Талап қою құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 11:39, дипломная работа

Описание

Кез келген демократиялық, құқықтық мемлекет құруды басты бағыт ретінде ұстанған мемлекет пен қоғамды басты құндылық адам және оның өмірі, құқығы мен бостандығы екендігі белгілі. Ал адам құқығын қорғаудың ең басты көрсеткіші оны қорғаудың мемлекеттік механизімі мен қоғаммүшелерінің өздеріне берілетін мүмкіншіліктің деңгейімен анықталады. Мемлекет тиісті жағдайда мәжбүрлеу әдісін қолдана отырып қажетті шараларды қолдануды міндетіне алса, қоғам мүшелері нормативтік-құқықтық актілерде көзделген өз құқықтарын пайдалана отырып тиісті қадамдарды жасауы қажет болады. Ал белгілі бір топтардың, яғни өз құқығын қорғауға мүмкіндігі жоқ адамдардың мүддесін қорғайтын әртүрлі мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың өкілеттігі шеңберінде жүзеге асырылады.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
Талап қою құқығының теориялық мәселелері.
1.1Талап ұғымы............................................................................................................6
1.2 Азаматтық сот өндірісінің түрлері: ерекше талаптық және сырттай іс жүргізу нысандарының түсінігі...............................................................................11
1.3 Талапқа құқықтың түсінігі ...............................................................................13
1.4 Талап қою құқығының жалпы сипаттамасы....................................................17
2. Талап арыз түсінігі мен нысанының түсінігі, өзекті мәселелері.
2.1 Талап арыздың нысаны мен мазмұнының заңға сәйкестігі.............................22
2.2 Талап арыздың реквезиттері, оныңіс жүргізушілік маңызы мен мәселелері...................................................................................................................24
2.3 Талап арыздығы талаптың құны, оның құқықтық және тәжірибелік мәселелері...................................................................................................................29
2.4 Аралық сотта талаптық істердің қаралуы мен өзгешелігі, ондағы талап арыздың ерекшелігі мен құқықтық мәселелері......................................................32
3. Талап элементі және оның түрлерінің түсінігі мен өзекті мәселелері.
3.1 Талап элементінің түсінігі..................................................................................39
3.2 Талаптың негіздемесі..........................................................................................40
3.3 Талап нысаны.......................................................................................................41
3.4 Талаптың мазмұны..............................................................................................44
3.5 Талап субъектісі...................................................................................................45
Қорытынды.............................................................................................................49
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................53

Работа состоит из  1 файл

Алмаз диплом готовый.doc

— 457.50 Кб (Скачать документ)

         Ғылымдардың келесі тобы талапқа  құқық ұғымының екі түрлі түсінігін ұсынып, талапқа құқықты іс жүргізушілік және материалдық–құқықтық апектілер арқылы түсіндіреді. Іс жүргізушілік мағынадағы талапқа құқық ретінде талап қою құқығы, ал   материалдық–құқықтық мағынадағы талапқа құқық ретінде талаптың қанағаттандырылуына құқық  түсініледі. Әрі қарай бұл пікірді ұстанушылар талап қою құқығы мен талаптың қанағаттандырылуына құқық өзара байланысты болғандарына қарамастан, мазмұны жағынан бір-біріне сәйкес келмейтін, дербес ұғымдар болып табылатынын көрсетеді. Талап қою құқығы қорғау туралы талаппен жүгінуге құқықты, оның нәтижесі қандай болатынына қарамастан процеске құқықты білдіреді. Талаптың қанағаттандырылуына құқық қорғауға ие болуға құқықты, процестің жағымды нәтижесіне құқықты білдіреді, басқаша айтқанда, бұл-талап қоюшының жауапкер бұзған немесе даулаған субъективтік материалдық–құқығын сот арқылы мәжбүрлеп жүзеге асыруға құқығы [17].

         Талапқа құқықтың ортақ түсінігі  туралы бірінші пікірмен келісу  қиын. Субъективтік құқықты немесе заңды мүддені қорғау құралы ретіндегі талаптың ортақтығын екі бастаудың (іс жүргізушілік және материалдық) бірлігі ретінде қарастыруға болмайды. Екі құқықтылықтың ажырамас бірлігі ретінде түсінілетін талапқа құқық ұғымы қолданыстағы заңнамаға және оны    қолдану тәжірибесіне сәйкес келмейді. Сонымен бірге, қорғалу құқығы мен сотқа жүгіну құқығы біруақытта іске асады деген пікірмен де келісуге болмайды. Осыған байланысты аталған көзқарасқа қарсы негізді тұжырымдаулар келтірген авторларды қолдауға болады. Мысалы, талап қою мерзімінің өткізіліп алыну салдарын реттей отырып, заң талап қою мерзімі өтіп кеткенге дейін талап қойылған жағдайда ғана құқықтың қорғала алатынын бекітеді. Заңға сәйкес, егер сот талап қою мерзімінің өтіп кету себебін дәлелді деп таныса ғана бұзылған құқық қорғалады. Ендеше заң шығарушы қорғалу құқығы ретінде талаптың қанағаттандырылуына құқықты меңзейді. Талап қою мерзімінің өтіп кетуі талаптың сотта қабылдануына, яғни талаппен сотқа жүгіну құқығына кедергі болмайды. Сондай-ақ, талапқа құқыққа талдау жасаған талапқа нақты құқық және талапқа абстрактілік құкық теорияларының бір жақтылығын айта кету керек, бірінші теория іс жүргізушілік аспектіні, ал екіншісі - материалдық-құқықтық аспектіні жоққа шығарады. Талапқа нақты құқық теориясын жақтаушылардың айтуынша, талапқа құқық негізді талап мәлімдеген тұлғада ғана болады. Бірақ мәлімделген талаптың негізділігі туралы айту процестің басында ертерек және мүмкін емес. Талаптың негізділігі туралы мәселені шешу үшін, процестің өзін өткізу керек, ал ол үшін процеске құқық болуы қажет. Дегенмен, талапқа нақты құқық теориясының ұтымды тұстары да бар. Бұл теория мазмұны жағынан талаптың қанағаттандырылуына құқық, талап негізді болған жағдайда талап қоюшы үшін тиімді шешімге қол жеткізу құқығы ұғымымен сәйкес келетін талапқа құқық ұғымын ұсынды. Талапқа абстрактілік құқық теориясына сәйкес, талапқа құқық қорғалу үшін жүгінуге құқық ретінде қарастырылады, бірақ бұлайша ойлау аталған ұғымның маңызын төмендетіп, мазмұнын тарылтады. Қорғау туралы талаппен жүгіну қүқығының болуы мұндай талапты қанағаттандыруға құқықтың, яғни қорғауға ие болу құқығының болуын білдірмейді, өйткені талап қанағаттандырылмауы мүмкін. Өз кезегінде, талапты қанағаттандыруға құқық, егер мүдделі тұлғада процесті қозғауға және жүргізуге құқық, яғни талап қою құқығы болмаса, қорғауға ие болуға қепілдік бере алмайды. Осы жерде іс жүргізушілік мағынадағы талапқа құқық және материалдық-құқықтық мағынадағы талапқа құқық тәрізді салыстырмалы түрде дербес ұғымдардың өзара байланысы мен тәуелділігі көрінеді [18].

    Іс  жүргізушілік мағынадағы талапқа құқық  және материалдық-құқықтық мағынадағы талапқа құқық ұғымдарының дербестігі туралы ойды олардың бір-бірінен айырмашылықтарын көрсететін келесі белгілер растайды. Біріншіден, мүдделі тұлғада талап қою құқығы азаматтық іс жүргізу құқығы нормаларымен көзделген (талап қою құқығының алғы шарттары) мән-жайлар болса ғана пайда болады. Талаптың қанағаттандырылуына құқықтың пайда болуы материалдық-құқықтық және іс жүргізушілік фактілермен байланысты. Екіншіден, тұлғада талап қою құқығының бар немесе жоқ екендігін судья талап арызды қабылдау және азаматтық істі қозғау кезінде тексереді, ал талаптың қанағаттандырылуына құқық сотта карау барысында тексеріледі және істі мәні бойынша қарау нәтижесінде анықталады. Үшіншіден, мүдделі тұлғада талап қою құқығының болуы оның біруақытта талаптың қанағаттандырылуына құқыққа ие болатындығын білдірмейді. Ал керісінше болса, шешім әрқашан талап қоюшының пайдасына шығар еді. Бірақ әр кезде бұлай болмайды. Талап қою құқығына ие тұлға бұл құқықты заңда белгіленген тәртіппен іске асыра отырып, жауапкерге қойған талаптары құқыққа сай болған жағдайда ғана өзі үшін ыңғайлы шешімге қол жеткізеді.

    Талап қою құқығы мен талапты қанағаттандыруға құқық олардың болмауы немесе тиісті түрде іске асырылмауы салдарларына қарай да ажыратылады.

    Талап қою құқығының болмауы немесе тиісті түрде іске асырылмауы азаматтық істі қозғау кезінде - талап арыздың қабылдаудан бас тартылуына, қайтарылуына не қозғалыссыз қалдырылуына әкеледі. Талаптың қанағаттандырылуына құқықтың болмауы талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімнің шығуына әкеледі.

    Сонымен құзыретті органға қорғау туралы талаппен жүгіну әрқашан мұндай қорғауға ие болумен сәйкес келмейтіндіктен, талапқа құқықты екі дербес аспектіде қарастыру жөнінде пікірді дұрыс деуге болады. Талапқа құқық іс жүргізушілік аспектіде талап қою құқығын, материалдық-құқықтық аспектіде талаптың қанағаттандырылуына құқықты білдіреді. Талап қою құқығы дегеніміз - мемлекеттік соттың немесе аралық (төрелік) соттың қызметін мүдделі тұлға мәлімдеген талап бойынша қозғауға және жүргізуге құқық. Ал талаптың қанағаттандырылуына құқық дегеніміз - мүдделі тұлғаның мемлекеттік соттың немесе аралық (төрелік) соттың шешімі арқылы бұзылған немесе даулы субъективтік материалдық құқығын қорғауға ие болу құқығы. Талапқа құқық "сот арқылы қорғалу құқығы" ұғымымен байланысты. Заң әдебиетінде сот арқылы қорғалу құқығының мәніне қатысты ой-пікірлер аз емес. М.А. Викуттың ойынша, сот арқылы қорғалу құқығы іс жүргізушілік институт болып табылады, ал сотка жүгіну құқығы оның құрамдас бөлігі болады.19 С.С. Алексеев, Л.С. Явич, Н.И. Авдеенко сияқты ғалымдар сот арқылы қорғалу құқығын, оның ішінде сотқа жүгіну құқығын субъективтік материалдық құқықтың элементі ретінде қарастырады [20]. М.К. Сулейменов мынадай пікір білдіреді: Қорғану құқығы субьективті азаматтық құқықтағы құқықөкілеттіктін бірі болып табылады. Сонымен бірге кез келген құқық тәрізді оны да өзіндік субъективтік құқық ретінде қарастыруға болады. Ол субъективтік құқықты бұзу немесе даулау 
кезінде пайда болады және ол пайда болған қорғалуға жататын азаматтық 
құқық шеңберінде жүзеге асырылады. Өзіндік субъективтік құқықтың пайда 
болуы бір мезетте негізгі субъективтік азаматтық құқықтың

    құқықөкілеттігін  жүзеге асыру болып табылады. Қорғану  құқығын бұндай жағдайда өндірістік субъективтік азаматтық құқық деп атауға болады [21].  А.А. Добровольский мен А.Н. Кожухарь сот арқылы қорғалу құқығын материалдық және іс жүргізушілік құқықтардың кешенді институты ретінде қарастырады.

    Біздіңше, сот арқылы қорғалу құқығын туынды азаматтық субъективтік құқық және материалдық пен іс жүргізушілік құқықтардың кешенді институты ретінде қарастыратын соңғы авторлардың ұстанымы дұрыс тәрізді. Сот арқылы қорғалу құқығын екі аспектіде карастырған орынды: сотқа қорғалу үшін жүгіну құқығы және сотта қорғауға ие болу құқығы ретінде. Осы орайда ҚР Конституциясының 13-бабының 2-тармағының редакциясын сәтті шыққан деп тануға болады, өйткені сот арқылы қорғалу құқығының мазмұнына сотқа қорғалу үшін жүгіну құқығы ғана емес, оған ие болу құқығы да кіреді.

    Талапқа құқықтың және сот арқылы қорғалу  құқығының байланысы мынадан көрінеді: талапқа құқық сот арқылы қорғалу құқығының кұрамдас бөлігі болады, сондықтан екеуінің ішінде сот арқылы қорғалу құқығының мағынасы кең болып табылады. Сот арқылы қорғалу құқығының мазмұнына -біріншіден, сотқа жүгінуге құқықты білдіретін талап қою құқығы және ерекше іс жүргізудің істері бойынша арызбен немесе шағыммен жүгінуге құқық кіреді; екіншіден, сотта қорғауға ие болу құқығын білдіретін талапты, арызды немесе

    шағымды қанағаттандыруға құқық кіреді. Ендеше, талапқа құқық ұғымы талап қою кұкығы мен талапты қанағаттандыруға құқық ұғымдарына қарағанда жалпы сипатта болатыны тәрізді, сот арқылы қорғалу құқығы ұғымы сотқа қорғалу үшін жүгіну құқығы мен сотта қорғауға ие болу құқығы үғымдарына қарағанда жалпы сипатта болады.

    1.4 Талап қою құқығының жалпы сипаттамасы

    Талап қою құқығын қарастырғанда талаптың және талапқа құқықтың екі мағынадағы түсініктеріне сүйеніп, оған талапқа  құқықтың іс жүргізушілік мағынасы ретінде  талдау жасаймыз. Талап қою құқығы талапқа құқықтың іс жүргізушілік мағынасы ретінде субъективтік құқық немесе заңды мүддені қорғау үшін сотқа жүгіну құқығын білдіреді. Бірақ бұл жерде талап қою құқығының сотқа жүгіну құқығы көрінетін жалғыз нысан емес екендігін айта кету керек. М.А. Гурвичтің айтуынша, мұндай нысандарға талап қою құқығына қоса талап бойынша жауап беру құқығы, басталған процеске қатысу құқығы, талапты қамтамасыз ету құқығы, шешімге шағым жасау құқығы, мәжбүрлеп орындату шараларына құқық жатады. Сотқа жүгіну құқығының барлық нысандары істің ілгерілеу үрдісіндегі оның даму және ашылу фазаларын білдіреді.

    Әдебиеттерде  талап қою құқығының заңдық табиғаты және оның пайда болуының шарттары туралы мәселеге байланысты әртүрлі пікірлер айтылады.

    Бір авторлар сотқа жүгіну құқығын субъективтік материалдық құқықты соттық немесе өзге заңи қызмет арқылы мәжбүрлеп жүзеге асыруға құқық ретінде қарастырады. Мысалы, Н.И. Авдеенко былай деп жазады: Мәжбүрлі тәртіпте жүзеге аспайтын азаматтық субъективтік құқық жоқ. Субъективтік құқықтың осындай түсінігі бар жерде ерекше, материалдық құқықтан айырмашылығы бар жария-құқықтық құқықөкілеттіктің құрылымында мемлекетке жүгіне отырып құқығын қорғауға ұмтылудың, яғни іс жүргізушілік мағынадағы талапқа құқықтың болуының қажеттілігі жоқ.

    Басқа ғалымдар тобы сотқа жүгіну құқығын  азаматтық іс жүргізушілік құқық қабілеттілігін білдіреді деген көзқарасты ұстанады. Бірақ бұл ойды әр ғалым әртүрлі негіздейді. Мысалы, О.В. Иванов сотқа жүгіну құқығы тікелей іс жүргізушілік құқық қабілеттіліктен туындайтыны, өйткені оның туындауы үшін қандай да бір заңды фактінің пайда болуы қажет еместігі жөнінде ой айтады. В.Н. Щегловтың ойынша, сотқа жүгіну құқығы азаматтық іс жүргізуге құқық қабілеттілік болып табылады, ол нақты іс бойынша азаматтық процестің пайда болуына әкеледі. К.И. Комиссаровтың пікірінше, сотқа жүгіну құқығының иесі ретінде кез-келген іс жүргізушілік құқық қабілеті бар тұлға бола алады. Сотқа жүгіну құқығын бұлайша түсіну революцияға дейінгі іс жүргізушілік әдебиетте кең тараған болатын.

    Келесі  ғалымдар тобы сотқа талаппен жүгіну құқығын белгілі бір заңи фактілердің негізінде пайда болатын, азаматтық іс жүргізу заңымен көзделген субъективтік азаматтық іс жүргізушілік құқық ретінде қарастырады. Мысалы Д.М. Чечоттың пікірінше, объективтік құқық барлық субъективтік құқықтардың базасы болып табылады, бірақ ол субъективтік құқықтарды тура және тікелей туғызбайды, тек субъектілерде олардың белгілі бір шарттар болған жағдайда ғана пайда болу мүмкіндігін туғызады. Кез-келген субъективтік құқықтың қалыптасу үрдісі міндетті түрде заңи факті сатысынан өтеді.

    Бірінші көзқарас бойынша, сотқа жүгіну құқығы материалдық құқықтың элементі болып табылады деу азаматтық процестің міндеттеріне қайшы келеді. Өйткені сот қана істің мән-жайларын зерттеу арқылы құқықтың бұзылғаны немесе бұзылмағаны туралы жауап айта алады. Талаппен сотқа жүгіну құқығы кез-келген тұлғада оның құқығының іс жүзінде бұзылғанына немесе бұзылмағанына қарамастан болады. Екінші пікірдің кемшілігін ғалымдар орынды атап көрсетеді. С.В. Курылевтың айтуынша, құқық қабілеттілік - Бұл тұлғаның құқыққа ие болуын тану, бірақ ол өз бетімен ешқандай шынайы игілікті қамтамасыз етпейді, тек заңмен көзделген субъективтік құқықтар мен міндеттерге ие болуға мүмкіндік береді, яғни құқыққа ие болудың қажетті алғы шарты ретінде болады. А.Н. Кожухарьдың ойынша, азаматтық іс жүргізуге құқық қабілеттілік - бұл белгілі жағдайларда субъективтік азаматтық іс жүргізу құқықтарына, оның ішінде, нақты іс бойынша сотқа жүгіну құқығына ие болуға мүмкіндік қана. А.А. Мельниковтің пікірінше, субъективтік азаматтық іс жүргізушілік құқық -өзіңде бар мүмкіндік, жедел жүзеге асыруға дайын болу. Субъективтік азаматтық іс жүргізушілік құқыққа ие болу мүмкіндігі іс жүргізуге құқық қабілеттіліктің болуына байланысты, демек ол субъективтік азаматтық іс жүргізушілік құқықтың міндетті қажетті алғы шарттарының бірі болып табылады.

    Жоғарыда  айтылған сын-пікірлерге сүйеніп, үшінші пікірді қолдауға болады. Талап қою құқығының іс жүргізушілік ұғым болып табылатыны бұл құқықтың болуының мүдделі тұлғада қорғалуға жататын субъективтік құқық немесе заңды мүдденің бар болуына тәуелді еместігінен де көрінеді. Әдебиетте талап қою құқығы мүдделі тұлғаның бірінші сатыдағы сотта белгілі бір нақты материалдық-құқықтық дау бойынша ісінің сотта қозғалуына және шешімін табу мақсатында қаралуына құқығы ретінде анықталады.

    Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымында талап қою құқығы туралы ілімнің даулы мәселесінің бірі - талап қоюға субъективтік құқықтың пайда болу сәтінің анықталатыны жөнінде. Ғалымдар бұл мәселеге байланысты әртүрлі пікірлер білдіреді.

    Бір авторлар талап қою құқығын оның жүзеге асырылуы иесіне толығымен 
танысты болатын біржақты құқықтылық ретінде, яғни талап қоюшының өз 
әрекеттеріне құқы ретінде қарастырады. Біржақты құқық сотқа 
жүгінгеннен бастап субъективтік құқыққа айналады, сөйтіп оған судьяның 
істі қарауға байланысты міндеті сәйкес келеді. Добровольскийдің айтуынша, егер талап қоюға субъективтік құқықтын пайда болуын мүдделі тұлғаның сотқа жүгіну және азаматтық істің қозғалу сәтіне кестендірсек, онда талап арызды қабылдаудан бас тартудың сипатын түсіндіру және талап арызды қабылдаудан бас тартуға шағымдану наразылық келтіру институтын теориялық тұрғыдан негіздеу мүмкін емес болар еді. Сондай-ақ, егер талап қоюға субъективтік құқық азаматтық істің сәтінен бастап пайда болады деп санасақ, онда іс бойынша іс жүргізуді артуға болмайды, өйткені іс қозғалып, іс жүргізу басталғаннан кейін процеске құқық пайда болды. Бірақ іс сотта қозғалғаннан кейін тұлға сотқа жүгінген және азаматтық іс қозғалған сәтте онда талап құқық мүлде болмағандықтан іс жүргізу құқыққа сай емес пайда болды деп танылып, қысқартылуы мүмкін. "Бір жақты құқықтың" субъективтік талап құқығына айналуы талап қоюшының сотқа қорғалу үшін жүгінуімен байланысты болғандықтан, мүдделі тұлғада талап қою құқығының болмауына орай іс бойынша іс жүргізуді қысқарту қисынсыз болар еді. Сондай-мына сұрақтар да жауапсыз қалады: неліктен бір жағдайда судья талап қоюшыны сол талаппен сотқа қайтадан жүгіну үмітінен айырып, ал тағы бір жағдайда мұндай үмітті қалдырып, талап арызды қабылдамайды Екінші ғалымдар тобы (А.А. Мельников, С.В. Курылев. М.А. Викут.) субъективтік құқықтың пайда болуы мен оның іске асуын таратып қарастырады. Олар сотқа жүгінуге субъективтік құқықтың,  яғни азаматтық іс қозғалғанға дейін пайда болатынын және талап қою мен азаматтық істі қозғау арқылы іске асырылатынын, талап қоюға субъективтік құқықтың өзінің іске асырылу сәтіне дейін іс жүргізушілік қатынастардан тыс өмір сүретінін көрсетеді. Бұл пікірді қолдауға болады.

Информация о работе Талап қою құқығы