Экономикалык теория
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 14:36, диссертация
Описание
Қоғамның экономикалық жүйесі «экономикалық теория негіздері» курсының зерттеу объектісі болады. Тарихи және логикалық әдістер бірлігі, жүйелік көзқарас, экономиканың үлгілерін жасау, оларды графикалық және математикалық талдау экономикалық теорияның әдістері болады. Экономикалық теорияның ғылым ретінде ұзақ даму тарихы бар.
Работа состоит из 1 файл
ЭТН о_у-_дістемелік жиынты_.doc
— 2.84 Мб (Скачать документ)• нарық шаруашылығының ішкі жүйесі тұрақтылық пен өздігінен қалпына келтіруге ұмтылады;
• нарықтық шаруашылықтағы барлық үйлеспеуші-ліктер мен орындамаушылықтар сыртқы араласудың нәтижесі;
• мемлекеттің араласуы, нарыктық шаруашылық фрикциондык және құрылымдық жұмыссыздықты толықтырады, ал өрлеу кезеңінде ол болмайды.
Жұмыссыздық ретінде әдетте, статистикалық зерттеу кезінде жұмыссыз болған, бірақ жұмысты белсене іздеп жүрген және жұмысқа тұруға дереу дайын адамдарды есептейді. Жұмысы бар, сондай-ақ толық емес жұмыс күн уақытымен жұмыс істейтіндер жұмыссыздарға жатпайды.
Жұмыспен камтылғандар мен жұмыссыздардың жиыны жұмыс күшін құрайды. Жұмыс күшінен шыққандар жұмысы жоқ бірақ еңбекке қабілетті адамдар, жұмысты белсене іздеуші оқушылар, зейнеткерлер, тұрғылықты мекені жоқтар, үй шаруашылығындағы әйелдер, сонымен бірге институционалды мекемелерде (жүйкеден ауыратындар ауруханасы, түрме т.б) ұзақ уақыт болған адамдар.
Жұмыссыздық деңгейі
жұмыссыздар саны мен жұмыс күші
санының арақатынасы немесе ай сайын
жұмысынан айырылғандар үлесі мен
ай сайын жұмыс тапқандар үлесінің
арақатынасы ретінде
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі (НАІКІІ) елдің өткен 10 жылы мен келесі 10 жылдағы жұмыссыздықтың нақты деңгейінің орта шамасымен анықталады.
Жұмыссыздықтың болатын табиғи (тұрақты) деңгейінің негізгі себептері мыналар:
1. Жұмыссыздықты сақтандыру жүйесі жағдайында жұмыс іздеу уақытының көбеюі, жұмыссыздар санының өсуіне және оның деңгейінің артуына ықпалын тигізеді.
2. Жалақының тұрақтылығы «жұмыссыздық-ты күтуді» туғызады. Жалақының "қатаңдығы" жұмыс орындарының салыстырмалы жетіспеушілігіне әкеледі, еңбек ұсынысы сұраныстан асып кетеді.
3. Ұзақ мерзімді
кезеңдегі жұмыссыздықтың
жұмысқа кірушілер; жұмыс іздеуден бас тартушылар; жұмысынан айырылғандар; жұмыстарын аяқтағандар; жұмыс алғандар т.с.с. Бұл өзгермелі ағындар қоғамдағы жұмыс күшінің нарықтық динамикасын сипаттайды.
- Жұмыспен қамту, жұмыссыздық нысандары
және түрлері
Экономика жағдайын және экономикалық саясат тиімділігін жалпы бағалауға экономика теориясы тәжірибесінде "кедейлік индексі" жиі пайдаланылады, ол макроэкономикалық тұрақсыздықтың екі негізгі көрсеткіштері ретінде жұмыссыздық пен инфляция деңгейі көлемін көрсетеді.
Жұмыссыздықтың негізгі нысандары фрикциондық, кұрылымдық және циклдік техникалық, конъюнктуралық, ерікті болып табылады. Олар үш түрде болады:
• тұйық;
• қазіргі;
• жасырын.
Фрикциондық жұмыссыздық жұмыс іздеу және күтумен байланысты. Ол біліктілігіне байланысты жұмыс күтумен айқындалады және белгілі уақытты қажет етеді. Ол мамандықтың түрғылықты мекен-жайдың өзгеруімен байланысты т.с.с. Сондықтан фрикциондық жұмыссыздық ерікті және қысқа мерзімді болады.
Құрылымдық жұмыссыздық ҒТП салдарынан "ескірген" мамандықтарға сұраныстың өзгеруінен, өндірістегі техникалық ығысулармен байланысты. Мұндай жұмыссыздық көбіне мәжбүрлеу және ұзақ мерзімді сипатта болады.
Фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық жұмыссыздықтың табиғи деңгейін құрайды.
Циклдік жұмыссыздық дегеніміз - жұмыссыздық деңгейінің табиғи ауытқуы. Циклдік құлдырау кезеңінде фрикционалдық және құрылымдық жұмыссыздықты толықтырады,ал өрлеу кезеңінде ол болмайды.
Егер жұмыссыздықтың нақты деңгейі өткен жылға қатысты өзгермесе, онда нақты ЖҮӨ-нің өсу қарқыны жылына 3% құрайды. Бұл қарқын халық өсімімен, қаржының қорлануымен және ҒТП-мен қамтамасыз етіледі. Жұмыссыздық деңгейінің әрбір 1%-ға ұлғаюында (өткен жыл көрсеткішіне қатысты) нақты ЖҮӨ-нің өсу қарқыны 2,5% төмендейді.
Жұмыссыздық, осылайша, қоғамның бүкіл экономикалық өміріне қолайсыз әсер етеді. Ол ең алдымен экономикалық шығындарға әкеледі, ұлттық өнімнің нақты деңгейін төмендетеді.
Жұмыссыздық адамдардың табыстан толық немесе жарым-жартылай айырылуына, тұрмыс деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Ол қылмыстың өсуін, психикалық аурулар санының көбеюін туғызады. Бұл әлеуметтік проблеманы жеңілдету үшін мемлекет ішінара жұмыспен қамтуға немесе толық емес жұмыс аптасына қаражат береді. "Артық" халықты қысқарту ретінде әдетте "жұмыс орындарын бөлу" әдісін пайдаланады, бір жұмыс орнын екі жұмысшыға жалақысын төмендетіп ұсынады. Осының нәтижесінде компанияларға салық жеңілдіктері туады.
Жұмыссыздықты азайту үшін жұмыс орындарын қайта құру кезінде "мерзімнен бұрын" зейнеткерлікке шығу және тұтынушыларға ұсынылатын қызметті әмбебаптандыру (универсализация) есебінен жұмыспен қамтуды кеңейту тәжірибесі қолданылады. Мұндай әдіс, сөзсіз түрде сағаттық еңбек өнімділігі көрсеткішінің өсуіне әкеледі, бұл жұмысшы табысымен салыстырғанда қосылған құнның өсім қарқынының неғұрлым жоғары екендігін көрсетеді.
Халықтың артық қоныстануын жоюдың маңызды әдісі, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру және олардың кәсіптік даярлық деңгейлерін арттыру болып табылады. Мәселен, Англияда мынадай бағдарламалар жұмыс істейді:
• ұзақ уақыт жұмыссыз жүргендерге байланысты:
• жұмыс күшіндегі жастар үлесінің ұлғаюы;
• жұмыс күшіндегі әйелдер үлесінің ұлғаюы;
• экономикадағы кұрылымдық ығыстырулардың тым жиілігі.
- Оукен заңы және жұмыссыздық деңгейін мемлекеттік реттеу
Батыс экономикалық теориясында және тәжірибесінде жұмыс күшін ығыстыру нәтижесіндегі тауар мен қызметтің әлеуетті шығындарын есептеу Оукен заңы негізінде жүзеге асырылады. Оукен заңы жұмыссыздық деңгейі өзгерісін жалпы ұлттық өнімнің (Ж¥Ө) өзгерісімен байланыстырады .
Y-Y’/Y’=B*(u-u’)
мұнда:Ү - өндірістің нақты көлемі,
Ү" - ЖҮӨ әлеуетті көлемі,
и - жұмыссыздықтың нақты деңгейі
u'- жұмыссыздықтың табиғи деңгейі
B- ЖҮӨ циклдік жұмыссыздықтың
динамикасына сезімталдық
Бұл өсім 2,5 пен 3% әртүрлі
экономистер жұмысындағы
Финляндияда қарт адамдар бір мезгілде зейнетақының 3 түрін алады: кәрілігіне - мемлекеттен, жұмыс орнынан -фирмадан және мемлекеттен берілетін зейнетақы қорынан, оны құруға зейнеткердің өзі қатысады.
Швецияда әлеуметтік сақтандырудың тіптен бірегей құрылымы бар. Зейнетақы алатын адамдар жарналар үлесінің небәрі 1 %-ын құрайды, ал қалған 99 пайызы былайша көрінеді: мемлекеттен - 27%, жергілікті өкімет органдарынан - 31%, кәсіпкерлік фирмалардан - 41% алады.
Түйін
Бұл тақырыпта жұмыс күші мәселелері қарастырылып, оның әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы берілді. Еңбек ресурстарының жұмыспен қамтылу дәрежесі, әсіресе қазіргі кезеңдегі, экономика құрылымы мен салалары бойынша жұмыс күштерін қайта бөлу тетігінің әсері өте маңызды проблема болып саналады.
Еңбек нарығы теориясы мен
еңбек нарығының тетігін
Жұмыссыздық нысандары, оның түрлері, Оукен заңы және жұмыссыздықты реттеу мәселелері толық көрсетілген.
Негізгі терминдер:
Еңбек ресурстары. Жұмыс күші. Жұмыспен қамтылу. Жұмыссыздық
Циклдік жұмыссыздық
Жұмыссыздың деңгейі
• Фрикциондық жұмыссыздык Құрылымдык жұмыссыздық..
• Жұмыссыз жастарға;
• 30-дан асқан және 45-тен жоғары жастағы жұмыссыздарға;
• Ғылымды көп қажетсінетін салаларға мамандар дайындау т.с.с
Бұдан басқа да, жұмыссыздарға арналған арнайы клубтар жұмыс істейді, онда кеңестер, ұсыныстар беріледі, жұмысқа қабылдау тестілерінен өтеді, бос орындар іздесуге көмектеседі, тегін кеңсе жабдықтарын және жұмыс іздеуге телефондар береді.
Дамыған елдер жұмыссыздарға материалдық жәрдемақы түрінде әлеуметтік көмектер береді. Оны алу үшін негізгі жұмыста істеген мерзімі талап етіледі немесе қоғамдық жұмыс (науқастарды, кәрілерді, мүгедектерді күтіп бағу, қаланы кеңейту т.с.с) істеуі тиіс. Жәрдемақы алу үшін табысқа қарай сақтандыру жарнамасын төлеу қажет. Жәрдемақы төлеу мерзімдері қатаң шектелген. Мәселен, АҚШ-та жәрдемақы алудың ең шекті мерзімі 26-30 апта, Жапонияда - 40 апта, Германияда - 104 апта.
Кейбір дамыған елдерде жұмыссыздық жәрдем-ақысымен қатар қосымша жәрдемақылар төленеді, олар "мүқтаждықты" тексергеннен кейін ғана беріледі, яғни отбасы құрамы, еңбек қызметі, жұмыс істеген мерзімі және аясы, мемлекеттік марапаттаулары т.б.
Сонымен, жұмыссыздықтың болуы халықтың әлеуметтік қорғалу мәселелерін тудырады, оған XX ғ. екінші жартысынан бастап бүкіл дүние жүзі айрықша көңіл бөледі. Нарықтық жүйе жұмыс күшінің тұрақты жұмыспен қамтылуына кепілдік бермейді. Сондықтан мемлекет халықтың табыс деңгейінің, олардың жалпы көлемінің 50%-дан асуын қамтамасыз ететін, әлеуметтік корғау жүйесін құрады.
Әлеуметтік қорғау алғаш рет 1883 жылы Германияда, 1911 жылы Англияда, 1935 жылы АҚШ-та пайда болды. Ол Скандинавия елдерін ерекше табысқа жеткізді.
Практикум.
а) Мысалы, Финляндияда қарт адамдар бір мезгілде зейнетақының 3 түрін алады ма;
в) еңбек нарығының тепе-теңдігінде жұмыссыздық мүмкін бе?;
с) егер өндірістің нақты көлемі әлеуеттіге тең болса, онда экономикада жұмыссыздық бар ма, жоқ па?
е) егер инфляция деңгейі төмендесе, онда баға қандай күйде болады?
2. Сіз университетке
түскен күні өзіңіздің
3. Халық саны - 100 млн. адам құрайды, соның 24 млн. адамы - 16 жасқа дейінгі балалар мен ұзақ уақыт оқшаулауда болған адамдар (жүйке ауруымен ауыратындар ауруханада, түрмеде болғандар); 30 млн адам жұмыс күші құрамынан шыққандар; 4 млн. 600 мың адам жұмыссыздар; 1 млн. адам - толық емес жұмыс күнімен жұмыс істейтіндер, жұмыскерлер және жұмыс іздеушілер.
Есептеңіз:
а) жұмыс күші өлшемін;
б) жұмыссыздық деңгейін;
4. Мынадай ақпарат бар: жұмыспен қамтылғандар саны — 90 млн. адам, жұмыссыздар саны - 10 млн. адам:
а) жұмыссыздық деңгейін есептеңіз
б) бір айдан соң 90 млн. адамнан 1 млн. адам жұмыстан босатылды, ал тіркелген жұмыссыздардың қатарынан 1 млн. адам жұмыс іздеуді тоқтатты.
в) жұмыспен қамтылғандар санын;
г) жұмыссыздар санын және жұмыссыздық деңгейін анықтаңыз.
5. Бір кәсіпорыннан
екіншісіне ауысқан уақытша
Мұны Сіз білуге тиіссіз
1. Жалақының мәнін түсіне білу; еңбек бағасы немесе жүмыс күші күнының бағасы; олардың арасындағы айырмашылық.
2. Енбек нарығы дегеніміз не және онда тепе-теңдікке қалай жетеді? Ұлттық еңбек нарықтарының ерекшеліктері.
3. Қазіргі кезеңдегі жұмыспен толык камтылу түсінігі
4. Жүмыссыздықтың түрлері мен құрылымын айыра білу және оның қазіргі көрінісін талдау.
5. Халықты әлеуметтік корғау қажеттілігінің пайда болу себептерін түсіндіру. Халықты кімнен және неден қорғау қажет?
6. Өз республикаңның әлеуметтік қорғау жүйесінің ұлттық ерекшеліктерін және тарихи тәжірибесін дәлелдей білу.
Тестілер
1. Келесі үйғарымдар дұрыс па?
а) 16 және одан жоғары жастағылар жүмыспен қамтылғандарға немесе жұмыссыздар катарына жата ма?
б) жұмыссыздықтың табиғи деңгейі әрдайым тұрақты ма?
Ь) Жұмыссыздықты күту өлшемінде есепке алынады;
с) енді жұмыс күші кұрамында есепке алынбайды
ё) ең төмен жалақы түрінде жәрдемақы алады
2. Аталғандардың қайсысы дұрыс емес:
а) жұмыссыздықтың табиғи деңгейі кысқа мерзімде; салыстырмалы тұрақты және ұзақ мерзімді уақытта өзгереді
б фрикциондық, құрылымдық және циклдік жұмыссыздықты қамтиды
с) егер жұмыссыздық деңгейі тең болса, нақты ЖҮӨ әлеуеттілігіне тең
ё) өлшемнің өзгеруі экономика құрылымындағы ығысуларды тудырады
е) ең төмен
жалақының көтерілуі АІКІІ
3. Жұмыссыздық мынадай кезде пайда болады: