Экономикалык теория
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 14:36, диссертация
Описание
Қоғамның экономикалық жүйесі «экономикалық теория негіздері» курсының зерттеу объектісі болады. Тарихи және логикалық әдістер бірлігі, жүйелік көзқарас, экономиканың үлгілерін жасау, оларды графикалық және математикалық талдау экономикалық теорияның әдістері болады. Экономикалық теорияның ғылым ретінде ұзақ даму тарихы бар.
Работа состоит из 1 файл
ЭТН о_у-_дістемелік жиынты_.doc
— 2.84 Мб (Скачать документ)Қазіргі ұлттық есеп-шот жүйесін жүргізуді (ҰЕшжЖ) жасаудың тәжірибелік жұмыстарын ағылшын экономисі Р.Стоун (1913ж.) енгізді.Алғашқы рет оның ҰЕшжЖ сызбасы 1953-і жылы БҰҰ - ның статистикалық бөлімінде басылып шықты. Ұлттық есеп-шот оның жүйесін деметрикалық түрде бейнелеген, онда әрбір есеп - шот көлденең (табыс) және тік (шығын) матрицаларда көрсетілген. Ұлттық есеп - шот жүйесін құрудағы ертеректегі талпыныстан Р.Стоун ұсынған айырмашылық сол. Ол алғаш рет макродеңгейде екі еселей жазу принципінің «қоғамдық матрицаларда» қолданды. Стандарттық сипаттамалар - ұлттық өнім, тұтыну, сауда балансы және басқалары солай топталған, олар экономика құрылымы мен оның қызмет жасау процесінде толыққанды бейнеленгенін көрсетеді. Мұнда сондай - ақ қаржы балансы, ұлттық есеп - шот жүйесі және демографиялық есептеп шығару жүйесі енген.
Қоғамдық өндірістің
макроэкономикалық көрсеткіш-
Экономикалық әдебиетте және шаруашылық тәжірибеде қоғамдық өнімнің мөлшерін анықтауда дәстүрлі көзқарас бойынша, қызмет көрсетудің материалдық емес өндірісі оған енбейді. Бұл өнім жиынтық (жалпы) қоғамдық өнім (ЖКӨ) болып аталады. Дүниежүзілік шаруашылық тәжірибеде қалыптасқан келесі көзқарас бойынша, қоғамдық өнім мөлшерін есептегенде мынаны ескереді: өндірілген өнім массасы материалдық өндіріс өнімінің ғана емес, сондай - ақ қызмет көрсетудің материалдық емес өндіріс қызметтерін де ендіреді. Бұл өнім жалпы ішкі өнім болып табылады.
9.2. Жиынтық
қоғамдық өнім және өзара
көрсеткіштер жүйесі
Қоғамдық өндіріс нәтижесінің жалпылама көрсеткішіне жиынтық (жалпы) қоғамдық өнімді жатқызамыз, себебі ол қоғамдық өндірістің бір жылда құрылған материалдық игілігінің (өндіріс құрал - жабдығы мен тұтыну заттары) жиынтығын бейнелейді. Жиынтық қоғамдық өнім (ЖҚӨ) екі түрде өндіріледі: натуралды - заттай және құндылық. ЖҚӨ натуралды - заттай түрінде өндіріс құрал - жабдықтары мен тұтыну заттарынан тұрады. Осы тұрғыдан барлық қоғамдық өндіріс екіге бөлшектенеді: өндіріс құрал - жабдықтар өндірісі (1-ші бөлімше) және тұтыну заттары өндірісі (2-ші бөлімше).
ЖҚӨ құрылымы құн тұрғысынан тұтынылған өндіріс құрал - жабдығы құнына бөлінеді: (С) шикізат, материалдар және машина,ірі жабдықтар, зәулім үйлерге енгізілген құнның бір бөлшегі және жаңадан құрылған құн немесе ұлттық табыс (V+M). Ұлттық табыс өз кезегінде қажетті өнімге (V) – (жұмыс күшіне шығындар) және қосымша өнімге (М), - (қажетті өнімнен артық өндірілген) бөлшектенеді.
Жиынтық қоғамдық өнімнің (ЖҚО) құн формуласы:
Мұндағы W – жиынтық қоғамдық өнім немесе қоғамдық жиынтық өнім.
с - өндіріс құрал - жабдығы өндірісіндегі тұтынылған құн.
v – қажетті өнім.
m – қосымша өнім.
Осы экономикалық көрсеткіш
қоғамдық өндірістің нәтижесін көтеріңкіреп
көрсетеді, себебі кейбір технологиялық
процестерде шикізат пен
Мысалы:
Темір балқыту |
Темір рудасын өндіру |
Станок дайындау |
Болатқа айналдыру |
Мұндағы тек Мұндағы құн: Мұндағы құн: Станок құнына
темір темірдің темірдің, темір мен
рудасының және темір темір рудасы
құны темір рудасының құндарымен
рудасының және есептелген
құнынан болаттың болаттың құны
тұрады құнынан алынады.
тұрады
Қоғамдық өндірістің нәтижесін дәлірек анықтауда басқа көрсеткіш - түпкі өнім қолданылады және ол қайталану есеп - шотын жүзеге асырмайды. Түпкі өнім мөлшері төмендегідей формуламен анықталады:
Кпр= c1+ v+ m
Мұндағы: с1 - машина, жабдық ірі үйлер, алып құрылыстар
(амортизация),
v + m- жаңа құрылған құн, таза өнім немесе табыс.
Түпкі қоғамдық
өнім жиынтық қоғамдық өнімнен
шикізат пен материал
Дәстүрлі тәсіл бойынша, ұлттық табысты жиынтық қоғамдық өнімнің бір бөлігі ретінде өндіріс процесінде тұтынылған материалдық ресурстары қайтаруды шегеру арқылы анықтаймыз.
ҰТ=ЖҚӨ - МШ
мұндағы: ҰТ – ұлттық табыс,
ЖҚӨ - жиынтық қоғамдық өнім,
МШ – материалдық шығындар.
Өзінің қозғалысында ұлттық табыс төрт сатыдан өтеді: өндіріс, бөлу, айырбас және қолдану (тұтыну мен қорлану). Өндіріс сатысында ұлттық табыс барлық салада құрылатын таза өнім түрінде болады; бөлу сатысында
(және қайта бөлу немесе үлестіру) - әртүрлі бірінші және екінші табыс түрінде болады; айырбас сатысында – тауардың өндіріс құрал - жабдығы мен тұтыныс заттары түрінің жиынтығын құрайды; қолдану сатысында – қорлану мен резерв түрінде болып келеді.
Қолданудың түпкілікті фазасында ұлттық табыс екі қордан тұрады: а) тұтыну қоры; ә) қорлану қоры.Ұлттық табыс мөлшері тұрғындардың тұтыну деңгейі мен өсуі, сондай - ақ өндіріс аумағы мен оның өсу қарқынына байланысты. Ұлттық табыс жиынтық қоғамдық өнімнің шамамен 50%-ын құрайды. Ұлттық табыс қоғамның түпкілікті өнімінен амортизация сомасына кем, шамамен 8-10% болады.
Егер ұлттық табыс көлемін елдегі тұрғындар санына бөлсек, онда өте маңызды экономикалық көрсеткішті табамыз: тұрғындар өмір деңгейінің айнасы – жан басына шаққандағы ұлттық табыс.
Кейбір дамыған елдердегі басына шаққандағы ЖІӨ көлемі
Ең кедейлік деңгей |
Кедейлік деңгейі |
Орташа деңгей |
Орташадан жоғары деңгей |
Бай деңгей |
|
Бай деңгей |
725 дейін $ |
726-1395 $ |
1396-2895 $ |
2896-5055 $ |
Жан басына шаққанда 5055 $ жоғары |
Жан басына шаққанды 5055 $жоғары | |
Индия – 0,4 Қытай – 0,6 Мозамбик – 80 Танзания – 0,1 Қырғыз-стан - 30 |
Гренада – 1,3 Өзбекстан – 960 Индонезия – 1,0 Қазақстан - 30 |
Суринам (Оңтүстік Америка) – 2,3 Венесуэла -2,2 Турция – 2,7 Ресей – 2,5 |
Чили – 4,4 Польша – 3,0 Малайзия – 4,2 Бразилия – 4,3 Иран -3,5 |
Біріккен Араб Әмірлігі–16,7 Сингапур–28,4 Кувейт–15,8 Израиль-15,4 Оңтүстік Корея-10,2 |
Әлемдік қауымдастыққа енетін елдер бойынша өмір деңгейін анықтау үшін жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемін қолдануға болады. Біз көрсетіп отырған мәлімет шартты әрі өзгермелі болғанымен, тартымды екендігіне дау жоқ. Осы көрсеткіш қарастырып отырған елдердегі тұрғындардың өмір деңгейімен ғана шектелмей, қоғамдық өндірістің тиімділігін де байқатады.
Дамыған елдерде ЖІӨ өндірісі жан басына шаққанда 21 мың доллардан асып кетеді
9.3. Жалпы ішкі өнім және өзара байланысқан
көрсеткіштер жүйесі
Ұлттық өндіріс көлемін өлшеу
үшін жалпы ішкі өнім
ЖІӨ=ЖҰӨ- сыртқы экономика операция бойынша сальдо.
ЖІӨ өзіне тікелей сол елде
өндірген өнім мен қызмет
Бұл жағдай мұндай кезде де
ескеріледі: американдық өндіріс
факторы басқа елде қолданылса,
олардың құны да ЖІӨ- ге
Қазақстан Республикасында ЖІӨ-
9.1 кесте
Жалпы ішкі өнімнің ресурстары және қолданылуы (цифрлар шартты түрде)
Қолданылуы |
Ресурстары |
||||||||||
Кәсіпорын |
Үй шаруашылығы |
Басқа агенттер |
Барлығы |
Кәсіпорын |
Үй шаруашылығы |
Басқа агенттер |
Барлығы
|
Басқа агенттер |
Барлығы | ||
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) Тұтыну Жалпы қорлану Сыртқы сауда |
- - - - - 450 50 500 100 50 50 200 - - 100 100 |
500 100 - 600 - - - - - - - - - - 200 200 |
|||||||||
Тауар мен қызмет көрсету операциялары |
100 500 200 800 |
500 100 200 800 | |||||||||
Ұлттық есеп - шот жүргізу жүйесінің келесі ең маңызды көрсеткіші жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) болып табылады. Ол экономикадағы бір жылғы тауар мен қызмет көрсетудің түпкі өндіріс көлемінің жиынтық нарықтық құнынан тұрады. ЖҰӨ-ге тек қана сондай өнім енеді, кейде өндіріс процесін мәңгі тастап кетіп, жеке және қоғамдық тұтынысқа түседі (енеді) немесе өндіріс саласына инвестициялық тауарлар (машина, ірі жабдықтар және т.б.) ретінде қайтады.
Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) есеп-шотын есептеудің мақсаты мынада:
а) қоғам экономикасының жай-күйін бақылау;
ә) экономикалық циклдың ағымдық фазасын анықтау;
б) мемлекеттік саясатты қалыптастыру. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) БҰҰ-ның методологиясы бойынша статистикалық органдар есептейді және халықаралық салыстырулар үшін қолданылады. ЖҰӨ өзіне мыналарды: негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлардың(с1) амортизациясын (тозуын), материалдық өндіріс саласының таза өнімін (v+m)және сыртқы экономикалық қызмет бойынша табысты (m)- енгізеді:
ЖҰӨ= c1+ (v+ m)+ m
ЖҰӨ- нің көмегімен еліміздің экономикалық даму деңгейі мен пропорциясын шет елдермен тікелей салыстыруға мүмкіндік туды. ТМД елдері мен Қазақстанда ЖҰӨ-ні экономикалық есептеу тәжірибесі 1988-ші жылы енгізбейді., сөйтіп ол қосымша жинақталған көрсеткіштерге (жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс және т.б.) қосылды.
Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) жиынтық қоғамдық өнімнен (ЖҚӨ) айырмашылығы сол, ол еңбек заты мен жартылай фабрикаттар құнының қайталанған есеп-шотын ендірмейді. Қайталанған есеп-шоттың енбеуін қосарланған құн көрсеткіші қамтамасыз етеді. Ол дегеніміз кәсіпорынның жалпы табысы және оның шикізат пен материалға кеткен шығындары арасындағы айырмасын көрсетеді.
9.3 кесте
Өндіріс процесінің бес сатылық жағдайындағы қосарланған құнның және сырт киімді өткізуді есептеудің мысалы (долл) Экономикалық процестің сатысы |
Ара уақыттық баға немесе түпкі өнім бағасы |
Қосарланған құн |
|||
Есептеу |
сомасы |
Сомасы | |||
1.Қой шаруашылығы фермасы |
Ара уақыттық өнім-60 |
60-0 |
60 |
60 | |
2.Жүнді алғашқы өңдеу фабрикасы |
Ара уақыттық өнім-100 |
100-60 |
40 |
40 | |
3.Тігін фабрикасы |
Ара уақыттық өнім-125 |
125-100 |
25 |
25 | |
4.Сырт киімнің көтерме саудасы |
Ара уақыттық өнім-175 |
175-125 |
50 |
50 | |
5.Сырт киімнің бөлшек саудасы |
Түпкі өнім - 250 |
250-175 |
75 |
75 | |
Жалпы құн (сатылған сомасы)-710 |
|||||