Экономикалык теория жане онын адистери

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 12:36, реферат

Описание

Экономикалық теория пәнінің дамуында үш кезеңді бөліп көрсетуге болады; экономия, саяси эконоиия, экономикс. Экономикалық теориянвң пәні ғылым ретінде бірден қалыптасқан жоқ, ол ұзақ тарихи дамудың нәтижесінде болып табылады. Экономикалық ойдың алғашқы көзі өзінің тамырларын ежелгі дәуірден бастайды. Алғашқы адамдардың өздерінде игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну бойынша алғашқы қауым мү

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 26.12 Кб (Скачать документ)

Экономикалык теорияның пәні және зерттеу әдістері

 

Экономикалық теория пәнінің дамуында үш кезеңді бөліп көрсетуге болады; экономия, саяси эконоиия, экономикс. Экономикалық теориянвң пәні ғылым ретінде бірден қалыптасқан жоқ, ол ұзақ тарихи дамудың нәтижесінде болып табылады. Экономикалық ойдың алғашқы көзі өзінің тамырларын ежелгі дәуірден бастайды. Алғашқы адамдардың өздерінде игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну бойынша алғашқы қауым мүшелері арасында қалыптасатын қатынастар жөнінде белгілі бір ой-пікірлер қалыптасты. Алайда олар білімнің дербес саласына айналмай діни көзқарасқа негізделген тармақталған қоғамдық танымнің шеңберінде болды. Ежелгі шығыста алғашқы қоғамдық кластардың қатысуымен экономикалық ойдың орталығында мемлекеттік шаруашылықтыұйымдастыру және басқару мәселелері тұрды. Нәтижесінде мемлекет пен қоғамдағы тұрақтылықты ұстап тұруға бағытталған теориялар мен арнайы шығармаларпайда болды. Алайда ежелгі шығыс ойшылдарының көзқарастары экономикалық ғылымның қалыптасуына жанама ықпал етті.

 П.Самуэльсонның бейнелі сөзі бойынша экономикалық теория қоғамдағы ғылымдардың Ханымы болып табылады. Ұлт байлығының қайнар көздері және оны ұлғайту әдістері туралы мәселе экономикалық ойдың нақ ортасында болды. Өткеннің көрнекті экономистерінің еңбектерінде «байлық» сөзі текке сөз болған жоқ. Ең болмағанда А.Смиттің «Халықтардың байлықтарының себебі және табиғаты туралы зерттеу», И.Посошковтың «Байлық және кедейлік туралы кітап К.Маркстің «Капитал» деген еңбектерін еске түсірейік.

 Экономика туралы алғашқы түсініктерді біз Ксенофонттың, Платонның, Аристотельдің және басқа ежелгі ойшылдардың еңбектерінен табамыз.

 Ксенофонт (б.з.д. 445-335 жж.) «Экономия» деп аталатын (гректің «ойкос» - шаруашылық және «номос» заң деген сөздерінен шыққан) құл иеленушінің үй шаруашылығын басқару құралын жасады. Оны «үй салу» яғни, үй шаруашылығын басқару өнері (заңдары) деп те аударуға болады. Ол экономия – бұл оның көмегі арқылы өзінің шаруашылығын байытуға болатын ғылым деп жазды.

 Орталықтандырылған мемлекеттердің пайда болуы мен біртұтас мемлекеттік шаруасылықты жүргізу ережелерін анықтау әрекеті пайда болды. «ойкономия» түсінігі саяси экономияға айналды. «саяси экономия» түсінігінің өзі алғаш рет француз экономисті Антуан Монкретьеннің (1575-162 жж.) «Коғамдық шаруашылықтың заңдары» («саяси экономияның трактаты») деп аталатын еңбегінде қолданылған. «Политейя»-грек тілінде «қоғамдық құрылыс» немесе «қоғамдық ұйымдастыру» деген мағынаны білдіреді.

 Саяси экономия қоғамдық шаруашылықтың заңдары туралы ғылым болып қалыптасады.

 Жаңа ғылым атауы алып ұзақ уақвт нақты кесілген пәнге ие болмады. Онымен де «таза» экономисттер айналыспады.

 «Cаяси экономия» өзінің пәнінкапитализімнің дүниеге келуімен кескіндейді (XVI ғ.соңы – XVII ғ.басы). буржуазия ең алдымен өндірісте емес байлықтың бейнесі болған алтын операциялармен және саудамен айналысатын айналым сферасында әрекет етеді.

 Сондықтан алғашқы экономикалық ғылым ретінде меркантилизм пайда болды (итальян тілінде mercante -саудагер ).

 Оның мәні: байлық сыртқы сауданың нәтижесінде жиналады. Сол себептен тек айналым сферасын зерттеу қажет. Меркантилизм екі кезеңнен өтті:

 Ерте кезеңде (ғғ. Басы ) ол байлықтың жалғыз формасы ретіндегі алтын мен күміс идеализациясы тән монетаризм формасында ілгері басты және алға шықты. Монетаристер «ақша балансы» теориясын алға қойды. Осыған сәйкес олар ақшаны елден шығаруға тыйым салуды ұсынды.

 Кейінгі мерконтилистерақша айырбасы емес тауар айырбас сферасының зерттеулеріне көңіл бөлді. «Сауда балансы» теориясы жетілдірілді. Ерте кездегі меркантилистерге қарағанда кейінгі меркантилистер ақшаны елден шығаруға тыйым салмады, өнеркәсіп тауарларының экспортың ұлғайтуды, шетел тауарларына жоғары баж салығын салуды ұлттық экономиканы қорғауды яғни протекционизм саясатын жүзеге асыруды ұсынды (латын сөзінде “protecsio” жақтау , қорғау ).

 Меркантилизмнің өкілдері Т.Мен, А. Монкретьен, У.Стаффорд, У.Кольбер, Ресейде – Ордын-Нащокин (1605-1680), Петр I (1672-1725), И.И.Посошков (1632-1726) және т.б. болып табылады.

 Буржуазия айналым  сферасындағы позицияларды жаулап алып өндіріс сферасына енеді. Бұл дереу теорияға әсер етті: байлықтың қайнар көзі жасалған игіліктер айырбасталып қана қоятын сауда емес өндіріс екендігі дәлелденеді. Шынайы байлық ақша емес тауарлар болып табылады. Осылай классикалық саяси экономия мектебі пайда болады. Оның негізін У.Петти және французсоты Буагильбер салды.

 Сол кездегі Европа әлі де аграрды еді, сол себептен көп экономистерауыл шаруашылығы өндірісіне басымдылық танытты. Олдар физиократтар мектебінің өкілдері болып табылады (грек тілінде phicis – табиғат, kratos- билік). Ол XVIII ғ. ортасында Францияда қалыптасты және класикалық саяси экономияның француздық нұсқасы болып табылады. Оның негізін салушы дәрігер Людовин XV және мадам Помпадур Франсуа Кенэ болды (1694-1774 жж.), өкілдері Тюрго Дюпон де Нимур Мирабо және т.б. Классикалық саяси экономияның ең жарқын өкілдерінің бірі. А.Смит ( 1723-1790 жж.) және Д.Рикардо (1772 – 1823 жж.). А.Смит «Халықтардың байлығының себебі және табиғаты туралы зерттеу» атты кітабын шығарды. А.Смиттің негізгі идеялары:

 • Мемлекеттің экономикаға минимальді аралауы;

 • Бәсекенің әсеріндегі ұсыныс пен сұраныстан тәуелді үйлестірілетін еркін бағалардың негізінде нарықтың өзін - өзі реттеуі. Ол бұл экономикалық реттеушілерді (баға, сұраныс, ұсыныс және ең маңыздысы – бәсеке) «көрінбейтін қол» деп аталады.

 Классикалық мектептің еңбектері;

Информация о работе Экономикалык теория жане онын адистери