Талап қою құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 11:39, дипломная работа

Описание

Кез келген демократиялық, құқықтық мемлекет құруды басты бағыт ретінде ұстанған мемлекет пен қоғамды басты құндылық адам және оның өмірі, құқығы мен бостандығы екендігі белгілі. Ал адам құқығын қорғаудың ең басты көрсеткіші оны қорғаудың мемлекеттік механизімі мен қоғаммүшелерінің өздеріне берілетін мүмкіншіліктің деңгейімен анықталады. Мемлекет тиісті жағдайда мәжбүрлеу әдісін қолдана отырып қажетті шараларды қолдануды міндетіне алса, қоғам мүшелері нормативтік-құқықтық актілерде көзделген өз құқықтарын пайдалана отырып тиісті қадамдарды жасауы қажет болады. Ал белгілі бір топтардың, яғни өз құқығын қорғауға мүмкіндігі жоқ адамдардың мүддесін қорғайтын әртүрлі мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың өкілеттігі шеңберінде жүзеге асырылады.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
Талап қою құқығының теориялық мәселелері.
1.1Талап ұғымы............................................................................................................6
1.2 Азаматтық сот өндірісінің түрлері: ерекше талаптық және сырттай іс жүргізу нысандарының түсінігі...............................................................................11
1.3 Талапқа құқықтың түсінігі ...............................................................................13
1.4 Талап қою құқығының жалпы сипаттамасы....................................................17
2. Талап арыз түсінігі мен нысанының түсінігі, өзекті мәселелері.
2.1 Талап арыздың нысаны мен мазмұнының заңға сәйкестігі.............................22
2.2 Талап арыздың реквезиттері, оныңіс жүргізушілік маңызы мен мәселелері...................................................................................................................24
2.3 Талап арыздығы талаптың құны, оның құқықтық және тәжірибелік мәселелері...................................................................................................................29
2.4 Аралық сотта талаптық істердің қаралуы мен өзгешелігі, ондағы талап арыздың ерекшелігі мен құқықтық мәселелері......................................................32
3. Талап элементі және оның түрлерінің түсінігі мен өзекті мәселелері.
3.1 Талап элементінің түсінігі..................................................................................39
3.2 Талаптың негіздемесі..........................................................................................40
3.3 Талап нысаны.......................................................................................................41
3.4 Талаптың мазмұны..............................................................................................44
3.5 Талап субъектісі...................................................................................................45
Қорытынды.............................................................................................................49
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................53

Работа состоит из  1 файл

Алмаз диплом готовый.doc

— 457.50 Кб (Скачать документ)

    Талап қоюға субъективтік құқықтың пайда  болуы белгілі бір мән-жайлармен байланысты. Олар заңның абстрактілі сипаттағы нұсқауларын сәйкес құқықтық қатынастың нақты белгілі субъектілерінің субъективтік құқықтары мен заңды мүдделері аясына енгізетін "тетік" ретінде болады. Субъективтік құқық бар жерде оған қарсы полюс ретінде заңды міндет те болады, сондықтан "субъективтік құқық әрқашан белгілі бір заңдық қатынас ауқымында өмір сүреді".

    Талап қою құқығының пайда болуы  мен іске асырылуы талап қою құқығының алғы шарттары және осы құқықты іске асырудың шарттары деп аталатын белгілі бір мән-жайлармен байланысты болады.

    Азаматтық іс жүргізу айналымына талап қою  құқығының алғы шарттары және осы құқықты жүзеге асырудың шарттары ұғымдарын М.А. Гурвич енгізген. Оның бұл теориясы Оскар Бюловтың процестің болжамдары туралы ілімінен бастау алады. О. Бюловтың ілімі бойынша процестің болжамдары ретінде, процестің, яғни нақты құқықтық қатынастын пайда болуымен байланысты барлық мән-жайлар түсініледі. Бұл ілімді көптеген мемлекеттердің азаматтық іс жүргізу құқығының теориясы қабыл алды. 0. Бюлов ұсынған ілім ондағы логикалық қорытындылардың кейіннен күшінде болған заңнамамен және процестің кейінгі жағдайларымен сәйкес келмейтін тұстары болғанына қарамастан оған дейін іс жүргізушілік кұбылыстарды сипаттаумен шектеліп, ғылыми заңды қорытынды бермейтін азаматтық процестің теориясы үшін жаңалық болды.

    Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымында осы  мәселені зерттеуді М.А. Гурвич жалғастырды және дамытты. Ол О. Бюловтың "Іс жүргізу болжамдарын" заңи маңызына қарай талап қою құқығының алғы шарттары және талап қою құқығын іске асырудың шарттары (тәртібі) деп екіге бөліп. екеуінің айырмашылықтары көрінбейтін "процестің болжамдары" деген ортақ ұғымнан бас тарту қажеттігін ұсынды.

    Осында  тоқталып өтетін маңызды мәселелердің бірі азаматтық іс жүргізу құқығы саласындағы құқықытық терминдердің қазақша мәтініндегі кемшіліктер болып отыр. Осы күнге дейін құқықтық терминдердің қазақша базасы дұрыс қалыптасқан жоқ. Мысалы айта кетсек «процесс» сөзінің қазақша атауын заңнамада «іс жүргізу» деп атағанымен де бұл сөздің дұрыс берілмегендігін уақыт өткен сайын көз жеткізудеміз. Себебі «іс жүргізу» терминін «делопройзводства» сөзінің аудармасы ретінде де қолданып жүрміз. Кейбір аудармашылар «процесс» сөзін «үдеріс» деп аударуда. Біздің ойымызша бұл сәтті жасалған аударма сияқты.

    Келесі  бір қым-қиғаш шатасуға итермелейтін термин «талап» сөзі. Орысша атауы «иск» .Талаптың латын тіліндегі түпнұсқасы «аспо» Осы мәселеге қатысты заңгер-үдерісші М.Р. Кокашевтің пікірін келтіре кетуді жөн деп есептейміз.

    Римдік  талап - асtіо, Виндшайдтың айтуы бойынша, құқық қорғау құралы емес, өзіндік құқықты жариялау түрі болып табылады. Виндшайдтың айтуынша, римдіктер үшін соттық жүйеде карастырылатын немесе оған дейінгі қолданыста жүрген заңдар емес, магистрат шығаратын немесе қоятын сот ісі арқылы шешілетін талаптың рөлі өте маңызды болды. Осылайша, римдік - құқықтық талап асtіо сөзі өзгеріске ұшырайды, яғни оның қазіргі заманға сай, жаңа аты "әрекеттену; талаптану, шагымдану, арыз беру″ [22].

    Ал  енді «иск» тарихына келер болсақ, иск орыс тіліндегі «искать» сөзінен 
шыққан деген тұжырым жасалады. Яғни «іздену» «іздеу» сөздерінің 
синонимі ретінде берілген. Мұнда да көріп отырғанымыздай «иск» термині 
белгілі бір іс-қимылдың, әрекеттің сипатын көрсетіп тұр. Демек «иск» сөзінің 
тікелей мағынасында талап емес сол талабын іздеу жатыр. Яғни 
талапқоюшы     өзінің жауапкерге       қойған талабының қанағаттандырылмауының нәтижесінде амалсыз сотқа келіп шағынып, мүддесін қорғауды сұрап келіп отыр. Міне осы жерде ол сотқа (талап?) «иск» беріп отыр. Яғни мұндағы «иск» талапқоюшының жауапкерге қоятын материалдық талабын қорғау құралы ретінде қолданып отыр. Сол себепті «иск» сөзінің аудармасы «талап» деп қолдану дұрыс емес деп есептейміз. «Талап» терминінің тікелей аудармасы «требование».(материальное требование-материалдық талап). Сол себепті біз «иск» сөзінің аудармасы «талап» деген атауды алып тастауды және оның орнына «діттеме» терминін енгізуді ұсынамыз, Мүндағы «діттеме»  қазақ тілінің сөз қорындағы «діттеу» сөзінен алынған, яғни «іздеу, көздеу» деген мағынаны береді. Бұл аударманы жасау бізге не береді? Біріншіден бұл бізге заңнамадағы ұғымдардың

    берілуіндегі  шатасуды болдырмайды. Заңның түсінікті, қарапайым әрі нақты мәтінде болуына жол ашады. Өйткені біз «иск» сөзін «талап» деп «исковые требование» сөзін «талаптық талап ету» етіп, ал «требование» терминін тағы да «талап» деп аударып жатырмыз. Ал «претензия» сөзін «талап қою» деп аударуда. «Претензионно-исковая деятельность» «талап қоюшылық- талаптық қызмет» деп аударылуда. «Претензия» сөзін мүмкін «дат» деп аудару дұрыс келетін шығар, себебі ерте замандарда тұлға қолында билігі лауазымды тұлғаның алдында өз келіспеушілігін «дат» арқылы   білдіретін   болған.  Құқықтық  терминдерді   көнерген    сөздік қордан ұғымды ала білу де қоғам үшін де, тілдің дамуы үшін де аса пайдалы   болмақ.   Қ.Р.   «Нормативтік   құқықтық   актілер   туралы заңында» 18-бабында   «Нормативтік құқықтық актінің мәтіні   әдеби тіл мен заң   терминологиясының    нормалары    сақтала    отырып    жазылады»    деп

    көрсетілген.  Міне байқап отырғанымыздай  қым-киғаш шатасу мен қарама-

    қайшылыққа  толы, жай азаматтар түгілі заңгерлердің түсінуіне де оңайға соқпайтыны айқын көрініп тұр. Заң мәтіні көпке ұғынықты, нақты әрі дәлме-дәл мағынада жазылуы тиіс. Осыған байланысты біз келесідей терминдер тізбегін ұсынамыз:

    үдеріс-процесс,

    діттеме-иск,

    діттеу  арызы-исковое заявление,

    талапкер-истец,

    талап-требование,

    материалдық талап-материальное требование,

    дат-претензия

    Біздің  бұл келтірген пікірлерімізге көптеген азаматтар қарсы пікір айтуы да мүмкін. Себебі ұсынылып отырған терминдер әлі енгізілмеген бұрын заңнамада белгілі бола коймаған тосын сөздер. Бірақ та сынау-пікірлерді біз асыға күтеміз. Себебі сынау бар жерде ұсыныс та болуы тиіс екендігі белгілі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2 ТАЛАП АРЫЗ ТҮСІНІГІ МЕН НЫСАНЫНЫҢ ТҮСІНІГІ,

      ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

     

    2.1Талап арыздың нысаны мен мазмұнының заңға сәйкестігі

    Сотта азаматтық істерді қозғау құралдарының ішінде кең таралғаны талап арыз болып табылады. Талап арыз мемлекеттік сотқа  ғана емес, аралық (төрелік) сотқа да беріледі.

    Іс  жүргізушілік әдебиетте талап және талап арыз үғымдарының ара қатынасы жөнінде әртүрлі пікірлер айтылады. Ж.Н. Машутинаның ойынша, талаптың нысаны оның мазмұнын көрсететін талап арыз болып табылады. Бірақ бұл тезисті П.В. Логинов теріске шығарады, оның айтуынша, талап арыз талаптың нысаны емес, мүдделі тұлғаның еркін білдіру нысаны болып табылады. Аталған ұғымдардың ара қатынасына байланысты П.В. Логинов пікірінің анық еместігін Г.Л. Осокина дұрыс көрсетеді. Оның айтуынша, талап және талап арыз мазмұны және оның сыртқы нысаны ретінде байланысады. Талап арыз құқықты және заңды мүддені қорғау туралы талап ету ретіндегі талаптың өмір сүру және көрініс табу тәсілі, яғни оның құқықтық қабықшасы болып табылады. Ендеше, нысанның әрқашан қызметтік маңызы болады. Талап арыздың талаптың нысаны екеніне байланысты мәні өзінің немесе бөтеннің құқығын немесе заңды мүддесін қорғау үшін сотқа жүгінген тұлғаның талаптарын сотқа және іске катысушы тұлғаларға жеткізуден көрінеді. Ұқсас көзқарасты Е.Г. Пушкар да ұстанады. Талап арыз талаптың нысаны болып табылатынына қарамастан, талап пен талап арыз ұғымдарының салыстырмалы түрде дербес мәні бар, яғни олардың әрқайсысының дербес нысаны мен мазмұны болады. Талап арыз талаптың өмір сүру және көрініс табу тәсілі болып, талапқа қарағанда өзгеше, өзіндік сыртқы болмысқа - өзінің нысаны мен мазмұнына ие болады.

    Философиялық  тұрғыдан алғанда талап арызда талап  туралы мағлұмат болатындықтан, талап арызды оның сырткы нысаны деуге негіз бар. Азаматтық іс жүргізу құқығы нормаларына талдау жасау екеуінің бір мәнді ұғымдар емес екендіктерін көрсетеді. Талаптың сыртқы нысанына тек талап арызды ғана емес, ерекше талап қоюмен жүргізілетін істер бойынша арызды да жатқызуға болады.

    Талаптың  мазмұнын құрайтын элементтерге оның нысанасы және негіздемесі жатады. Ал үшінші элементін анықтау кезінде ғалымдардың ойлары бір арнаға тоғыспайды. Мысалы, М.А. Гурвич, Н.Б. Зейдер, Е.Г. Пушкар талаптың үшінші элементі ретінде оның мазмұнын атайды А.А. Добровольский, В.Н. Щеглов үшінші элементтің кажеттілігін, яғни талаптың мазмұнын мүлде жоққа шығарады. Ал Е.Л. Осокина үшінші элемент ретінде тараптарды атайды. М. Рожкова талап үш элементтен емес, төрт элементтен тұрады деп көрсетіп, оларға талаптың нысанасы мен негіздемесіне қоса, талаптың субъектілерін және талаптың мазмұнын жатқызады. З.Х. Баймолдина талаптың үшінші элементі ретінде құқықты немесе заңды мүддені қорғау тәсілдерін көрсетеді . Талаптың үшінші элементі ретінде оның мазмұнын қарастыру дұрыс емес, өйткені элементтерінің жиынтығы талаптың мазмұнын құрайды, ал үшінші элементті мүлде жоққа шығару талаптың мазмұнын жұтаң етеді.

    ҚР  АІЖК-нің 150-бабының 1-бөлігінде талап  арыздың жазбаша нысанда берілетіні көрсетілген. Заңмен талап арыздың міндетті реквизиттері де белгіленген. ҚР АІЖК-нің 150-бабының 2-бөлігіне сәйкес арызда:

    1) арыз берілетін соттың атауы;

    2) талап қоюшының атауы, тұрғылықты жері немесе, егер талап қоюшы 
ұйым болса, оның тұрған жері мен банктік реквизиттері, сондай-ақ, егер 
арызды оның өкілі берсе, өкілдің атауы мен мекен-жайы;

    3) жауапкердің атауы, тұрғылықты жері немесе, егер жауапкер ұйым болса, 
егер   талап   қоюшыға   белгілі   болса,   оның   тұрған   жері   мен   банктік 
реквизиттері;

    4) талап     қоюшының     құқықтарын,     бостандықтарын     немесе     заңды 
мүдделерін бұзудың және оның талап қою талаптары немесе бұзу каупінің 
мәні және оның талап қою талаптары;

  1. талап қоюшы өзінің талап қою талаптарын негіздейтін мән-жайлар және 
    бұл мән-жайларды растайтын дәлелдемелер;
  2. егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы;
  3. арызға қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.

    Арызда  дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі,сондай-ақ талапкердің өтініші баяндалуы мүмкін (ҚР АІЖК-нін 150-бабының 1-бөлігі).

    Сотқа жүгінетін басқа тұлғаларға қарағанда азаматтық процеске мемлекеттің өкілі ретінде қатысатын прокурордың мәртебесі ерекше. Бұл ерекшелік ҚР АІЖК - нің 150 - бабының 4 - бөлігінен көрінеді. Прокурор мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделер үшін беретін өтінімде (дұрысы -өтініште - А.К.) мемлекеттік немесе қоғамдық мүдденің неден тұратынын, ондай құқықтың бұзылғанын негіздеу, сондай-ақ заңға немесе өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сілтеме болуға тиіс. Прокурор азаматтардың мүдделері үшін өтініш жасаған жағдайда талап арызда азаматтың өзінің талап қоюы мүмкін еместігінің себептерін негіздеу болуға тиіс; арызға, әрекетке қабілетсіз адамның мүдделері үшін арыз беретін жағдайларды қоспағанда, азаматтың сотқа талап қоюмен жүгінуге келісімін растайтын құжат қоса тіркелуге тиіс.

    Г.Л. Осокина талап арызда талаптың барлық элементтері және азаматтық істі дұрыс және тез қарап, шешу үшін кажетті баска да мәліметтер көрініс табатынына байланысты талап арыз мазмұнының талап мазмұнына қарағанда кең болатынын дұрыс атап көрсеткен.

    Талап арыз істі сотта қарауға әзірлеудің, сотта қараудың және істі мәні бойынша шешудің шектерін және сипатын анықтайды. Ол сотқа соттық зерттеудің көлемін, дәлелдемелердің қатыстылығы мен жол берілетіндігін анықтауға көмектеседі. Талап арыздың іске катысушы түлғалар үшін де

    маңызы  зор. Ол прокурорға, мемлекеттік органдарға және ҚР АІЖК-нің  56-бабында көзделген басқа да іске қатысушы тұлғаларға өздеріне жүктелген азаматтардың құқықтарын, мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қорғау бойынша міндеттерді орындауға мүмкіндік береді.  

    2.2 Талап арыздың реквизиттері, оның іс жүргізушілік маңызы мен мәселелері

    Істі  дұрыс және тез қарап, шешу үшін талап  арызда талап қоюшы мен жауапкердің нақты атауларын, олардың тұрғылықты немесе орналаскан жерін көрсету қажет. Тараптарды анықтау - талап арыздың маңызды белгісі. "Моральдық зиянды өтеу туралы талаптар азаматтың жеке басымен тығыз байланысты болғандықтан, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің тұтынушылардың белгісіз шеңберіне келтірілген моральдық зиянды өтеу туралы арыздарын соттар Азаматтық іс жүргізу кодексінің 150 және 155-баптарына сәйкес қозғалыссыз қалдырулары керек" [23].

Информация о работе Талап қою құқығы