Қазақ АКСР-ның астанасы Қызылордада өткен V съездің шешімдері мен қаулылары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 15:06, дипломная работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі: Кешегі халқымыздың еркіндігі мен бостандығын жойып, қазақ даласына өз билігін орнатқан Кеңестік империясындағы коммунистердің тоталитарлық қоғамы келмеске кетті. Жас мемлекетіміздің тәуелсіздікке ие болуы, оның алдына стратегиялық мақсат – саяси және әлеуметтік – экономикалық, рухани және құқықтық теңдікті қамтамасыз ететін демократиялық қоғам орнату, бүкіл әлемдік қауымдастықтың тең мүшесіне айналу болып табылады.

Содержание

Кіріспе __________________________________________________1 – 9 беттер
1 – бөлім. Қазақстан астанасын Орынбордан Ақмешітке көшіру және оған қазақ зиялыларының көзқарастары_______________________________10 – 29 беттер
1.1. Орынбор Қырғыз (Қазақ) автономиялық республикасының астанасы_________________________________________________10 – 22 беттер
1.2. Қазақстан астанасын Орынбордан Ақмешітке
көшіру қажеттігі _________________________________________23 – 29 беттер
2 – бөлім. 1925 жылғы Кеңестердің Бүкілқазақстандық V съезінде қабылданған шешімдер мен қаулылар
және оның қазақ халқы үшін маңызы_________________________30 – 55 беттер
2.1. 1925 жылғы Кеңестердің Бүкілқазақстандық V съезінде қабылданған шешімдер мен қаулылар___________________________________30 – 40 беттер
2.2. Қызылорда астана болған жылдардағы республиканың экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірі______________________________ 41 – 50 беттер
2.3. «Қазақ АКСР-ның астанасы Қызылордада өткен V съездің шешімдері мен қаулылары» тақырыбы орта мектептің 10 сыныбына арналған Қазақстан тарихы пәнінде оқыту әдістемесі___________________________________51 – 55 беттер
Қорытынды____________________________________________¬__56 – 60 беттер
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі____________________________61 – 62 беттер

Работа состоит из  1 файл

Қызылорда-астана оригинал.doc

— 320.50 Кб (Скачать документ)

Бір вагон республика  басшылары Сейітқали Меңдешев, Нығмет Нұрмақов, Сұлтанбек Қожанов, республиканың наркомдары келе жатты. Тағы бір вагонға думандатып әнші Әміре, ақын Иса, балуан  Қажымұқан, композитор Затаевия жайғасты. Солардың ортасында үкімет адамдарымен саясаткерше тіл тауып, өнер иелерімен әзілі жарасып «Еңбекші қазақтың» (бүгінгі «Егемен Қазақстанның») арнаулы тілшісі бара жатты.

Оның есімі – Сәбит  Мұқанов болатын. Мұның алдында,  съез өтуден бір ай  бұрын газет  атынан өкіл  болып Ақмешітке  тағы бір қызметкер  кеткен. Ол –  Бейімбет Майлин еді. Жарты ай  бұрын аттанған бас редактор Смағұл  Садуақасоа та бұл кезде Ақмешітте. Сөйтіп  жаңа астанаға аттанған ел  басшыларының бұл сапарын шын мәнінде астананың Орынбордан Ақмешітке көшуі деп айтуға болатын.

Редактор бастаған үш бірдей беделді  қызметкерін іссапарға  жіберіп,  ұлы көшке осынша ерекше назар аударған, жаңа астанаға қоныстанған алғашқы  мекемелердің бірі – «Еңбекші қазақ» екенін бүгінгі оқырмандарымыздың есіне салып  қойғанның артығы жоқ.

Үкімет басшыларын Ақмешіт  вокзалында қарсы алу, обком хатшысы Әбілхайыр Досов басқарған митинг,  съез өту барысындағы жәйттерді С.Мұқанов кейіннен өзінің «Өмір мектебіне арқау еткені белгілі. Бір қызығы, сол  митингіде пионерлер атынан сөз сөйлеген 15 жасар  балаң жігіт кейіннен «Еңбекші қазақтың» қызметкері, қазақтың арқалы ақыны  болар Әбділда Тәжібаев еді.

Еліміздің тарихында  Қызылорда астана болған жылдары  қандай оқиғаларымен ерекшеленеді!? Қаланың өзі сәулетін түзеді. Кең байтақ республика бір орталықтан басқарылу мектебінен өтті. Рухани мәдениет дамыды. Қазақ өнерінің қара шаңырағы – бүгінгі  М.Әуезов атындағы театр сонда шаңырақ көтерді. «Еңбекші  қазақтың» штатын  пайдаланып, ҚазАПП (Қазақстан пролетариат жазушыларының ассоциациясы) – Жазушылар одағы құрылды.

Небары төрт жыл Қазақстанның астанасы болды. Қаланың жұпынылығы, табиғат жайсыздығы,  бірқатар басшылардың көңілі толмауы Қызылордада астананың өз тұрақтауының кейбір себептері деседі.  Негізгі себеп, сірә, Түрксіб темір жолының салынуына байланысты Қазақстан астанасы болып әсем Алматы таңдалуы болса керек.

Астананың Ақмешітке  көшуінің куәгері С.Мұқанов өз кейіпкерлерінің  бірі, кәсіподақ басшысы Әбдірахман  Байділдиннің Қызылорданы ұнатпауын  былай баяндаушы еді: «Астананы  бұдан көшіру керек!

  • Қайда? – деді Сапар күліп.
  • Табылады. Мәселен – Ақмола».

«Еңбекші қазақ» тілшісінің бұл  байқамы арада жетпіс жыл  өткенде шындыққа айналған сәйкестікті  көрмейсіз бе?

Ақмешіт – Перовск  – Ақмешіт – Қызылорда Қазақстан  астанасы ретінде тарихқа жазылды. Қараөткел – Ақмола  - Целинград  – Ақмола жаңа астана болып абаттанар ғасырдың  қарсаңында отырмыз. Көшіміз көлікті, астанамыз  көрікті болғай дейік.

 «Қазақ АКСР-нің  астанасы Қызылордада өткен V съездің шешімдері мен қаулылары» - атты зерттеу жұмысына мынадай ұсыныстар қойылды:

  • «Қазақ АКСР-нің астанасы Қызылордада өткен V съездің шешімдері мен қаулылары» атты диплом жұмысын кеңейтіп, әлі де ғылыми жұмыс ретінде зерттеу:
  • «Қазақ АКСР-нің астанасы Қызылорда атты көрме ұйымдастыру:
  • «Қазақ АКСР-нің астанасы Қызылорда және сол кездегі республиканың экономикалық, әлеуметтік және саяси өмірі жайлы тарихи кітап шығару.

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Назарбаев Н.А. Пять  лет независимости. Алматы: Қазақстан, 1996. –С.624

2. Асфендияров С.Ж. Таңдамалы. А., 2001

3. Қожанов С. Таңдамалы. А., 2000

4. Садуақасұлы С. Екі томдық шығармалар жинағы. –Алматы: Алаш, 2003.

    -352б

5. Жүргенов Т. Таңдамалы.  Избранное. – Алматы: Арыс, 2001. -275б

6. Қазақ ССР-і тарихы.  4 том. А, 1980

7. Қозыбаев М. Ақтаңдақтар  ақиқаты. –Алматы: Қазақ университеті, 1992.

    -272б.

8. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. -Алматы: Ататек, 1995. -256б

9. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. -Алматы: Санат, 1995. - 386б.

10. Кереев М.Қ, Айдосов А, Қалиев  Ы. "Қызылорда". - Қызылорда: Тұмар,

      2005

11. Сүлейменов Р.Б., Бисенов Х.И.  Путь культурного прогресса  отсталых

      народов. - Алматы: Наука, 1967. -218б.

12. Бисенбаев С. Ленин и Казахстан. –Алма-Ата: Казахстан, 1968. –С.490

13. Омарбеков Т. 20-30-жылдардағы  Қазақстан қасіреті. –Алматы: Санат, 

      1998. -320б.

14. Назарбаева Г, Әбжанов  Х. Қазақстан: тарих пен тағдыр.  Мақалалар.

      – Алматы: Кітап, 2003. -296б.

15. Сыр өңірі тарихы.  А, 1999

16. Кереев М., Доспанбетов  Б. Қызылорда. А, 1999

17. Айдосов А. «Ежелгі  түркі өркениеті және Қорқыттану»  оқу құралы.

      - Қызылорда:  Тұмар, 2004. –

18. Боранғалиұлы Т.  «Орынбордан Ақмешітке». //Егемен  Қазақстан, 

      25 ақпан. 1997.

19. Дәулетұлы А. Қызылорда  Қазақстан астанасы.//Сыр бойы, 2 қазан. 2005.

20. Мырзахметұлы Қ.  «Орынбордан кейінгі Ақмешіт». //Ақмешіт  апталығы, 4 қазан. 2005.

 21. Отарбаева Қ. «Қызылорданың астана болу тарихынан».//Халық

       25 қыркүйек, 2005.

22. Жахауова Н. «Сыр бойындағы қала». //Сыр бойы, 20 қыркүйек, 1998.

23. Сәдібекұлы А. «Ақмешіт  деген аты бар». // сыр бойы, 23 мамыр, 1996

24. «Ақмешіт алыптар  мекені: Қызылорданың астана болғанына 80 жыл.

      Ақмешіт  апталығы. 2005,№4

25. «Материалы к отчету  ЦИК Казахской АССР на сессии  ВЦИК 13-созыва. ЦИК Казахстна, Кзыл-Орда. 1928. 121-б.

26. Омарбеков Т. Қазақ  тарихының мәселелері. А., 2008.

27. Отчет Краевого комитета  ҮІ Всеказахской партконференции. Кзыл-Орда. 1928, 82-83 бб..

28. Қызылорда облыстық  мемлекеттік мұрағаты.

  «Документы центральных органов (постановление, приказы, доклады,  

     протоколы) относящиеся к истории г.Кызылорда» на 112 листах.

29. Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағаты.

      «Документы (постановление, приказы, сведения проделанной работы) 

       по  перенесению столицы. 08.02.1925 – 19.10.1927. на 99 листах.

30. Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағаты.

     1 – қор, 2 – тізбе, 332 – іс. 16 – парақ.

 

 

 

 




Информация о работе Қазақ АКСР-ның астанасы Қызылордада өткен V съездің шешімдері мен қаулылары