Талап қою құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 11:39, дипломная работа

Описание

Кез келген демократиялық, құқықтық мемлекет құруды басты бағыт ретінде ұстанған мемлекет пен қоғамды басты құндылық адам және оның өмірі, құқығы мен бостандығы екендігі белгілі. Ал адам құқығын қорғаудың ең басты көрсеткіші оны қорғаудың мемлекеттік механизімі мен қоғаммүшелерінің өздеріне берілетін мүмкіншіліктің деңгейімен анықталады. Мемлекет тиісті жағдайда мәжбүрлеу әдісін қолдана отырып қажетті шараларды қолдануды міндетіне алса, қоғам мүшелері нормативтік-құқықтық актілерде көзделген өз құқықтарын пайдалана отырып тиісті қадамдарды жасауы қажет болады. Ал белгілі бір топтардың, яғни өз құқығын қорғауға мүмкіндігі жоқ адамдардың мүддесін қорғайтын әртүрлі мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың өкілеттігі шеңберінде жүзеге асырылады.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
Талап қою құқығының теориялық мәселелері.
1.1Талап ұғымы............................................................................................................6
1.2 Азаматтық сот өндірісінің түрлері: ерекше талаптық және сырттай іс жүргізу нысандарының түсінігі...............................................................................11
1.3 Талапқа құқықтың түсінігі ...............................................................................13
1.4 Талап қою құқығының жалпы сипаттамасы....................................................17
2. Талап арыз түсінігі мен нысанының түсінігі, өзекті мәселелері.
2.1 Талап арыздың нысаны мен мазмұнының заңға сәйкестігі.............................22
2.2 Талап арыздың реквезиттері, оныңіс жүргізушілік маңызы мен мәселелері...................................................................................................................24
2.3 Талап арыздығы талаптың құны, оның құқықтық және тәжірибелік мәселелері...................................................................................................................29
2.4 Аралық сотта талаптық істердің қаралуы мен өзгешелігі, ондағы талап арыздың ерекшелігі мен құқықтық мәселелері......................................................32
3. Талап элементі және оның түрлерінің түсінігі мен өзекті мәселелері.
3.1 Талап элементінің түсінігі..................................................................................39
3.2 Талаптың негіздемесі..........................................................................................40
3.3 Талап нысаны.......................................................................................................41
3.4 Талаптың мазмұны..............................................................................................44
3.5 Талап субъектісі...................................................................................................45
Қорытынды.............................................................................................................49
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................53

Работа состоит из  1 файл

Алмаз диплом готовый.doc

— 457.50 Кб (Скачать документ)

        Жауапкердің тұрғылықты жерін көрсету істің соттылығын анықтауға әсер етеді. ҚР АІЖК-нің 135-бабының 2-бөлігіне сәйкес, мемлекет мүдделеріне орай, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу, асыраушысының жарақат алуымен немесе денсаулықтың өзгедей зақымдануымен немесе қайтыс болуымен келтірілген зиянды өтеу туралы талап қою бойынша жауапкердің жүрген жері белгісіз болған жағдайда сот жауапкерді ішкі істер органдары арқылы іздестіру жариялауға міндетті. Соттың жауапкерді іздестіру жариялауы істі қарауға кедергі болмайды. Мұндай жағдайда сот арызда жауапкердің сотқа талап қойылған уақытта нақты тұрғылықты жерінің көрсетілмеуіне байланысты арызды қозғалыссыз қалдыра алмайды. Бірақ талапкер жауапкердің соңғы тұрғылықты жерін көрсетуі керек, бұл істің соттылығын анықтау және талап арыздың осы сотпен қабылдануы үшін қажет.

    Талап арыз талаптың азаматтық іс жүргізушілік нысаны ролін, егер онда 
талап қою талаптары дұрыс көрсетілсе және сот арқылы қорғалу тәсілі заңға 
сәйкес анықталса ғана, атқара алады. Бұл мәселелер, әдетте, талап арыздың 
қорытынды бөлігінде көрініс табады. Сондай-ақ, мүнда істі сотта қарауға 
әзірлеуді сапалы жүргізуді, істі тез және дұрыс қарау мен шешуді және 
заңды, негізді сот шешімін шығаруды қамтамасыз етуге бағытталған 
әртүрлі мазмұндағы (үшінші тұлғаларды тарту, талапты 
қамтамасыз ету, дәлелдемелерді қамтамасыз ету және т.б. туралы)

    өтінімдер болуы мүмкін. Талап арызда талапкердің  өз талаптарын негіздейтін мән-жайлары, яғни талаптың негіздемесі және талапты растайтын дәлелдемелер көрсетілуі керек.

    Талаптың  негіздемесі арқылы тараптар арасында құқықтық қатынастың пайда болуын, талап қоюшының субъективтік құқығын, сондай-ақ осы құқықтың бұзылуын анықтауға болады. Талап негіздемесінің нақты көрсетілуі осы баптың басқа талаппен ұқсастығының бар немесе жоқ екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Талаптың негіздемесі сәйкес дәлелдемелермен расталуы керек. Талап арызға жазбаша дәлелдемелер, яғни

     ҚР Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21 маусымдағы № 3 "Соттардың моральдық  зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы" нормативтік Қаулысында

    талапкер  өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар, егер көшірмелер оларда болмаса, жауапкерлер мен үшінші тұлғалар үшін бұл құжаттардың көшірмелері тіркеледі [24]. Жазбаша дәлелдемелер даулы материалдық құқықтық қатынастың сипатына, құқық туралы нақты даудың мән-жайларына, оның күрделілігіне және субъектілік кұрамына байланысты болады.

    ҚР  Жоғарғы Сотының нормативтік  қаулыларында жекелеген азаматтық  істер бойынша талапты негіздейтін қандай мән-жайлардың талап арызда көрсетілуі тиістігі және тапсырылатын дәлелдемелер тізімі жөнінде арнайы түсіндірме беріледі. Мысалы, некені бұзу туралы талап арызда некенің қашан тіркелгені, ортақ балалары бар ма, олардың жасы, ерлі-зайыптылар кәмелетке толмаған балаларының қайсысы кіммен бірге тұратыны туралы келісімге келді ме, балаларды және (немесе) еңбекке жарамсыз мұқтаж ата-анасын асырауға арналған қаржыны төлеу тәртібі туралы, оған жұмсалатын қаражат мөлшері туралы немесе ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлуі, некені бұзу кезінде оны бұзуға өзара келісім болған жағдайда оны берудің себептері, некені бұзу туралы талаппен бірге басқа да талаптардың қойылмағаны көрсетіледі. Арызға неке туралы куәліктің түпнұсқасы, балалардың тууы туралы куәліктердін кешірмелері, сонымен қатар талап арызды қабылдау кезіндегі судья растаған еңбекақы және ерлі-зайыптылардың басқа да табыс көздері туралы кұжаттар, басқа да қажетті құжаттар қоса тіркеледі [25].

    Сотқа жүгінушілерді көп мазалайтын сұрақтар бар:

    1)Дәлелдемелердің  талап арызда көрсетілуі талап  арыздың міндетті реквизитіне жата ма?

    2) Сотқа берілген талап арызға  дәлелдемелер міндетті түрде  тіркелуі керек пе?

    ҚР  АІЖК-нің 65-бабында әр тараптың өз талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі көзделеді. Біздіңше, сот істі қозғау кезінде тараптарды қажетті дәлелдемелерді тапсыруға міндеттей алмайды. Бұл бір жағынан мынамен байланысты: талап қоюшыда өз талабын негіздейтін мән-жайларды растайтын дәлелдемелерден тек оның жеке түсініктемелері ғана болуы мүмкін. Ендеше басқа дәлелдемелердің талап қоюшыда болмауы талап арызды қозғалыссыз калдыру үшін негіз болмауы керек тәрізді, дәлелдемелердің жеткіліксіздігі талап қоюшының талабын қанағаттандырудан тартуға әкелуі мүмкін. Екінші жағынан тапсырылған дәлелдемелер (жеткіліксіз болған жағдайда сот талап арызды қабылдап, істі қозғағаннан кейін істі сотта қарауға әзірлеу тәртібімен дәлелдемелерді 
жинауға байланысты шаралар (тараптарға қосымша дәлелдемелер тапсыруды ҚР АІЖК-нің 151-бабының 4-тармақшасына сәйкес ұсыну немесе, егер тараптар үшін дәлелдемелерді тапсыру қиындық келтірсе, 
дәлелдемелерді талап етуде көмек көрсету жолымен) қабылдай алады [24]. 
Осыған орай ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларында түсіндірме 
беріледі. Мысалы, шарттық және өзге де міндеттемелерді орындауы кезінде 
жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы 
талап арызға қойылған талаптардың сипатына қарай мынадай дәлелдемелер: 
ұйым әкімшілігінің енбек жарақатын алған кызметкерге келтірілген 
зиянды өтеу туралы шешімі (бұйрығы, өкімі); жазатайым жағдай немесе 
қызметкердің еңбек қызметіне байланысты денсаулығына келтірілген 
өзге де зақым туралы акт (Н-1 нысанындағы акт), жазатайым 
жағдайды арнайы тексеру туралы акт; Мемлекеттік еңбек

    инспекторының жазатайым жағдайдың себептері  туралы қорытындысы; 
дәрігерлік-әлеуметтік сараптама комиссиясының (ДӘСК) енбек міндеттерін 
атқаруына байланысты жарақат алған немесе денсаулығына өзгеден 
зиян келтірілген қызметкердің кәсіптік еңбек қабілетін жоғалту

    дәрежесін (пайызбен алғанда) анықтау туралы қорытындысы; сот-медицина сараптама комиссиясының денсаулыққа басқадай зақым келген жағдайда берген қорытындысы; жәбірленушінің басқа адамның күтімін және басқа қосымша шығындардың түрлерін кажетсінетіні туралы қорытынды; Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 938-бабына сәйкес есептелетін орташа айлық есептік көрсеткіштін (табыстың) мөлшері туралы мәліметтер, сондай-ақ басқа да қажетті кұжаттар қоса тіркелуге тиіс. Арыздың дұрыс қаралуы үшін кажетті дәлелдемелерді ұсыну мүмкін болмаған жағдайда судья тараптардың өтініші бойынша ұйымнан немесе мүдделі адамдардан осы дәлелдемелерді сұратып алдыруға міндетті [25].

    Тұрғын үйге меншік құқығын тану, меншік иесіне үлесін бөліп беру және тұрғын үйді пайдалану тәртібін белгілеу туралы дауларды жан-жақты және дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатында істерді сот қарауына дайындау барысында соттар тараптардың тұрғын үйге меншіктерін және қосалқы меншіктерінің үлес мөлшерін белгілейтін құжаттарды (қозғалмайтын мүлікті тіркеу органының үйді кімнің атына және қандай үлесте тіркегені туралы анықтама, мұраға құқықтылығы туралы куәлік, сатып алу-сату, сыйлау туралы келісімдер, тұрғын үйге немесе оның бөлігіне меншік құқығын тану туралы заң күшіне енген сот шешімдері және басқалар) талап етеді. Сондай-ақ, тұрғын үйдің және жер учаскесінің жобасы, іс үшін маңызы бар баска да құжаттарды тапсыру ұсынылуы мүмкін [26].

    Сот тәжірибесінде талап арызға қажетті  дәлелдемелердің тіркелмеуіне 
байланысты талап арыздың қайтарылатынын көрсететін жағдайлар кездеседі.

     Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының 14.05.2004 
ж. қаулысымен Алматы қаласының Жетісу аудандық сотының 27.02.2004 
ж. ұйғарымының күші жойылып, мәселе жаңадан қарау үшін сол сотқа 
жіберілген. Бұл ұйғарыммен Н.П. Щербининнің, Т.А. Щербининаның Д.К. 
Тутеноваға ар-намысты қорғау және моральдық зиянды өтеу 
туралы талап арызы қысқартылған. Азаматтық істер жөніндегі алқа 
аталған ұйғарымды келесі негіздерге байланысты заңсыз деп тапты. 
Алматы қаласының  Жетісу аудандық сотының 18.02.2004 ж.

    ұйғарымымен талап арыз құжаттардың оған тіркелмеуіне байланысты қозғалыссыз қалдырылған және талапкерге кемшілікті 26.02.2004 жылға дейін түзету үшін мерзім берілген. 27.02.2004 ж. ұйғарыммен кемшіліктер мерзімінде түзетілмегендіктен талап арыз оған тіркелген барлық құжаттармен бірге қайтарылған. Бірінші сатыдағы сот ҚР АІЖК-нің 151-бабының 1-бөлігінің 4-тармақшасын дұрыс қолданбаған және ҚР АІЖК-нің 66-бабын ескермеген, яғни мұндай құжаттарды тапсыру мүмкін емес болса, сот тараптың өтінімі бойынша дәлелдемелерді талап етуде көмек көрсетуге міндетті. Істе бар құжаттардан талапкерлердің Алматы қалалық ішкі істер басқармасының берген жауабына (онда қажет жағдайда талапкерлер талап еткен құжаттар соттың сұратуы бойынша берілетіні көрсетілген) сілтеме жасай отырып, ҚР АІЖК-нің 66-бабына сәйкес жауапкер Д.К. Тутенованың кінәлі екендігінің дәлелдемелерін Алматы қаласының Жетісу ауданының ішкі істер бөлімшесінен талап етуде көмек көрсетуді сұрағаны көрінеді. Олай болса, талап арызды қозғалыссыз қалдыруға, кейінірек талап арызды қайтаруға негіз жоқ деуге болады.

    Е.Н. Лемешкин М. Хамзаевқа жол-көлік  оқиғасы нәтижесінде келтірілген  залалды өндіріп алу туралы талап қойып Алматы каласынын Ауезов аудандық сотына жүгінген. Соттың 02.02.2004 ж. ұйғарымымен талап арыз қайтарылған. Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының 18.03.2004 ж. қаулысымен бұл ұйғарымның күші жойылып, мәселе жаңадан қарауға сол сотқа жіберілді. Бірінші сатыдағы сот талап арызды қайтару туралы ұйғарымды талапкердің соттың 22.01.2004 ж. талап арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарымында аталған нұсқауларды орындамағаны үшін шығарған. Сот талапкерге талап арызға тіркелетін құжаттардың көшірмесін және екі тараптағы иелердің өз автомобильдерін сақтандырғаны туралы шарттарды тапсыруға нұсқау берген. Соттың әрекеті заңсыз, өйткені талапкер азаматтық істі қозғау үшін қажет барлық құжаттарды тапсырған, ал сот кейбір құжаттарды жауапкердің өзі істі сотта қарау барысында құқығын қорғау үшін тапсыратынын ескермеген және талапкерді оған тиесілі еместігіне карамастан жауапкерде болатын құжаттарды табыс етуге міндеттеген.

       Талап арызда талап қоюшының пайымдауынша бұзылды немесе дауланды 
деп есептелінетін субъективтік құқықты көрсету қажет. Бұл сот қызметінің 
сәтті жүруіне ықпал етеді. Сот тәжірибесінде талап арызда талапкердің 
құқығының, бостандығының немесе заңды мүддесінің бұзылуының мәні 
немесе бұзылу қаупі көрсетілгені істі қозғау кезінде дұрыс тексерілмей 
жататыны кездеседі. Мысалы, талапкер Абакумов жауапкерлер "Акмолавторцветмет" АҚ-на және Литвиновқа қарсы жер учаскесін сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінген. Талап арызда ҚР-ның "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңының 81, 82-баптарының талаптары бұзылып, жасалған мәміле туралы қоғамның директорлар кеңесінің және ревизиялық комиссиясының хабардар етілмегені жөнінде көрсетіледі. Сот жасалған мәміле Абакумовтың мүддесін қалай қозғайтынын және ол іс бойынша тиісті талапкер болып табылатындығын тексермеген. Істі қарау кезінде ғана сот талапкердің  мәміле жасалған сәтте акционер болмағанын, сондықтан дауланып отырған мәміленің талапкер мүддесін қозғамайтынын анықтады, осылардың негізінде талапты қанағаттандырудан бас тартты.

    Қолданыстағы  азаматтық іс жүргізу заңнамасында арыздың міндетті реквизиті ретінде тараптардың құқықтық қатынастарын реттейтін материалдық құқық нормаларына сілтеме жасау көзделмеген. Бұдан ауытқу ретінде (прокурордың беретін талап арызын атауға болады, өйткені онда заңға немесе өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сілтеме болуы тиістігі ҚР АІЖК-нде нақты көрсетілген.

    Заңи  әдебиетте талап қою талаптары  барлық жағдайда тек фактілік жағынан ғана емес, құқықтық жағынан да негізделуі тиіс деген ұсыныстар айтылады. Мысалы, А.А. Добровольский талаптың фактілік негіздемесіне қоса, құқықтық негіздемесін де ажыратуды ұсынады'' . Оның ойынша, талап қоюшы өзінің субъективтік құқықтары мен мүдделерін қорғайтын заңды білуге және арызында көрсетуге міндетті емес, бірақ ол, өзінің ойынша, жауапкер бұзды немесе даулады деп есептейтін құқықты атауы керек. Талап қоюшы бұл құқықты дәл атап, жауапкерге қойылатын даулы талаптың пайда болуының негізі болатын фактілерді нақты көрсете алмауы мүмкін, сондықтан осындай міндеттің талап қоюшыға жүктелгеніне қарамастан, талаптың құқықтық және фактілік негіздемесі сотпен дәл және дұрыс анықталуы тиіс. Мұнсыз дауды дұрыс шешу, сот төрелігінің міндеттерін орындау мүмкін емес [27].

    Біздіңше, талап арыздың міндетті реквизиті  ретінде тараптардың өзара қатынастарын реттейтін материалдық заңға сілтеме жасауды заң жүзінде бекіту азаматтардың сотқа жүгіну құқықтарын тікелей өздері жүзеге асыруын қиындатар еді. Міндетті түрде заңға сілтеме жасауға байланысты нұсқау ҚР АІЖК-нің 335-бабының 1-бөлігінің 5-тармақшасында көзделген. Тек бұл норма бірінші сатыдағы сотқа емес, апелляциялық сотқа жүгінуге қатысты. Апелляциялық шағымда немесе наразылықта заңдарға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және материалдарына сілтеме жасай отырып, шешімнің заңсыздығы немесе негізсіздігі неде екендігінің негіздемесі болуы

     тиіс. Бұл норманың кез-келген тұлғаның апелляциялық шағымды заң талабына сай құрастыра алмауына әкелетінін, барлық тұлғалардың заң сауатының жоқтығы, әркімнің заңгерді, адвокатты іске тартуға қалтасы көтермейтіні олардың апелляциялық сатыдағы сотқа жүгінуіне, сот арқылы қорғалуға конституциялық құқықтың жүзеге асуына кедергі болатынын С.А. Акимбекова өзінің диссертациялық зерттеуінде көрсетеді.

    2.3 Талап арыздағы талаптың құны, оның құқықтық және тәжірибелік мәселелері

    Талап арызда талаптың бағасын көрсетудің сотқа арызбен жүгінү үшін зор  маңызы бар. Талаптың бағасына талап қоюшының мүліктік мүддесі байланысты болады. Ол мемлекеттік баж төлеуге, сот шығындарын тараптар арасында бөлуге әсер етеді. Талаптың бағасын талап қоюшы ҚР АІЖК-нің 102-бабына сүйеніп анықтайды. Талап қоюшы көрсеткен баға табылған мүліктің шын мәніндегі бағасына анық сәйкес келмеген жағдайда талап қою бағасын талап арызды қабылдау кезінде судья айқындайды [28].

Информация о работе Талап қою құқығы