Талап қою құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 11:39, дипломная работа

Описание

Кез келген демократиялық, құқықтық мемлекет құруды басты бағыт ретінде ұстанған мемлекет пен қоғамды басты құндылық адам және оның өмірі, құқығы мен бостандығы екендігі белгілі. Ал адам құқығын қорғаудың ең басты көрсеткіші оны қорғаудың мемлекеттік механизімі мен қоғаммүшелерінің өздеріне берілетін мүмкіншіліктің деңгейімен анықталады. Мемлекет тиісті жағдайда мәжбүрлеу әдісін қолдана отырып қажетті шараларды қолдануды міндетіне алса, қоғам мүшелері нормативтік-құқықтық актілерде көзделген өз құқықтарын пайдалана отырып тиісті қадамдарды жасауы қажет болады. Ал белгілі бір топтардың, яғни өз құқығын қорғауға мүмкіндігі жоқ адамдардың мүддесін қорғайтын әртүрлі мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың өкілеттігі шеңберінде жүзеге асырылады.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
Талап қою құқығының теориялық мәселелері.
1.1Талап ұғымы............................................................................................................6
1.2 Азаматтық сот өндірісінің түрлері: ерекше талаптық және сырттай іс жүргізу нысандарының түсінігі...............................................................................11
1.3 Талапқа құқықтың түсінігі ...............................................................................13
1.4 Талап қою құқығының жалпы сипаттамасы....................................................17
2. Талап арыз түсінігі мен нысанының түсінігі, өзекті мәселелері.
2.1 Талап арыздың нысаны мен мазмұнының заңға сәйкестігі.............................22
2.2 Талап арыздың реквезиттері, оныңіс жүргізушілік маңызы мен мәселелері...................................................................................................................24
2.3 Талап арыздығы талаптың құны, оның құқықтық және тәжірибелік мәселелері...................................................................................................................29
2.4 Аралық сотта талаптық істердің қаралуы мен өзгешелігі, ондағы талап арыздың ерекшелігі мен құқықтық мәселелері......................................................32
3. Талап элементі және оның түрлерінің түсінігі мен өзекті мәселелері.
3.1 Талап элементінің түсінігі..................................................................................39
3.2 Талаптың негіздемесі..........................................................................................40
3.3 Талап нысаны.......................................................................................................41
3.4 Талаптың мазмұны..............................................................................................44
3.5 Талап субъектісі...................................................................................................45
Қорытынды.............................................................................................................49
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................53

Работа состоит из  1 файл

Алмаз диплом готовый.doc

— 457.50 Кб (Скачать документ)

    Яғни   көріп   отырғанымыздай   талапкерге   талаптың   негіздемесін   не болмаса    нысанын    өзгерту    талаптың    басқа    түрге    ауысып    кетуін болдырмайды  
 
 

    3.4 Талап мазмұны

    М.А. Гурвичтің айтуы бойынша талаптар деп белгілі бір шешімді алуға  бағытталған құралдарды айтамыз. Тек осы белгілер арқылы яғни мазмұнмен-сұралып отырған қорғану түрімен тараптарды бір-бірінен ажыратамыз.41

    Талаптар  мынадай түрлерге бөлінеді:

    -кесу  талабы (присуждение)

    -тану  туралы талап -қайта құру талабы

    Кесу  талабы деп жауапкерге бірнәрсені орындаулы  күштеп жүзеге асырту туралы талапты айтамыз [34].

    Кесу  талабында корғау әдісі мен заңды  мүддесі талапкердің пайдасына белгілі бір іс-әрекетті жасауды немесе бас тартуды жауапкерге міндеттеуге бағытталады. Сол себепті мұндай талаптарды орындату деп те атайды. Өйткені ол қанағаттандырылған жағдайда сот іс жүргізуі атқару өндірісімен аяқталады.

    Кесу  талабына дәстүрлі түрде виндикациялық және деликтілік талап, мысалы қарыз өндіру талабы жатады.

    Тану  талабы-бұл заңды қатынасты жоқ  деп немесе бар деп сот арқылы бекіту, куәландыру немесе ресми тануға бағытталған талап.

    Е.В.Васьковскийдің айтуы бойынша жауапкерді орындауға кеспес бұрын, яғни оның соны кесу талабына алып келуі мүмкін болған құқықтық қатнасты алдын-ала куәландыру кесу талаптары, алдын алушы, преюдициялық орнатушы немесе тану талабы деп аталады [35]. Тану талабына меншік құқығын тану туралы талабын, тұрғын-жайды пайдалану құқығын тану туралы талап, акті жарамсыз деп тану туралы талабын жатқызамыз.

    Кесу  талабы мен тану туралы талап азаматтық  іс жүргізу құқығы теориясында «декларативтік талап» атты бірегей терминге біріккен. Осы талап бойынша шығарылған сот шешімдері әрекеттегі құқықтық қатынасқа ешқандай қайта құру енгізбейді, сот шешімінен кейін ол сот іс жүргізуіне дейін қалай болса сол күйінде қалады, бірақ та әрекеттегі қатынас анықтала түседі. Мысалы сот талапкердің жылжымасқа деген меншік құқығын ресми түрде таныса —сот актісі бұл жағдайда құқықты тіркеуге негіз болады, немесе сот жауапкерді қарызын қайтаруға кесім айтса-сот актісі атқару өндірісін қозғауға және мәжбүрлеп орындатуға алып келеді.

    Қайта құру талабы деп тараптар арасындағы әрекеттегі құқықтық қатынасқа қандай да бір жаңа нәрсе енгізетін сот шешімін қабылдауға бағытталған

     талапты айтамыз. Мұндай шешімнің нәтижесінде даулы құқықтық қатынас бастапқы түрін сақтамайды. Қайта құру талабы құқықтық қатынасты өзгертуге немесе құқықтық қатынасты тоқтатуға немесе құқықтық қатнасқа негіз болған мемлекеттік органның актісін не болмаса даулы мәмілені жарамсыз деп тануға бағытталады. Қайта құру талабын конститутивтік немесе қайта құру шешімі туралы талап деп атайды. Мұндай талапқа шартты бұзу туралы талаптарды жатқызуға болады.

    Кейбір  авторлар мазмұн сияқты элементті бөліп шығару дұрыс емес, себебі талаптың мазмұны талаптық іс жүргізушілік максатымен сай келеді, яғни талаптың барлық мазмұны оның нысаны мен негізімен бітеді.44

    Талаптың  мазмұны сияқты элемент бөліп шығару талаптың қос сипатымен айшықталған. (іс жүргізушілік талап пен материалдық талаптың бірлестігімен) 

    3.5 Талап субъектісі

    Оларды  құрамдас бөліктер ретінде бөліп  шығару іс жүзіндегі қажеттіліктен  туындап отыр. Яғни жалпы кұзіретті сот мәлім етілген талапты сол тараптардың арасындағы дау бойынша сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған соттың заңды күшіне енген шешімі немесе талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына байланысты іс бойынша сот ісін жүргізуді тоқтату туралы немесе тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту туралы сот ұйғарымы болса бас тартады [36].

    Заң тараптарды талапты оқшауландыратын  элемент ретінде қарауға итермелейді. Яғни салыстырылған талаптар барлық үш элементі- талап субъектісі, нысаны және негіздемесі толығымен сай келгенде ғана құралы талап ретінде танылады. Дегенмен «талаптың субъектісі» ретіндегі элемент даулы болуы мүмкін. Себебі заң тек тараптар туралы көрсетеді. Бірақ бұның жаны бар.

    Талаптың  субъектілерінің шеңберінің аясы тар: оған тек талапқа қатысы бар материалдық құқыққа билік ету құқығы бар ғана тұлғалар жатады. Талаптың субъектілеріне талап қоюшы мен жауапкер, сондай-ак дау нысанына дербес талабын мәлімдейтін үшінші тұлғалар жатады. Ал қалған іс жүргізуге қатысатын тұлғалар талап субъектісі ретінде есептелмейлі. Себебі олардын материалдық кұкығы талапқа қатысты емес және олар даулы материалдық құқыққа билік жүргізу құқығына ие емес.

    Жоғарыда  аталғандарға негіздей отырып талап  субъектісі талапты 
оқшауландыратын элемент ретінде қарастыру дұрысырақ келеді. Өйткені 
тараптар терминінің мағынасы тарлау, ал тұлғалар термині кеңірек. Талапты 
бұрын берілген талапқа кұралпы деп бағалаған кезде тек талап субъектісі 
есепке алынады, қалған баска қатысушылар талапты окшаулаушы элемент 
ретінде қарастырылмайды. Демек екі талаптың негіздемесі мен нысаны, cондай-ақ талапқоюшы мен жауапкер құралпы болғанда, бірақ куәлар мен өкілдер сай келмесе талаптар құралпы құралпы болады және олардың біреуі кейінірек берілген мәні бойынша қаралуға жатпайды.

    Егер  талап арызды прокурор немесе өзге тұлғалардың құқығын қорғап талап беру құқығына ие мемлекеттік орган берген кезде талапкер ретінде мүддесі қорғалып талап арыз берілген тұлға танылады.

    Егер  прокурор (баска да мемлекеттік орган) мемлекеттік немесе қоғамдық мүддені қорғап жүгінсе ол талапкер деп танылады. Осылай болғанда бірінші жағдайда мүддесіне қатысты талап берілген тұлға құралпы талаппен жүгіне алмайды, себебі оның сотпен қорғану құқығы жүзеге асырылып қойылды. Екінші жағдайда жеке немесе заңды тұлға дәл сондай талаппен жүгінгенде талап арызды құралпылығы үшін бас тартуға болмайды.

    Ал  келесі бір автор Г.Л.Осокина талаптың элементі ретінде талап тараптарын атайды [37]. Талаптың қалыптағы құқықты қорғау қарама-қарсы заңды мүдделері бар тараптар арасындағы құқық немесе заңды мүдделер жөнінде даудың болуымен сипатталады. Осы жағдай талаптың ішкі құрылымын анықтау кезінде тараптарсыз айналып өтуге болмайды деп есептейді. Бұл қорытынды заңда көрініс тапқан, себебі талап үш элементпен нысан негіздеме және тараптарымен оқшауланады. Дегенмен бұл пікірмен келісе алмаймыз. Біріншіден талап пен талап қою аркылы іс жүргізу дәлме-де дәл құралпы ұғым емес. Талап қою арқылы құқықты корғау-сотқа талап беру арқылы қозғалатын іс бойынша жүргізілетін сот өндірісі. Бұл жағынан құқықты талап қою қалыпымен қорғау дегеніміз талап қою аркылы іс жүргізу. Талап мүдделі тұлғаның өз құқығын немесе заңды мүддесін қорғап жүгінуі. Құқықты талаптық пішімде қорғау белгілері бір мезетте талаптың белгілері бола алмайды.

    В.М. Гордон іс жүргізудің субъектісі талаптың кажетті элементі деген пікірді жоққа шығара отырып былай дейді:

    «іс жүргізудің субъектілері талаптың өзі  сияқты іс жүргізудің элементі болып табылады. Іс жүргізудің өзгеруі талаптың өзгеруіне емес талаптың өзгеруіне байланысты». Тараптардың ауысуымен іс жүргізу де жаңарады. Екіншіден Г.Л. Осокинаның сүйеніп отырған азаматтык іс жүргізу заңнамасының нормасы талаптық емес құқық туралы даудың  оқшаулануын көрсетеді. Қ.Р. АІЖК-нің 153 бабының 1)тармағынын 2) тармакшасында көрсетілгендей «сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол туралы және сол негіздер бойынша шығарылған соттың заңды күшіне енген шешімі немесе талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына байланысты іс бойынша сот ісін жүргізуді тоқтату туралы немесе тараптардын бітімгершілік келісімін бекіту туралы сот ұйғарымы болса, бас тартады» Сонымен қатар 154 баптың 1)тармағының5)тармақшасында «осы немесе басқа бір соттың іс жүргізуінде сол тараптар арасында, сол нысана туралы және сол негіздер

     бойынша дау жөнінде іс бар  болса» деп көрсетілген жағдайлар  орын алса судья талап арызды қайтарады.

    Талап нысаны мен негізі талаптың материалдық  жағын бейнелейді. (Өзара материалдық құқықтық қатынастан туындайтын материалдық талап, материалдық талапқа негіз болатын заңды факт)

    Сонымен бірге мүдделі тұлғаның сотқа  жүгіне отырып қойған өкіметтік тану, кесу немесе қайта құру туралы талабы- сұралып отырған қорғану түрі-талаптык іс жүргізушілік жағын сипаттайды.

    Қ.Р. АІЖК 166 бабы бойынша сот дауды  дұрыс , тез, ұтымды түрде қарау үшін істі сотта карауға әзірлеу сатысында бірқатар іс жүргізушілік әрекеттер жасайды. Ондай іс әрекеттерге істі шешу үшін маңызы бар мән-жайларды айқындау, тараптардың құқықтық қатынастарын және басшылыққа алынуға тиісті заңды анықтау , іске қатысатын адамдардың құрамы мен процесстің басқа да қатысушылары туралы мәселені шешу, әрбір тарап өз пайымдауларын негіздеу үшін тиісті дәлелдемелерді анықтау.47

    Мұндай  іс-әрекетті сот тек қорғану түрі берілген талапта анықталған жағдайда ғана жасайды әрі соттық іс жүргізушілік әрекетті аяқтауы осыған байланысты.

    Осылайша  соттың талаптың элементі ретінде мазмұнының бөліп шығаруына талап емес процесс ықпал етеді. Ол сонымен қатар сот талқылауының ерекшелігін және бағытын, сипатын және көлемін анықтайды.

    Мысалы  қайта құру талабы бойынша шешім  егер материалдық заңда құқықтық қатынасты жою тоқтату және өзгерту  құқығының болуына байланысты шығарылады. Қайта құру талабы бойынша шешімдерді іс жүргізушілік тәртіпте шығарылған декларативтік шешімдерден осы негізбен ажырата аламыз.

    Сонымен талаптық талап етудің мазмұны сияқты талап элементін бөліп шығару өте маңызды. Себебі ол сот зерттеуі мен сот талкылауынын жиектерін анықтауға, заңды және негізді шешім шығаруға мүмкіндік береді.

    Талаптық  талап етумен жүгінген тұлға өзінің құқықтық ұстанымын айқындауы және талап арызда талап элементтерін көрсетуі тиіс. (онын материалдық жағы: нысан, негіз субъект) Өкінішке орай талапқоюшылар кей жағдайда бұл ережелерді сақтамайды.

    Шығынды өндіру туралы талапта талапкоюшы негіз  ретінде жауапкермен 
арадағы келісім-шартты және жауапкердің тиісті дәрежеде

    орындамағандығын  келтіреді.

    Сонымен қатар талап қоюшы жасалған келісім-шарттың  заңға сәйкестігіне күмәндана отырып «сақтанады» және талап арызда даулы келісім-шартты жасалмаған деп таныған жағдайда жауапкердің әрекетінен туындаған талап қоюшының шарттан тыс зиянын өндіріп беруін көрсетеді. Яғни мұндағы

    талап екі негізді көздейді (келісім-шарттық  міндеттемені бұзу және шарттан тыс келтірілген зиянды) және екі объектіні меңзейді. (шартты тиісті түрде орындамаудан туындаған шығын және шарттан тыс зиянды өндіру бойынша шығын) Талап қоюшы бір уақытта екі талаптық талапты қояды, әрі ол екеуі де бір мүддені көздейді және өзара бірін бірі толыктырады.(балама)

    Өзара бірін бірі толықтыратын талаптық талап ету деп біреуінің қанағаттандырылуы басқасын канағаттандырудың керегі жоқ екендігін көрсетеді. Себебі оның екеуі де бір мүддені көздейді. Бүл ереже бір уакытта берілетін талапқа да, соңынан берілетін талапқа да қатысты. Мысалы шарттан тыс зиян келтіру кезінде бір мезетте зақымдалған затты натура түрінде түзетуді және осындай түзетуге кеткен шығында өндіріп алуды талап етуге болмайды. Тиісті сапасы жоқ затты алған кезде бір мезетте бұл затты тиісті сапасы бар затпен ауыстыруды сұрай отырып сату бағасын түсіруді талап етуге хақысы жок. Жалдау ақысын өндіру кезінде мүлікті шарттан тыс пайдаланғандығының ақысын талап етуге болмайды.

    Бір процессте баламалы талаптарды біріктіріп қарап шешім шығарған кезде оның біреуін қанағаттандыра отырып екіншісін ысырып тастау бұл шешімді сот іс жүргізушілік заңды бұза отырып, өз бастамашылығымен талап нысанын анықтап талапқоюшы кұқығын бұзды деген тұжырыммен шағымдана алады. Мұндай жағдай судья талап арыздың сапасыз құрастырылғандығы жөнінде қорытынды жасап мәлімделген талаптық талап ету іс жүргізушілік заңда бекітілген талаптарға императивті түрде катаң бағынылуы тиісті сот талаптық талап етуге «түсіндірме жасап оған басқаша түр беруге хақысы жоқ.

    Бұндай      жағдайды      жою      үшін      біріншіден талап      арыздың

    формулировкасының мүмкіндігін факультативті түрде  жою керек. (Мысалы мүлікті меншікке беру, ол онда болмаса , оның құнын натура түрінде өндіру)

      Бүгін де мұндайға жол беріледі [38].

    Талаптық  талап етудің «факультативті» мағынада берілуі дәлелдеуге жататын мән-жайлар шеңберін анықтауды және берілген дәлелдемелердің қатыстылығы мен жіберілетіндігін тексеруді қиындатады, ал кей жағдайда іске мүдделі мүдделі тұлғаларды қатыстыру мәселесін шешуді киындатады.

Информация о работе Талап қою құқығы