Қазақ АКСР-ның астанасы Қызылордада өткен V съездің шешімдері мен қаулылары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 15:06, дипломная работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі: Кешегі халқымыздың еркіндігі мен бостандығын жойып, қазақ даласына өз билігін орнатқан Кеңестік империясындағы коммунистердің тоталитарлық қоғамы келмеске кетті. Жас мемлекетіміздің тәуелсіздікке ие болуы, оның алдына стратегиялық мақсат – саяси және әлеуметтік – экономикалық, рухани және құқықтық теңдікті қамтамасыз ететін демократиялық қоғам орнату, бүкіл әлемдік қауымдастықтың тең мүшесіне айналу болып табылады.

Содержание

Кіріспе __________________________________________________1 – 9 беттер
1 – бөлім. Қазақстан астанасын Орынбордан Ақмешітке көшіру және оған қазақ зиялыларының көзқарастары_______________________________10 – 29 беттер
1.1. Орынбор Қырғыз (Қазақ) автономиялық республикасының астанасы_________________________________________________10 – 22 беттер
1.2. Қазақстан астанасын Орынбордан Ақмешітке
көшіру қажеттігі _________________________________________23 – 29 беттер
2 – бөлім. 1925 жылғы Кеңестердің Бүкілқазақстандық V съезінде қабылданған шешімдер мен қаулылар
және оның қазақ халқы үшін маңызы_________________________30 – 55 беттер
2.1. 1925 жылғы Кеңестердің Бүкілқазақстандық V съезінде қабылданған шешімдер мен қаулылар___________________________________30 – 40 беттер
2.2. Қызылорда астана болған жылдардағы республиканың экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірі______________________________ 41 – 50 беттер
2.3. «Қазақ АКСР-ның астанасы Қызылордада өткен V съездің шешімдері мен қаулылары» тақырыбы орта мектептің 10 сыныбына арналған Қазақстан тарихы пәнінде оқыту әдістемесі___________________________________51 – 55 беттер
Қорытынды____________________________________________¬__56 – 60 беттер
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі____________________________61 – 62 беттер

Работа состоит из  1 файл

Қызылорда-астана оригинал.doc

— 320.50 Кб (Скачать документ)

Осының нәтижесінде  Қазақстан аумағы үштен біріндей кеңейіп, 2,7 миллион шаршы шақырымға, ал халқы 5230 мың адамға жетті, қазақтар тұңғыш рет республика халқының 61,3  процентін құрады. Осы кезеңде Орта Азия  республикаларының  ұлттық-аумақтық жағынан өткізілді [16, 31-32бб]. Сайлау  өткізілмей-ақ  Кеңес мүшелері жалпы жиналыстарда тағайындалды.  Сайлаушылардың барлығы бірдей сайлауға қатыспады.

Әйелдер, әсіресе,  қазақ  әйелдері сайлауға тартылмады. Аз ұлттар мүлдем ұмыт  қалдырылды. Кей жағдайларда  өкілеттік норма туралы заң бұрмаланып,  үш адамнан тұратын «Селолық атқару комитеті»  дейтін құрылды. Сайлау жұмыс уақытында, қолайсыз үйлерде өткізілді, екі шаруашылық ауылында бір сайлау жиналысы өткізілді. Жиналыс туралы хабар әрбір сайлаушыға жеткізілмеді.

Сайлау кезінде депутаттыққа  кандидаттар ұсыну тізім бойынша әкімшілік қысыммен  жүргізілді. Жиналысқа келушілер санының дәл анықталмауы, сайлау мен оның қорытындысы туралы жалған есеп беру саяси науқанға тән болды [17, 44-45бб]. Сондықтан көптеген губерниялар мен уездерде  бұрынғы сайлау қорытындысын дұрыс емес деп тауып, 1925 жылдың көктемінде қайта сайлау өткізілді.

Қоғамдық ұйымдардың жұмыстары біршама жандана түсті. Мысалы, Перовск комсомол ұйымы 24 комсомол ұясын біріктірді. Оларда  Жастар Одағының  480 мүшесі мен 165 мүшелікке кандидаттар есепте тұрды. Комсомол мүшелерінің басым көпшілігі білімі төмен, ал олардың жартысы мүлдем сауатсыз еді. 

Перовск қаласы комсомол ұйымдарының бастамасы бойынша 5 комсомол клубы, 7 саяси клуб, 2 драма  үйірмесі, 2 спорт секциясы ұйымдастырылды. Комсомол 270 баланы қамтыған 5 пионерлер отрядын құрды.

Қазақстанға бай экономикалық ресурстары бар  жерлердің қосылуы, малдың көп болуы, оның  өндіргіш күштерін дамытуға  қолайлы жағдай туғызды [18, 3б]. Мысалы, Қазақ АССР-інің құрамына енген тек Қазалы уезінде бай балық өнеркәсіп базасы,  Арал теңізі, Сырдария өзенінің көп бөлігі, 46 ірі көл, жүзден астам жергілікті  маңыздағы көл болды.

Сөйте тұра,  Арал теңізі аймағы мен Сырдария өзені РСФСР  Халық  Комиссарлары Кеңесінің қарауында  қалып, балық инспекциясы мен бақылау инспекциясы арқылы  басқарылды. Олар  бар болғаны балық аулау үшін билет сатумен қанағаттанды.  Маусым бойы  әрқайсысы 15 сомнан небәрі 160 билет сатылды.

Арал мен Сырдарияны республикалық балық аулау базасына айналдыру мақсатында Қазалы уездік атқару комитеті Қазақ өкіметіне балық саласын өз қолына алуға немесе өз байлығын жергілікті өнеркәсіп арқылы игеру үшін оны тікелей Уезді атқару  комитетіне беруге ұсыныс жасады. Атап айтқанда, республика үкіметіне мынадай шараларды жүзеге асыру жөнінде нақты ұсыныстар жасалды:

1. Егер аудан РСФСР  құзырында  қалатын болса, онда  күллі өнеркәсіпке зиян келтіреді.

2. Егер ол Қазалы  уездік атқару  комитетіне немесе  республика қарауына беріліп,  табыстың 50 проценті жергілікті  бюджетке аударылса, болашақта одан мынадай нәтижелер күтіледі:

- таяудағы  екі жыл  ішінде балық өндіру көлемін  1200 вагонға дейін жеткізуге болады;

- учаскелер мен көптеген  артельдерді жеке балық аулаушыларға  жалға беріп, ол үшін олардан  ауланған балықтың 25  процентін  алу республикаға бір маусымда 250 вагон балық алуға  мүмкіншілік туғызады;

- сазанның,  қаяздың,  шортанның бір  пұтына қазір  белгіленіп жүрген  3 сом 20 тиын орнына нарықтық баға  белгіленуі қажет.

3. Қазалы уездік  атқару  комитетінің есебі бойынша табыс  молайып, ол 400 мың сомға жетуі тиіс. Бұл жергілікті бюджетке және  республикаға 200 мың сомнан астам қаржы түсіреді, ал,  РСФСР Жер Халық Комиссариатының кезінде ол небәрі 1200 сом болатын.

4. Тұзды көлдер Қазалы  уезі үшін қосымша байлық көзі  болып есептеледі. Бұл жерде 18 тұзды көл болатын, бірақ бар болғаны бір өзеннің жалға берілгені болмаса,  қалғандары  Ташкенттің  иелігінде қала берді. Келісім – шарт үш жылға жасалып,  ол бойынша әрбір ондық үшін 1 сомнан, жылына 206 ондық есебінен 300 пұт тұз өндіріліп, оның 25 процентін жергілікті жерге қалдыру, қалған 75 пұтын мемлекетке өткізу  көзделді.  Бұл есеп бойынша жылына уезге 37 мың пұт, осынша мөлшерде Өзбекстан республикасына  қалдырылуы тиіс болатын.

5. Қазалы уезі атқару  комитетінің есебі бойынша, балық  өнеркәсібін тұз өнеркәсібімен біріктірген жағдайда республика өнеркәсібі мен уезд үшін де дамудың жаңа сатысына көтерілуі мүмкіндігі ашылды. Нақты деректерге қарағанда, Сапақ станциясынан 3 ай ішінде 62 мың пұт тұз жөнелтілді. Акционерлер осы үшін 6820 сом қаржыға иелік жасады, ал жергілікті бюджетке 11 мың сом қаржы түсті [16, 23-24бб]. Бұл бір ғана көлден түскен табыс көзі екенін ескерсек, болжам шын мәнінде дұрыс екендігін дәлелдейді.

Жергілікті атқару органының  мемлекет алдына қойған бұл ұсыныстары, өкінішке орай, ескерусіз қалды. Оларда орталықтан басқару жаңа мемлекеттің іс тәжірибесінде тұрақты орын ала бастады. 1925 жылдың сәуірінде Қырғыз өлкелік комитеті, Түркістан және Сырдария губерниялық комитеті мен Жетісу ұйымдарының қатысуымен ІІ ұйымдастыру бюросының мәжілісі болып өтті.

Онда Орта Азия республикаларының  ұлттық- мемлекеттік бөлінісі мен  қазақ жерлерінің бірігуінің қорытындыса  арналған мәселе қаралды. РК(б) Орта Азиялық  бюросының мүшесі, Түркістан обкомының  хатшысы С.Ж.Асфендияров баяндама жасап, ол: «Қырғыз АКСР- інің мүддесі толығымен қорғалды, бірақ біз көптеген мәселелер бойынша өзіміздің айрықша пікірімізде қалдық. [28, 101 п]

Даулы мәселелерді Мәскеу шешетін болды. Бөлінуге байланысты бізге тиісті нақты капитал Өзбекстанда  қалып, осы уақытқа дейін қолымызға тиген жоқ. Жалғыз ғана мәселе бойынша таяу уақытта есеп айырысу аяқталып, Қазақстан мен Қарақалпақстан үлесі үшін 213 463 сом 44 тиын қаралған. Алдын - ала жасалған баланс бойынша «Средазхлеб» мекемесінен алатын Қазақстан үлесі 110 мың сом [16, 86-87бб]. Ауылшаруашылығы халық комиссариатының берешегі 99 мың сом. 1921- 1922 жылдары құрылған Түркістан республикасы бойынша есептелген 4 млн қарыз мәселесі әзірге ашық күйінде қалып отыр»,- деп нақты жағдайдан мағлұмат берді.

Перовск және Қазалы уездері сексеуіл, қамыс, басқа да өсімдіктерге өте бай өлке болатын. Бірақ, осы байлықтың барлығы «Барсакелмес» және «Возрождение» аралдарын қосқанда Түркістан дайындау министрлігінің қарауында қала берді. 1924 - 1925 жылдары Түркістан орталық атқару комитетінің тапсырмасы бойынша 500 мың пұт сексеуіл дайындалып, жөнелтілді. Перовск және Қазалы уездерінің мал саны көп болғанына қарамастан, оларға мал дәрігерлік бақылау Ташкент тарапынан жүргізілді. Орта Азияның бөлінуі және қазақ жерлерінінң бірігуі барысында болыстар ірілендірілді.

Қазақ АССР-і РСФСР-дің  құрамында қала отырып, орыс пен  қазақ халқының арасында жаңа сапалық қатынастар орнықты. Ұлттық - аумақтық қайта бөлу кезінде Орынбор губерниясы РСФСР құрамына енді.

Қазақ жерінің бірігуі, біртұтас мемлекет құру Қазақстан астанасын Орынбордан көшіру міндетін алға қойды [16, көрсетілген бетте]. Мемлекеттік комиссия астана ретінде Ақтөбе, Ақмола, Шымкент, Әулиеата, Ақмешіт қалаларын атады. Бірінші Сырдария губерниялық партия конференциясында республика астанасы ретінде Ташкент қаласы да ауызға алынды.

Республиканың астанасына Ақмешіт қаласы ұсынылғанда, ең басты  дәлел ретінде онда Орынборға  қарағанда қазақтардың көп тұратыны тілге тиек етілді. Орынбор - Ташкент темір жолы республиканың жаңа астанасын Ресей орталығымен, Қазақстанның батыс, оңтүстік аудандарымен және Орта Азия республикаларымен байланыстыратын еді.

Оның үстіне Ақмешіт  болашақта үлкен үміт күттіретін суырмалы егістің орталығында орналасты. Бүгінгі көзқарасқа қарағанда республика басшылары С.Қожанов, С.Сәдуақасов астананы көшіру мәселесіне ұлттық мүдде тұрғысынан келген    деген деректер бар. [28, 35-38 пп]

Сонымен, Қазақстанды  жаңа қоғамның ұлы өзгерістері күтіп  тұрды. Қазақ халқының басын біріктіріп, мүлде тосын өмірге бейімдеу, ұйымдастыру – басқару жүйесін жетілдіріп, өз алдымызға тіккен үлкен отаудың босағасын бекіту оңай шаруа емес еді [19, 2б]. Оны Кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысқан зиялыларымыз анық түсінді.

Оның үстіне ит шөлдеп өлетін жердегі, Ресей аумағындағы  Қазақ АССР-ының астанасы Орынбор мен қарым - қатынас жасаудың қиындығы да келелі іске кедергі келтірді. Көзі ашық, көкірегі ояу қазақ зиялылар өз жеңісін өз жерінде тойлауды аңсады. Азаттықты армандады. Халқымыздың Тұрар Рысқұлов, С.Меңдешов, Н.Нұрмақов, С.Қожанов, С.Сәдуақасов т.б. біртуар ұлдары шын мәніндегі дербес Қазақ Республикасын құруды жақтады.

Түркістан мен Қазақстан  Республикаларының ішкі мүмкіншіліктерін сан қырынан талдап - таразылаған мемлекет қайраткері Сұлтанбек Қожанов астананы Орынбордан қазақтың қалың ортасына көшіруді қызу қолдады. Себебі, «мемлекет астанасының жұртшылығына сүйеніп істемесе, бас үкіметтің ісі оңбайды»,- деп түйген қайраткерді қазақтың бас қаласының орыс ішінде орнауы қанағаттандырмады.

Бұл жайында баспасөз бетінде дүркін - дүркін мәселе көтерді. Жаңа астана туралы ойларын ол «Ақжол» газетінде жарияланған «Кешіктірмей келісу керек» (1924, 517), «Іс жүзінде орындау керек»(1924, 517), «Қазақтың кіндігі қай қала болсын» (1925, 530) т.б. мақалаларында бүкпесіз білдірді [25, 53-55бб].

«Қазақстан астанасы орыстың туы тігілген қалада емес, қаласы жоқтықтан қазақтың киіз ауылында болса да, қазақ жұртшылығына жуық болуы керек,- деп жазды С.Қожанов «Ақжолдың» 1924 жылғы 17 желтоқсандағы санында. – Қазақ астанасы болуға Орынбор қаласы шетте болғандықтан ғана жарамайды емес, қазақ қаласы болмағандықтан, қазақ ұлт мемлекетінің ұлтшылдығына орда болуына қисыны жоқтықтан жарамайды [26, 11-12бб]. Қазақ ұлт мемлекетшілдігіне әдемі қала, ыңғайлы үйлер керек емес, жаман да болса, өз ордасы болуы керек. Орынбордан көшпей, қазақ ұлтының ішкі тіршілігі оңалып, қазақ еңбекшілерінің көпшілігінің қолына керекті шаралар іс жүзінде істелуі қиын».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1.  1925 жылғы Кеңестердің Бүкілқазақстандық V съезінде қабылданған шешімдер мен қаулылар

 

        Перовск станциясы темір жол жұмысшыларының бастамасы бойынша Қазақстан өкіметін Ақмешітке көшіру үшін үш күн ішінде «Қызыл паровоз» жөндеуден өткізіліп, Орынборға  жіберілді. Қазақ АССР-і Кеңестерінің V съезі делегаттары және өкімет мүшелері бар поезы Орынбордан республиканың жаңа астанасы Ақмешітке 1925 жылдың наурыз айының аяғында аттанды. Съезд делегаттарының ішінде мәдениет, өнер  қайраткерлері Иса Байзақов, Александр Затаевич, Әміре Қашаубаев, Сәбит Мұқанов, Сәкен Сейфуллин, Қажымұқан Мұңайтпасов болатын.

Бұл съезге Қазақ Республикасының  қарауына  кірген  Қарақалпақ Автономиялы  облысының өкілдері бірінші рет  қатысты. Қарақалпақ делегаттарының бірі  Әбу Құдабаев Ақмешіт қаласына жақын Сырдария өзенінің батыс жағасындағы «Қызыл қайың» ауылында 1899 жылы туған [16, 89-90бб]. Ол бірқатар жылдар бойы Қарақалпақ облыстық партия комитетін басқарды. Кейінірек жазықсыз сталиндік қуғын-сүргіннің құрбандығына ұшырады.

Құрамында Қазақ АССР-і  Кеңестерінің V съезі делегаттары бар өкімет поезын жол бойында Сексеуіл, Арал, Қазалы,  Жосалы станцияларының жұртшылығы қарсы алып, көп адам жиналған митингілер ұйымдастырылды. Ақмешіт станциясында  орасан зор митингі болып өтті.

Оны Ташкенттен  келген Сырдария облыстық партия комитетінің  хатшысы Әбілқайыр Досов ашты. Өкімет делегациясын Қазақстанның жаңа  астанасының жұмысшылары мен  интеллигенциясы қызу құттықтады [20, 4б].  Қала  жастары атынан Әбділдә Тәжібаев сөз сөйледі.

Ірі-ірі мекендерде өткен  митингіден  жол бойы еңбекшілерімен жүздесуге Қазақ өлкелік партия комитетінің екінші  хатшысы Сұлтанбек  Қожанов пен Республика  Орталық  атқару комитетінің төрағасы Жалау  Мыңбаев кезектесіп сөз сөйледі. Көрнекті қоғам қайраткері, Сыр өңірінің азаматы С.Қожанов  Ташкенттегі мұғалімдер семинариясын  үздік  аяқтағаннан кейін қызметке бірден араласады. Ағарту саласында, «Бірлік туы», «Ақжол» газеттерінде басшылық қызметте болады.

1920 жылы  Түркістан  АКСР-інің Жер жөніндегі халық комиссары болып  тағайындалады. Мұнан кейін қысқа уақыт аралығынды ішкі  істер халкомы, Түркістан ОАҚ төрағасының орынбасары сияқты жауапты жұмыстарды атқарады [21, 3б]. Сырдария, Жетісу облыстары Қазақ АКСР-іне қосылғаннан кейін облыстық комитет хатшылығына сайланады.

1925 жылдың 19 ақпанында  облыстық партия ұйымы өлкелік комитет болып өзгертілгенде, С.Қожанов екінші хатшылыққа жоғарылатылады. Бірінші хатшы  В.И.Нанейшвили, қазақ өкілі ретінде басшылықты С.Қожановқа сеніп тапсырды [22, 3б]. Ол Қазақстанның бес жылдығының өз  дәрежесінде аталып өтуіне зор еңбек сіңірді. 4 қазан күні  Қызылордада ұлан-асыр той болып, республиканың  түкпір-түкпірінен адамдар келді.

Кейін Өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы  болып келген Ф.И.Голощекинмен С.Қожанов  тіл табыса алмады. Сөйтіп, елден  жырақта Мәскеуде, онан  кейін  Ташкентте қызмет істеуге мәжбүр болды. Қуғын-сүргін  жылдарында халқымыздың өзге арыстары сияқты нәубет  тырнағына ілінді.

Сонымен, 1925 жылдың 15 сәуірінде  Ақмешіт қаласында  бүкіл Қазақстан  еңбекшілері өкілдерінің басын  қосқан Қазақ  АССР Кеңестерінің V съезі салтанатпен ашылды.

Съездің күн тәртібіне:

  • КСРО-ның халықаралық және ішкі  жағдайы;
  • Орталық Атқару Комитеті мен Халком  Кеңесі президиумдарының есепті баяндамалары;
  • ауыл шаруашылығының жағдайы;
  • халық ағарту ісі;
  • қаржы саясаты және салық;
  • кеңестік құрылыстың жаңа міндеттері туралы мәселелер қойылды [16, 95-96бб].

Информация о работе Қазақ АКСР-ның астанасы Қызылордада өткен V съездің шешімдері мен қаулылары