Талап қою құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 11:39, дипломная работа

Описание

Кез келген демократиялық, құқықтық мемлекет құруды басты бағыт ретінде ұстанған мемлекет пен қоғамды басты құндылық адам және оның өмірі, құқығы мен бостандығы екендігі белгілі. Ал адам құқығын қорғаудың ең басты көрсеткіші оны қорғаудың мемлекеттік механизімі мен қоғаммүшелерінің өздеріне берілетін мүмкіншіліктің деңгейімен анықталады. Мемлекет тиісті жағдайда мәжбүрлеу әдісін қолдана отырып қажетті шараларды қолдануды міндетіне алса, қоғам мүшелері нормативтік-құқықтық актілерде көзделген өз құқықтарын пайдалана отырып тиісті қадамдарды жасауы қажет болады. Ал белгілі бір топтардың, яғни өз құқығын қорғауға мүмкіндігі жоқ адамдардың мүддесін қорғайтын әртүрлі мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың өкілеттігі шеңберінде жүзеге асырылады.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
Талап қою құқығының теориялық мәселелері.
1.1Талап ұғымы............................................................................................................6
1.2 Азаматтық сот өндірісінің түрлері: ерекше талаптық және сырттай іс жүргізу нысандарының түсінігі...............................................................................11
1.3 Талапқа құқықтың түсінігі ...............................................................................13
1.4 Талап қою құқығының жалпы сипаттамасы....................................................17
2. Талап арыз түсінігі мен нысанының түсінігі, өзекті мәселелері.
2.1 Талап арыздың нысаны мен мазмұнының заңға сәйкестігі.............................22
2.2 Талап арыздың реквезиттері, оныңіс жүргізушілік маңызы мен мәселелері...................................................................................................................24
2.3 Талап арыздығы талаптың құны, оның құқықтық және тәжірибелік мәселелері...................................................................................................................29
2.4 Аралық сотта талаптық істердің қаралуы мен өзгешелігі, ондағы талап арыздың ерекшелігі мен құқықтық мәселелері......................................................32
3. Талап элементі және оның түрлерінің түсінігі мен өзекті мәселелері.
3.1 Талап элементінің түсінігі..................................................................................39
3.2 Талаптың негіздемесі..........................................................................................40
3.3 Талап нысаны.......................................................................................................41
3.4 Талаптың мазмұны..............................................................................................44
3.5 Талап субъектісі...................................................................................................45
Қорытынды.............................................................................................................49
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................53

Работа состоит из  1 файл

Алмаз диплом готовый.doc

— 457.50 Кб (Скачать документ)

                                            МАЗМҰНЫ 
 
 

Кіріспе...........................................................................................................................3

  1. Талап қою құқығының теориялық мәселелері.

1.1Талап ұғымы............................................................................................................6

1.2 Азаматтық  сот өндірісінің түрлері: ерекше  талаптық және сырттай іс жүргізу нысандарының түсінігі...............................................................................11

1.3 Талапқа құқықтың түсінігі   ...............................................................................13

1.4 Талап қою  құқығының  жалпы сипаттамасы....................................................17 

        2. Талап арыз түсінігі мен нысанының түсінігі, өзекті мәселелері.

2.1 Талап арыздың нысаны мен мазмұнының заңға сәйкестігі.............................22

2.2 Талап арыздың  реквезиттері, оныңіс жүргізушілік  маңызы мен мәселелері...................................................................................................................24

2.3 Талап арыздығы  талаптың құны, оның құқықтық  және тәжірибелік мәселелері...................................................................................................................29

2.4 Аралық сотта  талаптық  істердің қаралуы мен  өзгешелігі, ондағы талап арыздың ерекшелігі мен құқықтық мәселелері......................................................32 

  3. Талап элементі және оның түрлерінің түсінігі мен өзекті мәселелері.

3.1 Талап элементінің түсінігі..................................................................................39

3.2 Талаптың негіздемесі..........................................................................................40

3.3 Талап нысаны.......................................................................................................41

3.4 Талаптың мазмұны..............................................................................................44

3.5 Талап субъектісі...................................................................................................45

Қорытынды.............................................................................................................49

Қолданылған әдебиеттер....................................................................................53 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                         КІРІСПЕ 

       Кез келген демократиялық, құқықтық  мемлекет құруды басты бағыт  ретінде ұстанған мемлекет пен  қоғамды басты құндылық адам  және оның өмірі, құқығы мен бостандығы екендігі белгілі. Ал адам құқығын қорғаудың ең басты көрсеткіші оны қорғаудың мемлекеттік механизімі мен қоғаммүшелерінің өздеріне берілетін мүмкіншіліктің деңгейімен анықталады. Мемлекет тиісті жағдайда мәжбүрлеу әдісін қолдана отырып қажетті шараларды қолдануды міндетіне алса, қоғам мүшелері нормативтік-құқықтық актілерде көзделген өз құқықтарын пайдалана отырып тиісті қадамдарды жасауы қажет болады. Ал белгілі бір топтардың, яғни өз құқығын қорғауға мүмкіндігі жоқ адамдардың мүддесін қорғайтын әртүрлі мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың өкілеттігі шеңберінде жүзеге асырылады.

        Құқық пен мүддені қорғаудың  сәтті де тиімді жүзеге асырылуы  мемлекет бекіткен құқықтық тетіктердің  тиімділігі мен икемділігі, сапалылығы  мен қоғамдық өмірдің деңгейі мен сәйкестігіне байланысты болады.

        Нарықтық қатынастардың қалыбы  орныққан демократиялық қоғамда  меншік және өзге де мүліктік  құқықтар қасиетті ұғым болып  саналады әрі оны қорғау да  мемлекеттің ең басты міндеттерінің  бірі болып табылады.

        Белгілі бір құқықтар мен заңды  мүдделерін қорғау үшін адамдар  оның қорғаудың сан түрлі тетіктерін  қолданады және қорғану тәсілін  таңдау құқығы олардың өздеріне  қалдырылады. Яғни құқықтар мен  бостандықтарды мемлекеттік немесе  өоғамдық тәртіпте қорғауды жүзеге асырады. Азаматтар мен ұйымдар даулы құқықтарын жүйелеп көбінще соттарға халықаралық төреліктерге жүгінеді.

        Жалпы алғанда соттық тәртіпте  қаралатын істердің түгелге жуығы  талап қою тәртібімен жүзеге  асырылады. Талап және оның  элементтерінің ұғымы мен түрлеріне теориялық тұрғыда салыстырмалы саралау жүргізе отырып талдам жасау мәселенің құндылығын айқындай түсетіндігі анық жағдай. Талап нысаны мен негізінің өзекті мәселелері, мазмұны мен субъектісіне, талаптың объектісіне тәжірилік сараптама жасау нәтижесінде белгілі бір кемшіліктерді айқындай отырып, оны шешудің жолдарын ұсыну көзделеді. Талап өндірісіндегі қолданыстағы терминдердің қазақша атауларының жай-күйі мен құқықтық ахуалы туралы тезден өткізілуге жататын терминдердің мәселелері мен аудармалық қателіктердің негізін ашып көрсетіп, ұсыныстар әзірлеу.

       Талап қою азаматтық іс жүргізу  құқығының ең бір күрделі де  ауқымды бөлігі болып табылады. Талап ұғымы, оның түрлері,  талап арыздың теориялық мәселесі, талаптың құрамдас бөліктерінің  құқықтық мәселелерінің өзектілігі көптеген үдерісші-заңгер ғалымдардың ғылыми еңбектерініңобъектісіне айналды. Талаптың элементтері мен түрлерінің сипаты мен ерекшелігіне қатысты қазақстандық та, ресейлік те ғалымдар қалам тартуда. Атап өтетін болсақ олар Ю.Г Басин, З.Х Баймолдина, З.К Абдулина, А.Ж Касенова, Т.Е Каудыров, Г.А Жайлин, және т.б. Ресейлік ғалымдарды атап өтсек:

    -Осокина Г.А., Филиппов П.М., Чечот Д.М., Анисимова Л.И., Арапов Н.Т., Абрамов С.М., Башкатов Н., Безлипкин Т.Т., Василенко К.М., Василева Г.Д., Викут М.А., Гурвич М.А., Добровольский А.А., Иванова С.А., Джалипов В.Г., Елисейкина Г.Ф., Иванов О.В., Кожухарь А.Н., Анисимова Л.И., Кострова Н., Комиссаров Н.И., Осипов Ю.Н., Курылев С.В., Треушников М.К., Пушкарь Е.Г., Пятиллетов И.М., Шакарян М.С., Швейцарь Д.В., Юдельсон К.С. тағы басқа да көптеген ғалымдар ғылыми еңбектерінде көрсетіп кеткен.

        Аталған ғалымдардың еңбектерінде  талаптың құрамдас бөліктерінің  ұғымы мен түрлеріне маңыздылығы  мен ғылыми құндылығы жоғары  дәрежеде теориялық және тәжірибелік сипатта зерттеу жүргізген.

        Дипломдық жұмыстың тақырыптық  мәселелерін талқылау кезінде  талап ұғымынан бастап талап  арыздың құрылымы мен нысанының  құқықтық маңызына тоқталып, талап  элементтеріне жеке бөлімде толық  қарастырып өтеді. Зерттеу жұмысының жазылу барысында сонымен қатар әртүрлі ғылыми монографиялар мен кітап, оқу құралдары, газет-журнал беттеріндегі мақалалар пайдаланылды.

        Дипломдық жұмыста зерттеу тақырыбының  қайнар көздеріне жалпылай сараптамалық  талдам жасай отырып талаптың құрамдас бөліктерінің құрылымын анықтау, талап элементтерінің жеке түрлерінің құқықтық-теориялық мәселелерінің мәнін ашып заңнамалық кемшіліктерге саралау жүргізу, талап институтындағы терминдер мәселесіне талдау жасай отырып

    Ұсыныстарын енгізу дипломдық жұмыстың басты мақсаты болып табылады.

    Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаттар легі:

  • талап қою ұғымының теориялық аспектілеріне талдам жасау,
  • талап түсінігінің құқықтық мәнін ашу,
  • талап арыздың құқықтық табиғаты мен ұғымына сипаттама беру,
  • талаптың элементі мәселесіне құқықтық сипаттама жасау,
  • талап элементтерінің түрлерінің ара жігін ажырату және салыстырмалы талдам жасау,
  • талаптық терминдердің қазақша мәтінінің жүйесін қалыптастыру, осы мақсатта заңнамадағы кемшіліктер мен қателіктерді ашып көрсетіп, оны жоюдың жолдарын ұсыну болып табылады.

        Диплом жұмысының жазылуы балысында  тарихи-салыстырмалы, логикалық жүйелі  құрылымдық, статистикалық, тарихи, формальды ойлау түрі, салыстырмалы  құқықтық, диалектикалық-материалистік  тұрғыда әдістер қолданылды.

        Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және библиографиядан тұрады. Бірінші бөлімде талап қою ұғымына тоқтала отырып оның құқықтық мәселелері мен заңнамалық кемшіліктеріне тоқталып кетеді. Екінші бөлімде талап арыз бен оның іс жүргізушілік мәніне, құқықтық маңызы мен теориялық мәселелерін қарастырады. Үшінші бөлімде талап элементтері мен түрлерінің мәселелері талқылап, мағынасын ашып, теориялық тұрғыдан талдам жасайды, терминдік-атаулық мәселелеріне кеңінен тоқталып кетеді, ұсыныстар еңгізеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    
  1. ТАЛАП ҚОЮ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
 

    1.1 Талап ұғымы

        Азаматтық іс жүргізу құқығы  бойынша әдебиеттерде талаптың  түсінігіне қатысты әртүрлі көзқарастар  айтылады және олар белгілі  бір дәрежеде осы құқық саласындағы ғалымдардың әртүрлі топтарының ой-пікірлерін, ұстанымдарын білдіреді.

        Ғалымдар тобының біріншісі талаптың  екі жеке түсінігі, яғни материалдық-құқықтық  және іс жүргізушілік мағынадағы  түсініктері туралы идея ұсынған  М.А Гурвичті қолдады [1]. Ол материалдық-құқықтық мағынадағы талап ретінде талапкердің жауапкерге мәлімдеген құқықты немесе заңды мүддені қорғау туралы талап етуін түсініп, талапты бұл тұрғыда материалдық құқық институты деп есептеді. Іс жүргізушілік мағынадағы талап ретінде талапкердің сотқа құқығын қорғау үшін жүгінуі түсініліп, бұл мағынасында ол іс жүргізу құқығының институты болады. Осыған ұқсас көзқарасты С.Н. Абрамов пен В.П. Чапурский де келтіреді [2]. Екі автор да іс жүргізушілік мағынадағы талапты – соттан құқықты қорғауды талап ету ретінде, ал материалдық мағынада – талапкердің жауапкерден сот арқылы материалдық-құқықтық талап етуі, яғни сот қорғайтын азаматтық құқық ретінде түсінеді. С.Н. Абрамов былай дейді: Талап бұл туындаған азаматтық құқықтық дау бойынша әділтөрелікті жүзеге асыру үшін соттың қызметін қозғалысқа келтіруге түрткі болатын құрал болып табылатын азаматтық іс жүргізу құқығының институты, ал талап ету азаматтық қатынастан шығатын және талаппен қорғалатын өзінің заңды табиғаты жағынан азаматтық құқықтың институты немесе талап қоюшының жауапкерге сот арқылы қойған талап етуі. Осылардың негізінде автор іс жүргізушілік мағынадағы талап материалдық құқық институты ретіндегі талаптың жүзеге асырылу нысаны болып табылатыны жөнінде қорытындыға келеді.

        Келесі бір тобы (А.Ф. Клейнман, А.А. Добровольский, Н.И. Авдеенко, Д.М. Чечина, Н.А. Чечот) талап екі жағы – іс жүргізушілік және материалдық-құқықтық жақтары бар ортақ түсінікті білдіреді деген пікірді ұсынады. Сотқа құқық қорғау туралы мәлімденген талап ету іс жүргізушілік жағын, ал талапкердің жауапкерге мәлімдеген талап етуі материалдық-құқықтық жағын құрайды. Бұл авторлар талаптың екі жағын негізге алып, талап ретінде бір тұлғаның екіншісіне сотта белгілі бір іс жүргізу тәртібі мен қарау және шешуүшін мәлімдеген, даулы материалдық-құқықтық қатынастан туындайтын, нақты заңды фактілерге негізделген материалдық-құқықтық талап етуін атайды.

     Олар талаптың ортақ түсінігінде  негізгі өзек етіп талаптың материалдық-құқықтық жағын алады. Сот талапкердің  жауапкерге мәлімдеген материалдық-құқықтық талап етуіне жауап бере отырып, талапкердің сотқа өзінің бұзылған немесе дауланған құқығын қорғау туралы жүгінуіне де жауап береді. Талапкердің жауапкерден талап етуі талаптың нысанасын құрайтындықтан, екеуі бір-бірінсіз өмір сүре алмайды [3].

        А.А. Добровольский былай деп  жазады: Құқық қорғау құралы ретіндегі  кез-келген талаптың мәні тараптар  арасындағы туындаған дау негізінде  талап арыз түрінде рәсімделген  талап қоюшының жауапкерге қойған  материалдық-құқықтық талабы іс  жүргізуді қозғау құралы болады және сот қызметінің нысаны болады, себебі сот талап қоюшының жауапкерге қойған материалдық-құқықтық талабының заңдылығы мен негізділігін қарайды. Талаптың тек материалдық-құқықтық жағының болуы, яғни талап қоюшының жауапкерге қойған құқықтық талабын іс жургізудің талапты тану, талаптан бас тарту, соттық бітімгершілік келісім сияқты іс жүргізу институттарын бар екендігімен түсіндіруге болады. Е.В. Рябованың көрсетуінше, азаматтық іс жүргізуде талаптың бір ғана түсінігі бар, ол – азаматтық іс бойынша сот төрелігін жүзеге асыру бойынша соттың қызметін қозғайтын, бұзылған немесе дауланған құқықты не заңды мүддені қорғау туралы талап етіп сотқа жүгіну. Екінші пікірді жақтаушыларды кейінгі уақыттарда осы мәселемен айналысып жүрген ғалымдардың ішінен де кезіктіруге болады. Мысалы, М. Рожкова былай деп жазады: Талапты (талаптық талап ету) жауапқа тартылған тұлғаға бағытталған мүдделі тұлғаның жеке материалдық-құқықтық талабынан тұратын заңда арнайы көрсетілген талап арыз қалыбында рәсімделген мемлекеттік мәжбүрлеу туралы сотқа жіберілген талап ету. А.А. Добровольский құқықты талап қою арқылы қорғау нысаны сотта қорғалуға ғана тән емес, сондай-ақ құқық туралы дауды төрелік, аралық сот және басқа да органдар қараған кезде де қолданылатынын көрсетіп, талаптың келесі анықтамасын береді: Құқықтың бұзылуын жою жөніндегі бір тұлғаның екінші бір тұлғаға сот немесе басқа да орган арқылы мәжбүрлеп жүзеге асыру үшін берген және белгілі бір іс жүргізушілік тәртіпте қаралуға жататын талап етуді талап деп атаймыз.

Информация о работе Талап қою құқығы