Қазақ АКСР-ның астанасы Қызылордада өткен V съездің шешімдері мен қаулылары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 15:06, дипломная работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі: Кешегі халқымыздың еркіндігі мен бостандығын жойып, қазақ даласына өз билігін орнатқан Кеңестік империясындағы коммунистердің тоталитарлық қоғамы келмеске кетті. Жас мемлекетіміздің тәуелсіздікке ие болуы, оның алдына стратегиялық мақсат – саяси және әлеуметтік – экономикалық, рухани және құқықтық теңдікті қамтамасыз ететін демократиялық қоғам орнату, бүкіл әлемдік қауымдастықтың тең мүшесіне айналу болып табылады.

Содержание

Кіріспе __________________________________________________1 – 9 беттер
1 – бөлім. Қазақстан астанасын Орынбордан Ақмешітке көшіру және оған қазақ зиялыларының көзқарастары_______________________________10 – 29 беттер
1.1. Орынбор Қырғыз (Қазақ) автономиялық республикасының астанасы_________________________________________________10 – 22 беттер
1.2. Қазақстан астанасын Орынбордан Ақмешітке
көшіру қажеттігі _________________________________________23 – 29 беттер
2 – бөлім. 1925 жылғы Кеңестердің Бүкілқазақстандық V съезінде қабылданған шешімдер мен қаулылар
және оның қазақ халқы үшін маңызы_________________________30 – 55 беттер
2.1. 1925 жылғы Кеңестердің Бүкілқазақстандық V съезінде қабылданған шешімдер мен қаулылар___________________________________30 – 40 беттер
2.2. Қызылорда астана болған жылдардағы республиканың экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірі______________________________ 41 – 50 беттер
2.3. «Қазақ АКСР-ның астанасы Қызылордада өткен V съездің шешімдері мен қаулылары» тақырыбы орта мектептің 10 сыныбына арналған Қазақстан тарихы пәнінде оқыту әдістемесі___________________________________51 – 55 беттер
Қорытынды____________________________________________¬__56 – 60 беттер
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі____________________________61 – 62 беттер

Работа состоит из  1 файл

Қызылорда-астана оригинал.doc

— 320.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым министрлігі

Қорқыт ата  атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

 

Тарих және қазақ филологиясы факультеті

Қазақстан тарихы кафедрасы

 

Қорғауға жіберілді

Қазақстан тарихы кафедрасының

меңгерушісі, доцент________М.Қараманова      

 

«____»________________2009 жыл


Д И  П Л О М    Ж Ұ М  Ы С Ы

 

Тақырыбы: Қазақ АКСР-ның астанасы Қызылордада өткен

V съездің шешімдері мен қаулылары

 

Тарих  – 050114

Орындаған: Базартай Жандос Нұртайұлы

Оқу тобы:  И-05-1

 Ғылыми жетекшісі: А.Айдосов

                                   т.ғ.к.., профессор

 

 

 

 

 

 

Қызылорда, 2009 ж

М А З М Ұ Н Ы

 

Кіріспе __________________________________________________1 – 9 беттер                           

 

1 – бөлім. Қазақстан астанасын Орынбордан Ақмешітке көшіру және оған қазақ зиялыларының көзқарастары_______________________________10 – 29 беттер

1.1. Орынбор Қырғыз (Қазақ) автономиялық республикасының астанасы_________________________________________________10 – 22 беттер

1.2. Қазақстан астанасын Орынбордан Ақмешітке

көшіру қажеттігі _________________________________________23 – 29 беттер

2 – бөлім. 1925 жылғы Кеңестердің Бүкілқазақстандық V съезінде қабылданған шешімдер мен қаулылар

және оның қазақ халқы үшін маңызы_________________________30 – 55 беттер

2.1. 1925 жылғы Кеңестердің Бүкілқазақстандық V съезінде қабылданған шешімдер мен  қаулылар___________________________________30 – 40 беттер

2.2.  Қызылорда астана болған жылдардағы республиканың экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірі______________________________ 41 – 50 беттер

2.3. «Қазақ АКСР-ның астанасы Қызылордада өткен V съездің шешімдері мен қаулылары» тақырыбы орта мектептің 10 сыныбына арналған Қазақстан тарихы пәнінде оқыту әдістемесі___________________________________51 – 55 беттер

 

Қорытынды______________________________________________56 – 60 беттер

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі____________________________61 – 62 беттер

 

 

 

 

 

К І Р І  С П Е

 

Тақырыптың өзектілігі: Кешегі халқымыздың еркіндігі мен бостандығын жойып, қазақ даласына өз билігін орнатқан Кеңестік  империясындағы коммунистердің тоталитарлық қоғамы келмеске кетті. Жас  мемлекетіміздің тәуелсіздікке ие болуы, оның алдына  стратегиялық мақсат – саяси және әлеуметтік – экономикалық, рухани және құқықтық теңдікті қамтамасыз  ететін демократиялық қоғам орнату, бүкіл әлемдік қауымдастықтың тең мүшесіне айналу болып табылады.

Қазақ халқының егемендік  алуымен қатар еліміздің рухани  өміріне жаңаша  өзгерістер ене  бастады. Халыққа  білім беру,  ғылым мен мәдениеттің дамуы кеңінен жолға  шықты.  Яғни,  олар  кешегі кеңестік жүйе орнатқан партиялық идеологиялық саяси  қағидаларынан арылды.

«Біздің мақсатымыз деп  жазады елбасымыз Н.Ә.Назарбаев, - ғылымды  жаңадан жасап, оны  еш нәрсеге  жарамай қалған, ескірген идеялардан  тазартуға тиіспіз. Әсіресе,  мұны қоғамдық ғылымдар саласына қолдануымыз керек» [1].

Міне осыған байланысты  халқымыздың жүріп өткен жолын  жаңаша көзқараспен  жазуға және  қазақ тарихындағы «ақтаңдақтардың» орнын  толтыруды  қажет етеді.  Яғни,  Отан тарихында әлі де  үстірт қарастырылған немесе мүлдем зерттелмей, тарихи  тұрғыдан өз бағасын алмаған мәселелер аз емес.  Соның бірі  1925 жылы Ақмешіт қаласында өткен  Кеңестердің  Бүкілқазақстандық V съезінің  қаулылары мен шешімдері болып табылады.

Аталған мәселе отандық  тарихнамада толық  қарастырылмаған және бұл  тақырыпқа байланысты ғылыми еңбектер күні  бүгінге дейін аз  жазылған. Сондықтан да тарих ғылымында бұл   шешімдермен  қаулылардың арнайы зерттелуі сол кездегі  Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуындағы өмірін ғылыми негізде тура  және  терең түсінуге жол ашпақ.

Қазақстан астанасын  Орынбордан  Ақмешітке көшіруде Мәскеулік билік өзара байланысты бірнеше маңызды мақсаттарды  көздейді:

  • біріншіден,  Қазақстан территориясын толық біріктіріп, оның шекарасын белгілеу;
  • екіншіден, Тұңғыш қазақ атын енгізіп,  Қызылорданы Қазақ  АКСР-нің  астанасы ету;
  • үшіншіден, Қазақстанда халық шаруашылығын өркендету.

Міне, Кеңес  үкіметінің үш мақсаты жинақтала келіп өлкеде халық  шаруашылығын күшейту саясатының мәнін ашып көрсетеді. Бұл  1925 жылғы Кеңестердің Бүкіл қазақстандық халық шаруашылығын көтерудегі орны  тарихта толық ашылмай, ғылыми тұрғыдан өз бағасын әлі күнге алмаған. Сол себептен де 1925 жылғы  Қызылорда өткен Кеңестердің V съезінде қабылданған қаулылар мен шешімдерге жан-жақты зерттеу  жүргізу өзекті тақырыбымыздың бірі болып табылады.

Тақырыптың  зерттелу деңгейі: Бүгінгі  таңда қаралып отырған мәселеге қатысты біршама еңбектер жарық көрді. Бұл  еңбектердің бағыттарына қарай мәселені  шешуі мен сипатына байланысты әр түрлі топтарға бөлуге болады:

- бірінші топқа, 1925 жылғы  Қызылордада өткен Кеңестердің  Бүкіл қазақстандық V съезіне қатысқан қазақ зиялыларының еңбектері;

- екінші топқа, осы мәселе бойынша Кеңестік кезеңдегі зерттеулер;

- үшіншісі, Қазақстан  тәуелсіздік алғаннан кейінгі   зерттеулер.

Бірінші топтағыларға С.Ж.Асфендияров [2], С.Қожанов [3], С.Сәдуақасов [4], Т.Жүргенов [5], т.б. зерттеулерін жатқызамыз.

20-шы жылдары С.Ж.Асфендияров білім – парасаты мен күш қайратын халқына аямай қалтқысыз қызмет етудің үлгісін көрсетіп,  ұлт мәдениетін өркендетуге өзінің  қомақты үлесін  қосқан нағыз тұлға. Ол  Түркістан обкомының хатшысы бола жүріп Қырғыз АКСР-інің мүддесін толығымен қорғауға байланысты өзінің айрықша пікірін білдіреді.

Сонымен бірге, С.Қожанов  «Еңбекші Қазақстан» газетінде  Қазақстан  Республикасының астанасын  Орынбордан  Ақмешітке  көшіруге және Ақмешітке  Қызылорда атын беруге өзіндік ұтымды пікір білдіреді. Осындай пікір  қатарында С.Сәдуақасов, Т.Жүргенов те болды.

20-30 жылдары қазақтың  оқу ағарту ісін дамытуға қомақты  үлес қосқан азаматтардың қатарында  Т.Жүргенов те тұр. 3-4 жыл  қатарынан Қазақ АКСР-інің Түркістан Республикасындағы қызметті уәкілі  міндетін,  сонымен бірге Қазақ педагогикалық институтының ректоры қызметін қоса атқарады. Т.Жүргенов Орта Азияны ұлттық территориялық тұрғыдан межелеуге араласып Қазақ АКСР-інің  шекарасын белгілеуге  ат салысады.

Қазақ АКСР-інің астанасы Қызылорда  өткен V съезінің шешімдері мен қаулыларына қатысты зерттеушілердің екінші легі кеңестік тарихшылар болды. Кеңестік зерттеушілер көбіне таптық идеологиялық догмалардан  арыла алмай негізгі мәселені зерттеуден тыс  қалдырылды. Сол кездері Кеңестік ғалымдар шығарған Қазақ ССР-і тарихы [6] бұрмаланып, негізгі мәселеге терең  бара алмады.

Қазақстанның тәуелсіздік алуы Отан тарихының жылдам дамуына, тарихи  ақтаңдақтардың ашылуына жол ашылды. Әсіресе, Қазақ АКСР-інің астанасы Қызылорда  да өткен V съезінің шешімдері мен қаулыларына байланысты ой-пікірлер мен ұстанымдар тарихнамада айналымға түсіп,  тарихи  танымдық көзқарастар туындады.

Қазақ АКСР-інің астанасы Қызылорда  да өткен V съездің шешімдері мен  қаулыларына тарихи тұрғыдан шолу жасап,  өз бағаларын берген еңбектер баршылық. Осындай мәселеге М.Қозыбаев [7], К.Нұрпейісов [8], М.Қойгелдиев [9] сияқты танымал ғалымдардың еңбектерінде көңіл бөлінген.

Мәселен, М.Қозыбаевтың еңбектері  тарих ғылымын бұрынғы догмалардан  арылуға, ұлт зиялылары қызметінің тарихын кеңестік партиялық  бұрмалаушылықтан тазартуға елеулі үлес қосса, К.Нұрпейіс Қазақстанның  кеңестік дәуірдегі тарихын жаңа методологиялық тұрғыдан талдап, мол деректік негізде қарастырған.

Танымал тарихшы М.Қойгелдиевтің  еңбектерінде мұрағаттық тың деректер арқылы Қазақстанның  кеңестік кезеңдегі  тарихы жан-жақты баяндалып, сындарлы тұжырымдар жасалады.

Сонымен қатар, бір топ өлкетанушы ғалымдар Қазақ АКСР-інің астанасы Қызылорда да өткен V съездің шешімдері мен қаулыларына байланысты зерттеулер жүргізген. Оған  біздің көтеріп отырған мәселеге неғұрлым жақын келетін ғалымдардың еңбектерін атап көрсетуге болады. Соның ішінде Ы.Қалиев, А.Айдосов, М.Кереев «Қызылорда» атты еңбегін жатқызамыз [10].

Аталған зерттеушілер өз еңбектерінде Қазақ АКСР-інің астанасы Қызылорда  да өткен V съездің шешімдері мен қаулыларына жан-жақты тоқтала келіп оның тарихи  маңызып ашып көрсетеді.

Сонымен қатар, Қызылорданың астана болу тарихына  қатысты облысымызда танымал жазушылар мен  қызметкерлер зерттеу мақалаларын жарыққа шығарады. Олардың қатарына, Т.Боранғалиұлы, А.Дәулетұлы, А.Сәдібекұлы, Қ.Мырзахметұлы, Қ.Отарбаева, Н.Жакауова, т.б.

Қорыта келгенде Қазақ АКСР-інің астанасы  Қызылорда  да өткен  V съездің шешімдері мен қаулылары отандық тарихнамада тұтастай толық зерттелген жоқ.  Жоғарыда аталған зерттеушілер Қызылордада өткен V съездің шешімдері мен қаулылары жөнінде қалыптасқан пікірлерді сыни тұрғыда қараған.

Жалпы қарастырылып отырған  тақырыптың бүгінге дейін  арнайы ғылыми  айналысқа енуінің кенжелеуі  мәселенің күрделігі зерттеу  жұмысына айтарлықтай салмақ жүктеді.

          Тақырыптың деректік негізі: Диплом жұмысында қарастырылып отырған мәселеге сәйкес пайдаланылған деректерге жан – жақты талдау жасалды. Атап айтқанда Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағатындағы бірнеше қорлардағы істер ашып көрсетілді. Соның ішінде облыстық мұрағатқа әкелінген Қазақ АКСР-нің орталық атқару комитетінің құжаттары, яғни қаулылар мен бұйрықтар, хаттамалар, баяндамалар ғылыми айналымға енді. Сонымен қатар, Ташкентегі Өзбекстан орталық мемлекеттік мұрағатынан әкелінген Қызылорда астана болған жылдардағы құжаттар және облыстық мұрағаттағы Кеңестердің Бүкілқазақстандық V съезінің құжаттары сақталған    1 қордың 332 ісі толық пайдаланылды.

           Тақырыпты  тағы бір қырынан ашатын деректердің  біріне VI Бүкілқазақстандық партия конференциясының өлкелік комитетінің есептері басшылыққа алынды.

Тақырыптың мақсаты мен  міндеті: Кеңес үкіметінің Қазақстандағы партиялық әкімшілік орындарының Қызылорда  астана болғандағы  1925-1929 жылдар аралығындағы қызметі мен тарихын тың  деректік материалдар негізінде,  жаңа  көзқарастар тұрғысында талдай отырып, оның  жұмыс істеу тәсілдерін ашып көрсету – зерттеу жұмысының басты мақсаты. Осыған байланысты зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылды:

  • Қазақстан территориясындағы түрлі кеңестік автономиялық әкімшілік орындарының құрылуымен  олардың коммунистік жүйені жүзеге асырудағы әдіс-тәсілдерін ашып көрсету;
  • Қазақстан астанасының Орынбордан Ақмешітке көшірудегі кеңес үкіметінің көздеген мақсатын жаңаша ой-елегінен өткізу;
  • 1925 жылғы Кеңестердің Бүкілқазақстандық V съезінде қабылданған шешімдер мен қаулылардың қазақ халқы үшін маңызын дәлелдеу;
  • Қазақстан астанасын Орынбордан Ақмешітке көшірудегі және Қазақстан территориясын толық біріктірудегі С.Қожанов, С.Сәдуақасов, Т.Жүргенов т.б. ұлт зиялыларының жасаған  қызметіне ғылыми тұрғыдан талдау жасау;

Аталған міндеттерді  орындау зерттеушілердің маңыздылығын анықтап қана қоймайды, сонымен бірге  ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының  кеңестік  кезеңін толықтыра түседі.

Тақырыптың  хронологиялық шеңбері мен территориялық  қамту аймағы: Дипломда қаралып отырған  тақырыбына сәйкес оның  қамтылу аймағы мен уақыты анықталды. Негізгі  1925 жылғы Кеңестердің Бүкілқазақстандық V съезінде қабылданған шешімдер мен қаулылардан 1929 жылғы астананың Қызылордадан  Алматыға көшірілуіне дейінгі кезеңді көрсеттік. Тақырыпқа негіз болған зерттеудің территориялық қамту аймағы – сол кездегі Қазақ АКСР-інің астанасы болған  Қызылорда қаласы.

Тақырыптың  ғылыми жаңалығы: Мәселенің кешенді түрде зерттелуі. Зерттеу жұмысының негізі Қазақстан республикасынының астанасын Орынбордан Ақмешітке көшіру қажеттілігі,  сонымен қатар Ақмешіт қаласында  өткен Кеңестердің Бүкілқазақстандық V съезінде қабылданған шешімдер мен қаулылардың маңызын ғылыми тұрғыдан талдауға алынып, көптеген деректік құжаттар арқылы алғаш рет зертеліп,  оның басым бөлігі ғылыми айналымға бірінші рет енгізіліп отырғандығы. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы төмендегідей:

  • Кеңестік жүйені жүзеге асырудағы Қазақстан территориясындағы кеңестік автономиялық әкімшілік орындарының құрылу себебі мен олардың қызметі жан-жақты талданды;
  • Қырғыз (Қазақ) автономиялық республикасының  астанасын Орынбордан Ақмешітке көшірудегі Кеңес үкіметінің ұстанған саясаты тарихи  тұрғыдан сараланды;
  • 1925 жылғы Кеңестердің Бүкілқазақстандық V съезінде қабылданған шешімдер мен қаулыларды зерттей отырып,  олардың қазақ халқы үшін тарихи  маңызы анықталды;
  • Қызылорда астана болған  жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріне талдау жасай отырып, ондағы ұлт  зиялыларының атқарған қызметі зерделенді.

Информация о работе Қазақ АКСР-ның астанасы Қызылордада өткен V съездің шешімдері мен қаулылары