Талап қою құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 11:39, дипломная работа

Описание

Кез келген демократиялық, құқықтық мемлекет құруды басты бағыт ретінде ұстанған мемлекет пен қоғамды басты құндылық адам және оның өмірі, құқығы мен бостандығы екендігі белгілі. Ал адам құқығын қорғаудың ең басты көрсеткіші оны қорғаудың мемлекеттік механизімі мен қоғаммүшелерінің өздеріне берілетін мүмкіншіліктің деңгейімен анықталады. Мемлекет тиісті жағдайда мәжбүрлеу әдісін қолдана отырып қажетті шараларды қолдануды міндетіне алса, қоғам мүшелері нормативтік-құқықтық актілерде көзделген өз құқықтарын пайдалана отырып тиісті қадамдарды жасауы қажет болады. Ал белгілі бір топтардың, яғни өз құқығын қорғауға мүмкіндігі жоқ адамдардың мүддесін қорғайтын әртүрлі мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың өкілеттігі шеңберінде жүзеге асырылады.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
Талап қою құқығының теориялық мәселелері.
1.1Талап ұғымы............................................................................................................6
1.2 Азаматтық сот өндірісінің түрлері: ерекше талаптық және сырттай іс жүргізу нысандарының түсінігі...............................................................................11
1.3 Талапқа құқықтың түсінігі ...............................................................................13
1.4 Талап қою құқығының жалпы сипаттамасы....................................................17
2. Талап арыз түсінігі мен нысанының түсінігі, өзекті мәселелері.
2.1 Талап арыздың нысаны мен мазмұнының заңға сәйкестігі.............................22
2.2 Талап арыздың реквезиттері, оныңіс жүргізушілік маңызы мен мәселелері...................................................................................................................24
2.3 Талап арыздығы талаптың құны, оның құқықтық және тәжірибелік мәселелері...................................................................................................................29
2.4 Аралық сотта талаптық істердің қаралуы мен өзгешелігі, ондағы талап арыздың ерекшелігі мен құқықтық мәселелері......................................................32
3. Талап элементі және оның түрлерінің түсінігі мен өзекті мәселелері.
3.1 Талап элементінің түсінігі..................................................................................39
3.2 Талаптың негіздемесі..........................................................................................40
3.3 Талап нысаны.......................................................................................................41
3.4 Талаптың мазмұны..............................................................................................44
3.5 Талап субъектісі...................................................................................................45
Қорытынды.............................................................................................................49
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................53

Работа состоит из  1 файл

Алмаз диплом готовый.doc

— 457.50 Кб (Скачать документ)

        Үшінші көзқарастың туындауына Н.Б. Зейдердің мүдделі тұлғаның соттан құқығын қорғауды өтінуінің талап болып табылатыны жөніндегі пікірі әсер етті [4]. Н.Б. Зейдердің көзқарасына К.С. Юдельсонның келесі пікірі жақын: Талап-бұл заңмен қорғалатын мүддені заңмен қорғалатын мүддені немесе құқықты қорғау үшін және сот қызметін қорғау үшін сотқа

    жүгінудің бір әдісі. Талап – бұл заңды  мүдделі немесе өзгеше де бір мүдделі немесе өзгеше бір құқық әрекеттілікке ие тұлғаның азаматтық

    құқықтық  дауды қарауды және құқықты қорғауды сұрауы [5]. Осы көзқарасты қолдап, Г.Ф. Елисейкин былай деп жазды: “Талап – бұл азаматтық құқық жөнінде дауды қарау мен шешуді талап ету” [6]. Г.Л. Осокинаның пікірі де осы топтағы ғалымдардікіне жақындау, ол талапты даулы азаматтық, отбасылық, еңбектік құқықтық қатынастардан туындайтын, қатал белгіленген тәртіппен қаралуға және шешілуге жататын, мүдделі тұлғаның өзінің бұзылған немесе дауланған құқығын не заңды мүддесін не басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау туралы талап етуі ретінде қарастырады [7]. Сонымен ғалым іс жүргізушілер ұсынып, негізделген талаптың әр түрлі түсініктері осындай. Әрбір көзқарас оның жақтаушыларының ойынша дұрыс сияқты болғанымен, оның бұрыс жақтарының да бар екенін бұл көзқарастың қарсыластары негізді дәлелдер келтіре отырып айқын көрсетеді. Бірақ ғалымдардың бірі-бірінің пікіріне ғылыми аяда өзара сын айтуы талаптың түсінігін дәл анықтауға жол ашатыны сөзсіз. Енді төменде әр көзқарастың кемшіліктеріне қатысты ойларға тоқталайық.

        Талаптың түсінігі жөнінде алғашқы көзқарасқа, яғни талаптың дербес екі мағынасы туралы теориялық пайымдауларға Н.И. Авдеенко, М.А. Викут, А.А. Добровольский, А.Ф. Клейнман, Г.Л. Осокина, Д.М. Чечина, Н.А. Чечот және т.б. қарсы шықты. Мысалы А.Ф. Клейнман М.А. Гурвичтің талапты сотқа құқықты қорғау туралы жүгіну ретінде қарастыруымен келіспейтіндігін былайша көрсетеді: “ Егер талап құқықты қорғау үшін сотқа жүгіну болса, онда одан кейін іс сотта қаралады,  бірақ онда талап жоқ, себебі ол бірінші сатыдағы сотқа жүгіну арқылы жүзеге асты. Талап беру мұнда іс жүргізушілік әрекет болуы мүмкін, бірақ талап емес. Сондай-ақ, А.Ф. Клейнман В.П. Чапурскийдің және С.Н. Абрамовтың пікірлерімен келіспей, бұл авторлар анықтамаларының талаптың түсінігін тарылтатынын, талаптың субъективтік азаматтық құқықты ғана емес, отбасылық, еңбек, қаржылық, жер және әкімшілік құқықтық қатынастардан туындайтын басқа  субъективтік құқықтарды қорғаудың іс жүргізушілік құралы екенін, тек аталған субъективтік құқықтарды ғана емес, сондай-ақ құқықты объективті мағынада, яғни құқық нормаларын, құқықтық тәртіпті сот арқылы қорғау құралы болып табылатынын атап көрсетеді. Талаптың материалдық мағынадағы түсінігін анықтауда талаптың (сот арқылы қорғау құралы, талапкердің

    жауапкерге  сотта мәлімдеген материалдық-құқықтық қуынымы) азаматтық құқықтың өзімен ұқсастырылғанына сын айтады [8]. Н.А. Чечот пен Д.М. Чечина талаптың екі мағынасына келіспейиіндіктерін былай көрсетеді: “Материалдық-құқықтық талап ету, іс жүргізушіліктің кепілі сақтала отырып талаптық өндіріс тәртібімен қарауға жататын тиісті құзіретті органға жүгінген кезде ғана талапқа айналады.Бұл органға дейін міндетті тұлғаға қойылған материалдық-құқықтық талап ету талап болып табылмайды” [9]. Осокинаның Г.Л. ойынша, талапты талапкердің жауапкерге материалдық-құқықтық талабы ретінде анықтау талап қою мерзімі тәрізді институттың мәніне қайшы келеді, борышкердің талап қою мерзімі өтіп кеткеннен кейін міндетін орындауымен байланысты туындайтын сұрақтарды түсіндіру мүмкін емес. Прокурордың және басқа тұлғалардың жауапкерге ешқандай материалдық-құқықтық талабы болмауына емес болуы мүмкін еместігіне қарамастан, олардың талаптан бас тарту құқығын немен түсіндіруге болады? Ал жауапкердің талапты тануына келетін болсақ, онда егер жауапкер тікелей өзіне бағытталған талапты мойындаған жағдайда өзінің немесе бөтеннің құқығын қорғауды талап ететін тұлғаның талабы бойынша қозғалған процесстің тағдыры тек оған ғана тәуелді болар еді. Жауапкердің талапты тануы сот үшін міндетті емес, өйткені сот жауапкердің талапты мойындағанына қарамастан талапты қанағаттандырудан толық немесе ішінара бас тартуы мүмкін. Сондай-ақ, өз атынан, бірақ басқа тұлғаның құқықтаты мен мүдделерін қорғау үшін жүгінетін тұлғалардың талап етуін талап деуге болмайды, өйткені бұл талап етуде талапкердің жауапкерден материалдық-құқықтық талап етуі тәрізді белгі жоқ, мұндай тұжырымдау талап терминін бөтеннің құқығын немесе мүддесін қорғайтын тұлғаларға қатысты қолданатын заңнамаға қайшы келеді [10] . Г.Л. Осокинаның талаптың түсінігіне қатысты екі түрлі көзқарасты жақтаушылардан берген анықтамаларының мәні жағынан бірдейц екендігі жөнінде пайымдауы да қызығушылық туғызады. Оның айтуынша, М.А Гурвич, А.Ф. Клейнман және А.А. Добровольский ойларының логикалық бағыты мәні жағынан толығымен және бүтіндей сәйкес келеді, өйткені олар бірдей алғы шарттан бастау алады, дәлірек айтқанда, талаптың бір уақытта талапкердің жауапкерге мәлімдеген материалдық-құқықтық талап етуі және сотқа жүгінуі ретіндегі түсінігіне

    негізделеді. Талаптың екі дербес түсінігіне екі  бөліктен тұратын бір ұғымның қарсы қойылуы елеулі емес сипаттағы терминологиялық

    айырмашылықтарды  көрсетеді. Г.Л. Осокина өз ойын М.А. Гурвичтің 

    өткен ғасырдың 60-шы жылдарындағы талаптың түсінігіне байланысты көзқарасындағы өзгерістермен негіздеп, оның талапқа берген мына анықтамасына назар аударуды ұсынады: Азаматтық іс жүргізу құқығындағы талап дегеніміз бірінші сатыдағы сотқа жүгінген талап қоюшының заңда бекітілген әдістердің бірімен арызда көрсетілген, талап қоюшы өзінің жауапкерге қоятын талап ету құқығына байланыстыратын фактінің негізіндегі даулы азаматтық құқық немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау туралы талап етуі Г.Л. Осокинамен келісе отырып, келтірілген талаптың анықтамаларын мағынасы жағынан бірінші көзқарасқа емес, екіншіге жақын деуге болады. Осы орайда А.Г. Диденконың мына сөздерін келтірген орынды болар еді: “Но к каким бы выводам ни пришел исследователь в том или ином конкретном вопросе, все же ясно, что устойчивость любых правовых теорий относительна. И когда парой думается, что истина, наконец-то, достигнута, действительности оказывается, что надо, подобно мифическому Агасферу, и вновь брать посох и отправляться в путь дальнейших поисков”. Әдебиетте талаптың құқықты қорғаудың тек іс жүргізушілік құралы болып табылатыны жөнінде үшінші теория өкілдерінің бірі П.Ф. Елисейкиннің анықтамасындағы келесі кемшілік аталады: талапты азаматтық құқық туралы дауды қарау мен шешуді талап ету ретінде анықтау дәл емес, өйткені істі қарау мен шешу – құқықты қорғау туралы талап етуді жүзеге асырудың шарттары болып табылады.

        Ғалымдардың сын-пікірлерін ескеріп, талаптың түсінігіне қатысты келесідей тұжырымға келдік. Талаптың түсінігін дәл анықтау үшін талаптың теориялық табиғатын ескеру, сонымен бірге заңнамалық тұрғыдан талап және оған қатысы бар өзге де ұғымдардың ара-жігін ажырату керек. Осыған байланысты М.М. Голиченко кейбір ғалымдардың талаптың түсінігін дәл анықтауға тырысып, заң шығаруға қолданатын талаптық ұғымдарға (талап қою, талапқа құқық, талапты қанағаттандыру, талаптың бағасы және т.б.) сүеніп оларға байланып қалатынын дұрыс атап көрсетеді. Қарастырып өткен үш көзқарастың ішінде алғашқы екі теорияның дұрыс жақтары жеткілікті тәрізді. Әрі екеуінің мәні бір-біріне жақын. Талапты екі жағы бар ортақ түсінік ретінде қарастыру талаптың екі мағынасы бір-бірімен ажырамас байланыста болуы мүмкін дегенге келеді. Сотта өзге тұлғалардың талап арызымен қозғалған талапты материалдық мүдделі тұлға қолдамаған жағдайда талапты қараусыз қалдыру материалдық аспектісіз іс жүргізушілік аспекті де болмайтынын көрсетеді. Талаптың екі мағынасы дербес болуы да мүмкін, оны бітімгершілік келісімді мысалға келтіріп, түсіндіруге болады. Тараптардың бітімгершілік келісімін бекітіп, соттың іс бойынша іс жүргізуді қысқартуы тараптардың өзара дауды соттың бақылауымен реттеуін және бұзылған құқықты сот арқылы қорғау қажет еместігін көрсетеді. Бұл жағдайда іс жүргізушілік мағынадағы талап қолданылуын тоқтатады. Бірақ материалдық талап қолданылуын жалғастырады, яғни жауапкер бітімгершілік келісімнің шарттарын орындамаған жағдайда бұл келісім атқарушылық іс жүргізу ережелеріне сәйкес мәжбүрлеп орындалады [11].

       Дегенмен екі теорияның кемшілікті  тұстары да бар. Түсіндірсек  талаптың екі мағынасын ұсынатын  ғалымдардың іс жүргізушілік  мағынадағы талапты сотқа құқықты  қорғау туралы жүгіну ретінде анықтауымен келісу қиын, өйткені бұлайша анықтау талапты заңды фактіге, іс жүргізу әрекетіне айналдырады. Талапты ортақ түсінік ретінде қарастыратын ғалымдардың да келтірген уәждерін толық қолдау қиын. Оны жоғарыда келтірген бітімгершілік келісімге қатысты мысалмен негіздеуге болады. Ал процесстің әр түрлі қатысушылары үшін талаптың мәні қалай анықталатынына қатысты мынаны айтуға болады: мүддесі қорғалғалы отырған тұлға және оның мүддесі үшін сотқа жүгінген тұлға (прокурор немесе ҚР АІЖК-нің 56-шы бабында аталған тұлғалар) үшін талап ортақ мәнге ие, ал сотқа жүгінуші де іс жүргізушілік мағынадағы талап, мүддесі қорғалатын талапкерде материалдық мағынадағы талап болады деп айтуға болмайды [12].

        Үшінші пікір талаптың түсінігін  тарылтатын, талаппен байланысты бірқатар мән-жайларды қамтымайтын тәрізді. Бұл ағымның жақтаушылары талаптың іс жүргізушілік жағын ғана негізге алып, материалдық-құқықтық жағын жоққа шығара отырып, талаптың түсінігін біржақты қарастырады. Өйткені талапты соттан мүдделі тұлғаның құқықты қорғауды талап етуі ретінде қарастырса, талапкердің билік етуші әрекетінің адресаты сот делінсе, азаматтық іс жүргізу заңының кейбір нормаларын қалай түсіндіруге болады. Мысалы, талапкер талап арызын қайтарып алу жөнінде өтініш білдірсе, сот талап арызды қараусыз қалдыра алады. Бірақ бұл жағдайда талапты қараусыз қалдыру жауапкер істің мәні бойынша қарауды талап етпесе ғана мүмкін болады. Ал К.С. Юдельсонның анықтамасында талаптың әрекет ету аясы азаматтық істі қозғаумен ғана шектеледі [13]. Мұндайда іс қозғалғаннан кейін жасалуы мүмкін талапты тану, талаптан бас тарту, талапты өзгенрту тәрізді әрекеттерді түсіндіру қиынға соғады. Жоғарыда жасалған теориялық құқықтық талдауға сүйеніп, талапты екі аспектіде қарастыру дұрыс деген қорытындыға келдік: іс жүргізушілік және материалдық. Іс жүргізушілік аспектіде талап ретінде мүдделі тұлғаның мемлекеттік сотқа немесе аралық сотқа мәлімдеген, қатал белгіленген тәртіппен қаралуға және шешілуге жататын талап етуін, ал материалдық аспектіде талап ретінде талапкердің жауапкерге бағыттаған бұзылған немесе бұзылу қауіпі бар не даулы құқығын және заңды мүддесін қорғау туралы талап етуін түсінеміз. Талаптың анықтамасында ҚР АІЖК-нің 150-бабының 2-бөлігінің 4-тармақшасында көзделеген талап арызда талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін бұзудың немесе бұзу қауіпінің мәні және оның талап қою талаптары көрсетілуге тиістігі жөнінде норма ескерілді (аталған норма қазақ тіліндегі түп нұсқасында “талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін және оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қауіпінің мәні” деп көрсетіліп, қателікке жол берілген, сондықтан мәтін дұрыс нұсқада берілді – А.К.), яғни талапты тек құқық бұзылғанда ғана емес, құқық бұзылуы мүмкін деп қауіптенгенде де беруге болады. 

    1.2 Азаматтық сот өндірісінің түрлері: ерекше талаптық және сырттай іс жүргізу нысандарының түсінігі

        Талаптың мәніне қатысты нормалардың  мазмұны 1999 жылы ҚР АІЖК қабылданғанда  жаңарды және толықтырылды. Бұл  сырттай іс жүргізудің пайда  болуынан, “әкімшілік-құқықтық қатынастардан туындайтын істер бойынша іс жүргізу” деген атаудың “ерекше талап қоюымен іс жүргізуге” өзгертілуінен көрінеді. Сырттай іс жүргізу – 1864 жылғы Азаматтық сот ісін жүргізу жарғысында көзделген, кейіннен алынып тасталған институт.

        З.Х. Баймолдина ҚР АІЖК-нің  24-тарауының атауын “талап қою  арқылы жүргізілетін істерді  сырттай қарау және сырттай  шешім” деген редакцияда көрсету қажеттігін ұсынады [14]. ҚР АІЖК-нде бекітілген “сырттай іс жүргізу” деген атау сырттай тәртіптің мәнін нақты көрсете алмайтындықтан және сырттай іс жүргізу бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің түрі ретінде болады деген жалған әсер туғызғандықтан, бұл ұсыныстың орынды екенін айтуға болады.

        Талаптың ерекше талап қоюымен  іс жүргізуде қолданылатыны оның атауынан көрінеді. Бұл сот ісін жүргізудің бұрынғы атауы осы тәртіппен қаралатын істердің ауқымын тарылтатын, өйткені мұндай тәртіппен тек әкімшілік құқықтық қатынастардан ғана емес, конституциялық, жер, қаржылық, тағы басқа қатынастардан (жинақтап айтқанда, жария құқықтық қатынастарынан) туындайтын істер де қарала алады. Ендеше қазіргі атауы ерекше талап қоюмен іс жүргізу тәртібімен қаралатын істерді толық қамтиды. Мұнда талаптың орын алатыны аталған іс жүргізудің қарама-қарсы мүдделері бар екі тараптың болатынын және олардың арасында құқық туралы дау бар екенін көрсететін құқықтық табиғатынан шығады. Әдебиеттерде ерекше талап қоюмен жүргізілетін істерді құқық туралы даудың орын алатыны жөнініде пікірлер кездеседі. Мысалы, Б.Ж. Абдраимов жер дауларына мемлекеттік орган өкілдерінің заңсыз әрекеттерімен жер пайдалану және жерге иелік ету құқықтарын бұзуға қатысты дауларды жатқызуға болатынын көрсетеді РФ-ның АІЖК-нде сот ісін жүргізудің бұл түрі “жария құқықтық қатынастарынан туындайтын істер бойынша іс жүргізу ” деп аталады. Кейінгі кездері ресейлік ғалымдар арасында бұл атауды өзгерту қажеттігі жөнінде ұсыныстар айтылып жүр. Ерекше талап қоюмен жүргізілетін істердің талаптық сипаты ҚР АІЖК-нің 24-бабының 2-бөлігінен де туындайды. Бұл нормада қандай құқықтық қатынастардан туындайтын даулар жөніндегі талаптардыңсотта қаралатыны көзделген, солардың ішінде ерекше талап қоюмен жүргізілетін істер бойынша талаптар да аталады. Ерекше талап қоюмен іс жүргізудің мәні ондағы талапты ерекше талап деуге мүмкіндік береді. Ресейдің іс жүргізушілік әдебиеттерінде бұдан өзгеше атаулар да ұсынылады. И.П. Колесов жария құқықтық қатынастардан туындайтын талаптарды жария талаптар, ал талап қою арқылы іс жүргізудегі талаптарды азаматтық талаптар деп атауды ұсынады Г.Л. Осокина жария құқықтық қатынастарынан туындайтын талапты әкімшілік талап деп атайды [15]. Ерекше талаптың талап қою арқылы іс жүргізудегі талапқа қарағанда айырмашылықтары бар. Ерекше талаптарды мынадай белгілер арқылы сипаттауға болады; а) ерекше талаптар жария құқықтық қатынастарынан туындайды; б) ерекше талаптар жария мүдделерді қозғайды; в) ерекше талап бойынша тараптардың арасындағы материалдық-құқықтық қатынастар билік пен бағыну қатынастары сипатында болады; г) ерекше талаптар ҚР АІЖК-нің 25-29 тарауларында нақты белгіленген. Г.А. Жайлин ерекше талаптардың тағы мынадай бір белгісін атап көрсетеді: “Талап қоюмен іс жүргізу атқаратын міндетті, яғни бұзылған субъективтік құқықтарды материалдық-құқықтық нормаларды қолданып қалпына келтіруді ерекғше талап қоюмен іс жүргізу қалдырмайтын сияқты”.

        Ерекше талап қоюмен жүргізілетін  істер заңда белгіленген алыныстарды және толықтыруларды ескере отырып, талап қою арқылы іс жүргізу ережелерімен қаралады. Сондай алыныстардың бірі – аталған істердің арызбен немесе шағыммен (наразылықпен) қозғалатыны. Бұл ерекше талап қоюмен іс жүргізудің мәніне сай келмейді, сондай-ақ ҚР АІЖК-нде аталған іс жүргізудің атауына “талап” деген терминнің енгізілуіне байланысты істі талғау құралы ретінде талап арызды көрсету дұрыс болар еді. Ерекше талап қоюмен іс жүргізуді талап арызбен қозғау туралы ұсыныс әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дау айту жөнінде істерге қолданылмайды. Олар арыз шағыммен немесе наразылықпен қозғалады. Мұның себебі аталған істердің материалдық және іс жүргізушілік табиғатының ерекшеліктерімен, сондай-ақ бұл істерге азаматтық сот ісін жүргізу ережелерінің қолданылуымен түсіндіруге болады. АІЖК-нің 9-бабының 1-тармағында азаматтық құқықтарды қорғауды мемлекеттік соттар мен аралық соттардың жүзеге асыратыны көзделеді. Бұл норма аталған соттардың азаматтық істерді қарап шешуде бірдей мәртебеге ие екендігін көрсетеді. Дегенмен аралық соттар ерекше талаптарды қарай қоймайды. Аралық соттарға тек азаматтық-құқықтық шарттардан туындайтын даулар бойынша талаптарды ғана беруге болады. ҚР-ның “Аралық соттар туралы” Заңның 7-бабының 5-тармақшасында аралық соттардың ведомстволық қарауына жатпайтын істер аталады, олар – мемлекеттің, мемлекеттік кәсіпорындардың, кәмелетке толмаған адамдардың, заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың, аралық келісімге қатысушылар болып табылмайтын адамдардың мүдделерін қорғайтын даулар, табиғи монополиялар субъектілерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді ұсыну, жұмыстарды орындау, тауарларды өндіру туралы шарттардан туындаған, сондай-ақ банкроттық   туралы істер жөніндегі даулар. 

    1.3 Талапқа құқықтың  түсінігі және  мәні

      Азаматтық іс жүргізу құқығы  ғылымында талаптың түсінігі  туралы мәселенің таласты екендігі өз кезегінде талапқа құқық проблемасының да таласты сипатын көрсетеді. Авторлардың бір тобы талапқа құқықты талаптың ортақ түсінігіне сәйкес келетін ортақ түсінік ретінде қарастырады. Талаптың ортақ түсінік ретінде екі жағы болатындықтан, талапқа құқықтың да екі жағы болады: іс жүргізушілік және материалдық-құқықтық. Басқаша айтқанда, талапқа құқық ортақ түсінік ретінде өзіне екі құқықтылықты біріктіреді: талап қоюға құқықтылық және талаптың қанағаттандырылуына құқықтылық. Бұл ағым жақтаушыларының ойынша, талап қоюшы сотқа жүгігенде өзінде процесті қозғауға құқықтылық (талап қоюға құқықтылық) және жауапкерге қойған материалдық-құқықтық талабын қанағаттандыруға бұзықтылық бар деген ойда болады, яғни талап қоюшы бір (екеу емес) талап қоя отырып, өзін талап қоюға және қанағаттандыруға құқылы деп санайды. Бұл екі құқықтылық міндетті түрде бірлесіп жүзеге асады, өйткені талап қою құндығы болмаса, талабының қанағаттандырылуына құқық та болмайды. Сондай-ақ, егер талап қоюшы талабының қанағаттандырылуына құқылы болмаса, талап қоюға құқықтылық ол үшін бұзылған немесе дауланған құқықты қорғаудың толық құралы бола алмас еді. Бірақ талапқа құқықтың құрамындағы аталған екі құқықтылық белгілі бір дәрежеде дербес болып табылады, өйткені талап қоюшыда бір жағдайда өз қуынымын қанағаттандыруға құқықтылық болғанымен, талап қоюға құқықтылық болмайды. Ал басқа жағдайда мүдделі тұлғада талап қоюға құқықтылық болғанымен, талаптың қанағаттандырылуына құқықтылық болмайды. Талап қоюға құқықтылық мәні жағынан процеске немесе соттың дауды қарау бойынша қызметіне құқыққа ие болуды білдіреді [16]. Талаптың қанағаттандырылуына құқықтылық жауапкерге мәлімдеген талап етуді сот арқылы мәжбүрлеп жүзеге асыру құқығына ие болу ретінде түсініледі. Сөйтіп, талапқа құқық ортақ түсінік ретінде мәжбүрлеп жүзеге асыруды қажет ететін бұзылған немесе дауланған материалдық құқық емес, осы құқықты қорғаудың және іске асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады. Ғалымдардың екінші тобы талапқа құқық ретінде сот арқылы қорғалу үшін жүгінуге құқықты немесе талап қою құқығын түсінеді. Бұл ғалымдардың ұстанымы талапқа абстрактілік  құқық теориясының көрінісі  болып табылады. Бұл теорияға сәйкес талапқа құқық таза іс жүргізушілік ұғым ретінде қарастырылады. Талапқа абстрактілік құқық теориясының пайда болуы мен дамуы барысында көптеген ғалымдар оны сынаумен болды, олар мәні бойынша абстрактілік құқықтың іс жүргізушілік құқық қабілеттілігін білдіретіні және бұл теорияның жетіспеушілігінің талапқа құқықтың соттық мәжбүрлеу күшінің мазмұнынан және субъективтілік азаматтық құқықтан түпкілікті ажырағанынан көрінетіні жөнінде ой түйеді. Талапқа  абстрактілік құқық теориясына талапқа нақты құқық ториясы қарсы тұрды.    Талапқа  нақты құқық  мектебінің ілімі бойынша,  құқықты қорғау туралы қуыным материалдық  құқықтың мақсатына жету құралы болып табылады. Құқықты қорғау туралы қуыным-бұл жауапкерге қарсы бағытталған, мемлекетке іс жүргізушілік нысанда мәлімделетін қуыным. Қарапайым сөзбен айтқанда, бұл теорияға сәйкес талапқа құқық-өзіне ыңғайлы сот шешіміне құқық; ол сотта қорғалуға жататын субъективтілік азаматтық құқыққа кім ие болса,  соған тиісті болады.

Информация о работе Талап қою құқығы