Талап қою құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 11:39, дипломная работа

Описание

Кез келген демократиялық, құқықтық мемлекет құруды басты бағыт ретінде ұстанған мемлекет пен қоғамды басты құндылық адам және оның өмірі, құқығы мен бостандығы екендігі белгілі. Ал адам құқығын қорғаудың ең басты көрсеткіші оны қорғаудың мемлекеттік механизімі мен қоғаммүшелерінің өздеріне берілетін мүмкіншіліктің деңгейімен анықталады. Мемлекет тиісті жағдайда мәжбүрлеу әдісін қолдана отырып қажетті шараларды қолдануды міндетіне алса, қоғам мүшелері нормативтік-құқықтық актілерде көзделген өз құқықтарын пайдалана отырып тиісті қадамдарды жасауы қажет болады. Ал белгілі бір топтардың, яғни өз құқығын қорғауға мүмкіндігі жоқ адамдардың мүддесін қорғайтын әртүрлі мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың өкілеттігі шеңберінде жүзеге асырылады.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
Талап қою құқығының теориялық мәселелері.
1.1Талап ұғымы............................................................................................................6
1.2 Азаматтық сот өндірісінің түрлері: ерекше талаптық және сырттай іс жүргізу нысандарының түсінігі...............................................................................11
1.3 Талапқа құқықтың түсінігі ...............................................................................13
1.4 Талап қою құқығының жалпы сипаттамасы....................................................17
2. Талап арыз түсінігі мен нысанының түсінігі, өзекті мәселелері.
2.1 Талап арыздың нысаны мен мазмұнының заңға сәйкестігі.............................22
2.2 Талап арыздың реквезиттері, оныңіс жүргізушілік маңызы мен мәселелері...................................................................................................................24
2.3 Талап арыздығы талаптың құны, оның құқықтық және тәжірибелік мәселелері...................................................................................................................29
2.4 Аралық сотта талаптық істердің қаралуы мен өзгешелігі, ондағы талап арыздың ерекшелігі мен құқықтық мәселелері......................................................32
3. Талап элементі және оның түрлерінің түсінігі мен өзекті мәселелері.
3.1 Талап элементінің түсінігі..................................................................................39
3.2 Талаптың негіздемесі..........................................................................................40
3.3 Талап нысаны.......................................................................................................41
3.4 Талаптың мазмұны..............................................................................................44
3.5 Талап субъектісі...................................................................................................45
Қорытынды.............................................................................................................49
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................53

Работа состоит из  1 файл

Алмаз диплом готовый.doc

— 457.50 Кб (Скачать документ)

    Тараптардың өзара дауды аралық соттың немесе халықаралық коммерциялық төреліктің шешуіне беруге келісуі мемлекеттік сотқа бұл дау бойынша талап қою құкығына әсер етеді. Бұл мәселені түсіндіру үшін теориялық ойлар мен заңнамалық материалдарға шолу-талдау жасау қажет.

     Іс жүргізуші-ғалымдардың арасында аралық жазбаның немесе дауды аралық соттың шешуіне беру туралы келісімнің болуы женінде әртүрлі пікірлер орныққан. Ғалымдардың бір тобы өз еңбектерінде осы мән-жайды талап қою құқығының алғы шарты ретінде қарастырады. Ғалымдардың екінші тобы мұндай пікірмен келіспейтіндіктерін білдіреді. Біздіңше, бұл мәселеде екі ұғымды ажырату керек: дауды аралық соттың шешуіне беру туралы келісімнің болуы және аралық сот шешімінің болуы. Енді осы екі ұғымның айырмашылығын және салдарын анықтау үшін заңдық тұрғыдан талқылайық.

    Сот тәжірибесінде егер тараптардың  арасында істі аралық сотқа беру туралы келісім болса, соттар ҚР АІЖК-нің 153-бабының 1-бөлігінің 1-тармақшасын басшылыққа алып, талап арызды қабылдаудан бас тартып, тұлғаларға бұл талаппен аралық сотқа жүгіну қажеттігін түсіндіреді. Ал іс сотта қозғалып кеткеннен кейін тараптардың арасында аралық келісімнің бар екені белгілі болса және заңнамалық актілерде өзгеше көзделмеген жағдайда, егер жауапкерден істі мәні бойынша қарау басталғанға дейін дауды сотта шешуге қарсылық білдірілсе, сот ҚР АІЖК-нің 249-бабының 5-тармақшасына сәйкес талапты қараусыз қалдырады. Тараптар аралық келісімді іс апелляциялық немесе қадағалау сатыларында қаралып, бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберген кезде де жасап, дауларын аралық сотқа бере алады, өйткені іс бірінші сатыдағы сотта қайтадан мәні бойынша жалпы тәртіппен қаралады.

    ҚР  АІЖК-нің 153-бабының 1-бөлігінің 1-тармақшасында көрсетілген "арыздың азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпауы" істің өзге сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуы тиістігіне қоса ведомствалық бағыныстылық ережесінің сақталмауын, яғни істің сот қарауына жатпауын білдіреді. Істі аралық соттың қарауына беру туралы тараптардың өзара келісуі істің сотқа ведомствалық бағыныстылығының өзгертілгенін білдіреді. Даудың аралық сот қарауына жатуы шарттық ведомствалық бағыныстылық болып табылады. Олай болса, сот тәжірибесінде аталған жағдайға ҚР АІЖК-нің 153-бабының 1-бөлігінің 1-тармақшасының қолданылуы дұрыс сияқты болып көрінеді. Бірақ бұнымен келесі дәлелдерге байланысты келісуге болмайды. Талап арызды қабылдаудан бас тарту осы талаппен сол тұлғалардың сотқа қайтадан жүгіне алмайтынын білдіреді. Бірақ мынадай жағдайлардың салдарынан мүдделі тұлға мемлекеттік сотқа сол талаппен жүгінуі мүмкін: дауды аралық сотқа беруге келіскен тараптар іс аралық сотта қаралмай жатып, араларындағы аралық келісімді бұза алады немесе аралық келісім жарамсыз болуы не ҚР-ның "Аралық соттар туралы" Заңының 19-бабының 5-тармағына сәйкес талап арыз берілген аралық сот құзыретті болмауына байланысты бұл дауды қарай алмауы мүмкін. Сондықтан тараптардың арасында дауды аралық сотқа беру туралы келісімнің бар екендігі анықталса, судья талап арызды кайтарса дұрыс болар еді. Өйткені талап арызды қайтару ұқсас талаппен мемлекеттік сотқа қайтадан жүгінуге кедергі келтірмейді.

    Аралық  сот шешімінің болуына байланысты екі мәселені анықтап айту керек. Бірінішісі - орындалған аралық сот шешімінің болуы, екіншісі -орындаудан бас тартылған аралық сот шешімінің болуы. Сондай-ақ, ҚР-ның Аралық соттар туралы" Заңының 44-бабына, "Халықаралық коммерциялық 
төрелік туралы" Заңының 7-тарауына, ҚР АІЖК-нің 39-1. 45-1-тарауларына 
сәйкес аралық соттардың және халықаралық коммерциялық төреліктердің 
шешімдеріне құзыретті мемлекеттік сотқа шағымдануға болады. Құзыретті 
мемлекеттік соттар бұл шешімдердің күшін заңда көзделген негіздер 
бойынша жоя алады (бұл жағдайда аралық соттың шешімі жоқ деуге 
болады). Сонда аралық соттың (халықаралық коммерциялық төреліктің) 
шешімін орындаудан бас тартылса немесе құзыретті мемлекеттік сот оның 
күшін жойса, мүдделі тұлғада сол талабымен мемлекеттік сотқа жүгінуге 
мүмкіндік болады. Ал аралық соттың (халықаралық коммерциялық 
төреліктің) шешімі орындалса немесе құзыретті мемлекеттік сот онын күшін 
жоймаса, мүдделі тұлғада сотқа «талап қою құқығы болмайды, яғни мүдделі 
тұлға бұл жағдайларда сол талаппен сотқа жүгінсе, оның талап арызы 
қабылдаудан бас тартылуы немесе қозғалған іс жүргізу қысқартылуы керек. 
Сот тәжірибесінде осы мән-жайлар анықталса, ҚР АІЖК-нің 153-бабының 
1-тармақшасы бойынша талап арыз қабылдаудан бас тартылады немесе 247- 
баптың 1-тармақшасына сәйкес іс жүргізу қысқартылады. Демек аралық сот 
шешімінің болуына қатысты ҚР АІЖК-нің 153 және 247-арының 
қолданылуы дұрыс. Бұл мәселе РФ АІЖК-нде ҚР-ның азаматтық іс жүргізу 
заңнамасына қарағанда келесідей реттелген, 134-бабының 1-бөлігінің 3- 
тармақшасында судьяның талап арызды, егер тараптар үшін міндетті болып 
табылатын және сол тараптар арасында, сол нысаны туралы және 
сол негіздемелер бойынша қабылданған аралық соттың шешімі болса, аралық 
шешімін мәжбүрлеп орындау туралы атқару парағын беруден бас тартатын 
жағдайларды қоспағанда , қабылдаудан бас тартатыны көзделеді АІЖК-нің 
220-бабына сәйкес осы мән-жай сотта қарау барысында анықталған жағдайда 
іс бойынша іс жүргізу қысқартылады. РФ-ның заңында аралық сот шешімі 
болуына қатысты жағдай талап арызды қабылдаудан бас тарту мен іс 
жүргізуді қысқарту негіздерінің ішінде бөлек арнайы көзделіп тұр. АІЖК 53- 
бабының 1-бөлігінің 1-тармақшасындағы ережені, яғни істің азаматтық 
сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпауы жөнінде норманы аталған 
жағдайға арыздануға болмайды, ол мынамен байланысты: істің аралық сотта 
шешіліп аралық сот шешімін орындалуы дегенді азаматтық сот ісін жүргізу 
тәртібімен қарауға жатпайды деп қарастыру дұрыс емес, өйткені бұзылған 
құқық іс жүзінде қорғалып қойды, аталған ереже егер құқық туралы дау әлі 
шешілмеген болса ғана қолданылуы керек. Ендеше талап арызды кабылдау 
мен іс жүргізуді қысқарту негіздерін жаңа негізбен толықтыру қажет. 
2004 жылы 28 желтоқсанда ҚР-ның "Аралық соттар туралы",

    "Халықаралық  қоммерциялық төрелік туралы" Заңдары және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аралық соттар және төреліктердің қызметінің мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" Заңы қабылданғанда осы мәселе, яғни талап арызды қабылдаудан бас тарту мен іс жүргізуді қысқарту негіздерінің және аралық сот

    шешімінің болуына қатысты негізді арнайы енгізу қажеттілігі ескерілмеген тәрізді. ҚР АІЖК-нде аралық немесе төрелік соттың ұксас талап бойынша шешімінің болуы фактісінің талап арызды қабылдаудан бас тартудың, іс бойынша іс жүргізуді қысқартудың негіздері ретінде көрсетілмегенін А.Ш. Хамзин де атап көрсетеді.

    Жоғарыда  аралық соттың істің мәні бойынша  шығаратын шешіміне қатысты мәселеге тоқталдық. Сондай-ақ, аралық соттың істі мәні бойынша шешпеген кезде де шешім шығара алатын жағдайын ескеру керек. Ол ҚР-ның "Аралық соттар туралы" Заңының 34-бабының 3-тармағында көзделген. Егер аралық сотта іс қарау барысында тараптар дауды Қазакстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін және баска тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтын бітімгершілік келісім жасау жолымен реттесе, аралық іс қарауды тараптардың өтініші бойынша тоқтатады және оның тарапынан қарсылықтар болмаған кезде бұл реттеуді аралық соттың келісілген жағдайлардағы шешімі ретінде тіркейді. Аралық соттың бұл шешімінің даудың мәні бойынша шығарылатын аралық соттың кез-келген шешімі сияқты күші болады. Мемлекеттік сотта тараптардың бітімгершілік келісім жасау арқылы істі аяқтауы өзгедей нысанда рәсімделеді, яғни сот бітімгершілік келісімді бекітіп, іс жүргізуді қысқарту туралы ұйғарым шығарады. Бұл ұйғарым шешім тәрізді мәжбүрлеп орындала алады. Мұндағы айырмашылық мынаған байланысты: бітімгершілік келісім ерікті түрде орындалмаса, мәжбүрлеп орындалуы тиіс, ал заңда аралық соттардың шешімдерінің ғана мәжбүрлеп орындалатыны бекітілген, сондықтан тараптардың аралық сотта бітімгершілік келісім жасауы шешіммен рәсімделеді. Аралық соттың келісілген жағдайлардағы шешімінің болуы мемлекеттік сотқа талап қоюға кедергі болады. Мемлекеттік сотқа талаппен жүгінуге талапкердің талаптан бас тартуына байланысты аралық сотта іс қарауды тоқтату туралы ұйғарымның да кедергі болады. Аралық соттың бұл ұйғарымы "Аралық соттар туралы " Заңның 42-бабымен реттеледі. Осы ұйғарымға қатысты мәселенің құқықтық реттелуін жетілдіру қажет. Заңда аталған ұйғарымның міндетке ие болатыны көрсетілмеген, сондықтан талапкердің талаптан бас тартуына байланысты аралық сотта іс қарауды тоқтату туралы ұйғарымның «міндетті деп танылатынын ҚР-ның "Аралық соттар туралы" Заңда нақты бекіту керек. Аралық соттың ұқсас іс бойынша орындалған шешімінің болуына қатысты мәселе тәрізді аралық соттың келісілген жағдайлардағы шешімінің және талапкердің талаптан бас тартуына байланысты аралық сотта іс қарауды тоқтату туралы ұйғарымның болуын ҚР АІЖК-нің 153 және 247-баптарында көзделген талап арызды қабылдаудан бас тарту мен іс жүргізуді қысқарту негіздерінің ішінде арнайы көздеу қажет.

    З.Х. Баймолдина талап арызды қабылдаудан  бас тартудың және іс бойынша жүргізуді қысқартудың негіздерін егер аралық соттың сол тараптар

    арасында, ол нысана туралы және сол негіз  бойынша дау жөнінде шығарылған шешімі болса деген негізбен толықтыру, сондай-ақ талап арызды қайтару негіздерінің ішінде аралық жазбаның немесе дауды аралық соттың шешуіне беру туралы шарттың болуын көрсету қажеттігін ұсынып, АІЖК-нің 249-бабының 5-тармақшасындағы "жауапкер істі мәні бойынша қарау басталғанға дейін дауды сотта шешуге қарсылық білдірсе" дегенді алып тастау керектігі жөнінде пікір білдіреді. Бүл пікір орынды, өйткені аралық (төрелік) келісімнің болуына карамастан, істің сотта әрі карап жалғастырылу мүмкіндігін жауапкердің еркіне байланысты ету аталған келісімнің ешқандай міндетті күшінің жоқтығын білдіретін сиякты.

    Сонымен  жоғарыда  айтылғандардың  негізінде  қарастырып  өткен  мән-жайларға байланысты мынадай теориялық қорытынды жасалды: -    мемлекеттік сотқа талап қою құқығының алғы шарты ретінде болады:

    1) аралық соттың сол тараптар  арасында, сол нысана туралы және  сол негіз бойынша дау жөнінде заңды күшіне  енген және  орындалған  шешімінің болмауы;

    2) аралық соттың тараптардың дауды  бітімгершілік келісімін жасау  жолымен реттеуіне байланысты шығарған келісілген жағдайлардағы шешімінің болмауы;

    3)   аралық   соттың   талапкердің   талаптан   бас   тартуына   байланысты   іс жүргізуды тоқтату туралы ұйғарымының болмауы;

    мемлекеттік   сотқа   талап   қою   құқығын    іске    асырудың   шартына дауды  аралық соттың шешуіне беру туралы келісімнің болмауы жатады.

    Осы қарастырған мән-жайлар аралық (төрелік) сотқа талаппен жүгіну құқығына да ықпал етеді. Бірақ аралық келісімнің болуына қатысты мән-жай аралық сотқа талап қою құқығын іске асырудың шарты ретінде емес, аталған құқықтың алғы шарты ретінде болады, өйткені аралық келісімнің болмауы аралық сотқа талап қою құқығының жоқтығын қөрсетеді. Ал мына мән-жайлардың аралық (төрелік) сотқа талап қою құқығының алғы шарттары ретінде болатыны күмән тудырмайды:

  1. аралық соттың сол тараптар арасында, сол нысана туралы және сол негіз 
    бойынша  дау  жөнінде  заңды  күшіне  енгенше  орындалған   шешімінің 
    болмауы;
  2. аралық соттың тараптардың дауды бітімгершілік келісімін жасау жолымен 
    реттеуіне  байланысты  шығарған  келісілген  жағдайлардағы   шешімінің 
    болмауы;

    3) аралық соттың талапкердің талаптан бас тартуын байланысты іс қарауды тоқтату туралы ұйғарымының болмауы. 

    Сот тәжірибесінде тараптардың істі аралық соттың қарауына беру туралы шарт жасауының негізінде талапты қараусыз қалдыруды реттейтін нормалардың дұрыс қолданылатыны кездеседі. 2002 жылғы 28 карашада ҚР-ның Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті 'АЭС Сантри Пауэр Лимитед" компаниясына және "Тау Пауэр БВ"

    компаниясына 1997 жылғы 23 шілдедегі сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы талаппен сотқа жүгінген, бұл шарт Қазақстан Республикасы мен "АЭС Сантри Пауэр Лимитед" компаниясының арасында жасалған. 2002 жылғы 3 желтоқсандағы ұйғарыммен талап Шығыс Қазақстан облыстық сотының іс жүргізуіне қабылданып, 2002 жылғы 19 желтоқсанға тыңдауға тағайындалған. Іс мәні бойынша қаралғанға дейін 2002 жылғы 18 желтоқсанда жауапкерден ҚР-ның соттарының қарауына жатпауына байланысты талапты қараусыз қалдыру туралы өтініш келіп түскен. 2002 жылғы 19 желтоқсандағы ұйғарыммен төрелік ескертпе болғандықтан талап арыз қараусыз қалдырылған. Жеке шағымда талап қоюшы материалдық құқық нормаларының дұрыс түсіндірілмеуіне және қолданылмауына байланысты жоғарыда аталған ұйғарымның күшін жоюды өтінген. ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасы Шығыс Қазақстан облыстық сотының 2002 жылғы 19 Желтоқсандағы ұйғарымын келесі негіздерге сүйеніп, өзгеріссіз, ал жеке шағымды қанағаттандырусыз қалдырды. Тараптар шарт жасай отырып, онда барлық даулар мен келіспеушіліктердің төрелік қарау арқылы шешілетінін көрсетті. Істегі шарттың 32-бабының мәтінінен келіспеушіліктер туған жағдайда тараптардың дауларын Лондондағы Халықаралық сауда палатасының арбитражында шешетіндіктерін көздегені көрінеді. Соттың талап арызды АІЖК-нің 249-бабының 5-тармақшасына сәйкес қараусыз қалдырғаны негізді. Егер талап қоюшы төрелік ескертпені аралық сотта қараудың табиғатын түсінбегендіктен не мәмілені алданудың салдарынан жасадым деп санаса, ол төрелік келісімді ҚР-ның АК-нің 159-бабында көзделген негіздер бойынша жарамсыз деп тану туралы басқа талаппен сотқа жүгінуге құқылы. Бұл талаптарды мәміленің жарамсыздығы белгілері бойынша қанағаттандырса, талап қоюшы бүкіл шартты жарамсыз деп тану туралы талап қоя алады. 
 
 
 
 
 

    3 Талап элементі  және оның түрлерінің  түсінігі мен өзекті

    мәселелері 

    З.1 Талап   элементінің түсінігі

Информация о работе Талап қою құқығы