Талап қою құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 11:39, дипломная работа

Описание

Кез келген демократиялық, құқықтық мемлекет құруды басты бағыт ретінде ұстанған мемлекет пен қоғамды басты құндылық адам және оның өмірі, құқығы мен бостандығы екендігі белгілі. Ал адам құқығын қорғаудың ең басты көрсеткіші оны қорғаудың мемлекеттік механизімі мен қоғаммүшелерінің өздеріне берілетін мүмкіншіліктің деңгейімен анықталады. Мемлекет тиісті жағдайда мәжбүрлеу әдісін қолдана отырып қажетті шараларды қолдануды міндетіне алса, қоғам мүшелері нормативтік-құқықтық актілерде көзделген өз құқықтарын пайдалана отырып тиісті қадамдарды жасауы қажет болады. Ал белгілі бір топтардың, яғни өз құқығын қорғауға мүмкіндігі жоқ адамдардың мүддесін қорғайтын әртүрлі мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың өкілеттігі шеңберінде жүзеге асырылады.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
Талап қою құқығының теориялық мәселелері.
1.1Талап ұғымы............................................................................................................6
1.2 Азаматтық сот өндірісінің түрлері: ерекше талаптық және сырттай іс жүргізу нысандарының түсінігі...............................................................................11
1.3 Талапқа құқықтың түсінігі ...............................................................................13
1.4 Талап қою құқығының жалпы сипаттамасы....................................................17
2. Талап арыз түсінігі мен нысанының түсінігі, өзекті мәселелері.
2.1 Талап арыздың нысаны мен мазмұнының заңға сәйкестігі.............................22
2.2 Талап арыздың реквезиттері, оныңіс жүргізушілік маңызы мен мәселелері...................................................................................................................24
2.3 Талап арыздығы талаптың құны, оның құқықтық және тәжірибелік мәселелері...................................................................................................................29
2.4 Аралық сотта талаптық істердің қаралуы мен өзгешелігі, ондағы талап арыздың ерекшелігі мен құқықтық мәселелері......................................................32
3. Талап элементі және оның түрлерінің түсінігі мен өзекті мәселелері.
3.1 Талап элементінің түсінігі..................................................................................39
3.2 Талаптың негіздемесі..........................................................................................40
3.3 Талап нысаны.......................................................................................................41
3.4 Талаптың мазмұны..............................................................................................44
3.5 Талап субъектісі...................................................................................................45
Қорытынды.............................................................................................................49
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................53

Работа состоит из  1 файл

Алмаз диплом готовый.doc

— 457.50 Кб (Скачать документ)

    Азаматтық іс жүргізу ғылымында талап элементтерін оның кұрамдас бөліктері ретінде қарастыру орын алған. Талап злементтері деген ұғым жөнінде өте өткір пікір таластар орын алады. Сондай-а0 талаптың элементтерінің түрлері ғана емес, көлемі жөнінде де тіпті элементтердің бар жоқтығы жөнінде де пікір-таластар орын алуда.

    Бір авторлар талаптың үш элементі нысаны, негізі және мазмұны бар екендігін  дәлелдеуге тырысады. Бұл көзқарастар  кеңестік азаматтық іс жүргізу құқығында М.А.Гурвичтің пікірімен бекітілді және Н.Б. Зейдер, А.Ф.Клейнман сияқты ғалымдардың колдауына ие болды.

    Келесі  бір авторлар, олар да талаптың үш мүшелі конструкциясын айтады, яғни олар нысаны, негізі және тараптары. Мұндай пікір Г.Л. Осокинаның еңбегінде көрініс тапқан.

    Үшінші  авторлар талап екі элементтен нысан  және негіз деп көрсетеді. Бұндай пікірді А.А. Добровольский келтіреді. Оның көзқарасы көптеген ғалымдар тарапынан, мысалы С.А.Иванова, В.Н.Щегловтардың тарапынан қолдау тапты.

    Төртіншілері  тіпті талапты элементтерге бөлудің  керегі жоқ, себебі ол туралы заңшығарушы айтпайды деп пікілерін негіздеуде. Олардың ойынша нысан, негіз және тараптар талапты оқшауландыратын белгілер, сол себепті оны талаптың белгілері деп атаған дұрыс деп есептейді. Мұндай пікірді И.М.Зайцев,О.В.Исаенкова келтіреді.

    Жоғарыда  аталып өткен мәселелер талап элементі деген ұғымның өзін ашу керек екендігін көрсетеді.

    Белгі, қасиет және жиек -бұлар бір қатардағы  үғымдар.

    Жиек-ерекшелікті  анықтайтын қасиет, ал касиет- белгілі  бір нәрсенің ерекшелігін анықтайтын сапа, белгі, белгі- яғни сол арқылы білуге болатын көрсеткіш.

    Философиялық  категория ретінде бұл белгілер нысанның нақтылығы немесе бар екендігі мен оның бас нәрселерден айырмашылығы немесе оларға деген қатынасын айтамыз.

    «Элемент» сөзі тек қана белгілі бір нәрсенің құрушысы ғана емес ,сондай-ақ белгілі бір нәрсенің мазмұнындағы белгілер ретінде де қарастыруға болады.

    Қандай  да бір құбылыстың элементі сол құбылыстың мәнді бір, сипаттаушы белгісі ретінде айтуға болады.

    Сол себепті талап элементін талаптың құрамдас бөліктері ретінде, талапты  сипаттайтын белгі ретінде карастырамыз. Тек микана осындай жағдайда ғана

    талап элементтері талапты оқшауландыра алатын құрал ретінде қарастыруға

    болады [33].

    Мүдделі  тұлғалар   сотқа  жүгіне  отырып  тапсыратын   талаптық  талаптық

    етулерді  бір-бірінен  оның  құрамдас  бөліктері,   яғни   элементтері   арқылы

    ажыратамыз.

    Іс  жүргізушілік заңнамада көрсетілген  негізгі екі элемент- нысаны мен  негіздемесі талапты оқшауландырады.

    Осымен  бірге кейбір авторлардың пікірінше  заңда аталмаған үшінші элемент бар. Ол қызу пікірталастың нысанына айналған үшінші элемент теке-тірестегі тараптар және сот арқылы қорғану әдісі (мұны талап әдісі деп есептейді)

    М.Рожкованың   пікірінше   талаптың   төрт   элементі   бар.   Бұлар:   талап субъектісі, талап негіздемесі, талап нысаны, талап мазмұны. 

    3.2.Талаптың  негіздемесі

    Талап негіздемесіне талаптық талап етуге(исковые  требование) негіз болған заңды фактілер жатады.Оған мысалы келтірсек, мәмілелер оның ішінде келісім-шарттар, мерзімнің келу фактісі, міндеттемені орындамау немесе тиісті дәрежеде орындамау, зиян келтіру және т.б. Талаптың негіздемесі негізінде бір емес бірнеше фактілер жиынттығынан тұратын фактілік құрамнан тұрады.

    Кейбір  авторлардың пайымдауынша фактілік кұрамға қоса талаптық талап етудің (исковые требование) негіздемесі ретінде «заң талап қоюшыдан оның пікірінше бұзылған заң немесе құкық нормасына сілтеме жасау керек. Бұл талаптың құқықтық негіздемесі болып табылады.40

    Талаптың  кұқықтық негіздемесі оның фактілік негіздемесімен кұралы болмауы қажет.

    Төрелік соттарда және кұзіретті соттар да өз бастамашылығымен талапты нысанын өзгерте алмайды-бұл құқық тек талап қоюшыға тиесілі. Нәтижесінде талапкер өзінің талабын қолданылуға жатпайтын құқық нормасына негіздеуіне байланысты талаптың құқықтық негіздемесі мен талаптың фактілік негіздемесі құралы болғанда сот талаптың негізін өзгерту құқығының жоқтығы салдарынан талаптық талап етуді (исковые требование) канағаттандырудан бас тартуы тиіс.

    Бірақ осы тұста басқаша қараған  дұрыс сияқты.

    Сотта құқықтық дауды шешу-бұл соттың әрбір - нақты жағдайда қолданылуға жататын нормативтік құқықтық актіні басшылыққа ала отырып жүзеге асыратын құқық қолдану кызметі. Дауды шешу барысында талап арызда көрсетілгендегіден өзге құқық нормасын бұны сот актісінің сипаттау бөлігінде көрсете отырып, қолданған кезде сот талаптың негізін өзгертпейді. керісінше тиісті нормативтік құқықтық актіні басшылыққа ала отырып

     даудың мәтіні бойынша шешім қабылдайды. Ал бұл заңдылық қағидасына толық сай келеді.

    Яғни  негіздеме деп- талапқоюшының жауапкерге қоятын талабына негіз ретінде алынатын белгілі бір заңды фактілер, яғни заңнамада көзделген ретте құқықтың пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына алып келетін нақтылы мән-жайларды айтамыз. Талаптың негізі ретінде бір мән-жай емес бірнеше мән-жайлардың жиынтығы құрайды.

    Талапқоюшы:

    өзінің  бастапқы көрсеткен негіздемелік мән-жайды  өзгертуге құқығы бар. Талап негіздемесін толығымен өзгерту сот тәжірибесінде сирек кездесетін жағдай. Бұл мысалы көп жағдайда виндикациялық талап қойылған кезде, яғни талапкер алдымен негіздеме ретінде жылжымайтын мүлікке құқығын дәлелдеу үшін сатып-алу сату шартын көрсетеді, кейінірек тауып алғандығының уақытының келуіне байланысты осы мән-жайды көрсетуі мүмкін,

    негіздеменің  бір бөлігін өзгертуі немесе фактілердің кейбіреуін алып тастауы мүмкін. Мысалы жалдау шарты бойынша жалға беруші жалдау шарты бойынша берілген мүлікті ерте алып қоюды көздейді, негіз ретінде берілген мүліктің күйінің нашарлағанын негізге алады. Үдеріс барысында талапкер талап негіздемесі ретінде басқа жағдайды, яғни жалға берілген мүлікке күрделі жөндеу жұмыстары жалдау шартында көзделгендегідей жүргізілмегендігін негіз ретінде көрсетеді. Мұндай өтінім қанағаттандырылуы керек, себебі талапкер заңға сәйкес әрекет етіп отыр.  

    З.З Талаптың нысаны

    Талап  нысаны  заң  әдебиетіндегі даулы  тақырыптардың  бірі.  Талаптың нысаны ретінде:

    -талапкердің  жауапкерге қоятын материалдык  құқықтық талабы, -даулы құқықтық қатынас,

    -қорғауға  жататын субъективтік құқық,

      -корғану,

      -қорғану әдісі.

    Талап (талаптық талап ету) міндетті екі кұрамадан: материалдық талап және іс жүргізушілік талаптан тұрады. Екіншісі біріншісін мәжбүрлеп орындату мақсатында жүреді. Яғни мемлекеттік сотқа жүгіну дегеніміз материалдық талапты жауапкер өз еркімен орындамағандығының салдарынан сот билігінің күшіне арқа сүйей отырып жүзеге асыру. Талап қоюшының материалдық талабы дегеніміз- өндіріп алуды, тануды немесе толтыруды талап ету.

    Осы жерде айта кететін бір нәрсе талапты материалдық және іс жүргізушілік талаптың жиынттығы ғана құрайды. Іс жүргізушілік талап материалдық талап жоқ жерде қойыла алмайды, ол материалдық талап іс жүргізушілік талап жоқ жерде жай ғана материалдық талап қою жолымен кұқықты қорғау болып табылады.

    Сонымен қатар талаптық талап ету талапкердің  ізденіп отырған игілігін алуды көрсетеді. Бұл игілік ақша сомасы, нақтылы бір мүлік, мүліктік құқық және т.б. Бұл талаптың объектісі.

    Талаптың  объектісі талаптың нысанына құрамдас бөлік ретінде кіреді және талапты нақтылайды. Ал талаптық талап етуді үлкейту немесе жөнінде мәселе туындаса бұл жерде материалдық объектінің тек көлемі жөнінде сөз болады. Бұны нысанның толық өзгеруі деуге болмайды. Кәдімгі жағдайда талаптық талап етуді азайту (көбейту) талап сомасын өзгерту арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар талапкер (дау нысанына дербес талабын мәлімдейтін үшінші тұлға) мүліктің кайтарылуын талап еткен жағдайда мысалы бірлік көлемін немесе тауар көлемін өзгертуге кедергі болмайды.

    Осы айтылғандарды негіздей келіп мынадай  қорытынды жасауға болады. Талаптың нысанын талап субъектісімен  материалдық талаптың жиынтығы құрайды. Сонымен талаптың нысаны ретінде нақты акшалай сомадағы негізгі қарызды өндіріп алу туралы талап немесе уақыты өткізілген әрбір күн үшін тұрақсыздық айыбының пайызын, белгілі бір мүлікке меншік құқығын тануды да талап ету,немесе ортақ меншік құкығындағы үлесті сатып алудың артықшылықты құқығын тану туралы, шарттан тыс келтірілген зиянды өндіру ретіндегі ақша қаражатын өндіру туралы талап ету немесе шартты орындамаудан келтірілген шығынды толтыру мақсатындағы ақша қаражатын өндіруді талап ету және т.б.

    Талап  нысанының әрбір  құрамдас  бөліктері  (материалдық талап  және талап объектісі) өзіндік маңызға ие әрі өзгертіле алады.

    Талап   нысанын   өзгерту   барысы   тек   міндетті   түрде   талап   негізінің өзгеріссіз қалған уақытында жүзеге асырылады. Талаптық талап етуді -талап объектісін,

    -талапкердің  жауапкерге қойған материалдық  талабын, 

    -талап  нысанын толық өзгерту арқылы  жүзеге асырылады.

    Талап объектісін талаптың негізін өзгеріссіз калдыру шартының нәтижесінде ғана және мына жағдайларда өзгерте алады:

  1. талап объектісінің қомақты бөлігін өзгерту. Бұл мысалыға алсак, талап 
    етіліп   отырған   ақша  сомасының   көлемін   азайту   немесе   көбейту, 
    мүліктің бірліктерінің санын   немесе көлемін азайту немесе көбейту 
    және т.б.
  2. бастапқы объектіні баска объектіге ауыстыру. Бастапкы объектіні баска 
    объектіге ауыстыру егер де негіз өзгеріссіз қалдырылған жағдайда жол 
    беріледі.   Мұндай   жайт   көбінше   мысалы   талапкер       келтірілген 
    шығынды натура түрінде (затты сол күйінде және сол сапасымен, 
    зақымдалған  затты жөндеу т.б.) ал кейіннен келген шығынды ақшалай 
    беруді сұрауы мүмкін. Не болмаса талапкер бірінші мүлікке меншік 
    құқығын тануды талап етеді, соңынан шаруашылық іс жүргізу кұқығын 
    тануды сұрайды.

    Талапкердің талап объектісін бірінен басқаға  ауыстыруы тәжірибеде көптеген сұрақтардың туындауына алып келуде. Объектіні ауыстыру кезінде сот бір нәрсені анықтауы тиіс, яғни объектінің ауысуы кезінде талапкердің бастапқы мүддесі өзгеріссіз қалады ма. Осы мәселені шешу кезінде көптеген судьялар қате жіберіп жатады. Ал жоғарғы инстанциядағы сот көп жағдайда бір мүдденің әртүрлі жолдармен корғалуға жататындығын түсіндірумен болады.

    Талаптың  келесі бір басқа бөлігін өзгерту, яғни талаптық талап етуді өзгерту былай жүзеге асырылады. ( мұнда да негіз өзгеріссіз калуы тиіс)

    1 материалдық талаптың бір бөлігінен бас тарту. Талапкер талаптан бас 
тарта алады, бірақ бұл істің қысқаруына және кұралы талап бойынша 
қайтадан талап берілгенде соттық қарауға жол бермейді.

    Бұл жағдай талапкер талаптан толық бас  тартқан жағдайда немесе талаптың белгілі бір бөлігінен бас тартқан жағдайда жүзеге асырылады. Талаптың бір бөлігінен бас тарту егер талаптың құрылымы күрделі болған жағдайда, бірақ бір объектіге бағытталған жағдайда жүзеге асырылады. Бұл мысалы мүлікті жауапкерден алып қою және оны үшінші тұлғаға беру көзделген ретте жүзеге асырылады. Талапкер талаптың бір бөлігінен бас тартуға яғни жауапкерді үшінші тұлғаға затты беру міндетін талап етуін алып тастауы мүмкін.

    2 Талаптың бастапқы объектісіне қатысты қосымша материалдық талап 
қоюы   мүмкін.   Бұл   жоғарыда  аталған   мәселеге   біршама   қарсы,   яғни 
мысалы талапкер бірінші жауапкердің қарызы бар екендігін тануды сұрауы, артынан сол қарызды өндіріп беруін сұрауы мүмкін.

    Талаптың  нысанын өзгерту :

    1.талап  нысанының бөлігінен бас тарту. Бұндай бас тарту егер талап құрамды талап болған кезде, яғни бір талапта бірнеше талаптық талап етулер орын алған кезде жүзеге асырылады. Мысалы, негізгі қарызды өндіріп алу және уақыттың өткізілуіне орай міндеттеменің орындалмауынан туындаған тұрақсыздық айыбын төлету.

    Егер  жауапкер өз еркімен негізгі қарызды төлеп берген жағдайда талапкер талаптан бас тартады, ал сот талаптың осы бөлігіне қатысты істі қысқартып тек тұрақсыздық айыбын өндіру мәселесін қарауы мүмкін. 2.Талап нысанын тұтастай өзгерту, егер бұл заңда көзделсе. Заңда көзделіп кеткендей құқығы бұзылған тұлғаның мүддесін қорғаудың көптеген баламалы әдістері бар. Мысалы мердігерлік шарт бойынша мердігер шарттан ауытқи отырып міндетін атқарған кезде тапсырыс беруші мердігерден, 1) кемшілікті ақысыз жоюды. 2) жүмыстың ақысын тиісті дәрежеде азайтуды, 3) кемшілікті өзі жоюына байланысты кеткен шығынын сұрауы мүмкін. Сонымен көріп отырғанымыздай бірінші жағдайда талапкер жұмыстың кемшілігін ақысыз түзетіп беруді сұраса, ал келесі жағдайда кемшілікті өзі түзетіп. түзетуге кеткен шығынын өндіріп алуды көксеп отыр,-талаптың нысаны тұтастай өзгеріп отыр.

Информация о работе Талап қою құқығы