе), Әлі (Әлжан), Қанқожа, Бегалы деген 14 ұлы болған. Уәлихан өлгеннен кейін оның тұңғышы Ғұбайдолла хан болып сайланады. Алайда патша өкіметі бұл шешімді бекітпейді. Тек қытайлықтар ғана 1823 жылы Ғұбайдолла-ны хан деп таниды. Қазақ хандығын таратуды мақсат тұтқан Ресей империясы «Сібір қазақтарын басқару ту- ралы» арнайы Жарғы шы-ғарып, қазақ жерінде сыртқы округтерді ұйымдастыра бастайды. Және де мұрагер – ханзаданы Көкшетау округі- нің аға сұлтаны етіп та-ғайындап, оған медаль беріп, шапан жабуға шешім қабылдайды. Ғұбайдолла ақ патшаның бұл шен-шекпен, сыйлығының бәрінен бас тартып, туысы Қасым сұлтанның баласы Саржанмен бірге Ресей императрицасына наразылық танытады. Ол 1824 жылы Қытаймен байланыс жасау-ға әрекеттеніп жүргенінде сотник Карбышевтың отря-ды оны Баянауылда тоқсанға жуық сұлтан – билерімен бірге ұстап, кейін Ғұбайдолланы Березовкаға жер аударады.

Кенесары Қасымұлы баста-ған ұлт-азаттық қозғалысына Патша үкіметінің 1822 жыл-ғы «Сібір қазақтары туралы Жарғысының» қалыптасқан хандық құрылымды, дәстүрлі билік үлгілерін жоюы, қазақ елін жалпыресейлік басқару жүйесіне сіңістіріп жіберуді көздеген жымысқы саясаты негіз болды. Әуелі бұл саясатқа өз наразылығын қарт сұлтан Қасым төре біл-дірді. Ол 1824 жылғы 17 қыркүйекте Батыс–Сібір генерал – губернаторы Капцевичке ультиматум іспеттес мынандай хат жолдады:
«... Сіз менің мына сұрақта-рыма жауап берсеңіз екен:
1) Сіздер неге біздің ха-лыққа қысымшылық жасап отырсыздар?
2) Біздің жерде неге құ- рылыстар салынып жатыр?
3) Суымызға неге ау құ-рылған?
4) Орыстар иемденіп жат- қан көлдерден неге қазақ-тарға тұз алуға болмайды?
Осының бәрі кімнің бұй-рығымен жасалып отыр?
Менің әкем мен ағам Уә-лидің мұрагері, хан болып сайланған Ғұбайдолла серіктерімен бірге зорлықпен ұсталды. Ғұбайдолла Ресейге қандай қиянат жасаған екен? Маған айтыңыздар! Ал қазақтарға жамандық жасаса, анығын білу өзіміздің де қолымыздан келеді. Егер менің бауырымның не істегенін ашып айтпасаңыздар, бізге өкпелемейсіздер, сәті түскенде жауапқа тартамыз.
Біздің қол астымыздағы, сіздерге бодан болған қазақ-тарға жамандық жасама-ңыздар, себебі, әкем Абылай хан мен мемлекет басшы- сы Императрица арасындағы бейбіт келісімде шекара көр-сетілген.
Егер де біздің жердегі салынған құрылыстар жойылмаса, қазақтарға деген қастандық тоқталмаса – бұл жағдайда ренжімейтін боласыздар. Ресей жерін алатын болсақ, оған байланысты біз-дің арам ниетіміз жоқ. Ал,енді, Сіздер бізге қарсы соғыс ашатын күнде біз қарап отыра алмаймыз. Ресей тарапынан жасалған түрлі алдау, арбау және қастандыққа көнетін шамамыз жоқ. Сөз боп отырған мәселелер жа-йындағы ойларыңызды дереу хабарлаңыз...». Бұл хатқа Қасым сұлтанның мөрі басылып, қолы қойылған. Ресей билеушілерінің қазақ елінің ең шұрайлы жерлерін тартып алып, Ақтау, Ақмола, Қызылжар, Көкшетауда өз әскери бекіністерін салуы, Солтүстік, Шығыс Қазақстан-да суы мен жайылымы мол Ертіс, Есіл өзендерінің бой-ындағы жерді біртіндеп орыс-казак шаруаларының өз иелігіне бөліп алуы, жергі- лікті халыққа алым-салықтың өсуі ұлт-азаттық қозғалысын тұтатты. Ресей империясы-ның бұл саясатына алғашқы-да Ғұбайдолла сұлтан қарсы шықса, кейін оны Саржан сұлтан басқарды. Алайда Ресейге қарсы күресте одақтас болған Қоқан хандығының сатқындығынан 1836 жылы олардың тікелей нұсқауымен Саржан сұлтан өлтірілді, 1840 жылы Қасым төре қаза тапты. Осы кезде тарих сахнасына Қасым сұлтанның баһа-дүр батыр ұлдары, Саржан сұлтанның туған інілері Кенесары мен Наурызбай шығып, қалың қазақ елі Кенесары-ның соңынан ерді.
Ағасы Саржан сұлтанның жасағында болып, әскери өнерін шыңдаған Кенесары қаншама қазақ хандығының аумақтық тұтастығын қал-пына келтіруді, Ресей құра- мына кірмеген аймақтардың тәуелсіздігін сақтауды басты мақсат тұтқанымен, ол отаршылдарға қарсы соғыс-ты бірден бастаған жоқ. Ол бірнеше рет дипломатиялық қадамдар жасап, Николай І-патшаға, Орынбор генерал-губернаторлары В.А.Перовскийге, В.А.Обручевке, Сібір генерал-губернаторы П.Д.Горчаковке хат жолдады, тиісті талаптар қойды. Ол өзінің Батыс Сібір генерал-губернаторына жазған хатында: «Ақтау, Ортау, Қа-зылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмұрын, Өлкейек, Тоғызақтан Жайыққа дейінгі жерлер қазіргі патша- ның тұсында тартып алынып, қаптаған бекіністер тұрғызылды. Міне, енді күн сайын жерімізге баса-көктеп кіріп, бекіністер салып, халықтың зығырданын қайнатып отырсыздар. Бұл біздің болашағымыз үшін ғана емес, бүгінгі тірлігіміз үшін де қатерлі. Менің тілегім – екі жақтың да халқы мизамшуақ өмір сүруі», - деді.

Кенесары Қасымұлы 1837 жылғы желтоқсанда Николай І – патшаның өзіне осындай мазмұнда хат жаз-ған-ды. Ол өзінің Ресей патшасына жолдаған алғашқы хаттарының бірінде тіпті, императорды атасы Абылай хан заманында екі ел арасында орын алған бейбіт қатынасқа және шекара есебінде қабылданған межеге қай- та оралуға шақырады. «... Сіз-дің арғы бабаларыңыз, ал бізде менің атам Абылай патшалық құрған уақыт-та, - деп жазады Кенесары император Николай І-патшаға, - халық бейбіт және тыныш жағдайда өмір сүрді, оны ешкім бұз-ған емес. Екі жақ та өза-ра сауда жасады; біздің жұртымызға ешқандай да салық салынған жоқ. Ал одан кейінгі мезгілде бәрі өзгерді, біздің халқымыздан салық жинала бастады, оған бас-қа да түрлі таршылық- тар жасалынды. Бұрын-ғы жасалынған бейбіт келісімді бұзып Сіздің тө- менгі қарауыңыздағы бас-шыларыңыз бүкіл қазақ халқы Ресей бодандығына қарады деп жалған көрсет-ті, соның салдарынан ме-нің Абылай атама қарасты жерлерде сегіз дуан орнады. Бұл біздің халқымыз үшін өте қайғылы жағдай, әсіресе оған салықтың салынуы өкінішті-ақ. Сон-дықтан да біздің бүтін қазақ халқымыз таршы-лық көрмей, тыныш рахатты өмір сүрсе екен деп, ұлы мәртебелім, Сізге өтініш айтуға өзімді бақытты санап, біздің халқымызды сол бұрынғы күйінде қалды-рып, даламызда орналас-қан сегіз округтік дуандар мен өзге де мекемелеріңіз- ді жоюыңызды сұраймын», - деп жазған-ды. Алайда заңды талап – тілегі орындалмай, өтініші аяққа басылып, елі мен жерінің біртұтастығы-на қатты қауіп төнгендіктен, Кенесары ту ұстап, тұлпар мініп, қол бастады. Ақылды саясатшы және шебер әскери қолбасшы ретінде ол соғыс-қа жан-жақты дайындалды. Жасағына қару-жарақ соғу, соның ішінде зеңбірек құю үшін орыс және өзге ұлт шеберлерін де өзіне тартып, оларға жақсы жағдай жасады. Көп ұзамай Кенесарының қол астына 20 мыңға жуық сарбаз жиналып, олардың ішінде Орта жүздің арғын, қыпшақ руларымен бірге Кіші жүздің де шекті, тама, табын, алшын, шөмекей, жаппас, жағалбайлы тағы да басқа руларының, Ұлы жүздің үйсін, дулат тағы да басқа руларының сарбаз-дары болды. Кенесары ұлт-азаттық көтерілісінде Ағыбай, Иман, Басығара, Аңғал, Жанайдар, Жәуке, Сұраншы, Байсейіт, Жоламан Тіленшіұлы, Бұқарбай, Мыңжасар тәрізді батырларға арқа сүйеді.

Мұндағы Иман батыр 1916-1917 жылдардағы Торғай-дағы ұлт-азаттық көтерілісін басқарған Әбдіғапар Жан-босынұлының сардары бол-ған Амангелді батырдың атасы. 1838 жылдың басында Ақмола округтік приказынан патша қызметіндегі жансыздар Жақан Көпин мен Сасық Көпенбаевтар сыйлық әкелген болып Кенесары ставкасына кіріп, қысқы қимылдарға дайындалып жатқан жасақтың жайымен танысқан ғой. Кейін олар өз мәлімдемелерінде: «Қазақтардың барлығы да қаруланған. Кенесарының қос тігуді бұйыруы мұң екен, қас қағым сәтте екі жүздей қос тігілді, бұған қоса қардан отызға тарта баспана жасалды да, солардың іші түгел қазақтарға толды, әр қоста 7-ден 10-ға дейін адам бар. Бұл тобыр, шамасы, 2700 қазаққа дейін жетеді, солардың арасында қыпшақ руларының басшылары – Иман мен Жартыбай да бар» деп жазады. Осы мәлімдемеге қарағанда Иман батырдың Кенесары жасағы-на қосылған кезі – 1838 жыл, ал Кенесары жасағының жағдайын ойлаған жанашыр, жайсаң қолбасшы.

Абылай ханның ұрпағы Кенесарының ұлт-азаттық көтерілісінде қандай қолбас-шы, тарихта қандай ұлы тұл-ға болғандығы туралы орыс тарихшысы Н.Н.Середаның өзі былайша тамсана ой толғайды: «Кенесары өз жасақтарының мәртебелі әміршісі бола білді. Оның рухы дем берген жауынгерлерге еуропалық әскер қолбасшыларының өзі қызығар еді. Жортуылда жолындағының бәрін жайпайтын дала дауылындай екпінді де тегеурінді Кенесары еш- бір бөгет алдында кідірмейтін, қайта кездескен кедергі оның қайрат-жігерін жанып, шамырқан- дыра түсіп, көздеген мақсат жолындағы тос-қауылдарды талқандар керемет күш бітіріп, одан сайын өршелендіріп жіберетін. Кенесарының бойындағы күллі осындай қасиеттерді көшпенді- лер биік бағалап, оның қаракет-қимылына қа-тысушылардың жүрегі басшысына деген шексіз сүйіспеншілікпен соғып, жанын пида етуге дейін барғызады». Ал енді ағылшындық Томас Аткинсон Кенесары Қасымұлы туралы былай деп жазды: «Кенесары қазақтардан ғажайып жауынгерлер даярлады. Найза мен айбалтаны тамаша игерген, шапшаңдығына көз ілеспейтін Кенесары жігіттері өзінен күші басым жаудан қаймықпай соғысып, жеңіп шыға беретінін естігенім бар. Егер білікті офицерлері болса, қазақтар әлемде-гі ең әйгілі атты әскер құрар еді. Оларға тарихта даңқы асқан Шыңғыс хан жиһангерлерінің керемет қасиеттерінің бәрі тән».

Кенесарының жасағы көп ұлтты болды. Оның қол астында орыстар да, башқұрттар мен татарлар да, қарақалпақ, түрікпен, өзбек, қырғыздар да қару-жарақ жасап, оқ-дәрі әзірлеп, соғысқа қатысып әр-түрлі жұмыс, әскери қызмет атқарды. Шайқастарда қолға түскен тұтқындарға да Кенесары қорлық-зорлық көрсетпе-ді. Тұтқында болған урядник Андрей Ивановтың айтуын-ша, тұтқындар отын дайындау мен құдық қазу жұмыстары-на ғана жегілген. Кенесары-ның бұйрығымен тұтқындар әртүрлі ауылдар мен жеке байларға таратылып берілген. Кенесары тұтқындар- дың қожайындарынан олар- ды жақсылап тамақтандыру-ды, зәбірлемеуді үнемі талап етіп отырыпты.

Қазір кейбір тарихшылар, журналистер Кенесарыны Кавказда Ресейдің отарлау саясатына қарсы шыққан имам Шәмілге, оның көтерілісін мұсылмандардың қасиетті соғысы – жиһадқа теңестіртіреді. Олар: «Егерде Кенесары ғазауат жа-рияламаған болса, патша үкіметі оның қол астындағы әскерлердің арасына іріткі салу мақсатымен 1837 жылы Омбы мұсылмандарының діни басшысы Ахун Мұхаммад Шариф Әбдірахмановты Ақмо-лаға жібермес еді...» деп жазады. Біз білетін ақиқат: Кенесары Қасымұлы үш жүзді толық қамти отырып, қазақ елінің Абылай хан тұсындағы территориялық тұтастығын, дербестігін қалпына келтіруді өз күресінің ең басты мақсат-мұраты етіп жоғары қойды.

(1841-1847ж.ж. билік құрған)

 

Қасымұлы Кенесары хан (1802-1847) – Қазақ хандығының соңғы ханы, ұлт азаттық көтерілісінің әйгілі басшысы. Ол өзінің тегі жағынан төре тұқымынан. Бабасы – қазақтың атақты ханы Абылай. Арғы аталары Шыңғыс ханның Жошы деген үлкен баласынан тарайды. Абылайдың әйелі қалмақтың Хочу мерген нойанының қызы Топыштан Қасым сұлтан туады. Кенесары осы Қасым сұлтанның баласы.

 

1822 жылы Ресей өкіметі Кіші жүз бен Орта жүздегі хандық билікті жойып, аға сұлтан мен сұлтан әкімдер билігін енгізеді. Сөйтіп, Ресей өкіметі қазақ елінің ішкі тірлігіне тікелей араласып, өз үстемдіктерін жүргізе бастайды. Осыған қарсы шыққан Кенесары хандық басқару жүйесін қалпына келтіруге күш салады. Ол өз ойын Ресейдің жергілікті әкімшілігіне, сонымен қатар патшаның тікелей өзіне де жеткізеді. Бірақ патша өкіметі Кенесарының талаптарын орындаудан бас тартады. Сондықтан да ол өз мақсатын күшпен жүзеге асыруға кіріседі.

 

Кенесары көтерілісін жер жерден қолдаушылар көбейеді. Өйткені патша әкімшілігі қазақтардың жерін тартып алып, әскери бекіністер сала бастайды. Көшпелі ел ата қонысынан айырылып, мал жаятын жаңа жер іздеуге мәжбүр болды.Оның үстінен патша үкіметінің алым салығының ауыртпалығы да оларды діңкелетіп біткен еді. Осының бәрі қазақ қауымының наразылығын күшейтіп, оларды Кенесары бастаған көтерілісті жан жақты қолдауға итермеледі. Көпшіліктің қолдауымен Кенесары 1841 жылы Қазақ хандығының ханы болып сайланды.

 

Патша өкіметі кесіп алған жерлерді заңды иесіне қайтару жолындағы күресте Кенесары әскери күштерді ұйымдастыру барысында Орта Азия хандықтарының тәжірибесіне сүйенеді. Ол өз әскерін жүзге, мыңға бөліп жүзбасылар мен мыңбасыларды тағайындады. Әскер тәртібін бұзғандар қатал жазаланды.

 

Кенесарының сыртқы саясатының басты мақсаты Тәуелсіз Қазақ хандығын құру болатын. Ол осы мақсатын жүзеге асыру үшін Орта Азия хандықтарынан өзіне сүйеу іздейді, олардың ішкі ісіне араласып, билеушілерін өз жағына тартуға күш салады. Хиуа ханы мен Бұқар әміріне өз елшілерін жіберіп, байланыс орнатады. Орта Азия мемлекеттерімен сауда көлемін ұлғайтып, олардан өздеріне қажетті қару жарақ, оқ дәрі алып тұрады.

 

Кенесары өз хандығын нығайту үшін біраз экономикалық және саяси шараларды жүзеге асырады. Оның алым-салық саясаты шариғатқа негізделіп, мал өсіретін аудандарда зекетті, егіншілікті аудандарда ұшырды енгізеді. Халықтан алым-салық жинауды арнайы жасауылдар жүзеге асырды.

 

Отты қарумен қаруланған патша әскеріне қарусыз халық жасақтарының төтеп беруі қиын еді. Соған қарамастан Кенесары өзінің аса дарынды қолбасшы екендігін танытып, түрлі әскери тәсілдер арқылы оларға бірнеше рет ойсырата соққы беріп, бірнеше бекіністің талқанын шығарды. Солардың бірі Кенесарының Екатеринбург станциясына жасаған шабуылы. Шабуылдың тұтқиылдан болғандығы сондай, казактар, тіпті қарсылық көрсете алмай қалады. Осы жолы Кенесарының жігіттері 18 мылтық, 2 пистолет, 18 қылыш, 27 найза қолға түсіреді.

 

Көп жылға созылған күрес негізгі күшін әлсіреткен Кенесары патша әскерінің қысымымен 1846 жылы Орта жүзден Ұлы жүз қазақтарының жеріне кетуге мәжбүр болады. Мұнда ол қырғыз манаптарына Қоқандқа қарсы бірігіп соғысуға ұсыныс жасайды. Бірақ Орман мен Жантай бастаған манаптар оның бұл ұсынысын қабылдамай, орыстың генерал-губернаторы Капцевичке өздерінің Кенесарымен соғысатынын хабарлап, одан көмек сұрайды.

 

Ресей әскери күшінің дем беруімен болған Кекілік тауындағы қазақ-қырғыз арасындағы қақтығыста Кенесары қолға түсіп, қаза табады. Кенесарының тәуелсіздік жолындағы күресі де және осы жолда тек қана түркі халықтарының күш біріктіруі арқылы оң нәтиже күтіп, әрекет етуі де оның кең қарымды саясаткер, көреген стратег екенін айқын аңғартады.

 

Қазақ халқының патшалық Ресейге, Қоқан және Хиуа хандықтарына қарсы жүргізген ұлт-азаттық күресін басқарушы.

 

1827-жылдан бастап Абылайдың ұрпақтары қазақ хандығын патшалық Ресей езгісінен босату жолындағы күресте белсенділік танытты. Кенесарының әкесі Қасым мен үлкен ағасы Саржан бастаған жасақтар орыс ауылдары мен керуендеріне шабуыл жасап тұрды, қазақ ауылдарын отарлық бұғаудан босатты. Міне солардың жолын жалғастырушы Кенесары Қасымов та мемлекет тәуелсіздігінің өте маңызды іс екенін халық санасына құюда қыруар еңбектер атқарды. Мемлекет мүддесін қорғау жолында жауды жеңіп, тәуелсіздікке қол жеткізу үшін халықты біліктілікпен басқару көп септігін тигізетінін ол жете түсінді.

 

Кенесары Қасымов өз айналасына ең адал кеңесшілер мен батырларды, халық арасынан отарлық езгіге қарсы ең беделді, белсенді азаматтарды топтастыра білді.

 

Қиын-қыстау шақтағы ортақ мүдде – ұлттың азаттығы үшін осындай әрекетке баруының өзі ұлылық емес пе?! Патшаның «бөліп ал да, билей бер» деген саясаты қазақ даласына кеңінен таралуы, елдің қатты наразылығын туғызуы оның жақтастарын көбейтуі заңды еді. Сонымен бірге, Кенесарыға қарсы шыққан рулар да болды.

 

1841-жылы Кенесары Қасымов хан сайланды, оның саясатының басты мақсаты қазақ хандығын қайта қалпына келтіру болды. Кенесары мемлекетті басқаруда шариғаттың негізгі ережелерін енгізді, сонымен бірге, билер сотын қалпына келтірді. Мемлекет пен оның әскерін нығайту жолдарын жетік білетін хан мұсылмандық құқық ережелерін бекітті. Салық саясаты да оны тиімді жолмен жинауға бағытталды.

 

Кенесары қатаң тәртіп пен басқару принциптеріне негізделген Абылай атасының саясатын жүргізді. 1846-жылы Ресей жасақтары мен отаршылдыққа бойұсынған қазақ сұлтандарының әскери құрылымдары оны Кіші және Орта жүздер аумағынан ығыстырды.

 

Кенесары қолы алғашқы әрекетін 1838-жылдың көктемінде Ақмола бекінісін қоршап, өртеуден бастады. Қамал бастығы әскери старшина Карбышев пен Ақмола аумағының аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин төнген ажалдан құтылып кетті. Кенесары енді Торғайға бет бұрды. Кенесары Қасымов патша өкілдеріне жазған хаттарында бұл әрекетін Ресей шекараларына жақындатуға ұмтылу, сол арқылы келіссөз процестерін жеңілдету деп түсіндірді. Шын мәнінде батырдың негізгі мақсаты 1836-1838 жылдары Исатай Тайманов бастаған ұлт-азаттық көтерілісі болып өткен Кіші жүзді жалпыхалықтық көтеріліске қосу болды.

1841-жылы Кенесары хан тағына отырғаннан кейін, көтеріліске қатысушылар әскери қимылын үдете түсті, олар қоқандықтардың елеулі күштері бекінген Жүлек, Ақмешіт, Жаңақорған, Созақ қамалдарын қоршауға алды.

 

Кенесары өзінің басты мақсаты – азаттыққа қол жеткізу үшін ортақ жауға қарсы үш жүздің күш біріктіре күрес жүргізуі керек екенін түсінді. Алайда ұлт-азаттық күрестің 1844-1845 жылдары қарқыны үдей түскен кезеңде де қазақтардың басы толық бірікпеді. Көтерілістің бас кезінде-ақ қазақтар қарама-қарсы екі топқа бөлінді: бірі Кенесары жағында болса, екіншісі патшаның жүргізген саясатын қолдады.

 

Кенесары Қасымов хан, саясаткер, дипломат ретінде қазақтың үш жүзі руларының едәуір бөлігін өз туы астына біріктіре алды. Оның әскерінің жалпы саны кейде 20.000 адамға дейін жетті. Халықтың бас көтеруіне Орта жүздің көптеген сұлтандары мен билері қосылды.

Кенесары бастаған халық көтерілісінің ауқымы кең болды, ол XVIII ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басындағы азаттық жолындағы өзге қозғалыстардан қазақ рулары көп қоныстанған негізгі аудандарды қамтуымен ерекшеленеді.

 

Кенесары мемлекет құрылымына көп көңіл бөлді, елді басқаруда жаңа құрылымдар мен ережелер енгізді, сонымен бірге істен шығарылған құрылымдарды қайта қалпына келтірді. Әскер қатарында қатаң тәртіп орнатты. Әскерді ұзақ дала соғыстарына бейімдеу үшін мыңдықтар мен жүздіктерге бөліп басқару құрылымын құрды. Ол қажет ақпараттарды жеткізіп тұратын тыңшыларына да сүйенді, саяси күрес пен дипломатияның тиімді әдістерін қолданды. Мемлекеттің ішкі саясатын хан өзі қатаң бақылауға алды, ру аралық қақтығыстардың жолын кесті.

 

Үш жүздің қазақтарының біріккен ұлт-азаттық қозғалысы Ресейді қатты алаңдатты. 1843-жылы 27 шілдеде І Николай империя құрамындағы қазақ хандығына қарсы ең көлемді әскери қозғалыстарға рұқсат беретін басқа мемлекет болмауы тиіс деген қағазға қол қойды.

 

Бір кезеңде патша әскерлерімен және ымыраға келмес сұлтандармен күрес жүргізген Кенесары 1843-1844 жылдары біраз жеңістерге қол жеткізсе де, шегінуге мәжбүр болды. шегіне келе Кенесары қырғыз жеріне шекаралас Ұлы жүздің аумағына орналасты. Ханның келесі бағыты қырғыз халқын орыс отаршылдығына қарсы ортақ күреске көтеру болды, алайда ол манаптар тарапынан күшті тойтарысқа тап болды.

 

Кенесары Қасымов Томақ маңындағы екі жақтың күші тең емес шайқаста қаза болды.

 

Кенесары Қасымовтың сіңірген тарихи еңбегі – ол қазақ халқының салт-дәстүрін сақтай отырып, оны бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күреске жұмылдырды. Кенесары ханның саясаты және идеологиясы ұлттың даму жолындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

КЕНЕСАРЫ ТАҚЫРЫБЫНА МҮЛДЕ ЖАҢАША КӨЗҚАРАС КЕРЕК

13.01.2012 08:06

There are no translations available.


Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE

Құлтөлеу Мұқаш,

журналист, «Қазақстан» ұлттық арнасының бас редакторы:

«Аңыз адам» журналынан №21, 2011ж.

- Аға, Кенесары тақырыбымен қашаннан бері айналысып жүрсіз?

- Мен тарихшы емеспін, түрлі әдебиеттен оқып көкейге түйгеніміз болмаса, әуелгіде бұл тақырыпқа аса терең кірісе койған жоқ едім. Бұл өзі – өте күрделі мәселе.

Кенесары кір жуып, кіндік кескен Арқа даласында туып-өстік. Біздің шет ауданымыздағы Ақсу-Аюлының сыртында Кенесары оры жатыр. Ол өлкеде қазақтың соңғы ханы мен оның қалың әскері жайлаған басқа да қаншама тарихи орындар бар. Даңқты хан бабамыз туралы аңыз әңгімелерді бала кезден еститінбіз. Кезінде түрлі аласапыран жағдайлар өткен гой. Кеңес өкіметі кезеңінде Ғабит Мүсітеповтың «Кенесарының маңдайы тайқылау адам екен» деп жақтырмай жазғаны есімде қалыпты. Хан дәуірі бүгінгідей біз көп айтатын демократия заманы емес, канға кан, жанға жан дегендей өте кайшылықты, тым қатал кезең еді. Соның бәрін терең түсіну үшін ұшқыр индуиция, мықты логика қажет. Және ешбір солақай саясаттың ықпалына түспей, іске өз мүддеміз тұрғысынан мейлінше әділ қарауымыз керек шығар. Осыдан 18 жыл бұрын «Жас Алаш» газетінің бетінде Әбу Такенов, Жанұзақ Қасымбаев, Қайсар Құсайынов, Мардан Байділдаев, Нәпуса Кенесарина сияқты өзгеде бірқатар атақты тарихшылар мен әдебиет, мәдениет өкілдерінен сұхбат алып, осынау күрделі тұлға туралы шындыққа көз жеткізуге талпынған екенмін. Ал 2007 жылы хан мүрдесін іздеуге шыққан экспедиция құрамында болып, сол сапарда көрген-білгенім мен Кенесары қозғалысы туралы ойларымды жарияладым. «Хан Кене рухы» аталатын кітап жаздым. Содан бері бұл тақырыпқа дендеп бойлай бастадым десем болады.

- Хан Кене жайында тың зерттеулер жүргізіп келесіз, қандай ой түйдіңіз?

- Кенесары қозғалысы тарихын зерделеу арқылы қазақ тарихына мүлде басқа ракурстан қарау қажеттігіне көз жете түскендей. Мәселен, кей тарихшылардың айтуына сенсеңіз, біздің халықтың саны түрлі зобалаңға ұшырамай тұрған кезеңдерге дейін 20 миллионнан аспаған секілді. Меніңше, олай емес. Қарап отырсаңыз, атақты ақтабан шұбырынды алқакөл сұламаның өзі бертінгі жағдайлар. Оған дейінгі санымыз қанша еді? Таразылап көрдікпе? Голощекиндік аштықты айтамыз, Екінші дүние жүзілік соғыста опат болғандарды тілге тиек етеміз, соның өзінде дәлме-дәл дерек жоқ... 2,5-3 миллион адам өлді деймізде қоямыз. Жоқ, біздің санымыз кезінде көршілес Қытай мемлекетіндегідей миллиардтап саналмаса да, жүз миллионға жетеғабыл болғаны анық. Әйтпесе қаншалықты батыр халықпыз дегенмен 20 миллион адаммен мұншалықты алып аумақты ұстап тұра алмас едік. Сәбиін «құлыным, қошақаным, ботам» деп еркелетенін көшпенділерде «әйелі балпанақтай ұл тауыпты» деген сөз бар. Ал балпанақ деген не? Бұл – кәдімгі Антарктидада мекендейтін пингвин. Демек, қалың қазақ қазіргі Солтүстік тұзды мұхитқа дейінгі өңірлердіде түгел жайлаған. Бірақ біртіндеп өрісіміз тарыла беріпті. Демек, сыртқы дүлей күштердің әсерінен сипатсыз қырғынга ұшырап отырғанбыз. 300 жыл билеген Ресей империясының отаршылдығынан әрідегі жағдайымыз қандай еді? Кең байтақ даланы кезіп, тау-тас тіміскілемеген жер қалдырмаған француз бен ағылшын инженерлері не істемеді? Солар жасаған сұмдықты кім ескеріпті? Бертінде айырылған Орынбор, Челябі, Түмен, Сарытау... Тіпті айта берсек, сонау Волгоградқа дейінгі өңірлер... Біртіндеп Зайсан мен Қара Ертіс аумағындағы шекараның да Ресейге өтуі... Сондай-ақ Қоқан хандығы да орысқа қарағаннан кеиін Ферғана обылысы мен Шығыс Түркістан арасындағы шекера сызығының айқындалуы... Одан 1881 жылғы Петербург шарты бойынша Ресей мен Қытайдың Іле аймағындағы шекара мәселесіне арналған келісім арқылы сол аймақты мекендеген қазақ пен қырғыздың қаншама жері жат қолында қалуы сияқты жайттарды есептей берсек, төбе шашыңыз тік тұрмай ма? Кенесары сұлтан бекер аласұрған жоқ. Сондай әділетсіздікке төзбеді. Бірақ оған жергілікті ата-сұлтандар қарсы болды. Олар дербестік жолындағы күрестен гөрі орыстың қызметін артық көрді. Себебі жалақы, сыйақы алып тұрды. Абай айтпақшы, «ел болудан кетті». Сәбит Мұқанов «Аққан жұлдыз» романында Кенесарыны қуғындап, патшадан шеншекпен алған бай-сұлтандар мен би-болыстарды атап кетеді...

Информация о работе Шыңғыс хан