Экономикалык теория

Диссертация, 07 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя

Описание


Қоғамның экономикалық жүйесі «экономикалық теория негіздері» курсының зерттеу объектісі болады. Тарихи және логикалық әдістер бірлігі, жүйелік көзқарас, экономиканың үлгілерін жасау, оларды графикалық және математикалық талдау экономикалық теорияның әдістері болады. Экономикалық теорияның ғылым ретінде ұзақ даму тарихы бар.

Работа состоит из  1 файл

ЭТН о_у-_дістемелік жиынты_.doc

— 2.84 Мб (Скачать документ)

Жиынтық сұраныстың көлбеуі  АД көрсетеді. Тұтынушы тауарлар мен  қызметтің мөлшерін баға деңгейіне байланысты сатып алады. Бұл жақсы комбинация жасайды, экономикадағы жалпы өнім өндіру мен жалпы тауар өндіру көлемі және экономиканың жалпы деңгейі, бұл жағдайда тауар және ақша нарығы тепе-тең болады.

АД көлбеуі бойында  қозғалу, жиынтық сұраныс өзгеруі жалпы баға динамикасының өзгеруіне байланысты. Осындай байланысты, ақша операциясының сандық теңдеуінен алуға болады.

 

МХV = РХQ

 

одан Р = МV  ;   Q = МV  ; АD = МV 

                                   Q                  Р                  Р

 

Бұнда: Р – экономикадағы  баға деңгейі, бұл жағдайда баға индексі;

 

Q - өнімнің нақты көлемі, сұранысқа талап етілген;

V – ақша айналысының жылдамдығы;

АD – жағымсыз көлбеу қисығы кейбір жағдаймен түсіндіріледі, егер Б баға деңгейі Р жоғары болса, ақша қаржының  нақты мөлшері аздау,   М/Р (АD көлбеуі жасалынады, ақша ұсынымының М және айналыс жылдамдығына қарап V) сондықтан тауар мен қызметтің көлемінен кем жасалынған сұранысқа V. Кері тәуелділікті жиынтық сұраныс деңгейімен және баға деңгейімен түсіндіруге болады. Пайыздық мөлшер тиімділігі, байлық тиімділігі, импорттық сатып алу тиімділігі т.с.с.

Тауар нарығы кезінде тепе-теңдік жағдайда болады, егер күнделікті қолданатын баға деңгейінің мөлшеріне байланысты шығарылатын тауардың көлемі жиынтық өнімге тең болса, не жоспарланған шығынға тең болса, осы жағдайларға талдау жасау макроэкономиканың басты міндеті болып саналады.

 

Түйін

1. Жиынтық сұраныс  және жиынтық ұсыныстың экономикалық  маңызы, оның талдау әдістерін  білу

2. Тепе-теңдікті жете  түсіну және оны динамикалық жүйе ретінде қабылдау, өзінің құрамында және бейімделген тәртібінде өзгеріп отыратын фактор.

 

Есеп

Ресурстардың шектеулі еместігі және тұтынудың шексіздігі туралы шындық. Ресурстар шынында шексіз, себебі жаңа ресурс орындарын ашу шексіз.

Тұтыну, шындығында, шектеулі, себебі оны қанағат етудің табиғи тежеуі бар. Сіз осы айтылғанның қайсысын жақтайсыз, әлде жақтамайсыз ба?

 

11  Тақырып. 

Ауытқу  - экономикалық

             дамудағы заңдылық ретінде

 

11.1. Ауытқу - экономиканың жалпыға ортақ дамуының формасы

11.2. Экономикалық цикл теориясы

11.3. Қазіргі кезеңдегі ауытқулық ерекшеліктері

11.4. Мультипликатор- аксеператор өзара әрекет ету тұжырымдамасы

11.5.Ауытқуға қарсы мемлекеттік реттеу

 

        11.1 Ауытқу - экономиканың жалпыға 

            ортақ дамуының формасы

Экономикалық  даму  бір бағыттағы  ғана мақсат  процесс болып саналмайды,  оған  тек  алға  жылжу  ғана емес, кейін шегіну де тән. Оның болжап білуге  болмайтын сипаты  мен  экономиканың жұмбақ  сыры  және  мәңгілік  құпиясы,  міне,  осында. Капиталистік экономиканы қалыптастырудан бастап,қолайлы экономикалық ортадан (өсу) қолайсыз экономикалық ортаға дейінгі экономикалық хал – ахуалдың өзгеру процестері заңдылыққа айналды және экономика барған сайын циклді сипатқа ие болуда, яғни оның дамуы, циклді, белгілі бір сатылар бойынша өтеді. Дағдарыс – экономикалық циклдің сипатты сатысы (фаза) болып саналады.  

Экономикалық дамудың  циклдік себептері: 

         1) тауарлы өндіріс - экономиканы алдын - ала байыпты түрде болжап білудің мүмкін еместігі;

2) экономикалық субъектілер мүдделерінің көптігі, сондықтан  да нарықтық экономиканы алдын – ала болжап білудің мүмкін еместігі, тәжірибедегі олардың тепе – теңсіздігі             (разбалансированность);

3) бәсекелестік - экономика  ішіндегі объективті өзгерістерді тұрақты қозғаушы;

 4) өндіріс мүмкіндіктерінің объективті қарама қайшылықтары  (шектелген ресурстар мен қоғамның қажеттілік арақатынасы).

        Дамудың циклділігі қоғамдық таңдауда экономикалық драма,    қоғамдық баламалық, қоғамдық шығындарға әкеледі.

Циклдік дамудың бірінші  себебі, тіпті экономиканың шектен тыс құлдырауына әкеледі. Мәселен, тауарлы үлгідегі экономика алғашқы беттен - ақ өзін болашақта болуы мүмкін дағдарысқа даярлайды: себебі, ақшамен ортақ (Т – Д - Т) тауарлы қарапайым қозғалысы, ең алдымен кеңістікте және уақыт аралығында шашыранды түрде болады. Бір тауарды сату басқа тауарды міндетті түрде сатып алуға негіз болып саналмайды.Мұндай ахуалдың көп рет қайталануы дағдарысқа алып келуі мүмкін. Әрі қарай, төлем қызметін ақшамен атқаруда осыған ұқсас қауіпті туғызады.Бұл функция тауарларды несиеге сату, соған байланысты борыштарды мерзімінде төлемеді деп болжайды. Егер сатып алушы, вексель арқылы уақытында төлемесе, онда ақша ала алмаған сатушы өндірісті одан әрі қарай жалғастыра алмайды, сондай - ақ өзінің кредитор мен де есептесе алмайды, сондықтан олардың өндірісі де тоқтайды.Мұндай болуы мүмкін дағдарыс алғышарттары, нарықтық экономиканы объективті болжап білуге болмайтын, ондағы субъективті экономикалық мүдделердің көптігі мен әр бағыттары  туындайды.

Жекелеген экономикалық субъектілердің өз пайдаларына қол  жеткізу процесі, басқаның және ортақ  пайданы ескерудің қажеттілігімен қарама-қайшылықты байланыста болады, сондықтан әртүрлі субъективті экономикалық тәртіп, жоғары экономикалық конъюнктура оның баяулауына, тіпті төмендеуіне әкеледі.

Егер, циклдің  бірінші себебі жалпы экономикалық   сипатқа ие болса, екінші – субъективті,ал қалған 3 себептерін прогресті анықтаушы, стратегиялық деп шартты түрде белгілеуге болады.Өйткені олар: қажеттіліктерді таңдау, ресурстарды бөлу,нарық бәсекесі шеңберінде ресурстарды пайдалануды  өзгерту, экономиканы прогрес-сивті дамытушы болып саналады, экономикалық мүмкіндіктер мен өндіріс нәтижелерін жаңа деңгейге көтереді.

Экономикалық циклдер теориясы, халық шаруашылығының қозғалысын түсіндіретін экономикалық өсу теориясына,сонымен қатар экономикалық динамика  теориясына жатады.Егер өсу теориясы  ұзақ мерзімдік өсу факторлары мен жағдайларын зерттейтін болса,онда цикл теориясы  уақыт бойынша экономикалық  белсенділіктің өзгеру себептерін зерттейді.

Экономикалық  цикл табиғаты осы уақытқа дейін  ең даулы және ең аз зерттелген проблемалардың бірі болып саналады. Осы проблемалармен айналысатын зерттеушілерді,қоғамдық  өмірдегі циклді кезеңді мойындамайтын,сол сияқты экономикалық циклда теңіз ағысы сияқты тұрақты деп  мойындайтынын бөлуге болады. Бірінші бағыттың өкілдері (неоклассиктер) циклдік  экономикалық жүйеге кездейсоқ әсер етудің (серпіліс немесе  әлсіреу) салалары деп санайды.

Екінші бағыттың өкілдері циклді өзіндік  үлгідегі әлемнің бөлінбейтін “атомы” ретінде қарастырады. Олардың түсінігінде цикл бұл - материалдық әлемнің айрықша әмбебап және абсолютті құрылымы.Циклдің құрылымын, өзара қарама - қарсы әрекет етуші және өзара байланысты екі материалдық объект құрайды.

         Ең қарапайым анықтамада цикл, сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігі көрінетін кезеңнің шарықтауы мен нарық конъюнктурасының төмен түсуін (падение) сипаттайды. Цикл, өсудің құлдыраумен алмасқан кезіндегі, экономиканың үздіксіз ауытқуы болып саналады.

        Циклдің басты қасиеті - бұл  ұлттық өнімнің (табыстың) ауытқуы. Циклдер теориясында табыстардың өзгеруінің үш түрі бар:

       1. Тұрақты өсу;

       2. Өсудің біркелкі еместігі;

       3. Ауытқу(экономиканың ауытқуы түріндегі даму).

Өсу ретінде (табыстар, ЖҰӨ, капитал жұмсау , тұтыну және т.б.) тұрақты  немесе біркелкі  емес даму түсіндіріледі.

Ауытқу ретінде өсу  мен құлдырауды кезеңінің алмасуы түсіндіріледі. Құлдырау осыған орай көрсеткіштердің жоққа  шығарушылық (отрицательную) динамикасын сипаттайды. Бұдан, ауытқушылықтың  қанша түрі бар, сонша циклда болады деген қорытынды шығады Мәселен, толқындардың қарқын циклі, капитал жұмсау, инновация, өнеркәсіптік  және т.б. циклда өмір сүреді .

Дегенмен, экономиканың неғұрлым маңызды агрегат екендігін білдіретін циклдер де бар. Олардың ішінде - бірнеше жылғы үрдістерді білдіруші немесе әлденеше ондаған жылдарда (50-70 жыл) қамту, Кондратьев толқындары қалыпты – 8-10жылдық және шағын циклда немесе 2-3 жылдық Кичи  циклдер; маусымдық –жарты жылдық ; қысқа мерзімді салалық  және т.б. цикл.

Экономика теориясы циклдік  себебінің   үш түрін бөліп  көрсетеді:1)Экономикалық жүйеге салыстырмалы (табиғи,саяси және т.б.ие),сыртқы цикл –құбылыс;  2)Жалпы экономикаға  тән ішкі цикл –құбылыс ;3) Бір сатыдан екінші сатыға өту кезіндегі берік және кездейсоқ құбылыстардың ішкі және сыртқы факторларының   жиынтық –цикл себептері.

Қазіргі уақытта зерттеушілер,сыртқы (экзогенді) факторлар бұл циклдердің бастапқы серпінін  туғызушы,ал ішкі (эндогенді) себептер бұл серпіндерді сатылық (фазалық) ауытқушылыққа айналдырады (қайта құрады) деп болжайды .

Экзогенді (экономикадан тыс ) себеп циклдер ішінде ғылыми - техникалық жаңалық ашу, жаңа жер  байлығын ашу, көшіп - қону, халық динамика, соғыс және басқадай циклдер бар. Эндогенді себептер ішінен батыс зерттеушілерінің көпшілігі байлыққа деген сұраныс ауытқуларын көрсетеді. Сондықтан, циклдер проблема-ларына негізгі назар аударушы ретінде мультипликатор - акселератор тетіктері (механизмдері) қойылады. Осыдан шығара отырып, циклдерде екі сатының (фаза); көрсетілу шыңы мен ең төмен құлдырауының екі нүктесі болатынын (5.1 кесте) ерекшелеп көрсетуге болады.                                       

              

                                                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

         5.1 кесте      


    ЖҰӨ 

 

                                                                     В  құлдырау 


көтерілу                                                           


                                                                                                                                   


                                                   •   А                            А–төмен құлдырау 


                                                                                       нүктесі;


                                                                                      В –ең жоғары көтерілу 


                                                                                       нүктесі.


                      


                                    


                                                                                                                   


            цикл                             Z(уақыт)

          Құлдырау белгілері – қорларды (запас) жою, өндірістік  инвестицияларды қысқарту, еңбекке деген сұраныстың төмендеуі, пайданың күрт азайып кетуі, несиелік сұраныстың қысқаруы   және т.б. Көтерілу белгілері – керісінше құбылыстар болып саналады.

Көптеген экономист - теоретиктер  себептерін ұсыныс пен сұраныс жылжымалы, өйткені, соның нәтижесінде, олардың балансында автоматизм жоқ болса да, экономика тепе – теңдік нүктесінен шығып кетеді деп санайды. Табыстың қарқынды ауытқу себептерін капитал жұмсаудағы өзгерістерден ( ауытқулар )  іздеу керек,  оның үстіне капитал жұмсаудың әр түрлі типтері табысқа  түрліше әсер  етеді.С өйтіп, тұтыну және инвестициялық сұраныс, циклді құрауда шешуші маңызға ие болады. Экономика теориясы, цикл табиғатын бағалауда да бірыңғай емес.             

           

11.2. Экономикалық цикл теориясы

 

        Көптеген экономистердің экономикалық циклдерді түсіндіре алатындай теория жасау жолындағы талпыныстары табыссыз аяқталды. Еркін бәсекелестік жағдайындағы экономика циклдерін түсіндірудің неғұрлым түсінікті түрі. К.Марк берген индустриялық қоғамның макро экономикасы мен ұдайы өндіріске жасаған талдауы болды. ”Капиталистік ұдайы өндіріс циклі” маркстік талдауында, олардың қозғалысы мен циклдің басына қайта оралудың жалғастығы мен төрт сатыдан (фазадан) өтуі беріледі. Дағдарыс, тоқырау, жандану, өркендеу - сатылары (фаза) циклдер  болып саналады. Дағдарыс жиынтық сұраныс - тауар ұсыныстарының артып кетуін сипаттайды, оның экономикалық зардаптары: тауарларды    қалыпты өткізудің күрделілігі мен мүмкін еместігі; бағаның    төмен түсуі; тауарға ұсыныстың азаюы; табыстардың кемуі; жұмыссыздардың күрт көбеюі; банкроттық. Дағдарыс соңында сұраныс пен ұсыныс “күшпен” тепе – теңдікке  келтіріледі және ұдайы өндіріс тоқырау сатысына (фазаға) өтеді.   

Тоқырау (депрессия) - өндірістің құлдырауы тоқталатын және оның өсуіне алғышарттар жасалатын экономиканың өтпелі жай -күйі болып саналады. Тоқырау  кезінде баға мен еңбекақы ең төменгі  деңгейде болады; өндіріс шығындары  да сондай төменгі деңгейді көрсетеді; капиталдың бір бөлігі жинақталып (сақталып), екіншісінде инвестиция, еркін ақша капиталы пайда болады;өндірістік капиталдың негізгі бөлігін жаңарту мүмкіндігі жүзеге асырылады. Негізгі капиталды жаңарту, бұрын да және қазір де циклдер алмасу материалдық негізін құрайды. Соның әсерінен тоқырау жандану, жандану өркендеу, өркендеу қайтадан дағдарысқа түсу процестері болады.

Информация о работе Экономикалык теория