Экономикалык теория

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 14:36, диссертация

Описание


Қоғамның экономикалық жүйесі «экономикалық теория негіздері» курсының зерттеу объектісі болады. Тарихи және логикалық әдістер бірлігі, жүйелік көзқарас, экономиканың үлгілерін жасау, оларды графикалық және математикалық талдау экономикалық теорияның әдістері болады. Экономикалық теорияның ғылым ретінде ұзақ даму тарихы бар.

Работа состоит из  1 файл

ЭТН о_у-_дістемелік жиынты_.doc

— 2.84 Мб (Скачать документ)

Тұтынушылардың  мүдделері  мен құқықтарын қорғау проблемасы  нарықтық экономикалы елдерде өткен  ғасырдың 50-70 жылдарында пайда болып, өмірде ұйымдасқан қозғалыстарды  тудырды. Бельгия мен Құрама Корольдікте тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі алғашқы қоғам 1957 жылы, Нидерландияда – 1963 жылы құрылды.

АҚШ-та тұтынушылар  қозғалысы  өткен ғасырдың басында пайда  болды. Ол бағаның көтеріліп, ет өнеркәсібіндегі жағдай мен медициналық препараттарды патенттеу жөніндегі шатақтарға байланысты туған болатын. Тұтынушылардың екінші қуатты қозғалысы өткен ғасырдың 30-шы жылдарындағы экономикалық дағдарыстың дүлей күші мен дәрілік препараттарға байланысты кезекті дау-дамайдан шықты. Үшінші рет констъюмеризм толқыны 60-шы жылдары көтерілді.

Қазіргі уақытта консъюмеристік қозғалыс әлемнің барлық елдерін  қамтып отыр.

Оның себебі, сол кезеңде  ұзақ уақыт пайдаланатын тауарлар шығару айтарлықтай молайып, синтетикалық жаңа және басқадай жасанды материалдарды және т.б. қолдану елеулі түрде өрістеген еді.

Бұл кезеңде дамыған  капиталистік елдерде тұтынушылардың мүдделерін жаппай барлық салаларда  емес, тек кейбір салаларда (несие  беру, тұрғын үйді жалға өткізу, сауда) қорғаудың жекелеген нормативтік актілері бар болатын.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жекелеген құқықтар салаларында  да бекітілген еді. Алайда, экономиканы  монополиялау  жағдайында тауарлар мен қызметтердің ерекше әртүрлілігінің пайда болулары, жарнамалаудың қуатты құралдарының өмірге келуі, тұтынушылардың бұрыннан бар құқықтық қорғау құралдарының жеткілікті емес екендігін көрсетті. Дамыған нарықты қорғауға тікелей қатысты арнайы нормативтік актілердің шығуы осы себептерге байланысты еді.

Оған мыналарды жатқызуға  болады: Францияда – сауда мен  игі қызметтер көрсету кезіндегі  алдау мен жалғандық туралы Заң (1905), «қардан қала тұрғызу» қағидасының сауда туралы Заң (1953), «алдамшы жарнамаларды болғызбау» туралы  Заң (1935); Данияда – тауарды сатып алу-сату келісімі туралы Заң (1906), тауарды таңбалап және бағасын көрсету туралы Заң (1977), тұтынушылармен жасалған келісімдердің әрқилы түрлері туралы Заң (1978); Ұлыбританияда – тұтынушылардың қауіпсіздігі туралы Заң (1978), келісімдердің арамдық  жағдайлары туралы Заң (1977), шектеуші сауда тәжірибесі туралы Заң (1956) және басқалар. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде тұтынушылардың құқығын қорғау заңнамасы сауда мен игі қызмет көрсетудің әртүрлі ортасында жүрген тұтынушылар қорғайтын заңдар ондап саналады.

Тұтынушыларды қорғаудың  төрт негізгі құқығы туралы Декларацияға АҚШ президенті Д.Кеннеди 1962 ж. 15 наурызда  қол қойған болатын. Олар:

  • тауарлардың қауіпсіздігіне құқық;
  • ақпараттарға құқық;
  • өз мүддеңді білдіру құқығы;

Халықаралық тұтынушылар одақтарының ұйымы (ХТОҰ) бұған тағы төртеуін қосты:

  • негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру құқығы;
  • зиянның орнын толтыру құқығы;
  • тұтынушылық білімге құқық;
  • қоршаған ортаның саулығына құқық.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау барлық елдерде әкімшілік пен соттың қолда бар құралдарының көмегімен тиісті нормативтік актілерден құрылады.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғауға арналған Басшылық принциптер 1985 жылдың 9 наурызындағы №39/248 қарар  ретінде Бас Ассамблеяда  мақұлданған.

Бас Ассамблеяның күшіне еніп, бекітілген қарарынан кейін БҰҰ-ға мүше мемлекеттер Басшылық принциптерді есепке ала отырып, тұтынушылар құқығын қорғау жөнінен белсенді саясат жүргізуге міндеттенген. Әр мемлекет өзіне тән экономикалық және әлеуметтік жағдайларына сәйкес, сондай-ақ халықтарының хал-ахуалына қарай нарықта бұл салада өздерінің бірінші кезекте тұрған жеке міндеттерін белгілеуге тиіс еді.

Тұтынушылардың заңды  мүдделері болып мойындалатындар:

  • қауіпсіздік пен денсаулықтың зиян шегуінен қорғау;
  • олардың экономикалық мүдделерін сақтау;
  • жеке қажеттіліктеріне сәйкес тауарларды (қызметтерді) дұрыс таңдауды қамтамасыз ететін ақпараттарға жол беру;
  • тұтынушыларды сауаттандыру;
  • арыздарды қараудың тиімді рәсімдерін табу;
  • тұтынушылардың құқықтары сөз болып, шешім қабылдау процесі үстінде өз пікірлерін білдіруге құқықтары бар тұтынушылар топтары мен ұйымдарын құруға еркіндік.

Қазақстан Республикасында  тұтынушылар құқығы Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексінің Айрықша  бөлімімен, «Тұтынушыларды қорғау туралы» Заңы мен   және т.б. реттеледі.

1998 жылдың ішінде Қазақстан  Республикасында тұтынушылар құқықтарын  қорғау қоғамдары тұтынушылар  құқықтарының жағдайларына 5000 тексеру  жүргізген, оның 2816-да әртүрлі  заң бұзушылық анықталған. 5966 мың теңгеге 1810 наразылық ресімделген. Өндірілген зиянның сомасы 4649 мың теңгені құрап, тұтынушылардың 560 наразылығы сотқа түсірілмей қанағаттандырылған.

Біріншісі өте қарапайым  саналады. Кейбір фирмалар өздерінің  адалдықтары мен туралықтары  жөнінен жақсы атаққа жетуге мүдделі болмаулары мүмкін, өйткені олар нарықта ұзақ уақыт тұрақтауды ойламайды. Олардың стратегиясы ашық алдампаздықтарын  жүзеге асыра салып, тез арада тайып отыру. Соңғы уақытта мұндай алдаушылықтар Қазақстан Республикасында жиі ұшырасатын болды.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңнамалар талаптарының орындалуы туралы қадағалау тәжірибесі ретінде республиканың халыққа сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет, көлік, байланыс, комунальдық-тұрғын үй және т.б. қызметтер көрсететін 4682 кәсіпорын тексерілді.

Азаматтардың 1944 ой-тілектері қаралды, олардың бәрі негізді болып шығып, тұтынушылар мүддесінің пайдасына шешілді.

Тұтынушылар құқығының  бұзылуы 3700 кәсіпорында немесе тексерілген  кәсіпорындардың 80 пайызында орын алғаны анықталып, материалдық зиянның  мөлшері 175 млн.теңгені құрады.

Тұтынушыларға қайтарылған  материалдық зиянның сомасы 162 млн. теңгені құрап, мемлекеттік бюджет есебіне 152 млн. теңге түсірілді.

Шаруашылық жүргізуші  субъектілердің аттарына 939 ұсыныс, нұсқама, ескертпелер жасалды.

Тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдары сот органдарына 152 талап-арыз берді, оның 137-сі қанағаттандырылып, 90 адам жауапқа тартылып, 145 млн.теңге материалдық залал өтелді.

Нарықтың мүмкін өнімнің пайдалану сапасы жөнінде өзіне пайдалы ақпараттарды  жеткілікті білмейді. Тұтынушылар   сатушылардың арыздарын салыстыру үшін жалпы стандарт немесе эталонға зәру, әсіресе, егер ол арыздар техникалық немесе аса күрделі заттарға байланысты болса. Мысалы, энергия үнемдеу Қазақстанда ең маңыздылықтардың бірі. Тұтынушылар энергияны аз шығындайтын тоңазытқыштар, кондиционерлер және басқа да электр приборларын сатып алғылары келеді.

Мұндай тұтынушылар  өздері таңдап тұрған тоңазытқыштың  басқа моделмен салыстырғанда қаншалықты тиімді екендігін көрсететіндей  ақпараттар оқығысы келетіндігі  табиғи нәрсе. Айта кетер болсақ, өндірушілер тұтынылған электр энергиясын өлшей алатындай жүздеген тәсілдер бар. Басқа да нәрселермен қатар, энергияның тұтынылу мөлшері тоңазытқыштағы тамақтардың мөлшеріне, тоңазытқыш пен мұздатқышта қойылған температураға, сондай-ақ тоңазытқыш тұрған бөлменің температурасына да байланысты болуы мүмкін. Анықталып болғаннан кейін де энергияны тұтыну туралы хабарлаудың көптеген тәсілдері бар. Кейбір компаниялар қуаттылықты пайдаланылатын электр көзінің бірлігімен білдіруі мүмкін. Басқалары республиканың белгілі бір ауданында тоңазытқыштың жыл ішіндегі пайдаланылуының орта бағасын және тағы басқаларды тілдеріне тиек етеді.

Электр энергиясын тұтынуды тестілеудің жалпы жүйесінсіз және ол туралы мәліметсіз, егер тіпті, барлық өндірушілер энергияны жұмсау туралы мәлімдеме жасауға құлшынғанның өзінде де тұтынушылар, ойластырып алыстырып көруге қабілетсіз болып қалуы мүмкін.

Сондықтан, мысалы АҚШ  тәжірибесін ескере отырып, Қазақстанда  приборлар тұтынған энергияны Мемлекеттік  таңбалау туралы заң әзірлеп, қабылдап, оның орындалуын қамтамасыз ету қажет. Бұл заң барлық негізгі приборлар тұтынған электр қуаты туралы хабарлама мен сынақтан өткізу жағдайларының жалпы әдістерін түсіндіреді. Тұтынушылар осы заңдарға байланысты өз құқықтарын қорғай отырып, өз кезегінде өндірістің дамуына әсер етеді.

Экономика қарқыны  Қазақстанда 2000-2002 жылдары 10 пайыздан асып түсті. Алдағы он жылға болжам шамамен 7 пайыздық өсім бермек, ал бұл дегеніміз біз Оңтүстік-Шығыс Азия «жолбарыстарынан» кейін көрмеген жаңа даму деңгейіне сирек болатын секірістің бірін туғызбақ.

Бұдан кейін 5 жылда экономикалық өсу байқалды. 1999 жылы ІЖӨ-нің өсуі 2% шамасында болса, 2000 жылы – 9,6%, 2001 жылы 13%-ға жетті. 2002 жылы ІЖӨ-нің артуы 9,5 пайызды құрады.

2003 жылғы бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 2002 жылдағы осыған сәйкес мерзімімен салыстырғанда Қазақстандағы ІЖӨ 10,4%-ға, өнеркәсіп өндірісі (тұрақты бағамен есептегенде) – 9,6%-ға өсті. Көлік кәсіпорындарының жүк тасымалы (труба құбырын есептемегенде) - 17%-ға, бөлшек сауда айналымы (тамақтандыру кәсіпорындарының айналымын қоспағанда) – 9,9%-ға ұлғайды.

Өнеркәсіп өндірісінің  жалпы көлемі индексінің өсу қарқыны 2002 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 8%-ды құрады. Экономикалық қызметтің  ірілендірілген түрлері бойынша өнімнің артуы тау-кен өнеркәсібінде – 7,7%-ға, өндеу өнеркәсібінде – 8,5%-ға, электр энергиясын, газ бен су өндіру мен бөлуде 7,2%-ға қамтамасыз етілді. Ауыл шаруашылығында жалпы өнімнің көлемі осы жылдың қаңтар-қазанында 3,1%-ға ұлғайды. Бұл мерзімде негізгі капиталға тартылған инвестицияның көлемі 2002 жылдың сол кезендегі деңгейінен 10,8% артық болды. 2003 жылғы қаңтар-қыркүйекте байланыс кәсіпорындары көрсеткен қызметің көлемін өткен жылдың сол мерзімімен салыстырғанда 25,8%-ға өскен. Сол жылдың тоғыз айындағы сыртқы сауда айналымы 15,2 млрд. АҚШ доллары көлемінде қалыптасты. Мұның өоның алдындағы жылғы осы мерзімге қарағанда 31% өскен, бұл ретте экспорт 38%-ға, импорт 20%-ға ұлғайған.

- Республиканың тұтыну нарығында тауарлар мен қызметтердің бағасы 2003 жылғы қазанда 2002 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 4,2%-ға өскен. Доллардың теңгеге қатысты айырбас бағамы 2003 жылғы қазанда қыркүйек айындағымен салыстырғанда 0,01%-ға ұлғайған. Ұлттық банктің ресми қайта қаржыландыру ставкасы жылдық 7% деңгейінде белгіленген.

- Елде қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасты. Елдің шаруашылық кешеніне қаржы ресурстарын тарту үшін осы заманғы институттық және нормативтік-құқықтық база жұмыс істеуде.

Шетелдік инвесторлар  үшін табыс салығынан, жер салығынан  және мүлік салығынан босатуды көздейтін жеңілдіктер мен преференциялар жүйесі, кеден жеңілдіктері белгіленеді.

Инвестиция саласындағы  проблемаларды анықтап, шешу мақсатында мамандандырылған өкілетті орган және Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар  кеңесі құрылды.

Қазақстанның инвестициялық ахуалы тартымды екендігін мынадай жәйтпен де қуаттауға болады: шетелдік капиталдың қатысуымен жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 2003 жылы 5300 болды. Салыстыру үшін мұндай кәсіпорындар Ресейде – 1042, Қырғызстанда – 99, Украинада 74 екенін айтуға болады.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Экономикасына тұтастай алғанда 21 млрд. долларға жуық инвестиция тартылған. Он жылда игерілген тікелей  шетелдік инвестицияларды жан басына шағу көрсеткіші бойынша республика ТМД-ның басқа елдерінен әлдеқайда асып түсті.

- Нарық институттары мен шаруашылық жүргізудің тетіктерін қалыптастыру саласындағы бірқатар түбегейлі қадамдарды жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстан реформалау қарқыны жағынан ТМД елдерінің көпшілігін басып озды.

- Елімізде мамандандырылған Ұлттық қор құрылды. Ол мұнай секторында алынған табыстардың бір бөлігін болашақ ұрпақтар үшін жинақтауы тиіс. Сонымен қатар қор форс-мажор жағдайларында мемлекеттік бюджеттің стратеиялық резерві функциясын қамтамасыз етеді.

Экономиканың жоғары технологиялық секторларын дамыту мақсатында 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған республика дамуының Индустриялық-инновациялық бағдарламасы қабылданған.

Ел дамуының басым  стратегиялық бағыттарын орта және ұзақ мерзімге несиелеуге жұмыс істейтін Даму банкі құрылған.

Елорданы Астана қаласына көшіру республика экономикасының дамуына  айтарлықтай серпін береді. Жаңа өндірістер мен жаңа жұмыс орындары құрылуда.

Тұтастай алғанда Қазақстан  экономикасындағы инвестициялық -өндірістік процестердің белсенділігі арта түсуде. 2000 жылдың аяғына қарай ІЖӨ көлемінің, өнеркәсіп өндірісінің, инвестициялық қызметтің және бірқатар басқа көрсеткіштердің өсуінде айтарлықтай прогресс байқалады. Өсу іс жүзінде экономиканың барлық салаларында жүріп жатыр, мұның өзі ел дамуының кешендік және жүйелік сипаты туралы айтуға мүмкіндік береді.

Бүгінде Қазақстан ТМД-дағы реформалардың танымал көшбасшыларының бірі болып табылады.

Информация о работе Экономикалык теория