Қазақ АКСР-ның астанасы Қызылордада өткен V съездің шешімдері мен қаулылары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 15:06, дипломная работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі: Кешегі халқымыздың еркіндігі мен бостандығын жойып, қазақ даласына өз билігін орнатқан Кеңестік империясындағы коммунистердің тоталитарлық қоғамы келмеске кетті. Жас мемлекетіміздің тәуелсіздікке ие болуы, оның алдына стратегиялық мақсат – саяси және әлеуметтік – экономикалық, рухани және құқықтық теңдікті қамтамасыз ететін демократиялық қоғам орнату, бүкіл әлемдік қауымдастықтың тең мүшесіне айналу болып табылады.

Содержание

Кіріспе __________________________________________________1 – 9 беттер
1 – бөлім. Қазақстан астанасын Орынбордан Ақмешітке көшіру және оған қазақ зиялыларының көзқарастары_______________________________10 – 29 беттер
1.1. Орынбор Қырғыз (Қазақ) автономиялық республикасының астанасы_________________________________________________10 – 22 беттер
1.2. Қазақстан астанасын Орынбордан Ақмешітке
көшіру қажеттігі _________________________________________23 – 29 беттер
2 – бөлім. 1925 жылғы Кеңестердің Бүкілқазақстандық V съезінде қабылданған шешімдер мен қаулылар
және оның қазақ халқы үшін маңызы_________________________30 – 55 беттер
2.1. 1925 жылғы Кеңестердің Бүкілқазақстандық V съезінде қабылданған шешімдер мен қаулылар___________________________________30 – 40 беттер
2.2. Қызылорда астана болған жылдардағы республиканың экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірі______________________________ 41 – 50 беттер
2.3. «Қазақ АКСР-ның астанасы Қызылордада өткен V съездің шешімдері мен қаулылары» тақырыбы орта мектептің 10 сыныбына арналған Қазақстан тарихы пәнінде оқыту әдістемесі___________________________________51 – 55 беттер
Қорытынды____________________________________________¬__56 – 60 беттер
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі____________________________61 – 62 беттер

Работа состоит из  1 файл

Қызылорда-астана оригинал.doc

— 320.50 Кб (Скачать документ)

Тақырыптың  методологиялық негізі мен әдістері: Зерттеу жұмысын талдауда біз соңғы жылдары Отандық тарих ғылымында болып жатқан жаңалықтар мен түбегейлі өзгерістерді негізге алдық.  Бұған дейін 1925 жылғы  Кеңестердің Бүкілқазақстандық V съезінің  қаулылары мен  шешімдері арнайы өз деңгейінде зерттеу көзіне айналмай тіпті назардан тыс қалып  келгенін айта кеткен жөн.

Кеңестік жүйедегі өзіндік  орны бар бұл  қаулылар мен шешімдердің  Кеңестік кезеңдегі тарихы  тар  таптық – партиялық ұстанымдар тұрғысынан баяндалып келген. Міне, сондықтан зерттеу  барысында жаңа бағыттағы ғылыми  ой-пікірлер мен  тұжырымдар, жаңа тарихи көзқарастар тұрғысынан жазылған зерттеулер басшылыққа алынды.

Дипломдық зерттеудің методологиялық және  теориялық негізін диалектикалық  тарихи даму  заңдылықтары мен өркениеттілік, салыстырмалылық, талдау,  жинақтау және қорыту, жүйелілік әдістері арқылы бердік. Сонымен қатар тарихи  ұстанымдар мен концептуальдық ережелер, танымдық теория негіздері алынды.

Тақырыптың  объектісі: 1925 жылы Қызылорда қаласында өткен Кеңестердің  Бүкілқазақстандық V съезінің  шығарған  шешімдері мен қаулылары және соның негізінде тұтастай қалыптасқан ұлттық автономия.

Тақырыптың субъектісі: Қырғыз (Қазақ) автономиялық республикасының астанасын Орынбордан Ақмешітке көшіруге өзіндік көзқарастарын білдірген қазақ зиялылары, т.б.

Тақырыптың  құрылымы: Кіріспеден, 2 – бөлімнен, 4 тармақшадан, тарихты оқыту әдістемесінен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

1.1. Орынбор - Қырғыз (Қазақ) автономиялық республикасының астанасы

             Алғаш рет Орынбордың негізі 1735 жылы Ор өзенінің Жайыққа құяр  жеріндегі бекініс ретінде қаланды.  Қазақстанның Ресейге қосылар  тұсында Кіші жүз ханы Әбілқайыр  қазақ мемлекетінің мүддесіне  орай Ор өзенінің бойында әскери бекініс салу жөнінде императорша Анна Иоанновнаға  құлаққағыс жасайды. Башқұрттар бұл бағыттағы Ресейдің ойын түсіне қойып, хан үшін бекініс салуға қарсылық білдіріп, көтеріліс жасайды. Бұдан кейін 1740 жылы Орынбор түрік-неміс атауын сақтай отырып (түрікше «Ор», немісше «бург» - «қала» дегенді ұғындырады), Жайық өзенінің төменгі ағысына қарай көшіріледі, қазір бұл жерде Сарақтеш ауданының Краснобор қыстағы орналасқан. Алғашқы қазық қағылған жерде Орск қаласы атанады.  Үшінші рет Орынбор 1743 жылы Бродск бекінісіне көшіріледі, осылайша Жайық өзені бойымен көшіріле отырып, Орынбор Ресейдің Қазақстан және Орта Азияға сауда жасаудағы ірі орталығына айналып, Қазақстанды әскери отарлауда әскери бекініс ретінде пайдаланылды, әрі халықтардың патша зорлық-зомбылықтарына қарсы бас көтеруін басып-жаншу үшін де қажет болды, 1773-1774 жылдары Орынборды С.П.Пугачевтің әскерлері қоршауға алды. Орынбор Ресейдің Оңтүстік Қазақстан және Орта Азияға жылжи түсуіне жол ашты. Осы мақсатта Орынбордың генерал-губернаторы В.А.Перовский қоқандықтардың бекініс – Ақмешітке әскери жорық жасағаны да белгілі.

             Кеңес өкіметі орнағаннан кейін  Орынбор Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының астанасы болып Қазақ мемлекеттік құрылысының қалыптасуына белгілі үлесін қосты. 1917 жылы ақпан төңкерісінен кейін еңбекшілер енді бейбітшілік болады, зауыттар мен фабрикалар жұмысшыларға, жер шаруларға беріледі деген үмітті іске асыруда дүниеге келген жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері өздерінің әрекеттері мен қимылдарында дәйексіздік көрсете бастады. Көп ұзамай олар баяғы патша өкіметі кезіндегі отаршылдық және ұлттық саясатын жалғастырып, империалистік соғыстың созыла беруін жақтап отырған Уақытша өкіметті қолдады [10, 71 б].  Митингілер мен жиналыстарда Уақытша өкіметке наразылық білдіріп, «Бүкіл өкімет Кеңестерге берілсін» деген ұран жиі-жиі ұсынылды. Бұл жұмыстарға жергілікті жерлерде құрылған социал-демократия топтары белсене араласты. 1917 жылдың көктемінен бастап импералистік соғысқа алынған  150 мың қазақ туған жеріне орала бастады. Олар сауаттанып, бостандық үшін күресуге берік бел байлағандар еді. Тылдың жұмысына қатысқандардың көпшілігі өздерімен бірге мылтықтар, қылыштар, оқ дәрілер ала келген болатын. Бұл жағдай уақытша өкіметті қобалжытты, сол себепті Түркістан әскери округінің басшылары барлық горнизондарға Ташкент теміржолының Қазалы, Перовск, Түркістан теміржол станцияларының күзетшілеріне майдан жұмыстарынан қайтып келе жатырған жергілікті адамдардың дәрімен атылатын мылтықтарымен бірге, суық қаруларын тартып алу туралы бұйрық берген. Осы кезеңде Орынборда өткен Бүкіл қазақ құрылтайына қатысқан Мұстафа Шоқай 1917 жылы сәуірдің басында Ақмешітке келді. Ол Ташкентте ашылатын Түркістан өлкелік атқару коммитетінің құрылтайына делегат етіп сайланған болатын. Ақмешітте бір – екі күн аялдаған болатын. Өзінің туып - өскен, алғаш рет мектепке қадам басқан Ақмешіттің көптеген айырмашылықтары мен ерекшеліктерінің бірі, онда тілмаштардың көптігі деп білетін. «Ақмешіт қаласы қашаннан хатшылар (писарлар) мен тілмаштар ұясы атанған-ды» - деп жазады Мұстафа Шоқай. Ақмешіт тілмаштарының ішінде Ералы Қасымұлы, М.Шоқайдың айтуынша, рухани таза, дүниеге онша қызықпайтын, азғындық жолына түспеген. 1917 жылғы ақпан революциясынан кейін ол Ақмешіт қаласының және ауданның тұрғындарының айтуымен Ұлттық комитетке бастық болып сайланады. Бірақ басқа азғын тілмаштар оған қарсы болады, Ералыны жақтап көмектескендер де табылады. «Көмек көрсеткендердің бірі, - М. Шоқай, - бұрынғы Самарқан облыстық заң мекемесінің жанындағы тілмаш Хұсан Ибрагимов, ал екіншісі – бұрынғы Самарқанд әскери губернаторы жанындағы тілмаштық қызмет атқарған Сералы Лапин еді. Олардың екеуі де Ақмешіттің байырғы тұрғындары»   [10, 72 б].

             Мұстафа Шоқай Ақмешітке келгенде  онда үш ұйымның барлығын байқайды:

1) Ералы Қасымұлы жетекшілік  ететін Ақмешіт аудандық ұлттық  Кеңес; 

2) Сералы Лапин   басқаратын Ақмешіт  аудандық халық өкілдерінің  Кеңесі;

3)  Хұсаин Ибрагимов  басқаратын Ақмешіт  жұмысшы-солдат депутаттарының  Кеңесі.

            Аты аталған Кеңестермен қатар 1917 жылы сәуірде құрылған  большевиктік партия тобы басқарған темір жол жұмысшы-солдаттар депутататарының  Кеңесі бар еді. Оны депо слесары В.В. Агапов басқарды. Ол туралы М. Шоқай былай деп жазады:  «... Агапов деген орыс темір жол жұмысшысы басқаратын жұмысшы – солдат депутаттарының  Кеңесі  күн санай адам түсініп болмайтын неше түрлі қауесет тарататын. Қарулы солдаттар  күнде үйлерді аралап, тінтіп, жұртты жазықсыз  қамап,  қалаған дүниесін  қымқырып кету сияқты  сорақылықты  үдете берді.  Жаңа орыс мекемесі  бұрынғыдан   да жаман болып шықты».

           М.Шоқай Ақмешітте болған  екі күн ішінде  көптеген кездесулерге қатысады. Ақмешіттен Ташкентке бара жатқан жолай жөлек  (Бәйгеқұм), Шиелі, Жаңақорған, Түркістан, Арыс және басқа станциялар мен аялдамаларда орыс солдаттары Кеңесінің жергілікті халыққа жасаған қиянаттарын Мұстафа өз көзімен көреді, тіпті арашаға түседі. Жолаушылардың айтуынша, сауатсыз орыс солдаттары тілмаштармен бірге ауылды аралап, халықты ашықтан-ашық тонайды екен. Ақмешітте болғанда және темір жол станциялары мен аялдамаларда көрген әлеуметтік-саяси құбылыстар мен процестер туралы        М.Шоқай былай қорытындылайды: «Осы екі күн ішінде  орыс жұмысшы-солдат депутаттарының Кеңесімен бірге жұмыс істеуге мүмкін емес екеніне көзім жетті. Біз шын мағынасында бітіспес дұшпан болып алдық». М.Шоқай бұл пікірін өмір бойы өзгертпей, Кеңес өкіметімен, әсіресе большивиктермен бітіспес  күрес үстінде өткізді. Қазақ ұлт-азаттық либералдық  қозғалысының басшылыры осындай жағдайда Жалпықазақ  төтенше сьезін өткізді. Сьезд 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда болды. Бұл Жалпықазақ сьезінің делегаттры ұлттық автономия  проблемасына, жер мәселесінің шешілуіне, Құрылтай  жиналысына әзірлікке  және қазақтың  саяси партиясын құруға басты назарын аударды. Сьезде Құрылтай жиналысын шақыру мәселесін талқылап, депутаттыққа кандидаттардың  тізіміне 81 адам енгізілді. Олардың ішінде Қазақстанның барлық аймақтарынан, сондай-ақ қазақ қауымдары өкілдерінің басымы Бұхарада, Ферғана мен Хиуада және басқа аймақтардан қазақтар болды. Түркістан өлкесінен М.Шоқай мен С.Асфендияров тізімге енгізілді. Бүкілқазақ бірінші сьезі шын мәнінде қазақтың ұлттық саяси партиясы «Алаштың» сьезі болып айқындалды. Онымен қатар Қазақстанда тағы бір ұлттық-саяси ұйым – «Үш жүз» партиясы пайда болды. Бұл партия большевиктік бағыт ұстап, «Алаш» партиясының негізгі оппоненті ретінде қарсы шығып отырды [15, 82 б].

            Елдің барлық жерінде күннен - күнге большевик партиясы жалғыз өзі өктемдік жасап, басқа партиялардың жойылуына себепші болды. Әсіресе, Корнилов басқарған котерілісті талқандау кезінде контрреволюция күштерімен  күресуге большевиктер өз ықпалын қатаң түрде атқарды, басқа партияларды қуғынға ұшыратты. 1917 жылғы 29 тамызда Перовск жұмысшы - солдаттар Кеңесі Корниловтың контрреволюциялық бүліншілігіне қарсы наразылық білдірген қарар қабылдады. Оны 1500 солдат пен жұмысшы қатысқан мәжіліс бекітті. Ертеңіне солдат комитеттерінің бастауымен болған митингіде өкімет билігінің Кеңестерге өту жөніндегі қарары мақұлданды. Жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің құрамына бірнеше большевик қосымша сайланды, олардың ішінде депо жұмысшылары Викторский, Джанкин,  Ибрагимов,  Килячков,  Крышев,  Червяков және басқалары болды,  басқа партиялардың көзін жою туралы ұсыныстар жасалынды.

              Перовскіде 14 қыркүйекте III Сібір полкінің  жұмысшы ротасының солдаттары саяси ереуіл өткізіп, империалистік соғысқа қарсылық білдірді. Қазалыдағы 100 қазақтан тұратын атты әскер Ташкентегі жұмысшы көтерілісін басуға аттанар алдында бұйрықты орындаудан бас тартты. Уақытша өкімет жергілікті жерлердегі ревалюциялық қозғалыстарды басып - жаншу үшін жазалау экспедициясын құрды. Ташкентте болған бүлікшілер көтерілісінің Уақытша өкіметтің басшысы Керенский Қазан әскери округінің қолбасшысы генерал Коровиченконы Түркістан генерел-комиссарлығына бектті. Шағын әскери күшпен Ташакентке аттанған шақта бұл әскери экспедицияны Түркістан ұлттық орталығының басшысы М.Шоқай  Ақтөбе станциясында қарсы алды, орыс генералына болашақ Ұлттық республика атынан талап қойды. «Генерал Коровиченко,- деп жазды М.Шоқай, - біздің талаптарымызды қабылдады. Вагонда отырып аймақтарды бөлу және орыс тұрғындарға дербес өкілдер сайлау құқын беру жоспарын аяқсыз қалдыру туралы Уақытша өкіметке жедел хат жолдады. Үшінші талабымыз, яғни Түркістандағы горнизонды басқа әскери бөлімшелерден көбінесе татар-башқұрт солдаттарымен алмастыру мәселесіне келгенде генерал мұның қиын шаруа емес екенін аңғартқанымен, бұл әрине, жол үстіндегі вагонда орындалатын іс емес еді» [10, 74 б].

              Генерал Коровиченконының жазалау экспидициясын Ташкентке қарай бет алған кезде Қазалы және Перовск жұмысшылары оған кедергі келтіру үшін барлық  мүмкіншілікті пайдаланады. Паравоздардың отын сөндірді, байланыс құралдарын бүлдірді, теміржол көпірлерін істен шығарды. Перовск жұмысшылары жазалау экспедициясының құрамындағы Орынбор қазақ полкінің 400 адамын бірнеше күн бойы ұстап оның Ташкентке қарай жүруіне кедергі жасады. Осы кезеңде Перовск жұмысшы-солдат депутаттары Кеңесі жергілікті горнизоннан 150 мылтық пен мыңдаған патрон алып, жұмысшыларға таратып берді. Перовскіде өкімет билігінің Кеңестеріде бейбіт жолмен өтуіне барлық жағдай бар еді. Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстандағы ұйымшыл және саналы теміржол жұмысшылары Перовскімен Қазалыда болды. Олардың ірі революциялық орталықтары-Орынбор және Ташкентпен тығыз байланыс жасауларына темір жолдың бойында қолайлы жағдай қалыптасқан еді.

                 Жергілікті жерлерде Уақытша  өкіметке сенімсіздік күннен-күнге күшейе түсті. Мәселен, 1917 жылы 3 қазанда Перовск Кеңесі Уақытша өкіметінің комиссары  Қасымовты орнынан алды. 29 қазанның түнінде өкімен билігі Перовск жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің қолына өтетіні туралы қарар қабылданды. 30 қазанда (12қараша) Перовскіде қала еңбекшілері мен жергілікті горнизон солдаттарының бұқаралық митингісі болып, онда Кеңес өкіметі билікті өз қолына алды деп хабарлады. Сол күні Ташкент жұмысшыларына көмекке қызыл гвардия отряды жедел түрде жүріп кетті. Перовск Кеңесі  өкімет билігін алғаннан кейін  бірін-бірі қолдау қажеттілігі туралы  нақты іс- шараларын ұсынып, Ташкент Кеңестеріне хат жазды. Өзара көмек көрсету шараларын жасау мақсатында келісімге келу үшін Қазалыға бес адамнан тұратын делегация жіберілді. Сөйтіп, Орта Азиямен Қазақсатанда бірінші болып, Кеңес үкіметі Перовскіде орнады. Ал Қазалыда қарашаның екінші жартысында үкімет билігі Кеңестердің қолына өтті. [16, 46 б]

                1917 жылы қараша және желтоқсан айларында Дутовтың қарулы күштері Орынбор «тығынын» жасап, Түркістан республикасын орталықтан бөліп тастады және соғыс құралдарымен жабдықтау, азық-түлік жіберу үзілді-кесілді тоқтатылды. Перовск, Қазалы уездерінде аштық басталып, жағдай бұрынғыдан да қиындай түсті.

                 Азамат соғысы жылдарында Түркістан Республикасын Перовск және Қазалы уездерінің жағдайында өнеркәсіпті мемлекет меншігіне айналдыру және Кеңес органдарының қолына жинақтау сияқты әскери коммунизм саясатының элементтерін жүзеге асырды. Мемлекет меншігіне айналдырылған кәсіпорындарды басқару үшін халық шаруашылығы Кеңестері ұйымдастырылды. Олардың шешімімен балық өнеркәсібі және Арал кеме шаруашылығы мемлекет меншігіне айналды. Түркістан мен Ақтөбе майдандарының жауынгерлерін қамтамасыз  ету мақсатында олар қайыс бұйымдарын өндірді, етік, басқада киім-кешектерді тігіп шығаруды жөнге келтірді. Орынбор-Ташкент темір жолында әскери жағдай енгізіліп, жұмысшылармен қызметшілер әскерге алынды деп есептелінді. Олар әскери күштерді баратын жеріне дейін аман-есен  жеткізу мақсатында көптеген жұмыс атқарды. Қазалы, Жосалы, Перовск станцияларының темір жолшылары паравоздардың оттықтырын сексеуілмен жұмыс істейтіндей етіп қайта жабдықтады, артық бөлшектерді өндіруді, паравоздар мен вагондарды жөндеуді қалыпқа келтірді. Азамат соғысы кезінде Перовск, Қазалы қызыл гвардия отрядтары жұмысшылар мен шаруалар депутаттар Кеңесінің ұйымдасқан қарулы күшіне айналды. Перовск партизан отряды  алғашқыда 76 адам ұйымдасқан болатын. Отряд негізінен темір жол жұмысшыларынан құрылады. Оның құрамында Елшібаев, Олжабаев, Опалқожаев, Сүгірәлиев, Таласов және басқа қазақтар болды. Кейінірек бұған Шиелі мен Жосалы партизан отрядтары қосылды. 1918 жылдың жазында Перовск партизан отрядында 300 адам, ал 1919 жылы бас кезінде 760 адам болды. Оны                Н.Ф.Селиверстов басқарды [10, 76 б].              

Информация о работе Қазақ АКСР-ның астанасы Қызылордада өткен V съездің шешімдері мен қаулылары