Экономикалык теория

Диссертация, 07 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя

Описание


Қоғамның экономикалық жүйесі «экономикалық теория негіздері» курсының зерттеу объектісі болады. Тарихи және логикалық әдістер бірлігі, жүйелік көзқарас, экономиканың үлгілерін жасау, оларды графикалық және математикалық талдау экономикалық теорияның әдістері болады. Экономикалық теорияның ғылым ретінде ұзақ даму тарихы бар.

Работа состоит из  1 файл

ЭТН о_у-_дістемелік жиынты_.doc

— 2.84 Мб (Скачать документ)

Капиталдың жаңартылатын бөлігінде жандану пайда болу кезіндегі сұраныстың өсуі, жиынтық сұраныстың өсуіне әкеледі, сол себептен де жандану өндіріс ауқымының кеңеюіне; жұмыспен қамтылу, пайданың артуына; дағдарысқа дейінгі деңгейге қайта оралуға; өнеркәсіптегі өркендеу сатысына (фазаға) өтуге   әсерін тигізеді.

Көтерілу ждеңгейін пайда мен жұмыспен қамтылушылықтың  жоғары мен сипаттайды, өндірістің жаңа технологиялық деңгейі ақыр соңында тағы да капиталдардың артық шамадан тыс қанығумен (перенасыщения), тауарлардың артық өндірілген мүмкіндіктерімен ұдайы өндірістің бір циклі аяқталып, екіншісі басталады.

Тауарлардың артық өндірілуі, негізгі капиталдың артық жинақталуы көрініс береді.Өсіп отырған тауар ұсынысы нарықта тағы да шектеулі төлем қабілеті бар ұсыныс пен бетпе - бет келеді, соның нәтижесінде тағы да дағдарыс пайда болады.

Еркін бәсекелестік, капитализм жағдайындағы өндірістің циклділігі маркстік талдау бойынша әлеуметтік көзқарастар мен шектелген болатын. Олар дағдарысты туғызушы негізгі жағдайларды, өндірістің қоғамдық сипаты мен оның нәтижелерін жеке  меншіктік капиталистік форма мен өзіне сіңіру  арасындағы  тұрақты қарама – қайшылық ретінде  негіздеген. Индустрия қоғамның субъектілер позициясын жалдамалы жұмыс күші тұрғысынан қарастыра отырып, К. Маркс циклдер себептеріде жұмыс күшіне тұрақты түрде екпін түсірді. Сондай-ақ Маркстік дәстүрде өсіп - жетілген саяси экономика, тауарлар өндірістің экономикалық ұйымдарын-дағы ішкі өзгерістерді байқамауға тырысты. Индустриялық қоғам орнына келген жаңа қоғам бітіспес қайшылықты (антогонизмді), маңызсыз негіздер, яғни жаңа экономикалық формаға алып кетті, сондықтан да , негізгі - бітіспес қайшылықты әлеуметтік астар - экономикалық цикл табиғаттын толық түсіндіре алмады К.Маркстен басқа, А. Шпитгоф, М. Туган - Барановский, Т. Веблен, Дж. Кларк , Дж.  Кейнс,  М. Миллер,  И. Шумпетер  және басқа көптеген аса көрнекті зерттеушілердің еңбектері экономикалық циклдерді зерттеуге арналған.

Үш циклдік схема, яғни экономикадағы ауытқушылық  процестер  теориясын айрықша атап көрсетуге болады. Бұл циклдарды 50 жыл, 10 жыл , 3 жыл және 4 айлық ұзақтыққа созылатын циклдер ретінде ашқан Н. Кондратьевтің, К. Жуглердің және Джо Китчиннің есімдерімен аталған. Шумпетер экономикалық жүйеде үш циклдің өзара байланысы мен өзара тәуелділігі көрінеді деп санаған.

П.Самуэльсон өзінің “Экономика”  кітабында экономикалық өмірдің  барлық саласы үшін және нарықтық экономикалық елдер үшін, экономикалық циклді ортақ белгілер ретінде анықтайды. Қазіргі заманғы  экономистердің басым көпшілігі экономикалық циклдің объективті сипатын мойындай отырып, циклдің сипатына, оның ұзақтығына, әлеуметтік - экономикалық зардаптарына әсер етуші осы құбылыстың ішкі және сыртқы факторларын талдау арқылы зерттеп - үйренуді ұсынады.

Қазіргі заманғы білімдер циклдің табиғи негізін көбірек  “технологиялық” себептермен сипаттайды. Бірінші кезекке циклдің себепті  – салдарына байланысы емес, оның қоғам үшін тигізетін неғұрлым аз зардаптарының тәсілдерін алға қояды. Осы позиция тұрғысынан, қазіргі экономиканың “бейнесі” өрлеу мен құлдыраудың кезектесуі ретінде көрінеді және бұл істер белсенділік деңгейіндегі тұрақты көрсетулер мен құлдырау циклі деп аталады. Қазір, циклдің ұзын толқынды сипаттамалары “өркендеу” мен “тоқырау”  шегініп, жаңа жол тауып, қысқа толқын “буырқаныс”, “қысқару”, “құлдырау”, “көтерілу” циклы деп аталады. (5.2. кестені қараңыз).

 Бұрқаныс 



             

 

 

                                                                  

Қазіргі экономикалық теория экономикалық цикл себебін сыртқы және  ішкі факторлар жүйесі арқылы көрсетеді.

     Сыртқы  факторлар – экономикалық жүйеге  сырттан келетін факторлар, оған  жататындар:

     а)   сұраныс  пен ұсынысқа әсер ететін, халық  санының өзгеруі;

     б) техникалық  жаңа әдістер мен инновация:  технологиялар түбегейлі өзгерістерге, инвестицияларды көбейтуге әкеледі,  жаңа жұмыс орындарын ашуды  және өркендеуді жылдамдатады;

     в) соғыстар және басқа саяси оқиғалар. Осыған ұқсас оқиғалар экономикалық циклдер бағытына жиі түрде әсерін тигізеді. Мәселен, АҚШ - тың ұлттық қарулы күшін қайта құру,”Ұлы тоқыраудың” өркендеу кезеңімен алмасуына әкелді.

Ішкі факторлар –  экономикалық  өзгерістердің неғұрлым түбегейлі сәттері болып саналады. Қазіргі экономика үш негізгі факторларға: тұтынуға; инвестицияларға; үкімет қызметіне көніл аударады.

    Кейнс бойынша циклге қарсы реттеу, қор жинау мен  инвестициялар қызметімен анықталатын жиынтық сұраныс экономикасына негізделеді. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе – теңдік жағдайына ұмтылған сұраныс пен “жұмыс” істеу қажеттілігіне келіп тіреледі. Мәселен, басқыншылық саясатын жүргізу арқылы жиынтық сұраныстың кеңеюі құлдырау кезеңіндегі тепе – теңдіктің үш тәсілімен: мемлекет шығындарының көбеюімен; салық ставкасының азаюымен; пайыз ставка төмендеуімен жүзеге асырылады.

Жиынтық сұраныс өркендеу кезеңінде, мемлекет “ ұстамдылық саясатын”  жүргізіп, қарсы шараларды қолданады.Ол мемлекет шығындарының азаюы (трансфертті төлемдер мен әлеуметтік бағдарламаларды үнемдеу), салықтар мен пайыздық ставканың көбеюінен көрінеді.

Қазіргі заманғы мемлекеттік  реттеу саясаты монетаризм, яғни ақша ұсыныстарын реттеуі тәсілдерін қолдануды болжайды Циклдік экономиканың жұмыссыздық пен инфляцияның қыспағынан жеңіліс тауып, страгфляциялық дамуы жағдайларында монетаризм экономиканы құлдыраудан алып шығуға көмектеседі. Сондықтан қиын  жағдайдан шығу – бұл халықтың ақшалай табыстарын   мақсатты  шектеу болып саналады.

Сөйтіп, циклдік дамуға осы заманғы жол табушы, цикл табиғатын  анықтауға, циклдің әр түрлі сатыларында  (фаза) алмасуға жағымсыз әсерлерді азайтудың әдістерін іздеп табудан тұрады.

 

11.3. Қазіргі  кезеңдегі ауытқулық ерекшеліктері

 

Қазіргі кезеңдегі мемлекеттің циклге қарсы қызметі, циклдің келесі өзгерістерін туғызды:

- біріншіден, дағдарыс табиғаты өзгереді, ол барған сайын құрылымды, қоғам ресурстарының шектеушісіне  (шикізатты дағдарыс, қаржы дағдарысы, энергетикалық дағдарыс, мұнай дағдарысы )  айналды;

- екіншіден, әр түрлі елдердің постиндустриялды сатыда даму өзгерістері, циклдің асинхронды және  дағдарыс кезеңінің уақыттық айырмашылығына әкелді;    

Дәстүрлі шикізат, нарықтық өзгерістер, валюта жүйелеріндегі ауытқушылық және т.б. қазіргі әлемдегі анықтаушы фактор болып  алдынғы кезекке шыға бастады. Сөйтіп, дүние жүзілік өркениет перманенттік сілкіністер жағдайында жаңа мың жылдыққа еңді.

      

11.4. Мультипликатор – акселератор өзара

әрекет ету  тұжырымдамасы

                         

        Акселерация қағидасы мультипликатор теориясымен тікелей байланысты.Егер мультипликатор теориясы бастапқы беттегі автономиялы инвестициялар – ұлттық табыстың өсуіне әсерін зерттесе, онда акселерация қағидасы – кері құбылыс – ұлттық табыс өсімін – инвестициялардың өсу әсерін зерттейді.Бұл құбылыс ұдайы өндіріс процесі және экономиканы көтерудің бірден – бір негізі болып саналады.

        Акселерация маңызы алғашқы беттегі  инвестициялар нәтижесінде алынған,  өскен табыс, тұтыну тауарларын өндіруді ұлғайтумен байланысты сұраныстың өсуін туғызады, бұл жайлар өз кезегінде, өндіріс құралдарының өсуіне деген сұраныс, яғни 2 құрылым бөлімдері үшін     машиналарға, жабдықтарға, шикізаттарға сұраныстың  өсе түсуіне әкеледі.Бұл, 1 құрылымдық бөлім үшін, ұзақ уақыт бойы ірі көлемдегі шығындарды талап етеді.

Акселерация қағидасы, салалар  арасындағы тізбекті тәуелділіктің  күшінен, тұтыну тауарларына деген  сұраныс, өндіріс құралдары немесе инвестициялық тауарлар өндірісінің  неғұрлым күшті дамуын туғызады.

      Мультипликатор теориясының (автономиялық инвестициялар теориясы) өзгешелігі түпкі сұраныс немесе сату  көлемінің өскендік нәтижесі болып саналады.

Орта капитал коэффициенті, сол кезеңдегі бүкіл капитал қорлары мен өнімдер шығаруды білдіреді.

 - үшіншіден, бұл себептер, қазіргі, әсіресе соғыстан кейінгі экономикадағы құлдыраудың шамалы түрдегі “тереңдеуіне” әкелді;                                                                                         

- төртіншіден, дағдарысты құбылыстар жиі түрде бағалы қағаздар нарық және қаржы дағдарысы формасында несие нарықта көрініс берді.

Индустриалды экономикаға  тән дағдарыстар тұтастай циклді әлеуметтік тұрғыдан түсіндіруге, жаңа мемлекеттік реттеуді жасауға көмектесетін технологиялық талдаулар экономиканың циклдік дамуын талдаудың негізгі қорытындылары болып саналады.

ХХ ғасырдың 70- ші жылдарының бірінші жартысы қазіргі заманғы нарықтық шаруашылықтың дамуына жаңа жойқын төңкеріс (катаклизм) әкелді.Іс жүзінде бүкіл қазіргі капиталистік әлемді қамтыған мұнай дағдарысы кең етек алды. Бұл дағдарыстың циклдік дағдарыс ерекшелігі, мұнай және мұнай өнімдеріне әлемдік бағалардың өсуі ілесіп, әдеттегіден тыс өсу мен қабаттаса жүруімен сипатталды.

      Бұл  құрылымдық дағдарыстар жекелеген  салалардың дамуы арасындағы  диспропорция туындайды, созылмалы сипатта және циклдік дағдарыс басталуымен әрқашан да сәйкес келе бермейді.

      Мұнай,  азық – түлік, энергетикалық,  шикізат дағдарыстары соңғы он  жылдықта валюта жүйелеріндегі  және экологиялық дағдарыстармен "толыға" түсті.

      Қазіргі заманғы нарықтық шаруашылық дамуының жалпы суреті дәстүрлі схемалармен сәйкес келмейтін болды. Құрылымдық дағдарыстар неғұрлым күрделі сипат ала бастады, экономикалық проблемалар ғаламат саяси процестер әсерін молырақ тигізетін болды. Мәселен, ұлттық және аймақтық қақтығыстар мен социалистік жүйенің құлауы, "ислам" факторы деп аталатын жағдай, біртұтас Еуропаны құру процесіндегі қарама - қайшылықты процестердің өсе түсуі және т.б. бөліп көрсетуге болады.

Акселерация коэффициенті, өз кезегінде, капиталдың өсуі (ынталандыру, инвестициялар) мен өндірудің өсуі арасындағы байланысты анықтайды.

Мультипликатор мен  акселератор өзара әрекеті өнімдер  өндіру мен табыстардың үздіксіз және прогрессивті өсуін туғызады. Бұл үлгілердің мәнісі:мысалы, егер тәуелсіз немесе автономиялы "А" инвестициялар өсетін болса, онда мультипликатор соған сәйкес шығарылатын өнімдердің өсуін туғызады. Өнімдерді шығаруды ұлғайту акселераторды әрекетке келтіреді және (индукция - еркін туындату) капитал жұмсаудың пайда болуымен ілесіп жүреді.

Аталмыш модельдің мағынасы: автономиялы инвестициялардың өсуі мультипликатор шамасына сәйкес өсетіні тұрады. Табыстың өсуі, өз кезегінде, тұтыну тауарларына деген сұраныстың өсуі мен оларды өндірудің өсуден әкеледі.

Сонымен, акселераторды, төмендегі формула арқылы, инвестицияларды тұтынуға деген (дайын өнімдер) сұраныс немесе ұлттық табыстың өсуіне қатынасы түрінде беруге болады:                  

                                  

                                   ИТ

                         А=  


                                 ДТ-1-ДТ-2

 

        бұл жерде:    А - акселератор                  

                   И- инвестициялар

                   Д - табыс (немесе тұтыну сұранысы)

                   Т - инвестициялар жүзеге асырылған  жыл.

 

Мысалы, егер тұтыну сұранысының өсуі 1995 жыл және 1994

жылдар арасында болса, онда инвестициялар 1996 жылы жүзеге    асырылған болады немесе

  

                            И 1996

              А =  


                          Д 1995 - Д 1994

Экономикалық циклді зерттеген экономистердің бәрі де белгілі бір дәрежедегі акселерация қағидасын қарастырған Бірақ, оның шынайы түрде көрінуі туралы мәселедегі акселерация қағидасын бағалауда, түбегейлі айырмашылықтар бұрынғыша қалуда. Мәселен, Самуэль-сон, мультипликатор мен үйлесімді Акселерация қағидасы  кумулятивті дефляцияны немесе  Инфляциялық спиральды тудырады деп болжайды. Тұтастай алғанда, Акселератор әсері экономиканың тұрақсыздығынан туындайтын,   экономикалық ауытқулар бөлінбейтін элементі ретінде қарастырылады. Өркендеудің басталуы, жинақтау сондай жағдайға жетумен сәйкес келеді, соған орай өндірістің жаңа негізгі қорларын  құру үшін, капиталды тиімді инвестициялау мүмкіндігі туады. Көтерілу, орта мерзімдік циклдегі өнеркәсіп дағдарысынан туындайтын орта мерзімдік циклдердің шиеленісуімен қоса қабаттасып жүреді.

Экономикалық өмір қарқының төмендеуі немесе  факторлардың жиынтығымен пайда болған төмендету  толқыны, өз негізінде жетілдірілген техниканы жасау саласындағы ізденіс және капиталды өнеркәсіптік = қаржылы топтардың қолдарына шоғырландыруды күшейтеді. Осылардың барлығы жаңаша өркендеу үшін алғышарттар жасайды және өндіргіш күштер дамуының жаңа басқышы болып, цикл қайталанады.       

                            

11.5. Ауытқуға қарсы мемлекеттік реттеу

Информация о работе Экономикалык теория