Шыңғыс хан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 12:33, реферат

Описание

Атақты Шыңғыс ханның 27-інші ұрпағы, Абылай ханның немересі, қазақ халқының соңғы ханы – Кенесары Қасымұлы 1802 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келіп, 1847 жылы Қырғызстанның Жетіжал жотасының оңтүстік алабындағы Кекілік – Сеңгір аңғарында шәйіт болды.

Работа состоит из  1 файл

Атақты Шыңғыс ханның 27.doc

— 112.00 Кб (Скачать документ)

- Экспедицияның басы қасында болдыңыз, ДНК-сы шығарылдыма?

- Ханның өз кіндігінен тараған ұрпақтары бастаған экспедиция сүйекті сол 2007 жылы Алматы түбіндегі Беснайза деген жерге әкеліп жерледі. ДНК-сы әлі шығарыла қоймаған сияқты. Бірақ баласы Талғаттың саусағынан тамызған қанның сүйекке сіңіп кеткенін өз көзіммен көрдім. Ежелгі қазақша ДНК-ның түрі осындай болса керек. Ал ғылыми-зерттеу жасау үшін Лондонға, Мәскеуге шығу керек секілді. Ол үшін мол қаражат керек екені түсініктігой. Дегенмен хан ұрпақтары қарап жатпаған болу керек. Реті келгенде, бір айта кететін нарсе – кейбір журналистердің айтуынша, мен мүрдені 100 пайыз ханның сүйегі деп жүрген адам сияктымын. Онымен қоймай, олар мені көріпкелге сеніпті деп кекетіп-мұқатады. Кезінде «Қазақ әдебиеті» газетінің бес нөміріне шыққан менің мақалам «Әлемді Хан Кене рухы шарлап жүр немесе Алматыға жеткізілген сол бабамыздың сүйегі ме?» деп аталған. Яғни мен сүйек хандікі, ендеше осыған иланыңдар деген жоқпын. Мен арзан атақ іздеген адам емеспін. Дақпыртқада құмартпаймын. Өзім көріп куә болған, таным-түйсік, жан-жүрегімнен өткізген нәрселерді бүкпесіз жаздым. Солай бола тұра, қазір сүйектің Кенесары бабамыздікі екеніне 70-80 пайыз сенемін. Өйткені кейіннен басқада таңғаларлық деректер кезікті. Ол туралы келешекте тоқталармыз деп ойлаймын.

- Кенесары көтерілісінде қол бастаған батырлар жайында не айтасыз?

- Әйгілі Майтөбе сардары бар 300-ден аса адам қырылған екен. Олардың да кімдер екені әлі күнге дейін толық ашылып біткенжоқ. Тек қырғыздың ұлы тарихшысы Белек Солтоноев (ол да 1938 жылы халық жауы ретінде атылып кетіпті) өз очеркінде: «Қолбасшылары: шымырдан – Байзақ датқа, ботбайдан – Құдайберген, аққойлыдан Бәйет, арғыннан – шұбыртпалы Ағыбай, тамадан – Бәрмен датқа болған» дейді. Сондай-ақ Жанайдар, Аңғал, Сұраншы, Жәуке, Жоламан, Иман батырлар қатысқан. Бұл тақытыпты келешекте шұқшия зерттеу қажет екені белгілі.

- Хан Кене тақырыбына байланысты әліде айтылмаған қандай құпиялар бар деп ойлайсыз?

- Кенесары бақайшағына дейін мұздай қаруланған орыстың тұрақты әскерінің есін шығарғаны туралы аңыздар жеткілікті. Тіпті ол туралы француздың әйгілі жазушысы Жюль Верн «Патша шабарманы» деп аталатын роман жазған. Ресейлік генералдардың өзі Кене ханның ғаламат қолбасшы екенін еріксіз мойындап, лекциялап оқып, Кенесары әскерлерінің таңғажайып қимылдары туралы әскерлерін сол кезде батыс елдеріне кең тараған «Вестник Европы», «Современник», «Эхо», «Родина», сияқты журналдарға жарияланып отырған. Француз жазушысы сол деректерді молынан пайдаланған екен.

 



Информация о работе Шыңғыс хан