Талап қою құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 11:39, дипломная работа

Описание

Кез келген демократиялық, құқықтық мемлекет құруды басты бағыт ретінде ұстанған мемлекет пен қоғамды басты құндылық адам және оның өмірі, құқығы мен бостандығы екендігі белгілі. Ал адам құқығын қорғаудың ең басты көрсеткіші оны қорғаудың мемлекеттік механизімі мен қоғаммүшелерінің өздеріне берілетін мүмкіншіліктің деңгейімен анықталады. Мемлекет тиісті жағдайда мәжбүрлеу әдісін қолдана отырып қажетті шараларды қолдануды міндетіне алса, қоғам мүшелері нормативтік-құқықтық актілерде көзделген өз құқықтарын пайдалана отырып тиісті қадамдарды жасауы қажет болады. Ал белгілі бір топтардың, яғни өз құқығын қорғауға мүмкіндігі жоқ адамдардың мүддесін қорғайтын әртүрлі мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың өкілеттігі шеңберінде жүзеге асырылады.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
Талап қою құқығының теориялық мәселелері.
1.1Талап ұғымы............................................................................................................6
1.2 Азаматтық сот өндірісінің түрлері: ерекше талаптық және сырттай іс жүргізу нысандарының түсінігі...............................................................................11
1.3 Талапқа құқықтың түсінігі ...............................................................................13
1.4 Талап қою құқығының жалпы сипаттамасы....................................................17
2. Талап арыз түсінігі мен нысанының түсінігі, өзекті мәселелері.
2.1 Талап арыздың нысаны мен мазмұнының заңға сәйкестігі.............................22
2.2 Талап арыздың реквезиттері, оныңіс жүргізушілік маңызы мен мәселелері...................................................................................................................24
2.3 Талап арыздығы талаптың құны, оның құқықтық және тәжірибелік мәселелері...................................................................................................................29
2.4 Аралық сотта талаптық істердің қаралуы мен өзгешелігі, ондағы талап арыздың ерекшелігі мен құқықтық мәселелері......................................................32
3. Талап элементі және оның түрлерінің түсінігі мен өзекті мәселелері.
3.1 Талап элементінің түсінігі..................................................................................39
3.2 Талаптың негіздемесі..........................................................................................40
3.3 Талап нысаны.......................................................................................................41
3.4 Талаптың мазмұны..............................................................................................44
3.5 Талап субъектісі...................................................................................................45
Қорытынды.............................................................................................................49
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................53

Работа состоит из  1 файл

Алмаз диплом готовый.doc

— 457.50 Кб (Скачать документ)

    Талап арыз аяқталған нысанға ие болуы үшін, талап қоюшы немесе талап арызға қол қоюға және оны көрсетуге (дұрысы - беруге - А.К.) өкілеттігі болған жағдайда оның өкілі қол қояды Қойылған қол арыздың талап қойған тұлғаға тиесілі екендігін көрсетеді. Қол қойылмаған арыз жарамсыз болады.

    Сот тәжірибесінде соттардың заңды  тұлғаның талап арызына қол қойған атқарушы органның немесе лауазымды тұлғаның өкілеттігін тексермейтіні орын алып жатады. Мысалы, Степногорск қалалық сотына берілген "Казаптон" ЖАҚ-ның энергетикалық байланыс баскармасының энергия тұтынушыға қойған талап арызына ЖАҚ-ның бас директоры қол қойған. Істе жарғының көшірмесі бар, онда қоғамның келесідей басқару органдары аталады: жалпы жиналыс, басқарма, жалпы жиналыспен сайланған басқарма төрағасы. Бас директордың лауазымы жарғымен көзделмеген.. Талап арызда оның берілген күні көрсетілуі қажет. Өйткені арыз беру уақытын көрсетудің екі түрлі маңызы бар: біріншіден, ол талап заңда белгіленген талап қою мерзімінің ішінде берілгенін анықтауға мүмкіндік береді және, екіншіден, істі сотта қарауға әзірлеу және қарау мерзімдерінің сақталуын бақылауға мүмкіндікті қамтамасыз етеді . Бірақ ҚР АІЖК-ыде талап арызда оның берілген күнін көрсету кажеттігі көзделмеген. Заң жүзінде осы мәселені бекітсе дұрыс болар еді.

    Айталық талап арызды талап қоюшының өкілі беруі мүмкін. Мұндайда талап арызға өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге құжат

    міндетті  түрде тіркелуі қажет 31 ҚР АІЖК-нің 151-бабының 1-тармақшасы талап қоюшыны жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай талап арыздың көшірмелерін арызға қоса тапсыруға міндеттейді.

     Мемлекеттік баж сот шығындарына  жатады және уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс қимылдар жасағаны үшін және (немесе) құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем болып табылады.33 Мемлекеттік баж алу сот төрелігін жүзеге асыруға жұмсалатын шығындарды мемлекетке ішінара болса да өтеу мақсатын көздейді. Материалдық сипатына қоса, мемлекеттік баж маңызды тәрбиелік мәнге ие. Сотқа жүгінетін мүдделі тұлғаның мемлекеттік бажды төлеу міндеті сотқа негізсіз талаппен жүгінуге тосқауыл болады, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдардың өзара дауларын соттын араласуынсыз ерікті түрде реттеуіне ықпал етеді.

    Мемлекеттік баж алудың объектілері, мемлекеттік  баждын соттардағы ставкалары, соттарда мемлекеттік баж төлеуден босату негіздері, мемлекеттік бажды төлеу тәртіптері ҚР Салық кодексімен реттеледі. Салық кодексінін 495-бабының 1-тармағының 1-тармакшасына сәйкес сотта мемлекеттік баж тек талап арыздардан ғана емес, сотқа берілетін ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан), апелляциялық шағымдардан, атқару парағының дубликатын беру туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағымдардан, сот бұйрығын шығару туралы өтініштерден, сондай-ақ соттың аралық соттардың, шетел соттары мен арбитраждарының шешімдері бойынша орындау парағын, құжаттардың көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін алынады. Мемлекеттік баждың соттардағы ставкалары Салық кодексінің 496-бабында көзделген.

    Соттарда  алынатын мемлекеттік баждың мөлшері оның түріне байланысты анықталады. Мемлекеттік баждың екі түрі ажыратылады: 1) тура мемлекеттік баж, оның мөлшері заңмен тіркелген проценттік ставкамен анықталады. Мемлекеттік баждың тіркелген проценттік ставкалары Қазақстан Республикасының заң актісімен мемлекеттік баж төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып есептеледі34

    Тура  мемлекеттік баж мөлшерін анықтауға  байланысты мысалдарға ҚР 
салық кодексінің 496-бабының 1-тармағының бірқатар

    нормаларында  көзделген жағдайларды келтіруге болады: некені бұзу туралы талап арыздардан 30 процент. Неке бұзу кезінде мүлікті бөлген жағдайларда, баж талап қою бағасына карай анықталады (5-тармакша); тұрғын үй-

    жайларды  жалға алу туралы шартты өзгерткені немесе бұзғаны туралы, мұраға қабылдау мерзімін ұзарту туралы, тыйым салынған мүлікті босату туралы талап арыздардан және мүліктік емес сипаттағы немесе

    бағалауға жатпайтын басқа да талап арыздардан - 50 процент мөлшерінде баж алынады (7-тармақша); бағалауға жатпайтын басқа да талап арыздардан - 50 процент мөлшерінде баж алынады (7-тармақша);

    2) барабар мемлекеттік баж, оның  мөлшері заңмен талаптың сомасын  баждың мөлшері талаптың бағасына байланысты болады. ҚР Салық  проценттік катынас арқылы анықталады. Бұл жағдайда мемлекеттік кодексінің 496-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес мүліктік сипаттағы талап арыздардан: жеке түлғалар үшін - талап қою сомасының проценті; заңды түлғалар үшін - талап қою сомасының 3 проценті мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

    Мүліктік  сипаттағы және мүліктік емес сипаттағы талаптар қоса көрсетілген талап арыздар үшін мүліктік сипаттағы талап арыздар мен мүліктік емес сипаттағы талап арыздарға белгіленген мемлекеттік баж бір мезгілде алынады.35 Сот тәжірибесінде жекелеген істер бонынша берілетін талап арыздардан мемлекеттік баж алуға байланысты киындықтар туындап жатады. Осыған байланысты ҚР Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларында түсіндірме береді. Мысалы, моральдық зиян немесе іскерлік абырой-беделге нұқсан келтірілгені үшін ақшалай талап қойылып отырғаны айқын болса да, мүліктік емес сипаттағы талаптар ретінде мемлекеттік баж алынатынына назар аударуы қажеттігі көрсетіледі [29].

    Кейбір  жағдайларда сотқа жүгінген тұлғаның талаптың  тік баж мөлшерін анықтауда қиындық тууы мүмкін. Мұндайда талаптың бағасын және сәйкесінше мемлекеттік баждың мөлшерін талап арызды кабылдау кезінде немесе істі карауға әзірлеу және карау барысында судья анықтайды. Мемлекеттік баждың мөлшері түпкілікті анықталғаннан кейін төленген мемлекеттік баж сомасының заңда белгіленген мөлшерден төмен екені белгілі болса, талап қоюшыға мемлекеттік баждың жетіспейтін сомасын төлеу міндеттелінеді. Ал егер мемлекеттік баж заңда белгіленген мөлшерден көбірек мөлшерде енгізілген болса, ҚР Салық кодексінің 508-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес төленген мемлекеттік баждың артық сомасы қайтарылуға тиіс.

    Жеке, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қозғайтын бірқатар азаматтық істер бойынша талап қоюшылар мемлекеттік баж төлеуден босатылады. Мемлекеттік баж төлеуден босату ҚР Салық кодексінің 501-бабында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

    Тұлғалар  заңға сәйкес өздері мемлекеттік  баж төлеуден босатылған істер бойынша бағасын анықтай алмауы немесе дұрыс анықтамауы салдарынан мемлекет сотқа талап койған жағдайда талап арызға мемлекеттік баж

    төлегендігін  растайтын құжатты тіркемейді, талап  арызының мазмұнында мемлекеттік баж төлеуден босатуды көздейтін заң нормасына сілтеме жасауы мүмкін [30].

    Мемлекеттік баж қолма-қол ақшамен, банктер  немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен төленеді (ҚР Салық кодексінің 507-бабының 1-тармағы). Мүдделі тұлға мемлекеттік бажды өзінің талап арызын бергенге дейін төлеуі керек. Мемлекеттік бажды талапкер үшін баска адам төлеуі де мүмкін, бірақ төлем тапсырмасында (түбіртекте) осы төлемнің талапкер үшін төленгені көрсетілуге тиіс.

    Әдебиеттерде  талап арызды сотқа беру кезінде  сақталуы қажет өзге де талаптарға, сондай-ақ соттар талап етпеуі тиіс жағдайларға назар аударылады. Мысалы, талап арызды дайындау кезінде қолданылатын тәсілдер мен техникалық кұралдар заңмен белгіленбеген. Ол қолмен жазылуы немесе техникалық құралдың көмегімен құрастырылуы мүмкін. Қалай болғанда да берілетін талап арыз оңай оқылуы, яғни жазуы анық болуы керек. Сонымен бірге талап арызды үйым берген жағдайда оның өкілетті тұлғасының қойған қолын ұйымның дөңгелек мөрімен бекіту заңмен көзделмеген, сәйкесінше талап арызда дөңгелек мөрдің болмауы талап арызды қабылдамауға негіз болып табылмайды.

    Сонымен сотқа талап қойған сәтте талап  арыздың ҚР АІЖК-нің 150 және 151-баптарының талаптарына сай келуін басты назарға алу кажет, өйткені бұл сотта қозғалған азаматтық істің тез және дұрыс шешілуіне, тараптардың өзара шынайы қарым-қатынастарын анықтауға ықпал етеді. 

      2.4 Аралық сотта талаптық істердің қаралуы мен өзгешелігі, ондағы талап арыздың ерекшелігі мен құқықтық мәселелері

    ҚР  АІЖК-нің 25-бабына сәйкес заң актілерінде  тыйым салынбаған кезде азаматтар мен заңды тұлғалар мүліктік дауларын аралық соттардың қарауына бере алады. Аралық сот өзара мүліктік дауларды шешу үшін тараптардың өздерімен олардың келісімі бойынша құрылған сот болып табылады. Аралық сот - үшінші тұлғаның соты, делдалдың немесе делдалдардың соты, дауласушы тараптар өз ісі бойынша шешім шығаруды ерікті түрде үшінші тұлғаға сеніп тапсырады және алдын-ала осы шешімге бағынуға міндеттенеді. Аралық соттың билігі жалпы заңға емес, шарттық бастауға, жеке тұлғалардың еріктеріне негізделеді және бұлар оның ерекшелігін көрсетеді.

    Аралық  соттар мемлекеттік сот жүйесіне кірмейді. Дау аралық сотта шешілген жағдайда аралық соттың шешімі мемлекеттік соттың шешімімен бірдей заңды күшке ие болады және мәжбүрлеп орындала алады. Мемлекеттік соттар аралық соттардың кызметіне араласпайды және керісінше аралық соттар мемлекеттік соттардың сот төрелігін жүзеге асыруына араласпайды. Мемлекеттік соттар аралық соттарға заңда белгіленген реттерде және шектерде көмек көрсетеді. Әдебиетте мемлекеттік соттарға балама болып табылатын аралық соттар арқылы құқықтарды қорғаудың мемлекеттік және аралық соттардың жеке-құқықтық сұрақтарды шешу аясындағы бәсекелестігіне, аталған соттардың құзыретіне, сондай-ақ олардың өзара ықпалдасуына қатысты көптеген сұрақтардың пайда болуына әкелетіні жөнінде дұрыс атап көрсетіледі. Аралық соттардың азаматтық істерді қарауға байланысты құзыреті заңдық тұрғыдан реттелген. Аралық сотқа жүгіну үшін тараптар істі аралық сотқа беру туралы келісім жасауы керек. Бұл келісім жекелеген құжат түрінде жасалады (кейде ол аралық жазба деп аталады) немесе негізгі шарттың ішінде (төрелік ескертпе түрінде) көзделуі мүмкін. ҚР-ның аумағында аралық соттар мемлекеттік соттарға айрықша ведомствалық бағынысты істерден басқа жеке және заңды тұлғалардың арасында жасалған азаматтық-құқықтық шарттардан туындайтын кез-келген істі қарай алады, оның ішінде шетелдік элементі бар дауларды қарай алады. Қазақстан Республикасында "аралық сот" және "төрелік" немесе "төрелік сот" деген терминдер синоним ретінде қолданылады және бұлар терминологиялық әртүрлілікке қарамастан сол бір сот болып табылады. М. Сулейменовтың айтуынша, бүл соттардың арасында құзырет даудың сипатына байланысты ажыратылады, яғни кез-келген төрелік (аралық) сот мемлекеттің ішіндегі, сондай-ақ халықаралық дауларды шеше алады, оларға кез-келген жеке және заңды тұлға жүгіне алады (резидент те, резидент емес те). Бұл жағдайда даулардың сипатына қарай аралық сот туралы заң немесе халықаралық коммерциялық төрелік туралы заң қолданылады. Құзыреттің ажыратылуы "егер тараптардың ең болмаса бірі Қазақстан Республикасының резиденті емес болса" [31].

    Елімізде аралық соттардың және халықаралық коммерциялық төреліктердің қызметін келесі арнайы заңдар реттейді: 2004 жылғы 23 желтоқсанда қабылданған "Аралық соттар туралы" және "Халықаралық коммерциялық төрелік туралы" Заңдар. ҚР АІЖК-нің бірқатар нормалары да аралық сотқа қатысты мәселерді реттейді, 2004 жылдың 28 желтоқсанында Бұл заңға да "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аралық соттар және төрелік қызметінің мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" Заңмен тиісті толықтырулар енгізілді.

    2004 жылдың аяғына дейін Қазақстан  Республикасында аралық соттардың  қызметін және олардың шешімдерін мәжбүрлеп орындатуды белгілейтін арнайы заң болмаған еді. Ал бұл іс жүзінде аралық соттардың өз қызметін жүзеге асыруына және олардың шешімдерінің мәжбүрлеп орындалуына байланысты қиындықтарға әкелді. Аралық соттардың өзекті проблемалары мен қиындықтары туралы мақалалар жарияланып, арнайы ғылыми конференциялар өткізілді . Сондай-ак, ҚР Әділет министрлігінің өкілдері. ҚР Бас Прокуратурасының өкілдері, соттар заңнамада көзделген аралық соттарға қатысты кейбір мәселелерді түсіндіруді сұрап, ҚР Конституциялык Кеңесіне бірнеше рет жүгінді. Осыған байланысты ҚР Конституциялық Кеңесі бірнеше қаулы қабылдады. Бұл қаулылардың мазмұны аралық соттар сот төрелігін жүзеге асырмайды, тараптардың дауды аралық сотқа беру туралы шарт жасауы кейіннен бұл даудың ҚР-ның сот жүйесіне кіретін соттарда қаралу мүмкіндігін жоққа шығармайды, сондай-ақ сол кездері күшінде болған 04.05.1993 жылғы "Экономикалық дауларды шешуге арналған аралық сот туралы" ереженің көптеген тармақтары қолданыстағы заңдарға қайшы келеді дегенге саяды. ҚР Жоғарғы соты тарапынан да аралық соттардың шешімдерінің орындалуын құқықтық реттеуге байланысты туындаған проблеманы шешуге бағытталған шаралар қабылданды [32]. Бас Прокурордың наразылық келтіруіне байланысты 28.06.2002 жылы ҚР Жоғарғы Соты "Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Аралық соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындату туралы арыздарды қараудың сот тәжірибесі туралы" 2001 жылғы 19 қазандағы № 14 каулысына қелтірген наразылығы туралы" №15 нормативтік қаулы қабылдап, онда аталған қаулының күші сейкес заң актісі қабылданғанға дейін тоқтатыла тұратынын көрсетті. Сондай-ақ, бұл акт аралық соттар мен шетелдік төрелік соттардын шешімдерін мәжбүрлеп орындауға қатысты екі түрлі тәртіпті бекітті. Ішкі дауларды шешетін аралық соттардың шешімдері тек заңда көзделген жағдайларда ғана мәжбүрлеп орындалатын болды. Шетелдік төреліктердің шешімдері ҚР АІЖК-нің 425-бабына, Қазақстан Республикасы 04.10.1995 жылы қосылған "Шетелдік арбитраждық шешімдерді тану және орындау туралы" 10.06.1958 жылғы Нью-Йорк Конвенциясына және ҚР бекіткен өзге де халықаралық конвенцияларға сәйкес таныла және мәжбүрлеп орындала алды. Шетелдік төреліктердің шешімдерін орындау тәртібі жөнінде ҚР Жоғарғы Сотының 11.06.2003 жылғы № 5 "Сот шешімі туралы" нормативтік қаулысының 30-тармағында да көзделген . Ендігі уакытта орын алған проблемалар жаңа заңдардың қабылдануымен шешімін тапты. ҚР Жоғарғы сотының 23,12,2005 жылғы № 10 "Аралық соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындату жөнінде заңдардың қейбір нормаларын соттардың колдануы туралы" нормативтік қаулысымен 19.10.2001 жылғы № 14 және 28.06.2002 жылғы №15 қаулылардың қүші жойылды.

Информация о работе Талап қою құқығы