Қазақ АКСР-ның астанасы Қызылордада өткен V съездің шешімдері мен қаулылары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 15:06, дипломная работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі: Кешегі халқымыздың еркіндігі мен бостандығын жойып, қазақ даласына өз билігін орнатқан Кеңестік империясындағы коммунистердің тоталитарлық қоғамы келмеске кетті. Жас мемлекетіміздің тәуелсіздікке ие болуы, оның алдына стратегиялық мақсат – саяси және әлеуметтік – экономикалық, рухани және құқықтық теңдікті қамтамасыз ететін демократиялық қоғам орнату, бүкіл әлемдік қауымдастықтың тең мүшесіне айналу болып табылады.

Содержание

Кіріспе __________________________________________________1 – 9 беттер
1 – бөлім. Қазақстан астанасын Орынбордан Ақмешітке көшіру және оған қазақ зиялыларының көзқарастары_______________________________10 – 29 беттер
1.1. Орынбор Қырғыз (Қазақ) автономиялық республикасының астанасы_________________________________________________10 – 22 беттер
1.2. Қазақстан астанасын Орынбордан Ақмешітке
көшіру қажеттігі _________________________________________23 – 29 беттер
2 – бөлім. 1925 жылғы Кеңестердің Бүкілқазақстандық V съезінде қабылданған шешімдер мен қаулылар
және оның қазақ халқы үшін маңызы_________________________30 – 55 беттер
2.1. 1925 жылғы Кеңестердің Бүкілқазақстандық V съезінде қабылданған шешімдер мен қаулылар___________________________________30 – 40 беттер
2.2. Қызылорда астана болған жылдардағы республиканың экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірі______________________________ 41 – 50 беттер
2.3. «Қазақ АКСР-ның астанасы Қызылордада өткен V съездің шешімдері мен қаулылары» тақырыбы орта мектептің 10 сыныбына арналған Қазақстан тарихы пәнінде оқыту әдістемесі___________________________________51 – 55 беттер
Қорытынды____________________________________________¬__56 – 60 беттер
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі____________________________61 – 62 беттер

Работа состоит из  1 файл

Қызылорда-астана оригинал.doc

— 320.50 Кб (Скачать документ)

                Перовск партизан отряды 1918 жылғы қаңтар айында Елек және Орынбор қалаларын азат етуге қатынасты, ал қараша айында ол Ашхабад майданына жіберілді. 1919 жылдың 19-20 қаңтарында Ташкентте болған Осипов басқарған бүлікті талқандауға үлес қосты. Бүкіл салдарынан  Түркістан Республикасының  14 комиссары айуандықпен атып өлтірді. Олардың ішінде В.Войцов, А.Шумилов, А.Червяков және басқалары болды. Бүлікшілер тобын Перовск партизан отряды Шымкент маңында күтіп алып, түгел жойып жіберді. Ферғана майданында Ирғаш бандасын талқандауға, Қоқанның автономиялы үкіметін жоюға қатысты. Бір аптадан кейін Орынборда Жалпықазақ съезі болып, онда қазақ автономиясы – Алаш Орданың құрылғаны жарияланған болатын. 1918 жылдың 6-9 қаңтарында Сырдария қазақтарының съезі Түркістан қаласының Алаш автониясының астанасы болатынын хабарлады.

              Өкінішке қарай, Қоқан  автонмиясы мен Алаш мемлекеті артынша қиратылып, саяси партиялар таратылды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы Алаш партиясымен мемлекет басшыларының жұмыстарына әділетті баға бергеннің бірі Тұрар Рысқұлыв болатын. Оның еңбекетрінде 1917-1918 жылдардағы Алаш партиясының Ташкенттегі бөлімшесі және «Бірлік туы» газетінің, оларды басқарушы М. Шоқай және басқалардың жұмыстарын терең талдау жасалынған. Дегенмен, Алашорданың тарихы  терең зерттеулерді талап етеді. 1918 жылдың екінші жартысында Түркістан партия ұйымдарының өлкелік съезі өткізілді. Түркістан компартиясы ұйымының қалыптасуы Перовск және Қазалы партия ұйымдарын күшейтіп, жергілікті жерлерде жаңа партия ұйымдарының пайда болуына себепкер болды. Кейбір партия ұымдары құрылған күннен бастап өз міндеттерін дұрыс түсінбеді. Мәселен, Қамыстыбас партия ұйымы өзіне тән емес жұмыстарымен айналысып, кеңестарге депутаттар мен қызметкерлерді сайлауды қолына алды. Желтоқсан айында болған ашық партия жиналысында жергілікті кеңеске сайлау жүргізілді.

        Партия ұйымының  әміршілдікпен басқаруы Азамат  соғысы жағдайында одан әрі  күшейе түсті. Мәселен Ақтөбе  майданын нығайту мақсатында күштерді жинақтау жұмыстарын қолына алды. Арал, Түркістан, Перовск, Қазалы Шалқар деполарының учаскелерінде жұмысшылардын қарулы отрядтары құрылып, олар қызыл гвардияның біріккен отрядына келіп қосылды. Оның қатарында 1600 адам болды, бас қолбасшы болып Перовск  партизан отрядының командирі Н.Ф.Селиверстов сайланды. 1919 жылы мамыр айында Қандыағаш станциясының манында отряд жеңіліске ұшырап, оның командирі қаза тапты. Перовск партия 417 коммунистің 119-ын, Қазалы партия ұйымы 423 коммунистің  177-сін майданға аттандырды. 

             Ақтөбе майданы шешуші ұрыс  алдында тұрғанда орыс солдаттары 

арасында білүншілік болды. Олар ерекше бөлімнің бастығын өлтіріп, армияның қолбасшысын жарақаттады, майдан басшылығын қолға алды. Бүліншілікті басу мақсатында Түркістан өлкелік партия комитеті мен атқару комитетінің П.А. Кобозев пен Д.Отарбаев басқарған комиссиясы құрылды.  Ақтөбе майданы жауға Арал теңізі маңында тойтарыс беруге дайындалды [10, 77 б].

           1919 жылдың 30 маусымында  Арал теңізі станциясында ревоюциялық әскери Кеңестің мәжілісі болды. Оған  әскери және жергілікті Кеңес қызметкерлері А.И.Астраханцев, И.Г.Бригадцев, И.В.Казарин. Д.Е. Коновалов, жергілікті партия және Кеңес органдарының басшылары қатысты. Жиналғандар Арал теңізінде ақырғы әрі шешуші шайқас болатынын ескере отырып, барлық Кеңестерге, жергілікті әскери комиссариаттарға азаматттарды қаруландырып, оларды әскери іске үйретуге бағытталған іс-шаралар белгіледі. Майдан шеңберінде бос тұрған  вагондарды, паравоздарды цистерналарды Қазалы және Жосалы станциясына алып кетуге шешім қабылдады. Уездік әскери комиссариатқа жергілікті халықтан жылқы сатып алу үшін 600 мың сом бөлінді. Егер шегінетін жағдай болса  су тартқыштардың двигательдерін насостарын бөлшектерін алып, оларды істен шығару шаралары ойластырылды. Ондай жағдайда дұшпанның ілгері жылжуына тосқауыл жасап, оларды ауыз суы жоқ қу медиен далаға бұрып жіберу көзделінді. Ақтөбе майданының жеңісін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті халық көмекке жұмылдырылды, олардың күшімен терең орлар қазылып, блиндаждар салынды, сым қоршаулар жүргізілді, телефон байланысы орнатылды. Әрбір өткелге зеңбіректер мен пулеметтер қойылды [18, 4 б].

                  Азамат соғысы кезінде 15-16 жастағы  жасөспірімдер де майданда шайқасты. Мәселен, Перовск отрядында болып Ақтөбе майданында қаза тапқан С.Федекин 16 жаста еді.

    Азамат соғысы жылдарында  тоқтап қалған поездардың орталық  Ресей мен Түркістан Республикасы  арасында жүре бастауы елеулі  оқиға болды. 1919 жылғы 23 қыркүйекте  Қазалы станциясында үлкен митингі өткізілді. Сағат 5-тен 10 минут өткенде №10 поезд келіп тоқтап жиналғандар оны «Интернационалды» айтумен қарсы алды. Дәл осы кезде митингі ашылып онда Ақтөбе майданының әскери кеңесінің мүшесі Авикентьевский, орталықтан Түркістан Республикасына бара жатқан елші Суриц, Үнді елінің қоғам қайраткері Протак сөз сөйледі.

    Осындай елеулі оқиғалар  Сыр бойы жастарына үлкен әсерін тигізді. Жергілікті жерлерде жастар ұйымдары құрыла бастады. 1919 жылы қарашада Перовскіде, желтоқсан айында Қазалыда, Аралда, Жосалыда комсомол ұйымдары құрылды. Олар Кеңес өкіметіне үлкен үміт артты, сол үшін күресті.

    Сыр өңірінде  Кеңес өкіметі орнаған алғашқы  жылдары асыра сілтеушілік, әділетсіздік  және жергілікті халыққа қиянат  көрсету, зәбір-жапа шеккізу әрекеттері  орын алды. Перовск уезіндегі депутаттар Кеңесінің төрағасы Иосиф Гержоть басшы қызметте болған 2 жыл ішінде (1918-1919) оның жеке бұйрығымен 180-ге жуық адам заңсыз атылып, зорлық-зомбылыққа шыдай алмай, басы ауған жаққа босып кеткен. Олар жол үстінде азып-тозып, аштықтан, ауру –сырқаудан қырылған. М.Шоқай Парижде басылып шыққан «Кеңестер билеген Түркістан» атты кітабынан: Перовскіде Гержоть деген отырды. Одан тұтас бір халық-қырғыздар (қазақтар) үдіре көшті. Бұл үдіре көшу барысында бір миллионға жуық адам қырылды, – деп жазды. Ақмешіт тұрғындарынан 1918 жылдың 20 мамырында Гержоттың үстінен жазған өтініштерінде ол қызметке кіріскен бойда өз тұрғындарында 3 млн. сом салық салғанын, Ақмола облысына экспедиция жабдықтау үшін 4000 бас түйенің тартып алынғанын, Перовск түрмесінде ешқандай кінәсі жоқ 300-дей адамның қамалғанын хабарлайды [10, 79 б].

              Наразылықтар өрши түскеннен кейін Түркістан Орталық  Атқару Комитетінен Перорвскіге құрамында республика Орталық Комитетінің мүшесі Исламов, Ішкі Істер комиссариатының нұсқаушысы Магнетштейн, Өлкелік директория өкілі Иванов және Жер істер Комиссариатының өкілі Синев бар айрықша комиссия жіберілді. Комиссия мүшелері жергілікті жердегі жағдайымен таныса келіп, депутаттар Кеңесінің төрағасы өзім білемдікке салынған, Орталық Өкімет нұсқаушыларыны бағынғысы келмейді, еңбекшілердің, әсіресе, мұсылман шаруаларының ұсыныс-пікірлерімен санаспайды деген қорытынды жасайды. Иркутск қаласында жазасын өтеп жатқан Гержоть әйелінің үкімге наразылық білдіруінен кейін мерзімнен бұрын босанып кетеді. Т.Рысқұлов пен И.Тоқтыбаев Москва билеушілерінің қарсылығына қарамастан оны қайта ұстатып, Орынбор түрмесіне жаптырады.

              Азамат соғысы кезінде 1919 жылдың шілде айында РСФСР Халық Кеңесінің Қырғыз (қазақ) өлкесін басқаратын әскер революциялық комитет құру жөніндегі декретіне қол қойылды. Қазақстанда басқару ісі осы коммитеттің қолына көшті ревкомиссияның құрамына Ә.Айтиев,                         Ә.Т.Жангелдин, С.Н.Мендешев, С.С.Пестовский және басқалары енді.              Осы декрет негізінде Сырдария және Жетісу облыстары кіретін Орта Азия республикаларының шекараларын анықтап, оларды Қазақстанға қосу мәселелерін қарауға мүмкінщдік пайда болды. Бүкілресейлік Атқару Комитеті мен РСФСР халық комиссарлар кеңесінің Түркістан ісі жөніндегі комиссиясы Орта Азия мен Қазақстанда мемлекеттік құрылыс мәселелерін шешуге белсене араласты. 1920 жылдың мағлұматы бойынша Түркістан АССР-інің ұлттық құрамы төмендегідей болды: өзбектер 2 050 775 адам, яғни 39,3 пайыз; Қазақтар 1 091 925 адам, 20,8 пайыз; Орыстар 53661 10 пайыз; Қырғыздар 266681, 5,1 пайыз және басқа ұлттар 353727, яғни 6,8 пайыз. Соның ішінде Қарақалпақтар 75 334 адам болатын. 1920 жылдың Түркістан АССР-інің ететін 2 облыстан басқа Қазақстан аймағында   4 781 263 адам, оның ішінде қазақтар 50,3 пайыз, орыстар 31,2 пайыз, украиндар 14,4 пайыз еді. Халықтың тығыздығы бір шаршы шақырымға  не бәрі 2,5  адамнан келді. Бірінші империалистік және Азамат соғысы өлке экономикасын қатты әлсіретті. Егіс көлемі 1913 жылғы 4190000 десятинадан, 1920 жылы 3300850 десятинаға дейін, яғни 21 пайыздан астам, ол орташа өнім 36 пұттан 14,4 пұтқа дейін кеміп кетті. Республикада 1916 жылы шамамен 20300 мың бас мал болса, 1920 жылы 13192 мың бас қалды, яғни 35 пайызға азайды [10, 80 б].

     Осындай қиын-қыстау кезінде Ресей Орталық Атқару Комитеті мен халық Кеңесі Комиссариатының 1920 жылғы 26 тамыздағы декретімен Қырғыз Автономиясы Советтік Социалистік республикасы құрылды. 4-12 қазанда Советтердің бірінші Бүкілқырғыз Автономиялық Республикасының құрылтай съезі болып РСФСР құрамында ҚАССР құрылғандығын бекітті. Қазақстан АССР құрамына Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Каспий жағалауы бойынша (Маңғыстау және Красновод уезінің бірі бөлігі), сондай-ақ Астрахан облысы (Бөкей Ордасы) ендірілді. 1920 жылдың аяғында декрет жаңа пункттермен толықтырылды, онда ҚАКСР құрамына Орынбор қаласы ендіріліп, Орынбор облысының аудандары да қосылды: Орынбор-Покров, Краснохол, Елецк, Исаев және Петров. Орынбор қаласы Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Республикасының уақытша астанасы болды. 1921 жылы ҚАКСР құрамына Ақмола және Семей облыстары кірді, бұған дейін Сібір ревкомы басқарып келген-ді . Сырдария және Жетісу облыстары Түркістан өлкесінің құрамында қала берді. 1918 жылы 12 мамырда РСФСР Кеңесі халық комиссариаттарының қаулысымен Наркомат жағынана қырғыз бөлімі құрылды. Ол халық арасындағы мәдени-ағарту жұмыстарымен айналысты, әкімшілік құрылымдарының проблемаларын жинақтап оны шешу жұмыстарын жүзеге асырды. Бұл бағыттағы бір сыпыра жұмыстарды дала өлкесінің төтенше комиссары боп бекітілген Ә.Т.Жангелдин жүргізді [19, 3 б].

             Бұл кезеңде азамат соғысынан жүріп жатқанына қарамастан, 1919 жылы 4 сәуірде Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің (ВЦИК) шешімімен Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезін шақыру жөнінде қаулы қабылдап, оны дайындау бағытындағы комиссия құрамын бекітті. 1919 жылы 10 шілдеде РСФСР халық комиссарлары Кеңесінің шешімімен Қырғыз өлкесін басқару жөнінде революциялық комитет құрылды, онда жоғарғы әскери-азаматтық басқару іске асырылды. Кирревкомның бірінші құрамы құрылып, оның төрағасы болып революциялық қозғалысын белсенді қатысушысы, 1902 жылдан партия мүшесі С.С. Пестковский бекітілді. Бұл ұйымның құрамына әр кезеңдерде Ә.Жангелдин С.М.Мендешев, М.Тунганчин, В.Лукашев, А.Д.Авдеев, А.Айтиев, С.Арганцев және басқалар кірді. Революциялық комитеттің мекен-жайы болып Орынбор қаласы айқындалды. [10, 81 б]

            РСФСР ВЦИК және халық комиссарларының 1920 жылға 26 тамыздағы «Қырғыз Автономиясы Советтік Социалистік Республикасын құру туралы» декреттен жергілікті Кеңес және олардың атқару комитеттер арқылы биліктің және басқару органдардың, Орталық Атқару комитеті, халық Комиссарлар Кеңесінің және құрылымдары айқындалды. Осылайша мемлекеттік механизм алғашқы күндеріне бастап РСФСР Конституциясының талабына сәйкес әкімшілік басқару негізінде жалпы Ресейлік бағытта құрылды. 1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында сағат 18:00-де Я.М.Свердлов атындағы клубта советтердің болыстық, уездік және губерния съездерінде сайланған ҚАССР жұмысшы шаруа, қырғыз (қазақ) және Қызыл әскер депутаттарының құрылтай жиналысы ашылды. Съезге Қазақстан облыстарынан 273 және Алтай губерниясынан 6 делегат қатысты. Делегаттардың құрамында 128 қазақ, 127 орыс, 18 өзге ұлт өкілдері, 197 коммунист және 4 ниеттес адамдар болды.     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Қазақстан астанасын Орынбордан Ақмешітке көшіру қажеттігі

Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Түркістан республикасын  ұлттық белгілері бойынша бөлу қажеттігі  туындады. Түркістан АКСР-і 1918 жылы құрылып, Кеңес ұлттық мемлекетінің Орта Азиядағы негізін қалаған болатын. Осы уақытта Бұхара және Хорезм халық республикалары қалыптасқан еді. Бірақ,  бірде-бір республика халықтың құрамы жағынан өздерін ұлт республикасы деп атай алмайтын [11, 101-102бб]. Олардың барлығы өзбек, түрікмен, қырғыз, тәжік және қарақалпақ халықтарының ұлттық мемлекетін құру үшін негіз қалайтын көшпелі тұрпаттағы республикалар болатын.

Осындай процестер 1920 жылы  құрылған Қазақ АКСР-інде жүріп жатты. Әкімшілік-аумақтық жағынан ол Орал, Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Бөкей, Ақмола, Семей және Адай аудандарына бөлінді [12, 31-33бб]. Жетісу және Сырдария облыстарының қазақ аудандары, оның ішінде Перовск және Қазалы уездері Түркістан АКСР-інің құрамында қалды.

Орта Азияның ұлттық-аумақтық  шекарасын межелеу туралы мәселе 1924 жылдан бастап талдана бастады. Сол жылдың наурыз айында Ташкентте арнайы  Кеңес өткізілді [13, 103-105бб]. Онда Түркістан Коммунистік партиясы өлкелік комитетінің хатшысы А.Рахымбеков баяндама жасады. Кеңеске қатысушылар Түркістанның ұлттық-аумақтық  межелеуін қызу қолдады.

Ұлттық-межелеу туралы мәселені талқылау республикаларда  одан әрі жалғасты. Түркістан АКСР-ін ұлттық аумақтық межелеуді бүкіл  халық болып талқылау барысында  қарақалпақ  еңбекшілері Хорезм Республикасы Ходжейлі  облысының  қарақалпақтармен қосылуға, Қазақ АКСР-інің құрамында Қарақалпақ Автономиялы облысын құруға тілек білдірді.

1925 жылдың басында  Төрткөлде болған Қарақалпақ  Автономиялы облысы Кеңестерінің  І съезінде  қожалық құрылысы  және жергілікті Кеңес аппараты  жұмыстарын жақсарту  мәселелерін қарады [14, 119-120бб]. Қарақалпақ Автономиялық облысына  Төрткөл, Шымбай, Ходжейлі және Қоңырат округтары кірді. 

Осы съезде Қызылорда  қаласында болатын  Бүкіл қазақстандық Кеңестерінің V съезіне 40 адамнан тұратын делегаттар сайланды. Олардың ішінде А.Досназаров, И.Бегімбетов, Қ.Әуезов, Ж.Аташев, Ә.Құдабаев және басқа да мемлекеттік қоғам қайраткерлері бар еді.

Межелеу нәтижесінде  Қазақстанда  Перовск, Қазалы, Түркістан, Шымкент уездері, Әулиеата уезінің  бірқатар бөлігі,  Сырдария облысының Ташкент және Мырзашөл уездерінің бір бөлігі, Самарқанд облысы уезінің алты көшпелі болысы қарады [15, 98-99бб]. Жетісу облысынан Алматы, Жаркент, Лепсі, Капал уездері, Бішкек уезінен Георгиев, Шу, Қарақұм облыстары келіп қосылды.

Информация о работе Қазақ АКСР-ның астанасы Қызылордада өткен V съездің шешімдері мен қаулылары