Қазақ АКСР-ның астанасы Қызылордада өткен V съездің шешімдері мен қаулылары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 15:06, дипломная работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі: Кешегі халқымыздың еркіндігі мен бостандығын жойып, қазақ даласына өз билігін орнатқан Кеңестік империясындағы коммунистердің тоталитарлық қоғамы келмеске кетті. Жас мемлекетіміздің тәуелсіздікке ие болуы, оның алдына стратегиялық мақсат – саяси және әлеуметтік – экономикалық, рухани және құқықтық теңдікті қамтамасыз ететін демократиялық қоғам орнату, бүкіл әлемдік қауымдастықтың тең мүшесіне айналу болып табылады.

Содержание

Кіріспе __________________________________________________1 – 9 беттер
1 – бөлім. Қазақстан астанасын Орынбордан Ақмешітке көшіру және оған қазақ зиялыларының көзқарастары_______________________________10 – 29 беттер
1.1. Орынбор Қырғыз (Қазақ) автономиялық республикасының астанасы_________________________________________________10 – 22 беттер
1.2. Қазақстан астанасын Орынбордан Ақмешітке
көшіру қажеттігі _________________________________________23 – 29 беттер
2 – бөлім. 1925 жылғы Кеңестердің Бүкілқазақстандық V съезінде қабылданған шешімдер мен қаулылар
және оның қазақ халқы үшін маңызы_________________________30 – 55 беттер
2.1. 1925 жылғы Кеңестердің Бүкілқазақстандық V съезінде қабылданған шешімдер мен қаулылар___________________________________30 – 40 беттер
2.2. Қызылорда астана болған жылдардағы республиканың экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірі______________________________ 41 – 50 беттер
2.3. «Қазақ АКСР-ның астанасы Қызылордада өткен V съездің шешімдері мен қаулылары» тақырыбы орта мектептің 10 сыныбына арналған Қазақстан тарихы пәнінде оқыту әдістемесі___________________________________51 – 55 беттер
Қорытынды____________________________________________¬__56 – 60 беттер
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі____________________________61 – 62 беттер

Работа состоит из  1 файл

Қызылорда-астана оригинал.doc

— 320.50 Кб (Скачать документ)

Онан соң, заң харпінің  адамдары бізде қоғамдық талаптармен санаса бермейді. Біз мынандай жағдайларға жиі ұрынамыз: Қоғамдық жағдай  біреулерді соттауды қажет етеді, ал, «заң харпінің»  адамдары бізге  кедергі келтіреді. Губернияда қоғамдық, кеңестік міндеттер тұрғысынан оны айыптайды [26, 99б]. Жоғарғы сот мұны ескермейді және  ақтайды. Керісінше болып шығатыны да бар.  Мұндайда кейде үлкен адамдар ықпалының әсер ететіні де бар. Сіздер Сәдуақасовтың тарихын білесіздер: Аймауытовты және басқаларды соттаған кезде, ол - Өлкелік комитет мүшесі және үкімет мүшесі Өлкелік комитеттен сұрамай, сотталуын бүкіл Қазақстан күтіп отырған адамдарды жақтауға ашық кірісті. Бұл қайда жарайды!» ⌠27, 30-31бб⌡. Келтірілген үзіндіден Қазақстанның сол  жылдардағы басшысының революциялық заңдылық дегенді жамылып, өзіне ұнамайтын кейбір жауапты қызметкерлерді заң органдары арқылы жазалауға аңсары ауып тұрғанын аңғару қиын емес. Бірақ, оның ойлаған ойын толық жүзеге асыруына Смағұл Сәдуақасов, Нығмет Нұрмақов, Жалау Мыңбаев, Сұлтанбек Қожанов тәрізді қайраткерлер кедергі жасады. Ол айтқандай, С.Сәдуақасовтың белгілі қазақ жазушысы Жүсіпбек Аймауытовты қызғыштай қорғап, сот залында  әділетсіздік тырнағынан күшпен босатып алғаны  рас. Мұның бәрі Голощекинге ұнамады.

1928 жылдың қаңтар және  ақпан  айларында  И.Сталиннің  Сібірге астық дайындауынды жеделдету үшін сапарға шыққаны белгілі. Өзінің осы сапарларында ол сот және прокуратура органдарына РСФСР Қылмысты істер Кодексінің 107-бабын пайдаланып, астық дайындау жоспарын орындамаған шаруаларды жаппай соттауды ұсынды. Ал,  ет дайындау науқандарында ет  тапсыруды орындай алмаған шаруалар «малды қаскүнемдікпен сойып алғаны және талан-таражға салғаны үшін» РСФСР ҚК-нің 79-бабының 1-ші тармағымен сотталуға тиіс болды. Егін егу науқанын бүлдіргені  үшін, Контрреволюциялық үгіт-насихат жүргізгені үшін адамдар Қылмысты істер кодексінің 58-бабының 7,8,10- тармақтарымен, ал жауапты  қызметкерлер қызмет бабын теріс пайдаланғаны үшін 111-тармағымен сотталды.

И.Сталиннің 1928 жылдан бастап,  астық дайындау  науқандарында сот және прокуратура органдарын  шаруаларды жаппай  жазалау құралы ретінде пайдалануын олардың өздері  жүргізіп отырған әділетсіз, күштеу, зорлау  науқандарына заңдылық сипатын беру әрекеті деп  қараған жөн.  Өйткені, қара халық сот және прокуратура органдарын  ақиқатты анықтаушы, әділеттілікті орнықтырушылар деп бағалап, оларға жүгінгені, олардан араша сұрағаны белгілі.

Обалы не керек, қоғамда  орныққан мұндай психологияны сот,  прокуратура органдары да  жақсы  түсінді. Сондықтан да зорлап астық  дайындау науқаны басталған кезде И.Сталиннің және  орталықтағылардың қатал нұсқауларына қарамастан, прокуратура сот аппараты негізінен тек астық дайындау конторларындағы қызмет бабын пайдаланушыларды және жоғарыда айтқанымыздай ҚК-нің 107- бабымен астық қайта сатып, алыпсатарлықпен  белсенді айналысушыларды ғана соттап келген болса, ал 1929 жылға қарай заң органдары барлық әдептілік атаулыны жинап қойып, өздері  де ар-ұяттан бас тартып, астықты тікелей өсіретін және оны өз қолында ұстап отырған еңбекқор шаруаларға қырғидай тие бастады. Енді жеке  меншік қожалық иеліктері астық дайындау науқанын бүлдірушілер және соған  шақыруға насихаттаушылар ретінде ҚК-нің 58-бабының 10-шы  тармағымен жаппай сотталды. Айта кеткен жөн, ҚК-ның осы  бабымен аталған жылдары тәркіленген ірі қазақ байлары да сотталып жатты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Қызылорда астана болған жылдардағы республиканың экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірі

Сонымен, жаңадан құрылған Қазақ АССР-ның құрамына Ақмола, Ақтөбе, Орал, Семей губерниялары, Жетісу, Сырдария және Қарақалпақ автономиялық облысы, сондай-ақ Қостанай  округі мен Адай уезі енді. Ол кезде Қызылорда уезі Сырдария облысының құрамында, орталығы Шымкент қаласы болатын.

Қызылорда қаласына қазақ  елінің астанасы мәртебесінің  берілуі  сол кезеңдегі ең бір  оңтайлы шешім болды. Оның тарихи – географиялық – стратегиялық маңызы ерекше болды.

Біріншіден, Сырдария өзенінің жағасы, Сарысу мен Шу  өзендерінің  сағасы алты алаштың көне дәуірден бергі атақоныс – отанына айналған. Осы арадан бастау алған  керуен тізбегі  батыс және солтүстік батысқа Торғай және Орал, Ембі,  Қарақұмға, теріскейге – Ертіс пен Тобыл торабына, күнгейге – Шу өзені бойы мен Балқашқа, одан әрі Ыстықкөлге, оңтүстікке – Қуаңдария бойымен Қарақалпақстанға дейін барған [16, 95-96бб]. Бір қызығы  - Қарақалпақ уәлаятында да қазақтар үлесі мол еді.

Екіншіден, Ұлы Жібек  жолы өткен өңірден озық идеялар  мен жаңалықтар Қазақстанның шалғай жақтарына ұдайы тарап жататын.

Үшіншіден, Орынбор –  Ташкент темір жолының бойына орналасқан шаһар төңкеріс кезеңдерінде Питермен тығыз  байланыс жасап тұрды. Ақмешітте Кеңес  өкіметі Петроградтағы  жеңістен бес күн кейін орнады [15, 81-82бб]. Қызыл Армияның Қазақстандағы бөлімі де осында жасақталып, теміржолшылар отряды ақ гвардияшылдармен бетпе-бет шайқаста үнемі жеңіске жетіп отырды.

Қызылорданың Қазақстан  астанасы болуымен тарихтың жарқын беттері  ашылды. Еліміз жаңа бір қоғамдық құрылыстың ғимаратын қалай бастады. Бұл  кезде қаланың тұрғыны  22 577-ге жетті.

«Қызылқала» сөйтіп өмірге жаңаша қарқынмен қанат жая  бастады. Дәл осы жылдары жарқыраған электр жарығы іске қосылды. Астана  мәртебесіне қол жеткізгеннен соң түрлі мекемелер мен өндіріс орындарының іргетасы қалана бастады.  Біртіндеп кондитерлік фабрика, ет комбинаттары, сыра  зауытымен бірге басқа да артелдердің қатары көбейді.

Батпақтан соғылған соқпақ тамдар жаңа үлгіде салынған үйлерге  тамсана  қарайтын сәт туғандай. Қайда барсаң да құрылыстар қарқынды жүргізіліп жатты.

Қызылорда астана болған  жылдары орта оқу және арнаулы  оқу орындары, өнеркәсіп және ауылшаруашылық мекемелерімен қоса орталықтан ғылыми-зерттеу ғимараты қазақтың эпидемиология және гигиена институтының негізінде  егу лабораториясы дүниеге келді [16, 80-81бб]. Сондай-ақ ең алқашқы рет қазақтың  ғылыми – зерттеу, жер қыртысын зерттеу, қазақтың мал дәрігерлік – бактериологиялық және басқа да институттары өз  жұмысын осы қалада бастаған болатын.

Астана өмірі күнделікті жаңалыққа толы болды. Совпарт-мектебі, халық ағарту институты, геологиялық  – барлау  бағытындағы рабфак, дәрігерлер дайындайтын оқу орны,  кооператив, шикізат, транспорт, механикалық, қаржы техникумдары,  тағы да басқа қажетті оқу орындары ашылды.

Сауатсыздықты жою үшін, әрине, газет – журналдардың рөлі зор екендігін ұққан ұлттық кадрлар  оны ә дегеннен-ақ  қолға алды. Сол кезде Қызылорда «Еңбекші қазақ» (Егемен Қазақстан) «Советская степь», кейінірек «Казахстанская правда» деп аталатын республикалық газеттер мен басқа да журналдарды  шығарып тарата бастады. Қызу пікірталасқа толы бұл басылымдарды көзі қарақты деген қазақ іздеп оқыды [19, 2б]. 1926 жылы  Қызылордада ұлттық театр ашылып, өзінің ең алғаш сахналық пердесін «Еңлік-Кебек» пьесасының қойылымымен бастады.

Осы өмірдің туын желбіретуге қоғамдық-саяси  қызметті қоса арқалаған, ел көшіне, өмір ағымына, халық тағдырына қабырғасы қайыса қам жеген дарынды жазушылар мен ақындар де білек түріп араласты. Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов, Сабыр Шәріпов, Қалмахан Әбдіқадыров, Николай Анов, Әбділда Тәжібаев, Асқар Тоқмағанбетовтың  шығармалары осы Қызылордада жарық көрді.

Сонымен, Қызылорда саз  балшықтан салынған бейнесін бұзып, қос қабатты, әсем үлгідегі  үйлермен қатарын түзеп, сол кездегі мөлшермен қыруар қаржы бөлініп жатты [20, 3б]. Сөйтіп қалада қазақтың ұлттық нақыштарымен әспеттелген әсем үйлер салына бастады.

Қазақстанда индустрияны  дамыту мәселесін жедел шешу қажет  болды. 1926 жылдың сәуірінде өнеркәсіпті  дамыту проблемасына арналған арнаулы  кеңес болып өтті.  Кеңес  республикасының  орасан зор шикізат қорын иемденіп отырғандықтан,  өнеркәсіп өндірісінің даму қарқынын жеделдету қажеттігін атап өтіп, пайдалы қазбалардың шараларын белгіледі [25, 30б]. Мемлекеттік жоспарлау комитеті мен Қазақ АССР-і халық комиссарлары  Кеңесіне Қазақстанның өнеркәсібін аудандарға бөлу, өнеркәсіпті, алғашқы кезекте түрлі-түсті металлургия ұлғайту жоспарларын жасау тапсырылды.

Қазақстанды қалпына  келтіру мен өркендету баяу жүріп  жатты. Ең алдымен жергілікті шикізатты  өңдейтін қой терісі, тоқыма, темекі, спирт, балық, ұн өндірісін қалпына  келтіру қажет болды. Ауыр өнеркәсіп қатарынан алғашқы кезеңде мұнай,  алтын өндіру кәсіпшіліктері қалпына келтіріле бастады. Мұнай  және алтын кен орындарын игеру республикамыздың емес, ең  алдымен елдің мұнай өнімдері мен валютаға  деген сұранысын  қамтамасыз етуді қажет етті. [30, 4-6 пп]

Мұнайлы Ембіні қалпына келтіру мен дамыту өте қиын жағдайда жүргізілді. Кәсіпшілікке құрылыс материалдары,  жабдықтар керуенмен жеткізіліп, алынған мұнай осындай жолмен  тасымалданды. Гурьевті Доссор, Мақат, Ембімұнай кәсіпшіліктерімен жалғастырған тар шеңберлі жол салынумен сенімді қатынас қозғалысы пайда болды.

Республика астанасының  Қызылордада болған кезінде «Түркістан-Сібір  темір жол  құрылысын салу туралы»  қаулы қабылданды. Қазақ АССР-і  Кеңестерінің VІ съезі  қабылдаған қаулыда өлкенің табиғат  байлықтарын жедел игеруге, Орта Азия республикаларын Қазақстанның және  Сібірдің арзан астығымен  қамтамасыз етуге мүмкіндік  жасаған Транссібір магистралінің Қазақстан мен Орта Азия үшін экономикалық және саяси маңыздылығы атап өтілді. 

Кеңестер съезінің қаулысында жазылғанындай, Түркістан – Сібір темір жолының Орта Азия  республикаларының экономикасын дамытуда үлкен маңызы барлығы ескеріліп, «оның болашағын байыта түсу үшін  техникалық дақылдар,  ең алдымен мақта, сондай-ақ күріш егу» нақты міндет етіп  қойылды [18, 3б]. Бұл Орталықтың Орта Азия республикалары мен Қазақстанды КСРО-ның шикізат шылауына  айналдыруының бастамасы болды.

Ол кезеңде Қазақстанда  геологиялық партиялардың саны  артып, жер қойнауын зерттеу кең  өріс ала бастады. Көп ұзамай Қоңыратта және Жезқазғанда, Оңтүстік Қазақстанда қорғасынның, Алтайда полиметалл кенінің, Ақтөбе облысында фосфордың, Орталық Қазақстанда көмірдің бай кен  орындары ашылды.

Сонымен қатар, Қазақстанның өз өнеркәсібінің нашар дамуы  салдарынан өндіріс құрал-жабдықтарының барлығы дерлік басқа  республикалардан тасымалданды. Сондай-ақ Қазақстаннан шикізаттың көп бөлігі өңделмеген күйі сыртқа шығарылып  жатты. Жергілікті жерде ауылшаруашылық шикізатының болмашы түрлері: жүннің – 1,8 пайызы, майдың – 6, ұсақ терінің – 3,6, ірі терінің – 24, темекінің – 35 пайызы ғана өңдеуден өтті.

Қазақстанның көптеген  аудандарында мал негізгі жұмыс  көлігі болып қалды. 1921-1922 жылдары  мал басының күрт азаюы көлік  жағдайын тым қиындатып жіберді. Жүк тасымалдауға республиканың  халқы іс жүзінде тегін пайдаланылды. Мысалы, Жосалы станциясы мен Қарсақбай аралығында бір мезгілде 6 мың түйеден тұратын керуен сапарға шығатын еді.

Қазақстан өкіметі мен  жергілікті өкімет органдары республика мен жергілікті бюджет қорынан мәдениет пен халық ағарту қажеттілігі үшін кем дегенде 35 пайыз қаржы бөліп отырған.  Бірақ облыста ағарту саласы бойынша жан басына шаққанда шығын бар болғаны 68,9 тиын құрады, 1928 жылдың аяғында республикада небәрі 494 оқу ұясы, 23 қызыл отау, 9 мұражай,  алғашқы 1,5 мың радиоқондырғы [16, 85-86бб] пайда болды.

Республиканың жаңа  астанасы Қызылордада газеттер мен  журналдар  шыға бастады. Барлығы 31 газет, оның ішінде 13-і қазақ тілінде шықты. Қалпына  келтіру жылдарында сауатсыздықты  жою жөнінде жұмыс қарқыны  біршама бәсеңдеді. 1926 жылғы санақ бойынша Қазақ АССР-інде 16 мен 35 аралығындағы 1,7 миллион адам сауатсыз деп есептелді.

Осындай жағдайда қазақ  өлкелік комитеті сауатсыздықты  жою жөніндегі комиссияларды қайтадан қалпына келтіру туралы шешім қабылдады. Төтенше комиссия 1927-1928 жылдары 65 300 адамды оқытуды жоспарлады. Бұған қосымша 417 860 шала сауатты адамның білім деңгейін көтеру көзделді.

Қазақ мектебі сан  жағынан емес, сапалық жағынан  да артта қалды.  1926 жылы республикада 3 334 мектеп, оның ішінде жеті жылдық және екінші сатыдағы 111 мектеп болды [16, 92-93бб]. Оларда  17 720 оқушы білім алса, оның 3 048-і ғана қазақ азаматтары, бастауыш мектептердегі 215 142 оқушының 67 769-ы ғана қазақ балалары еді. Қазақ мектептерінде кітаптар жетіспеді. 1925 жылы бар болғаны 320 мың данамен 16 оқу құралдары басып шығарылды. Қазақстан үшін жоғары білімді мамандар Ташкентте, Мәскеуде, Ленинградта даярланды.

Қазақстандағы голощекиндік  басшылық республика астанасының Қызылордада  болуына байланысты қарапайым осы  бір мәселе төңірегінде оншалықты дәйектілік көрсете алмады.  Голощекин өзінің 1925 жылғы 1-желтоқсандағы Өлкелік партия  конференциясында жасаған  алғашқы кең ауқымды баяндамасында Қазақстанның астанасы туралы, өзінің жеке басын  тұрмыстық және климаттық  қиындықтардан жоғары қойып, революциялық құрбандылық туралы асқақтата сөйледі.

«Егер бізге  барлық жағдайы  жасалған өте үлкен қала берсе, қандай жақсы болар еді, шынында, бұл  құрмет болар еді, - деп жалғастырды баяндамашы, - бірақ ғажабы да, біздің мықтылығымыз да сол – астананы қазақтың қалың ортасынан, Қызылордадан жасауға кірісіп, жұмыс жасап жатқандығымызда болып отыр».

Өзінің бұл  пікірін  Ф.И.Голощекин ІІ Сырдария губерниялық  партия конференциясында Шымкентте  сөйлеген сөзінде де қайталады: «Жаңа  астана жөнінде айтатын болсақ, бұл мәселе өлкелік комитеттің әрдайым назарын аударып келді, дәл қазір айтуым керек, мәселе шешімін тапты, енді ол туралы пікірталасты доғару қажет» [25, 34-35бб], - деді ол.

Осындай мәселелерден кейін  республика өкіметі Голощекиннің басшылығымен Қазақстан Республикасы астанасын басқа қалаға көшіру жөніндегі жұмыстарын жандандыра түсті. Нәтижесінде 1927 жылдың наурызында Қазақстан Орталық Атқару комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесі Қазақстан орталығын Алматы қаласына  көшіру туралы Қаулы қабылдап, оны Қазақ АССР-і Кеңесінің VІ съезі өзінің 1927 жылғы 3 сәуіріндегі қаулысымен бекітті.

1927 жылы Республика  үкіметі Қазақстан астанасын   Алматыға көшіру жөнінде шешім   қабылдағанмен ол өзінің жұмысын  Қызылордада жүргізе берді. 1928 жылы  Қазақстанда жаңа әкімшілік – территориялық аудандастыру ісі жүзеге асырылды. Республика 6 губерния, 2 округ, 32 уезд және 400 болыстың орнына 13 округ пен 193 аудан құрылды [16, 101б].

Информация о работе Қазақ АКСР-ның астанасы Қызылордада өткен V съездің шешімдері мен қаулылары