Қазақ АКСР-ның астанасы Қызылордада өткен V съездің шешімдері мен қаулылары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 15:06, дипломная работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі: Кешегі халқымыздың еркіндігі мен бостандығын жойып, қазақ даласына өз билігін орнатқан Кеңестік империясындағы коммунистердің тоталитарлық қоғамы келмеске кетті. Жас мемлекетіміздің тәуелсіздікке ие болуы, оның алдына стратегиялық мақсат – саяси және әлеуметтік – экономикалық, рухани және құқықтық теңдікті қамтамасыз ететін демократиялық қоғам орнату, бүкіл әлемдік қауымдастықтың тең мүшесіне айналу болып табылады.

Содержание

Кіріспе __________________________________________________1 – 9 беттер
1 – бөлім. Қазақстан астанасын Орынбордан Ақмешітке көшіру және оған қазақ зиялыларының көзқарастары_______________________________10 – 29 беттер
1.1. Орынбор Қырғыз (Қазақ) автономиялық республикасының астанасы_________________________________________________10 – 22 беттер
1.2. Қазақстан астанасын Орынбордан Ақмешітке
көшіру қажеттігі _________________________________________23 – 29 беттер
2 – бөлім. 1925 жылғы Кеңестердің Бүкілқазақстандық V съезінде қабылданған шешімдер мен қаулылар
және оның қазақ халқы үшін маңызы_________________________30 – 55 беттер
2.1. 1925 жылғы Кеңестердің Бүкілқазақстандық V съезінде қабылданған шешімдер мен қаулылар___________________________________30 – 40 беттер
2.2. Қызылорда астана болған жылдардағы республиканың экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірі______________________________ 41 – 50 беттер
2.3. «Қазақ АКСР-ның астанасы Қызылордада өткен V съездің шешімдері мен қаулылары» тақырыбы орта мектептің 10 сыныбына арналған Қазақстан тарихы пәнінде оқыту әдістемесі___________________________________51 – 55 беттер
Қорытынды____________________________________________¬__56 – 60 беттер
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі____________________________61 – 62 беттер

Работа состоит из  1 файл

Қызылорда-астана оригинал.doc

— 320.50 Кб (Скачать документ)

Бес күнге созылған съездің  негізгі құжатының бірі қырғыз халқының тарихи дұрыс атын қалпына келтіруі еді. Яғни, Кеңестердің бүкіл қазақтың V съезі «бұдан былайғы жерде «киргиз» деген атау «қазақ» деп аталсын» деп қаулы қабылдады. Сонымен бірге съезд «Киргиз Республикасын! «Қазақ Республикасы» деп атауға, ал оның астанасы Ақмешітті Қызылорда  деп атауға қаулы алды [25, 34-35бб].

Съезд Қазақстан еңбекшілеріне  Үндеу арнады: «Үлкен қиыншылықтардан  өттік. Езушілерге қарсы ауыр күрестен өттік. Азамат соғысының ауыр  жылдарынан өттік. ҚАССР-ін құрып, нығайту жөніндегі тарихи  дәуірден өттік.

Ал, алдымызда әлі көп  іс, творчестволық көп жұмыс тұр, қиыншылықтар да аз емес. Алдымызда  Қазақ Республикасын экономикалық жағынан көркейту дәуірі тұр, еліміздің өндіргіш күштерін көтеру жолында, ҚАССР-ын  мекендейтін барлық еңбекшілердің материалдық әл-ауқаты мен мәдени дәрежесін көтеру жолында күресу дәуірі тұр».

Үкімет есебі бойынша  Ү съезд қабылдаған қарарда  республиканың өнеркәсібін күрделі дамыту, алдағы онжылдықта темір  жол және жергілікті жол қатынасын өркендету жоспары, байланыс құралдарын, көшпелі почтаны және селолық аудандарда жылжымалы  почтаны, радио-телеграф жүйелерін кеңейту жобалары қуатталды, бұл  мақсатта өнеркәсіпті, Қазақстанның маман  жұмысшыларын  қалыптастыру шаралары қабылданды [16, 103-104бб].

Қазақ АКСР-інің жер құрылысы туралы қарарында бұрынғы патша  өкіметінің жүйесіз әскери-әкімшілік  саясатының зобалаңы салдарынан 29 миллион  десятина шұрайлы жерлер  талан-таражға салынып, мал шаруашылығының күйреуіне әкеп  соққаны атап өтілді.

Мал шаруашылығын тиімді ұйымдастыру мақсатында республиканың  барлық жерін табиғи-тарихи және экономикалық белгілері бойынша үш ауданға  бөлу дұрыс деп табылды [24, 2б]. Біріншісі – егіншілік-мал шаруашылығы сипатындағы аудан. Мұнда мал шаруашылығы бірқалыпты дамуы тиіс. Екіншісі – мал – егін шаруашылығы сипатындағы аудан. Онда жайылымдық  жер басым орын алады. Үшіншісі – бірыңғай мал шаруашылығы бағыты үстемдік құратын аудан. Сонымен бірге,  аталған әрбір ауданның шаруашылық жүргізу жүйесі әр түрлі болуға тиіс деп есептеледі.

Съезд Қазақстандағы  бұрынғы Түркістан республикасы губерниясы мен Қарақалпақстан автономиялы  облысының бірқатар аудандарының қосылуы, 1920-1921 жылдары бірқатар қоныс аударғандардың келуі, сондай-ақ, осы кезеңде белең алған құрғақшылық салдарынан онсыз да тар жердің құрылымын қайта құру мүмкін болмай отырғанын атап өтті.

Суландыру туралы қабылданған қарарда Сырдария, Әмудария  және Қазақстанның басқа да өзендерінің суларын іргелес жатқан республикалармен бөлісуді талап ету, осының негізінде судың шектелген мөлшеріне қарай суармалы егіншілік экономикасын қалыптастыру туралы жазылды [5, 81-82бб].  Су шаруашылығы органдарының кадрларын даярлау, Қызылорда  гидротехникумын  ашуға  байланысты қаржы бөлу мәселелері шешімін тапты.

Сонымен, 1925 жылдың сәуірінде  өткен Қазақ АКСР-і  Кеңестерінің V съезі республика дамуының келешегін айқындап, ұлттық-мемлекеттік құрылыс саласының маңызды тарихы шешімдерін қабылдады, өкімет органдарын сайлады. Олардың құрамына Сыр елінің көрнекті өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері кірді. Солардың бірі Сүлеймен Есқараев өкімет құрамына республика ішкі істер халық комиссары болып енді.

Ол 1897 жылы Қазалы уезінде  туған. 1918 жылдан партия мүшесі. 1920 жылы жылы Ташкенттегі Кеңес партия мектебін бітірген.  1921-1925 жылдары Сырдария, Ташкент облыстарында қызметте болып Қызылорда қаласының атқару комитетінің төрағасы болып сайланады. Одан кейін Қазақ АКСР-і ішкі істер халық комиссары, Қарағанды облыстық атқару комитетінің төрағасы,  Қазақ АКСР-інің прокуроры болып қызмет атқарған. Осы съезде Бегайдар Жантөреұлы Аралбаев Қазақ АКСР-і Атқару  комитетінің хатшысы болып сайланды [9, 102-104бб].

Ол 1896 жылы Жаңақорған  ауданының Жайылма ауылында туған. 1920-1924 жылдары  Сырдария облаткомының төрағасы. Түркістан АКСР-і Ішкі  істер халкомы, Республика Халық сотының төрағасы. Астананы Қызылордаға көшіруге белсене атсалысады. Қазақ Орталық Атқару комитетінің партия, кеңес аппаратын  қазақыландыру (коренизация) жөніндегі комиссиясына  басшылық етеді.

1928-34 жылдары  банк  саласында басшы қызметкер атқарады. Содан  кейін «аралбаевшылдық»  айдарымен Голощекиннің құдалауына  ұшырап, қамауға алынып, Красноярск  өлкесінде қайтыс болады. Б.Аралбаев бірінші рет Түркістан және Қазақ Орталық Атқару комитетінің төралқасының мүшелігіне сайланған,  БК(б)П ХІ, ХҮІІ  съездеріне делегат болып қатысқан [8, 100-101бб].

Қазақстан әйелдері қоғамдық-саяси  жұмысқа белсенді түрде араласа  бастады. Оларды кеңес жұмыстарына көтеру, партия қатарына тартуда қазақ әйелдері Алма Оразбаева, Нағима Арықова, Мәдина Бегалиева, Сара Есова және басқа  кадрлар көп еңбек атқарды.

1925 жылдың күзінде  Қазақстанға Ф.И.Голощекин басшы  болып келуі елімізге үлкен  қасірет әкелді. Голощекин өлкенің әлеуметтік – экономикалық құрылымын, қазақ қоғамын экономикалық, саяси – мәдени жағынан Ресеймен  жақындастыруда таптырмайтын басшы еді. Ашығын айтқанда, Ф.Голощекинді бірінші хатшылыққа Қазақстан коммунистері сайлаған еді [12, 140-141бб]. РКП(б) Ф.Голощекинді осы қызметке орталық тағайындады. Осылайша басшы кадрларды тек орталықтан ғана жіберу партия жұмысының тәжірибесінде кең етек алған болатын.

Ф.Голощекиннің өмірбаяны Ресейде қағаз  дүкенінің қызметкерінен басталады, 27 жасынан партия мүшесі және тіс технигі, 29 жасында кәсіби революционер болды. Революциядан кейін көп ұзамай Пермь, Орал, Екатеринбург губкомдарының хатшысы болады. 1918 жылы шілдеде облыстық әскери комиссар ретінде ешқандай сотсыз, тергеусіз орыс патшасы ІІ Николай мен Романовтар әулетін құртып, әрі орындаушысы болды.

Қазақстанға келмей жатып 1925 жылдың желтоқсанында Өлкелік партия ұйымының V конференциясындағы есепті баяндамасында Ф.Голощекин қазақ ауылында шын мәнінде  Кеңес өкіметі орнаған жоқ,  оның есесіне туыстық және байлар үстемдігі басым деген пікір білдіреді.

Ол Республикадағы «уклондағыларды» да тез арада танып-білгендігін  айтты. Олардың арасында О.Жандосов, Н.Нұрмақов, С.Сәдуақасов, С.Қожанов, С.Меңдешов, Т.Рысқұлов, Н.Төреқұлов  сынды көрнекті  мемлекет және қоғам қайраткерлері бар болатын. [29, 34 п]

Қазақстан Ф.Голощекин  келгенде азамат соғысының зардаптары мен 1921-1922 жылдардағы ашаршылықтың  ауыртпалығынан енді-енді арылуға бет  алған болатын [16, 100-101бб]. 1925 жылы астық жинаудың жалпы мөлшері 92 млн. пұтқа жетті.

Мал  шаруашылығы қиыншылықтармен  қалпына  келтіріліп,  малдың жалпы  саны 1922 жылмен салыстырғанда екі  есе өсіп, 26 миллионға жетті. Ауыл шаруашылығында кооперативтік қозғалыс дамыды, республикада әр түрлі 2811 кооператив жұмыс істеп, олар  320 мың адамды қамтыды, ал мыңнан астам кооперативтерде 63 мың қазақ жұмыс істеді.

Сонымен, Ф.Голощекин қазақ жеріне келгенде екі жарым ай толмай жатып, республикадағы атқарылған жұмыстарды көзге ілмей, қазақ интеллигенциясының қаймағын бұзып,  жіктеуге кіріскен болатын.

1925 жылдың жазында  республика үкіметі, Орталық Атқару  Комитеті және әкімшілік бөліністер  толық қалыптасты. Барлығы 151 адамнан  тұратын Қазатком мүшелері сайланды. Оның төралқасының құрамында Ж.Мыңбаев (төраға), Б.Нұрмақов, Б.Аралбаев, С.Сәдуақасов, А.Серғазиев (төраға орынбасары, мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы), А.Оразбаев, И.Құрамысов, В.И.Ненайшвили (өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы), мүшелікке кандидат болып  Н.И.Ежов сайланды [25, 34-35бб]. Б.Майлин, С.Есқараевтар қызмет жасады.  Қазақстанның әкімшілік бөлінісін 6 губерния және  Қарақалпақ облысы құрады.

Қазатком хатшылығының 1925 жылғы 22-тамыздағы  өткен мәжілісі «Кеңес құрылысы жөнінде І Бүкілқазақстандық кеңес өткізу туралы» қаулы қабылдады. Кеңестің жұмыс  жоспарын жасау және тиісті қаулыларының жобасын дайындау үшін 16 жауапты – лауазымды қызметкерлерден комиссия құрылды. Оған Ж.Мыңбаев төрағалық жасады.

Бұл  жұмысшы  тобы дайындық барысында қадау – қадау  күрделі мәселелерді талқылаған бірнеше мәжіліс өткізді. Кеңестің күн тәртібін белгілеген 1-қыркүйек күнгі  мәжілісінде 5 секция құрылды. Ауылдық кеңестердің жұмысы бойынша секцияға – Жандосов, облыстық атқару комитеттері бойынша – Аралбаев, әкімшілік – территориялық секциясына - Әлібеков,  кеңестердегі сайлау секциясына – Ларионов, революциялық заңдылықты нығайту мәселесі бойынша секцияға Есқараев жетекшілік жасады [16, 99-102бб].

Коммунистік әдебиетте  ұзақ жылдар бойы Қазан  төңкерісі адамзат дамуында жаңа кезеңді ашты: буржуазиялық төңкерістердің дүниежүзілік тарихи кезеңі аяқталып,  дүниежүзілік социалистік революциялар кезеңі басталды деген қағида берік  орнығып келді.

Бүгінде мұндай жақсы  кезеңнің қолдан,  күшпен, тіпті зорлықпен  жасалғаны айқындалып,  жоғарыдағы қағидаға шындап күмән  келтіре бастадық.

Дегенмен де, тарихымызда  бір нәрсенің басы ашық: 1917 жылы Қазақ  төңкерісінің болғаны және одан кейінгі  онжылдықтарда  қандай да  болмасын бөтен ойлау, социалистік құрылысты  сынау, оның әлеуметтік шеңберіне сыймау тәрізді, идеологиялық  қондырмаларын  қабылдамау секілді және т.б. қоғамға ұнамсыз әрекеттер атаулының әкімшілік немесе ішкі істер органдары күшімен  қуғындалғаны, жедел тойтарыс алғаны белгілі.

Бұл мәселеде Қазақстан  өзіндік ерекшеліктерімен  өзгешеленеді: кеңестік, әсіресе, сот, тергеу аппараттарының, заң органдары жүйесінің әлсіздігі мен олардың жеткілікті жабдықталмауы, қазақ қоғамында дәстүрлі заңдылықтың орнығуы, рулық қоғамдық қатынастар үстемдігі, ақсақалдар соттары, Ресей  әкімшілігінің ұзақ жылдар бойы отарлау саясаты нәтижесінде қалыптасқан ұлтаралық жанжалдар ахуалы – осының бәрі Қазақстанда кеңестік құрылысты орнықтыруға үлкен  кедергі келтірді [26, 99-102бб].

Төменде  біз келтіріп отырған қазақ прокурорларының  заң  органдарындағы үлесі мен  білім дәрежесі туралы  мәліметтер де  айтқанымызға нақты мысал  бола алар еді:

жылдар

қазақ проку-

рор-

лары

қазақ халық соттары

қазақ

халық тергеу-

шілері

төменгі білімді проку-

рорлары

т/б

халық

соттары

т/б

халық тергеу-

шілері

1924/25

32,2 %

67,5 %

54,4 %

57 %

93.7 %

86,2 %

1925/26

53 %

53,8 %

60 %

50 %

94,4 %

90 %

1926/27

58 %

61,2 %

60 %

66,3 %

90 %

90 %


Кестеден көріп отырмыз, 20-шы жылдардың орталарында Қазақстанда заң қызметкерлері болып жүргендер көп емес, ал олардың білім дәрежесі өте төмен.  Бұлардан әлеуметтік әділеттілік күту мұндай жағдайда әрине, өз жемісін бере  қоймайтын да еді.  Оның үстіне жаңа кеңес өкіметі бұрынғы патшалық Ресей жағдайында білім алған қазақтарға және алаш қозғалысына қатысқан қазақ зиялыларына үлкен сенімсіздікпен қарады, сондықтан да оларға заң жұмысын, революциялық заңдылықты қорғау ісін сеніп тапсыра қоймады [25, 101б].. Мұның өзі бұл жұмысқа тартылғандардың білімінің ғана емес,  тәжірибесінің де жетіспей  жатуына алып келді.

Төмендегі кесте айтқанымызға айқын мысал:

Сот стажы бойынша

 

прокурорлар

Халық соттары

жылдар

5 жылдан көп

1-2 жылға дейін

1 жылға дейін

5 жылдан көп

1-5 жыл

1 жылға дейін

1924/25

жоқ

66 %

34 %

2,2 %

76,1 %

20,7 %

1925/26

18,4 %

58,6 %

23 %

4,5 %

34,2 %

29,7 %


Иә,  келтірілген мәліметтер «тәртіп сақшыларының» тәжірибесіздігін айқын дәлелдейді.

Ф.Голощекиннің Қазақстанға басшы болып келуіне байланысты жағдай тіптен ауырлай түсті [26, 100бб].. Ол 1927 жылы 13-15 қараша  аралығында болып өткен VІ Бүкілқазақтық партия конференциясында  өзі келгелі осы  бағытта жүргізілген шараларды былай деп  қорытқаны бар: «Революциялық заңдылық туралы бірнеше сөз. Ондағы олқылықтар кеңестендіру жолындағы кеселдердің бірі. Біз, жолдастар, мұнымен көп еңбектендік, бұл жайлы V конференциясының, ІІ, ІІІ пленумдардың, кеңестердің VІ съезінің  қарарлары бар. Өзгерттік,  тазарттық аппаратты,  бірақ істің жағдай әлі де  мүшкіл болып тұр. Бірқатар үлгі болар процестер өткізу және бірнеше кезекте өздері революциялық заңдылықты бұзатын, және де... кім біліп жатыр.. бәлкім оларды жасыратын кейбір жауапты қызметкерлерді, өзіміздің әкімшілік қызметкерлерін,  біздің судьяларымызды жауапқа тартатын жол.

Жүсіпбеков төрағалық  жасайтын  комиссияны біз осыдан екі апта бұрын құрдық.

Төмендегі органдардың  сапалық құрамы өте нашар. Тоқжановтың  мақаласын оқыңыздар, оның  жазуынша 16 адамның 14-і парақор.  Бұл аса таңданарлықтай! Олар революциялық заңдылықты қалай жүзеге асыра алады? Мұның өзі отарды күзетуді қасқырға беру емес пе? Біздегі сот қайраткерлерінің жеке құрамын толық жақсы дей алмаймыз.

Информация о работе Қазақ АКСР-ның астанасы Қызылордада өткен V съездің шешімдері мен қаулылары