Экономикалык теория

Диссертация, 07 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя

Описание


Қоғамның экономикалық жүйесі «экономикалық теория негіздері» курсының зерттеу объектісі болады. Тарихи және логикалық әдістер бірлігі, жүйелік көзқарас, экономиканың үлгілерін жасау, оларды графикалық және математикалық талдау экономикалық теорияның әдістері болады. Экономикалық теорияның ғылым ретінде ұзақ даму тарихы бар.

Работа состоит из  1 файл

ЭТН о_у-_дістемелік жиынты_.doc

— 2.84 Мб (Скачать документ)

      

Кестеден байқағандай, барлық ара уақыттық өнім мен түпкі өнім құны 710долл. құраса, қайталанған есеп-шот-460долл., ал қосарланған құн-250 долл.

        Халықаралық статистикада ЖҰӨ  - ді өлшеудің негізінен екі  тәсілі қолданылады:

                    1. Шығын немесе өндіріс бойынша; 

                    2. Табыс немесе түсім бойынша.   

        Екі тәсілден бірдей болып  бағаланады. Есеп - шоттың дәлдігіне қарай соңғысын ерекшелеуге болады.

        ЖҰӨ шығындар бойынша осы жылғы  тауар мен қызмет көрсетуді  сатып алу шығындары көлемі  ретінде анықтайды.

       ЖҰӨ  шығындар бойынша мынаған тең:

                                          GNP= C+ I+ Y+ X

 

       Мұндағы:         GNP- жалпы ұлттық табыс,

                                 С- тұтыну шығындары,

                                 G- тауар мен қызмет көрсетуді  мемлекеттік сатып алу,

                                  I- жалпы инвестициялар,

                                 X- тауар мен қызмет көрсетуді  таза экспорттау.

       ЖҰӨ  табыстар бойынша осы жылғы  өндірілген тауардың ақшалай  табысы және қызмет көрсетуді  ұсыну ретінде анықталады.

       ЖҰӨ  табыстар бойынша мынаған тең:

 

Y= W+ R + i+ P

 

Мұндағы                   Y- жалпы ұлттық өнім,     

                 W-жалдамалы жұмысшының жалақасы,

                                   P –фирма мен корпорацияның пайдасы, 

                                   R-ренталық төлемдер,

       i-қарыз капиталына пайыз (%)

ЖҰӨ- ді номиналды және нақты деп айырады. Номиналды ЖҰӨ фактілік немесе ағымдағы бағамен өлшенеді, ал нақты ЖҰӨ көрсеткіші инфляция немесе дефляцияны (номиналды ЖҰӨ инфляция әсерінен тазарады,яғни баға индексін қолдану қажет) есептеумен анықталады.

                         Номиналды ЖҰӨ


Нақты ЖҰӨ = Баға индексі


 

Номиналды ЖҰӨ = нақты ЖҰӨ х ЖҰӨ дефляторы.

ЖҰӨ 90-шы жылдардың басында  АҚШ-та ағымдағы бағада 5570 млрд. долл.құрады, ал тұрақты бағада (1982ж.) – 4154 млрд.долл. болды Баршаға белгілі жай, егер ЖҰӨ-нің жыл сайынғы нақты өсімі 4%-дан аса, онда экономиканың жағдайын дұрыс деп санауға болады, ал ЖҰӨ- нің нақты өсімі4%-дан аз болса, онда дабыл қағуға болады: бұл кезде өндіріс құлдырап, жұмыссыздық өсіп, экономика тұрақсыздыққа ұшырайды.

        

ЖҰӨ дефляторы = номиналды ЖҰӨ


                                       нақты ЖҰӨ

        

      ЖҰӨ дефляторының көмегімен өндірістің нақты көлемі баға динамикасында инфляциялық немесе дефляторлық іс-әрекет үрдісі элиминацияланады.

      Тауар  мен қызмет көрсету орташа  баға пайызының өзгеруін - баға  индексі дейміз. Индексті белгілеуді  бастаған жылды базистік жыл  дейміз. Базистік жылда әрбір  баға индекс белгіленеді. Әр түрлі тауардың баға индекстері  жинақталып тауар санына бөлінеді. Базистік жылдың баға индексі ылғи да 100-ге тең болады.

9.1 сурет

 

ЖҰӨ негізгі мароэкономикалық көрсеткіштерінің бір- бірімен өзара байланысы

ЖҰӨ

 

                            -         -  

Амортизациялық

шегеру

Сыртқы экономикалық

операциялар сальдосы

 

                            =                                                       =

 

Таза табыс

ЖІӨ

 

                            -

Жанама салықтар


                         =

Ұлттық табыс


Ағымдағы жылғы  = ағымдағы жылғы  рынок корзинасының бағасы


     баға индексі          базистік жылғы рынок корзинасының  баға х100

 

ЖҰӨ дефляторының есеп - шотын есептеуде нарық қоржыны  тек тұтыну тауарларын ғана емес, сондай - ақ мемлекет сатып алатын инвестициялық  тауарлар да қосылады.

      Толық  жұмыстылық кезіндегі өндірілген ЖҰӨ, яғни фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық жағдайындағы ЖҰӨ- ді әлеуетті деп айтамыз.

    Өндіріс көлемін  өлшеу үшін таза ұлттық өнім (ТҰӨ) көрсеткіші қолданылады.  Әдетте ол жойылып кеткен ірі  жабдықтарды ауыстырудан тұтынуға қалған түпкі өнім мен қызмет көрсетудің сомасын көрсетеді.

 

ТҰӨ = ЖҰӨ - амортизация

 

        Келесі ең манызды көрсеткіштердің  бірі - өзіндік табыс. Ол салықты төлегеннен кейінгі өзіндік шығындарға жұмсалатын жалпы табысты көрсетеді. Өзіндік табысты анықтау үшін біз ұлттық табыстан корпорация пайдасы салығын, бөлінбеген пайданы және әлеуметтік сақтандыру жарнасын шегереміз,  сосын таза трансферттік төлемдерді қосамыз.

        Орныққан табыс деп тұрғындардың билігінде болатын табысты айтамыз.

Оның мөлшері жеке табыстан дара дербес салықты шегеру арқылы анықталады.

        ЖҰӨ көрсеткішінде ресми емес және нарықтық емес қызмет түрлері ескерілмейді. Бұған - есірткі, тұрмыстағы шарап жасау, жеке сабақ беру, науқас адамдарға қарау, отбасында бала тәрбиелеу, өз үйінде ас дайындау, гараж бен саяжайды салу және т.б. жатқызамыз.

        ЖҰӨ тұрғындардың әл - ауқатының  өсуін сипаттайтын дәл макроэкономикалық  көрсеткіш болып табылмайды. Тұрғындардың  әл - ауқаттылық ұғымына қоршаған  ортаның жай - күйі,қылмыстың ауқымы, еркін уақыттың көлемі мен сапасы енгізіледі. ЖҰӨ есеп - шотын есептеуде бұл параметрлер ескерілмейді. Жоғарыдағы аталған факторларды ескеру үшін «таза экономикалық әл - ауқаттылық» (ТЭА) көрсеткіші қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

ЖҰӨ

 

ЖҰӨ-нің 

құры-лым-дық

шығындары         

NX

шетелден

түскен

таза

түсімдер

Аморти

зация

Жанама

салықтар

Пайыздық және

ренталық табыс

 

 

G

ЖІӨ

жалпы

ішкі        өнімді  

анықтау         

ТҰО

таза              ұлттық

табысты   

анықтау      

Ұлттық

табысты

анықтау  

Пайда

 

I

 

 

 

 

C

Өз бетінше

Айналысатын-дардың

табысы

Жалдамалы

жұмысшыларға

төлем

ҰТ-ға өндіріс

      факторының                                                               үлесі


 

 

     9-2 сурет. Ұлттық есеп - шот: қысқаша баяндау.

 

Бұл көрсеткішті ғылыми айналымға енгізген американ экономистері В. Нордхаус пен Дж. Тобин еді. Ол төмендегідей формуламен анықталады:

 

ТЭӘ=ЖҰӨ+КЭ+ӨКҚ+Д-Э

 

Мұндағы           ТЭӘ- таза экономикалық әл - ауқаттылық,

                           ЖҰӨ- жалпы ұлттық өнім,

                           КЭ- көлеңкелі экономика,

                           ӨҚК- өз - өзіне қызмет көрсету,

                           Д- демалыс,

                           Э- экология.

     Жоғарыда  көрсетілген макроэкономикалық  көрсеткіш-тер бір - бірімен өзара байланысты және қоғамдық өндірістің әртүрлі жақтарын сипаттайды. (сурет9-2 қараңыз).

 

9.4. Ұлттық байлық: құрамы, құрылымы және оны

өлшеудің тәсілдері

 

     Ұлттық  байлық жинақталған әрі нәтижелі  көрсеткіштер санатына жатады  және мемлекеттің экономикалық даму деңгейінің айнасы десе болады.

     Ұлттық  байлық - бұл материалдық және  рухани игіліктердің жиынтығы  және осы уақытта барлығы қоғам  меншігінде болады. Ұлттық байлық құрамына мыналар енеді:

     а) негізгі  өндірістік және өндірістік емес қорлар;

     ә) айналмалы  өндірістік қорлар;

     б) материалдық  резервтер мен сақтандыру қоры;

     в) айналым  қоры;

     г) тұрғындар  мүлкі.

      Ұлттық  байлық құрамына негізгі жер,  ормандар, сондай - ақ барланған табиғи  ресурстар және олар натуралды түрде есептелінеді.

      Қазақстан  өзінің ауқымы бойынша ұлттық  байлықтың үлкен көлемін иеленген. Біздің республикада жалпы жер  көлемі 222,5 млн.га мөлшерді құрайды, оның ішінде 82%-ауыл шаруашылығы жеріне жатады. Қазақстанда 21,7 млн.га орман мен табиғи егістіктер, 11 мың өзен, 7 мыңнан астам көл мен су қоймалары бар.Өсімдіктер қоры 6 мыңнан астам түрлерден тұрса, ал жануарлар әлемі алуан түрлі.

      Шабындықтар  мен жайылым (162млн. га) көлемі  бойынша Қазақстан Австралияны  (450 млн. га), АҚШ-ты (320 млн. га) және  Қытайды (234 млн. га) ғана алдына жібере алады. Қазақстан пайдалы қазбалар қоры мен олардың алуан түрлері бойынша –ТМД- дағы ең бай аймақтың бірі. Минералдық ресурстар ұлттық табыстың төрттен үшін құрайды.

       Бұрынғы  одақтағы мұнай қорының 9%-ы Қазақстан үлесіне тиесілі болса, ал әртүрлі бағалаушылардың пайымдауынша жалпы әлемдік мөлшердегі мұнайға ТМД үлесі 6-10% құрайды екен. Қазақстанда марганец рудасы (408 млн. т) қорының 13% шоғырланған және мөлшері бойынша тек АҚШ- ты (553млн. т), Украинаны ғана алдына салады.

       Қазақстан  әлемде хром рудасы қоры бойынша  екінші орынды иеленді және  республика 1990жылы жалпы одақтағы  оны өндірудің 96,6%-ын игерген. Жалпы темір рудасы қоры (16662млн. т.) бойынша Қазақстан әлемде Бразилия,  Австрия, Канада, АҚШ, Индия, Ресей мен Украинадан соң сегізінші орынды иеленеді.

      Вольфрам  қоры бойынша әлемде Қазақстан  бірінші орынды, фосфор рудасы  бойынша - екінші, ал қорғасын  мен молибден бойынша - төртінші  орында.

      1990жылы  бұрынғы Одақтағы 98,2% хромит, 81,7% барит, 64,7% фосфорит, 53% вольфрам, 38,5%-қорғасын, 29,5% молибден, 28,4% мыс, 22,1% боксит, 20,1%асбест, 13%марганец, 11,9% көмір және 9,7% темір рудасының қоры Қазақстан үлесіне келеді. Уран рудасы қорының көптігі бұрынғы Одақтағы уран өндірудің 56% қамтамасыз етті. Республика жерінде Менделеев кестесінің 60-тан астам ең белгілі элементтері табылған.

Қазақстанның ауқымды  табиғи байлықтарын терең білу мен тиімді игеру - экономиканы дамытудың ең басты жағдайының бірі болып табылады, сондай - ақ елдің ұлттық байлығының үздіксіз өсуінің ең маңызды екендігі де рас.

      Ұлттық  байлық өзінің қолданылуы бойынша былай бөлінеді:

      а) өндіріс  - құрал жабдығына (еңбек құрал  - сайманы, шикізат, материал мен  табиғи ресурстар және

      ә)тұтыну  заттарына (тамақ, киім, тұрғын - жай және т.б.), ал өзінің туу тегіне қарай қорланған еңбек өніміне (еңбек құрал - сайманын, шикізат, материал мен тұтыну құрал - жабдығы қорларына) және табиғи ресурстарға (жер, су байлығы, орман және т.б.). Қоғам аса дамымаса, онда оның материалдық негізін табиғи байлықтар құрайды. Ал, қоғам тым дамыса, онда оның материалдық  негізін адам еңбегімен жасалған байлық құрайды.

        Ұлттық байлықты өзінің құрамы  бойынша екі топқа бөлуге болады: ұлттық мүлік және табиғи ресурстар.  Елдерге материалдық игіліктердің заттай жиынтығы ұлттық мүлікті құрайды. Онда бұрынғы кезеңдегі барлық ұрпақ өміріндегі адамдардың қорланған еңбегінің бейнесі толық бар.

         Табиғи ресурстар елдегі табиғат  берген табиғи байлықтарды қамтиды.  Сондықтан ұлттық байлық құрамына тек зерттелген, ескерілген және өндіріс процесіне тартылған ресурстар қоры енеді – пайдалы қазбалар, орман, су, гидроэнергоресурстар мен жер көлемі және т.б. Ұлттық байлыққа елдегі ескерткіштер, архитектуралық ежелгі құрылыстар, сурет галереясы, мұра – жай экспонаттары және т.б., алмаз бен валюталық қорлар жатады.

        Ұлттық байлықтың ең маңызды  элементіне өзінің құрамы мен  жеке салмағы бойынша ұлттық  мүлікті айтамыз, оның үлесіне  ұлттық байлықтың жартысынан  астамы тиесілі болады. Ол өз  бойына халық шаруашылығының  өндірістік және өндірістік емес қорларын, оның резервті қорын, тұрғындардың өз басының мүлкін енгізеді.

        Өндірістік қорлар құрамына барлық  еңбек заты мен құралдары енеді. 

Информация о работе Экономикалык теория